Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

 
XIX 
 
Жаз  аяқтап,  қыс  жақындаған  сайын  қараша  ауылдар  қоршаған 
Қарағандының  орталығы  ӛзгере  түсті.  Қазып,  ойып  тастаған  мекемелік, 
ӛндірістік  үйлердің  орындары,  тасып,  үйіп  тастаған  құрылыс  материалдары 
кӛрінеді.  Темір  жол  алпыс  километр  жердегі  Шоқайға  жеткен.  Шоқай 
станциясына  жаңа  қаланың  жабдықтары  үздіксіз  құйылуда.  Кӛліктер, 
Орднюникидзе  жіберген  тракторлар  күндіз-түні  тасуда.  Тасымал  күштері 
шабан, қымбат. Басқа амал жоқ, қысқа дейін қалған санаулы күндер бәрінен 
қымбат.  Қысылмайтын  Щербаковты  да  қыс  қысайын  деген  тәрізді:  қазан 
қорасын тез бітіруге қатал бұйрық берді. Бұл қора бітіп, қазандар орнатылса, 
бу  қуатымен  парогенератор,  камерондар  істемек,  атбарабандар  қалып, 
кӛтергіш машина кӛмірді жер астынан вагонеткалармен шығармақ... 
«Герберттің» тар қорасына жалғастыра кең кірпіш қора салынып жатыр. 
Іргесі  қаланып  болыпты,  тӛбесі  әлі  жабылған  жоқ.  Материал  бӛгеп  тұр. 
Станциядан  ӛз  кӛлігімен  ағаш,  әртүрлі  жабдық  тасыған  маусымды 
жұмысшылардың  арасында  екі  трактор  да  жүк  тасып  жүр.  Қораның  бітуін 
күтпей-ақ  мехцех  слесарьлары  анада  трактормен  келген  дәу  қызыл  қазанды 
ішке  енгізіп,  тас  тӛсектің  үстіне  сұлатып  қойыпты.  Тӛбесі  ашық  кең  аран 
қазан  қорасы  —  кочегарка  болмақ.  Лапшиннің  басқаруындағы  қазаншылар 
бригадасы  қызу  істеп  жүр.  Қазанға  арқасын  сүйей  тұрып,  қолындағы 
чертежге қадала қараған Лапшинге, Боқай әрнемені бір сұрап маза бермейді: 
— Здесь што?— деп қазанның аузына басын сұқты бір кезде. 
— От  жағатын  жері.  Мынау  шыпырлаған  тесіктер:  ұзын  трубалардың 
ауыздары.— Түтін, жалын жүретін жолдар. Трубалар от пен судың арасында. 
От қыздырған кезде суды қайнатады... 
— Самовар сияқты екен ғой? 
— Из, самовар трубасы сияқты. 
— Ал, ол суды қайнатып қайтеді? Жұмысшыларға шайға керек пе? 
Үлкен адамның бала сұрағына Лапшин ірі тістерін ақсита күлді: 
— Судың  буы  керек.  Бу  машиналарды  жүргізеді.  Сені  кочегар  қылып 
шығарамын, сонда барлық бу машинасы саған бағынады. 

106 
Sauap.org
 
Боқай кӛзі жайнап жымың-жымың етті. Ертеңгі күннің қуанышы бүгінгі 
қара лашығын ұмыттырса керек. 
— Тек  осы  лебізін,  үшін  бүгін  біздікіне  кел,  қадірлі  қонағым,  досым 
бол,— дегенде басын шайқады Лапшин: 
— Жоқ,  сен  кочегар  болған  күні  барам.  Бұл  сӛзді  сонда  айтсаң  қандай 
жарасымды! 
— Түу, оған дейін... 
— Ол күн алыс емес, әрі кетсе екі-үш айға созылар. 
Қасында; Козлов, Щербаков келеді. Екі қолы артында, жай жүріп, аран 
ішін  абайлай  қарап  келеді.  Лапшинге  жеткенде  қазанды  саусағымен  шерте 
тұрып сӛйледі: 
— Қазір барлық істің тетігі осында. Берілген мерзімде біте ме? 
— Костя езі айтсын,— деді Козлов. Лапшин кідіріп қайырды жауапты: 
— Уақытты ӛте  аз бердіңіз.  Борис  Михайлович  адамды да  аз  берді.  Ол 
адамдар бұрын ӛндіріс кӛрмеген... 
— Үйрету керек,— деп сәл шытынып қойды Щербаков. 
— Тілдеріне түсінбей жатырмыз. 
— Түсіну  керек.  Мен  қазір  жүзге  жуық  қазақ  сӛзін  білемін.  Сендерге 
тіпті жеңіл, бірге істеп жүрсіңдер. 
— Олар орысша сӛйлесуге құмар. 
— Сендер қазақша сӛйлесуге құмартыңдар. Сонда екі жағың да үйреніп 
шығасын. Үйрену, үйретудің тетігі — жалықпай іс үстінде ұғынысуда. 
Қазан  маңында  әртүрлі  труба,  кран,  ұсақ  жабдықтар  жатыр.  Боқай 
солардың  ішінде.  Бәрін ӛзі  тасыған,  енді  әрқайсысын бір ұстап,  біріне-бірін 
үйлестіріп  байқап,  басын  шайқап  отыр.  Бұрып  кӛрмеген  дүниенің  винтіне 
дейін, таңырқап отыр еді ол. 
— Қараңыздаршы  ананы,  қалай  құмартады!—  деді  Сергей  Петрович,— 
қазір басқаның бәрін ұмытқан. Бұл құмарлықпен білмей қоймайды. 
— Білгенше  азды-кӛпті  уақыт  етеді  ғой.  Тым  болмаса  бір  слесарь 
қосыңыздар маған?— деп еді Лапшин, Козловтың кӛзі бақырая қалды: 
— Не  деп  тұрсың,  Костя?  Қайдан  алайын?  Антон  Лавченко 
парогенератор  әкелуге  кетті,  Қашан  қайтады?  Келген  күнде  ол  сол 
генератормен  болады.  Иван  әне,  үш  машинаны  бірдей  жайып  салып  тұр. 
Кӛктайыншаны  ұсталықтан  алсақ,  мүлде  қол  кесіледі.  Бондаренко 
вагонеткаларды  жамауда...  Бәрі  керек.  Ертең  қазан  жүрген  күні  соның,  бәрі 
дайын болмаса, қазаның босқа тұрады. 
Қол  күшінен  бу  күшіне  кӛшудің  қиын  кезеңі  қинап  тұр  бұларды. 
Алғашқы кезде осы тӛңіректегі ескі-құсқыларды құрастырумен болса, темір 
жол  жақындаған  сайын  жаңа  жабдықтар  келе  бастады.  Солардың  ішінде 
Донбасс  жіберген  бір  парогенератор  да  бар.  Бұл  үлкен  машина  ӛзі  будың 
қуатымен  жүреді  де,  басқа  машиналарға  электр  қуатын  береді.  Бәрін 
жүргізуге  мамандық  керек.  Қара жұмысшылар,  әсіресе  қазақтар  лек-легімен 
келіп  жатқанымен  маман  ӛте  аз.  Сондықтан  оқыту,  үйрету  шараларын 

107 
Sauap.org
 
жеделдету  қажет  болды,  жастарға  үш  жерден  фабрика-завод  мектебі, 
үлкендерге  бір  курс,  сауаташқыш  отыз  шамалы  мектеп  ашылған.  Бірақ, 
жұмыс  олар  жетіліп  шыққанша  күтер  емес.  Әр  күн:  «Аларыңды  алып  қал, 
әйтпесе  айрыласың!»  деп  тақақ-тақақ  еткізеді.  Сергей  Петрович  трубкасын 
сора, осы жайларды ойланып тұрып: 
— Келісімен  Антонды  Костяның  бригадасына  қосқан  жӛн  болар,— 
деді.—  Әуелі  қазанды  тездетейік.  Парогенераторды  сонан  кейін  қолға  алу 
керек.  Бәрін  бірден  бітірем  деп,  бәрін  бӛгегенше,  біртіндеп  жүргізе  берген 
пайдалы. 
Лапшин  күлім-күлім  етті.  Козлов  үндемеді,  Щербаковке  еріп  Иванның 
бригадасына қарай аяңдады. 
Қарт Иван шаттауыққа қысып қойып, әлденені егеп тұр.. Басқа дүниемен 
ісі жоқ, тіпті алаңсыз. Ӛз қасында құрастырып болып қалған бір камерон, он, 
жағында,  Жанабілдің  алдында  бір  машина,  сол  жағында,  Бәйтен  мен 
Балжанның,  ортасында  бір  машина  әлі  құраусыз  жатыр.  Дәл  тӛбеден 
шақырайған күн бәрінің танауын тершітсе де, Иванды жібіте алмапты. 
— Сәлеметсіз  бе,  Иван  аға!—  деген  Щербаковке  ол  аузын  қомпаң 
еткізіп, басын тұжыра, кӛзілдірігінің үстінен қарады. 
— Камерон бітуге айналатын ба? 
— Осы  бір  болтигі  ғана  қалды.  Токарь  станогі  болса,  минуттік  жұмыс 
қой бұл. 
— Қазан жүрісімен токарь станогі де жүреді. 
— Оны қазанға қаратып керегі не, мынау движок та жарайды. 
— Кәне, движогіңізді кӛрейік,— деп Сергей Петрович Жанабілге қарай 
жүрді енді. 
Жанабіл  жіңішке  жез  түтікті  керосинмен  ыспалап  сүртіп,  күнге 
шағылыстыра аузымен үріп тұр еді, Сергей Петрович: 
— Жұмыс қалай, жас бүркіт?— дегенде: 
— Жаман  емес,—  деді  де,  түтікті  шешулі  жатқан  пенжегінің  арасына 
апарып тықты. 
— Неге жасырасың? 
— Сізден емес, шаңнан жасырам. 
Оның  аузы  сӛзде,  қолы  істе.  Жатаған  келген  кішірек,  мақпал  қара 
машина  су  жаңа,  бәйгі  атындай  сылап,  сипап  жүр.  Енді  машинаның  үлкен 
шойын басын қызара кӛтерді. 
— Қорғасын ба, тәйірі! 
— Ауыр ма?—деді Козлов. 
— Иван әкеңнен де ауыр екен. Бұл кісінің бір сӛзінің ӛзі бір пұт қой. 
Сергей Петрович сылқ-сылқ күліп тұрып, Жанабілді сӛйлете берді. 
— Машинаны күтуін біліпсің, жүргізуін білдің бе? 
— Білмесем де тақадым. 
— Айтшы, кәне! 

108 
Sauap.org
 
Мызғымас  Иванның  мазасы  кете  бастады.  Жанабіл  сӛйлеген  сайын 
қолын  ербеңдетіп,  біресе  аузын  қомпаңдатып,  кӛзі  тесіп  барады.  «Шәкіртім 
сүрінбей ӛтсе» деген тілегі әдеттен тыс қобалжуынан кӛрініп-ақ тұр. Шәкірті 
оған қарап жапақтаған жоқ, әзір мүдірер де емес: 
— ...Шойын басты мынау денеге әкеліп орнатамыз, астынан примуспен 
қыздырамыз.  Қызған  бастың,  ішіне  жаңағы  жез  түтіктермен  келіп,  нефть 
тамшылағанда, газ шығуға жол таппай поршеньді кейін лықсытып жібереді... 
— Ал, бері қарай не лықсытады? 
— Поршеньнің  бір  басы  анау  жатқан  иір  белдікке  шегендеулі  болады. 
Белдіктің  бір  басына  мына  жатқан  дәу  дӛңгелек  кигізіледі.  Газ  итерген 
поршеньді ауыр дӛңгелек ӛз салмағымен бері итереді. Сӛйтіп, ерсілі-қарсылы 
жүгіреді поршень. Бұның аты, машина жүрді деген сӛз. 
— Жігіт!  Нағыз  жігіт!—  деп  Иван  қож  етті.  Қолдан  кескен  махорканы 
жуан қылып орап жіберді де, темекі қалтасын Жанабілге ұсынды.— Мә, ора, 
тарт! 
Козлов қасақана қағытып тұр екеуін: 
— Жерлестер ғой, сүйейді бірін-бірі. Басқаларды да осылай үйретсе. 
— Басқалар  қайда?—  деді  Сергей  Петрович.  Жауапты  Иваннан  бұрын 
Жанабіл қайырды: 
— Бәйтен  мен  Балжан  әне,  кӛтергіш  машинаны  бұзып,  тазартып  отыр. 
Үш  кісі  мына  движоктың  орнын  сайлап,  цехта  істеп  жүр.  Барлығы  алты 
қазақпыз. 
— Сендерде  алты,  Лапшинде  сегіз,  Лавченкода  бес,  Бондаренкода?... 
отыз  боп  қалған  екен  ғой.  Отыз  қазақтың  әрқайсысы  механизмді  сенше 
үйренсе кадрға тез баиймыз. 
— Егер  Борис  Михайлович  «жұмыс  сағаты  бітті,  кетіңдер,  кетіңдер» 
деуін қойса тіпті тез байыр едіңіз. 
Жанабіл қағытса мырс-мырс күледі Козлов: 
— Бұлар  уақытпен  санаспай,  берілген  жұмысты  бітіріп  кетуге 
тырысады.  Ал,  Жұманияз  үстеме  сағатқа  үйір  болмаңдар!—деп  бақырады. 
Қайсысын тыңдарсың? 
— Профсоюзға да жұмыстың тез бітуі керек емес пе? Ентелеген жұртты 
ұстап несі бар?— деп еді Жанабіл. Сергей Петрович басын шайқады: 
— Ат арыны, жас арыны тежемесе не болады? Бір бел аспай, аптығады 
да  бітеді.  Жұманияздікі  дұрыс,  ете  бір  асығыс  жағдайда  болмаса,  үстеме 
сағатқа рұқсат жоқ. 
Әңгімемен  бәрі  Бәйтенге  қарай  жылжыды.  Бәйтен  малдасын  құрып, 
шапаншаң,  желбегей  қобырап  отыр.  Қолындағы  подшипникті  керосинмен 
сүрткілеген  болады...  Есінеп,  берекесі  кетіп  отыр.  Қасындағы  Балжан 
кӛйлегін шалбарланып, шашын орамалмен байлап алған, тым ширақ: 
— Қозғалмайсыз, киіміңіз қалың. Сонсоң ұйқыңыз келеді,— деп қояды 
Бәйтенге. 
— Білмейсің, қалың киімнен ыстық ӛтпейді. 

109 
Sauap.org
 
— Әйеліңіз жуас-ау, сірә? 
— Е, асау болғанда не келеді қолынан! 
— Келер еді. Ынжық еркекті екі асықтың арасына салып... 
— Әй, келіншек, ынжығың кім? 
— Тәйірі сізден аулақ! Ана кісілер бізге келе жатыр. 
Бәйтен кӛре сала шақшасын алды, темірге тық-тық қақты да, насыбайын 
атты.  Подшипникті  қаттырақ  ыспалап,  біресе  шұқшия  қарап  қойып 
қоразданады.  Бірақ,  келгендер  оған  кӛңіл  аударған  жоқ,  Балжанмен  болып 
кетті. 
— Сергей  Петрович,  танып  қойыңыз,—  деді  Жанабіл.—  Мынау  әлгі 
Балжан дейтін сойқан келіншек. 
— Не сойқанымды кӛріп едің?— деп байланыса кетті Балжан. 
— Қой, қой, мен саған партком секретары емеспін, тісің батпайды. 
— Е, сен кім едің сонша? 
— Қарағандыда бірінші қазақ машинисі болғалы тұрған Жанабіл — мен. 
— Ойбой,  кеткен  екенсің!  Бері  жүр,  онда,—  деп  Жанабілді  Балжан 
машинаның бір бӛлшегіне әкелді.— Бәйтекеңе мынау не десем, «керек тесік» 
дейді. Ал мынау не десем, «О да керек тесік» дейді. Басқа айтары жоқ. Кәне, 
сен айтшы. 
Жанабіл әзір бу машинасын білмейді. Ӛзінікі нефтімен жүретін машина. 
Білмеймін деуге арланып: 
— Бәйтендікі  дұрыс,  керек  тесік  қой,—  деп  еді.  Балжан  жаққа  тартып 
жіберді. 
— Сен де машинашы ма?! Керек екенін кім білмейді, не үшін керек? 
Бәрі ду күлді. Козловтың тіпті шек-сілесі қатып жатыр. Жанабіл екінші 
жағын тӛсеп тұр: 
— Бәйтен үшін тағы бір тартшы! 
— Аулақ, алақаным садағасы. 
Жымың-жымың  күліп,  Сергей  Петрович  Балжанның  қасына  келді. 
Ӛткір,  қара  кӛзді,  ұзын  кірпікті,  қатыңқы  қара  сұр  келіншек  әйелдің  асылы 
кӛрінді оған. Жаңағы тесіктерді түсіндіре бастады: 
— ...Бұны  орыс  тілінде  золотник,  дейді  —  бу  машинасының  жүрегі. 
Мына  тесіктерден  бу  кіреді,  мына  тесіктерден  қайта  шығады.  Сӛйтіп, 
машинаны жүргізіп тұрады. 
— Машинаның да жүрегі бар екен-ау! 
— Әр  механизмнің  ӛзінше  жүрегі  болады.  Соның  соғуын  білген  адам, 
сол  механизмнің  мастері  болады,—  деп  Сергей  Петрович  Козловқа  бұрыла 
тұрды.— Қазақ жасынан бірінші машинист Жанабіл болғанда, қазақ әйелінен 
бірінші машинист Балжан болуға тиісті. 
— Ол тілек оңай орындалады,— деді Козлов.— Сӛйтіп парогенераторды 
қоя  тұрамыз,  қазанды  жүргіземіз.  Қазанның  бітуін  күтпей-ақ  движокті 
жүргізе береміз ғой? 

110 
Sauap.org
 
— Иә,  движок  станоктарды  жүргізумен  қоса,  Ильич  лампаларын  да 
жақсын.  Осы  жиналған  халықтың  кӛбі  кӛрмеген  ол  лампаларды.  Енді  құю 
цехын  да  құра  бастау  керек.  Механизмнің  ұсақ  бӛлшектерін  ылғи  Донбасс, 
Ленинград, Москвадан таси бере алмаймыз... 
Бірнеше трактордың гүрілі естілді. Гүріл ішінде: 
— Бері тарт!— деген Лавченконың дауысы шығады. 
— Антон  келіп  қалды,—  деп  тұра  жӛнелді  Козлов.  Ауыр  Иван,  жеңіл 
Жанабіл  —  бәрі  жүгіре  шықты  сыртқа.  Арба  тіркеген  үш  трактор,  бірнеше 
жүкті кӛлік тұр. Станок, труба, темір арқан, динамо — бәрі жаңа. Солардың 
ішінде біраз ұсталған үлкен парогенератор да кӛрінеді. 
— Сурик әкелдің бе? 
— Азбисті қағаз бар ма? 
Антонға тұс-тұстан сұрақтар беріліп жатыр. 
— Әкелдім,  бар.  Жабдықтардың  құйылуын  сұрама,—  деп  Антон 
әдетінше  кӛзін  тас  жұмып,  басын  шайқап  қойды.—  Трестің  базына  сыймай 
барады. Тек тасып ала біл... 
Сергей  Петрович  бұлардың  қуанышты  әңгімесіне  бӛгелмеді. 
Станциядағы базда не бар, не жоғы ӛзіне мәлім. Жай басып, бірінші шахтаға 
қарай  беттеді.  Инженер  Орлов  шахтадан  аулағырақ,  бел  бектерінде  жалғыз 
тұр,  соған  келеді.  Шаршауды,  сасуды  білмейтін  сияқты.  Күндегі  әдетінше 
күн шықпай тұрған, әлі тыныштаған жоқ. Атпен жүріп алыстағы шахталарды 
аралап  қайтты.  Жаяу  жүріп  Қарағандының  ӛз  ішін  кӛрді.  Ӛзі  құрастырған 
дүние қомақтанған сайын қызықтырып, қуанышын да, уайымын да арттырып 
барады. Орловқа жеткенде кӛк бетегелі беткейге отыра беріп: 
— Андрей  Андреевич,  тынысталық  азырақ,—  деді.  Омырау  түймелерін 
ағытып, самалға кеудесін тӛсей, трубкасын ойлана сорып отыр. Орлов келіп 
жантая кетті. 
— Осипов бірінші шахтаны басқара алар ма еді? 
— Қайдам, .әлсіздеу болмаса. 
— Осиповтардың  ӛзі  жетпей  жатыр  ғой.  Байқап  кӛрелік.  Кӛзден  таса 
қалдырмай кӛмектесіп отыру керек. Уклонды ашуды Ермекке берсек? 
— Басқа кімге бересіз! Бірақ, айтып қойыңыз, инженерді ол тыңдамайды 
кейде. 
— Тыңдатамыз.  Инженер  жайында  оның  басында  ескі  ұғым  бар, 
жаңартамыз. 
— Қарағанды  кӛмірінің  ӛзгеше  бір  қасиеті  серы,  фосфоры  аз  екен,— 
деді  Андрей  Андреевич.  Бұл  сӛзіне  үлкен  мән  бергендей,  кӛтеріңкі  рухпен 
кенеттен айтты.— Олар неғұрлым аз болса, шойын құю арзандайды. 
— Оның  есесіне  күлі  кӛбіректеу,—  деп  еді  Сергей  Петрович,  Орлов  ӛз 
пікірін қуаттай түсті: 
— Иә,  кӛбірек.  Кейбір  пластылар  күлінің  кӛптігінен  коксы  пешіне 
жарамас  та.  Зады,  Қарағанды  кӛмірінің  Кузбастан  кемшілігі  осында  ғана. 
Бірақ, бұл кемшілікті тез жоюға болады. 

111 
Sauap.org
 
— Қайтіп? 
— Байытамыз.  Байытуға  тез  кӛнеді  және  сақтау  кӛтеретін,  жуықта 
бұзылмайтын бір қасиеті тағы бар. Тереңдеген сайын асылдана береді бұның 
кӛмірі.  Егер  Кузбасс  кӛмірімен  қосып  қорытса,  коксының  бір  тамаша  түрі 
шығар еді екеуінен. 
Орлов  кӛптен  кӛрсетпеген  мінездерін  кӛрсетіп  отыр.  Тәжірибелі  қарт 
инженер «шахта оқиғасынан» кейін жүні жығылып қалған, аз сӛйлеп, бойын 
аулақ  ұстап  жүретін.  Қазір  шешіліп,  пайдалы  пікірлер  айта  бастаған  соң, 
Сергей Петрович қойнын аша түсті: 
— Айта  беріңіз.  Осындай  жақсы  пікірлерді  дәлелдеп,  қағазға  түсіре 
берсеңізші. 
— Ермек  бригадасын  екпінді  бригада  жасасақ,  соның  үлгісімен 
басқаларды үйретсек? 
— Қалай жасаймыз сонда? 
— Алдымен адамдарды мамандығына қарай іріктеп, мамандығына қарай 
пайдалану  керек.  Қайлашыны  күрекке  саламыз  кейде.  Бұл  барып  тұрған 
есепсіздік. 
— Қайлашы мен қара жұмысшы бірдей алады, кейде. Бұл бәрінен еткен 
есепсіздік. Дұрыс айтасыз, маман кадр жетпей жатқанда, қолда бардың ӛзін 
жете  пайдаланбай  келеміз.  Жұмыс  уақытын  дұрыс  пайдалану  жайында  да 
кемшіліктер аз емес... Осының бәрі басшылықтың асқындырмай кӛріп, түзеп 
отыруын тілейді. 
— Ермек бригадасы уклонды қашан алады қолға? 
— Күні ертең кірісу керек. Бүгін бұйрық беремін. Вагонетка, рельстер не 
күйде? 
— Жеті  вагонетка  дайын.  Жақсы  ремонтталыпты.  Жүзге  жуық  рельс 
бар. Әзірге уклон жұмысына жабдық жетеді... 
Екеуі  бірінші  шахтаны  ӛзгерту  қамын  қарастырып  отыр.  Бұған  дейін 
қолбұранды  жойса,  енді  атбарабаңды  жоймақ.  Уклон  ашпақ.  Уклонға  темір 
жол  жайып,  вагонеткалармен  тартпақ  кӛмірді.  Сағат  алтыны  соққанда  ғана 
Сергей  Петрович  орнынан  тұрды.  Бірінші  шахтаның  алдында,  ашық  далада 
жиналып қалған топ кӛрінеді. 
— Бұл не жиын?!—деді Андрей Андреевич түсіне алмай. 
— Қарағанды  шахтерлері  Донбасс  шахтерлеріне  хат  жазбақшы.  Соған 
жиналған шығар. 
— Ӛте дұрыс, ӛте жарасымды! 
Жиналыс  бір  шахтанікі  ғана  емес,  бүкіл  Қарағандынікі.  Ойдағы 
ауылдардан,  жаңа  ашылған  шахталардан,  мехцехтан  келіп  жатыр 
жұмысшылар. Ардақты ортаға ала келіп, Ермек пен Ысқақ та қосылды топқа. 
Щербаков пен Орлов жеткенде мына жақтан Мейрам мен Жұманияз да жетті. 
Үстінен  әлі  ауыл  шекпені,  ауыл  тымағы  түспеген  жаңа  жұмысшылардың 
ішінде жаулығы ағараңдап әйелдер де жүр. Әйел, еркек, ескі, жаңа жұмысшы 
болып бас қосқан жиынды Жұманияз ашқалы тұр. Қытай кӛзі күлімдеп, әдемі 

112 
Sauap.org
 
қара мұртын сипап қойып, кӛптің тынышталуын күтіп тұр. Даң-дұқ жуырда 
басылмады.  Даусы  пәстеу  жігіт  еді,  бірер  дауыстағанына  болмаған  соң, 
алдындағы жайдақ столды алақанымен тарсылдатты. 
— Тынышталыңыздар, жолдастар!—деп жұрт назарын аударып алды да, 
сӛйлеп  кетті.  —  Біз,  аз  адаммен  үлкен  жұмысты  —  бүкілодақтық  үшінші 
кочегарканы  бастадық.  Оны  аяқтау  үшін  бүкіл  совет  елінің  жәрдемі  керек. 
Сондықтан,  ескі  шахтер  Ермек  Борантаев,  Ысқақ  Кемеловтардың  ұсынысы 
бойынша  Донбасс  пролетариатына  хат  жазғалы,  ол  хатты  осы  жиналыста 
талқылағалы отырмыз. Әуелі жиналыстың президяумын сайлап алайық. 
Жанабіл орнынан ұшып тұрды: 
— Президиумге  мен  мына  жолдастарды  ұсынамын:  Сергей  Щербаков, 
Мейрам Омаров. Жұманияз Әділов, Ермек, Ысқақ. 
— Комсомолдан Жанабіл енсін,— деді Лапшин. 
Президиум сайланды. Жұманияз сӛзді Ысқаққа берді. 
Ысқақ сӛйлемей кӛпті кӛзімен тінтіп, әлдекімді іздеп тұр. Мойнын соза, 
ӛкшесін кӛтере қарайды жан-жағына. 
— Ардақ  қайда,  әлгі,  Ардақ!?—деп  дауыстады  бір  кезде.  Ардақ  кӛптің 
арасынан  басын  қылт  еткізіп  еді,  қасына  шақырып  алды.—  Ермек  екеуміз 
ақылдасып,  айтар  сӛзімізді  мұғалімге  айтып,  жаздырып  қойғанбыз.  Оқы, 
шырағым, мынау жұрт естісін. 
Ардақ оқи бастады: 
«Туысқан  Донбасс  жұмысшыларына!  Кӛшпелі  қазақ  елі  коммунист 
партиясының  басшылығымен  отырықшылыққа  айналды,  ӛзінің  ӛнерлі 
кәсібін, ӛндіріс кадрларын жасауға кірісті. Бұл ұлы істе біз, барлық жағынан 
жаспыз,  кенжеміз.  Сіздердің  жәрдеміңіз  керек.  Донбасс  тәжірибелерін, 
кӛмірдің жаңа техникаларын үйретуге, сӛйтіп, Қарағандыны тезінен үшінші 
кочегарка жасауға мастерлеріңізді, екпінділеріңізді жіберіңіздер...» 
Хат оқылып болысымен әр тұстан толықтырып жатыр жұрт: 
— Алдымен қайлашы, инженер, техник керегін ашып айту керек. 
— Машинист, токарь, слесарьлар керек емес пе? 
— Донбаста  кӛмір  шабатын  машиналы  балға  бар  дейді.  Әне  соны 
жіберсе, соны үйретсе. 
— Тағы да бір үлкен қазан жіберсін!—деп Боқай дауыстады арт жақтан. 
Ысқақ  «жаз,  жаздың»  астына  алып  тұр.  Ардақ  азар  үлгіріп  отыр.  Жұмабай 
келді қасына. 
— Ардақжан,  маған  бір  жақсы  қайла  жазшы,  сабымен,—дегенде,  ду 
күлді бәрі. Жаза берсе қажет таусылар емес. Мейрам орнынан тұрып ұсыныс 
енгізді: 
— Қажеттің  бәрін  тізе  берсек  қағазға  сыймайды.  Басты  бастыларын 
атайық.  Кӛпшіліктің  осы  тілегін  еске  ала  отырып,  хатты  толықтыруды 
президиумға тапсырсақ қайтеді? 
— Дұрыс-ақ,— деді Ысқақ. Бірақ жиналысты қысқартудың орнына соза 
түсті.— Ал, қол қояйық хатқа. Басқасын президиум ӛзі реттер. 

113 
Sauap.org
 
Жұрт  стол  басына  жинала  бастады.  Алуан-алуан  қолдар  қойылып 
жатыр.  Кӛпшілігі  жаңада  сауаттанған,  мұндай  документке  қол  қоюлары  да 
бірінші  рет.  Сонысын  әуес,  не  мақтан  еткендей,  арбиған  ӛңсіз  жазуларын 
баптана  жазып,  біріне-бірі  қарап,  жымыңдасып  қояды.  Шалбарының 
ышқырын кӛтере түсіп Жұмабай келді, қасында бригадир Құтжан балуан бар. 
Екеуі  әлі  сауатсыз  екен.  Құтжан  сия  сауытқа  бармағын  батырып  алып, 
қағазға былш еткізгенде, Ардақ астыңғы ернін тістеп қалды. Күйелі, шоңжар 
қол былғап кетті қағазды. 
— Қап! Қайта кӛшірем бе? 
— Қозғама,  бара  берсін!—  деді  Ысқақ.—  Шахтерлер  кӛмір  күйесінен 
жеркенбейді. 
 
ХХ 
 
Түн  бойы  тынымсыз,  үнсіз  жапалақтаған  қою  сұр  бұлттар  тараған. 
Аспан кӛк жалтыр. Күн жаңа шығып келеді. Ұлпа кӛбік қар жер бетін тегіс 
жауыпты.  Кӛп  ауылдар  кӛрінбейді.  Жер  астына  еніп  кеткен.  Қазылған  жер, 
қалқиған жер үй, ығы-жығы, қара-құраның бәрі аппақ. Шаңқан дүние күнге 
шағылысып жалт-жұлт етеді. 
Кішкене  локомобильдің  жіңішке  гудогі  естіледі.  Смена  бітіп,  смена 
басталып жұмысшы жұрт жүрісте. Әртұста қазылып жатқан шахталар қайта 
қарауытып,  шаңқан  жер  бетіне  қара  меңдер  пайда  болды.  Үйді-үйге  су 
тасыған  арбакештер,  бірен-саран  малын  суарған  адамдар  жүр.  Жаңа  жауған 
қар  үстінде  жұрт  қозғалысы  сайрап  кӛрінеді.  Сонау  кӛз  ұшында,  бұрынғы 
«Кампан» поселкесінің тұсында қарауытқан қалың топ қайнай жылжып келе 
жатыр. Ол Қарағандының зарыға күткен темір жол тобы екенін паровоздың 
түтіні әйгілеп тұр. 
Дӛңестердің  жотасын  қуа,  уақытша  салынған  жер  үйлер  тым  тығыз, 
жоспарсыз.  Тіке  жауған  жапалақ  қар  қарайғанның  бәрін  жапқан.  Әйтседе 
пеш  мұржалары,  олардан  шыққан  түтін  тымық  әуеде  жоғары  кӛтеріліп, 
жұмысшы  поселкелерінің  қарамын  алыстан  аңғартады.  Дӛңдердің  бетіне 
сыймай,  сонау  ойпаттарға  да  жұмысшы  үйлерінің  мұржалары  орнап 
қалыпты.  Түтін  саны  кӛп,  аумағы  ат  шаптырым.  Осы  жұмысшы  елдің 
ішіндегі жеке жүрістер біртіндеп топталып, қызыл тулар кӛтерді. Әр тұстан 
кӛтерілген ту, құралған топ бері орталыққа тартты енді. 
Бұл  кезде  Мейрам,  Ермек,  Жанабіл  таңертеңгі  шай  үстінде  бас  қосып 
отыр  еді.  Ермек  Мейрамға  дәптерін  кӛрсеткенде,  Жанабіл  де  суырды 
қонышынан. 
— Қоя тұр, жалақтатпай,— деді Ермек. 
— Жарықтық,  жалғыз  шауып,  жүйрік  боласыз  ба!—  деп,  Жанабіл 
тықпалай  түсті  дәптерін.  Екеуі  де  орысша  оқып  жүр.  Орыс  тілін  аз  біледі, 
олақ  сӛйлейді.  Жазуын,  кітап  оқуын  үйренсе,  бәрін  білетіндей  кӛреді. 
Бірімен-бірі бәсеке. 

114 
Sauap.org
 
— Ойдан  шығарып  жатқа  жаза  бастағансыздар  ма?—  деді  Мейрам. 
Ернінде күлкі тұр.— Үйреніп қалыпсыңдар, жаза беріңдер. 
Жанабіл Ермектің жазуын алып, кӛре сала сақ-сақ күлді. 
— «Қайла вези!» Арба ма екен сонша? Принеси десе қайтеді?! 
— Қарашы, мұғалімі қасында болған соң кӛп білгенсіп мақтануын. 
Ереке-ау, сіздің мұғаліміңіз тіпті күндіз-түні қасыңызда ғой. 
— Жоқ, Мейрамның, қолы тимейді. Ал, Ардақ құдай біледі, сені ерекше 
оқытады. 
— Ай, білмеймін,— деп Мейрам тағы да жымиды,— Жанабіл онда «шай 
кушайт» деп жазбаған болар еді. 
Ермек шайына шашалып, шашкесі қолынан түсіп кетті, шек-сілесі қатып 
жатыр. Сирек күлсе де қатты күлетін. Сӛйлеуге шамасы келмейді. 
— Шірік ит-ау, шайды кісі жегенін кӛрдің бе! 
Екеуінің  ойынынан,  іштей  бәсекесінен  Мейрам  да  ішіне  бірдеме  түйіп 
қалды.  Ең  жақсы  кӛретін  жолдастарын  шайлықтырып  алмай,  құнықтыра 
түсіп, тез сауаттандырсам деген ойына Ардақ келіп қабаттады. 
— Қателерің  тілге  байланысты,—  деп,  Мейрам  енді  жұбата  сӛйледі 
екеуін.— Орыс тілі — қиын тіл. Мектеп бітірген біз де қате жіберіп аламыз. 
Одан ұялмай, шағылмай үйрене беру керек. Сонда ғана жетілесіңдер. Ереке, 
байқадыңыз ба, мыналар мені еріксіз мұғалім еткелі тұр. Тәуекел. Жанабілді 
Ардақ  алса  буксирге,  мен  сізді-ақ  алайын.  Түстік  жарысқа!  Айта  бар, 
Жанабіл. 
— Айтатын түгі жоқ. Қолма-қол қарсы алдық біз. Міне қол! 
Қол  алысты.  Жанабіл  бұл  үйге  жиі  келеді.  Жас  та  болса  ӛзінен  үлкен 
Ермекпен  қалжыңдаса,  қағыса  келеді.  Мінезі  ауыр  Ермек  ол  келді-ақ 
«соқтықшы  кәне»  дегендей  күлімдеп,  жыбырлап  отырғаны.  Мейрам  мен 
Ардақтың арасына да дәнекер сияқты Жанабіл. Екеуі әлі түсін ашып жастық 
жайында  сӛйлеспесе  де,  Жанабілдің  сӛзінен  бірін-бірі  аңғарғандай  болады. 
Бұрын  таныстығы  жоқ,  жастары,  мінезі,  істері  әрқилы,  әржерден  келіп 
түйіскен бұл тӛртеуінде сыртқы емес, нағыз ішкі жақындық байқалады. Шай 
құйып беріп отырған Әнипа Ермектің жеңгедей алған әйелі, мосқалдау кісі. 
Сол жақындықты сездіргендей: 
— Қайындарым-ау!— деді.— Бұл арада бӛтен ешкім жоқ, ойларыңда не 
бар, бойдақ ӛтпексіңдер ме? Екеуіңе үлкен үй болсақ, отау қылып шығарсақ 
деген тілеудеміз. Соның жӛні келіп тұрған жоқ па? 
Сӛз бӛлініп кетті. Щербаков пен Козлов кіріп келді. 
— Мейрам Омарович, жұрт жиыла бастады, біз жиылмаймыз ба? 
— Қазір. 
Мейрам ӛз бӛлмесіне киінуге кетті. Щербаков үй ішіне байыппен қарап 
тұр. Ескілеу қара абдыраның үстінде бір мойын, бір жайжастық, тӛр алдында 
кӛшетоз  текемет,  бүйірде  жер  тӛсек,  ортада  тӛрт  бұрышты  жер  стол.  Бұл 
бӛлме  осымен  бітті.  Ауыз  бӛлмені  тақтаймен  екіге  бӛліп,  Мейрам 
жарымысын  ӛзіне  үй  жасапты.  Жармысында  тамақ  пісіретін  плита,  ыдыс-

115 
Sauap.org
 
аяқтар кӛрінеді. Сергей-Петровичтің бұл үнге бас сұққаны осы еді. Отыратын 
орындық  та  таппады,  қазақша  жерге  отыра  алмады.  Қарағандының  атақты, 
ескі  шахтері,  қазақтың  оқыған  жасы,  партком  секретары  дәл  бұлай 
тұратынын білмейтін. 
— Апыр-ау! — деді Ермекке, — Мейрам Омарович сыпайылық етсін, сіз 
неге  айтпағансыз?  Складымыз  бай  болмаса  да,  осы  үйге  керекті  бірдемелер 
табылады ғой. 
— Сондайды  кәсіп  қылған  емеспін,—  деді  де  киіне  берді  Ермек. 
Жанабіл қарап қала алмады: 
— Мейрам  қызға  сӛз  айтудан  ұялса,  Ерекең  жеңгейден  де  ұялады.  Бұл 
кісілерге бәрі ӛзі келу керек. 
Күлісе,  қалжыңдаса  тысқа  шықты  бесеуі.  Бағана  әртұстан  ту  кӛтере 
қозғалған  топтар  трест  алдына  келіп  түйіскен.  Қызыл  ала  үлкен  жиын 
дуылдап,  толқып  тұр.  Таяқ  таянған  шал,  кемпір,  әкесіне  не  шешесіне  ерген 
балалар да жүр. Бәрінің ауыздарында бір сӛз: 
— Темір жол, поезд... 
Бұлардың,  ішінде  бұрын  тіпті  қала  кӛрмегені,  тіпті  ӛз  ауылынан  ұзап 
шықпағаны толып жатыр. Кең сахарада кенже ӛсіп, «от арба» «шайтан арба», 
«шайтан  шамдарды»  аңыз  етсе,  енді  кӛзбен  кӛріп,  қолмен  ұстайды.  Зарыға 
күткен кӛп жылдардан қазіргі қалған бірер сағат ұзақ сияқты. 
— Кӛріне ме? 
— Жақындады ма? 
— Неғып  жатыр?—деп  сабырсызданған  жұртты  Мейрам,  Щербаковтер 
келе бастап кетті. 
Поезд  әлі  тӛрт-бес  километрде.  Жер  жазық.  Паровоздың  даусын  естіп 
түтінін кӛрген соң, қозғалған кӛп шыдамай жамырай ұмтылды. Кӛбік қарлы 
жазық дала енді шұп-шұбар, қайнап кеткен тәрізді. Қарулы жігіттер сытылып 
алға шыққан. Жебелей басып жетіп те қалды. 
Қыр  басынан  шашырай  құлаған  қалың  топты  теміржолшылар  айқын 
кӛрген еді. Сол кӛптің қарқыны қарқын қосты бұларға. Біріне-бірі айқайлап: 
— Келе жатыр! Қимылдаңдар!—деседі. 
Екі  паровоз  шірене  тартқан  ұзын  тізбек  вагондарда  жол  жабдығы  ғана 
емес,  завод  жабдықтары  да  толы.  Шаңырақтай-шаңырақтай  темір 
дӛңгелектер,  иір-иір  темір  белдік,  арбиған  арыс  ішіне  кісі  сыйғандай  кең 
трубалар  кӛрінеді.  Бәрінен  де  адам  қимылдары  тамаша.  Бірнеше  жігіт 
шпалды  жүгіре  тасып,  тӛсеп  барады.  Бірнеше  жігіт  олардың  соңынан  рельс 
тӛсеп  барады.  Тӛрт  адам  екі  жерде  тұрып,  рельстерді  қолма-қол  шегелеп 
келеді.  Поезд  іле  жылжып  келеді.  Бұларға  айқайласа,  іске  сәт  тілей  келіп, 
Қарағанды  жұмысшылары  қосылды.  Шпал,  рельс  тӛсеушілер  тіпті  жеткізер 
емес. Кісі басы бірден әкеліп қойғанның ӛзінде ұзап кетті. 
Кейіндеу  келген  бала-шаға,  кемпір-шал,  қыз-келіншектерге  жұмыс 
жетпеді.  Солардың  арасынан  тамашалаған,  алуан-алуан  үндер,  сӛздер 
естіледі: 

116 
Sauap.org
 
— Паһ, паһ! Сабаз. 
— Даусы әзіретәлінің даусы ма, немене? 
— Буын қарашы, борандай! 
— Айдаһарша ысқырады екен. 
— Мынамен бір тайпа ел бір-ақ кӛшіп кетер. 
Таңданушы  топтың  ішінде  Қарағандының  қарт  қайлашысы  Сыпан  бар. 
Ол ӛткен күннің бір әңгімесін айтып тұр: 
— ...Спасск  —  Қарағанды  арасында  да  ағылшындар  темір  жол  тартқан 
баяғыда. Қырық-ақ шақырым ғой. Үш жылда азар бітті. Оның рельсі шипуыт, 
жолының  кеңдігі  тілдей  болатын.  Паровозын  бұл  паровоз  ӛңгеріп  әкетеді. 
Папаң  аулынан  бір  шана  шӛп  алып  келе  жатсам,  Спастан  поезд  да  келеді 
екен.  Ӛрге  қарсы  қақалып-шашалып,  тырбың-тырбың  етеді.  Тіпті  ӛндімеді 
жүрісі.  Онда,  жындылау  кезіміз,  артжағынан  барып,  темір  шеп 
жұлғышымның  бір  басын  вагонге,  екінші  басын  шпалға  іле  қойдым.  Соны 
жұлып кете алмай тұрып қалды. 
— Тәйірі, оның қара айғыры айғыр ма, мынаның қасында. 
— Құлампаз да болатын. 
— Вагондері вагонеткадан аз-ақ қалқыңқы еді ғой. 
Бірі  бастап,  бірі  қостап,  дуылдаған  жұрттың  ішінде  Әлібек  те  жүр. 
Қасында  Жұмабай  ғана  қалыпты.  Ардақ  пен  Майпа  бір  келсе  де  бӛлініп 
кеткен.  Әлібектің  қазіргі  ӛңі  ғажап.  Екі  ұрты  ішке  сұғына  еніп,  кӛзі  терең 
арнаның ең түбінде сығыраяды. Тілі тас байланған. Осынау қалың жиыннан 
шашыраған шаттық ұшқыны денесіне инеше қадалып жатқан сияқты. Іштегі 
ӛшпенділік уы аузын ашса тӛгілердей қолы бірдемеге тисе бүлдірердей, ӛзін-
ӛзі берік ұстап, мелшие қарап, кесірлікпен шыдап тұр. 
Серігінің  сырын  алмаған  Жұмабай,  ӛзінің  шалағай  ойын  тықпалай 
береді оған: 
— Құданың  құдіреті,  осы  кісінің  дене  бітімі  де  ойсаң!  Ай,  күш  баласы 
бар шығар!— дейді паровоз маңдайындағы Лениннің үлкен суретін кӛрсетіп. 
— Денесі кішірек адам деседі ғой,— деп Әлібек күңк етіп еді, Жұмабай 
ӛршелене түсті: 
— Пәле!  Мына  дене  кіші  ме!  Нанбаймын,  тіпті!  Әлібек  таласқан  жоқ. 
Жұмабайдың намыстанатын түрі бар. Кенже ой кейде кейітсе, кейде күлдіріп 
мәз қылмай ма? Әлібек күлудің орнына кейіді. Тыңдағысы келмей, адымдай 
аттап ілгері кетті. 
Қос паровоз сүйреген ұзын состав Қарағандыға маңдайын тірей тоқтады. 
Оны қоршаған кӛптің ішінен: 
— Қайда?  Қай  вагонда?—деген  дауыстар  естіледі.  Бірінен  бірі  сұрап, 
асыға іздесіп жүр. 
— Мұнда  екен!—  деді  Ермек.  Составтың  ең  артына  тіркеулі,  адам 
мінген  тӛрт-бес  вагон  тұр.  Жұрт  солай  үйірілді.  Жұманияз,  Щербаков, 
Мейрамдар  да  келді.  Вагон  ішіндегі  адамдар  шыға  бастады.  Алдымен 

117 
Sauap.org
 
шыққан орта бойлы, кеуделі, мұртын қырмай, тұжыра қырыққан, жасы отыз 
бестер шамасындағы жігітке: 
— Коля!  Овчаренко!—  деп  Ермек  пен  Сейтқалы  бірден  ұмтылды. 
Овчаренко секіріп түсті вагоннан. Үшеуі құшырлана сүйісіп жатыр. 
Николай  Овчаренко  Қарағандының  ескі  шахтерлерінің  бірі  болатын. 
Қарағанды  тоқтаған  кезде  Донбасқа  кеткен,  енді  қайта  келіпті.  Ермек  оны 
Щербаков, Жұманияз, Мейраммен таныстырып тұрып, қалжыңдайды: 
— Қашып кетіп едің, қайта келдің бе? 
— Қашқанмен қоясыңдар ма, бәрің қол қойып хат жазыпсың. Келмеске 
шыдай  алмадым.  Кеткенде  жалғыз  кетсем,  келгенде  екі  жүз  кісі  ерте 
келдім,—  деді  де,  Овчаренко  қасындағылармен  таныстыра  бастады. 
Донбастың  әр  жерінен-ақ  келіпті.  Ашаң,  шегір  кӛз,  қоңыр  жігіт  —  Яшка 
Ворона, Горловкадан, комсомолец, забойщик — отбойный молотокта істейді, 
атаққа  шығып  жүрген  екпіндінің  бірі.  Ойнақы,  сарша  жігіт  —  коммунист 
Осипов  —  Гришинодан,  техник.  Еңкіштеу,  зор  қара  кісі  Федор  Ковалюк. 
Доннан,  токарь.  Овчаренконың  ӛзі  Красный  Лучта  бір  шахтаның  бастығы 
болып  тұрып,  сұранып  келіпті.  Барлығы  екі  жүз  адам,  ішінде  қара  жаяуы 
жоқ: техник, забойщик, шахта бастығы, слесарь, токарь, монтер... 
— Қарағанды  шахтерларының  хатына  Донбасс  бізді  жіберіп  қана 
тынбайды.  Бұл  тек  бастамасы.  Қарағандыға  Донбасс  қана  кӛмекші  емес, 
бүкіл Советтер Одағы кӛмекші екенін кӛріп келдік,— деп Овчаренко тиеулі 
машина,  құралдарға  нұсқады.—  Мынау  жабдықтарды  Ленинград,  Москва 
жіберсе,  жол  бойындағы  қала,  станцияларда  кездескен  талай  вагондардың 
сыртынан: «Қарағанды жүгі» деген Жазуды оқыдық. 
— Әрине,  кӛмек  күн  санап  кӛбейе  бермек.  Қарағанды  күн  санап  ӛсе 
бермек.  Әуелі  біз  келдік  жиырма  кісімен.  Одан  кейін  екі  жүз  кісі  болып, 
мұншама  жүкпен,  жолмен  сіздер  келдіңіздер.  Бұдан  арғы  кӛмектер  бұдан 
әлдеқайда  зор  болатындығын  кӛріп  отырмыз,—  деп  Щербаков  қонақтарды 
ерте, трибунаға қарай жүре сӛйлесті: 
— Үлкен жиын ғой, ӛзіңіз сӛйлесеңіз қайтеді? — дейді Мейрам. 
— Келіскеніміз  қайда?  Жол  сіздің  жерге,  қонақтар  сіздің  елге  келді. 
Сондықтан сіздің сӛйлегеніңіз жӛн. 
Ақыры  Мейрам  сӛйлейтін  болды.  Жиналысты  Щербаков  Жұманиязға 
аштырды. 
Бұндай  үлкен  жиынның  алдына  шыққаны  осы  еді  Мейрамның. 
Трибунаға кӛтерілгенде сұрғылт жүзі қызғылт тартты. Сӛзі де бұрынғысынан 
қарқындырақ, қызулырақ шықты. 
— Жолдастар!—  деді  дауысын  кӛтере.  Саспайын  десе  де  толқын  бар 
даусында.  —  Ғасырлар  бойы  қараңғы  далаға  Октябрь  таңы  атса,  енді  міне 
күні де шықты. Қазақ елін қақ жарып келген бұл жол — еңбекші жұрт арман 
еткен  сол  үшін  большевиктер  белсене  күрескең  социализм  жолы!  Кең 
сахараны  жаңғыртқан  мынау  поездың  зор  дауысы  ұлы  еңбекке  щақырады. 

118 
Sauap.org
 
Ертең  ол  еңбек  айлық  жерді  алты  аттайтын  социалистік  индустрияның 
тұлпарларына міңгізеді... 
Мейрам темір жолдың алып Қарағандыны тез жасауға, Қарағанды қазақ 
елін ғана емес, бүкіл совет елін кӛркейтуге қандай әсері барын шолып тұрды. 
Әлемді  алақанына  сала,  бәрін  кӛре  сӛйледі.  Ұлан-байтақ  қазақ  даласын 
жаңғырта келген алғашқы поезд даусы қандай жаңалық болса, совет ұясынан 
жаңа  ұшқан,  үлкен  жиында  аталы  сӛз  айтқан  жас  Мейрамның  даусы  да 
осындай  жаңалық  еді.  Жаңа  дүниенің  бейнесі  алып  поездан  кӛрінсе,  жаңа 
қауымның  бейнесі  алғыр  жастан  кӛрінді.  Тойпаңы  жазылып,  біраздан  кейін 
кӛсіле  сӛйледі  Мейрам.  Сонау  шетте,  Әлібектің  басы  салбыpaп  кеткен. 
Сергей Петрович нұр жайнап, кӛзі жасаурап, кейіндеу тұрған Ардаққа келді. 
Қуанышы ішіне сыймай сыбырлайды: 
— Жігіт емес пе, қызым! Жігіт, а? Міне совет мемлекеті ӛзінің келешек 
басшыларын  да  даярлап  жатыр.  Мынау  мемлекет  қайраткеріне  лайық  сӛз! 
Буржуазияның бұндай жастары мамасының емшегін еміп жүр әлі... 

119 
Sauap.org
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал