Ғ. Мүсірепов драматургиясындағы фольклоризм Г. С. Обаева



жүктеу 93.67 Kb.

Дата10.02.2017
өлшемі93.67 Kb.

Ғ.Мүсірепов драматургиясындағы фольклоризм 

 

Г.С.Обаева, 

ағ а оқытушы 

Қазақстан, Ақтөбе 

 

Суреткер  таланты  оның  әдебиетте  салғ ан  соны  соқпағ ымен    анықталады.  Қайталамайтын 



және  қайталанбайтын  туынды  мәңгілік  болмақ.  Әдебиеттің  табиғ атының  ӛзі  қайталауды 

қаламайды. Жазушы ӛзгенің шындық туралы ойына қанағ аттанбай тұрып-ақ, ӛзі танығ ан ақиқат 

ӛмірдің  бейнесін  жасайды.  Бұл  бейне  неғ ұрлым  шынайы  болғ ан  сайын,  соғ ұрлым  тереңге 

бойлайды.  Осылайша,  оның  әдебиеттің  терең  тамырын  дӛп  баса  отырып,  халықтығ ының  кӛзі 

ашыла  түспек.  Суреткер  шығ армашылығ ының  халықтығ ы  туралы  сұрақ  оның  фольклормен 

байланысын  талдамай  шешілмейді.  Фольклор  –  кӛне  дүниенің  тамырымен  тығ ыз  байланысқан 

ортақ шығ армашылық. Қазіргі қаламгерлер баяндаудың тұрмыстық сипатын айқындай түсу үшін 

фольклорлық  сарындарды  жиі  қолданады.    Фольклор  мен  әдебиет    екеуі  де  тілдің  ұлттық 

байлығ ының  негізінде  қалыптасып,  дамиды,  олардың  тақырыптары  халқымыздың  тарихи  және 

әлеуметтік  ӛмірімен,  тұрмысымен,  еңбегімен  байланысты.  Фольклорда  да,  әдебиетте  де,  кӛп 

жағ дайда,  бір-біріне  ұқсас    поэтикалық  және  прозаикалық  жанрлар  туып,  поэтикалық  ӛнердің 

небір  түрлері  қалыптасып,  одан  сайын  дамып  жатады.  Сондықтан  да  фольклор  мен  әдебиеттің 

шығ армашылық байланысы, олардың үнемі болып тұратын идеялық-кӛркемдік әсер-ықпалы ӛте 

заңды құбылыс. 

Міне,  жазушы  Ғабит  Мүсіреповтің  шығ армашылығ ындағ ы  фольклорлық  дәстүрлерді 

зерделегенде,  алдымен,  оның  шығ армашылық  лабораториясындағ ы  тақырыптық  ерекшелікті 

баса айтар едік. Оның сӛз ӛнеріне қызығ ушылығ ы туралы Н.Ғабдуллин де былай деп баяндайды: 

«Ғабит  әдебиетке  бала  кезінен  іңкәр  болады,  халықтың  сан  ғ асырлар  бойы  сақталғ ан  асыл 

қазынасы – ауыз әдебиетін еліге тыңдап, кӛкейге ұялата береді. Егделерден естіген, қиял тербетер 

ғ ажайып ертегілерді, қызық оқиғ алы қисса-жырларды жадына тоқып, жұртқа қызығ а әңгімелеп 

беруді  дағ ды  етеді»  [1,5].    Түптеп  келгенде,  Ғ.Мүсірепов шығ армаларындағ ы    фольклоризмнің 

қанықтығ ы үшін негізгі алғ ышарттар ӛзінен-ӛзі осылайша жасалды.  Алғ ашқы әңгімесінен бастап 

қаламы шыңдала түскен жазушының шын таланты драматургия саласындағ ы еңбектерінен анық 

танылды. Мүсіреповке шейін  қазақ  драматургиясының  алғ ашқы  пердесін  ашқан Мұхтар  Әуезов 

болатын.  1917  жылы  жазылғ ан  «Еңлік-Кебек»  пьесасы  алғ аш  сол  жылдың  мамыр  айында 

Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары  Әйгерімнің сегіз қанат үйінде  қойылғ ан. Оғ ан дейін 

қазақ  әдебиетінде  драматургия  жанрының  түндігі  ашылмағ ан  еді.  Ӛзі  дүние  жүзілік 

драматургияны  жетік  білген  талантты  жас  ел  аузындағ ы  әңгімені  тұңғ ыш  рет  пьесағ а 

айналдырады. Болашақ ұлы жазушы  ӛзіндік сарабдал санасымен, тың түйсігімен болса да  қазақ 

драматургиясының  алтын  құндағ ы  халық  әдебиеті  екенін  ӛте  жақсы  сезінген.  Осылайша,  ел 

аузында  осығ ан  дейін  кең  таралғ ан  аңыздар  мен  дастандарғ а  сүйене  отырып,  фольклордың 

драмағ а қажетті барлық қасиеттерін шебер пайдаланады. Фольклордың белгілі жанрларындағ ы, 

яғ ни шешендік сӛз, терме-толғ ау, салт ӛлеңдері, мақал-мәтелдер т.б. үлгілеріндегі тамаша ой мен 

сӛз  құдіретінің  мол  байлығ ын  қалай  пайдалану  керектігін  Әуезов  осы  трагедиясы  арқылы 

кӛрсеткен  болатын.  «Ұлттық  топыраққа  драматургиялық  дәстүрдің  жоқтығ ына  қарамай,  басқа 


елдер әдебиетінен  үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия 

жасады.  Сюжеттік  желінің  тартылуы,  композициялық  құрылыстың  архитектоникасы  драма 

заңдылықтарын  жақсы  білгендігін  кӛрсетеді»,-деген  Р.Нұрғ алидың  пікірі  де  біздің  ойымызғ а 

дәлел  [2,  29].  Жазушы  ӛз  жаза  отырып,  ӛзге  қаламдастарын  халықтың  аңыз-ертегілерін,  жыр-

дастандарын  пайдалануғ а  шақырды.  Сӛйтіп,  қазақ  әдебиетіндегі  соны  соқпақты  сала  отырып, 

нағ ыз рухани құндылық халық әдебиетінде жатқанын, бар ескімізді жаңашылдықпен жаңғ ыртпай 

жаңаның  сара  жол  таппайтынын  баса  айтты.  Қай  кезде  де  фольклор  драматургияның 

қалыптасуына,  дамуына  да  үлкен  маңызғ а  ие.  Ол  таусылмайтын  кен  ғ ана  емес,  драма 

жанрындағ ы жаңалықтың қайнар кӛзі  де. Фольклорлық дәстүр әрқандай биік шыңғ а кӛтерілген 

әйгілі классик-драматургтердің қай-қайсысының да осы дәрежеге жетуіне себепші екендігі белгілі. 

Драматургия  жанрына  халықтық  жырлар,  эпостық  шығ армалардың  дәстүрін  игеру  ӛте  қиын 

шаруы. Мұның  күрделілігі  ауыз  әдебиеті  жанры  тек  ауызша  тыңдарманғ а арналғ ан  дүние,  оны 

сахна  тіліне  аудару  кӛп  тәжірибені  қажет  етеді.  Эпостың  құрылымында  драмалық  элементтер 

болғ анымен драмалық шығ арма емес. Эпостың драмадан ерекшелігі – эпостың кӛлемі кең, уақыт 

кеңістігі  мен  оқиғ аны  қамтуда  кейіпкерлер  саны  шексіз,  сонымен  бірге  бір  оқиғ адан  екінші 

оқиғ ағ а  ауысу  ӛте шапшаң,  жедел болады. Драма  сахналық  жанр болғ андықтан  бұл әдістердің 

ешқайсысын  пайдалана  алмайды.  Ӛйткені  мұндағ ы  кеңістік  пен  уақыт  шектеулі.  Драманың  осы 

ерекшеліктері драматургтің оқиғ ағ а материал таңдап, талдауында үлкен жауапкершіліктің болуын 

талап  етеді.  Осы  жауапкершілік  жүгін  молынан  кӛтерген    М.Әуезов  тәжірибесі    әдебиетке 

келгеніне аса кӛп болмаса да, ӛзіндік даралығ ын кӛрсетіп қалғ ан жазушы  Ғабит Мүсіреповке де 

үлгі болды. 1925  жылы  жарияланғ ан  ең алғ ашқы  әңгімесінен  1934  жылы  алғ ашқы  «Қыз  Жібек» 

драмасы  жазылғ ан  уақыттың  ішінде  Ғабит  жазушы  ретінде  қалыптасып,  күрделі  драматургия 

жанрының  теориялық  мәселелерін  де  игеріп  үлгереді.  Оның  фольклоризмінің  аса  құндылығ ы 

оның  осы  фольклордың  тӛл  туындысына  иек  артуымен  одан  әрі  асқақтай  түспек.  Драматург   

классикалық  эпосты  классикалық  драмағ а  айналдырды.  Әрине,  драмағ а  аяқ  баспастан  бұрын 

жазушы  проза  жанрында  қаламын  ұштап  алды.  Сол  прозалық  шығ армаларының  ӛзінен 

драматургияғ а  тән  шиеленіскен  тартыс,  қимыл-әрекет,  кейіпкерлердің    түрлі  диалогы  т.б. 

белгілердің  болуынан  оның  сол  жанрғ а  икемділігі  байқалып  та  қалды.  1934  жылы  халықтық 

жырдың  негізінде  әуелі  музыкалы  драма  деген  атпен  туып,  кейін  операның  либреттосына 

айналғ ан  «Қыз  Жібек»    пьесасы,  одан  кейін  1939  жылы  нағ ыз  классикалық  драмағ а  айналғ ан 

«Қозы  Кӛрпеш-Баян  Сұлу»  трагедиясы  жазылды.  Мүсірепов    М.Әуезовтен  кейін  фольклорғ а 

ерекше  ден  қойып,  халықтың  алтын  қорында,  жадында  сақталғ ан  жырларды  ӛзінің  драмалық 

шығ армаларына  арқау  етіп,  шебер  пайдаланғ ан  жазушы  ретінде  әдебиет  тарихында  қалды. 

Фольклорғ а  сын  кӛзбен  қарап,  ескінің  бәрін  іске  алғ ысыз  қылып,  барымызды  жоқ  қылуғ а 

тырысқан солақай саясат ӛткен ғ асырдың орта тұсында тіпті ӛршігенге ұқсайды. Оны жазушының 

1959  жылы  әдебиет  мәселесіне  байланысты  жасағ ан  бір  баяндамасындағ ы  мына  пікірлерден 

аңғ арамыз: «Сонау отызыншы жылдары ескілікпен екі арамыз тап  қазіргісіндей алшақ емес еді. 

Ескілік етегін жинап, тайып тұру былай тұрсын, қайта тамыры терең, азу тісі балғ адай қабырғ асы 

бүтін  тұрғ ан шағ ында  халықтың  рухани  қазынасын  исі  жаңаның бәріне  қарсы  жұмсай бастағ ан 

соң, біз сол асыл қаруды жұлып алып, сүртіп, тазартып, жаңартып, халықтың ӛз қолына ұстатуғ а 

ұмтылдық» деген екен [3, 464]. Осы ӛзі айтқан мақсат үдесінен жазушының ӛзі шығ а білді. Ӛзіне 

дейінгі М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясынан бастау алғ ан, яғ ни эпикалық тақырыпты бүгінгі 

әдебиеттің жоғ ары жанрында сӛйлету себептерін аңғ артады.  Халқымыздың сан ғ асырлық ақыл-

ой  жемісінің  дүниесін  халықтың  ӛзіне  жаңа  заманның  дәстүріне  лайықтап  ұсынуы  мақсатты 

әрекет болатын. 


Жазушының фольклорғ а бет бұруының себебін анықтауда тікелей фольклорлық туындыны 

қаламгерлік  айналымғ а  түсіргендігінің  куәсі  болғ ан    осы  драмаларын  айтпасқа  болмайды.  Осы 

орайда  классикалық  эпосты  классикалық  драмағ а  айналдырудағ ы  шеберлік  сырын  айқындау 

әрқашан  да  артық  емес.    Фольклор  мұрасы  әдебиеттің  мұрасына  айналып,  жазба  әдебиеттің 

«қазанында  қайнағ ан»  уақытта    сол  ӛзі  игілігіне  айналып  отырғ ан  әдебиеттің  шарттарын  басты 

теориялық  қазық  ететіні  белгілі.  Ендеше  драма  жазба  әдебиеттің    туындысы  десек,    жазушы 

мұнда да түпкі негізден әрі аса алмайды. Оның бұл жағ дайда арқа сүйейтін негізі – фольклорлық 

дәстүрлер.  Осығ ан  дейінгі  әңгіме-новеллаларындағ ы  ширыққан  оқиғ алар,  кейіпкерлер 

даралығ ы,  ӛткір  сӛз қағ ысулар  драмағ а  әбден  сұранып  тұрғ андай  еді  дедік.    Қаншама  жылдар 

фольклор  мен  ауыз  әдебиеті  ескілік  сарқыншағ ы  деп  таптық    тұрғ ыдан бағ аланып,    шетқақпай 

кӛріп  келген  тұста  кемеңгер  жазушы  сол  фольклордың  нағ ыз  классикалық  туындыларына  жол 

тартты.  «Қозы  Кӛрпеш  –  Баян    Сұлу»,  «Қыз  Жібек»  сияқты  бүкіл  халықтың  сүйіктісіне  айналғ ан, 

тіпті  әлем  әдебиетінде  классикалық  эпостар  қатарынан  саналатын    асыл  маржандарымызды 

жазушы талғ аммен таңдап алып, оның эпостық дәстүрін сақтай отырып, ӛзгеше стильде жаңаша 

түр  беріп,  халқының  ӛзіне  қайтарып  бере  білді.  Олар  жаңа  әдебиеттің  ӛшпес  қазынасына 

қосылып,  классикалық  драма  ретінде  мәңгілік  екінші  ғ ұмырын  бастады.  Кеңестік  дәуірде  ұлы 

қаламгерлеріміздің шығ армаларынан фольклорғ а қатысты деректер іздеу немесе оның кӛрінісін 

баяндау  оңай  болғ ан  жоқ.  Қайта  ондай  талпыныс  жасағ андарғ а  «классикалық  шығ армадан 

фольклор  үлгісін  іздеудің  қажеті  қанша?»  деген  қиқар  сұрақ  қойылып,  талайлардың  маңдайы 

тасқа соғ ылып жататын. Бұның бәрі фольклортану ғ ылымының әлі де кенжелеп  қалуынан, ауыз 

әдебиеті  мен  жазба  әдебиеттің  байланыс  бірлігін  түсінбеуден  туғ ан  кемшілік  қана  емес,  ұлт 

басына  бодандық  ноқтасын  кигізуден  пайда  болғ ан  келеңсіздік  еді.  Дәл  сол  шақта  халық 

қазынасының  мазмұнын  байытып,  ұсынуды  батыл  айтқан  жазушылардың  бірі  де,  бірегейі  – 

Мүсірепов  болатын.  Ел  арасында  ұлттың  мақтанышы  болғ ан  асқақ  шығ армаларғ а  дақ  түскен 

шақта Әуезов, Мүсірепов т.б. қаламгерлер ежелден келе жатқан батырлық, ғ ашықтық жырларды 

драмағ а айналдырып, хас шеберліктің шынайы үлгісін жасады. 

Алғ ашқы «Қыз Жібек» пьесасын  жазушының үйрену кезіндегі, ауыз әдебиеті тақырыбынан 

алып,  реалистік  шығ арма  жасау  жолындағ ы  алғ ашқы  қадамы  дер  едік.  Бұл  пьеса  әуелде 

музыкалық  драма  деген  атпен  туып,  кейін  операның  либреттосына  айналғ ан  туынды.  Жазушы 

жырдың  халыққа  ең  танымал  нұсқасын  таңдап  алып,  ондағ ы  әмеңгерлік  сарынды  алып  тастап, 

асыл  адамгершілікті  асқақтата  дәріптейтін, махаббат бостандығ ын  кӛтеретін  идеясын  тереңдете 

түскен. Жазушының драматургия жанрына келуіне осы сияқты қаламгерлік шеберлік мектебінен 

ӛтуі  себеп  болғ аны  сӛзсіз.  Ал  драматургиямыздың  тарихи  даму  жолында    ӛзгеше  ӛріс  болғ ан 

туынды - «Қозы Кӛрпеш – Баян  Сұлу» пьесасы. Дүние жүзіне даңқы жайылғ ан ғ ашықтар туралы 

бұл  эпос  туралы  кӛп  жазылды.  Тіпті эпостың бір  данасы    Пушкиннің үйінен  табылғ анын  кезінде 

Г.Потанин  жазғ ан.  Тіпті  орыс  жазушыларының  да  назарын  аударғ ан  бұл  дастаннан  сахналық 

трагедия жазу міндетін Ғабит Мүсірепов мойнына алды. «Қозы Кӛрпеш – Баян  Сұлу» драмасына 

эпикалық аңыздауғ а құрылғ ан жырды арқау етіп ала отырып,  драматург бұрынғ ы және қазіргі 

ӛмір  шындығ ын  нанымды  бейнелей  алды.  Ӛткен  замандар  қойнауынан  қазып  алып,  оны 

кӛркемдік жағ ынан қорытып, феодалдық-патриархалдық қазақ қоғ амы туралы күрделі реалистік 

туындыны дүниеге әкелді.  

Жазушының  драматургия  жанрындағ ы  бет  алысы  фольклорлық  тақырыпты  арқау  етуінен 

басталуының  ӛзі  оның  кейінгі  шығ армашылығ ындағ ы  орын  алғ ан  фольклорлық  негіздің  нық 

басталуына  куә  болады.  Енді  осы  фольклорлық  туындыны  жазба  әдебиеттің  кәдесіне  жаратуда 

жазушы  қандай  фольклорлық  дәстүрлерді  негізге  алды  дегенді  саралап  кӛрейік.  Алдымен, 

драмадағ ы  фольклорлық  сарын,  алдымен,  кӛркем  әдебиеттің  үш  тегінен  тарап,  ӛзектесіп 



жатқандығ ын  байқаймыз.  Әдебиеттің  эпос,  лирика,  драма-сынды  үш  тегіне  тән  дәстүрлер 

пьесаның ӛн бойында тұнып тұр. Эпостық дәстүр – эпикалық шығ армалардың басты ӛзегі. Оларда 

ӛмір шындығ ы кӛркем тұлғ алардың бойына жинақталып, солардың басында болатын қым-қуыт 

оқиғ алар  толқыны  арқылы  ашылады.Фольклордың  тӛл  мұрасы  лиро-эпостық  жырдың  негізгі 

мазмұндық дәстүрін үзбей, басты желі етіп ала отырып, эпостық баянның ӛзіндік үлгісін жасайды. 

Ел    аузында  аңыз  боп  тарағ ан  жырдың  түрлі  нұсқаларын  елеп-екшей  отырып,  кӛркемдеп  қағ а 

білген.    Жырдың  драмалық  шешім  табуында  Жантық,  Жарқын  сияқты  образдардың  енгізілуі  де 

жазушының  ескі  әдебиетіміздің  тұнық  бұлағ ын  қана  ішіп,  жақсы  дәстүрлерін  игере  білгендігі. 

Халқымыздың  бүкіл  арман-тілегіне  негіз  болғ ан  қиял  дүниесі  небір  ертегі,    аңыз,  жырларды 

дүниеге  әкелген  ғ ой. Сол  кең  ойлылық  драматург  қаламын  кең  тыныс беріп, эпостық сарынның 

жаңа түрге ие болуына мол мүмкіндік жасағ ан.  

Пьеса басындағ ы Қарабайдың: «Қарабайдікі дегенге бұл жұрттың қызықпайтыны болсайшы! 

Тек талап алайын деп отыр... Түс  кӛрсе, менің  жылқымнан басқаны кӛруді қойыпты бұл ел!» [4, 

10]  деген  сӛзінен  бастап-ақ  күллі  қара  ниет,  жамандық  атаулының  символы  болғ ан  образдың 

бұдан арғ ы характер  даралығ ын  әп  дегеннен тануғ а болады.  Түс  жору  –  сонау  ата-бабамыздан 

бастап бүгінге шейін жалғ асып келе жатқан кӛне дәстүріміздің бірі. Қазақ кӛрген түсіне үлкен мән 

берген.      Қолынан  келгенше  жақсылыққа  жоруғ а  тырысқан.  Егер  жамандықтың    белгісіндей 

хабары  болса,  «түс-түлкінің  боғ ы»  деп  кӛңіл  жұбатқан.  Осы  дәстүрді  Ғабит  драманың 

басталуында-ақ  Қарабай мен Жантық  диалогы арқылы, пьесаның ӛн  бойына  ӛзек  болатын  қара 

ниетті жауыздықты байқату үшін шебер  қолданғ ан. Жантық бейнесі  – бүкіл қазақ әдебиетіндегі 

арамдық,  сұмдықтың  символы.  Қарабай  кӛрген  түсін  айтып,    жоруын  ӛтінгенде  Жантық  одан 

сайын        қара  аспанды  тӛндіріп,  жамандыққа  жори  түседі. Міне,  осы  сәттен  бастап  ӛрбіп,  ӛрши 

түсетін  аярлық  пен  жауыздықты  шағ ын  ғ ана  диалогтар  арқылы  драматург  жігі  білінбейтін 

шеберлік  жібімен  ӛрген.  Жалпы,  фольклорлық  шығ армалардағ ы  қаһарманның  түс  кӛру  мотиві 

ертеден  келе  жатқан  тұрақты  құбылыс.  Драмадағ ы  Қарабайдың  түсі  оның  ӛңінде  ойлағ ан 

ойларының  немесе  істерінің  белгілі  бір  шамада  ӛзгеріске  ұшырағ ан  түрі.  Белгілі  ғ алым 

Г.Пірәлиева:  «Түс  –  ішкі  монологтың  бір  элементі,  яғ ни  кейіпкердің  кӛңіл-күйін,  санасындағ ы 

үздіксіз  жүріп  жатқан  процестің бір сәтін бейнелейтін  кӛркемдік  тәсілдің бірі»  [5,  194-195]  десе, 

«Түс кӛру мотиві бүкіл әлем халықтарына тән және оның атқаратын қызметі әр қилы, алдағ аны 

болжау кейіпкерді сақтандыру, кейіпкерге кӛмек беру, адамдарды белгілі іс-әрекетке шақыру», – 

дейді ӛз зерттеуінде Ыбыраев [6, 151]. Халық сенiмiнде түс кӛру үлкен орын алатынын аңғ арамыз. 

Алдағ ы  оқиғ аны,  адам  тағ дырын  кӛрген  түс арқылы болжап бiлуге  болады  деген  сенiм  мифтiк 

танымнан  туындағ ан. Сол  сияқты,  Тӛлегеннің  Ақ  Жайықтан  еліне  қайтар  мезгілінде  Жібектің 

жайсыз  түс  кӛріп  шошынуынан,  түбінде  сол  түстің  расқа  айналуын  баяндағ ан  тұстар  да  әсем, 

ажарлы берілген. Ауылынан ата-анасының айтқан уақытында, қасына нӛкер ертіп кетпей, Жібекке 

берген  уәдесінен  кешікпеу  үшін  асығ ып,  жалғ ыз,  жасырын  аттанғ ан  Тӛлегеннің  інісі 

Сансызбаймен  қоштасуынан  осындай  қауіптің  сарыны  сезіледі.  Қособаның  түбінде  Бекежан 

бастағ ан  алпыс  қарақшының  қолынан  мерт  болу  әлгі  түстің  “құдіретін”  дәлелденгендей  ұғ ым 

береді.  

Ал  лирикалық  толғ аныс  –«Қозы  Кӛрпеш  –  Баян    Сұлу»  драмасында  басы  ашық  тұрғ ан 

мәселе.  Лирика  –нәзік  сезімнің,  жан-дүниеде  болып  жатқан  кӛңіл-күй  тебіреністердің  кӛрінісі 

болғ андықтан, кейіпкердің рухани әлемін барлауғ а, оның ішкі дүниесін танытуғ а мол мүмкіндік 

беретін  жанр.  Сол  сияқты  аталғ ан  драмада  екі  жастың  бір-біріне  деген    ынтық  сезімі,  олардың 

алғ аш аттарын естіген, одан кейін кездескен, тіпті мәңгілік ажырасқанғ а дейінгі барлық сәттері – 

тұнып тұрғ ан лиризм. Ал драмағ а Жарқын секілді  ақынжанды адам образының енгізілуі мұндағ ы 

лирикалық  толғ аныс  әсерін  күшейте  түскендей. Жырдың  халықтық  нұсқасында Жарқын  образы 



болмағ анмен, драмағ а негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде енгізіп,  ӛзіндік характерімен даралауы    

драматургтың  тамаша  идеялық-кӛркемдік  шешімі  деп  білеміз.  Драмада  Қодар  бастағ ан  тоқсан 

сері  Баянғ а  сырттай  таласып,  ӛзді-ӛзі  қызыл  кеңірдек,  ұр  да  жық  болып  жатқанда  Жарқын  қыз 

сәлемін жеткізіп: 

Құзғ ын болса, қайтер еді?  Ӛлімтікке үймелер еді 

Жапалақ болса, қайтер еді? Жарбаңдап түнде  ұшар еді 

Ал, жігіт болса, қайтер еді? Оны жігіттердің ӛзі шешсін  деді, -дейді  [4, 15].  Осы мысалдағ ы 

Баянның кӛкейдегі сӛзін жеріне жеткізе айтып,     мірдің оғ ындай нысанағ а дӛп тигізген    Жарқын 

сӛзі ұйқасқа құрылып,  ӛзгеше лирикалық түр беріп тұр. Жарқын Баян ойын түйсігі барлар түсіне 

алатындай        тұспалмен  жеткізеді.        Ал  тұспалдап  сӛйлеу  –  халқымыздың  сӛз  құдіретінің,  ой 

даралығ ының бірден-бір  кӛрінісі.   Осы  екі  дәстүрді  драматург     шебер  байланыстырғ ан. Мұнан 

басқа да Жарқынның драмадағ ы кӛрінетін тұстары    лирикалық толғ аныспен  ұштасып жатады. 

«Қарағ ым-ай, самал жел Баян жақтан соқпағ анда, жарық жұлдыз Баян жақтан шықпағ анда дей 

бергенімде, баланың екі қолы мойныма оралып та қалғ ан екен... – Баян дедің бе, Баян дедің бе, 

жарқыным!  Тағ ы  бір  айтшы!  Ай  мен  Күн!  Кӛк  аспан,  жасыл  дүние,  куә  болыңдар!  Мына    жігіт 

«Баян»  деді, «Баян»  деді. О,  жасағ ан, алдай  кӛрме, Баян  деген басқа  біреудің  аты болып шығ а 

кӛрмесін!  –деп  екі  қолын  кӛкке  кӛтерді...»  деп  Жарқынның  тебірене  сӛйлеп  баяндағ ан  Қозыны 

кӛрген  сәтінің  ӛзі  -  ӛзгеше  бір  сурет.  Ақбас  жотаның  аясында,  табиғ аттың мамыражай, нәуетек, 

тамаша бір сәтін қызықтап жатқан кезі – фольклорда кейіпкерлердің табиғ атпен астасқан кӛңіл-

күй толғ аныстарын еске түсіреді.  Кейіпкердің жан- дүниесін, ішкі кӛңіл-күйін суреттеуде табиғ ат 

құбылысын  параллель  кӛрсету  тәсілі  халық  жырларында  тұнып тұр.  Ӛмір бойы табиғ ат  аясында 

кӛше  жүріп  тіршілік  еткен  қазақ  баласы  табиғ атқа  аса  жақын  болды.  Сондықтан  да  ата-

бабаларымыз ән-ыжрғ а, шынайы сезімге бейім болғ андай. Жоғ арыда кӛрсетілгендей, лирикалық 

толғ аныстар, ерекше тебіреністі күйден  туғ ан халдер драманың  оқиғ алар желісін үзбей,  ӛріліп 

отырғ ан. Халық тілінің дәстүрін тамаша игерген  Мүсірепов сол халықтың тӛл туындысын жазба 

әдебиеттің классикалық туындысына айналдыруда мінін бұзбай, сӛзбен сурет салады. Жырдағ ы 

сюжет  пен  драмадағ ы  сюжеттің  ара-жігінде  айырма  жоқтай,  халық  эпосының  құнарлы 

қазынасымен одан сайын тұшынтады. 

Осы  сияқты  лирикалық  толғ аныс  сезімдер,  кейіпкерлердің  жан-дүниесіндегі  тебіреністер 

драманың барлық оқиғ алар желісінде үзілмей кең ӛріс алып жатады. Әсіресе, Қозы мен Баянның 

ыстық  сүйіспеншілігімен  ӛрілетін  нәзік  сезім иірімдері...  Анасы Мақпалдың  қос  құлынын  қосуғ а 

жазбағ ан тағ дырына  налып, күңіреніп отырғ ан кезінің үстінен шыққан Қозы: «Жасырмашы, жан 

анам! Бүгін жер бетінде жалғ ыз-ақ ауыз сӛз жүр! Ол – Баян! Жел Баян деп ызыңдайды, кӛл Баян 

деп теңселеді,  ӛзен Баян деп ағ ады, Тау Баян деп күңіренеді, кӛк Баян деп күрсінеді! Анам Баян 

деп мұңаяды). Енді тек жӛн сілтеуің ғ ана қалды, сілтеші, жан ана!» [4, 21],  - деп толғ анады. Осы 

үзіндідегі кейіпкердің ынтызар кӛңілі, күдік пен үмітке толы сезімі табиғ ат құбылыстарының түрлі 

күйлерімен үндесе беріледі. Бұл тегін емес. Ықылым заманнан бері келе жатқан мәңгілік тақырып 

–  махаббат  тақырыбы  аңыз  боп  бүгінгі  әдебиетке  дейін  жалғ асын  тапты.  Аңызғ а  айналғ ан 

махаббат  сезімінің  алдында  әлемнің құпия  күштерінің ӛзі  дәрменсіз.  Халықтың  санасымен бірге 

сіңіскен мифологиялық  ұғ ымдар  жазушығ а  әбден  таныс,  оғ ан қанымен бірге  сіңген. Сондықтан 

да кейіпкерінің асқақ махаббатқа толы кӛңіл-күйі табиғ аттың ӛзімен қатар беріледі, яғ ни мифтік 

санамен  астастырылғ ан.  Мифтік  сана  ерте  кезең  адамдарының  ӛзін  қоршағ ан  айнала  туралы 

кӛзқарас-түсініктерінің    жиынтығ ын  құрайды.  Санасы  сәби  шақтағ ы  адам баласының қоршағ ан 

әлемнің құпия сырларын ӛзінше түсінуі, әр құбылыстың жаны бар деп қабылдап, соғ ан сенуі түрлі 



мифологиялық әңгімелерді туғ ызғ аны белгілі. Табиғ аттың түрлі стихиялық күштерімен күресуде 

ӛздерін  әлсіз  санағ ан  алғ ашқы  қауым  адамдары  олар  туралы  әртүрлі  нанымдар  туғ ызғ ан. 

Табиғ ат  құбылыстары  туралы  наным-сенімдер  жиынтығ ын  ғ ылымда  анимизм  деп  атайды. 

«Анимизм  латынның  «жан»  деген  сӛзінен  шыққан.  Бұл  наным  бойынша,  алғ ашқы  қауымның 

адамы бүкіл табиғ аттың, табиғ и құбылыстардың, тіпті әрбір заттың жаны бар деп сенген. Осының 

әсерінен  оларда  адамғ а  тән ӛмір,  қасиет бар  деп  сенген,  яғ ни  адам ӛзін  табиғ аттан бӛлмеген» 

[7,5].  Осылайша  мифологиялық  сарындарды  образды  суреттеу  жүйесінде  жазушы-драматург 

тамаша  қолдана  біледі.  Бұлайша  суреттеу  –  Ғ.Мүсірепов  драмасында  жиі  қолданылатын 

фольклорлық  дәстүр.  Мысалы:  «..  Бәрі қызығ уғ а  жаралғ ан!  Аямапты бергенде!...  Қияда  кӛрсең, 

қыран  дерсің,  қалыңда  кӛрсең,  жолбарыс  дерсің,  асқар  кӛрсең,  биігі  дерсің,  ӛз  қасыңда  бала 

дерсің, жібек жал арғ ымақ – Қозы Кӛрпешті тауып қайттым!»– деп Баян сүйсіне толғ анады [4,30]. 

Осы монологтан табиғ аттың тӛл перзенттеріне телінген Қозының біліктілігін, жүректілігін, кӛрерге 

кӛз  керек  сымбатын  танимыз.  Осы  сияқты  кейіпкерлерінің  ішкі  сезім  иірімдерін  бір  сәт  те 

бәсеңдетпей  кең  кӛлемде  суреттеп бере  білуі  –  жазушының  халық  фольклорының  эпостық қана 

емес,  лирикалық  дәстүрі  мен  әдіс-тәсілдерін  жете  меңгеріп,  шебер  пайдалана  білгендігінің 

нәтижесі.  Жалпы,  кейіпкердің  жан-дүниесін,  ішкі  кӛңіл-күйін  суреттеуде  табиғ ат  құбылысын 

параллель  кӛрсету  тәсілі  ұлттық  дәстүрмен  сусындағ ан  қай  қаламгердің  шығ армасына  да  тән 

құбылыс.   Мұндай мысалдар  драманың  тереңіне  бойлап,  тұнық  та  кӛркем тіліне қанығ а  түскен 

сайын  кӛз  сүріндіреді.  Қарапайым,  жадағ ай  бір  сӛз  жоқ.  Әр  сӛзі  үлкен  ойғ а,  терең  сезімге 

құрылғ ан.  Оқырманның  түгел  ойы  мен  жан-дүниесін  баурап  алатын  күшті  лиризм  драмадағ ы 

фольклорлық дәстүрлердің соңы емес.  

Жалпы,  драмалық  шығ армалар  бастан-аяқ  кейіпкерлер  сӛзінен  тұратыны  белгілі. 

Драмадағ ы  бүкіл  қимыл-әрекет,  тартыс  тікелей  кейіпкерлердің  диалогы,  монологы  арқылы 

кӛрінеді.  Сондықтан  сӛздің  қызметі  сол  драманың  бүкіл  идеясын  ашуда  орасан.  Сол  заңдылық, 

сол дәстүр Мүсірепов драмаларында шеберлікпен сақталғ ан.  

Сонымен,  эпостық  баяндау,  лирикалық  толғ аныс,  драмалық  тартыс  сияқты  фольклор  мен 

әдебиеттің  үш  тегінің  сарыны Мүсірепов  драмасындағ ы  фольклорлық  дәстүрлердің  негізгі  ӛзегі. 

Драматург халық аузындағ ы лиро-эпостық жырды арқау етіп ала отырып, ӛзгеше сапада, тарихи, 

қоғ амдық  мәнін  таптық  жағ ынан  айқындай  отырып    жаңаша  шешеді.  Эпостан  классикалық 

драманың  биігіне  сапар  шекті.  Зұлымдық  пен  махаббат  арасындағ ы  бітіспес  тартыстың  сырын 

ашатын  бұл  трагедия  драматургия  саласындағ ы    Ғ.Мүсірепов  талантының  шарықтай  түскенін 

кӛрсетті.  Халықтық  жырды  жазба  әдебиеттің  игілігіне  жарату  арқылы  драматург  рухани 

дүниемізге  М.Әуезов  салғ ан  ізбен  үлкен  леп  қосты.  Бұрын  тек  ауызша  таралғ ан  жырмен  ғ ана 

таныс  халықтың  эпос  кейіпкерлерін  тікелей  іс-әрекет  аясында  кӛрсетіп,  олардың  бүкіл  бітім-

болмысын, характерін жайып салды. Драмалық шығ арманың халыққа жетімділігінің, әсерлілігінің 

бір сыры оқиғ аның қызу тартысқа құрылып, оқиғ ағ а қатысатын адамдардың сӛзі мен ісі арқылы 

кӛрерменнің кӛз алдына шындықты қолма-қол кӛрсететіндігінде екені белгілі. Фольклордың тӛл 

туындысының жазба әдебиеттің игілігіне айналғ аны Ғ.Мүсіреповтің асыл мұрағ а деген адалдығ ы, 

халқы  алдындағ ы  перзенттік  парызын  ӛтегені  деп  санасақ,  оның  сол  драманың  ӛн  бойындағ ы 

фольклорлық дәстүрлерді ӛзіндік шеберлік жібімен ӛргені заңды құбылыс. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 


1.

 

Ғабдуллин.Н. Ғабит Мүсірепов – драматург. – А.: Өнер,1982.   



2.

 

Нұрғ алиев Р. Драма ӛнері. –А.: «Санат»,  -2001. 



3.

 

Тәжібаев Ә. Бес томдық шығ армалар жинағ ы. – Т.4. – А.: Жазушы, 1981. 



4.

 

Мүсірепов.Ғ. Драмалық шығармалар. – А.: Өнер, 1982 



5.

 

Пірәлиева Г. Кӛркем прозадағ ы психологизмнің кейбір мәселелері: түс кӛру, бейвербалды 



ишараттар, заттық әлем /. –А.: Алаш, 2003.

 

6.



 

Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы.–А.: Ғылым, 1991.  



7.

 

Қасқабасов С. Елзерде: Әр жылғ ы зерттеулер. –А.: Жібек жолы, 2008.  



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал