Естеміров Мұхамеджан бас мүфти ержан қажы малғажыұЛЫ



жүктеу 410.26 Kb.

бет1/4
Дата12.09.2017
өлшемі410.26 Kb.
  1   2   3   4

 

Естеміров Мұхамеджан

БАС МҮФТИ ЕРЖАН ҚАЖЫ 

МАЛҒАЖЫҰЛЫ

ҒИБРАТНАМА

«АЗИАТ» баспа үйі

Шымкент, 2013ж



УДК-28

ББК-86.38

Е-85

Қазақстан мұсылмандары діни 



басқармасының ОҚО бойынша өкілдігінің 

ғылыми кеңесі тексеріп, мақұлдаған



Құрастырған автор 

Естеміров Мұхамеджан Жамантайұлы,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам 

орынбасары, т.ғ.магистрі

Бұл  кітапта  дін  және  мемлекет  қайраткері, 

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының 

төрағасы,  Бас  мүфти  Ержан  қажы  Малғажыұлы 

хазреттің  түрлі  деңгейдегі  кездесулер  мен 

жиындарда айтқан қанатты һәм ғибратты сөздері 

жинақталған.  Кітап  барша  оқырман  қауымға 

арналады.



ISBN 9965-9786-8-9

«АЗИАТ» баспа үйі, 2013

3

«Біз  мұсылманбыз,  оның  ішінде 

Әбу  Ханифа  мазһабын  ұстанатын 

сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған 

бұл  жол  ұлттық  салт-дәстүрді,  ата-

ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, 

бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін 

– ислам дінін қадірлей отырып, ата 

дәстүрін ардақтағаны абзал.»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев




АЛҒЫ СӨЗ 

Бисмилләһир рахманир рахим!

Барлық  мадақ  бір  Аллаһқа  ғана  лайық. 

Күллі  дүниені  жаратушы  Аллаһ  тағаланың 

салауаты  мен  сәлемі  әлемнің  рахым  нұры 

Мұхаммедке  (с.а.с)  оның  әулеті  мен 

сахабаларына болсын!



Құрметті мұсылман жамағат!

Бұл  «Ғибратнама»  атты  еңбекте  діни 

қайраткер,  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан 

қажы Малғажыұлы хазреттің түрлі деңгейдегі 

кездесулері  мен  жиындарда  айтқан  қанатты 

һәм ғибратты сөздері жинақталған. Онда асыл 

дініміздің  өсіп-өркендеу  жолдарымен  қатар, 

өскелең  ұрпақ  –  жастарымыздың  бойына 

тағылымды тәлім-тәрбие мен отан сүйгіштік 

қасиеттердің  сіңірілу  барысы,  Әбу  Ханифа 

мазһабының қадір-қасиеттері, т.б. мәселелерге 

байланысты  ойлар  жан-жақты  баян  етілген. 

Сонымен  қатар,  еңбекте  тұрлаулы  тарихи 

тағылымдар сөз болып, ұлттық салт-санамыз 

бен  өзге  де  құндылықтарымыздың  дінмен 



5

сабақтастығы  жөніндегі  айшықты  ойларға 

кезек берілген. 

Шын  мәнінде,  білімі  мен  біліктілігі 

астасқан жас Дінбасы туралы көпшілік қауым 

әлі де толыққанды танып, біле бермеуі мүмкін. 

Мысырдағы  әйгілі  әл-Азһар  университетінің 

Шариғат және заң факультетін бітірген хазрет 

Египеттің Каир мүфтиятының Пәтуә шығару 

бөлімінде  білімін  шыңдады,  біліктілігін 

арттыра түсті. Бүгінде елімізде мұндай ілімді 

мамандардың тапшылығы анық сезіледі. 

Дінбасылыққа  сайланғанына  көп  уақыт 

өте  қоймаса  да  Ержан  қажының  тарапынан 

ауыз  толтырып  айтарлықтай  істердің 

атқарылып  жатқанына  дүйім  ел  куә.  Алыс 

және жақын шет елдердегі ресми кездесулер, 

арнайы  қабылдаулар,  ел  арасындағы  түрлі 

кездесулер мен жүздесулер, т.б. жұмыстардан 

Бас  мүфтидің  алға  қойған  мақсат-міндеттері 

айқын аңғарылады. 

Елімізде 

Исламның 

інжу-маржан 

асыл  құндылықтарын  ардақтау  мен  оны 

игеру,  қорғау,  дамыту,  дін  қызметкерлерінің 

білімі  мен  қоғамдағы  рөлін  арттыру,  діни 

оқу  орындарының  әлеуетін  көтеру,  т.б. 

тындырымды  тірліктердің  жаңадан  кең 

өріс  ала  бастағаны  байқалады.  Еңбекте  осы 



6

мәселелердің де ескерілуімен қатар, көптеген 

азаматтардың  Дінбасыға  қатысты  жолдаған 

орамды ойларына орын берілген. 

Дінбасының  тарапынан  білімге  ерекше 

назар  аударылатынын  келесі  сөздерінен 

байқауға  болады.  Ол  дін  қызметкерлерімен 

кездесуіндегі бір сөзінде: «Кемінде 5 шәкірті 



болмаған  имам  –  имам  емес.  Сіздердің, 

мешіт  қызметкерлерінің  арасында  өзара 

бауырмалдық  күшеймейінше,  жұмыс 

нәтиже  бермейді.  Бір-бірлеріңізбен  түсінісіп, 

тірлік  етіңіздер.  Алауыздыққа  жол 

бермеңіздер.  Имамнан  кеткен  кемшілік 

–  дінімізге,  Діни  басқармаға  үлкен 

нұқсан  келетінін  ұмытпаңыздар.  Егер 

біз  бір-бірімізге  жанашырлық  танытып, 

қателессек  –  түзетуге,  сүрінсек  –  демеп 

жіберуге  тырыспасақ,  мұны  бізден  басқа 

кім  істейді?  Біздер,  дін  өкілдері  –  елге 

үлгі,  ұрпаққа  ұстаз,  қоғамды  тәрбиелеуші 

тұлғамыз. Дін адамы қарапайым болу керек. 

Біз шенеунік емеспіз. Құрметті әріптестер, 

бәріміз  осыны  естен  шығармауға  тиіспіз» 

деген  болатын.  Түсінген  жанға  бұдан  артық 

қандай сөз керек?!

Дін  саласындағы  мемлекеттік  саясатты 

діни  жұмыстармен  өзара  астастыра  білудің 




үлкен қажыр-қайратты қажет ететіндігі белгілі. 

Бас  мүфти  тарапынан  атқарылатын  тірліктің 

бастыларының  қатарына  бұл  міндеттердің 

де  енетіндігі  даусыз.  Оның  «Ислам  діні 

мемлекетте,  қоғамда  тыныштық,  әділдік 

болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. 

Олай  болса,  біз  тек  діни  істерден  бөлек 

осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз 

керек.  Өйткені,  адам  баласы  қайырлы  да 

ізгі ісімен ғана Жаратушыға жақындайды. 

Ендеше, баршаңызды сауапты да жауапты 

жұмыстарды бірігіп атқаруға шақырамын» 

деген сөздерінен-ақ, нені мұрат тұтып, қандай 

жолды  ұстанатындығын  анық  аңғаруға 

болады. 


Сандаған  ғасырлар  бойы  бірге,  өзара 

біте  қайнасып  келе  жатқан  дін  мен  ұлттық 

ұстындарымызды  ұлықтап,  дәріптеуде  Діни 

басқарманың  алдында  жаңа  міндеттердің 

тұрғандығы  байқалады.  Бұл  Бас  мүфтидің 

«Имам-молдаларға дін ғылымы мен қатар 



елдің тарихын, қазақ мақал-мәтелдерін, ұлт 

көсемдері  мен  би-шешендерінің  даналық 

ой-тұжырымдарын,  діни  өлең-жырларын 

жаттатып, 

уағыз-насихатты 

сондай 

ұлттық 

құндылықтармен 

тұздықтап 

отыруға  машықтандырамыз.  Осындай 

8

білім сайыстарының дін қызметкерлерінің 

бүгінгі  қоғамның  сұранысына  сай  білім 

ізденуіне,  өздерін  өздері  қамшылап 

дамуына,  ой  өрістерінің  үнемі  кеңеюіне 

септігі  тиер  еді  деп  ойлаймын»  деген 

сөздерінен де аңғарылуда.

Елімізде  дәстүрлі  дін  қызметкерлеріне 

үлкен сенім артылып отыр. Мешіт имамдары 

мен  қызметкерлері  еліміздің  ішкі  және 

сыртқы саясатын жан-жақты қолдай отырып, 

түрлі  кереғар  діни  ағымдармен  күресу, 

дінаралық  келісімді  сақтау,  этносаралық 

татулықты  бекемдеуге  үлес  қосу  арқылы 

тиісті  жұмыстарды  жүргізіп  келеді.  Осы 

мәселелерге  қатысты  үстіміздегі  жылы 

Астана  қаласында  дін  өкілдерімен  кездескен 

Мемлекет  Басшысы  былай  деді:  «Еліміздегі 

дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған 

құрылымы  –  Қазақстан  мұсылмандары 

діни  басқармасы.  Діни  қатынастарды 

реттейтін  жақында  қабылданған  Заңда 

мемлекет  халқымыздың  рухани  өмірінде 

исламның  ханафи  бағытының  орны  мен 

рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл 

– өте дұрыс. Қазақстан – зайырлы мемлекет. 

Сондықтан  біздің  дін  саласындағы 

саясатымыз конфессияаралық татулық пен 




тағаттылықты  нығайтуға  бағытталған. 

Бізде діни сенім бостандығына Конституция 

кепілдік береді. Діни басқарма өкілдері тек 

дін  саласында  ғана  емес,  өзге  салаларда 

да  өз  білім-біліктерін  арттыруға  тиіс». 

Осыған  байланысты  мешіт  қызметкерлері 

осынау сенімнің үдесінен шыға білуі тиіс деп 

ойлаймыз. 

Дін  саласында  атқарылып  жатқан 

жұмыстарды  халыққа  жеткізуде  насихаттық 

жұмыстарды  көптеп  жүргізудің  маңызы 

жоғары.  Осы  орайда  арнайы  кітапшалар 

мен  әдістемелік  құралдардың  жеткілікті 

шығарылуы қажет-ақ.

Жалпы алғанда, «Ғибратнама» еңбегінен 

көзіқарақты  оқырманның  өзінше  ой  түйіп, 

дін  мәселелерінен  көптеген  мағлұматтарды 

алатындығы сөзсіз. Кітаптың әсіресе, жастар 

өкілдеріне берері мол деп білеміз. 

Ізгі ниетпен,

Бейбіт қажы Мырзагелдиев

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының 

ОҚО бойынша өкіл имамы

дінтану ғылымдарының магистрі, 

профессор 


10

ӨМІРДЕРЕК

Маямеров  Ержан  Малғажыұлы  1972 

жылы  16  желтоқсанда  Алматы  қаласында 

дүниеге  келген.  1990  жылы  Шығыс 

Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы 

Ғани  Мұратбаев  атындағы  орта  мектепті 

тәмамдаған;   1991-1992  жылдары  Отан 

алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, 

сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының 

әйгілі  әл-Азһар  Ислам  университетінің 

шариғат  және  заң  факультетіне  оқуға 

қабылданып,  осы  оқу  орнын  2006  бітірген; 

2006-2008  жылдар  аралығында  Мысыр  елі 

мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін 

жалғастырды;  2008  жылы  Семей  қалалық 

Доланбай ата мешітінің бас имамы қызметін 

атқарған;  2011  жылы  10  қазанда  Ержан 

Малғажыұлы  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының  Семей  өңірі  бойынша  өкіл 

имамы қызметіне бекіді; Өкіл имам қызметін 

2013  жылға  дейін  абыроймен  атқарды; 

2013  жылдың  19  ақпанында  Қазақстан 

мұсылмандарының  кезектен  тыс  өткен 

VII  құрылтайында  бірауыздан  Бас  мүфти 

лауазымына  сайланды;   Әкесі  Маямеров 

Малғажы  Мұхамеджанұлы  мен  анасы 


11

Төлекова  Жұмағайша  Садыққызы   педагог-

ұстаз.  Физика-математика  пәнінің  мұғалімі. 

Олар Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев 

атындағы  орта  мектепте  қызмет  еткен. 

Әкесі  Малғажы  Мұхамеджанұлы  мұғалімдік 

қызметтен  мектеп  директорының  оқу  ісі 

жөніндегі  орынбасары  дәрежесіне  дейін 

көтерілген.   

Бас  мүфтидің  балалық  шағы  Мақаншы 

ауылында  өтті.  Ол  ұстаздар  жанұясынан 

шыққан.  Анасы  Жұмағайша  Садыққызы 

Алланың қалауымен бес құрсақ көтерген: екі 

ұл,  үш  қыз.  Бүгінде  олар  отбасылы.  Ержан 

Малғажыұлының  Алла  нәсіп  еткен  үш  ұлы 

бар. Есімдері – Әли Маямер, Абдолла Маямер, 

Насрұлла Маямер. Бас мүфти бала тәрбиесіне 

қатты  көңіл  бөледі.  Оларды  қазақы  дәстүрге 

сай  имандылық  тұрғысынан  тәрбиелеуде. 

Адамгершілікке,  ізгілікке,  инабаттылыққа 

баулып,  бағып-қағуда.  Ержан  Маямеровтің 

білім  жолында  қызығушылығының  артуына 

ата-әжесінің діндарлығы да септігін тигізген. 

Ата-әжесі  діндар  болған.  Кеңес  үкіметінің 

«Құдай  жоқ»  деп  ұрандатқан  заманында  да 

намазын  тастамай  оқыған.  Оразаларына  да 

берік  болған.  Әжесінің  тәрбиесін  көрген  ол 

дінге  жақын  болып  өсті.  Исламның  асыл 



12

құндылықтарын бала кезінде бойына сіңірді.  

Бас мүфти қызметтегі қарбаласқа қарамастан, 

қолы қалт етсе, бала тәрбиесіне көңіл бөледі, 

білімін, мінез-құлқын қадағалайды. Уақытын 

ұрпақ санасына имандылық пен ізгіліктің баға 

жетпес құндылықтарын сіңіруге арнайды. 

Өмірлік  ұстанымы –  қарапайым,  адал 

болу,  өзгелерді  мейлінше  ренжітпеу,  балаға 

жақсы  тәрбие  беру,  елге  адал  қызмет  ету, 

ағайын-туысқа,  өзге  адамдарға  жанашырлық 

таныту, т.б. 

Қызметтегі  ұстанымы –  халықтың 

сенімінен  шығу,  Ислам  дінін  көркейте  түсу, 

мұсылман жамағатының басын біріктіру.  


ІЗГІ ТІЛЕКТЕР 

МЕН ОРАЛЫМДЫ 

ОЙЛАР


15

ІЗгІ ТІЛЕКТЕР МЕН ОРАЛЫМДЫ 

ОйЛАР

«Қазақстан мұсылмандары діни басқар-

масының  жаңа  төрағасы  сайланды.  Ержан 

Маямеров  әлемдегі  ең  танымал  ислам  оқу 

орындарының  бірі  –  Египеттегі  әл-Азһар 

университетін бітірген. Тәжірибесі жеткілікті, 

ол  діни  басқарма-ның  аймақтық құрылымын 

басқарған.  Баршаңыз  бірлесіп  жемісті  еңбек 

ететіндеріңізге сенемін»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Құрметті Ержан қажы Малғажыұлы!

«Дініміздің  келешек  дамуына  қатысты 

бір  маңызды  мәселені  айтқым  келіп  тұр. 

Ол  –  дін  қызметкерлері  мен  зиялы  қауым 

өкілдері  арасындағы  байланысқа  қатысты. 

Тәуелсіздік  алғалы  Ислам  діні  аяғынан  тік 

тұрып,  өркен  жайып  келеді.  Содан  бері  дін 

қызметкерлері  қоғамның  бір  тірегі,  рухани 

демеушілеріне  айналдыңыздар.  Дінді  апиын 

деген кеңестік заманда зиялы қауым өкілдері 

халықтың рухани басшылары болатын. Бүгінгі 

таңда  да  зиялылар,  дінжанды  азаматтар, 

дінтанушылар,  ғалымдар  бар,  бәрі  де  осы 


16

бағыттарынан таймай, елдің мәдени, рухани, 

діни өміріне үнемі араласып, білгенін айтып, 

бағыт-бағдар сілтеп келеді.Сондықтан, зиялы 

қауым өкілдері мен дін мамандары өзара қоян-

қолтық араласып, бір жеңнен қол, бір жағадан 

бас  шығарып  еңбек  етуі  тиіс  деп  ойлаймын. 

Қазіргі күні ҚР Дін істері агенттігі жанында 

Дінтанушылар конгрессі деген қоғамдық ұйым 

бар. Міне, осы қоғамдық ұйым қатарында біз 

де асыл дінімізге, елдегі діни қатынастардың 

жақсаруына жұмыс жасап келеміз. Діни сала 

өз  бетінше  бөлек  кетпей,  осындай  қоғамдық 

институттармен бірге тізе қоса еңбек еткенде 

ғана Ислам дініміз өркендейді және өзге теріс 

діни ағымдардың алдын алып, тұрақты қоғам 

қалыптастыруға  жағдай  жасай  алмақпыз. 

Алдыңғы  жылы  «Діни  қызмет  және  діни 

бірлестіктер  туралы»  ҚР  Заңы  қабылданды. 

Бұл  өте  жақсы  заң  болды.  Осыны  халыққа 

насихаттауда  да  қоғам  болып  атсалысып, 

әсіресе, елдің бет-бейнесі – зиялы қауым мен 

дін  өкілдерінің  атқарар  жұмыстары  қомақты 

болуы  шындық.  Міне,  бүгін  Қазақстанның 

жаңа  Бас  мүфтиі  сайланып  отыр.  Оқыған-

тоқығаны  мол  Ержан  Малғажыұлы  ініміз 

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы 

секілді іргелі ұйымды талапқа сай басқарып, 



17

жаңа айтып өткен зиялы қауыммен байланыс 

мәселесінде сенімнен шығады деген ойдамын. 

Жаңа қызметте табыс тілеймін!» 



Ғарифолла ЕСІМ, 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Құрметті Ержан қажы Малғажыұлы!

Сізді  барша  астаналықтардың  және 

Өзімнің  атымнан  Қазақстан  мұсылман-

дары 


Діни 

басқармасының 

төрағасы 

қызметіне  сайлануыңызбен  шын  жүректен 

құттықтаймын. 

Еліміздің 

мұсылман 

жамағатын  бір  иманға  ұйытып,  бір  сенімге 

шақыру міндеті жүктелген осынау абыройлы 

да  жауапты  лауазым  Сіздің  талай  жылғы 

жинаған діни біліміңіз бен ел руханиятының 

өсуі  мен  өркендеуі  жолында  атқарып  келе 

жатқан  еселі  еңбегіңіздің  лайықты  жемісі. 

Халықты имандылыққа тәрбиелеу жолындағы 

игілікті  істеріңіз  қашан  да  іргелі  болып,  көп 

конфессиялы  еліміздің  дінаралық  татулығын 

одан әрі нығайтуға жемісті еңбек ете бергейсіз.

Деніңізге  саулық,  отбасыңызға  амандық, 

лауазымды қызметіңізге табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, 

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, 

Астана қаласының әкімі


18

Құрметті Ержан қажы Малғажыұлы!

«Қазақстанның  жауапкершілігі  ауыр 

және абыройлы қызметке тағайындал-дыңыз. 

Біз Қазақстанмен достық пен бауырластықта, 

тығыз  қарым-қатынаста  келе  жатқан  елміз. 

Ата  тегіміз  бір,  шаңырағымыз  бөлек  туыс 

мемлекетпіз.  Бүгінге  дейін  Қазақстанмен 

қоян-қолтық  жақсы  мәміледе  болып  келдік. 

Бұдан  кейін  де  қарым-қатынасымыздың 

жақсара түсетініне сенімім мол», - деді.



Мехмет гӨРМЕЗ,

 Түркия Республикасы Дін істер 

дианетінің төрағасы, Бас мүфти 

Многоуважаемый муфтий!

Ассаляму алейкум ва рахматуллахи ва 

баракатух!

От  имени  Совета  муфтиев  России, 

Духовного  управления  мусульман  Европейс-

кой части России и от себя лично имею честь 

засвидетельствовать  Вам  свое  уважение  и 

поздравить с назначением на пост Верховного 

муфтия Казахстана. Сердечно поздравляю Вас, 

уважаемый  Ержан  Малгажыулы,  с  высоким 

назначением  на  столь  ответственный  пост,  и 

хочу  пожелать  Вам  успехов,  плодотворной 



19

работы  на  благо  Вашей  республики  и 

казахстанского  народа!  Высоко  ценю 

сотрудничество  и  взаимопонимание,  которое 

сложилось  между  мусульманами  Российской 

Федерации 

и 

Республики 



Казахстан. 

Выражаю надежду, что Ваши труды послужат 

созиданию мира и согласия, развитию диалога 

и  сотрудничества  между  нашими  народами. 

Выражаю  искреннюю  надежду,  что  курс 

Вашего  предшественника  Абсаттара  хаджи 

Дербисали  будет  продолжен,  а  мусульмане 

России  и  Казахстана  будут  как  и  прежде 

оставаться  близкими  братьями.  Мусульмане 

России  просят  Всевышнего  Творца  даровать 

Вам  необходимых  жизненных  сил  и  новых 

светлых идей для успеха Вашей деятельности 

на предстоящем ответсвенном посту. Искренно 

желаю Вам мира, процветания, благополучия 

и  новых  успехов.  С  добрыми  молитвами, 

пожеланиями мира и добра. 



Муфтий Шейх Равиль гАйНУТДИН, 

Председатель Совета муфтиев России 

Председатель Духовного управления 

мусульман Европейской части России

20

Многоуважаемый Муфтий Хазрет!

Примите  мои  поздравления  по  случаю 

Вашего  избрания  на  ответсвенный  пост 

Верховного  Муфтия  Республики  Казахстан! 

Лица,  исповедующие  Ислам  суннитского 

толка  ханафитского  мазхаба,  составляют 

большинство 

населения 

Казахстана, 

Православное  Христианство  –  вторая  по 

численности религия нашей страны. Убежден, 

что  Ваша  деятельность  по  возрождению 

традиционных  духовных  ценностей  и 

высокий  авторитет  духовного  лидера  будут 

служить созиданию общественного согласия, 

развитию  диалога  и  сотрудничества  между 

народами и религиями. Искренно желаю Вам, 

многоуважаемый  Муфтий  Хазрет,  здоровья, 

многих  лет  жизни  и  успехов  в  добрых 

делах и начинаниях на благо Казахстанского 

общества.

С уважением и благопожеланиям, 

глава Православной церкви 

Казахстана, Митрополит Астанинский и 

Казахстанский


21

Құрметті Ержан қажы Малғажыұлы!

Сізді  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрлігінің  атынан  және 

Өз  атымнан  Қазақстан  мұсылмандары 

діни  басқармасының  төрағасы,  Бас  мүфти 

болып  тағайындалуыңызбен  шын  жүректен 

құттық-таймын.  Адам  жанын  рухани  мол 

байлыққа  кенелтер  зиялылықты,  тектілікті, 

отансүйгіштікті,  ұлттық  мүддеге  деген 

адалдықты  үйрететін  дінімізді  уағыздап 

жүрген  Сіздің  қызметіңіз  кейінгі  жастарға 

үлгі болары сөзсіз. Бүгінгідей қуанышты күні 

Сізге  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр,  бақ-береке 

тілеймін.



Құрметпен, 

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, 

ҚР Білім және ғылым министрі

22

Досточтимый муфтий Ержан хазрат 

Маямеров!

Позвольте  мне  от  имени  Мусульманской 

общины  татар  Финляндии  и  от  себя 

лично  поздравить  Вас  с  избранием  на 

пост  Верховного  муфтия  Казахстана. 

Желаю  Вам  успешной  работы  на  столь 

высоком  посту  во  благо  казахского  народа  и 

мусульман в целом.



С искренними пожеланиями, 

Рамиль БЕЛЯЕВ, 

Имам Мусульманской общины татар 

Финляндии

Құрметті Ержан Малғажыұлы!

Қазақстан 

мұсылмандары 

діни 


басқармасының  төрағасы  болып  тағайын-

далуыңызға  орай  шынайы  құттықтауымды 

қабыл алыңыз.Сіздің бастамаларыңыз бен игі 

істеріңізде бұдан былай да табыстар биігінен 

көріне беруіңізге тілектестігімді білдіремін.

Ізгі ниетпен, 

Серік ПІРІМБЕТОВ, 

ҚР Әзірбайжан Республикасындағы  

Төтенше және өкілетті елшісі


23

Құрметті Ержан қажы Малғажыұлы!

Бүгінгі күн еліміздегі мұсылман қауымы 

үшін ерекше маңызға, тарихи мәнге ие. Себебі, 

Қазақстан  мұсылмандарының  кезектен  тыс 

ҮІІ  құрылтайы  өтіп,  нәтижесінде,  жаңадан 

Бас  мүфтиіміз  сайланды.  Тәуелсіздік  алып, 

етек-жеңімізді  жиып,  өз  алдымызға  дербес 

Діни  басқарма  құрғанымызға  да  20  жылдан 

астам  уақыт  өтті.  Осы  уақыт  аралығында  өз 

ішімізден  жоғары  деңгейдегі,  халықаралық 

дәрежедегі діни кадрларымыз жетіліп шықты. 

Соның  айғағы  ретінде  бүгінгі  құрылтайда 

жаңадан  сайланған  Дінбасы  Ержан  қажы 

Малғажыұлын  ерекше  атап  өтуге  болады. 

Өйткені,  Ержан  қажы  саналы  ғұмырының 

15 жылын діни білім алуға жұмсаған азамат. 

Жалпы жаңа мүфтиіміз жайында айтар болсақ, 

Ерекең Египеттен білім алып келгеннен кейін 

еліміздегі дін саласының өркендеуіне өзіндік 

үлесін  қосты.  Семей  аймағында  өкіл  имам 

қызметін атқара жүріп мол тәжірибе жинады. 

Сондықтан  Діни  басқарманың  тізгіні  сол 

кісіге  сеніп  тапсырылуы  таң  қаларлық  жайт 

емес. Күн санап дамып жатқан қазіргі қоғамда 

қайратты,  жігерлі  жастың  басшылыққа  келуі 

де  уақыт  талабы.  Ержан  қажының  алға 

қойған  мақсаты  –  еліміздегі  дәстүрлі  діннің 


24

аясын одан әрі кеңейтіп, ұлттық және рухани 

құндылықтарды ортақ арнаға тоғыстыру. 

Айта  кетер  жайт,  жаңа  мүфтидің 

бір  ерекшелігі,  ол  әйгілі  Әл-Азһар  уни-

верситетінің  Шариғат  және  заң  факультетін 

бітіруімен 

қатар, 


Мысырдағы 

мүф-


тияттың  Пәтуә  шығару  бөлімінде  білімін 

жалғастырды.  Мұндай  маман  елімізде 

жоқтың  қасы.  Сондықтан,  Ержан  қажы  өте 

дер  кезінде  тағайындалған  маман  болып 

саналады.  Себебі,  бізге  қазір  қоғамда  орын 

алған  кез  келген  мәселеге  қатысты  діни 

тұрғыдан  пікір  білдіріп,  пәтуә  айтатын 

маман  қажет.  Алдағы  уақытта  осы  мәселе 

өз  деңгейінде  дамып,  тың  бастамалар  қолға 

алынады  деп  сенемін.  Өйткені,  бұл  жаңа 

мүфтидің  бағдарламасына  енген  мәселелер. 

Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша, 

алдағы  уақытта  Діни  басқарманың  беделін 

арттырып,  дін  мамандарының  білімін  одан 

әрі  жетілдіру  –  басты  міндеттердің  бірі. 

Діни  басқарма  жанында  Ғұламалар  кеңесі 

жұмыс  істейтіні  белгілі.  Жоға-рыда  аталған 

бағдарламаға  сәйкес,  осы  кеңеске  дін 

саласындағы  білімді,  білікті  мамандарды 

тартып,  тың  бастамалар  мен  ағымдағы 

жұмыстарды  жандандыру  қолға  алынбақ. 


25

Бүгінгі  қазақтың  ұстанған  діні  қандай, 

көздеген мақсатымыз дұрыс па, жаңа ғасырда 

еліміздегі діни ахуал қай бағытта өрбуі керек 

деген  сияқты  сұрақтарға  жауап  тауып,  сол 

бойынша  жүйелі  жұмыстарды  жүзеге  асыру 

жаңа басшылықтың басты міндеті болуы тиіс. 

Соның  ішінде  діни  білім  саласы,  еліміздегі 

жоғары оқу орындарында да теолог мамандар 

дайындауға ерекше көңіл бөліп, бұл бағытта 

«Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетін үлгі 

тұту,  ел  арасында  аталған  білім  ордасының 

беделін арттыру мақсаттары көзделіп отыр.

Жалпы  Діни  басқарма  бүгінде  ел 

арасында өзіндік беделге ие құрылымдардың 

біріне  айналғаны  сөзсіз.  Өйткені,  бүгінге 

дейін ол жүйелі түрде қалыптасып, ауқымды 

жұмыстар  атқарды.  Алдағы  уақытта  осы 

бағыттан ауытқымай, бастау алған жұмыстар 

өз жалғасын табады деп сенемін.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал