Әскердегі сарбаздардың өліміне қатысты істі азаматтық соттың қарауына беру керек пе?



жүктеу 3.11 Mb.

бет13/24
Дата22.02.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Қатерлі ісіктерді болдырмайтын тағам түрлеріне нелер жатады? 

Аты жаман аурудан сақтану үшін не жеген дұрыс?

Кәмшат КЕРЕЕВА, Жезқазған қаласы

Дүниежүзі онкологтерінің 

мәліметінше, ағзада қатерлі ісіктер-

дің пайда болуына жол бермейтін 

өнімдердің бірден бір түрі – жеміс-

жидектер. Оның ішінде, таңқурай, 

қаражидек және қойбүлдірген. 

Бұлар құрамындағы антиоксидант-

тары мен эллаг қышқылының арқа-

сында ағзада ісік туғызбайды. Ма-

ман дар қатерлі ісіктен сақтану үшін 

жаңғақ пен атбұршақты рационға 

қосуға кеңес береді. Жаңғақ түр-

лерінің сусамыр мен артық салмақ 

ауруларына қарсы эффектісі де 

күшті. Майлы балық пен қайнатыл-

ған жұмыртқа да обырдың алдын 

алуға ықпал етеді. Іш құрылысын-

дағы токсиндерді сыртқа шығаратын 

брокколи орамжапырағы да қатерлі 

аурулардан сақтайды. Пияз бен 

сарымсақты да дәрігерлер ракқа 

қарсы ем санайды. 

ЗЕРДЕ


Әңгімемізге арқау болып отырған ұлты 

корей қызы өзін Інжу деп таныстырды. 

Таңырқай қарағанымызды түсінген ол: 

«Бізде де осындай есім бар», – деп жатыр. 

Жазылуы Ын Жу болғанымен, оқылғанда 

Інжу деп естілетін есімдердің мағынасы да 

ұқсас болса керек. Сонымен, Ын Жу Ку біз 

үшін –  Інжу. Қазақшасы тәп-тәуір. Кореяда 

туып-өсіп, сол жақта білім алған жан үшін 

өзге тілді осылай меңгеруі – үлкен жетістік. 

Оның бізді қызықтырғаны – таңдауы-

ның неге ауғаны. Інжу диссертациялық 

жұмысында біздің елдегі қазақ жастары 

арасындағы орыс, қазақ тілдерінің қолда-

нылуы мен оның еңбек нарығына әсерін 

және екі тілде сөйлейтін бір ұлт өкілдері 

менталитетінің айырма шылығын ажырат-

паққа ниеттенген. Інжу дің сөзімен айтқан-

да, «Қазақстандағы қа ла жастары арасын-

да өз тілінен гөрі орыс тіліне бейімділері 

басымырақ екен дігін аңғарыпты. Мұндай 

астары тереңде жатқан маңызды мәселе-

нің еңбек нары ғына қандай да бір ықпалы 

болмай  қой ма сы  анық.  Қазақстандағы 

мемлекеттік тіл тағдыры турасында ғылы-

ми дүние жазу оңай шаруа емес, әрине. 

Әйтсе де таңда ған тақырыбын  кеңірек 

зерттеуге мықтап бел буған».

Інжудің Қазақстанға келуі кездейсоқ-

тық емес. Ол мектеп қабырғасын аяқтаған 

соң, өзінің туған еліндегі белгілі саналатын 

ЖОО-ға қабылданады. Дәл сол жылдары 

сөз болып отырған білім ордасындағы шет 

тілдер факультетінде жаңадан қазақ тілі 

кафедрасы ашылған екен. «Орталық Азия-

да орналасқан Қазақстаннан бұрын дары 

еш хабарым жоқ болатын. Сондық тан да 

мен үшін мүлде жұмбақ елдің өткені мен 

бүгіні және тілі мен ділі жайында жан-

жақты мағлұмат алуға аңсарым ауып, 

құштарлығым күшейді. Бірінші жылдан-ақ 

Қазақстан жайлы көбірек білсем деген 

ынта-ықыласым арта түсті.  Менің бағыма 

қарай, екі елдің білім жүйесіндегі ЖОО 

шәкірттерін алмасу келісімі аясында үздік 

студенттерді Қазақстанға жіберді. Солар-

дың тізімінде мен де болдым. Сөйтіп, білі-

мімді Қазақстандағы Абылай хан атындағы 

Қазақ халықаралық қатынастар және әлем 

тілдері университетінде жалғастырдым. 

Қазір шамама қарай қазақ халқының 

тарихын да оқып жүрмін. Ата-бабасы дана, 

рухани байлығы орасан. 

Тарихының өзі бір ғылым 

екендігі белгілі ғой, сол 

сияқты салт-дәстүрі мен 

ұлттық тәлім-тәрбиесі де – 

үлкен  дүние. Мақал-мәтел-

дері мен нақыл сөздері 

философиялық мұра іспет-

ті», – дейді тыңнан отау тік-

кен қазақ халқына де 

ген 

ілтипатын осылай жеткізген 



Інжу. Қазір ол білімін ұштай 

түспек оймен Ұлы 

брита-

ниядағы Кембридж уни-



верситетінде оқып жатыр. 

Енді диссертация қорғауға 

дайындығын бастамақ. 

Біздің елге екінші сапарының 

мақсаты – осы.

Қазақстанда осыдан бір-

неше жылдай бұрын болған 

ол көп өзгерісті байқағанын 

айтады. «Қазақстандағы 

жағдай  айтар лық  тай  өзгер-

ген екен. Сол кездері елдің 

тұрғы 


лықты халқы, соның 

ішінде қала тұрғын да ры өз 

ана тілінен гөрі орыс тілінде сөйлеуге 

бейім көрінетін. Тіпті қазақ тілін де сөйле-

генге арланатын десем де, артық айтқан-

дық емес. Қазір мүлде басқа. Көп ші лік 

қазақ тілінде сөйлей ме деп қалдым. 

Әрине, бұл урбанизацияға да байланысты 

шығар. Дегенмен де... Айта кетсем артық 

болмас, есесіне, адамдардың психология-

сы ойлан дырмай қоймады. Оны мен жүр-

гізушілер ден аңғардым. Мен, негізінен, 

таксимен ғана жүремін. Жүргізу шілер кө-

лік жүргізу мәдениетін елеп-ес кер мей  ме 

деп қалдым, басым бөлігі ашу лы, жылдам-

дықты тым асырып, адам дар дың өмірі мен 

денсаулы ғына  қауіпті  жағдай туғызып 

жатады», – дейді ол. 

Інжу қазақ пен корей халықтарын бір-

бірімен ұқсататындығын да айтты. Ұқсас-

тығы – үлкенді сыйлауы, баланың ата-

анасын ардақтауы, бір сөзбен айтқан да, 

отбасы институты құндылықтарын берік 

ұстауы. Айтпақшы, Інжу қайыр сұрап тұр-

ған адамдар арасында қарттары мыздың 

жоқ екендігін жақсы қасиетіміздің бірі деп 

бағалауда.

Ол Шымкент қаласында болғысы 

келеді екен. «Неге Шымкент қаласы?» деп 

сұрадық одан. Ұққанымыз:  оның естуін-

ше, негізінен мемлекеттік тіл қолданыла-

тын, тілі таза қала – осы. «Оның үстіне, 

Шым кент қаласы тұрғындарына қатысты 

көп қызықты жайттарды естіп жатамын», 

– деп Інжу күліп жіберді. 

– Басымнан өткен мына бір жайды 

айтып берейін, көшеде такси тоқтатып тұр-

ғанмын. Қасыма біреу келіп, «ұлты корей 

болса, орысша сөйлейтін шығар» деді ме 

екен, орысшалап бірдеңе сұрады. Мен бар 

білген орысшаммен қиналып әрең «русскый 

не знаит» дедім, сөйтсем, әлгі: «Немене, 

Шымкенттікісің бе?» – дейді. 

«Құпия болмаса, диссертациялық 

еңбе 

гіңізге керек ақпаратты жинаудың 



тәсілі қандай?» деп сұрадық біз одан. 

«Оның еш құпиясы жоқ. Сауалнама жүр-

гізіп, респонденттердің көмегіне жүгін бек-

пін және үш буыны бар отбасында тұруды 

жоспарлап жүрмін, яғни ата-әжесі, ата-

ана  сы,  сондай-ақ  мектеп  жасындағы 

бала  лары бар отбасы болуы тиіс», – дейді 

Інжу. Негізі, ата-баба тілін жетік білетін, 

сөз дік қоры әлі мол кімдер десек, олар  

қазына-қарттарымыз екені рас. Інжу ғы-

лы  ми жұмысының ойдағыдай жазылуы-

ның кілті мен кепілі сол адамдардың 

қолында екендігін біліп отыр.

Інжумен әңгіме барысында Кембридж-

де оқып жүрген қазақ жастары жайында да 

сөз болды. Онда да балаларымыз аз емес 

екен. Олар апта сайын бас қосып, түрлі та-

қырып төңірегінде дискуссиялық отырыстар 

ұйымдастыратын көрінеді. Інжу солардың 

бірін құр жібермейтін сияқты. Жастарымыз-

дың шын мәнінде білім алып жатқандарын 

естіп, көңіліміз көтеріліп қалды. Өйткені 

«ондай оқу орындарына негізінен байдың 

балалары ғана барады. Көп уақыттарын 

білімге емес, басқаға жұмсайды» деген 

әңгімелерді жиі естіп жатамыз. 

– Қазақстан – мақтануға, мақтауға 

лайық мемлекет. Экономикасы жылдам 

дамып келеді. Болашағын бүгіннен қа лай-

Менің Қазақстанда тұрғым келеді

Ой-өрісін дамылсыз 

дамытумен дараланып, білім 

көкжиегін кеңейтуді мақсат 

етіп қана қоймай, өмірін оқу 

мен тоқуға арнаған кім-

кімнің де мұндай ізденісін, 

әрине, бағалайсың. Ал егер 

«инемен құдық қазғандар» 

арасынан жастар төбе 

көрсетіп жатса, оның 

талабына тіптен тәнті болады 

екенсің. Біздің кейіпкеріміз – 

дәл осындай жан, яғни бар 

қазынасы, айнымас серігі – 

кітап.

Ләззат БИЛАН

Қазақтың қабырғалы қаламгері Қали-

жан Бекхожин өткен ғасырдың 60-жыл-

дарының басында есімі елге әлі таныла 

қой ма ған жас ақын Қайраттың газетте жа-

рия ланған: 



Көктем, көктем!  

Нұрлы күннен нәр алдың.

Күллі әлемге шұғыла боп таралдың.

Суық қыстың жүрегінен қалайша, 

Сен өмірге шуақ болып жаралдың?! – 

деген өлең жолдарын оқып ерекше толқы-

ған және «Жас Қайраттың көктемі көптеген 

кәрі-жас ақын жырлағандай, мамыра жай

сылбыр көктемге ұқсамайды, құзар шыңды 

жарып, суық қыстың жүрегінен қай 

нап 

шыққан көктем болып бейнеленген» деп 



әділ бағасын берген. Қарап тұрсақ, бір ғана 

өлеңге байланысты айтылған осы пікір 

Қайрат Жұмағалиев поэзиясының бүкіл 

қадір-қасиетін, салмағын мейлінше тұжы-

рым дап тұр. Өйткені Қайрат ақынның жыр-

лары шын мәнісінде уақыт тынысынан, 

замана төсінен қайнап шыққан қуатты сөз 

іспетті әсер береді. Қ.Бекхожин пікіріне 

жүгінсек, әлеуметтік, өршіл әуендері де бе-

рік бағдардағы азамат жыршы екендігі Қай-

рат тың сол тұңғыш жырларынан-ақ аңға-

рыл ған  болатын.     



Өмірді жүрген жоқпыз сүйіп бекер, 

Әр күні арманыңды биіктетер!

Көңіліңде жарқ еткен бір-ақ сәтке  

Құдіретті келешек сыйып кетер.

Бақытын сыйлап тұрып адамзатқа, 

Тіршілік азабын да сүйікті етер! – деп, бір 

шумақпен-ақ бүкіл ақындық кредосын, 

аза 

маттық бағдарын әйгілеген Қайрат 



ақын 

ның бүкіл саналы ғұмыры арман-

талап пен, ізденіспен, тынымсыз еңбекпен 

өтті. Оның дәлелі – қаламгердің артында 

қалған мол мұрасы: оқырман жүрегіне жол 

тапқан інжу-маржандай өлеңдері мен 

балладалары, поэма, дастандары, аударма 

еңбектері.   

Мұның сыртында Қайрат Жұмағалиевтің 

өлеңдеріне қазақ композиторлары бірнеше 

ән де жазған. Оның ішінде Е.Рахмадиевтің 

– «Шабыт», «Батыр қыз Жадыра», «Қоңыр 

күз», «Жадырай түсші, Жанерке» атты ро-

манс тары,  Ғ.Жұбанованың  –  «Арысым»,          

Н.Тілендиевтің – «Жайлаудағы жеңешем», 

М.Маңғытаевтың – «Тың төсінде», Ә.Бей-

сеуов тің – «Армысыңдар, ардагерлер!», 

Е.Хасанғалиевтің – «Келеміз бірге», М.Ома-

ровтың «Анашым»  әндері секілді басқа да 

көптеген дүние бар. Ақынның бірқа 

тар 

кітаптары орыс тілінде жарық көрген, 



шығармалары ТМД елдерінің, сондай-ақ 

ағыл шын, француз, араб, неміс, қытай, хин-

ди, испан, поляк, болгар тілде ріне аударыл-

ған. 


«Тұңғыш» атты тырнақалдысы осыдан 

50 жыл бұрын жарық көрген майталман 

ақын содан бергі уақытта жарты ғасыр бойы 

ел-жұртын өлең-жырмен сусындатып, сөз 

өнерін жанына ұдайы серік еткен екен. Өзі 

өмірден озғанымен, халқының құлағына 

жаққан, жүрегіне қонған рухты жырлары 

ешқашан ұмытылмақ емес. Тағдырға не 

шара?! Ақынның өзі кезінде жырлағандай: 

Бүгінде кәрі-жастың бәрі мұңды,

«Жарылқа» деп тілейміз Тәңірімді.

Болғай да алдың – пейіш, артың – кеніш, 

Алланың нұры шайсын қабіріңді...

«Алаш айнасы»

ДҮНИЕ-ҒАПЫЛ



«Алланың нұры 

шайсын қабіріңді...»

Қазақ жырының кең тынысты 

жампоздарының бірі Қайрат 

Жұмағалиев дүниеден өтті. Ол, 

өзі айтпақшы, ғажап ырғақ 

тауып, көктегі жұлдызбен бірге 

аққан, соғыстың жарасын жазып, 

көздегі жасты құрғатқан, сананың 

тыңын қопарып, өгейсіген құм-

шөлге өмірді сүйреп апарған... 

буынның бел баласы болатын. Өзі 

асқақ үнмен жырға қосқан 

замандастары сияқты ол да 

арманымен тел өсті, келер күнмен 

теңесті, космоспен кеңесті, 

ақылға жарлы емес-ті...  

«Келбеттің» де өзіндік келбеті бар

ТАНЫМ


– Жаңыл Мәмежанқызы, бүгінде 

«Келбет» бағдарламасынан еліміздің 

сан саласында еңбек етіп жүрген аза-

мат тардың  өмірбая ны мен  жақын 

танысуға мүмкіндік бар.  Әдебиет, заң, 

экономика, меди цина тағы бас қа сала-

 

ларда беткеұстар аға-апала 

рымыз 

туралы туындылар өз көрерме нін тап-

ты деп айтсақ та болады. Де ген мен 

осы «Келбеттің» кейіпкер 

леріне 

айналған аға-апаларымыздың ізін 

басуға лайық жастар бар ма? Бар бол-

са, Қазақстан ның кешегі, бүгінгі емес, 

келешек кел бе тіне көз жүгіртіп, сондай 

дара та лант тар туралы бағдарламамен 

ұш тастырса қалай болар еді?

– «Келбет» бағдарламасының көтеріп 

отырған жүгі де, алдына қойып отырған 

мақсаты да – елімізге еңбегі сіңген 

тұлғалар 

ды насихаттау. Оны көрермен 

ретінде байқағаныңыз, бізді қуантады. 

Негізінде, бұл бағдарламаға қатысушы 

кейіпкердің жас ерекшелігіне шектеу 

қойылмаған.  Яғни өзіңіз көріп жүрген 

аға-апаларымыз 

дың ізін басып келе 

жатқан жас ұрпақ ұлт қа еңбегі сіңіп жатса, 

олар да бағдар ла маның кейіпкері бола 

алады. Бірақ елге еңбек сіңіру бұл бір 

күннің шаруасы емес қой. Оның үстіне, 

өмірден көріп-білгені, жалпы, белгілі бір 

тәжірибенің болғаны дұрыс. Ал бүгінгі 

«Келбеттің» негізгі мін деті де соған саяды, 

ол – өмірден көргені көп, түйгені мол 

тұлғалардың өмірлік жо лын ашып көрсету. 

Себебі өзіңіз айтып отыр ғандай, ел мәде-

ниетіне, өнеріне, білі мі мен ғылымына 

еңбегі сіңген ұлт зия 

лыларының өсуі, 

олардың жүріп өткен жо лы кім-кімге де 

қызықты болатыны сөзсіз.  

Қазіргі күйбең тіршілікке көз жүгіртіп 

қарасақ, адам көп жағдайда тек бүгінгі 

күнмен, қазіргі уақытпен ғана өмір сүріп 

жатқанын көресіз. Ал біздің кешегіміз бар 

емес пе?! Болашақтың қазығын қаққандар 

да сол аға-апаларымыз емес пе?! Оларды 

қалай ұмытасың?! Сондықтан біз ұлт на-

мысын қорғаған, халқымызды әлемге та-

нытқан өз саласының нағыз майталман да-

рын насихаттауды бағдарламаның негізгі 

мақсаты ретінде белгіледік. Солар арқылы 

елдігімізді дәріптеуді көздейміз.

– Осы уақытқа дейін сіздің бағдар-

ламаңыздан елімізге еңбегі сіңген бі-

раз азаматтарымыздың өмірбаянына 

қанық болдық.

–  «Келбет» бағдарламасы эфирге 

шыққалы бері үш жылдан астам уақыт өтті. 

Халық жазушысы, әйгілі Әзілхан Нұрша-

йықов,  КСРО Халық әртісі, Халық Қаһар-

маны Роза Бағланова,  Халық жазушысы, 

ақын Тұманбай Молдағалиев, КСРО Баты-

ры Сағадат Нұрмағамбетов, Халық әртісі, 

күйші Қаршыға Ахмедияровтай аға-апа ла-

рымыз бағдарламаның алғашқы қонақ-

тары болған. Осы кісілердің шыққан биігі, 

жеткен жетістігі әрбіреуімізге – үлкен үлгі, 

өшпес өнеге. Одан бергі уақытта 97-ге ке-

ліп, бір ғасырды өз көзімен көрген Қазақс-

танның еңбек сіңірген әртісі Хабиба 

Елебе кова, майдангер жазушы Қалмұқан 

Иса баев, Халық жазушысы Шерхан Мұр-

таза, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылы-

мының докторы Камал Ормантаев, Халық 

әртісі Гульвира Разиева, КСРО-ның, Қа-

зақс  танның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова  

тағы басқа майталмандар тура 

лы 

бағдарлама дайындалып, көрер мендердің 



ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе қазақ-

тың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы 

Тоқтар Әубәкіров ағамыз туралы бағдар-

ламаға ризалығын білдірген жұрт теле-

фон ға тыныштық бермеді. Ол кісінің бала 

кезіндегі ұшқыш болам деген арманына 

қалай қол жеткіз гені, қабырғасы қатпай 

жатып қара жұ мыс қа жегілгені, анасына 

деген қамқор лығы, тіпті кейін ержетіп, 

әскерде жүрген кезінде қатты науқастанып 

жатқанда, радиодан Бибігүл апамыз сал-

ған қазақ әнінен қуат алғандығы туралы 

әңгімесі көрермен қауымды қатты қызық-

тыр ды.  Бағдарламаның қай-қайсысын 

алса ңыз да, өзіміздің ортамызда жүрген 

аға-апаларымыздың қайсарлығына, со-

лар дың ерік-жігерінің мықтылығына риза 

боласыз.


– Өзіңіз үшін «Келбеттің» кай шыға-

рылымы есіңізде ерекше қалды?    

– Әрине, бағдарламаның басы-қасын-

да жүргеннен кейін ешқайсысын бөле 

қарауға болмайды. Дегенмен түсірілім 

барысында кейіпкеріңді басқа қырынан 

көретін кездер болады. Жақында эфирден 

өткен бағдар 

лама-


ларға көз жүгіртсем,  

жазушы Бексұлтан 

Нұржеке туралы хабар 

түрлі оқиғаларға толы 

болды. Ол кісімен бір 

жылдан астам уақыт 

келіссөз жүргізіл 

ген 


болатын. Шығар 

ма-


шылықпен айналы сып 

жүргендіктен қо 

лы 

тимей жүрді. Мен де 



өз ұсынысым ды алға 

тарта бер дім. Мау сым 

айының соңын да түсі-

рілімге  ке ліс тік.  Қа-

лам гердің өз сөзімен 

айт қан да:  «Менің  кел-

бетім – менің туған 

жерім. Көр гілерің кел-

се, жүріңдер», – деді. 

Біз де асай-мү 

сейі 

-

мізді артып соңынан 



ере бердік. Туған ауы-

лына ба рып, балалы-

ғы өткен жерді бейне-

тас паға 

түсірдік, 

с ы           н ы п     т а с   т а р ы м е н 

кез 

дестік. Ол кісінің 



бала лық  шағы өткен 

сонау өткен ғасырдың 50-60 жылдары 

салынған қоржын там үйдің белағашы 

майыса бастағанымен, әлі де қалқиып тұр 

екен. Біз өзіміз де таңғалдық. Қалам гер сол 

үйде өмірде ең жақсы көрген жандары – о 

дүниелік болған ата-әжесін еске алды. 

Одан ары қарай Белжайлауға бет алдық. 

Тарихи оқиғаның куәсі болған Орбұлақты, 

әлі де зерттел ме ген балбал тастарды өз 

көзімізбен көрдік. Түсірілім жұмыстары 

аяқталғанда қаламгер: «Келбетім қалай 

екен?» – дейді. «Келбе тіңіз келісті екен» 

деп, түсірі лімнің сәтті өткеніне біз де риза 

болдық. 

– Сөз соңында алдағы жоспар ла-

рыңызбен бөліссеңіз... Көрермен 

қауым ды қандай кейіпкерлер күтіп 

тұр?  

– Жарты ғасырдан астам тарихы бар 

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында қа лып-

тын ел. Қазақстанның әсіресе білім 

саласына көбірек басымдық беретіні 

ұнай ды. Мәселен, «Болашақ» бағдарла-

масын алайық. «Болашақ» бағдарламасы 

– мемлекетке қажетті сапалы, білікті, 

білімді мамандар даярлау үшін қолға 

алы нып, іске асып жатқан жоба. Бұл бағ-

дар ламаны мен басқару мен бағдарла-

маны жүзеге асырудың ерекше, ешбір 

елде жоқ өзіндік бір модулі қалыптасқан 

бағдарлама дер едім. Әлемде мұндай 

бағдарламалар саусақпен санарлық 

Кореяда мұндай жоба болған емес. 

«Самсунг» сияқты компания лардың ара-

тұра демеушілік көрсеткені болмаса. 

Алайда онымен бүтіндей бір білім 

жүйесін жетілдіру мүмкін емес қой. 

Бұрынғыдай емес, Қазақстанды әлем 

танып жатыр. Оған мен де куәмін. Корея 

мен Ұлыбритания елдерінің қарапайым 

халқы осыдан бірнеше жыл бұрын ғана 

әлем картасында Қазақстан деген ел бар 

екенін білмейтін, қазір тамсанып тұрып 

айтады. Осындай елдің ана тілінің дегра-

дацияға ұшырай жаздауы өкінішті. Қазақ 

тілі өте бай тіл екен. Мен өзге елдердің 

тілдерін үйренуге талпынып жүремін. 

Байқағаным, қазақ тілі – өзіндік әдеби, 

ғылыми және саяси жазу нормасы қалып-

тасқан бай тіл. Корея да кезінде тура 

сіздер сияқты отаршылдық кезеңді бастан 

өткер ген. 1910 жылы Қытай мен Ресейге 

қарсы соғысты жеңіп шыққан Жапония 

Кореяны жаулап алып, колониялық билік 

орнатты. Сөйтіп, отаршылдық үкімет 

корей халқы 

ның арасында ұлттық 

намыстың оянуына себепші болған-ды. 

Ата-бабаларымыз жапондық үкіметттің 

ассимиляция сая са тына барынша қарсы 

тұра білді. Алайда Кореяда да мемлекеттік 

тіл көп жылдар бойы жапон тілінің 

тасасында қалып қойды. Бізде де ана 

тілдің мәртебесін көтеруге айрықша мән 

беріліп, қазір ол саясат өз жемісін беріп 

отыр десем де болады, – деді Інжу сөз 

соңында екі елдің де өзіне ыстық екендігін 

және болашақта Қазақстанда тұрып, 

жұмыс істегісі келе тін дігін білдіріп. 



Ұлт санасына серпін берген «Қазақстан» телеарнасы бүгінде 

көрермен қауымды тың жобалармен қызықтырып, төл туындылары-

мен эфир аясын кеңейтіп келеді. Әрине, жаңа әрі сауатты тележоба-

лар дың көп болғаны жақсы. Сонымен бірге өз көрерменін тапқан, ой 

салары да, айтары да бар тұрақты бағдарламалардың орны бөлек. 

Солардың бірі – ұлттық арнадағы «Келбет». Біз үш жылдан астам 

тарихы бар бағдарламаның продюсері Жаңыл Асылбековамен аз-кем 

әңгіме құрып, аталған жоба төңірегінде сұхбаттасқан едік. 

 тасқан заңдылық бар. Сондай заңды лық-

тардың бірі – бір жылдың жұмыс 

жоспарын алдын ала бекіту. Көркемдік 

кеңеске берілетін ұсыныс аз емес. Бірақ, 

жоғарыда айтып өткендей, келбеті келіс-

кен кейіпкер лер туралы ғана бағдар ла ма 

дайындау жылдық жоспарға енеді. Содан 

кейін журналистік зерттеу, түсірілім жұ-

мыс тары, монтаждау, дыбыстау бастала-

ды. Жақын арада,  дәлірек айтсам,  жел-

тоқ 


сан айының соңғы аптасына ҚР 

Мем лекеттік сыйлығы ның лауреаты, ҚР 

ҰҒА академигі, химия ғылымының док-

торы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы 

Әдікенов туралы «Келбет» бағдарламасын 

эфирге шығару жоспарланып отыр. Ол 

кісінің Қазақстандағы фитохимия сала-

сын дамытуға сіңірген еңбегі ерекше. 

Қазақтың кең даласында өсетін кәдімгі 

жусаннан қатерлі ісікке қарсы тұратын 

дәрі-дәрмек жасаудың өзі –  үлкен жетіс-

тік. Бұған бүкіл әлемнің назары ауып тұр. 

Тәубе дейік, елімізде мұндай тұлғалар да 

баршылық. Сон 

дай-ақ Қазақ қыздар 

педагогикалық уни вер ситетінде 16 жыл 

ректор болған, ұла ғат ты ұстаз Күләш Құ-

нан тайқызы туралы бағдарлама дайын-

далуда. Сонымен қатар КСРО-ның жеті 

дүркін чемпионы, Еуропа чем пионы, әлем 

чемпионы, әлем кубогы 

ның екі мәрте 

жеңімпазы, Азияның екі дүр кін чемпио-

ны, 24-25 Олимпиадалық ойын дардың 

күміс, қола  жүлдегері, палуан, грек-рим 

күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қай рат кері 

Дәулет Тұрлыхановтың да «Келбетін» 

көре аласыздар. Жалпы, бар лық жоспар-

ды алдын ала жайып салуды өз басым 

дұрыс көрмеймін. Эфирде тұрған бағдар-

ламаға екі апта бұрын ано нс дайындалып, 

үнемі беріліп отырады. 



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал