Ф. Бөрібекова, Ж. Болысбаев, М. Малбаева



жүктеу 61.94 Kb.

Дата18.05.2017
өлшемі61.94 Kb.

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

42 


 

          ӘОҚ 373.1.02:39 (512122) 



Ф. Бөрібекова,  Ж. Болысбаев,  М. Малбаева  

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

БАСТАУЫШ  МЕКТЕПТЕ   ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ  

ПАЙДАЛАНУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

В  работе  изложены  актуальные  проблемы  системы  образования,  а  также  рассмотрены 



основные особенности использования  проблемного обучения в учебном процессе начальной школы 

  In work actual problems of an education system are stated, and also the basic features of use of 

problem  training  in educational process of elementary school are considered 

 

 Проблемалық  оқыту  –  оқушыларда  өздігінен  шығармашылық  ойлауды  дамытудың  бір 



әдісі.  Оқушылар  алдында  проблемалық  сұрақтар  қою  немесе  проблемалық  жағдай  жасау 

арқылы  мұғалім  танымдық  қарама-қайшылықты  шешу  үшін  жетіспейтін  білімді  іздестіруге 

ынталандырад,  яғни  оқушының  ойлау  іс-әрекетін  белсендендіруге  ұйымдастырылған жағдай 

жасайды.  Бұл  ізденіс  мұғаліммен    біріккен  сыныптағы  іс-әрекет  уақытында  да  және 

оқушының  өзіндік  үйдегі  оқу  іс-әрекетінде  де пайда болуы мүмкін. 

 И.Я.Лернердің  айтуы  бойынша,  проблемалық  оқыту  бұл  бағдарламалық  материалдың 

мазмұнына  құралған  проблеманы  және  проблемалық  есептерді  шешу  процесі.  Ал 

М.И.Махмутовтың  айтуынша  «Проблемалық  оқытуда  оқушыларға  білімді  дайын  күйінде 

бермейді,  олар  проблемалық  жағдайды  шешуде  өзіндік  танымдық  әрекет  процесінде  ол 

білімге  ие  болады».  Проблемалы  оқыту  -  бұл  ғылым  негіздерін  оқып  –  білу  процесінде жеке 

адамның жалпы және арнайы қабілетінің  дамуы,  танымдық қажеттілігінің  қалыптасуы. 

 Проблемалық  оқытудың  көздейтін  мақсаты  –  оқушыларға  білімді  даяр  күйінде 

бәрін  мұғалімнің  өзі  баяндап  бермей,  олардың  алдына  белгілі  проблемалы  міндет  қойып, 

соны  өздеріне  шештіруге  бағыттау.  Оқытушы  оқушыларды  білім  жүйесімен,  іскерлікпен, 

дағдымен  қаруландырып  қана  қоймай,  олардың  шығармашылық  және  танымдық 

қабілеттерін  дамытады.  

 Проблемалы  оқытудың  негізгі  ерекшелігі  –  оқушылардың  білетіні  мен  білмейтінінің 

арасында  қайшылықтар  пайда  болады.  және  проблеманы  міндетті  шешуге  дайын  тәсіл 

болмағандықтан,  проблемалы  жағдай  пайда  болады,  осыған  орай,  оқушының  зденушілік 

әрекеті  мен ынтасы күшейе түседі. 



 Проблемалы  оқыту  өзіне  тән  үш  түрлі  формада  іске  асады:  проблемалы  баяндау, 

оқушылардың  біршама  іздену  және өздігінен  зерттеуі.   



 Проблемалық  оқыту  оқушылардың  таным  әрекетінің  негізгі  үш  кезеңінен  тұрады: 

проблемалық  міндет  қою  және  ұғыну;  проблемалық  міндеттті талдау, болжамдар жасау, оны 

шешудің  тиімді  амалдарын қарастыру;  проблеманы шешу  және оның дұрыстығын тексеру. 

Проблемалық оқытудың схемасы: 

1. Проблемалық ситуацияның пайда болуы. 

2. Проблемалық сұрақты қою, проблемалық есеп қою және оның қиыншылық мәніне   

жете түсіну. 

3. Болжау арқылы шешім  тәсілдерін  табу. 

4. Болжамды дәлелдеу. 

5. Проблема шешімінің  дұрыстығын тексеру. 

Проблемалық  оқыту  оқушылардың  танымдық  көкжиегін  кеңейтеді,  шығармашылық 

белсенділігін  арттырады.  Ол  білім  игеру  қарқынын  тездетеді,  қасиет  сапасын  жақсартады, 

жаңа  тапсырмаларды  орындау  кезінде  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  үйретеді,  оқуға  деген  ынта-

ықыласын  оятады.  Мұғалім  проблемалық  оқыту  әдісін  қолдана  отырып,  оқушыға 

проблеманы  өздігінен  анықтау  дағдысын  қалыптастырады,  сонымен  қатар  проблеманы 

шешудің  тиімді  бабын табуға үйретеді. 


                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

43 


 

Проблемалық  оқыту  элементтерін  оқыту  процесіне  енгізу  арқылы  оқушылардың 

алғырлыққа 

және 


тапқырлыққа 

ынтасын 


арттырады, 

оқу 


материалын, 

терең 


шығармашылықты  меңгеруге  дағдыландырады.  Оқушы  жаңа  материалды  белсенді 

қабылдайды,  есте  сақтайды,  ойлау  әрекетінің  күрделі  жүйесін  орындайды,  танымдық  және 

шығармашылық  қабілеттері  дамиды. 

 

Танымдық қабілеттер 

Р

 

Проблемалық материал 

Ойлау  операциялары    және  тәсілдерін 

меңгеру әдістері 

Меңгерілген 



білімді 

жаңа 


материалға тасымалдау 

Жүйелілік 

талдау. 

Синетика. 

Логикалық 

жаттығулар  жүйесі. 

Байланыстарды анықтау 



Проблемалық  жағдайларды  шешу  алгоритмі. 

Жүйелілік 

талдау. 

Логикалық 

жаттығулар 

жүйесі. Генетикалық талдау. 

Жасырылған  тәуелділіктер  мен 



байланыстарды анықтау 

Проблемалық  жағдайларды  шешу  алгоритмі. 

Жүйелілік 

талдау. 


Логикалық 

жаттығулар 

жүйесі. Генетикалық талдау 

Ақпартты интеграциялау және 



синтездеу біліктілігі 

(қорытынды жасай білу) 

Жүйелілік  талдау. Морфологиялық  талдау. 

Ақпартты ұйымдастыру 



Жүйелілік 

талдау. 


Логикалық 

жаттығулар 

жүйесі. 

Жағдайларды талдау 



Проблемалық  жағдайларды  шешу  алгоритмі. 

Логикалық жаттығулар  жүйесі. 

Процесті 



және 

нәтижені 

бағалай білу  біліктілігі 

Идеалды  соңғы  нәтиже  түсінігі  негізінде 

эталондар дайындау. 

Нәтижені 



болжай 

білу 


біліктілігі 

Жүйелілік  талдау. Генетикалық талдау 

Түсіндіре  білу  және  дәлелдей 



білу  біліктілігі 

Проблемалық  жағдайларды  шешу  алгоритмі. 

Логикалық жаттығулар  жүйесі. 

 

Шығармашылық  іс-әрекеті  алгоритмнен,  үлгіден,  формализмнен  аумаушылықты 



көтере  алмайды.    Шығармашылық  бұл  эвристикалық  іс-әрекеті,  оның  мәні,  негізгі 

идеялары тез түсініп  ұғыну,  істің  кенеттен шешілу  жолдарын табу. 

Проблемалық  оқыту  оқушының  білім  игеруі  мен  қабілетін  проблемалық  жағдайларды 

талдау жолдары арқылы жүзеге асырылады. 



Проблемалық  оқыту  кезінде  мына  нәрселер  айқын  көрінеді:  проблеманың  тууы  және 

сезіну;  шешімін  табуға  іздену,  оның дұрыстығын тексеру. 

Проблеманы сезіну  оқушыда  қиын жағдайдан шығу  жолдарын табуға жетелейді.   

Проблемалық  жағдайды  тудыратын  жәйттар:    проблеманың  өзі;  білімнің 

жеткіліктілігі;  өз  бетінше  жағдайдан  шығу  мүмкіндігі;  оқушылардың  танымдық  қызығуы 

мен зерделік  белсенділігі. 

 

 



 

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

44 


 

Шығармашылық қабілеттер 

Р/

с 

Проблемалық материал 

Ойлау операциялары  және тәсілдерін 

меңгеру әдістері 

1. 


Қарама-қайшылықтарға  сезімталдығы, 

проблемаларды қою және шешу. 

Проблемалық  жағдайды шешу  алгоритмі. 

2. 


Ақпаратты 

іздеудің 

басқа 

да 


альтернативті жолдарын қолдау. 

Проблемалық  жағдайды  шешу  алгоритмі. 

Жүйелілік  талдау. 

3. 


Идеяларды 

және 


байланыстар-ды 

қайта топтауға қабілеттілік. 

Проблемалық  жағдайды  шешу  алгоритмі. 

Жүйелілік  талдау. 

4. 

Дивергенттік  ойлау. (құнды елес) 



Ми 

шабуылы. 

Есептер 

шешу. 


Морфологиялық  талдау.  

5. 


Процестің  және  нәтиженің  әсемдігін 

сезіне  білу. 

ИСН  (идеалды  соңғы  нәтиже)  түсінігі 

негізінде  эталондар жасау. 

 

Проблемалық жағдайдың бірнеше түрлері бар: 

1.

 



Оқушылар  проблеманы  шешуге  қажетті  білім  жүйесін  таңдауға  оның  көптігінен 

қателікке  ұрынады. 

2.

 

Білімнің  жеткіліксіздігінен  проблеманы шешудің  мүмкіндігі  жоқ екенін сезінеді. 



3.

 

Оқушы  білімді  практикамен ұштастыруға  кезігеді. 



4.

 

Теориялық  білімнің  жетіспеушілігінен  практикалық  қарама-қайшылықтарға  тап 



болады. 

    Сабақ  өту  барысында  әр  түрлі  проблемалық  жағдайлар  тууы  мүмкін.  Мысалы,  мұғалім 

тақырыптың  өзінен-ақ  сұрақ-жауап  алу  арқылы  оқушыларды  қызықтыра  түсуі  мүмкін. 

Проблемалық  жағдайды тақырып мазмұнын түсіндіріп  тұрғанда да жасауға  болады.  

    Проблемалық  оқытудың  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Сабақты  ұйымдастыру  оның 

нақты  мазмұны  мен  мақұсатына  тікелей  қатысты.  Сондықтан  проблемалық  оқытудың 

талабына  жауап  беретіндей  етіпұйымдастыру  қажет.  Проблемалық  оқытуда  мұғалімнің  оқу 

процесін ұйымдастырушы  ретіндегі  ролі  үлкейеді. 



    Проблемалық сабақты тиімді өткізу үшін: 

1.

 



Оқушыларды  проблеманы қабылдауға  дайындау қажет. 

2.

 



Оқушыларға  белгілі  білім  мен фактілерден  проблемалық ситуация жасау. 

3.

 



Проблеманы тұжырымдау. 

4.

 



Пайда болған қарама-қайшылықты  шешу  үшін  болжам жасау. 

5.

 



Болжамдарды талдау арқылы кейбіреулерін  жоққа шығару  және басқаларын бекіту. 

6.

 



Қорытындыларды тұжырымдау. 

     Проблемалық  сабақ  барысында  мұғалім  проблемалық  жағдайды  шешу  процесіне 

басшылық  етеді;  оқушыларға  шешу  жоспарын  таңдауға  және  шарттарды  талдауға 

көмектеседі;  шешу,  қабылдау  процесінде  консультациялар  береді;  өзін-өзі  бақылау 

тәсілдерін  табуға  көмектеседі;  қателерді  талдайды;  проблеманы  ұжымдық  талқылауды 

ұйымдастырады. 



    Проблемалық жағдайды жасау үшін келесідей шарттар қажет: 

1.

 



Мұғалімнің  оқушыларға  практикалық  және  теориялық  тапсырма  беру  арқылы 

аталған  тақырып  бойынша  меңгеруге  қажетті  жаңа  білім  немесе  әрекет  тәсілдерін 

таңдап алуға мүмкіндік  береді. 

2.

 



Проблемалық  тапсырма  оқушылардың  интелектуалдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес 

келуі  қажет. 

3.

 

Оқушыларға  проблемалық  тапсырма  бергенде,  мұғалім  олардың  нақты  білім 



деңгейімен санасуы қажет. 

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

45 


 

4.

 



Проблемалық  тапсырма  ретінде  оқу есептері, сұрақтары, практикалық тапсырмалар 

т.б. болуы қажет.  

5.

 

Меңгеруге  тиісті  бір  сұрақ  көлемінде,  әр  түрлі  тапсырмалар  түрінде  проблемалық 



ситуациялар пайда болуы мүмкін. 

6.

 



Егер  оқушы  проблемалық  жағдайдан    шыға  алмаса,  яғни  шешім  таба  алмаса, 

мұғалім  пайда  болған  жағдайды  тұжырымдап,  не  себептен  орындалмағанын  көрсету 

қажет және жаңа шешімді  табу үшін  жаңа оқу  материалын түсіндеруге  кірісу  қажет. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР   



1.

 

Менчинская  Н.А.  Оқуға  қабілеттілік  пен  ізденіс  (аударған  Бұзаубаева  Қ.Ж.)  - 



Алматы, 2002 ж. 

2.   Бұзаубаева  Қ.Ж.  Ізденіске  үйрететін  жаңа  педагогикалық  технологиялар  -    Алматы, 

2003 ж.  

3.

 



Махмұтов  М.Ш.  Мектепте  проблемалық  оқытуды  ізденімпаздыққа  баулу  негізінде 

ұйымдастыру - Алматы, Мектеп,

 

1981 ж.


 

 

          ӘОҚ  376.8:811 



 

Ж.А. Жунусова,  А.А. Камалбекова  

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

АРНАЙЫ  МЕКТЕПТІҢ  ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

БАЙЛАНЫСТЫРЫП  СӨЙЛЕУ  ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Works  developing  intertelated  conversational  speech  of  students  in  Kazakh  language  lessons  in 



special schools are observed.  

В  данной  статье  рассматриваются  особенности  развития  связной речи в  специальной школе 

на уроках казахского языка. 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 



міндеттерінің  бірі  –  ғылым  мен  тәжірибенің  жетістіктері  негізінде  алынған  білімді  нақты 

жағдайда  пайдалану  икемділігін  меңгерген,  өз  бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру»  болып  табылатындығы  жазылған.  Бұл  міндеттер 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  да  қатысты  және  ол  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және 

медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»  Заңында  өз  бекітуін  алған.  Бұл 

заңды  жүзеге  асыру  барысында  республикамызда  ана  тілінде  оқыту,  соның ішінде мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  ана  тілінде  оқытудың  психологиялық-педагогикалық  теориясы  мен 

тәжірибесінің  дамуына  жағымды  алғышарттар  жасалуда.  Қазіргі  кезде  елімізде  дамуында 

ауытқуы  бар  балаларға  арналған  арнайы  мектептер,  арнайы  бала  бақшалар,  жалпы  білім 

беретін  мектептер  ішінен  арнаулы  сыныптар,  жалпы  бала  бақшалар  ішінен  арнайы  топтар 

көптеп  ашылуда.  Бірақ,  ғылыми-теориялық  негізде  қарастырылған  оқу-әдістемелік 

құралдардың,  ғылыми  зерттеулердің  жеткіліксіздігі  арнайы  мекемелерде  оқу-тәрбие  үрдісін 

тиімді  ұйымдастыруға  кері  әсерін  тигізуде.  Қазіргі  кезде  арнайы  педагогика  саласында 

дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  оқыту  мәселесіне  қатысты  тың  зерттеулер  жүргізілуде. 

Осындай  өзекті  мәселелердің  бірі  –  арнайы  мектеп  оқушыларының  байланыстырып  сөйлеу 

тілін  дамыту  мәселесі.   

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  –  бұл  сөйлеу  әрекетінің  ең  күрделі  түрі.  Байланыстырып 

сөйлеу  тілі  –  тек  өзіне  тән  белгілерімен,  сонымен  қатар  жүйелілікпен,  бірізділікпен,  баяндау 

ерекшелігімен  сипатталады  және  сөйлеудің  толық,  кең  түрде  берілуі  болып  табылады. 

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  дегеніміз  –  логикалық  бірізді  және  грамматикалық  дұрыс 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал