Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

 
VI 
 
Бұл  алапты  екі  тәулік  иірген  сұрапыл,  аптығын  әнтек  басқан  тәрізді. 
Қалың  сұр  бұлттар  сеңдей  сӛгіліп,  шығысқа  қарай  кӛк  аспанның  бетінде 
жамырай қалқып барады. Tӛбе ашық. Тӛменде шаңғыт, бұрқақ, кӛзді алысқа 
жібермейді.  Онша  қатты  болмаса  да  ызғырық  жел  тым  суық.  Денені  қарып 
тұр. Ойпаттағы омбы, үй маңындағы белес қарлар сақиып қалыпты. Известь, 
тас  карьерлері,  шурфтар,  жаңа  жасалып  жатқан  шахталар  бітелген. 
Қарағанды  қазір  қар  астында.  Екі  күн  тұншықтырған  боран  енді  үскірік, 
алақаншығымен алып тұр мазаны... 
Бассейн  басшылары  күн  толастасымен  трест  үйінде  бас  қосты.  Жан-
жақта  жайылып  жатқан  шаруашылықтың  бораннан  кейінгі  күйін  кеңесіп 
отыр.  Алған  хабарлары  жайсыз.  Екі  күннің  зардабы  ұзаққа  созылатын  түрі 
бар. «Қысқа қарсы қамдан» деген ұран әркімді-ақ кӛзге түртіп тұрған сияқты. 
Бораннан бір күн бұрын жоғалған Орловтың сүйегі де бүгін табылды. Оның 
ӛлімі адамнан екенін ешкім білген жоқ. 
— Білімді  кісі  еді.  Кейінгі  кезде  ӛте  ынталы  еді...  деп  Щербаков  кейіп 
отыр. Қарағанды бір кезде суға қандай зәру болса, бұл кезде білімдіге сондай 
зәру. Қауырт жасалып жатқан жаңа дүниенің жаңа мамандары аз. Аздың кӛбі 
жас. Ескі ӛмірдің бірсыпыра «білгіштері» бетін бері бұрса да, бұртия қарап, 
аяқтарын  сылбыр  басып  жүр.  Осындай  халде  табиғат  соққысы,  оған  қоса 
Орлов сияқты адамның ӛлімі жас Қарағандыға, оның жас басшыларына ауыр 
тиді.  Бірақ,  сол  ауырды  қынжыла  кӛтеріп,  түйіле  сӛйлеп  отырған  Мейрам, 
Щербаков,  Жұманияздың  еңсесі  кӛтеріңкі.  Олар  тӛтенше  шаралар 
қарастырып  жатқанда,  Бейсек,  Ырымбектер  де  іштей  ӛз  әрекеттерін  ойлана 
отырды. Терең ӛмір түбіне жеткізбесе, терең іштің де түбін кӛру қиын ғой. 
— ...Горком,  горсовет,  профсоюз  қаулы  алса,  еңбекке  жарағанның  бәрі 
уақытпен  санаспай,  міндетті  түрде  тегіс  аттанса,  боран  тоқтатқан 
жұмыстарды  екі  есе  артық  орындауға  болады,—  деген  Бейсек ұсынысы ӛте 
орынды сияқты Ырымбек, Кәрібайларға қосыла Жұманияз да қостап кетті: 
— Кӛпшілік бұған барады... Жыртық киім, ашқарын, құр қолмен алысып 
та,  пролетариат  жеңіп  шыққан...—  деп  қыза  сӛйледі  ол.  Мейрам  тұйық 
отырған қалпын бұзған жоқ. Жаратқаны, жаратпағаны белгісіз еді. Щербаков 
сұрап қоймады: 
— Сіз не айтасыз? Осы дұрыс пікір ме? 
— Мен  қостай  алмаймын,—  деді  Мейрам.  Жәй  айтса  да  нық  айтты.— 
Боран әлі кӛп. Боран сайын штурмаласақ штурмамен күн ӛтер. 
— Онда  сенбілік  жариялайық,—  деп  лып  еткен  Жұманиязды  да  басып 
тастады Мейрам: 
— Кеп, атын ӛзгертуде емес, затын ӛзгертуде. Алдын кӛрмеген, авария, 
апаттардың  себебін  жоймаған  басшылық  ӛндірісті  алысқа  апара  алмайды. 
Кӛп  ынтасын  тым  арзан  бағалап,  ысрап  жұмсамақсыздар.  Меніңше,  ең 

154 
Sauap.org
 
қымбаттымыз,  ең  ұқыпты  сақтайтынымыз  сол  болу  керек.  Штурмға  салып-
салып  шайлықтырып  алсақ,  одан  үлкен  зиян  жоқ.  Жоспарлы  ӛндірістің 
байсалды  тәртібі,  арнаға  түскен  еңбегі,  алғыр  басшылығы  бар  ма!  Ӛндіріс 
техникасын,  табиғат  сырын  табуға  іздену  бар  ма?  Аз  тәжірибеміз,  екі  сӛтке 
ӛкірген сұрапыл осыны айтты. Бұған ойлана жауап беруіміз керек. 
Ешқайсысы  үндемеді.  Ой  түсті.  Бейсек  ұсынысының  ақыры 
патриотизмді  кӛтеруден  гӛрі  басуға,  қиыннан  қиынға  салып,  кӛптің  кӛңілін 
шайлықтыруға  соғатынын  сезген  тәрізді.  Мейрамнан  кейін  Щербаков 
сӛйледі: 
— Шынында да біз ӛзімізді қинаудан, кӛпті қинауды оңай кӛріп барамыз 
екен.  Кит  етсе  аттан  салу  ұят.  Судан  қысылдық,  ел  ӛзі  құтқарды.  Үйден 
қысылдық,  ел  ӛзі  құтқарды.  Қашанғы  қысыла  береміз.  Енді  боран  сайын 
штурм  жарияласақ, «дәрменсіз байбаламдар,  босат  орынды!»  деуден  партия 
да, ел де тайынбайды. Менімше қазірден бастап ӛндіріс орындарына аттану 
керек.  Жағдайды  кӛзбен  кӛрейік.  Содан  кейін  қолданатын  шараларды 
кӛреміз... 
Бұл  пікірге  бәрі  тоқтады.  Трестен  шыға  тарап,  жан-жақтағы 
шаруашылықтарға  аттанды.  Қасына  жаңадан  келген  инженер  Әшірбекті 
ертіп, Мейрам да кетті. 
Шахталар  бұл  кезде  рудникке  бӛлінген.  Әр  рудникка  бірнеше  шахта 
қарайды. Жаз күндері қараша ауылдар қаптап отырған ойпатты, белесті кең 
атырапқа  бұл  күндерде  ӛндіріс  ошақтары  қаптаған.  Мейрам  жылы  киініп 
тақымы  үйренген  тор  бестіге  салт  мінген  еді.  Ӛндіріс  орындарының 
бірсыпырасын  аралап  қайтпақ.  Үй  қызуымен  ыққа  қарай  Жортқан  бетінде, 
екінші шахтаға тоңбай жетті. 
— Қырық екі градус дегені қайда, онша емес қой,—деп суықты қомсына 
түсті аттан. 
Эстакада  үстінде  салдыр-гүлдір  вагонетка  дыбыстары,  адам  дауыстары 
естіледі. Қыз емшектеніп биіктеп бара жатқан кӛмір түсті қара балшық қарға, 
суыққа  ерегісе  бықси  жанып  жатыр.  Алай-түлей  сол  от,  түтінді  кеше,  қара 
биіктің  басына  зырлап  шыққан  вагонеткаларды  тӛңкеріп  қалып,  кейін 
қайтарып тұрған жұмысшы  тау басындағы обадай-ақ боп кӛрінеді. Мейрам, 
Әшірбек  шахтаның  сыртқы  ӛмірін  бақылап  жүргенде,  уклоннан  шахта 
бастығы  Овчаренко  шықты.  Кең  иықты,  орта  бойлы,  тӛстек  жігіт.  Уклон 
босағасына  тақау  жатқан  ауыр  темір  «ешкіні»  бір  қолымен  былай  сүйреп 
тастады. Бейсауат тағы не бар дегендей жан-жағына байыптай қарап, ұқыпты 
мінезін кӛрсете келеді. 
— Осы бір оңды адам,— деді Мейрам Әшірбекке.— Біp сӛзді, бояусыз, 
жұмысын  қандай  сүйеді.  Ӛткен  заманда  мықты  кулак  болар  еді.  Қазіргі 
заманда мықты хозяйственник болып барады. 
Овчаренко  бұларды  жаңа  кӛрді.  Жетпей  жатып,  амандықтан  бұрын 
әзілдей бастады. 
— Біздің басшылар басшылығын боран басылған соң кӛрсетеді. 
— Соның бірі ӛзіңсің. Кетпеннің басы ӛзіңе тимей ме? 

155 
Sauap.org
 
— Тимейді,— деді Овчаренко Мейраммен қол ұстасып тұрып.— Қаным 
украиндік  болғанмен,  қазақ  кетпенін  кӛп  ұстадым  ғой.  Донбасс  пен 
Қарағанды тәжірибелері қосылғанда, қар түгіл от та ештеме емес... 
Орысша  сӛйлесе  де  украин  тілін  қыстыра  сӛйлеп,  ыржия  күліп,  кең 
тұрған  Овчаренко  Қарағанды  тоқтаған  кезде  Донбасқа  кеткен  еді,  екі  жүз 
адаммен  қайта  келді.  Ӛзге  донбасшылардан  гӛрі  Қарағандыны  ӛзімсініп 
жүретін  ерекше  бір  еркіндік  қасиеті  бар.  Сол  еркіндігі,  ұқыптылығы 
арқасында  керекті  жабдықтарын  басқалардан  бұрын  алып,  шахтасын  қысқа 
жақсы дайындапты. Уклонды тақтаймен ұзартып, эстакада ӛрін жабық, ұзын 
коридор етіп жіберген, жаңбыр, бораннан мүлде қауіпсіз. 
—...Жұмысшылардың  пәтері  жақын.  Жер  асты  жылы  боран  не 
қылады?— 
дейді 
Овчаренко.— 
Жалғыз-ақ 
эстакада 
маңындағы 
жұмысшыларды  оқтын-оқтын  ауыстырып  тұрдық.  Бұндайда  керек  боп 
қалатын жабдықтар күні бұрын дайындалған. 
Үшеуі  әңгімемен  жоғарыдан  тӛмен  түсті.  Контор  алдындағы  үлкен 
қызыл тақтада қай бригаданың күнделік норманы қанша орындағаны жазулы. 
Оның  қасында,  бетін  шынылаған  тағы  бір  тақтада  озық  адамдардың  суреті 
тұр.  Тақталар  айна  сияқты.  Суық  күнде  асыға  жүріп  бара  жатса  да  әр 
жұмысшы бір үңіліп, ӛз еңбегін кӛріп ӛтеді. Мейрам да тұра қалып: 
— Дұрыс. Боран бӛгей алмаған екен,— деді де кӛтергіш машинаға қарай 
аяңдады.— Балжан қалай істеп жүр? 
— Ӛжет келіншек қой. Тек алға басып барады. Әлі бір авариясы жоқ. 
— Иә,  ӛжет.  Тек  мақап-мақтап  мас  қыла  кӛрмеңдер.  Мақтау  кейде 
бүлдіретін кӛрінеді... 
Жылы үйде, жеңіл костюммен қара торы, күлімкӛз Балжан отыр. Қолы 
машина  тұтқасында,  шаңырақтай  шойын  дӛңгелектерді  ұршықша  иіреді. 
Жуандығы  білекке  жуық  болат  арқан  шудажіптен  оңай:  сом  темір  белдікке 
оралып  жазылып  зулағанда  кӛз  ілеспейді.  Осында  отырса  да,  сонау  терең 
шахтаның  түбінде,  биік  қара  сүйірдің  басында  зырлаған  вагонеткаларды 
Балжан  басқарып  отыр.  Кеше  ғана  мал  соңында  салпақтаған  келіншек, 
машинадан  сол  малдай  үріксе,  бүгін  ерттеп  мініпті.  Жер  астымен  қоңырау 
арқылы байланысып, машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып 
әндетеді... 
— Сіз  ән  салып  отырсыз  ба,  жұмыс  істеп  отырсыз  ба?—  деді  Мейрам 
кіре. 
— Екеуін де,—деді Балжан,— ӛзіңіздей бір жақты болу керек пе, әлде? 
— Сегіз қырлы болсаңыз тым жақсы. Мен соған жете алмай жүрмін. 
— А,  жете  алмай  жүрсіз  бе?  Бәсе!  Тек  сіз  жеткенше  біреу  байланып 
кетпегей-ақ. 
Күлісіп  алды.  Жаз  күндері  кӛп  жер  барактың  ортасында,  Мейрамның 
алғашқы  кездескен  жерде  апшысын  қуырған  ӛткір  келіншек  осы  Балжан 
болатын. Момын күйеуі Әлібек жасаған авариядан мүгедектеу болып қалды. 
Сонсоң ӛзі түсті жұмысқа. Қазіргі әзілдері Ардақ жайында. Ардақтың үйінде 

156 
Sauap.org
 
Махмет  жатқаның  Мейрамның  да  қырындап  жүргенін  Балжан  сезеді. 
Екеуінің  қосылуына  құмар.  Кездескен  сайын  ашып  айтпаса  да,  осылай 
тұспалдап қайрап қояды Мейрамды. Сабыр, шыдам, дегендердің де шегі, кезі 
бар  ғой.  Ардақ  десе  Мейрамның  жүрегі  жиірек  соғады.  Балжанның  кейінгі 
сӛзіне кӛңілі түйткілдене қалды. 
— Мені бұл қайрағаныңыз ба, әлде шын қауіп бар ма? 
— Қауіпсіз  не  бар?—деді  де  сұрақты  саязсынып  күлді  Балжан. 
Мейрамды бұл жауап басқаға әкетті: 
«Рас-ау, қауіптен  азат не бар?.. Бәрі қорғау тілейді. Қорғаусыздың күні 
шолақ...»  деп  ӛрбіп  бара  жатқан  ойын  қайырып  алды.  Жабайы  адамдардың 
аузынан шыққан осындай жабайы сӛздерге асыл мән беретін әдетін қалжың 
үстінде де қалдырған жоқ. Блокнотқа жазып қойды. 
— Не жаздыңыз?—деді Овчаренко.— Айтсаңыз артық-кемін екшер едік. 
— Сізге ешбір қатынасы жоқ,— деп ақырын ғана езу тартты Мейрам,— 
Бу шаруашылығы қалай? 
— Бәрі  осы  секілді.  Трубалардың  жер  астындағысы  тереңде,  жер 
үстіндегісі  жылы  оралған,суықты  сезбейді.  Бу  механизмдері  тұратын  үйлер 
жылы. Қарағанды қысының жәйін білем ғой. Донбасшылар болмаса. 
Кӛтергіш  машинадан  шыққан  соң  кочегарканы,  керік  үйін  кӛріп, 
механизм  мастерскойына  кірді  бұлар.  Бір  ғана  токарь  станогі,  слесарь 
станогі, бір двигатель кӛрінеді. Үй аласа. Терезені қар басып қалған. Жұмыс 
электр  жарығымен  жүріп  жатыр.  Әр  станокте  екі  адам:  бірі  қазақ  жасы, 
екіншісі орыс жұмыскері. Мейрамның, кӛзі токарь станогіне түсті. Бауырсақ 
мұрын  бала  жігіт  темірді  таспаша  сыдырып  тұр.  Жонылған  темір  шаммен 
шағылысып  жарқылдаған  сайын,  оның  да  кӛзі  жарқылдап,  күлім  қағады. 
Станокті  бала  жігітке  ұстатып,  қасында  жай  тұрған  мосқал  орыс  токарінің 
мазасы  жоқ.  Қит  етсе  ұстай  алуға  дайын.  Күбір-күбір  сӛйлеп,  құлағына 
құйып тұр: 
— Енді тоқтат. Ӛлшеші кәне? 
— Он екі жарым миллиметрден артығырақ. 
— Оны жонбай-ақ егеп келтір. 
— Қай егеумен? 
— Ірісі бүлдіреді. Майдасымен. Шынтағыңды кӛтере ұста. Бүршік қалса 
жазым, іліп орап алады... 
Екеуі  еңбек  қызығымен  басқа  ештемені  байқар  емес.  Мейрам  да  ӛз 
еңбегінің жемісін кӛріп, шалқып тұр кӛңілі. Кӛмір дайындаудан кадр даярлау 
қиынырақ.  Қарағандыға  қауырт  құйылған  кӛп  қазақ  олақтығы  мен 
салақтығына қоса, ауыл мінездерін де ала келіп жатыр. Сол шикі қазақтарды 
шынықтырып,  ӛндіріс  армиясын  жасау  Қарағанды  горкомының  ең  ауыр 
міндеті  еді.  Далаға  сыймаған  кулактар,  кулакшыл  оқымыстылар  қалаға 
паналап,  қалың  кӛптің  әр  жеріне  саясат  ӛртін  сала  жүрсе,  оны  ӛшіру  де 
горкомға оңай түскен жоқ. Жер кеулеген осынау кӛп жердей терең, қараңғы 
кӛңілдерді де кеулеп бара жатқан сияқты. 

157 
Sauap.org
 
Қара  темірді  жарқыратқан  мынау  қазақ  баласынан,  машина  ны 
зырлатқан  жаңағы  қазақ  келіншегінен,  тас  кӛмірді  талқандаған  қазақ 
жігіттерінен Мейрам жаңа ӛмірдің жетіліп қалған жасаушыларын кӛріп тұр. 
Фабрик-завод  мектептерінде,  ӛндірістегі  маман  жұмысшылардың  қасында 
осындай жүздеген қазақ жастары социализм ісін үйреніп жатыр. Жан-жаққа 
шашырап,  жайылып  бара  жатқан  бұл  ӛндіріс  қаласының  әр  шұқанағы 
Мейрамға мәлім. Оның ұмытпайтындығына, кӛргіштігіне қоса, дұшпандары 
«қатігез  жігіт»  деген  лақап  таратты.  Оның  бойынан  соның  бәрін  тудырған 
ыстық  махаббат  еді.  Бірде  бұйығы, бірде  тентек,  бірде  кес,  бірде  зерек  ала-
құла қазақтардың, бүгіннен гӛрі ертеңіне кӛбірек қызығады ол. Әдемі ертеңді 
кӛріп тұрып: 
— Буды  баураған  тәріздісің.  Мынаған  қалайсың?—  деді  Овчаренкоге. 
Үздіксіз ызыңдап, қараңғы үйде жарық берген динамоны кӛрсетті. Овчаренко 
басын шайқады: 
— Бұған шорқақпын. 
— Бу  күшіне  социализм  жуырда  кӛнбейді.  Лениннің  «Совет  ӛкіметіне 
қоса электоофикация» дегенін ұмыттың ба? 
— Ұмытқам жоқ. Бірақ, электрдің маманы емеспін ғой. 
— Онда  ертеңгі  электр  шаруашылығын  қалай  басқарамыз.  Егер 
Щедриннің  помподоры  болғымыз  келмесе,  үйренуіміз  керек.  «Шахта 
оқиғасы», «Промпартия» әрекеттері білмесең күнің осы демеді ме? 
Овчаренко  үнсіз  мойындады.  Мейрам одан  әрі  созған жоқ.  Аз  айтса  да 
жеткізіп  айтатын  сараң  ауыз  кӛп  сӛзбен  кӛпіруді  сүймейді.  Әр  станоктің 
қасына  барып,  ойлы  кӛзбен  қарап  тұрды.  Қысқа  сұрақ,  ӛткір  әзілмен  әр 
жұмысшының жәйін байқаған соң, тысқа шықты. Күн әлі бұлыңғыр, бұрқақ. 
Кеше келетін поезд жаңа келген. Эстакада түбінде он бес-жиырма жұмысшы 
кӛмірді  асыға  тиеп  жатыр.  Ұзын  составты  күрекпен  толтыру  ауыр,  ӛнімсіз, 
бірақ кӛп қол қояр емес... 
— Бір  жұмысшы  электрмен  осының  бәрінен  ӛнімді  істер  еді-ау,—деді 
Мейрам.  Айтармын,  деген  бір  сӛзі  атына  мінгенде  түсті  есіне.—  Балжан 
сияқтыларды  енді  электрге  баулу  керек,  олар  мектепте  оқи  алмас.  Кешкі 
курстерде оқуына жағдай жасаңыздар. 
Соны  айтып,  тағы  да  ыққа  қарай  қатты  жорта  жӛнелген  екеудің,  қар 
ақсақ  ойылып,  аттары  аяғын  қорғана  басып  барады.  Бұл  бетте  «Жаңа 
Қарағанды»,  «Қарағанды  сортировочная»  аталатын  темір  жол  станциялары 
бар.  Бұлар  әкімшілік  жағынан  кӛмір  тресіне  бағынбаса  да,  горкомға  партия 
жолымен  бағынады.  Мейрам  кӛміршілердің  ғана  емес,  жолшылардың  да 
күйін  кӛргелі  келеді.  Беткейдегі  Жаңа  Қарағандыдан  кӛмірлі  Қарағандыны 
жанамалай,  батыстың  оңтүстігін  ала  беттеген  темір  жол  тӛсегі  жатыр.  Жол 
Қарағандыға  жетіп қойған  жоқ-ты.  Құлазыған  тауларды,  шӛл  даланы  басып 
американдар  мен  ағылшындарды  елтіткен  болашақ  Балқашқа  мойымас 
байлық  кені  —  Жезқазғанға  барады.  Петропавлдан  басталып,  Балқашқа, 
тартқан  бұл  жолдың  ұзындығы  мың  жарым  километрге  жуық.  Ат  аяғы,  құс 
қанаты талған кең сахараны Мейрам кӛзіне елестетіп келе жатып: 

158 
Sauap.org
 
— Сарыарқаға салған темір құйысқан-ау осы жол! — деді ішінен. 
Ұзақ  жолдың  бойында  адам  жоқ.  Мына  суықта  боларлық  қисыны  да 
жоқ.  Станциядан  екінші  шахтаға  бӛлінген  шолақ  жолдың  үстінде  екі 
жұмысшы кӛрінеді. Бірі шиталарды кӛтеріп, бірі жолдың қарын аршып жүр. 
Басында  кӛнетоз  қоян  тымақ,  селдір  сақал  мосқал  кісі  сырғышпен  кӛпене 
қарды шірене итеріп келеді. Кӛлденең қарағанда, кӛлбеген ұзын денесі тым 
үлкен кӛрінді. 
— Мынау  бір  піл  ғой—  деді  Мейрам  Әшірбекке  күбірлеп.— 
Ассалаумағалайком, отағасы. 
— Әліксәлем,—  деп  отағасы  сырғышының  сабына  таяна  тұрды. 
Тымағының  құлағы  ұзын  ат  жағына  азар  жеткен.  Бӛкебайсыз  мойны 
сойдиып,  ӛндіршегі  аңқиып  тұр.  Бетті  жалап,  қарыған  үскірік  суықты  ол 
сезбеген  сияқты.  Абсағай  неме  ӛте  аңқау,  киімдерін  жӛнді  қаусырынбапты 
да. Сақал мұртына, ұзын кірпіктеріне байланған мұздақтың біразын қолымен 
жібітіп алып тастады. Беті шиқандай, бойы бусанған тәрізді. 
— Жол болсын— деп, кӛз тоқтата, түйеше маңқия бір қарап ӛтті. 
—Жол болсын. Апыр-ау, мойныңызға неге бірдеме орамағансыз?—деді 
Мейрам. 
Отағасы ыржия күлді. 
— Үйде  ӛскен  бұзау,  түзде  ӛгіз  болмайды.  Еріндерің  әлден  мұздап 
қалыпты  ғой.  Мен  түзде  кӛбірек  ӛстім.  Талай  сұрапылды  ұзақ  түндерде 
далада ӛткізуші едік... 
— Жылқышы ма едіңіз? 
— Жылқышы  да  болдық,  қалашы  да  болдық.  Қарқаралыдан  қарағай 
сүйреп  бір  тілім  нан  үшін  осы  жақты  талай  аралағанбыз.  Талай  боранда 
далада қонғанбыз. Енді бәрі ұмыт. Мынау алақандай жердің қарын шұқылап 
қайтсам, нан үйге келіп тұрады. 
— Осы алақандай жер ме поезды бӛгеген? 
— Тәйірі,  бұған  бӛгетем  бе?  Қардың  да,  суықтың  да  үлкені  сонау  ит 
ӛлген  «Батпақта»  ғой.  Ол  жерлер  осы  күні  ӛкіріп  тұр.  Біздің  станция  бұл 
боранды мәу деген жоқ. Бәрін бӛгеп жатқан «Батпақ». 
Аты  шулы  «Батпақ»  жолы  ол  кезде  Ақмола  округіне  қарайтын. 
Қарағанды  маңындағы  жол  жайы  жаман  кӛрінбеді.  Түрік  құлақ  отағасы  тек 
тиыштықты  айтты.  Әшірбек  суыққа  тіпті  осал  екен.  Беті  талақша  кӛгеріп, 
қиюы қашқан аузынан сӛзі пышырай шығады. 
— Бәрін  аралауға  күн  жете  ме,—  деп  күңкілдеп  тұр.  Мейрам  енді  жол 
бойын  араламай-ақ,  электр  станциясын,  тӛртінші  шахтаны  басып  қайтпақ 
болды.  Саусақты  жылы,  былғары  биялайдан  дізгін  ұстаған  қолы  мұздап 
қалыпты.  Үлкен  мұрнын  саңқ  еткізіп,  сіңбіріп  тастап,  қолғабын  жуырда 
кимей тұрған отағасыға таңдана қарайды... 
— Атыңызды білуге бола ма? 
— Атым Жетпісбай, әкемнің жетпіс жасында туыппын, — Жиырма бес 
жасында  тусаң  қайтер  ең?—дегенді  Мейрам  ішінен  айтты  да  жүріп  кетті. 

159 
Sauap.org
 
Желге  қарсы  қаланың  солтүстігін  ала  шоқытып  келеді.  Жер  бетін  қатты 
сыпырған  ызғырық  жел  аспан  ашық  болса  да  боратып,  шаңғытып  тұр  әлі. 
Тура  қараса  бетті  қарып,  қырындаса  самайдан  ӛтіп,  Әшірбек  басын  қайда 
қоярын  білмейді.  Мейрам  да  қолы  шыдатпаған  соң  дізгінді  қарыңа  ілді. 
Артына қайырыла, Әшірбекке дауыстап: 
— Мынау,  елу  градус  шығар,—  дейді.  Әшірбек  мүлде  теріс  қарап, 
атының басын бос жіберген. Мейрамның сӛзін желкесімен тыңдады: 
— А-л-п-ы-с...— деп божыраған дауысы естілмеді. Электр станциясына 
екеуі осылай жаурап жетті. 
Айқыш-ұйқыш  аспандап  бара  жатқан  ағаш  шарбақ  ішінде  бірсыпыра 
биіктеген қызыл кірпіш труба, оған таяу, одан да кеңірек шарбақ ішінде жуан 
цемент  труба  алдымен  түсті  кӛзге.  Екеуі  де  жаңа  электр  станциясының 
трубалары. Бірі түтіндікі, бірі су сауыты. Әлі жасалып біткен жоқ. Қарағанды 
қысы  құрылыс  жұмыстарын  қысып,  кӛп  жерде  тоқтатып  тастаған.  Бірақ, 
станцияның машина тұратын үйі ертерек біткен еді. Мейрамдар тура сол үйге 
келіп  енді.  Жым-жырт.  Қыбыр  еткен  жан  кӛрінбейді.  Шонжар  қара 
шойындар,  бүйен,  ӛңеш  бейнелес  жуан  трубалар,  дәу  дӛңгелектер  жатыр. 
Құрастырып  нобайлай  бастаған  машина  мүсіндері  тұр.  Пешсіз,  есік-
терезелері ашық-тесік үй мына: суықта тіпті азынап кеткен. 
— Гительман ӛзін бұдан да ақтайды,— деп Мейрам күлді. ЬІзалы күлкі 
тез батты да, сұрғылт бетінде қан бір ұйытқып басылды.— Үй жылы болса, 
ішкі жұмыс жүре берер еді ғой. 
— Шақыртамыз ба?—деп Әшірбек лып етті. 
— Керегі жоқ. Қазір не істейді ол. 
Бӛгелместен  аттарына  мінді.  Тӛртінші  шахта  енді  жақын.  Мейрам 
тоңғанын да, қарны ашқанын да ұмытты. Ойында тек Гительман. Инабатты 
адам,  жылпос  сӛйлеп,  шабан  істегенімен  қоймай,  шындықты  жасырды, 
алдады  деп,  ызасын  ішіне  жинап  келеді.  Ӛтірігі  ұсталған  адамға  жуырда 
жібімейтін,  айыпты  болса  да  шынын  айтқанға  жылы  қарайтын  әдеті  еді. 
Гительманға қатты ренжігенін Әшірбек жаңағы сӛзінің ӛзінен-ақ сезіп қойды. 
«Бірақ  Гительман  үлкен  кісі,  Қарағанды  құрылысының  бастығы,  Казахстан 
үкіметінің  мүшесі,  тура  орталықтың  ӛзіне  бағынады,  оған  не  қылады?»  деп 
биік  чинге  шара  таппай  дағдарды.  Мейрам  —  «шындап  сӛйлесермін»  деген 
оймен шахтаға ат басын тіреді. 
Шахта  бастығы  Сейтқалы  болатын.  Ескі  жұмысшыларды  басшы 
қызметке  батыл  кӛтеру  салтқа  айналған.  Сейтқалы  бірінші  шахтаның 
десятнигі  еді,  тӛменнен  жоғарылады,  бірсыпыра  жұмысшыны  жоғарыға 
тартты. Осында істеп жүрген десятник: Шәкен, Майлыбай, Қаппарлар соның, 
кӛтерген  адамдары.  Бұл  шахтада  әлі  мектеп  бітірген  инженер,  техник  жоқ. 
Ескі  жұмысшылар  басқарады.  Мейрам  контордан  бірін  таппады,  бәрі  жер 
астында екен. Дереу жұмыс киімін киіп, Әшірбек екеуі жер астына жӛнелді... 
Екі  тәулік  үздіксіз  соққан  сұрапыл  қарды  тау  қылып  үйіп  кетіпті. 
Жұмысшылар күрей-күрей ұзын қар арнасын жасаған. Арна түкпірінде уклон 
аузы үңірейіп кӛрінеді. 

160 
Sauap.org
 
— Бұл  қар  ерігенде,  ішіне  құйылып  тағы  кетіреді  мазаны,—  деді 
Әшірбек. Арнамен ылдиға қарай алға түсіп алып, жортақтай сӛйлеп барады. 
Күнұзын  үндемей  жаурағаны,  жатырқағаны  болса  керек.  Шахтаға  ене 
сӛзшең,  ширақ  бола  бастады.—  Қара  ауызды  қазір  қармен  ұзартқанша, 
кезінде тақтаймен ұзартсашы. 
Мейрам  үндемеді.  Әшірбек  Сейтқалы  басшылығының  мінін  кӛбірек 
кӛріп  келеді.  Мейрам  мен  Сейтқалының  арасының  жақсы  екенін  білмейді. 
Камеронға жеткенде ашуланды: 
— Бас бар ма, осы жігітте! Мына шұқырды қазуға да инженер керек пе?! 
Сергей Петрович қазақ деп кӛрінгенді кӛтереді... 
Сергей  Петровичтен  бұрын  бұл  сӛздер  Мейрамның  шекесіне  шық-шық 
тигенін  сезбейді  Әшірбек.  Қулық,  сұмдықтан  аулақ,  ӛз  ісін  ғана  білетін 
бірбет адам ойын бүкпесіз айтып тұр. Осы бүкпесіздігін ұнатушылар қанша 
болса  ұнатпаушылар  сонша  екенін  де  сезген  жоқ  әлі.  Ашуланса 
ашуланғандай. Шұңқыр тым шағын қазылған. Молырақ қазылса, камеронды 
түзеткенше  су  жан-жаққа  тарай  қоймас  еді.  Мейрам  түсінді  де  ол  туралы 
ештеме демей, әңгіменің бетін басқаға аударды: 
— Жақсы  болды,  Жанабіл  бригадасы  тез  жӛндеген  екен.  Жақсысы 
жақсы-ау. Болмашы салақтық батпандай зиян салды ғой. 
Оң  бүйірде  күлкі,  дауыстар  дауылдап  басылды.  Солай  бұрылды  екеуі. 
Қараңғы  қуыста  шахтер  шамдары жарқылдайды, ӛздері  кӛрінбейді.  Тағы да 
бір ду етті. Дәл қастарына келгенде ғана таныды Мейрам: 
— Неге мәз болдыңдар? 
— Бәйтеннің жұмыртқасының  сырты  бүтін,  ішіндегі  уызы  жоқ,  — деді 
Жанабіл.  Жантайып-жантайып  жатыр  екен,  бастарын  кӛтерді.  Ауыздары 
малжаңдап  сонда  да  тамақ  жеп  отыр.  Шаршаған,  ұйқы  басқан  ӛңдері  шам 
жарығынан  да  байқалады.  Бәйтен  әлі  басын  кӛтерген  жоқ.  Аузындағысын 
еріне шайнап, қабыққа қарай береді. 
— Жұмыртқа  жеп  жүріп,  мұндай  сұмдықты  кӛрген  емен!  Қараңдаршы, 
бұзылмаған жап-жаңа, бүтін жұмыртқа. Ішіндегісі қайда? 
— «Шахтаның  иесі  болар»  деп  едің  ғой.  Сол  жеп  кеткен  ғой?—  деп 
Жанабіл шек-сілесі қатып жатыр. Бәйтен сезіктене қараса да, жұмыртқаның 
ішін  ұрлау  деген  басына  сыймады.  Шынында  Жанабіл  ұрлаған.  Инемен 
тескен де сорып қойған. 
Мейрам кӛп күлкіні қостай келіп, Бәйтеннің қасына отырды. Аяп отыр. 
Оның  алды  бар,  арты  жоқ  адуын  сӛздерінен,  бүкіл  Қарағандыны  бір  ӛзі 
меншіктеніп,  қызғыштай  қорыған  мінездерінен  жӛнді  ештеме  қалмаған 
тәрізді. Қызыл сурикпен үстін түгіл бетін де бояған. Тәуліктен аса ұйқысыз, 
дамылсыз  қимылдаған  екпінді  бригада  қарқыны  әбден  қалжыратыпты. 
Аузындағы тамағын әрең шайнап жатыр. Сонда да мақтан сүйеді. 
— Жұмыс дегеніңді қаусатып салдық.— Егескенде күш қайдан шығады 
екен! Осы жолы ӛзіме-ӛзім таңқалдым,— деп түйсінбей соғады. 

161 
Sauap.org
 
— Мейрам  жолдас,  міндет  абыроймен  орындалды,—  деді  Жанабіл. 
Кӛрген  қиындықтарын  дәріптеген  жоқ.  Әлі  тың,  сергек,  қолындағы  кілтін 
ойнатып  тұр.—  Камерон,  подымный  машина,  жарылған  трубалар,  бәрі 
оңдалды.  Бәйтеннің  жиырма  алты  сағат  тізе  бүкпегені  рас.  Бірақ,  осы 
қайратты бұзылғанға жұмсағанша, жаңадан жасауға жұмсаған жақсы емес пе 
еді. Сейтқалы жолдасқа соны ұғындырып кетіңіз. 
Бәйтеннің кәрі намысы басын осы арада бір кӛтерді. Кеше ғана ауылдан 
келген  Жанабіл  Бәйтенді  басынан  аттап,  Сейтқалыға  салды  ауызды.  Қалай 
шыдасын! 
— Алмасақтан  бері  щахта  авариясыз  болған  емес!  Сейтқалы  оған  не 
істейді?  Ескі  жұмысшы  десе  сайтаның  бар-ау  ӛзіңнің,—  деп  қомпаңдайды. 
Жанабіл  жауап  қайырмай,  қолын  бір  сермеп  қоя  салды.  Мейрам  да  елеген 
жоқ. 
— Сейтқалымен сӛйлесерміз,— деді де орнынан тұрды.— Қайтыңыздар, 
тынығыңдар енді. Бәйтеке, сіз жылы, таза, жеңіл жұмысқа қалай қарайсыз? 
— Жалақым кемімесе барар едім. 
— Кемімес,— деп жүріп кетті Мейрам. 
Негізгі  штректің  біраз  жеріне  жайылған  су  әлі  сіңіп  болмаған. 
Шылқылдап  жатыр.  Су  жұмсартқан  табанға  ағаш  тіреулер  түгіл  кӛмір 
діңгектер де бата түскен. Тӛбенің кей жері тӛмендеуге бейім. Темір жолдың 
бір жерін ісінген жертабан бүкірейтіп жіберіпті. Жан алып, жан берген қызу 
жұмыс  осы  арада.  Штрек  бұзылса  жан-жақтан  жам  жолмен  келетін  кӛмірге 
жол  кесілгені.  Шахта  ӛндіріс  жоспарын  орындай  алмай  олқылықта  қалады. 
Жоспар  орындау  шахтерлерге  мәртебе.  Орындамау  қорлық  секілді. 
Сондықтан бастығы Сейтқалы болып, ӛрт сӛндіргендей не күшті тасқынмен 
күрескендей қауырт, ӛжет қимылдап жүр. Тӛбедегі кӛлденең ағаштардың екі 
басынан  кӛлденең  арқалық  қойып,  арқалық  тіреулердің  астына  да  тӛрт 
қырлап бӛрене тӛсеп, тӛбені құлатпасқа қосымша ылаждар жасаған. Енді жол 
тӛсегін тегістеп, құрғатып, рельстерді жаңалап жатыр. 
— Іске  сәт!—  деп  Мейрам  мен  Әшірбек  келді.  Елең  еткен  жиырма 
шақты адамға: 
— Алаңдамаңдар,  суытпаңдар!—  деді  Сейтқалы.  Балшыққа  былғанған, 
қолындағы  кілтті  қасындағы  жұмысшыға  тастай  салды.  Терлеп,  ентігіп 
тұр.— Міне, боранның, сойқаны! 
— Боран  кімге  соқтығарын  білетін  кӛрінеді  ғой!—  деп  қалжыңдады 
Мейрам.— Овчаренко маңына жуытпапты. 
— Е, ол антұрған мақтана береді. 
— Біз кӛзбен кӛрдік. Сенің күйің бораннан кейін түскен екен. 
Сейтқалы  үндемеді.  Жуан  мұрны,  кӛнтек  ерні  тіпті  жуас  тұр.  Осы 
тұрысымен  мойындағанын,  аянбағанын  айтып  тұрған  сияқты.  Мейрам  одан 
әрі қажамай Әшірбекке бұрылды. 
— Сӛз инженердікі. 

162 
Sauap.org
 
— Менімше,  қолданған  амалдары  дұрыс.  Енді  бар  күшті  салып,  әуелі 
осы жақтың кӛмірін алып қалу керек. Зады бұл штректің ӛмірі қысқа болар... 
— Ӛзімізде  солай  ұйғардық...— дей  бергенде  Сейтқалының  сӛзін  бӛліп 
жіберді Әшірбек: 
— Ең алдымен алыстағы кӛмірді алуға ұйғарыңдар. 
— Бәрі бір емес пе? 
— Бір  емес.  Бержақтікі  бұрын  алынып,  жол,  тӛбе  бұзылса,  аржақтікі 
алынбай  қалады.  Алынса  да  қиындықпен  алынады.  Жұрттың  бірсыпырасы 
айлық  жоспарды  орындау  айқайымен  жүр.  Ал,  шахта  талай  жылдардың 
жоспарын  орындауға  жасалды  ғой.  Оңайға  қызығып,  бүлдіруге  болмайды. 
Алды алыстан болжап, барлық жұмысты соған бағындыру керек... 
Беті  ашылмаған  жаңа  инженердің  сӛзі  Мейрамға  ұнап  қалды.  Кенді, 
еңбекті инженер қалтасындағы ақшадай есептеп тұр. Аз еңбекпен кӛп кӛмір 
алу  қамын  кӛздейді.  Бәйтенше,  шахта  авария  орны  деп  қараған  жоқ.  Қазна 
сарайы  деп  қарады.  Оның  ішіндегі  былыққа  шыдар  емес.  Тәртіп,  мәдениет 
орнату  талабында.  Жаңа  инженер  білім  аумағын,  іскерлік  қабілетін  әзір 
толық  кӛрсетпесе  де,  алға  ұмтылған  осы  қасиеттерімен  Мейрамның  кӛңлін 
бұрып  әкетті.  Сейтқалыны  ерте,  шахта  ішін үшеуі  енді  аралап  жүріп,  кӛмір 
дүниесін  кең  әңгімеледі.  Ермек  айта  беретін  «дайындық  жұмыстары» 
дегеннің мәнісін Әшірбек тіпті тереңдетіп жіберді: 
— Кейбір  шахта  басшылары  бүгін  алға  шыққанына  мәз.  Ертеңге 
дайындығы аз. Соның салдарынан шахта қиындыққа, тұйыққа тірелер кезде, 
ол  есебін  тауып  ауысады.  Орнына  келген  жаңа  адамға  пәленшенің  тұсында 
жақсы  еді,  сен  жаман  істедің  деп  ұрсамыз.  Осы  әділдік  пе?  Бір  күндік  атақ 
үшін, жүз күндік зиян салған басшыны мақтау былай тұрсын, соттау керек. 
Біздің  трест  бұған  әлі  барған  жоқ.  Жұмсақтығы  ма,  кӛре  білмей  ме, 
түсінбеймін. 
— Екеуі  де  бар,—  деді  Мейрам,—  оның  үстіне  тамыр-таныстық, 
сыбайластық  дегендерді  қосыңыз.  Сонда  күресу  үшін  қанша  күш  керек?! 
Зиянкестерден гӛрі бұлармен ұзақ күресуге тура келеді. Неғұрлым сіз сияқты 
батыл айтсақ, солғұрлым тез жеңеміз... 
Әшірбек пікірлері шахта ішіне жіберген жаңа ауадай сезілді Мейрамға. 
Оның әр сӛзін салмақтап, партиялық жағын да есіне алды. Партия мүшелігіне 
кандидат қана. Мүшелікке ӛткізу тоқталған кез. «Айыпты Орловқа да сендік 
қой.  Соның  орнына  қойса  қайтеді?»  деген  батыл  мінезін  Мейрам  ақыл 
сарабына салып келеді. Бірақ шешкен жоқ. Осы ойды шахтадан ала шықты. 
Жел  басылған,  бұлт  тараған,  аспан  кӛк  жалтыр.  Ақ  белеске  иек  артып 
күн жатыр... 
Күн ашылыпты ғой, кешкіріпті ғой,— деп атына мінді Мейрам. Қараңғы 
шахтадан жарық дүниеге шыға келіп, жақсы атпен жорта жӛнелгенде, оның 
кӛңілі осынау аппақ даладан ағырақ та, кеңірек те боп кетті... 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал