Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

 
II 
 
Сергей  Петрович  столына  шынтақтай  отырып,  оң  қабырғаға  қадала 
қалыпты.  Столға  шеңкерілген  кең  кеудесі, басын  тіреген жуан,  жүнді білегі 
отырса  да,  денесінің  зорлығын  білдіріп  тұр.  Қабырғада  екі  карта  ілулі.  Бірі 
Қарағанды  қаласының  үстін,  бірі  астын  кӛрсетеді.  Олардан  жоғары,  кӛмір 
ӛндіру жоспары ілінген, ирек-ирек қызыл сызығы тӛменнен басталып, сонау 
жоғарыға жеткен. 

128 
Sauap.org
 
Қандай  ерлеуі  Қандай  қиындықтар  тұр!—деп  Сергей  Петрович  демін 
ішіне ұзақ тарта, столдан кеудесін кӛтерді. Осы демімен, сүйсінген ӛрлеуін, 
қауіпті қиындығын қоса жұтқан тәрізді. Трубкасын ойлана сорып отырғанда, 
Жаппар мен Ырымбек енді. Екеуіне кірген бетінде қабырғадағы карталарды 
нұсқады. 
— Танысыңдар, жігіттер. 
Олар  танысып  болғанша  кең  шалбарының  терең  қалтасына  қолдарын 
сұғып, ойын бұзбастан ерсілі-қарсылы жүрді біраз. 
— Қарағанды  қазір  бас  құрау,  баспана,  су,  темір  жол  мұқтаждығынан 
ӛтіп,  жоспарлы  түрде  елімізге  кӛмір  беруге  кірісті.  Тамаша  қиындықтарды 
тез жеңдік. Бірақ, үлкен Қарағанды әлі жоқ, оны жасау жолында қиындықтар 
әлі  кеп.  Ағылшын,  орыс  байларының  ондаған  жылда  алған  кӛмірін  біз  бір 
жылда  алуымыз  керек.  Осыған  қарап  алдағы  істің  аумағын  шамалай 
беріңіздер. 
— Бұл жоспар қанша үлкен болса да жетпей жатыр-ау,— деді Бейсек,— 
Ескі Донбасты былай қойғанда, жаңа Кузбастан неге кем түсеміз? 
Сергей  Петрович  басын  ақырын  шайқап  қойып,  жымия  күлді.  Сәл 
үндемей қалды. Ӛңінде ұнатпау белгісі кӛрінбейді. Кең кӛңілдің толғанғаны 
байқалады.  Бейсек  тәжірибелі,  ойлы  жігіт  деп  құрметтейтін.  Оның  әр  сӛзін 
салмақтап алып, жауап қайыратын әдеті еді. 
— Бейсек  Керимович,  дұрыс  айтасыз,—  деді  содан  кейін,—  жоспар 
қанша  үлкен  болса  да  жетпей  жатыр.  Ӛйткені  тілек  үлкен.  Он  бес-жиырма 
жылдан кейін де «жетпейді» дегенді айтамыз. Ӛскелең тілек әрдайым жоғары 
тұрады.  Мүмкіндіктермен  есептесу  керек.  Кузбасс  қанша  жас  болғанмен 
Қарағандыға  аға,  екінші  кочегарка.  Және  ол  кӛмірдің  ғана  кені  емес, 
шығыстағы  қара  металлургия  алыбы,  Оралмен  қат-қабат  байланысқан 
индустрия комбинаты. 
Ырымбек  киіп  кетті  тӛтеден.  Ұтылай  сӛйлеп.  екеуі  Щербаковті 
бұрмалауға әрдайым тырысатын осылай. 
— Қарағанды  да  кӛмірдің  ғана  кені  емес.  Қазақстанның  индустрия 
ошағы. Балқаш, Жезқазған бүкілодақтық түсті металлургия алыбы. 
— Білем,  әбден  білем!  Бірақ  жоспар  бекіген.  Бәрі  есептелген.  Бос 
таласты қоялық. Мен сіздерді басқа мәселе жайында шақырдым. 
Әңгіме  үзіліп  қалды.  Сергей  Петрович  шұғыл  ӛзгерді.  Бейсек  пен 
Ырымбек тосын хабарды асыға күтіп отырса да, жәй бастады сӛзін: 
— Кеңес, сол бекіген жоспарды орындау жайында. Мен жаңа горкомда 
болдым.  Мейрам  Омарович  салақтығымызды  бетке  басты.  Кадрды  жинау, 
дұрыс орналастыру бар да, орналасқандарын баулу, мамандандыру бар. Бұл 
жӛнде  де  бізде  сара  жоспар  болу  керек.  Қазіргіміз  тек  жоспарсымақ. 
Ырымбек Қадырбаевич, бүгіннен бастап осы жоспарды жасауға кірісіңіз. 
— Бес күнде дайын болады,— деді Ырымбек. 
— Оқу комбинаты, фабрик-завод мектептері және маман жұмысшыларға 
тіркеу  арқылы  баулып  келсек,  Мейрам  Омарович  кадр  баулудың  тағы  бір 

129 
Sauap.org
 
түрін  ұсынады.  Донбасс,  Кузбасс  сияқты  ірі  ӛндірістерге  жұмысшы 
бриғадаларын жіберіп, тәжірибе, ӛнеге алысу әдетке айналсын, дейді. Маған 
бұл  ұсынысы  қатты  ұнады.  Бұл  да  жоспардың  бір  тармағы  болып  енуге 
тиісті. 
— Кұп!—  Деп  Ырымбек  блокнотына  жазып  қойды.  Щербаковтың 
аузынан шыққанда қағып алып жалақтап тұр. Сірә, әр адам ӛз ролінде артист 
болса  керек.  Жаңа  ғана  оңаша  бӛлмеде  бір  қилы,  енді  бір  қилы.  Іштегі 
ӛлексенің исін, хош иісті сӛздермен себелеп сездірмей тұр. 
— Осылардың  үстіне,  әр  шахтаның,  цехтың  жанынан  кешкі  курстар 
ашылса,  мамандық  алудың  ӛзін  жаппай  міндетті  оқуға  айналдырса  қайтеді? 
Жұмыс  сағаты  аз,  жұмысшылардың  бос  уақыты  кӛп,  жұмысқа  да,  оқуға  да 
үлгереді. Мемлекет ақша аямайды. 
— Тым асыра сілтемелік,— деді Сергей Петрович.— Жұмысшылардың 
бос  уақыты  кӛбі  де,  мемлекеттің  олардан  ақша  аямайтыны  да  рас.  Бірақ, 
міндеттеу,  күштеу  арқылы  барлық  істі  бірден  істеу,  кӛп  санасын  ӛктеу 
қолдан келмейді. Сабыр, есеп керек, ӛмір әуеніне үйлесе білу керек. 
«Мынау  жуан  сіңір  болар  емес  қой»  дегендей  Бейсек  пен  Ырымбек 
біріне-бірі қарады. Егер сол жуан сіңір тӛрт-бес жыл бұрын кездессе, іштен 
тұнбай ашықтан-ашық кескілескен болар еді. Мезгіл ӛткен, жағдай ӛзгерген. 
Лапылдауға  дәрмен  аз.  Астынан  қызған  қордадай  бықсыған  кӛңілдер 
булығып  жатыр.  Щербаков  оны  байқаған  жоқ.  Кадр  жайындағы  кеңесті 
бітіріп, екінші мәселеге кӛшті: 
— Бейсек  Керимович!  Сізге  ӛте  бір  жауапты,  ӛте  қиын  іс  тапсырғалы 
отырмын.  Менің  уақытымның  кӛбі  кӛмірге  кетіп  жатыр.  Сіз  сол 
кӛміршілердің азық-түлік жағын ӛз қолыңызға алсаңыз қайтеді? 
— Алайын. 
— Алсаңыз, мейлінше есепсандық ұқыптылық керек болып отыр. Азық-
түлік  байлығын  колхоздарымыз  әлі  жасай  алған  жоқ.  Олар  да  біз  сияқты 
жаңа қоныс. Бір карточка орынсыз берілмеуіне қандай күрессек, әр карточка 
тиісті  нормасын  уақытында  алуына  сондай  күреселік.  Енді  екі-үш  айда  қар 
ериді.  Жол  бұзылып  қатынас  қиындайды.  Қанша  запасымыз  бар?  Оларға 
қараған  жан  қанша?  Күн  сайын  қосылып  жатыр  адамдар.  Жан  санын  ӛтірік 
асырып,  артық  азық  алсақ,  соттайды.  Кем  кӛрсетіп  жұмысшыларды 
ашықтырсақ  тағы  соттайды.  Менімше  дәл  қазір  ең  қиын  мәселе  осы. 
Сондықтан,  Бейсек  Керимович  сізге  ғана  тапсырып  отырмын.  Партия 
алдында екеуміз де жауап береміз. 
Бейсек  жәй  ғана  езу  тартты.  Күлімсіреген  жүзінде  күлкіден  келгірлік 
басым еді, қалжыңмен бүркеп, білдірмей жіберді. 
— Былай да, былай да соттайды! Сергей Петрович сонда бір адамнан бір 
карточка қымбатырақ болғаны-ау? 
— Иә,—  деп  басын  изеді  Щербаков,—  ӛйткені  соның  ӛзі  адам  үшін. 
Әркім  ӛз  сыбағасын  алуға  тиісті.  Егер  оны  бермесек,  не  біреудікін  біреуге 
жұлып берсек, бізді соттамағанда, карточканы соттай ма? 

130 
Sauap.org
 
Үшеуі де күліп жіберді. Алдыңғы бӛлмеден секпіл бет, сарша қыз келді. 
Хатшы қыз. Қолындағы бір жапырақ қағазына қарап алып: 
— Сізді,  Махмет  Торсықбаев  деген  жігіт  бағанадан  күтіп  отыр,—  деді 
Ырымбекке. 
— Қазір,  қазір,—  деп  Ырымбек  дереу  Щербаковқа  сӛз  тастады.— 
Жұмысшыларды  жабдықтау  бӛліміне  лайық  па  деймін.  Дұрыс  жігіт 
таныссаңыз қайтеді? 
— Ол орынға горком жолдайды ғой. 
— Горкомға  баруға  баталмай  жүр.  Мейраммен  араларында  бозбалалық 
қызғаныш бар ма, қалай. 
— Бұл  араға  бозбалалық  неге  қыстырылады!—  деп  үлкен  денесін 
селкілдете күлді Щербаков.— Әй, жастық! Кірсін, бозбаланы кӛрейік. 
Хатшы  қыз  шығып  кетті.  Қатып  киінген,  бұйра  шаш,  аққұба,  тығызша 
жігіт  —  белгілі  Махмет  енді.  Ол  жабайы  адамдардың  алдында,  әсіресе  қыз 
кӛзінше кеудесін кӛтергенмен, бұндай жерде тіпті сынық, кішіпейіл болатын. 
Амандасуы, ӛзін ұстауы, тойған тоқтыдай момақан сырты Щербаковқа ұнап 
қалды. Енді ішін білуге сӛз тастап отыр: 
— Бұрын қайда істеп едің, шырақ? 
— Осы  Тельман  ауданында,  аудандық  тұтыну  кооперациясының 
бастығы болып істедім. 
— Одан қалай босандық? 
— Москваға,  сауда  қызметшілерінің,  курсына  кеткен  едім.  Қазір  сол 
курсты бітіріп келген бетім. 
— Кӛрші  ауданның  кадрын  тартып  алу  бізге  лайықсыз,  ақша  шығарып 
оқытып, күтіп отырған ауданды тастап кету сізге лайықсыз емес пе? 
Махмет мүдіріп қалды. Ырымбек түсті араға. 
— Облыс  Қарағандыға  жіберіпті.  Аудандар  адам  бермесе,  Қарағанды 
қалай жасалады? 
— Сіз не айтасыз?—деп, Щербаков Бейсекке қарады. 
— Мен  бұл  жігітті  Ырымбек  арқылы  білем.  Орта  дәрежелі  білімі, 
тәжірибесі  бар  кӛрінеді.  Оның  үстіне  мамандығын  кӛтеріп  келіпті.  Бұндай 
кадр табыла бермейді. 
— Жарайды,—  деді  Сергей  Петрович  бір  жымың  етіп.—  Горкомнан 
сұрап кӛрелік. Бозбалалықтан басқа татары болмаса, кӛндіреміз. Бірақ, ісіңе 
мықты  бол,  шырақ.  Кӛмір  мәселесі  қандай  зор  болса,  сол  кӛмірді  беретін 
жұмысшыларды  жабдықтау  мәселесі  де  сондай  зор.  Біз  осы  отырғанда 
жұмысшылардың қамын ойлап, бас сындырып отырмыз... 
Махмет  дамыл-дамыл  басын  изеп  тыңдай  берді.  «Әлбеттені»  тіпті  жиі 
айтады.  Егер  Щербаков:  «үрген  қуықтай  неме  түртіп  қалып,  бырс  еткізейін 
бе» десе де, «әлбетте» деп бас изер еді. Ырымбек осы мінезін басқадан бұрын 
біліп, қолына қондырған түрі бар. Демеп қояды. 

131 
Sauap.org
 
— Ӛзіміздің  қызыл  маман,  лаулаған  жас  қой,  алып  кетеді,—  дегенде, 
Махмет  басын  изей  түсті.  Беймаза  басын,  одағай  «әлбеттесін»  еске  мықты 
қалдырып, үйден шықты Махмет. 
Сергей Петрович сағатына қарады. 
— Отырып қалыппыз, тарайық,— деді де орынан тұрды. 
 
III 
 
Ардақ  ешуақытта  мұндай  қуанған  емес.  Жиналыстан  шығып  үйіне 
жүгіре  басып  келеді.  Лепірген  кӛңіліне  шапшаң  басқан  аяғы  ілесе  алмады. 
Мына  тұрған  үйі  әрі  алыстап  бара  жатқан  тәрізді.  Томп-томп  желеді. 
Желкесінен  шыққан  қара  шашы  желкілдеп,  екі  ұрты  бүлк-бүлк  қозғалады. 
Ақша  беті  қып-қызыл  нарттай,  қарақат  кӛзі  жанған  шырадай  болып 
табалдырықтан аттағанда: 
— Кӛке!—  деді  ентігіп.  Кӛкесі  баяу  ғана  мойнын  бұрды.  Екі  дізесін 
құшақтап, қырын отырған. Қасындағы Ырымбекке де тура қарамай: 
— Мен  болдым,  іс  керек!—  деді  де  сӛзін  шорт  кесті.  Екі  сӛз  ұзақ 
әңгіменің түйіні сияқты. Ырымбек Ардаққа жүре амандасып шыға жӛнелді. 
Ардақ сәл аңырып қалған. Таныстығы, араласы жоқ, үлкен қызметкердің 
ойламаған жерде келе қалғанына түсіне алмады. Оны ежіктеп тұруға сабыры 
да  жетпеді.  Дереу  қолтығындағы  Лениннің  үш  томдығын  әкесінің  алдына 
тартты. Білегіндегі сағатын алып, томдардың үстіне қойды. 
— Балаңыздың  тырнақ  алдысы,  кӛке!  Кӛп  алдында  мақтағанда  шыдай 
алмай шығып кеттім!.. 
Сіресіп отырған Әлібек құшақтаған дізесін жазбастан Ленин томдарына 
кӛзінің  қырымен  қарады.  Қолын  сүлесоқ  созып,  сағатты  ұстады.  Сағаттың 
сыртындағы: 
«Ардақ Мырзабек қызына социалистік мәдениет майданында кӛрсеткен 
екпінді  еңбегі  үшін  берілді»,—  деп  асыл  бізбен  жазылған  әдемі  жазуды 
оқыған соң ғана тіл қатты: 
— Кім жазды? 
— Слесарь Лапшин. 
Сағатты  орнына  қойып,  дізесін  қайта  құшақтап,  түнерген  қалпын 
бұзбастан тағы да бір сұрақ берді Әлібек: 
— Әкеңді сатып алдық ба, советті алдап алдың ба? 
Ардақтың  денесі  дір  етті.  Тӛбеден  суық  су  құйып  жібергендей  болды. 
Беті  енді  сұрланып,  жұқа  танауы  қусырылып  барады.  Не  дерін  білмеді... 
Жүрегі аузына тығылды. Әкесінің сыртына шықты да отыра кетті булығып. 
Желді  күнде,  кӛл  бетінде,  толқынмен  бір  батып,  бір  шығып,  жағаға  қарай 
шірік томар қалқып келе жататын.Қазір дәл осы томар тәрізді кӛрінді әкесі. 
Оның желкесіндегі қарыс сүйем пышақ дағы ойын сонау алысқа, халық ішіне 
әкетті. Қанды, қаралы, зарлы күндер ӛтіп жатты алдынан... 

132 
Sauap.org
 
— Әзір сатуды да, алдауды да білмеймін. Еңбегіме алдым,— деді әлден 
уақытта  Ардақ.—  Осы  сӛзіңіздің  салмағын  шамаладыңыз  ба,  кӛке?  Зілдей 
екен! 
Бұдан  әрі  айта  алмай  жылап  жіберді.  Әкеге  деген  аяулы  махаббатын 
әкесі ӛзі қара балтамен шауып отырғандай кӛрінді. 
— Мен одан да ауырды кӛтеріп тұрмын. Сенше еңкілдеп жылауға кӛзде 
жас  қалған  жоқ,—  деп  Әлібек  жаңа  ғана  бетін  бұрды  қызына.—  Ал, 
салмақтап  кӛрейік.  Мен  жаралымын,  атысып,  шабысып  түстім  аттан.  Әкең 
жаяу  қалғанда,  шылбыр  ұшын  жатқа  бересің.  Жау  салған  жарадан  осының 
батты маған! 
— Жауыңыз кім? 
— Қаптаған мына қаратобыр! 
Осыны  айтқанда  Әлібек  бар  қанын  ішіне  тартып  алған  екен.  Керосин 
шамның  жарығында  кішкене  кӛзі  ойнақшып  тұр.  Ардақ  тайлығып  тӛмен 
қарады. Үнсіз бірсыпыра уақыт ӛтті. Екі бӛлме жер үйді тас кӛмір қыздырып 
барады. «Жау, қаратобыр» деген екі сӛз әке мен баланы қыздырып барады. 
— Сіз айнып қалғансыз ғой?— деді Ардақ,— бір кезде. — Совет жолын 
бұзушыларға, бұзықтарға ғана қарсымын дегеніңіз қайда? 
— Бәрі бұзық! 
— Жаңа  түсіндім.—  «Әке  деген  бір  сӛз  барлық  сӛзден  жылы  еді,  енді 
суып  кетті.  Әке  болу  —  табиғат  заңы.  Әкелік  борышты  ақтау  адамшылық 
заңы» депті. Адамшылық қайда, кӛке? 
— Оқыттым,  тәрбиеледім.  Басыма  қара  тұман  туған  күндерде  де  аюша 
арқалап жүріп, аталық қамқорлығымды істеп келем. Адамшылық деген сол. 
— Соның  бәрін  тек  ӛзіңіз  үшін  істепсіз  ғой.  Ӛз  ӛміріңіздің  оты 
шайылған соң, жас ӛмірдің кӛгін қылтақтап жұлмақсыз. Ӛмір тек әкелер үшін 
бе? 
— Ӛмірің не? Ӛмір ме осы? Азап! 
— Мен кӛрген халық, мен оқыған кітап ӛмірді — еңбек, деп үйретті. Аз 
тәжірибем  адамшылықты  еңбектен  кӛрсетті.  Сіз  «азап»  дейсіз.  Егер  азап 
болса, халық бұнша құнықпас еді ол азапқа. 
— Түстік  ӛмірің  болғанда,  кештік  малың  болмаса,  айдауыңа  жүретін 
тым  құрығанда  бір  ауылдай  елің  болмаса,  күндегіңді  күнде  қылқып,  еңбек 
қызық  дегенің  саяси  мастық,  балам!  Жастық  мастығынан  бұл  мастық 
қауіптірек. Жый есіңді, улап ӛлесің! 
— Мен  қазір  жас  та,  мас  та  емеспін,  кӛке.  Қаршадайымнан  қайғы 
арқалатып,  тесік  ӛкпе  қылып  ӛсірдіңіз,  анамның  ақ  сүті  тамағымнан  етпей 
тұрып  қалған  күндер  де  болған.  Сіз  ұйықтап  жатқанда,  кӛз  жұмбай  ой 
теңізіне талай сүңгігем. Озбыр таптың ескі мүддесін сырлап әкеліп тартпаңыз 
алдыма.  Сіз  кӛксеген  елден,  байлықтан  алдыңызда  жатқан  үш  кітап,  маған 
әлдеқайда  құндырақ.  Сізден  естімеген  жылы  сӛзді,  елден  естідім.  Сізден 
кӛрмеген  қамқорлықты,  Советтен  кӛрдім.  Сонда  да  сізді  қарайлап  келген 
едім. Егер бетіңіз осы болса, әке мен баланың қоштасатын жері де осы. 

133 
Sauap.org
 
— Саяси сауатың ашылған екен, балам. Енді ұстап беруің ғана қалды,— 
деп Әлібек күрсіне орнынан тұрды. Жұмыс киімдерін киінді. Күрегін алды да 
шығып кетті. 
Белес-белес  биік  қар.  Қар  астында  шыпырлаған  жер  үйлер.  Айсыз, 
бұлтты қараңғы түн. Қоян жымыңдай тар соқпақпен қатты қарды шықырлата 
басып,  Әлібек  шахтаға  келеді.  Қатесін  жаңа  білді.  Қас-қабағына  қарап, 
ұршықтай үйрілген жалғыз қызы советтік болып бара жатқан соң, қаттырақ 
айтып,  қайырып  алмақ  еді.  Бұндай  қатал  мінез,  саяси  бет  кӛрсетеді  деген 
ойында  жоқ.  Тек  Мейрамнан  айрылмай  ма,  деп  қауіптенетін.  Ырымбек  те 
осы  жайды  ескерткен.  Ендігі  қауіп  тіпті  тереңдей  түсті.  Бірақ,  «ұстап 
бередіге»  кӛңілі  бара  қоймады.  ЬІрымбекпен  әңгімелескеннен  кейін 
Орловтан сескенді. Не ол кӛнеді айтқанға, не ұстап береді, деп ойын бекітті. 
Осы оймен шахтыға жетті Әлібек. Кӛпір маңы қазір жарық. Әр жерден 
электр  лампалары  орнатылған.  Эстакада  үстінде  вагонетка  айдаушы 
жұмысшылардың  тарсылы  естіледі.  Оған  оң  бүйірде,  мехцех  ішіндегі  бу 
қазанының,  шахта  алдындағы  кӛтергіш  машинаның  дауысы  қосылып, 
ұласқан  механизм  үндері  күндіз-түні  басылмайды,  әсіресе  түнде  күшейе 
түседі. Шахта аузы да ӛзгерген. Бұрынғы құдық сияқты тік тесік жер астына 
әуе  беріп  қана  тұр.  Белдің  солтүстік  беткейінен  жасалған  кең  уклон,  белдің 
астын  кеулеп,  ұзап  барады.  Суыр  іні  секілді  кӛлбеу,  тереңге  кеткен  бұл 
ауыздың  ішімен  темір  жол  да  тереңге,  жер  астына  бойлап  барады.  Адам 
жүретін  жол  жасалып  жатыр,  біткен  жоқ.  Жұмысшылар  уақытша  уклонмен 
түсіп  шығады.  Тәртіп  жӛнді  нығаймаған.  Жер  астына  тексерусіз, 
пропускасыз кіре береді. Әлібек те келісімен еніп кетті. Ұзын бойын иместен 
тік  жүріп  келеді.  Уклон биік. Қол  саласындай  қылып  тӛбені,  екі қабырғаны 
жұмыр ағаштармен тіреп, қиып тастаған. ЬІлдилап кеткен тар темір жолдың 
үстінде  бүлк-бүлк  қозғалып,  болат  арқан  жатыр.  Арқанның  бір  ұшы  далада 
—  кӛтергіш  машинада,  екінші  ұшы  жер  астында  сонау  алыста,  қараңғыда 
жылтыраған шамдар арасындағы вагонеткаларда. 
Арқан  бір  тулап,  шерте  қалды  да,  зулай  жӛнелді.  Жер  асты  күнше 
күркіреді.  Әлібек  қабырғаға  жабыса  қалғанда,  қабырғадағы  ыстық  бу 
трубасын  ұстай  алып,  қолын  тартып  алды.  Кӛмір  тиеген  үш-тӛрт  вагонетка 
ағызып  ӛте  шықты.  Бұрын  қолмен  бұрап,  атбарабанмен  шелектеп  тартатын 
кӛмірді  енді  вагонеткалап  тартып  жатыр.  Бұл  тек  будың  күші.  Электр 
станциясы  біткенде  не  болмақ?!  Әлібек  қарылған  алақанын  сипап  келе 
жатқанда, алақаны емес, электрді ойлап ауырып келе жатты. Ауыр күрсінген 
демі тым ыстық, кӛңілі осы уклондай қараңғы. Бойды буған ыза байқатпай, 
тӛбенің  аласалау  жеріне  басын  қатты  соқты.  Зеңгіген  басын  ұстап  біраз 
тұрып қалды Әлібек. 
Уклонның  түбінде  Ермек  бригадасы  істеп  жүр.  Тӛбеден  сорғалаған 
тамшы іркіліп, қақ тұрған. Аяқ асты батпақ. Сазды, суды кешіп, ұзап барады 
бригада.  Үстерінде  бұрынғыдай  ӛз  киімдері  емес,  қазналық  жұмыс  киімі: 
қонышы қара санға жететін резинке етік, су ӛтпейтін бешпент, шалбары бар, 
бастарында  жез  қалпақ.  Камерон  жиналған  суды  қомағай  ұрттап,  алыстағы 

134 
Sauap.org
 
жер  үстіне  темір  тұрбамен  лақ-лақ  тӛгіп  тұр.  Жұмыстың  ең  ауыры,  бүкіл 
шахтаның  тағдыры  уклонда  болғандықтан  Ермек  бұнда  ӛзі  тіленіп  келді. 
Адамдарды  ӛзі  іріктеп  алды.  Табельді  ақтарып,  әркімнің  еңбек  табысына 
қарағанда  Әлібек  жуан  ортада  екен.  Және  Ардақтың  әкесі  екенін  ескеріп, 
оның  да  қосты  бригадаға.  «Жеті  жүз  тонна  үшін»  социалистік  жарыста  ең 
алдағы,  қызыл  тулы  Ермек  бригадасын  Қарағанды  бұл  күндерде  үлгі  қыла 
сӛйлейді. 
Уклон түбіндегі екі забойщиктің бірі Ермектің ӛзі. Ол қазір бұрынғыдай 
қайла  сілтеп  тұрған  жоқ,  қайладан  әлдеқайда  салмақты  машина  балғаны 
қабырғаға  тірей  итеріп  тұр.  Итерген  сайын  денесі  селкілдеп,  балғасының 
болат  тұмсығы  сол  кӛмірге  сүңгіп  барады.  Сүйсініп,  қасындағы  Әкімге 
сӛйлеп қояды Ермек: 
— Шіркін  ӛнер!  Бір  балғаның  арқасында  он  қайлашының  беретін 
кӛмірін беріп тастадым. 
— Врубмашина бұдан да жойқын деседі ғой. 
— Ол қырық-отыз забойщиктің бергенін береді, дейді. 
— Ворона оны да білеме екен? 
— Жоқ. Ол машина Донбастың ӛзінде аз кӛрінеді. 
Әкім  әлі  қайлада  жүр,  әбден  тӛселіп  алған,  ендігі  құмары  машина. 
Қайта-қайта машина жайын сұрап тұрып: 
— Бізді  тезірек  неге  үйретпейді,  Ворона?—дегенде,  Ермек  зекіп 
тастады: 
— Немене,  жалыға  қалдың  ба  әлден!  Ондаған  жылдар  қайла  ұстаған 
біздің жанымыздың берігінші! 
Әкім жауап қайырмай шаба берді қайласын. Бұндайда үндемей жеңетін 
әдеті. Аздан соң Ермек оған ӛңін жылытып, жымия қарап тұрып: 
— Бәлем, созылған шығар тақымың,— деді де забойдан бері шықты. 
Әкім қызып алған, тоқтамастан, қайласын сілтей сӛйлеп тұр: 
— Дегенмен, құйрық тістесе келем-ау, Ермекке. 
— Қайла үстінде сӛйлеме, тез шаршайсың. 
— Ол сіз сияқты сырт буын бола бастағандар шығар. 
— Қара, жаман неменің жастығын бұлдауын! 
— Әрине. Мен шаршасам тынығуға алты сағат жетеді. Сіз шаршасаңыз 
алты күн жетпейді. 
Ермек басын шайқап, жымия тағы бір күлді де, артжақтағы крепшілерге 
кетті.  Уклон  кӛмір  шығаратын  ғана  жол  емес,  жер  үсті  мен  жер  астындағы 
барлық жүк қатынайтын жол. Сондықтан оны дұрыс апару қандай шеберлік 
тілесе,  крептерін  дұрыс  қою  да  сондай  шеберлік  тілейді.  Бұл  жолдағы  бір 
сағат бӛгеліс, шахтаға ондаған, тіпті жүздеген сағат бӛгеліс жасайды. Ермек 
крепшілердің  қасына  осы  оймен  келіп,  әр  тіреуді  қадағалап  қараған  соң, 
мықтылығын қайласымен ұрып байқады. Екі тықылдатқанда-ақ ол тіреу түгіл 
тӛбенің де жәйін біле қоятын. Тықылдатып жүргенде инженер Орлов келді. 
Мына жақтан Әлібек те жетті. 

135 
Sauap.org
 
— Сіз қайта беріңіз,— деді Ермек,— ӛз сменаңызға түсерсіз. Әкім кеше 
сырқаттаумын деген соң айтып едім, ол ӛзі келді. 
Әлібек кете қоймады. Орлов крептерді кӛріп ӛтті. Риза болып тұр: 
— Крептер  жақсы  қойылып  барады.  Крепшілер  тек  осы  беттен 
жазбасын. Камерон да дұрыс істеп тұр екен. 
Ермек үндеген жоқ. Крепшінің қолындағы ауыр балғасын ала сала қағып 
қалып,  бір  тіреуді  ұшырып  түсірді.  Аралап  барып  тағы  да  бір  тіреуді 
ұшырды.  Енді  балта  алды қолына. Жаңадан  тіреу  кесіп,  қашап, дереу  қайта 
орнатты. Содан кейін балғаны крепшіге берді. 
— Сен құлатып кӛрші. 
Крепші ұрып байқап еді, тіреу мыз бақпады. 
— Жап-жақсы  істеп  келе  жатып,  кейде  айнисыңдар  да,  жақсылықты 
сонымен  жуып  жібересіңдер,—  деді  Ермек.—  Бұл,  қораның  тӛбесі  емес. 
Тіреудің басы дұрыс қашалса, әнтек кӛлбете, тӛбенің жатысына қарсы тіреп, 
тығыз айдап апарса ешуақытта таймайды, тұрып қалады. Тӛбені шатынатпай 
тұтас  ұстау  үшін,  тӛбеге  арқалықтар  тегіс  тиіп  тұру  керек.  Шатынамаған 
тұтас тӛбе арқалыққа қӛп жеңілдік береді. Кӛп тіреудің ішіндегі бірен-саран 
жаман тіреу, біртіндеп түскен тістей-ақ біртіндеп бәрін бүлдіреді. Штректің, 
әсіресе  уклонның  крептері  ұзақ  уақытқа  есептелген.  Мейлінше  мықты 
болсын. Лавадағы, пештегі уақытша крептер жарамайды бұнда. 
— Дұрыс айттыңыз, ӛте дұрыс айттыңыз!— деп Орлов жақындай түсті 
Ермекке.— Менімше, сіз учаске начальнигі болуға лайықсыз. 
— Оған оқулы адам керек. 
— Сіз  енді  оқусыз  да  емессіз.  Бүгінгі  экзаменде  Жанабіл,  Әкім 
үшеуіңізге  қайран  қалдым.  Сауаттарыңыз  әбден  ашылған.  Алты  айда  дроб 
есебін де білгенсіздер. 
— Ол,  мұғалімнің  жақсылығы  ғой.  Құлаққа  құя  берген  соң  сондай 
бірдеме қалмай қайтеді. 
Он  жасынан  бері  шахта  жұмысына  айналысып,  оқусыз  қалған  Ермек, 
оқудың дәмін татқан соң басына кітап жастанып жататын болған. Дәл қазір 
ішкі  омырау  қалтасында  қалың  қара  книжкасы  бар.  Сол  книжка 
энциклопедия  сияқты,  ғылымға  байланысты  естіген,  білгенін  жаза  берген. 
Осы  құмарлығы  оқуда  да  ӛз  қатарынан  оздырды.  Мақтағанда  елірмейтін, 
жақсылықты, абыройды жолдасына итере сӛйлейтін мінезі енді мұғалімдерін 
мақтатып тұр: 
— Мейрам,  Ардақ  жап-жас  балалар,  сӛйлесе  кетсең  қария.  Атам 
заманғыны қаз қойып береді. Менің ӛмірім Қарағандыда ӛтсе де, қанша кӛмір 
барын  білмеппін.  Сіз  Донбаста  жатып  біліп  келгенсіз.  Ғылымсыз  адам  ӛле-
ӛлгенше бала екен. Алты ай оқығанда анық білгенім осы ғана! 
Орлов  кӛзілдірігін  сүртіп  киіп,  Ермекке  ойлы  кӛзбен  қарап  тұрды  да, 
Әлібекке бұрылып күңк етті: 
— Алтын бас! Асықпасаңыз бір шықсақ қайтеді? 

136 
Sauap.org
 
— Жарайды,—  деді  Әлібек.  Екеуі  шамдарын  жӛндей  бастады.  Шам  да 
ӛзгерген.  Түтіні  будақтаған  бұрынғы  майлы  бӛлешке  емес.  Түтінсіз,  фонар 
шам еді. 
— Электр  шамы  жеткенде  бұны  да  лақтырамыз,—  деп  күліп  қойды 
Орлов. Дәл кетерде бұйрық берді Ермекке.— Уклонды бұдан әрі созбаймыз. 
Ертеңнен бастап басқа жұмысқа ауысасыздар. 
— Қандай жұмысқа? 
— Ағылшындар дайындап, ала алмай кеткен бір аумақ оңай кӛмір тұр... 
— Білем, екінші лава ғой. Газы қалай екен? 
— Онша  күшті  емес,  жоямыз.  «Жеті  жүз  тоннаны»  орындау  үшін  бұл 
бізге  үлкен  жеңілдік.  Сіздің  бригада  осындай  күрделі,  тӛтенше  істерге 
салатын  екпінді  бригадаға  айналды.  Абыройлы  болуыңызға  тілегім  де, 
кӛмегім де дайын. 
Соны айтып, Әлібекті ертті де жүріп кетті Орлов. Жолшыбай плиталарға 
бӛгеле  жүрді.  Пеш,  лавалардың  кӛмірі  штректер  арқылы  тұс-тұстан  осында 
келіп,  уклонмен  сыртқа  шығады.  Плита  бірін  жӛнелтіп,  бірін  қабылдап, 
дамыл  таппай  тұр.  Алыстағыны  атпен  тартқан,  жақындағыны  жаяу  айдаған 
вагоншілер  ерсілі-қарсылы  сапырлысып  жатыр.  Ташке  жойылған.  Тасымал 
құралы — темір жол, вагонетка. Тасымал күші — ат, адам. Плита маңындағы 
қозғалыстар, дыбыстар тым қызу... 
— Осының  бәрін  біраздан  соң  электр  атқарады,  —  деді  Орлов,—  тағы 
шапшаң атқарады. 
Әлібек үндемеді. Плита басында дауыстар естіледі: 
— Парожняк керек! 
— Бізді жібер, тұрып қалдық. 
— Неше вагон шықты сыртқа? 
— Кӛтер! 
— Ауп! 
— Байқайсыз  ба?—  деп  Орлов  Әлібекке  тағы  бұрылды.—  Осылар 
әнеукүні ғана келген шикі қазақтар ғой. Енді шахтаны ӛздері билеп барады. 
Рас, олақтық әлі кӛп. Бірақ, жеңбей қоятын емес. Бүгінгі халықтың ынтасы — 
тағдыр кілті екен. Мен соған ден қойдым. 
Әлібек  бұған  да  жауап  қайырмады.  Сазарған  түрінен  кӛнгендігі,  не 
қарсылығы  байқалмайды.  Сӛйтсе  де  Орлов  дәмелі  сияқты.  Айтқаным  ем 
болды  ма?—  дегендей  оның  бетіне  ауық-ауық  кӛз  тастап  қояды.  Плитаға 
жетті екеуі. Бір вагон айналыста құлап, басқаларды бӛгеп тастапты. Вагоншы 
құлаған вагонын тұрғызып алып, жолшыларды сыбап тұр: 
— ...Жегенің  желкеңнен  шыққыр!  Дәл  қазір  кездессең,  шығарар  едім 
желкеңнен! 
Орлов  келе  жолды,  вагонетканы  қарастырды.  Содан  кейін  блокнотына 
жазып алды: 
«Жол  шұғыл  бұрылыпты.  Рельс  қоспарлары  жымдаспапты.  Вагонетка 
майланбаған. Кісі жіберіп жӛндеу керек». 

137 
Sauap.org
 
Қоңырау шылдыр етіп, поезд шыққанын хабарлады. Жұмысшылар плита 
үстіне жиналып қалған екен. Орлов жүгіріп келіп, итермелеп таратты бәрін: 
— Жол үстінде тұрмаңдар. Қатер, қатер! 
Тағы жазды блокнотына: 
«Жұмысшылар  техника  қатеріне  әлі  салақ.  Поезд  келе  жатқанда  жол 
үстінде тұрды. Техника қатерсіздігін міндетті түрде оқыту керек». 
Орлов шахтаны аралаған сайын осындай кемшіліктерді кейінгі кезде кӛп 
жазатын  болды.  Бірақ,  шорқақ  па,  әлде  бетте  шіркеу  болған  соң  именеме, 
жұмысшылармен  аз  сӛйлеседі.  Кӛрген  кемшіліктерін,  ұсыныстарын  жазып 
беріп,  кӛбінесе  Щербаков  арқылы  ӛткізіп  отырады.  Поезд  қаттырақ  келіп 
тоқтаған еді Оны да жазып алып, плиташыға бір ғана сұрақ қойды: 
— Қанша жӛнелттіңіз? 
— Сексен үш вагон. 
— Жақсы,—  деді  де  жүріп  кетті  Орлов.  Беті  ағылшын  тұсындағы  ескі 
забойлар.  Жаңағы  Ермекке  айтқан  кӛмірін  тағы  да  кӛре  кетпек.  Былай 
шыққан соң Әлібекке шешіле сӛйледі: 
— Сізді  буған  ызалы  ойлар  мені  де  буған.  Совет  дүниесі  бұлтты, 
қараңғы  түн  тәрізді  еді  сонда.  Сол  бұлтты  айдайтын  жел,  қараңғыны 
жарқырататын  ай  да  кӛрдік.  Ақырында  бәрі  кӛруге  бар,  ұстауға  жоқ  сағым 
болып  шықты.  Жаман  алдандық.  Үміт  кесілді.  Қалған  ӛмір  қара  түнек  деп 
білдім.  Бұным  да  қате  екен.  Есін  жиған  мастай,  ӛткеніме  ӛкіне  қарап 
тұрғанымда, ӛлген үміт қайта тіріліп, алға сүйреді. Кең, кӛркем ӛмір кӛрінеді 
алда.  Бесжылдық  жоспар  сол  ӛмірге  апаратын  бір  ғана  жол  екенін  жаңа 
білдім.  Сіз  менен  артық  адасқан  да,  қарсыласқан  да  жоқсыз.  Осы  жолға 
түссеңіз  қаракӛңіл  ағарады,  түспесеңіз  ақкӛңіл  де  қараяды.  Бұл  енді  халық 
жолына айналды. Халық осылай дейді. 
Орлов  жауап  күткендей  сӛзін  бӛліп,  кезек  берді.  Әлібек  ижуәлай  езу 
тартты: 
— Белсенді болып қалыпсыз, айта беріңіз. 
— Бұған  дейін  сіз  мені  үгіттесеңіз,  енді  мен  сізді  үгіттеймін,—  деді 
Орлов.—  Анада  шахта  тӛбесін  құлаттыңыз.  Ұяты  маған,  зияны  шахтаға 
қалды. Жұмыс тоқтамаған соң әйтеуір елеусіз кетті. Бірақ, бәрі солай елеусіз 
кете  бермейді.  Қайту  керек  бұл  беттен.  Бақытты  балаңыз  бар.  Адал  істеп 
кӛрінуге ӛзіңізде де мүмкіндік бар... 
— Бақыт  құсы  бастан  ұшқан!—  деп  Әлібек  күңіреніп  қойғанда,  Орлов 
шамданып қалды: 
— Олай десеңіз, қылмысты жасыра беруге менің де халім жоқ. 
Әңгіме  үзілді.  Жұмысшылардың  жүрісі,  дыбыстары  естілмейді.  Кӛмірі 
алынып,  жұмысы  тоқтаған  пеш,  штректердің  бірін  бойлап,  бірін  кесіп  ӛтіп 
үнсіз  келеді  екеуі.  Жаңа  шахта  мен  ағылшын  тұсындағы  шахтаның  жер 
астынан түйіскен жері тақау. Орлов газдан сақтанып, шамына дамыл-дамыл 
қарайды. Әлібек сылқ-сылқ күлді бір кезде. Содан кейін жадырай сӛйледі: 

138 
Sauap.org
 
— Асарымызды  асап,  жасарымызды  жасаппыз.  Кәрі  қойдың  жасындай 
жас  қалғанда  армансыз  былшылдаппыз.  Кел,  сен  қайтсаң  мен  де  қайттым 
енді. 
Орлов  тұра  қалып  аузынан  сүйді  Әлібектің.  Қолын  қысып  жібермейді. 
Қан-сӛлі тартылған қуқыл жүз қызараңдап, қуаныштан дірілдей сӛйлеп тұр. 
— Шынымды айтайын, ұстап беруге неше оқталсам да, осы қасиетіңізді 
күткен  едім.  Ризамын!  Ризамын,  Әлібек  Мырзабекович.  Кәрі  қойдың 
жасындай  жас  қалса  да,  ұлы  дүбірге  қосылып  кӛрейік.  Маған  жаңа  ойлар 
маза  бермей  жүр.  Дәрі  қолданып,  жаңағы  айтқан  кӛмір  аумағын  талқан 
етемін. Ағылшын тұсындағы ескі забойлар сонымен жабылады. Керегі жоқ. 
Одан  алған  кӛмір  «жеті  жүз  тоннаны»  орындау  жолында  кесек  олжа  болса, 
сіз бен бізге үлкен абырой да болады. 
Қарт Орлов жасарып кеткен тәрізді. Жер астының болашақ машиналары: 
электровоз,  конвейер,  кӛмір  кесетін  машина,  электр  жарығы  жайында, 
Қарағанды  кӛмірінің  кӛлемі,  сапасы,  оны  мол  алу  тәсілдері  жайында  қыза 
әңгімелеп,  бәрін  кӛз  алдына  әкелді.  Сыртқа  шығармай,  кӛптен  бері  ішке 
жиғанын  ақтарып  келеді.  Әлібек  Орловтың  үлкен  маман  екенін  жаңа  ғана 
кӛргендей  болды.  Ағылшын  забойларына  жетті.  Ескі  шахтаны  бӛліп  тұрған 
ұзын, қалың сом қабырғаны жаңа шахтаның бір пеші бүйірден тесе тоқтаған 
екен. Маңдайшадан құлаған кесек кӛмірлер жатыр. 
— Құлайтынын  біліп,  ӛзі  құлаған  ба!—  деп  күлді  Орлов.—  Бұлай 
құламағаны  керек  еді.  Жұмысшылар  мұнда  оралмайтын  болған  соң  салақ 
қараған  ғой.  Осы  дәу  қабырғаны  дәрімен  құлатып  ала  береміз.  Бұның 
аржағында жӛнді кӛмір жоқ. Ағылшындар алып бітірген. 
— Газды,  «Герберттің»  кӛлін  қайтесіз?  Қабырғаны  алған  соң  бәрі  лап 
қоймай ма? 
— Кӛл  әрі,  ойда  жатыр.  Газ  күшті  емес.  Жел  жіберіп,  оны  да  әрі 
айдаймыз. 
Орлов жан-жағын жете байыптап болған соң, кесек кӛмірді астына қоя 
отырды. Блокнотын дізесіне жәйіп, жаза-сыза бастады... Ең шетте, жаңа, ескі 
забойлардың аралығында, шам жарығымен қағазға қадалған ақ бас қарт, ӛзін 
қоршаған  осынау  мылқау,  ауыр  қараңғы  тыныштықты  талқандау  үшін  бар 
ынтасын салып отырды. Оның басында қазір тек осы ой ғана еді. Әлібек те 
отырмақ  болып,  үлкен  кӛмірді  қос-қолдап  кӛтеріп  келді  де,  сол  басқа 
ышқына періп жіберді... 
Тіл  тартпай  кетті  Орлов.  Блокноты  ашылған  күйінде  қалды.  Әлібек 
қабырғаға сүйене сілейіп біраз тұрған соң, оның ӛкпесіне қол салып байқады 
да, құлаған тӛбенің тұсына дәлдей сүйреп тастады. Содан кейін: 
— Тынысым  әнтек  кеңіді  білем,—  деп,  ӛзіне-ӛзі  күңк  етті  де  жүріп 
кетті... 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал