Этнопедагогиканың ғылыми-әдіснамалық негіздері. Мақсаты: Этнопедагогика пәнінің әдіснамалық негіздері туралы ғылыми түсінік беру. Жоспар



жүктеу 364.79 Kb.

бет1/4
Дата10.03.2017
өлшемі364.79 Kb.
  1   2   3   4

 

1.

 

Этнопедагогиканың ғылыми-әдіснамалық негіздері. 

 

Мақсаты: Этнопедагогика пәнінің әдіснамалық негіздері туралы ғылыми 

 түсінік беру. 



Жоспар: 

1.Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу. 

2.Этнопедагогиканың негізгі түсініктері:этностық тәрбие,       оқыту,ұлт,этнос. 

3.Этнопедагогиканыңмәдениеттану,философиялық,психологиялық, этнографиялық 

негіздері. 

Негізгі  ұғымдар: этнос,этнопедагогика 

 

Қазақстанның  егемендi  ел  болуымен  байланысты  оқу-ағарту  iсiнде  оның  басшылыққа 



алатын негiзгi идеялық бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында 

көрсетiлгендей…  қазақстандық  патриотизмге  негiзделуi  керек”.  Ал  Қазақстандық  патриотизм 

мемлекеттiң  территориялық  тұтастығын,  салт-дәстүрдiң,  ұлттық  мәдениеттiң  сақталуын, 

Қазақстанда  тiршiлiк  етушi  ұлттардың  бiрлiгiн  қамтамасыз  етудi,  олардың  өзара  саяси-

экономикалық және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы 

мемлекеттiк  қазақ  тiлi  мен  халықаралық  қатынас  тiлi  –  орыс  тiлiнiң  жетiлiп  көркеюiне  баса 

назар  аударуды  көздеу  болмақ.  Бұл  бағдарламада  келер  ұрпақтың  денсаулығын  сақтау  үшiн 

қамқорлық жасау, оларға қажеттi бiлiм беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгiнгi 

нарықтық қатынас жағдайында өздерiнiң ата-бабаларының дәстүрiн сақтай отырып еңбек етуге 

әзiр  болуын  қамтамасыз  ету  көзделедi.  Келер  ұрпақтың  бейбiт  отанда  өмiр  сүрiп,  шапшаң 

қарқынмен дамып, жан-жақты жетiлуi, Отанының адал патриоты болуы тиiс. 

Сондай-ақ  Қазақстан  үкiметi  қабылдаған  “Бiлiм  туралы”  заңының  “Бiлiм  жүйесi”  деп 

аталатын  екiншi  бөлiмiнде  “Бiлiм  беру  жүйесiнiң  (пәннiң)мiндеттерi;  Қазақстан 

республикасына  шын  берiлген,  адал  патриот  азамат  даярлау…  Олар  мемлекеттiк  белгiлердiң 

мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн… Халықтар достығының 

негiзiнде  тәрбиеленген,  халық,  отан,  отбасы  алдындағы  жеке  бастың  мiндеттерi  мен 

құқықтарын терең сезiнген… Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы – қазақ 

халқы  мен  басқа  халықтардың  тiлiн,  тарихын,  салт-дәстүрлерiн  қадiр  тұтып,  оны  игеруге 

кепiлдi азамат болуы керек” делiнген.  

Осы  мiндеттердi  ойдағыдай  орындап  шыға  алатын  азаматтарды  тәрбиелеушi  келешек 

ұстаздар қауымы – бүгiнгi педколледждер мен пединституттарда, университеттерде оқып бiлiм 

алып  жатқан  студент-жастар  болмақ.Ал  студент-жастарға  халық  педагогикасының  қыры  мен 

сырын,  ғылыми  негiздерi  мен  тәлiмдiк  мәнiн  ғылыми  педагогикалық  тұрғыда  игерудiң 

теориясы мен әдiстемесiн меңгерту мәселесiмен этнопедагогика пәнi айналысады.  

Этнопедагогиканың  зерттеу  обьектiсi  –  халық  педагогикасы.  Халық  педагогикасы 

халықтардың  ғасырлар  бойы  ұрпақ  тәрбиелеу  тәсiлдерiне  негiзделген  бай  тәжiрибесiнiң 

эмприкалық жиынтығы. 

 Бұл  пәннiң  көздейтiн  мақсаты  –    халықтық  тәрбие  түрлерiн  студент  жастардың  бойына 

сiңiрiп,  бiлiм,  бiлiк  дағдыларын  дамыту,  сөйтiп  дене  еңбегiне  де,  ой  еңбегiне  де  қабiлеттi, 

нарықтық-бәсекелестiк жағдайында өмiр сүруге икемдi, жан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеп 

шығару. Ол жан және тән тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы студент-жастардың қайрат-жiгерiн, 

ақыл-парасатын  халықтық  өнер  туындылары  негiзiнде  оқытып,  тәрбиелеу  арқылы  iске 

асырылады.  

Халықтық тәрбиенiң негiздерiн бiлдiртiп меңгерту үшiн, ең алдымен этнопедагогика ның 

теориялық-әдiснамалық,  танымдық  негiздерiн  үйренiп  бiлуге  тура  келедi.  “Этнос”  гректiң  – 

еtпоs  —  тайпа,  халық  деген  сөзiнен  шыққан.  Ғылымда  “халық”  терминiнiңорнына  “этнос” 

терминi  орынды қолданыла бастады.     Ал ол этнос (ұлт) туралы ұғымды, этностардың туып, 

дамып  қалыптасуын,  этномәдениеттiң  ерекшелiктерi  мен  оның  әлемдiк  өркениетке  ұштасуын, 


кiрiгу процесiн теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.Этностар мәдениетiн зерттеу iсiмен 

ғылыми-методология  айналысады.  Сондықтан  этнопедагогика  пәнiн  оқытуды  этностар 

мәдениетiн зерттеудiң ғылыми-методологиялық, теориялық негiздерiн оқытудан бастауды жөн 

көрдiк.  Этностар  өзiнiң  өмiр  сүру  кезеңiнде  нақтылы  тарихи  жағдайларға  (оның  iшiнде 

қоғамдық құрылыстардың да) байланысты бiрнеше рет өзгеруi мүмкiн. Этностар орта есеппен 

1200-1500  жыл  өмiр    сүредi.  Бiрақ  ол  түрлi  географиялық,  экономикалық,  әлеуметтiк 

жағдайларға байланысты бiрде ұзақ, бiрде қысқа болуы ықтимал.  

 

Жеткiлiктi географиялық жағдайға бейiмделмеген тiршiлiк иесi (оның iшiнде адам 



да) басқа жаққа ауып кетуi керек немесе өлiп, жоғалып тынады. Тiршiлiктiң жер бедерiне қарай 

икемделуiн  биология  ғылымы  қарастырады.  Ал  ол  тiрi  организмде  болатын  биологиялық 

өзгерiстi  географиялық  жағдаймен  байланыстыра  зерттейтiн  болғандықтан,  зерттеушiге 

географиялық  заңдылықтарды да жақсы бiлуi қажет.  Бұл принцип халықтық  астрономия мен 

медицинада өзектi орын алды. Кейiн жеке ғылым салаларының дамып өркендеуi нәтижесiнде, 

ол  түсiнiктер  негiзсiз  болып,  практикалық  iс-тәжiрибеден  бiртiндеп  ығысып  шыға  бастады. 

ХVIII-ХIХ ғасырларда ғылыми жаңалықтардың ашылып, орасан көп мәлiметтердiң жинақталуы 

ғылым  салаларының  кеңейiп,  тармақталуына  мүмкiндiк  туғызды.  Мұнан  басқа  ұлттық 

ерекшелiктердi зерттейтiн этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар. 

Ұлттың  ұлт  болуы  үшiн  қажеттi  аумақтық,  экономикалық,  мәдени,  психологиялық 

бiрлiкпен бiрге, тiлдiк тұтастық басты және ең негiзгi белгiлердiң бiрi болып саналады. Ұлттық 

тәлiм-тәрбиенi (этнопедагогиканы) iске асыратын ұлттық тiл (этнолингвистика) екенi, ал оның 

ұлттың  iшкi  жан  дүниесiмен,  сана-сезiмiмен  байланысты  (этнопсихологиямен)  жүргiзiлетiнi 

көпке  аян.  Этнолингвистика  тiлдi  этносқа  қатысы  жағынан  зерттесе,  психолингвистика  оны 

адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.  

 Ал  философия  –  ғылымдардың  ғылымы,  барлық  ғылымдарды  зерттеудiң  әдiс-тәсiлдерiн 

жинақтаушы,  этностың  болмыс-бiтiмiмен  байланысты  мәселелердiң  басын  бiрiктiрiп, 

методологиялық тұрғыда талдау жасайтын алтын дiңгек iспеттi.  



 Бақылау сұрақтары: 

1.Этнопедагогика  ғылымының шығу тарихы. 

2.Этнопедагогика пәнінің принциптері қандай. 

3.Этнопедагогиканың негізгі  түсініктерін ата. 

4.Этнопедагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. 

Ұсынылған әдебиеттер 

1.Қалиев  С.  Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық  мәселелерi    және  тарихы.  –Алматы 

“Бiлiм” 2004. 

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. -Алматы “Санат” 1995.. 

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы “Санат” 2001. 

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” -Астана. 2005.  

5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi.-Алматы. “Рауан” 

1995. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі. 

 

Мақсаты: Педагогика классиктерінің еңбектеріндегі халықтық тәрбиенің ұлттық жүйесін 

жан-жақты түсіндіру.  

Жоспар:  

1.Педагог классиктерінің мұраларындағы халықтықтәрбиенің мәні. 

2.ХУ-Х1Хғ.қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі.  

3.Ш.Уалиханов,Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтың  еңбектеріндегі  халықтық  тәрбие  жайлы 

көзқарастары.  

 

Қай халықтың болса да мәдениетiнiң шарықтауы мен құлдырауы – табиғи заңды процесс. 



Бiр  кезде  (бiздiң  жыл  санауымызға  дейiнгi  II  ғасырда)  егiншiлiкпен,  сауда-саттықпен 

айналысқан  қытайлықтар  малшаруашылығымен  айналысқан  ғұндарға  қарағанда  мәдениетi 

жоғары,  өркендеген  ел  болған.  Бүгiнгi  аса  мәдениеттi,  экономикалық  жағынан  күштi  деп 

саналатын  Еуропа  елдерi  ол  кезде  (бiздiң  жыл  санау  дәуiрiмiздiң  басында)  Қытай,  Персия 

елдерiне  қарағанда  мәдениетi  әлдеқайда  нашар  дамыған  елдер  болған.  Мiне,  осы  тарихи 

процестерге  негiздеп  ежелгi  қытай,  моңғол  жазбалары  мен  орыс,  батыс  ғалымдарының 

еңбектерiне  сүйене  отырып,  “қазақтар  –  түрiк,  моңғол,  үндi-иран  тектес,  Қазақстан 

территориясында тiршiлiк еткен. “Еуразия даларының көшпелi үштiгiнен тараған сақ, ғұн, үйсiн 

тайпаларының қосындысынан құрылған ежелгi халық”  деп қараймыз.  

Түркi  қағандығы  құрылып,  Iле  Батыс-Түркi  қағандығының  бөлiнiп  шығуы  (603  ж.), 

тайпалар мен тайпалық бiрлестiктердiң өзара сiңiсуiне жағдай туғызды. Батыс Түркi қағандығы 

Қаратаудың  шығыс  бөктерiнен  Жоңғарияға  дейiнгi  ұлан-байтақ  жерлердi  алып  жатты.  Қазақ 

халқының  ұрпақ  тәрбиелеу  жөнiндегi  сонау  көне  ғасырлардан  келе  жатқан  тәжiрибесiн,  қазақ 

хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып 

қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi — Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi 

болып  саналатын  ұлы  даланы  мекендеген  түркi  тектес  (тiлдес)  халықтардың,  одан  әрi  ғұндар 

мен сақтардың бiр  елдi, бiр жердi  мекендеп, оны сыртқы жаулардан  қорғап, бiр тiлде сөйлеп, 

бiр  дiнге  сенiп,  әлем  мәдениетiнiң  қалыптасуына  тендесi  жоқ  үлес  қосып,  бүгiнгi  түркi 

халықтарына  ортақ  мәдениет  пен  тарихтың  көне  бастауы  болғанын  бүгiнгi  ұрпақ  өмiр 

тәжiрибелерiнен көрiп отыр. 

 Х-ХҮ  ғ.ғ.  аралығында  Шығыстың  екiншi  Аристотелi  атанған  әл-Фараби  атамыздан 

бастап,  бiр  топ  ойшыл  ғалымдар  түркi  топырағында  өмiр  сүрiп,  ғылым-бiлiмдi  өркендетуде 

өшпес iз қалдырған. 

Солардың iшiнде әл-Фарабидiң ұстаздық (ғалымдық) еңбегi ерекше. Оның жан мен тәннiң 

пайда  болуы  жайындағы  трактамаларында  өзiнен  бұрынғы  Платонның  “Жан  тәннен  бұрын 

пайда  болады  деген  пiкiрiн  жоққа  шығарып,  жан  мен  тән  бiрге  дамиды,  тәнсiз  жан  жоқ,  жан 

тәннiң тiршiлiк қасиетi. Адамның тәнi де, жаны да өткiншi деп ой топшылайды. 

Ол өзiнiң “Жан туралы” деген еңбегiнде жанды өсiмдiктерде, жануарларда, адамда болады 

деп үшке бөле келiп, айналаны тану қуаты жануарлар мен адамға тән дейдi.  

Әл-Фарабидiң  медицина  саласындағы  еңбектерiнде  дәрiгерлердiң  адам  жанын  дәрi-

дәрмекпен  де,  сөз  құдiретiмен  де  емдеп  жазатыны  туралы  ой  қозғайды.  Бұл  бүгiнгi  тiлмен 

айтқанда психотерапия.  

Жүсiп Баласағұни (ХI ғ.) Түркi тектес халықтардың тәлiм-тәрбиелiк пiкiрлерiнiң iлкi 

бастауы – төп төркiнi болып табылатын рухани мұра “Құдатғу бiлiг” (Құтты бiлiк) атты 

еңбектiң авторы.   

Ол iзгiлiк – адамзат үшiн ең қажеттi қасиет басшы iзгi болса, халқы да iзгi болады дейдi. 

Баласағұн  бiлiм  мен  еңбекпен  байлыққа  қолың  жетсе  мақтан  ба,  асып  таспа,  адамдық  ардан 

аттама  дегендi  өсиет  етедi.  Әдiлет  жолын  қу,  шыншыл  бол,  сараңдық  пен  аш  көздiктен  аулақ 

бол  дейдi.  Ол  тектiлiк  туралы  сөз  қозғап  ел  билейтiн  әкiмдердiң  тектiлерден  шығуын 

қуаттайды.  



Ахмет  Яссауи  –  бiлiмпаз  ғалым,  ақын,  дiндар-теолог,  ойшыл,  бүкiл  түркi  жұртының 

рухани  атасы.  Ол  Сайрамда  туып,  Жiбек  жолының  бойына  орналасқан  Түркiстан  қаласында 

тұрған.  Оның  “Диуани  хикмет”  атты  дастаны  бар.  Яғни  ол  “Алланың  ақ  жолын  баяндайтын 

кiтап”  деген  мағынаны  бiлдiрген.  Яссауидiң  “Хикмет”  кiтабында  адамдарды  адамдық  жолға, 

iзгiлiкке шақырып құдайға құлшылық ету, күнәдан айырылуды уағыздайды. Ол уағыздаған бес 

нәрсе мыналар: 

 1.Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық болу;  

2.Менмен, тәкаппар болмау; 

3.Арамдықтан аулақ болу; 

4.Дүние-мүлiк үшiн арды сатпау; 

5.Ерiншек болмай – еңбектi сүю. 

Махмұд Қашқари орта ғасырдағы түркi тайпаларынан шыққан iрi ғалым, ауыз әдебиетiн 

жинаушы.  Шамамен  1029-1039  ж.  туған.  Әкесi  Барсмағанның  әмiрi  Бураханның  немересi. 

М.Қашқари – араб, парсы мәдениетiн, араб грамматикасын жетiк бiлген.  

Онда 6800 түркi сөзiне араб тiлiнде түсiнiктеме берiлген. 242 бәйiт өлең, 262 мақал-мәтел 

қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады.  

Осы өңiрден шыққан тағы бiр ойшыл – Ахмет Иүгнеки (ХIIғ) едi. Оның “Хибатул хикайқ” 

(Ақиқат  сыйы)  атты  шығармасында  iлiм-бiлiмдi  игеру  iсiнiң  халық  үшiн  пайдасы,  оның 

көзқарасының  бұқаралық  сипаты,  гуманистiк  ой-пiкiрi  айқын  сипатталады.  Ол  сол  заманның 

адамдарының бойындағы ұнамды, ұнамсыз, моральдық-этикалық қасиеттердi атап қана қоймай, 

сонымен  бiрге  бiрсыпыра  пайдалы  кеңестерде  ұсынады.  Қазақтың  ұлы  жыраулары  Бұқар 

жырау,Шалкиіз,Ақтамберді,  Қорқыт  ата  еңбектерінде  халықтық  тәрбиені  Жан-жақты    талдап 

көрсеткен.  

 XIX  ғасырдың  екiншi  жартысында  өмiр  сүрiп,  қазақтың  ұлттық  тәлiмгерлiк  ой-пiкiрлерi 

мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты 

демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, 

П.С.Паллас,  А.Вамбери,  А.Левшин,  В.Радлов,  А.Янушкевич,  Н.Г.Потанин,  Н.Л.Зеланд.  т.б.) 

қолжазбалары  десек,  екiншi  —  XX  ғасырдың  алғашқы  20-30-жылдарында  бұл  iстi  ғылыми 

тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, 

Ш.Құдайбердиев,  X.Досмұхамедов,  М.Дулатов,  Н.Құлжанова,  М.Әуезов  т.б.  болды.  Яғни,  бұл 

кезеңдi  қазақ  этнопедагогикасының  ғылым  ретiнде  туып,  қалыптасу  кезеңi  деп  қараймыз. 

Үшiншi  кезең  —  35-40  жылдық  үзiлiстен  кейiн  (1970-2000  ж.ж.)  қазақ  этнопедагогикасының 

қайта  жанданған,  даму  дәуiрi.  Қазақ  жазба  әдебиетiнiң  негiзiн  қалаушы,  классигi  Абай 

Құнанбаевтың  ең алғаш нәр алған бастау бұлағы – қазақтың бай ауыз әдебиет үлгiлерi болса, 

екiншi  –  Физули,  Фердауси,  Низами,  Науаи,  Сағди,  Қожа  Қафиз  сияқты  шығыс  әдебиетi 

классиктерi едi. Үшiншщi  – бертiн оңы мен солын тани бастағанда, Семейге жер ауып келген 

демократияшыл  орыс  зиялылары:  Михаилес,  Долгополов,  Гросс  т.б.  достық  қарым-қатынаста 

болып, солар арқылы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крыловтың, батыстың ұлы ақындары Гете, 

Байрон, Шекспир, Шиллер еңбектерiмен танысты. Олардың (Пушкин, Лермонтов, Гете, Крылов 

т.б.) шығармаларын қазақ тiлiне аударды, Пушкиннiң Евгени Онегин поэмасынан Татьянаның 

хатына арнап ән жазды    

 

Бақылау сұрақтары: 

1. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар 

2. Я.А.Коменскийдің қосқан үлесі.  

3.К.Д.Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері.   

4.А.С.Макаренконың педагогикалық еңбектеріндегі халықтық тәрбие.   

5.В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.  

6.ХУ-Х1Хғ.қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебін ата. 

7.Абай қандай орыс шығармаларын   қазақ тіліне аударды.   



Ұсынылған  әдебиеттер 

1.Қалиев  С.  Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық  мәселелерi    және  тарихы.  –Алматы 

“Бiлiм” 2004. 

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. -Алматы “Санат” 1995.. 

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы “Санат” 2001. 

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” -Астана. 2005.  

5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi.-Алматы. “Рауан” 

1995. 

 

3. Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты 

 

Мақсаты: Әр халықтың тәрбие мақсатының ортақтығын  түсіндіру.  

Жоспар: 

1.Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтығы. 

2. Халықтың педагогикалық мәдениеті,мәні,мазмұны.      

3.Ұлттық психологияның еркшеліктері 



Негізгі  ұғымдар: 

 

Академик  Г.Н.Волковтың  пiкiрiнше,  халықтық  педагогиканың  ерекшелiгi:  оның  адам 



баласының  дүниеге  келген  күнiнен  бастап  бiрге  жасасып  келуiнде,  адамдардың  қоғамды 

құруда,  қоршаған  ортаны  —  табиғатты  өзiне  икемдеп  игеруiнде,  еңбек  тәрбиесiнiң  алғашқы 

адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық 

тәрбие  жөнiндегi  қағидалары  өмiрлiк  тәжiрибеге  негiздеген  эмпирикалық  бiлiм  болып  келуi, 

оның  ұлттар  мен  ұлыстардың  жазу  мәдениетi  шықпай  тұрған  кезiнде  пайда  болып,  халық 

арасында ауызша тарауы.  

Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне 

сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз. 



 

1-кесте.  Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдерi.  

 

Тас, қола 



заманда-ры 

 

ҮII-III 



ғғ.  Б.д.  Үғ. 

дейiн 


ҮI-

IХғғ.  аралы-

ғы 

Х-ХҮғғ. 


аралығы 

ХҮ-


ХҮIIIғғ 

аралығы 


ХҮIIIғ.-дан 

ХХ ғ.  


20ж дейiн 

1920-1990 

жж 

аралы-ғы 



1991ж.

кейiнгi 


егемен-дi ел 

Алғашқы 


қауымдық 

құрылыс 


кезiндегi тәрбие 

 

Сақтар 



мен  ғұндар-

дың 


жа-

уынгер-лiк 

тәр-биесi 

Ұлы 


Түрiк 

қағана- 


ты 

кезiн 


дегi 

тәлiм-тәрбие 

Араб 

Шығыс  мәде-



ниетi, 

орта 


ғасыр  ойшыл-

дарының 


тәлiмгер-лiк 

ой-пiкiрлерi 

Қазақ 

хандығы 


кезiндегi 

ұлттық  тәлiм-

тәрбие 

көрiнiс- 



терi 

(жырау- 


лар  поэ-

зиясын-дағы 

тәлiмдiк 

ойлар) 


Қазақстан 

Ресейге қосылу 

кезiндегi  

ұлт-


азаттық 

қозғалысымен 

ағарту- 

шылық, 


демокра-тиялық 

бағыттағы 

тәлiм-тәрбие 

Кеңес 


тiк  дәуiр-

дегi 


ғылыми 

педаго-


гиканың 

қалыптасуы 

Тәуел- 

сiз  Қа-


зақстан-дағы 

ұлттық 


тәлiм-

тәрбие-нiң 

өр-кен  жа-

юы 


 

Барлық  халықтың  тәрбиедегі  мақсаты  бір.  Себебі  ұлт  болып  қалыптасуы  үшiн  қажеттi 

факторлар:  оның  құрамына  енген  адамдар  тобының  материалдық  тұрмыс  жағдайларының, 

территориясы  мен  экономикалық  өмiрiнiң,  тiлi  мен  мәдениетiнiң,  әлеуметтiк  психологиядағы 

сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтастығы болып табылады. 


Ұлттық  психикалық  құрылым  мен  ұлт  мәдениетi  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Ұлттық 

психикалық  ерекшелiк  ұлт  мәдениетiнiң  түрлерiнен  көрiнiс  бередi.  Мысалы,  бiз  ән-күйлердi, 

билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа 

тән екенiн бiрден айырамыз. 

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас 

ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, 

дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық 

жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-

тiлектерiн дұниеге әкелдi. Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен 

адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, 

жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан “бiрауызды 

қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi 

ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын 

факторлар болды. 



Бақылау сұрақтары 

1.Этностардағы тәрбие мақсатының ортақтығы неде. 

2.Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеудің жеке  тұлғаның дамуындағы маңызы. 

3.Халықтың педагогикалық мәдениеті,мәні,мазмұны.  



Ұсынылған  әдебиеттер 

1.Қалиев  С.  Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық  мәселелерi    және  тарихы.  –Алматы 

“Бiлiм” 2004. 

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. -Алматы “Санат” 1995.. 

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы “Санат” 2001. 

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” -Астана. 2005.  

5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi.-Алматы. “Рауан” 1995. 

 

4. Этнопедагогикадағы тәрбие әдістері және құралдары 

 

Мақсаты: Этнопедагогикадағы тәрбие әдістері мен құралдарын түсіндіру. 

Жоспар: 

1.Этнопедагогикадағы тәрбие  әдістері. 

2.Халықтық тәрбиенің құралдары. 

3.Табиғат тәрбие құралы. 



Негізгі  ұғымдар: 

Халық педагогикасының теориялық негiздерiн зерттеушi ғалым Е.Л. Христова халық 

педагогикасын — “халықтың таптық педагогикалық санасы” деп, ал “дәстүрлi педагогиканы — 

белгiлi ұлттық педагогиканың санасы”     ретiнде қарастырады.Ол өзінің еңбектерінде тәрбиенің 

әдістерін жан-жақты талдап,көрсеткен.Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістеріне 

сендіру,пайымдау,үйрету, әсерлендіру т.б атауға болады. Тәрбиелік мақсаттарды 

визуалдық,аудиовизуалдық тәсілдер мен әдістерде қолданылатынын атап көрсеткен.  

Этнопедагогика–  дегенiмiз  фольклорлық  шығармалар  мен  ұлттық  салт-дәстүрлердiң 

тәлiм-тәрбиелiк  мән-мағынасы  мен  оны  оқу-тәрбие  жүйесiнде  қолданудың  әдiс-тәсiлдерiн 

зерттейтiн педагогика ғылымының бiр саласы. 

Салт-дәстүрлер  халықтың  тұрмыс  тiршiлiгiмен,  өмiрге  деген  көзқарасымен  байланысты 

туып дами.  



 

Әр ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi бар. Ол мәдениет 

сөйлеу тiлiнен, ойлау жүйесiнен айқын көрiнiс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелiк 

сол халықтың өмiр сүру тәсiлiнен, дiни-наным сенiмiнен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен 

дәстүрiнен өзектi орын алады. 

Қазақ  халқының  психологиялық  ой  толғаныс  ерекшелiгiн  сөз  етсек,  ол  тұспалдап, 

мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнерi арқылы көзге көрiну. 


Халық  педагогикасының  негiзгi  мақсаты  —  өзiнiң  бай  тарихи  тәжiрибесiне  сүйене 

отырып,  келер  ұрпақты  еңбек  сүйгiштiкке,  өнерге  баулу,  отбасы,  ауыл-аймақ,  Отанның  ар-

намысын қорғай бiлетiн, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал