Ф ут 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. Смк ут. Бірінші басылым 2 Мазмұны



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/16
Дата09.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 
Әлеуметтік уақыт = жұмыс уақыты + жұмыстан тыс уақыт. 
Рекреациялық  уақыт  жұмыстан  тыс  уақыттың  бір  бөлігі  болып  табылады.  Тәуліктік 
әлеуметтік  уақыт  үш  сегіздік  қағидаға  жауап  береді  (тәуліктің  24  сағатының  –  8  сағаты 
ұйықыға жұмсалады, 8 сағаты жұмыс уақыты, 8 сағаты жұмыстан тыс кезең. 
Б.В.  Николаенко  бойынша  [15],  бос  уақыт  –  табиғи  қажеттілігін  қанағаттандырумен 
байланысты  емес  жұмыстан  тыс  уақытының  бір  бөлігі,  ол  жұмыстан  тыс  сипаттағы 
әрекетті орындауға мәжбүри жұмсалатын уақыт (мысалы, кеңістікте орын алмасуды, яғни 
жұмыстан үйге жету, немесе керісінде). 
Рекреациялық  уақыттың  ажыратылған  массивтері  индивидтің  (адамның)  күштерін 
қарапайым  және  кеңейтілген  ұдайы  өндіріс  (воспроизводство)  функциаларын  әр  түрлі 
түрде  орындайды.  Мысалы,  инклюзивтік  уақыт  –  күштің  қарапайым  компенсаторлық 
қайта  қалпына  келтіру  уақыты,  күнделік  уақыт  –  күштің  компенсаторлықты-кеңейтілген 
қайта  қалпына  келтіру  уақыты,  отпускті  (жылдық  демалу)  уақыт  –  кеңейьілген  қайта 
қалпына  келтіру  уақыты.  Сонымен  қатар,  қоғамдық  ұйымдастырылған  рекреацияның 
құрылымы рекреациялық уақытқа сәйкес келмейді. Рекреациялық уақыттың құрылымына 
сәйкес рекреацияның лайықты түрлерін ажыратады: 
инклюзивті  –  күнделікті  және  еңбек  іс-әрекетінің  құрамына  кіретін  рекреациялық  іс-
әрекет; 
күнделікті  –  түрақты  рекреациялық  іс-әрекет:  қысқа  мерзімді  серуендеп  жүру,  таңғы 
жаттығу, спорттық ойын, шомылу, оқу; 
Апталық  –  жұмыс  атплығының  соңына  жататын  рекреациялық  іс-әрекет  (уик-энд): 
саяжайға, қаладан тыс демалу орындарына бару т.с.с.; 
Отпусті (жылдық демалыс) – жұмыс жылының аяғына қатынасты рекреациялық іс-әрекет. 
Компенасторлық  –  адамның  күшін  қалыпты  деңгейге  дейін  келтіретін  рекреациялық 
әрекет. 
Кеңейтілген  –  адамның  күштерін  белгілі  бір  қорымен  компенсациялауға  мүмкіндік 
беретін рекреациялық іс-әрекет. 
Рекреациялық кеңістік және уақыт. Жоғарыда келтірілгендей рекреациялық уақыт жеке 
адамның,  топтың,  қоғамның  физикалық,  рухани  ден  сауылығын  сақтау,  қайта  қалпына 
келтіру  және  даму  және  интеллеткуалдық  жетілдіру  үшін  қолданылатын  әлеуметтік 
уақыттың бір бөлігі. 
Бүгінгі  таңда,  көп  адамдардың  рекрациялық  уақыты  бос  уақытына  сәйкес  келеді.  Одан 
қалса  бос  уақыттың  халықтың  ден  саулығын  қайта  қалпына  келтіруге  және  дамытуға 
жұмсалатаны уақытты рекрациялық уақыт деп анықтайды. 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
83 
Қазіргі таңда рекреациялық географияның жаңа проблемалардың бірі бос және жұмыстан 
тыс уақытты рекреациялық уақытқа ауыстыру. Рекреациялық уақытты демалушылардың 
және демалысты ұйымдастыратындардың уақыттарын ажырату қажет. 
Демалушылар  рекреациялық  уақытын  өзінің  жеке  көз  қарасынан  қарастырады,  ал 
демалысты  ұйымдастырушылардың  уақыты  –  халықтың  рекреациялық  тұтынуларын 
қамтамасыздандыруына бағытталған іс-әрекетті функциолану және қалыптасу уақыты. 
Әлеуметтік уақытты зерттеудің өлшеу бірліктері өмір (балалық шақ, кәмелеттік, кәрілік), 
жыл,  апта,  тәулік  болып  табылады.  Осы  кезеңдердің  рамкасында  әлеуметтік  уақыттың 
құрылымы,  жұмыс  және  жұмыс  тыс  уақыттың  кезектесуінің  белгілі  бір  ритмі 
қалыптасады. 
Әдеттегі  еңбек  күнін  сипаттайтын  тәуліктік  кезеңіне  жұмыс  басталуға  дейін,  түскі  асқа 
бөлінген,  жұмыстан  кейінгі  жұмыс  емес  кезеңдері  кіреді.  Оның  ұзақтылығы  бірнеше 
сағат.  Апталық  кезеңнің  құрамына,  кезекті  қайталанатын  тәуліктік  жұмыста  тыс 
уақытымен  сенбі-жексенбі  (уик-энд)  демалу  уақыты  кіреді,  оның  ұзақтылығы  1-2  күн 
шамасында. Жылдық кезеңге отпускті уақыт кіреді, ол кезеңнің ұзақтылығы еңбек түріне 
қарай  әр  түрлі  болып  табылады,  мысалы  Қазақстанда,  18  календарлық  күннен  56  күнге 
дейін созылады. 
Рекреациялық  кеңістік  әлеуметтік  кеңістіктің  бір  бөлігі  болып  табылады.  Ол 
рекреациялық уақыт сияқты рекрациялық іс-әрекетінің субъектімен тікелей байланысты. 
Демек, жеке адамның, адамдар тобының, аймақ, мемлекет халқының, т.с.с. рекреациялық 
кеңістігі туралы айтуға болады. 
Рекреациялық  кеңістікті  демалушылар  және  демалысты  ұйымадстырушылар 
қалыптастырады.  Рекреациялық  кеңістіктің  қалыптасуы  таңдау  негізінде  қалыптасады: 
нақтылықтың көптеген объектілері мен қасиеттерінен рекреациялық тұтынуға ылайықты 
болып келетін. 
Рекреациялық  іс-әрекет  және  рекреациялық  потенциал.  Рекреациялық  потенциалды 
ұзақтылығы және өткізу орны бойынша критерийлерге қарап ажырату өте күрделі мәселе 
болып  табылады.  Экскурсия  мен  туризмнің  арасындағы  уақыт  бойы  айырмашылығын 
тәуліктік  цикл  бойынша  ажыратылады  деп  түсінеді.  Яғни  24  сағат  дейін  рекреациялық 
әрекет экскурсияға жатады, ал одан көп болған жағдайда оны туризм деп есептейді. 
Рекреациялық іс-әрекеттер әр түрлі болып келеді. Мысалы демалудың барлық түрлерін екі 
үлкен  топқа  бөледі,  стационарлық  және  мобильді  (қозғалмалы  десек  болады).  Басқа  бір 
классификациясы  бойынша  демалуды  ұзақ  уақыт  бойы  (емделу,  сауықтыру,  спорттық, 
тану т.б.) және қысқа мерзімді категорияларға бөледі. 
Маусымдық  белгілері  бойынша  демалу  түрлерінің  топтарында  жазғы,  қысқы,  өтпелі 
масымдарда демалу түрлеріне бөлуге болады. Жастық шақ бойынша мектепке жетпеген 
балалардың,  мектеп  оқушылардың,  орта  жастағы  және  кәрі  жас  адамдардың  демалу 
түрлеріне  бөлінеді.  Осыған  қосымша  отбасымен  демалу,  жеке  демалу,  аралас  демалу, 
ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған демалу болып бөлінеді. 
Рекреацияның  дамуына  рекреациялық  потенциалдың  бар  болуы  қажетті  жағдай,  ол 
жағдай әр түрлі масштабта бағаланады: халықаралық, мемлекет, аймақ, аудан деңгейлері. 
Белгілі бір территориядағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи, мәдени-
тарихи  және  әлеуметтік-экономикалық  алғы  шарттарының  жиынтығын  рекреациялық 
потенциал деп атайды. 
Рекреациялық потенциалды төмендегідей көрсеткіштер бойынша қарастыруға болады: 
1. Табиғи және тарихи-мәдени объектілердің бірегейлік, экзотикалылық деңгейі: 
-         
мәдени-тарихи объектілердің ақпараттық мәні; 
-         
объектілердің тану және тәрбиелік маңызы; 
-         
ЮНЕСКО 
тізіміне 
жататын, 
халықаралық 
деңгейдегі 
объектілер 
мен   ескерткішердің бар болуы; 
-         
ұқсас объектілер арасындағы типтілігі; 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
84 
-         
түрақты мекен жайына салыстырғандағы объекттің контарсттылық деңгейі; 
-         
объекттер мен құбылыстардың басқа жерде кездесетіндығы және қайталанбайтығын 
дәрежесі; 
-         
сұраныс  орындарына  қатынасты  тарихи-мәдени  объектілердің  қол  жетерлігі  және 
осы объектілер танымал болуы
-         
мәдени кешендердің сыйымдылығы және сенімділігі; 
-         
объектілердің көлемі мен пішіндері және оны шолу мүмкіндігі. 
2. Табиғи және тарихи-мәдени потенциал мен территорияның қол жетерлігі: 
-         
көлікті қол жетерлігі; 
-         
кеңістікті қол жетерлік; 
-         
уақыт бойы қол жетерлік; 
-         
саяси қол жетерлік; 
-         
әлеуметтік-экономикалық қол жетерлік; 
-         
қаржы қол жетерлік; 
-         
ақпараттық қол жетерлік; 
-         
формальдық қол жетерлік; 
-         
инфрақұрылымдық қол жетерлік. 
3. Рекреациялық және туристтік инфрақұрылымның бар болуы. 
-         
орналастыру индустриясы; 
-         
азықтандыру индустриясы; 
-         
ойын-сауық (развлечение) индустриясы; 
-         
көлік тасмалдау индустриясы. 
4.  Территорияның  рекреациялық  және  туристтік  мүмкіндіктері  және  оны  пайдалану 
дәрежесі. Рекреациялық іс-әрекетінің ресурстары және жағдайы: 
-         
территорияның  медикалы-географиялық  және  физикалық-географиялық  сипатты 
көрсеткіштері; 
-         
территорияның микроклиматтық ерекшеліктері; 
-         
территорияның мәдени-тарихи маңыздылығы; 
-         
территорияның рекреациялық игерілгендігі және рекреациялық игеруі; 
-         
рекреациялық ресурстардың сиымдылығы; 
-         
рекреациялық және туристтік ресурстары туралы ақпарттық құрамдастығы; 
-         
рекреация  және  туризм  дамуының  жинақтау,  орындалу  және  локализдену 
факторлары. 
5. Территорияны рекреациялық пайдалану дәстүрлері. 
-         
территорияның рекреациялық игерілу деңгейі; 
-         
территорияның әлеуметтік-мәдени өзгерістері; 
-         
аймақтағы рекреация мен туризм дамуының дәстүрлі және бірегей бағыттары; 
-         
туристтік  орталықтар  және  туризм  орталықтары:  олардың  ерекшеліктері, 
мамандануы және дамуы мен қалыптасуындағы ерекшеліктері; 
-         
ауданның игеру кезеңі және игерулік дәрежесі; 
-         
территорияны рекреациялық пайдалану түрлері. 
6.  Жергілікті  халықтың  өмір  сүру  салт-дәстүрлері  және  территорияның  туристтік-
рекреациялық мұраны қабылдау жағдайы. 
7. Табиғи-климаттық және ландшафттық жағдайы: 
-         
климат жағдайы; 
-         
орографиялық жағдайы; 
-         
гидрологиялық жағдайы; 
-         
фауналық және флоралық ресурстары; 
-         
ерекше қорғалатын табиғи территориялар және бірегей табиғи объектілер
-         
адамның  организміне  табиғи  факторлардың  ықпалы,  олардың  комфорттылығы: 
жергілікті жердің метеорологиялық жағдайы, ауа райының өзгермелілігі т.с.с. 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
85 
-         
топологиялық  (жергілікті  жердің  бірегейлігі;  табиғи  орталардың  байланыстылығы 
және  табиғи  мен  мәдени-тарихи  рекреациялық  ресурстардың  өзара  әрекеттесу 
формалары), фукционалдық (саңырауқүлақ, жидек теру, балық аулау, өнеркәсіптік емес аң 
аулау  жағдай,  саяжай  үшін  территория  бөлістіру  жағдайы)  және  эстетикалық  қасиеттері 
(рекреанттың  психологиялы-эмоциональдық  сферасына  территорияның  әсер  ететін 
қабілеті). 
8. Рекреация мен туризм дамуына ықпалы бар жағымды және жағымсыз факторлар: 
-         
ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне еңгізілген объектілердің бар болуы; 
-         
техногендік  іс-әрекетінің  саладырының  және  табиғаттың  апаттық  құбылыстардың 
орын алуы (авариялар, апаттар); 
-         
халықаралық және ішкі туризмнің инфрақұрылымдық қамтамасыздану дәрежесі; 
-         
жергілікті түрғындарды және еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері; 
-         
аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. 
9.  Демалудың  территориялық  ұйымдастырудың  негізгі  аспектілерін  өзара  байланысты 
зерттеу: 
-         
демалуды ұйымдастыру формалары; 
-         
демалуды ұйымдастырудың перспективтік бағыттары; 
-         
рекреациялық  инфрақұрылым  және  оның  кеңістікті  ұйымдастыруының 
ерекшеліктері; 
-         
кеңістіктің туристтік-рекреациялық диффееренциациясы; 
-         
территорияның экологиялық жағдайы; 
-         
территорияның рекреациялық және шаруашылықты маңыздылығы. 
Табиғат  ресурстарын  рекреациялық  баға  беру.  Табиғат  жағдайы  мен  ресурстарды 
рекреациялық  мақсатта  пайдалану  үшін  оларды  бағалау  қажет.  Оларды  бағалаудың  үш 
міндетті кезеңін көрсетуге болады: 
-         
рекреациялық  бағалауда  объектілерді  ажырату  –  табиғи  кешендерді,  олардың 
компоненттерін және қасиеттерін; 
-         
бағалауда баға беру көз қарасын анықтау; 
-         
зерттеудің  мақсатымен  және  масштабымен  және  де  субъекттің  қасиеттерімен 
анықталатын бағалаудың критерийлердің қалыптасуы; 
-         
градациялаудың  бағалау  шкаласының  параметрлерін  жасап  шығу.  Шкалалар 
субъект пен объект арасындағы бағалау қарым-қатынастарын көрсетеді. Шкаланың әр бір 
сатысы  берілген  объекттің  қасиеттерінің  субъекттің  жағадайымен  өзара  әрекеттесу 
жиілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін алғы шарттарды бағалаудың бес 
сатылы  шкаласы  мынадай  градациялардан  тұрады:  аса  жағымды,  жағымды,  орташа 
жағымды, аз жағымды және жағымсыз. 
Табиғат ресурстарын рекреациялық көз қарасынан бағалаудың үш негізгі 
типті 
ажыратады: 
медикалық-биологиялық, 
психологиялық-эстетикалық 
және 
технологиялық. 
Медикалық-биологиялық  тип  адамның  организміне  табиғи  факторлардың  ықпалын 
сәулелендіреді,  олардың  комфорттылығын.  Сонымен,  климаттық  ресурстардың 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
86 
рекреациялық бағалауы басты рольді атқарады. Климат деген белгілі бір жергілікті жерге 
тән ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға ықпалы ауа райы арқылы болады. Ауа 
райы  өзара  байланысқан  және  өзара  тәуелді  метеорологиялық  құбылыстар  кешені.  Ауа 
райы жағдайына жауапты реакция ретінде адамның организмінің жағдайына ерекше көңіл 
аударылады. 
Климатологтар мен курортологтар климатты бағалауда ауа райының физикалық бөлігінен 
басқа  оның  эмоциональдық  көрінісіне  де  көңіл  аударады.  Бағалаудың  кешенді  әдісінде 
шартты  (эффективтік)  температуралар  жүйесін  қолданады.  Метеорологиялық 
элементтердің  кешенді  ықпалының  төмендегідей  көрсеткіштері  сипатталады:  ауа 
температурасы,  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы,  желдің  жылдамдығы,  күн 
радиациясы және үзын толқынды сәулелену. 
Температура мен ылғалдылықтың ықпалын сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективтік 
температура  деп  аталады  (ЭТ);  температураның,  ылғалдылықтың  және  желдың 
жылдамдығының көрсеткіші – эквивалентті-эффективтік температура деп аталады (ЭЭТ); 
температураның,  ылғалдылықтың,  желдің  жылдамдығының  және  күн  радиациясының 
кешенді көрсеткіші – радиациялы-эквивалентті температурасы деп аталады (РЭТ). 
Шартты температуралар туралы түсінікпен «комфорт зонасы» түсінік тығыз байланыста, 
әдетте басым көпшілік адам үшін бұл температура +17°C — +23°C аралығында болады. 
Ол  температуралар  аралығынан  тыс  адам  салқындықты  немесе  ыстылықты  сезеді. 
Белсенді  рекреанттар  үшін  комфорт  зонасының  температуралары  +12°C  —  +16°C  ЭЭТ 
аралығында орналасқан. 
Климаттық  рерсурстарды  медикалық-биологиялық  бағалаудың  басқа  эффективтік  әдіс  – 
кешенді климатология әдісі, ол адамның организміне метеорологиялық жағдайдың жалпы 
кешенінің ықпалы түсінігінен шығып келеді, соның ішінде «тәуліктік ауа райы», «белгілі 
бір кездің ауа райы – (погода момента)», ауа райының ауысу контарстылығы. «Тәуліктік 
ауа  райын»  пайдалану  ауа  райының  тәуліктік  жүрісіне  тәуелді  адам  организмінің 
функциялануының тәуліктік ритміне байланысты. Ауа райының көптүрлілігі ауа райының 
16 классқа бөлінетін классификация көмегімен талдауға болады, ол жіктелу өз кезегінде 3 
топқа  бөлінеді:  аязсыз  ауа  райы  (8  класс),  ауаның  температурасы  0°C  өту  ауа  райы  (2 
класс) және аязды ауа райы (6 класс). 
Адамға ауа райының барлық класстары жағымды, күндіз күн сәулесі жақсы түсетін, тек 
ғана  жақсы  жарықтықты  қамтамасыздандыратын  көрінетін  жарық  және  ультракүлгін 
нұрларының  келуі  болған  жағдайда,  мұндай  жағдайда  қоршаған  ландшафттар  ерекше 
сүйкімді болатын кезде. 
Контрасттық  өзгермелілігі  мәніне  сәйкес  ауа  райының  төмендегідей  режимдерін 
ажыратады:  өте  түрақты  (25  %  дейін),  түрақты  (25  –  34  %  дейін),  өзгермелі  (35  –  50 % 
дейін), күшті өзгермелі (> 50% аса). 
Ауа райы жағдайының организмге ықпалын бағалауда адамның денесі мен қоршаған орта 
арасындағы  жылу алмасуына көп көңіл аударылады, себебі, организмнің жағдайы жылу 
сезімділігімен анықталады. Адамның жылу жағдайына ауа райының ықпалы объективтік 
бағалауда,  организмнің  термореттейтін  механизмдерінің  дәрежесі  деген  критерийді 
қолданады,  ол  адам  денесінің  орташа  температурасының  өзгеруіне,  немесе  терлеу 
көрсеткішіне қарай анықталады. 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
87 
Жылу сезімділігіне есепке ала отырып орташа температураға тәуелді кездесетін ауа райы 
типтерін 9 категорияға бөлінеді — өте суық ауа райынан — өте ыстық ауа райына дейін. 
Клмфорттық жағдай – ең жағымды жылу сезімділік адам ыстықты және суықты сезбеген 
жағдайда байқалады, адам денесінің температурасы 31°C-33°C шамасында. 
Психологиялы-эстетикалық 
бағалауда 
табиғи 
ландшафттың 
немесе 
оның 
компоненттерінің  ерекше  белгілерінің  адамға  эмоциональдық  әсерін  зерттейді.  Яғни 
белгілі  бір  ландшафтқа  адамның  эмоциональдық  реакциясын  қарастырады.  Сондықтан, 
жоғары эстетикалық бағаланатын территориялар күшті сұраныспен сипатталады. 
Эстетикалық  құндылығы  пейзаждың  элементтерінің  әр  түрлілігіне,  ландшафттың 
морфологиялық  құрылымына  тәуелді.  Пейзаждық  әр  түрлілік  ландшафттың  ішкі 
морфологиялық  құрылымдылықпен  анықталады  (жер  бедерімен,  өсімдік  жамылғысмен, 
гидрографиясымен,  ландшафттың  компоненттері  арасындағы  өзара  байланыстардың 
сипатымен).  Ішкі  пейзаждық  әр  түрліліктің  бірнеше  көрсеткіштері  бар,  мысалы, 
ландшафттың  мозаикалылық  дәрежесі  –  қоныстар  (урочище)  санының  зерттеп  жатқан 
ландшафттың жер көлеміне қатынасы; ландшафттардың әр түрлілік дәрежесі – қоныстар 
түрлерінің ландшафттың ауданына қатынасы т.б. 
Табиғи  кешендердің  ішкі  эстетикалық  қасиеттері  тағы  басқа  көптеген  көрсеткіштерімен 
сипаттауға  болады,  мысалы,  орманның  ішіндегі  ағаштардың  түрлері,  қабаттылығы, 
бұталылығы  т.с.с.  Баға  беруде  орманды  және  ашық  кеңістіктер  кезектесіп  отыратын 
кешендер  жоғары  балл  алады.  Сонымен  қатар  өсімдік  пен  жер  бедері  пішіндерінің 
үйлесімділік сипаты аса маңызды болып табылады. 
Экзотикалылық – демалу орынның турақты мекен жайына қатынасты контарстылықтың 
дәрежесі ретінде анықталады. 
Табиғат  кешенінің  рекреациялық  бағаладуда  бірегейлілігі  –  объект  пен  құбылыстардың 
қайталанбайтығындық және кезедесетіндік дәрежесімен анықталады. 
Технологиялық  баға  беру,  рекреациялық  іс-әрекеті  үшін  табиғиттағы  басқа  ресурстарды 
пайдалануда техника мен технологияны пайдалану мәселелерін түсінеді. 
 
[gl] 
Тақырып 7. Экологиялық жүйе 
1.
 
Экологиялық жүйе туралы түсінік. 
2.
 
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы 
Экологиялық  жүйе,  экожүйе  –  тірі  ағзалар  жиынтығының  қоректену,  өсу  және  ұрпақ 
беру  мақсатында  белгілі  бір  тіршілік  ету  кеңістігін  бірлесе  пайдалануының  тарихи 
қалыптасқан  жүйесі.  Экожүйе  құрамына  организмдер  де,  табиғи  орта  да  кіретін  тірі 
табиғаттың  негізгі  функционалдық  бірлігі  болып  табылады.  Экожүйенің  құрылымын 
энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) 
мен  қатты  және  газ  тәрізді  заттар  айналымы  құрайды.  Экожүйенің  қасиеттері  оның 
құрамына  кіретін  өсімдіктер  мен  жануарлардың  әрекеттеріне  байланысты.  Әр  түрлі 
экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы 
әр  түрлі  мөлшерде  жүреді.  Биомасса  мен  энергияның  ауысып,  өзгеріп  отыратын 
кездерінде  тіршілік  қорлары  барынша  толық  пайдаланылатын  экожүйелерді  қаныққан 
деп,  ал  осы  қорды  толық  пайдаланбайтын  экожүйелерді  қанықпаған  деп 
атайды.Экологияның  ең  негізгі  объектісі  экологиялық  жүйе,  немесе  экожүйе  . 
Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары 
бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы 
бірінші  рет  ұсынған  ағылшын  экологі  А.  Тенсили  .  А  Тенсили  экожүйенің  құрамына 
организмдерде  абиотикалық  орта  да  керетін  жер  бетіндегі  тірі  табиғатынтың  негізгі 
функциясының  бірлігі  деп  есептеуі  және  оның  әр  бөлігінің  екіншіне  әсер  ететіндігіне 
назар  аударады.  Былайша  айтқанда  экожүйе  –  зат  айналымы  мен  энергия  тасмалдануы 
жүретін  табиғи  бірлік  .  Экожүйеде  зат  айналымының  жүруіне  органикалық 
молекулалардың  сінімділік  түрде  белгілі  қоры  және  орагнизмнің  үш  функцияоналды  әр 
түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек. 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
88 
 
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы  
Тіршіліктің  пайда  болуы  және  таралуы  Тірі  организмдердің  таралуы  бірінші  кезекте 
өздері  мекендейтін  ортаның  жағдайымен  анықталады.  Барлық  тірі  және  өлі  объектілер, 
жануарлар  мен  қоршаған  өсімдіктер,  олармен  өзара  тікелей  байланыста  болатын  мекен 
ортасы  деп  аталады.  Қоршаган  орта  (немесе  коршаған  табиғат  ортасы)  терминінде 
адамның ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі. Тірі организмдерге 
әсер  ететін  ортаның  элементі  -  экологиялық  фактор  деп  аталады.  Өзінің  ықпал  ету 
ерекшеліктеріне  қарай  ол  үш  негізгі  топқа  бөлінеді:  -  абиотикалық  факторлар  -  бұл  өлі 
табиғаттың тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру 
жағдайын белгілеу қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, 
ауаның  құрамы,  атмосфералық  қысым,  жауын-шашын,  жел,  су  құрамы,  топырақ,  жер 
бедері т.б.) - тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің барлық 
формалары.  Әрбір  организм  басқа  жеке  дараның  (индивидтің)  тікелей  немесе  жанама 
түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста 
болады  немесе  оларға  тәуелді  болып,  не  болмаса  өздері  әсер  етеді.  -  антропогенді 
факторлар  -  организмдердің  мекен  ортасына,  табиғаттың  өзгеруіне,  олардың  өмір  сүруі 
жағдайына  тікелей  ықпал  жасайтын  адам  әрекетінің  барлық  факторлары.  Мұндай 
факторларға  жататындар:  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылық  өндірістері,  көлік  пен 
шаруашылықтың  өзге  салалары.  Әсіресе,  соңғы  жылдары  антропогенді  түрде  табиғатқа 
әсер  ету  жылдамдығы  арта  түсуде.  Экологиялық  факторлардың  әр  алуандылығына 
қарамастан  олардың  организмдерге  әсер  ету  қасиеті  мен  тіршілік  иелерінің  жауап  беру 
реакциясының  бірқатар  ортақ  заңдылықтары  бар.  Организмнің  қарқындылыққа  немесе 
әсер  ету  күшінің  факторына  реакциясын  жатқызуға  болады.  Жетімсіз  немесе  шамадан 
артық әсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін. Алуан түрлі тіршілік 
иелерінің  әр  түрлі  жағдайларда  өздерін  өте  жақсы  сезінулері  бірдей  емес.  Мәселен, 
ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді 
капуста көлеңкелі салқынды ұнатады, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты (қауын) ұнатады. 
Осы  факторлар  өсімдіктің  өсу  жағдайына  өте  маңызды  ықпал  жасайды.  Бақылау 
нүктесінен  барынша  өсуі  -  оңтайлылық  деп  аталады.  Бұл  әдеттегідей  -  температураның 
көлеміне  жатады.  Жағымды  күш  әсерінің  факторы  (мөлшері)  осы  организм  түріне 
оңтайлы  зонаның  факторы  деп  аталады.  Ең  азынан  (минимум)  көбіне  (максимум)  дейін 
бар  аралық  температура  кезінде  өсуге  мүмкіндігі  барды  диапозон  (көлемінің) 
тұрақтылығы дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы тіршілікке 
қолайлы температура - тұрақтылықтың шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. 
Осы  экологиялық  факторға  қатысы  бойынша  шыдамдылық  дәрежесін  экологиялық 
валенттілік  деп  атайды.  Организмнің  экологиялық  валенттілігі  оның  әр  алуан  ортаға 
қоныстану  қабілеттілігін  көрсетеді.  Тұрақтылық  шегінің  нүктесіне  жақындау  шамасы 
бойынша,  егер  әрекет  ету  факторы  азайып  немесе  көбейсе  тіршілік  әрекеті  төмендеп 
қысымға  ұшырайды  немесе  тіршілік  иесінің  өлуіне  әкеп  соқтырады  (біздің  мысалда 
өсімдік), яғни бұл жерде тұрақтылық диапазоны шеңберінде мазасыз күй зонасы туралы 
айтылып  отыр.  Мұндай  ықпалды  басқа  факторлар  да  жасай  алуы  мүмкін.  Әрбір  өсімдік 
пен  жануарлар  түрінің  оңтайлылығы,  мазасыз  күй  зонасы  немесе  қысым  зонасы  мен 
тұрақтылық  шегі  (шыдамдылығы)  қоршаған  ортаның  әрбір  факторына  қатысы  барлар 
өмір сүруде. Температура мысалында талқылап, біз тек бір факторды ғана қарастырдық, 
ойымызша  қалган  барлығы  да  оңтайлылық  зонасына  сәйкес  келетін  шығар.  Біз  Ю. 
Либихтің  тұжырымдаған  шектеулі  заң  факторларының  әрекетін  бақыладық.  Өзінің 
оңтайлылық  зонасынан  сыртқары  фактор  организм  күйінің  мазасыздығына  себеп 
болғанды шектеулі дейді. Осы фактордың өзгеруіне орай организмдер өте сезімтал болып 
келеді.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  бір  түрінің  өзгерісіне  әсер  ету  факторының  жиі 
шектеуі биотикалық деп аталады. Мәселен, азықтың жетімсіздігі жануарлардың әр алуан 
түрлерінің  таралуына  және  дамуына  шектеу  қояды.  Өсімдіктердің  дамуына  да  су, 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
89 
температура, жарықтың болмауы - шектеу факторларының бірі. Бірде-бір фактор өздігінен 
әрекет жасамайды. Ортамен өзара қатынас жасағанда барлық организмдер динамикалық 
тепе-теңдікті  немесе  тұрақтылықты  сақтаулары  қажет.  Экологиялық  валенттіліктің  кең 
түрі  тіршіліксіз  орта  факторына  қатысы  бойынша  фактордың  атауына  «эври» 
қосымшасын қосып атайды (грекше еvrуs - кең). Мысалы, температураның айтарлықтай 
ауытқуларына  эвритермді  түрі  шыдайды.  Экологиялық  енсіз  валенттілік  (тар)  «стено» 
стенотермді қосымшасымен (грекше stеnоs - тар, енсіз) белгіленеді. Әр алуан экологиялық 
факторлардың (кең) алшақ шегіндегі ауытқуларға бейімделетін түрлерді эврибионтты деп 
атайды; тіршілік ету үшін қатаң белгіленген жағдайды қажет ететіндер - стенобионтты деп 
аталады. Экологиялық факторлардың әсерінен тірі организмдер белгіленген иерархиялық 
жүйелерге  бірігеді.  Онда  тіршілік  иелерінің  әр  алуан  деңгейде  ұйымдасқандарды: 
популяциялар,  бірлестіктер  және  экожүйелерді  көруге  болады.  Популяция  дегеніміз  - 
белгілі  бір  аумақта  тіршілік  ететін  және  өзара  шағылысып  ұрпақ  беретін  бір  түр 
дараларының  жиынтығы.  Түрлі  факторлардың  әсерінен  популяциядағы  даралар  саны, 
құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін. Популяция латынша роpulus - халық, ел дегенді 
білдіреді. Табиғатта популяцияның әр алуан түрлерінің өте жоғары жүйесінің дәрежесі - 
қауымдастыққа  бірігеді.  Қауымдастық  (биотикалық)  -  бұл  белгілі  аумақты  мекендеуші 
популяцияның  жиынтығы.  Қауымдастық  организмдері  органикалық  емес  ортамен 
энергетикалық байланыста. Мысалы, өсімдік, минералды тұздар, оттегі, су, көмір қышқыл 
газының  үнемі  беріліп  тұру  есебінен  тіршілік  жасай  алады.  Мұндай  жағдайда 
«қауымдастық» (бірлестік) терминінің қолданылуы мүмкін ең кіші бірлікті биоценоз деп 
атайды  (1877  ж.  К.  Мебиус  енгізген).  Өзара  байланыстағы  организмдерді  және  бірлесе 
мекендейтін  топтарды  -  биоценоз  дейді.  Биоценоздың  көлемі  әр  алуан  —  індер 
қауымдастығы,  ағаш  жапырағы,  құмырсқа  илеуінен  бастап,  орман,  дала,  шөл  т.б.  - 
ландшафтарына (жер бедеріне) дейін. «Биоценоз» терминін құрлықта өсіп түрған біртекті 
өсімдіктерге  қолданады.  Мысалы,  қылқанды  орман,  дәнді  дақыл  егістік  биоценозы  т.б. 
Биота  (грекше  bios  -  өмір)  -  өсімдік,  жануар  мен  микроорганизмдер  түрлерінің  ортақ 
(жалпы)  аймаққа  таралуының  жиынтығы.  Түрлердің  арасындағы  экологиялық 
байланыстың  жоқтығынан  ол  биоценоздан  ерекшеленеді.  Организмдер  қауымдастығы 
органикалық  ортамен  материалдық-энергетикалық  жағынан  тығыз  байланыста  болады. 
Биоценоз  алып  жатқан  кеңістік  биотон  деп  аталады.  Биоценоз  бен  оның  биотоны 
биогеоценоз деп аталатыны көбірек немесе азырақ қалыпты жүйені құрайтын бөлінбейтін 
екі элементтен көрінеді. Биогеоценоз түсінігін (грекше bios - тіршілік, gе - жер, коіnоs - 
жалпы)  ғылымға  орыс  ғалымы  В.Н.  Сукачев  1940  ж.  енгізген.  Жер  бетіндегі  барлық 
кұбылыстар мен заттардың бірлігі және өзара қатынасы туралы идея бұрынғы КСРО мен 
шетелдерде  бір  мезгілде  туындады.  КСРО-да  ол  биогеоценоз  турасындағы  ілім  ретінде, 
басқа  елдерде  -  экожүйе  жөніндегі  ілім  ретінде  дамыды.  Экологиялық  жүйе  немесе 
экожүйе  -  өздерінің  мекен  ортасында  тірі  организмдердің  жасаған  табиғаттың  бірыңғай 
кешені.  Сонымен  қатар,  ондағы  барлық  компоненттер  энергия  мен  зат  алмасудан  өзара 
байланыста.  Өзгеше  айтқанда,  экожүйе  тіршілік  пен  тіршіліксіз  компоненттердің 
жиынтығы. Биогеоценоз бен экожүйе ұқсас түсінік, бірақ тепе-тең емес. Бұл түсініктердің 
екеуі  де  өз  ортасын  мекендеген  тірі  организмдердің  жиынтығын  түсіндіреді,  бірақ 
экожүйе - өлшемсіз түсінік. «Тамшыдан мұхитқа дейін» деп «экожүйе» терминінің авторы 
ағылшын  биологы  А.  Тенсли  образды  түрде  айтқан  болатын.  Аквариум,  тоған,  батпақ, 
ғарыш  кемесінің  кабинасы  -  осының  барлығы  экожүйелер.  Отандық  әдебиетте  өсімдік 
жабындысы  -  фитоценозді  таралу  аймағының  сызылған  шекарасы  ретінде  экожүйені 
сипаттау  қалыптасқан  болатын.  Мәселен,  далалық,  батпақты,  жайылымды  т.б. 
биогеоценоз.  Басқаша  айтқанда  биогеоценоз  -  бұл  экожүйенің  жеке  оқиғасы,  құбылысы 
әрқашанда  табиғи  қалпын  сақтайды,  тіпті  адам  әсер  еткеннің  өзінде  де.  Экожүйе 
толығымен  жасанды  болуы  мүмкін  ғой  (аквариум,  ғарыш  аппараты).  Организмнің 
тіршілік  әрекетін  сақтап  тұру  мен  экожүйедегі  заттардың  айналымы  тек  энергия 
ағынының  үнемі  келу  есебінен  ғана  болуы  мүмкін.  Жердегі  тіршілік  атаулылар  күн 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
90 
энергиясы  сәулелерінің  арқасында  ғана  болып  тұр.  Фотосинтезделетін  өсімдіктер 
(өздігінен  қоректенушілер)  химиялық  органикалық  қосындылардың  байланысы 
нәтижесінде өсіп-өнеді. Қалған барлық организмдер энергияны азық арқылы алады. Азық 
энергиясын  оның  бастауынан  (өздігінен  қоректенуі)  бірқатар  организмдер  арқылы 
ауыстыру бір организмдердің басқаларын сіңіру жолымен болатынды тамақ тізбегі дейді. 
Әрбір  экожүйе  өсімдіктер  мен  жануарлар  организмдерінің  жиынтығынан  тұрады, 
қоректену  түрі  бойынша  екі  топқа  бөлуге  болады:  •  автотрофтар  (өздігінен 
қоректенушілер) ұдайы өндіру мен өсу үшін минералды элементтерді қолданатындар мен 
фотосинтезді  іске  асыруға  қабілетті  жасыл  өсімдіктер.  Фотосинтез  -  күн  энергиясының 
көмегімен су және көмір қышқыл газын қантқа айналдырудың күрделі процесі. Осындай 
жолмен қант пен азықтық минерал элементтерінің судан немесе топырақтан пайда болуы 
нәтижесінде,  өсімдік  өздерінің  организмдерінің  құрамына  кіретін  күрделі  заттарды 
синтездейді.  Басқа  сөзбен  айтқанда  химиялық  жай  заттар:  ауа,  су,  тау  жыныстарының 
минералы  мен  топырақтар  белок,  май  және  көмірсутегі  сияқты  күрделі  қосындыларға 
айналады.  Өздігінен  қоректенуші  (автотрофтар)  -  бұл  экожүйенің  продуценттері  (лат. 
рrоduсеns  -  өндіруші)  органикалық  еместен  органикалық  зат  құратындар.  Осы 
органикалық  заттардан  өсімдіктер  мен  жануарлардың  тканьдері  құралады. 
Фотосинтезделетін  өсімдік  экожүйенің  қалған  организмдерінің  барлығына  азықты 
өндіреді, сондықтан оларды продуценттер деп атайды. Гетеротрофтар - (азық) коректену 
үшін органикалық заттарды қажет ететін организмдер. Бұл организмдерде зат алмасудың 
күрделі жолдары бар. Өз кезегінде барлық өздігінен қоректенушілер тұтынушы организм 
(консументтер)  мен  бастапқы  органикалық  емес  компоненттерге  (редуценттер) 
ыдырайтын  органикалық  заттар  организмдері.  Консументтер  (лат.  коnsumento  – 
тұтынамын,  қоректену)  -  бұл  организмдер  органикалық  заттарды  тұтынады.  Оларға 
жататындар  құрттар,  балықтар,  молюскалар  жэне  өзге  де  бунақ  аяқтылар,  бауырмен 
жорғалаушылар,  құстар,  сүтқоректілер  және  адам.  Консументтер:  бірінші  -  шөп  қоректі 
жануарлар,  екінші,  үшінші  және  одан  да  жоғары  реттегілер  жануарлармен  қоректенеді. 
Олар  -  жыртқыштар  (ет  қоректілер),  сонымен  қатар  талғаусыз  қоректілер  (немесе 
эврифагтар) өсімдіктерді, т.б. жейтіндер (аю, түлкі, шошқа, тарақандар т.б.). Редуценттер 
(латынша rеduсеns - қайта келуші, қалпына келуші) - өлі органикалық заттардың ыдырай 
бастаған организмдері. Өлі және жартылай бұзыла бастаған органикалық зат - детритпен 
қоректенетін  түрлі  сапрофит  бактериялары,  ұсақ  саңырауқұлақтар  және  қалдықтармен 
коректенетін  жануарлар  -  осыларға  жатады.  Топырақта  —  қалдықтармен  қоректенетін 
ұсақ  омыртқасыздар,  мысалы,  ұсақ  кенелер,  жер  құрттары,  көпаяқты  құрттар;  су 
экожүйесінде  -  молюскалар,  крабтар  мен  құрттар;  шіріген  кезбе  -  бактериялар;  өсімдік 
қалдықтары  шірігенде  -  саңырауқұлақтар.  Құрамы  мен  белсенділігі  бойынша  бұл 
редуценттер бірлестіктерінен әр алуандылығы өзге бірлестіктерге қарағанда кем емес. Ал, 
бұлар  біздерге  азды-көпті болса  да  таныс.  Бірде-бір  организм  басқалармен  байланыссыз 
өмір  сүре  алмайтыны  көпшілікке  белгілі  жайт.  Әрбір  тіршілік  иесі  тек  қана  қоршаған 
ортамен үйлесімді түрде, экожүйенің белгіленген шеңберінде тұра алады. Көрнекі құрал 
ретінде  орманды  алуға  болады.  Экологиялық  жүйеде  барлық  организмдер  арасындағы 
байланыстар  өзара  жалғасқан  және  қоректік  арақатынасының  күрделі  тізбегін  құрайды 
немесе трофтық тізбек (продуценттер - консументтер - редуценттер), қалай айтқанмен де 
қорек  (азық)  организмдердің  тіршілік  әрекетіндегі  маңызды  фактор.  Жануарлар  мен 
өсімдіктерде белгіленген трофтық немесе қоректік байланыстардың орасан сандағы өзара 
бейімделулері  туындады.  Сандар  пирамидасы  деп  аталатын  экологиялық  жүйенің 
айқындық  заңдылығы  бар.  Осыған  байланысты  тізбекті  звено  құрайтын  қатарда  жеке 
даралардың саны үнемі азая береді. Мәселен, солтүстік ормандарда 1 қасқырға шамамен 
100 бұлан, Африка саванналарында ірі жыртқыштарға (арыстан, қабылан, сілеусінге) 350-
ден  1000-ға  дейін  жабайы  жануардан  келеді.  Қасқырлардың  саны  мен  тәулік  ішінде 
азықты  қажет  етудің  мәліметі  орташа  есептелді.  Күнтізбелік  жыл  ішінде  2400  қасқыр  - 
7480  қабан,  5560  бұлан,  4020  елік  алады.  Жануарлардың  қоректік  тізбектегі  санының 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
91 
жүйелі  түрде  азаюына  сәйкес,  олардың  жалпы  биомассасы  да  кемиді,  ал  бұл  экожүйеге 
энергия  ағынының  қысқаруына  әкеліп  соқтырады.  Биоценоздағы  айрықша  трофтық 
байланыс - паразитизм, бір түр иесі өзге паразитке қызмет етеді - тек қорек түрінде емес, 
уақытша  немесе  тұрақты  мекеніне  де  қызмет  етеді  (мысалы,  фитофтора).  Селбесу 
(симбиоз)  деп  аталатын  (бұршақты  түйнекті  бактериялар)  түрлер  арасындағы  өзара 
пайдалы  байланыстар  бар.  Көптеген  орта  параметрлерінің  жиынтығы  осы  немесе  басқа 
түрлердің  тіршілік  жағдайын  анықтайтын  функционалды  сипаты  оның  экологиялық 
қуысын  көрсетеді  (энергияға  айналдыруы,  өзі  тектестермен  және  ортамен  ақпарат 
алмасуы). Н.Ф. Реймерс бойынша, экологиялық қуыс - экологиялыц жүйе ішіндегі түрлер 
ортасы  немесе  оның  популяциялық  тіршілік  жағдайының  жиынтығы.  Сонымен,  өзі 
мекендейтін әрбір түр аумаққа, өндіру функциясымен байланысты, қоректік қажеттілігіне 
сәйкес  орынды  иеленеді.  Осындай  экологиялық  байланыстар  биоценоздың  белгіленген 
құрылымын жасайды. Биоценоздар — динамикалық жүйелер, олар тұрақты даму жолында 
және оларға сукцессия тән. Сукцессия (латынша - suссеssіо - тұқым қуалау, бірізділік) бір 
биоценозды  өзгенің  тізбекті  түрде  ауыстыруы.  Бұл  құбылыстың  мәні  мынада, 
биоценоздың  ішкі  ықпалының  дамуы  нәтижесінде  олардың  қоршаған  ортамен  өзара 
әрекеті  біртіндеп  «ескіреді»  және  биоценоздың  өзге  үлгілерімен  ауысады.  Көлді  қамыс 
пен өсімдіктер басса, ол батпақ болып, кепсе жайылымға айналады; өрттен кейін орманда 
топырақ  жыныстарының  ауысымы  болады.  Экологиялық  жағдайдың  маңыздысы  сол,  әр 
текті  күрделі  биоценоздардың  түрлі  сыртқы  әсерге  қарсы  тұруының  тұрақтылығы 
соғұрлым жоғары болады. Табиғи биоценоздардың қосынды түрлері эволюция процесінде 
бір-біріне  бейімделгені  соншалықты,  өздерінің  биогеоценоз  құрылымдары  жайында, 
толық  қамқорлық  жасағандай  тұрақтылығымен  анықталады.  Жыртқыштармен  оның 
жемтігінің  арасындағы  өзара  қатынастары  кері  байланыс  деп  аталатыны  мысал  болады. 
Бір түр екіншіге зиян келтіреді және онсыз өмір сүре алмайды. Тағы бір мысал, әйтеуір 
жәндіктің  бір  түрінің  өсімдік  текті  қорегі  мол  болса,  сол  жылы  оның  популяциясы  тез 
көбейіп,  саны  артады.  Тепе-тендіктен  шығаруға  ұмтылатын  жағымсыз  кері  байланыс 
жүйесінде  керінеді.  Бірақ,  популяция  санының  шамадан  тыс  артып  кетуі,  өсімдік  текті 
қорек  қорларының  азаюына  әкеледі.  Осындай  жетіспеудің  нәтижесі  жүйедегі  жағымсыз 
кері байланысты оның бастапқы қалпына қайтарып әкеледі. Адамның ойлау қабілеттілігі 
қарапайым  шектеулі  факторларды,  уақытша  жеңіп  шығуға  мүмкіндік  береді.  Оларға 
жататындар:  су,  жыртқыштар  мен  паразиттер,  мекендейтін  орны  мен  өзге  түрлермен 
бәсекелесі. Адам өзінің өмір сүруін су, жер және энергетикалық ресурстарды пайдалану 
арқылы  сақтайды.  Ол  сонымен  қатар,  ғаламшардағы  зат  айналымының  шұғыл 
жеделдеуіне  елеулі  ықпал  етіп  отыр.  Өндіріс  қызметі  процесінің  туындауы,  жаңа  зат 
алмасуы техногенді сипат алуда және ол -антропогенді зат алмасу, деп аталады. Бірақта, 
адам  мен  табигат  арасындағы  биологиялық  зат  алмасулар  тіршіліктің  тұрақты  жағдайы 
болып  қала  береді.  Антропогенді  зат  алмасу  биологиялық  айналымнан  өзінің  тұйық 
еместілігімен  принципті  түрде  ерекшеленеді,  ашық  сызықты  сипатта,  ягни  тіршіліктің 
«айналымынан»  айрылған.  Антропогенді  зат  алмасуды  енгізуде  -  табиғи  ресурстар, 
шығаруда - өндірістік және тұрмыстық қалдықтар. Қоршаған ортаны ластау екіге бөлінеді. 
Табиғи  ластану  жанартаудың  атқылауы,  жер  сілкіну,  сел,  су  тасқыны,  өрт  сияқты  т.б. 
табиғи  процестер.  Ал,  антропогендік  ластану  адамның  іс-әрекетінен  пайда  болады. 
Экологиялық  шараның  жетімсіздігінен  табиғи  ресурстарды  тиімді  түрде  пайдаланудың 
коэффициенті өте төмен, пайдалы қазбаларға қарағанда 2-10%-ті ғана құрайды. Ресурстар 
сарқылуда, халық саны өсуде (1960 ж. - 3 млрд, 1975 ж. - 4 млрд, 1987 ж. - 6 млрд). Оның 
үстіне  тау-тау  болып  үйілген  өндіріс  қалдықтары  мекен  ортасын  ластауда.  Олар 
ыдырамастан  тіршілік  иелеріне  көптеген  зиян  келтіруде.  Тіршілік  табиғатында  күрделі 
иерархиялық ұйымдардың өзін-өзі реттеудің орасан мол резервтері (қоры) қаланған, бірақ 
сол резервті ашу үшін биосфера ағынының процесіне сауатты түрде араласа білу керек. 
Өндірістік  жұмыстың  барлығын  жоспарлағанда  экологиялық  зардаптардың  болатын 
мүмкіндігін  қатаң  ескеру  керек.  Бұрынғы  жинақталған  табиғат  зандары  жайындағы 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
92 
білімді  есепке  ала  отырып,  қазіргі  эколог  ғалымдар  экология  заңдары  деп  әдебиеттерде 
аталып  жүрген  адамзат  қоғамы  мен  қоршаған  ортаның  өзара  принциптерінің  жалпы 
зандылықтарын  белгіледі.  Экология  заңдарының  ішінде  айқын  тұжырымдармен  белгілі 
болған  американдық  эколог  ғалымы  В.  Коммонердің  (1971)  төрт  заң-афоризмі  (мәтел-
зандары) бар: - табиғаттағы құбылыстың бәрі барлығымен байланысты - (жалпыға бірдей 
заттар байланысы); - барлығы бір жаққа кетіп қалуы керек (сақталу заңы); - еш нәрсе тегін 
берілмейді (бағаның дамуы туралы); - табиғат өте жақсы біледі (эволюциялық таңдаудың 
басты  критерийлері  туралы).  Жалпыға  бірдей  байланыс  (бәрі  барлығымен  байланысты) 
заңынан  бірнеше  салдар  шығады.  •  Үлкен  сандар  заңы:  үлкен  сандардың  кездейсоқ 
факторларының тұтас әрекеті жағдайынан тәуелсіз жүйелі сипаты бар нәтижеге әкеледі. 
Сонымен,  топырақтағы,  судағы  миллиардтаған  бактериялар  тірі  организмдер  денесінде 
тіршілік  иелерінің  қалыпты  өмір  сүрулері  үшін  тұрақты  микробиологиялық  ерекше 
ортаны  жасайды.  Немесе  кейбір  газ  көлемінде  көп  мөлшердегі  молекуланың  козғалысы 
температура мен қысымның ерекшелігін анықтауға себепші болады. • Ле Шателъе (Браун) 
принципі: жүйеге сыртқы әсер ету кезінде қалыпты тепе-теңдік күйінен шығару, бұл тепе-
теңдік бағытпен араласып, сыртқы әсер етуі кемиді. Биологиялық деңгейде ол экожүйенің 
өз-өзін реттеуші ретінде қабілеттілік түрінде іске асады. • Үйлесімділік заңы: кез келген 
жүйе  асқан  тиімділікпен  өзіне  тән  уақыт  кеңістігінің  шегінде  қызмет  істейді.  • 
Табиғаттағы  кез  келген  жүйе  өзгерісінің  адамға  тура  немесе  тікелей  әсері  - 
индивидуумның  (жеке  адам)  күйінен  күрделі  қоғамдық  қатынасқа  дейін  болады.  Заттар 
массасының  сақталу  заңынан  («барлығы  бір  жаққа  кету  керек»)  іс-тәжірибелік  мәні  бар 
кем  дегенде  екі  постулат  шығады.  •  Оны  қоршаған  орта  есебінен  жүйені  дамыту  заңы 
мынаны  айтады:  кез  келген  табиғи  немесе  қоғамдық  жүйе  тек  қоршаған  ортаның 
материалдық-энергетикалық  және  ақпараттық  мүмкіндікті  пайдалану  есебінен  дами 
алатын  болады.  Оқшауланып  өзін  дамыту  мүлдем  мүмкін  емес.  •  Қалдықтар  немесе 
өндірістік жанама әсердің жойылуға келмейтін заңы: өндірістік жұмыс процесінде пайда 
болатын  қалдықтар  ізсіз  жойылмайтындығы,  олар  бір  формадан  екінші  формаға 
ауыстырылады немесе басқа кеңістікке қойылады. Ал оның әсері талай уақытқа созылуы 
мүмкін.  Бұл  заң  қазіргі  қоғамда  тұтыну  мен  қалдықсыз  өндірістің  принципті 
мүмкіншілігін болғызбайды. Материя жойылмайды, тіршілікке ықпал жасай отырып, бір 
формадан  басқаға  ауысады.  «Ештеңе  тегін  берілмейді»  -  деген  тұжырымдама  мынаны 
аңғартады:  экожүйенің  эволюциясындағы  кез  келген  жаңа  табыстар,  бұрынғы 
жетістіктердің  әйтеуір  бір  бөлігін  жоғалтумен  жалғасатыны  ақиқат  және  жаңаның 
туындауы  өте  күрделі  проблема.  Мысалы,  көп  клеткалы  организмдердің  пайда  болуы 
(өсімдіктер,  саңырауқұлақтар,  жануарлар)  мен  олардың  құрғаққа  шығуынан 
ғаламшардағы  биологиялық  әр  алуандылықтар  бірнеше  есе  көбейді.  Экономикалық 
қуыстар мен жер биосферасын қалыптастырып оны игеру басталды. «Көп клеткалармен» 
бірге  тіршілік иелеріне  қауіпті  аурулар,  оның  ішінде  жұқпалы  қатерлі  ісіктер  т.б.  келді. 
Бұл  заңның  үш  салдары  бар.  Эволюцияның  кері  дамымайтын  заңы  (бір  бағытта  даму): 
үлкен  жүйелер  тек  бір  бағытта  ғана  -  қарапайымдылықтан  күрделілікке  қарай 
эволюцияланады; инволюция, регресс жүйесінің тек қана жеке даму кезеңіне немесе жеке 
бөлігіне  жатуы  мүмкін.  Эволюцияның  жеделдеу  ережесі:  жүйедегі  ұйым  күрделілігінің 
өсуіне  орай  эволюцияның  да  қарқыны  арта  түседі.  Бұл  ереже  адамзат  тарихына  және 
техниканың  дамуына,  органикалық  әлем  түрлерінің  ауысымдарына  бірдей  дәрежеде 
жатқызылуы мүмкін. Тегін ресурстар болмайды - осы заңның тағы бір салдары: кеңістік, 
энергия,  күн  сәулесі,  су  қандайда  сарқылмайтын  болса  да  кез  келген  олардың 
шығындарын  сол  жүйемен  мүлтіксіз  төленеді.  Б.  Коммонер  былай  деп  жазды:  «... 
ғаламдық экожүйе біртұтас болып көрінеді, сол шеңберде ештеңені ұту немесе жоғалтуы 
мүмкін  емес  және  ол  жаппай  жақсарудың  объектісі  (нысаны)  бола  алмайды;  адам 
еңбегімен  алынғандардың  барлығының  орындары  толықтырылуы  тиіс.  Осы  вексель 
бойынша төлемнен қашқақтауға болмайды; бұл тек кейінге шегерілуі мүмкін. Қоршаған 
ортаның бүгінгі дағдарысының шегерілімі тым созылып барады дегенге саяды». «Табиғат 

 
Ф УТ 703-05-11. Пәннің-оқу әдістемелік кешені. СМК УТ. Бірінші басылым 
 
93 
жақсы  біледі»  заңы  биосферада  ненің  болуы  керек,  ненің  орын  алуы  қажет  еместігін 
барлығын алдымен анықтайды. Қарапайым молекуладан адамға дейін - табиғатта барлығы 
қатаң  конкурстан  өтіп,  жүлде  ретінде  -  тіршілік  етуге  құқық  алып  отыр.  Бүгінде 
ғаламшардың  эволюциясынан  өткен  мыңның  бір  бөлігі  болатын  өсімдіктер  мен 
жануарлардың түрлері мекендеуде. Бұл эволюциялық таңдап іріктеудің басты критерийі - 
ғаламдық биотикалық айналымға, кетігін тауып қалану (үйлесу) мен барлық экологиялық 
қуыстарды  толтыру.  Кез  келген  организмнен  шыққан  заттардың  барлығында  оны 
ыдырататын ферменттер болуы керек, ал ыдыраған өнімдер қайтадан айналымға қосылуы 
тиіс.  Егерде  осы  заңды  биологиялық  түрлердің  біреуі  бұзатын  болса,  ерте  ме,  кеш  пе 
эволюция  онымен  ажырасып  тынады.  Адамның  өнеркәсіп  өркениеті  ғаламдық  көлемде 
биотикалық  тұйықтықты  өрескел  бұзып  отыр,  ол  үшін  жазаланбай  қоймайды.  Осындай 
қиын жағдайдан тек қана ымыраға келу ғана шығармақ. Нұрлы жол мен акылға ие бола 
білген  адамның  қиындықтан  жол  табатынына  сенім  мол.  Б.  Коммонердің 
тұжырымдамасына  қоса,  қазіргі  экологтар  —  «барлығына  жетпейді»  деген  экологияның 
тағы  бір  заңын  шығарды  (Ресурстардың  шектеулі  заңы).  Тіршілік  иелерінің  барлық 
формаларына  арналған  қоректік  заттардың  көлемі  жерде,  әрине  шектеулі.  Сондай-ақ, 
биосферада  жаңадан  пайда  болған  органикалық  әлем  өкілдерінің  бәріне  де  бірдей  жете 
бермейді. Сондықтан кейбір организмдердің шамадан тыс ғаламдық көлемде көбеюі, өзге 
түрлердің 
азаюы 
есебінен 
болуы 
мүмкін.  
 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал