Есімде менің сол күндер Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Есімде менің сол күндер

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 

жыл. Отан үшін от кешкен майдангерлер мен боздақтар 

жөнінде газеттерде жазылып, теледидарда көрсетіліп жа-

тыр. Менің есіме, неге екенін білмеймін, сол жылдардың 

төлі  түседі.  Мүмкін,  көз  жұмғанына  жыл  толған  Райса 

апамды сағынғандықтан шығар.

Ол да соғыс жылдарында, дәлірек айтсам, 1942 жылы 

дүниеге  келген  еді.  Фин  соғысына  қатысып  келіп,  Отан 

соғысы  майданына  қайта  алынған  әкеміз  оралғанша 

арада  тоғыз  жыл  өтіпті.  Анамыз  Зейнеп  үш  баласын 

(бір ұл, екі қыз) жетелеп өзге әйелдер сияқты күндіз кол-

хоз  жұмысына,  түнде  үй  шаруасына  жегіледі.  Балалары 

шама-шарқынша қолғабыс жасайды.

– Оларда балалық шақ деген болған жоқ қой. Тіршілік 

үшін тырмысып, шешелерімен бірдей еңбек етті. Бір уыс 

бидайды  қалтасына  салса,  бригадир  атпен  қуып,  шат-

шәлекейін шығарушы еді,-деп әңгімелейтін анам марқұм.

Ал, біз ес білгенде Райса апамның әкемізге тас соғысып, 

үй  салысқаны  көз  алдымызда.  Олардың  қолтаңбасы 

қалған  сол  үйде  қазір  қара  шаңыраққа  ие  болып  қалған 

ініміз  Сәбит  тұрып  жатыр.  Сатыбалды  Каукешевке 

тұрмысқа  шыққан  Райса  апам  жолдасының  анасының 

анасын  Қалмақ  қырынан  арқалап  алып  келіп,  енесімен 

екеуін мәпелеп бақты. Екі қайнысын да тәрбиелеп, қатарға 

қосты.  Өзінен  өрбіген  он  бір  бала  және  бар.  Сонда  бір 

қабақ шытқанын көрген емеспін. «Ел аман, жұрт тыныш, 

ден сау болсын. Қалғаны еңбекпен келеді. Жалқаулыққа 

салынбаңыздар»,-дейтін  ол  ұл-қыздарына.  Ата-анадан 

үлгі  алып  өскен  олар  да  бұл  күнде  қатарға  қосылған. 

Әттең, өзінің жоқтығы...

Соғыстан соң дүниеге келген төрт ұлдың ортасындағы 

жалғыз қыз болған соң ба, апам мені «Алла берген сары 

қыз – дәрі қыз» деп ерекше еркелетуші еді. 8-наурыз ме-

рекесінде  барып  та  тұратынмын.  Енді  міне,  сағынышым 

ішіме сыймай, ол кісінің рухы риза болсын деген ниетте 

қолыма қалам алып отырмын.

Бақытжамал ӨТЕГЕНОВА.

Бисен ауылы.

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?»

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені ұйымдастыруымен, аудан әкімінің орын-

басары  Лариса  Қайырғалиева  және  «Нарын  жастары»  ЖҚБ-нің  қолдауымен 

Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай  аудан  мектептері  арасында  «НЕ? 

ҚАЙДА?  ҚАШАН?»    ойынын  өткізу,  І  кезеңді  Жәңгір  хан,  М-С.Бабажанов, 

М.Мәметова,  А.Құсайынов  атындағы  орта  мектеп  командалары  арасында 

Хан  Ордасы  ауылындағы  Бөкей  ордасы  тарихи-музей  кешенінде,  ІІ  кезеңді 

Б.Жәнекешев, М.Бегалиева, Ш.Жексенбаев, Қ.Сағырбаев, Т.Масин атындағы 

орта  мектеп  командалары  үшін  Саралжын  ауылында,  ал,  жеңімпаздар  

арасындағы ІІІ кезеңді аудан орталығында өткізу жоспарланған-ды.

  

27 ақпан күні Бөкей Ордасы тарихи-музей кешенінде «НЕ? ҚАЙДА? 



ҚАШАН?» ойынының алғашқы кезеңі оздырылды. Лариса Тельманқызы жетек-

шілік еткен қазылар алқасы құрамында Сисен Байзонов, Қуаныш Елемесов, 

Мейрамбек Аққалиев, Ғайса Махимов болды. 

Сайыс  қорытындысында  қойылған  10  сұрақтың  6-уына  дұрыс  жауап  бер-

ген  М.Мәметова  атындағы  орта  мектептің  «Звёзды  Маншука»  команда-

сы  ІІІ  кезеңге  бірден  жолдама  алды.  Құсайыновтықтардың  «Алаш  мыңы», 

бабажановтықтардың  «Кіші  жүз»,  жәңгірхандықтардың  «Болашақ»  коман-

далары  көрермендерден  ұтылып  қалды.  Алайда,  қазылар  алқасы  өзге 

командалардың  арасынан  ұпай  саны  жоғары  жәңгірхандықтарды  соңғы 

кезеңге жіберді.



Гүлмира ЕЛЕМЕСОВА, 

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің 

кіші ғылыми қызметкері. 

Интеллектуалдық ойын

«Алла берген сары қыз...»

Қазақстан халқы 

Ассамблея­сының 

20 жылдығына орай 

аудандық балалар 

саз мектебінде фор-

тепиано және хор 

бөлімінің мұғалімі Са-

мал Рахымжанованың 

ұйымдастыруымен 

«Бақытты балалық шақ» 

атты шара өтті. 

Оған 


аудандық 

тұтынушылар 

құқығын қорғау басқармасының мама-

ны Татьяна Березина, аудандық бала-

лар-жасөспірімдер  спорт  мектебінің 

қызметкері  Наташа  Семилиди  мен 

ата  аналар  қатысты.  Мұнда  хор 

«Улыбка», «Чунга-чанга», «Антошка», 

«Облака»,  «Чебурашка»,  «Айгөлек», 

«Гүлдер»,  т.б.  мультфильмдерде  ай-

тылатын  әндерді  бірнеше  дауыста 

орындап, тыңдармандарын тәнті етті. 

Сонымен  қатар  осынау  кішкентай 

өнерпаздарға арналған шарада атал-

мыш  мектеп  директоры  Б.Дүйсенов 

пен  өзге  де  шақырулы  қонақтар 

еліміздегі  тыныштық  пен  бірліктің 

қадір-қасиеті төңірегінде келелі әңгіме 

қозғады.  Олардың  сөздері  ҚР  Пре-

зиденті  Н.Ә.Назарбаевтың  көрегенді 

саясаты, яғни, көпұлтты еліміздің бас-

ты  құндылығы  –  татулық  бағытында 

өрбіп, 

болашақ 


ұрпағымызды 

ауызбіршілікке тәрбиелеу әр ата-ана-

мен  қоса,  жалпының  міндеті  екендігі 

айтылды. 

Бұл  шырайлы  кеш  меймандарға 

үлкен әсер сыйлады.



Шынар ЖАМАНҒАРИНА,

аудандық балалар саз 

мектебінің мұғалімі.

Балалық шақ әндері

Ұялы ауылында «Қазына» атты дүкен ашылды. Оның тұсаукесер рәсімінде 

сөз  сөйлеген  округ  әкімі  Бақытжан  Оразғұлов  дүкен  иесі,  «Өмірзақ»  ша-

руа  қожалығының  жетекшісі  Сапар  Досалиевке  әлеуметтік  қызмет  сапасын 

көтерудегі игі істері үшін рахмет айтса, шараға Орал қаласынан арнайы кел-

ген  анасы  Нұрғаным  Досалиева  ұлы  мен  келіні  Гүлбаршынға  ризашылығын 

білдірді.  Ауыл  молдасы  Бақтығали  Уаепов  құран  оқып,  ардақты  ана  Бақыт 

Алдоңғарова шашу шашты. Жиналғандар дүкен иелері әзірлеген бауырсақ пен 

көжеден дәм татты. Өнерпаздар Сексенбай Өтеалиев пен Жақсылық Базарба-

ев музыкалық қызмет көрсетті.

Осындай  жадыраңқы  жағдайда  «биссмилла»  деп  іске  кіріскен  сатушы 

Гүлбаршын Омарова алғашқы бес тұтынушының әрқайсысына үш мыңның та-

уарын тегін берсе, одан кейінгі он тұтынушының әрқайсысына екі мың теңге 

көлемінде сыйлық ұсынды.

Ауылда  оздырылатын  қайырымдылық  істердің  бел  ортасынан  табылып 

жүрген Досалиевтер әулетіне ауыл тұрғындары: «Қолға алған саудаларың да 

өрге домаласын. Алғысқа бөлене беріңіздер!»-деген тілектерін жаудырды.



Гүлфаран ЗАКАРИНА.

Ұялы ауылы.

Кәсіпкерлікке – кең өріс

“Қазынаның”  

қазаны тола бергей!

Күле

-е-е отырыңыз...



Шал кемпіріне:

-  Бәйбіше!  Біздің  қызымыз  тұрмысқа 

шықпай  жатып,  жеңіліп  қалғаны  ұят  болды-

ау...


-  Әй,  алжыған  шал.  Сенің  қызың  көріпкел 

емес қой. Тойының қашан болатынын алдын 

ала қайдан білсін!

*   *   *

Перзентханада  бір  келіншек  есін  жинап 

болған  соң,  өзінің  егіз  туғанын  біліпті  де, 

еңіреп қоя беріпті. Жұрт аң-таң боп:

-  Байғұс-ау,  қайта  қуанбайсың  ба?  Сонша 

сораңды ағызғаның не? – десе, ол:

-  Күйеуім  «екінші  бала  кімнен?»  деп 

сұраса,  не  бетімді  айтамын?-деп  одан  сайын 

аңырапты.

*    *    *

Отырып қалған бір қыз тұрмысқа шығыпты. 

Ертесіне оның інісі мақтанып, апам ұзатылғанда 

қимай әке-шешем жылады, көрші-көлем жыла-

ды, бүкіл ауыл жылады,-деп желдей есіп тұрса, 

бір құрдасы:

- Ауылда тас соғып жатқан шешендер де жы-

лады ғой,-деп оны қостаған екен.

*   *   *

Күйеуі мен әйелі ұрыссып отыр.

-  Саған  тигенше,  шайтанға  тигенім  артық 

еді.


- Ол сені бәрібір алмайды.

- Неге алмайды?

- Туысқандар бір-біріне үйленбейді, өйткені!

*    *   *

Әйелдер батальонында сабақ жүріп жатады:

-  Қатардағы  Қамбарова,  есіңде  болсын, 

постта  тұрған  кезде  бейтаныс  адам  көрінсе, 

«Жақындама, айғайлаймын» деп емес, «Тоқта, 

атамын» деу керек,- деп ескертіпті командир.

*   *   *

Қабылдауға келген бойжеткенге көз дәрігері:

- Оң жақ көзіңізді жауып, алғашқы қатардағы 

әріптерді оқыңыз.

- ...


- Сол жақ көзіңізді жауып оқыңыз.

- ...


-Мүлдем көрмейсіз бе?

- Жоқ, көріп тұрмын. Бірақ, оқи алмай жатыр 

емеспін бе?- деп ренжіпті әлгі қыз.

*   *   *

Бір жігіт досына мақтанып:

- Менің әйелім үш тілде таза сөйлей алады,-

десе, таңқалған досы:

-  Қалай  шыдап  жүрсің?  Мен  бір-ақ  тілде 

сөйлейтін  әйелімнің  сөздеріне  зорға  шыдай-

мын,-деген екен.

Әйелдер әлеміне қатысты әзілдер

3 наурыз 2015 жыл

12

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


www.zhaikpress.kz

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№11 (6940)    3 наурыз    2015 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

Көктем  мерекесі  құтты  болсын!

+2

-6

Сәрсенбі, 4.03.2015



+6

-1

Бейсенбі, 5.03.2015



+5

-4

Жұма, 6.03.2015



+6

-2

Сенбі, 7.03.2015



+8

-2

Жексенбі, 8.03.2015



+4

-3

Дүйсенбі, 9.03.2015



+6

-4

Сейсенбі, 10.03.2015



Мемлекет  басшысының  Қазақстан  халқына 

үНДЕуі


«

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  

кезектен  тыс  сайлауын тағайындау туралы»  Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес 



ҚАУЛЫ ETEMIH:

1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кезектен  тыс  сайлауы  2015  жылдың  26  сәуіріне 

тағайындалсын.

2.  Қазақстан  Республикасының  Орталық  сайлау  комиссиясы  кезектен  тыс  президенттік  сайлауды 

ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, ма-

териалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін 

дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау ко-

миссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-

жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Президенті 

Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 ақпан

№ 1018

Құрметті қазақстандықтар!

Ел  ішінде  биыл  кезектен  тыс  Президент 

сайлауын  өткізу  мәселесі  қызу  талқылануда. 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  Кеңесі  кө-

терген  бастамаға  қоғам  өкілдері  жан-жақты 

пікір  білдіруде.  Парламент  депутаттары  мен 

саяси  партиялар,  қоғамдық  ұйымдар,  еңбек 

ұжымдары  өз  пікірлерін  айтты.  Маған  күн  са-

йын еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар 

келуде.  Барша  жұрт  кезектен  тыс  Президент 

сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау біл-

діруде.  



Құрметті қазақстандықтар!

Кезектен  тыс  Президент  сайлауын  өткізуге 

Демократиялық  күштердің  «Қазақстан-2050» 

жалпыұлттық  коалициясы  бірауыздан  қолдау 

білдірді.  Ол  6  саяси  партияның,  18  респуб-

ликалық  қоғамдық  бірлестіктің,  500  өңірлік 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  басын  біріктіреді. 

Аталған мәселе бойынша Қазақстан халқы Ас-

самблеясының Кеңесі бастамашылық жасады.

Бұл  күндері  менің  атыма  кәсіпорындардың 

еңбек ұжымдарынан, ардагерлерден, студент-

терден,  жасы  және  кәсібі  әртүрлі  адамдар-

дан  көптеген  хаттар  мен  жеделхаттар  түсіп 

жатыр.  Мұның  өзі  біздің  азаматтарымыздың 

өсе түскен саяси белсенділігі мен олардың ел 

тағдырына  шынайы  қамқорлығын  білдіреді. 

Барлықтарыңызға осы үшін зор рахмет.

Біздің  азаматтарымыз  үшін  бүгін  не  нәрсе 

аса маңызды?

Біріншіден,  маған  арналған  барлық  үндеу-

лерде  ешқандай  ішкі  кикілжіңдер  мен  сыртқы 

жанжалдар  біздің  елімізге  кесірін  тигіз-

бесін  деген  бүкілхалықтық  алаңдаушылық 

байқалады. Адамдар бұл үшін тұрақтылық пен 

қоғамымыздың  бірлігін  нығайту  қажет  екенін 

түсінеді.

Екіншіден,  әлемдік  экономикалық  дағдарыс 

белең  ала  түскен  кезеңде  халыққа  ертеңгі  кү-

ніне  деген  сенімділік  керек.  Бұл,  ең  алдымен,  

жұмыс  орындарымен  қамтамасыз  ету,  әлеу-

меттік  төлемдердің,  жалақының,  стипендия-

лардың тұрақтылығы. 

Үшіншіден,  жаһандық  геосаяси  қарама-

қайшылықтар  ушыға  түскен  жағдайда,  біздің 

азаматтарымызды  ұлттық  қауіпсіздікті  қамта-

масыз  ету  мәселесі  алаңдатады.  Сондықтан 

қазақстандықтар теңдестірілген ішкі және сырт- 

қы  саясаттың  әрі  қарай  жалғастырылғанын 

қалайды.

Бұлар оңай мәселелер емес. Оларды шешу 

барлық  азаматтар  мен  барлық  деңгейдегі 

атқарушы  биліктен  дағдарыстан  шығу  жөнін-

дегі  белгіленген  бағдарламаларды  орындау 

үшін  күш  біріктіруді  талап  етеді.  Осылайша 

барлығымыздың  алдымызда  аса  ауыр  жұмыс 

тұр.


Маған  Қарағандыдан  Нина  Алексеевна  Ми-

соченко былай деп жазады:

«Күн  сайын  балаларымның  амандығы 

үшін,  жеріміздегі  бейбітшілік  пен  тыныштық 

үшін мінәжат етемін. Күн сайын Құдайдың ал-

дында  біздің  үйлерімізге  ешқашан  ешқандай 

алауыздық  пен  ешқандай  соғыс  қатер  төн-

дірмесін,  біз  қашанда  бейбіт  және  бақытты 

өмір  сүрейік  деп  жалбарынамын.  Қазақстанда 

барлық  адамдар  татулық  пен  бір-біріне  се-

німмен  өмір  сүріп  жатса,  бұл  Сіздің  ерен 

еңбегіңіздің  арқасы.  Қазақстандықтар  бірге 

еңбек етіп, бір-біріне қолұштарын береді, бала-

лары мен немерелерін алаңсыз оқытып, өсіріп 

жатыр.  Әрқашан  және  мәңгілік  осылай  бола 

берсін!».

Рахмет,  Нина  Алексеевна!  Бұл  тек  менің 

ғана  емес,  біздің  бүкіл  халқымыздың  еңбегі. 

Тәуелсіздік  жылдарында  қазақстандықтардың 

бойында  бейбітшілік  пен  келісім  –  басты  жал-

пыхалықтық  игілігіміз  деген  даналық  ұғым 

мықтап  орнықты.  Және  оны  әр  күн  сайынғы 

еңбекпен  қорғау  және  нығайту  қажет.  Бүгінгі 

біздің  қазақстандық  мінез  бітіміміз  осындай! 

Бірлік  пен  Тұрақтылық  –  бұл  біздің  жауапты 

таңдауымыз!  Бұл  біздің  Отанымыздың  табыс- 

ты дамуының басты формуласы.  

Қымбатты отандастар!

Өткен  23  жыл  –  біз  үшін  ғасырға  бергісіз 

жылдар.  Кезең-кезеңімен  жүргізілген  тұрақты 

саясаттың  арқасында  біз  бүгінгі  белеске  кө-

терілдік.  Қазақ  қазақ  болғалы  қазіргідей  төрт 

құбыласы  түгел,  қуатты  елге  айналып  көрген 

емес.  Біз  бүгін  қариясы  қамсыз,  азаматы  

алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына 

ұмтылдық.  Біз  үшін  көк  аспанымыз  ашық,  

көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе 

жоқ.

Жер бетінде саны қанша миллион болса да 



туын  тігер  ұлтарақтай  жерді,  ұрпағына  мирас 

етер  елді  арман  еткен  ұлттар  қаншама!  Елі 

болғанмен  бағдары  жоқ,  бағдары  болғанмен 

берекесі  жоқ  халықтар  да  көз  алдымызда. 

Қазақстан даму көшіне ілескен елдерден  суы-

рылып  шығып,  көш  тізгінін  ұстаған  елдердің 

санатына бет алды. Бірақ, біз өткенді ешқашан 

ұмытпауға тиіспіз. 

Қазақ  –  тарихи  жады  мықты,  соңына  қарап 

тәубесін  айтқан,  жолына  қарап  тәуекел  еткен 

халық.  Әсіресе,  осы  күндері  маған  жүздеген 

хаттар  келіп  түсуде.  Солтүстік  Қазақстан  об-

лысының  жасы  тоқсаннан  асқан  тұрғыны  Бай-

қуаныш Сәрсембин ақсақал былай деп жазып-

ты:

«Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалар-дың 



бәрі  менің  көз  алдымда  өтті.  Бірде  құлдырап, 

бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ, 

дәл  қазіргідей  Алтын  Ғасыр  халқымыздың  ба-

сында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын 

бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орна-

тып, барша адамзат тағдырын шешуге арала-

сып отырған қазақ баласы ешқашан болмаған», 

– дейді Байқуаныш қария.

Мен  жеткен  абырой,  мәртебе  –  бар-

ша  Қазақстанның  мерейі.  Әрбір  хат  иесінің 

бүгінгі  Қазақстанды  мақтан  етіп,  марқаятынын 

көремін.


Біз  өресі  биік,  рухы  берік,  отаншыл  ел-

міз.  Біз  үшін  туған  елдің  бір  уыс  топырағынан 

қасиетті  жер  жоқ,  бір  түп  жусанынан  жұпар 

иіс жоқ. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды 

көркейтуге бағытталған кез келген ұсыныс мен 

үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезек-

тен тыс Президент сайлауын өткізу жайын мен 

осы тұрғыдан сараладым.



Құрметті отандастар!

Бұрынғы Президент сайлауынан бері 4 жыл 

өтті.  Бұл  Қазақстан  үшін  жаңа  мүмкіндіктер 

ашқан күрделі уақыт еді. Біз 2011 жылғы сайлау- 

алды  науқаны  барысында  менің  тарапымнан 

айтылған  барлық  мақсаттарға  қол  жеткіздік. 

Біз  әлемдегі  аса  дамыған  30  елдің  қатарына 

ену жөніндегі ұзақ мерзімді 2050 Стратегиясын 

жүзеге  асырудамыз.  Бүгінде  мен  жаһандық 

экономикалық  және  геосаяси  тәуекелдерді 

есепке  ала  отырып  айқындап  берген  мем-

лекеттік  бағдарламаларда  дамудың  барлық 

стратегиялық мәселелері белгіленген.

Дағдарыс  пен  біздің  экспорттық  тауарла-

рымызға  бағаның  күрт  төмендеуінен  бізге 

бюджет  саясатын  жедел  оңтайландыруға 

тура келді. Дағдарысқа қарсы шаралар кешені 

жүзеге  асырылуда.  Біз  жаһандық  дамудың 

ауыртпалықтарын  абыроймен  еңсеретінімізге 

сенімдімін. Бізде бұл үшін барлық жағдай – іс-

қимылдың нақты жоспарлары, халықтың бірлігі 

мен қажетті ресурстар бар.

Енді сайлау туралы айтайын. Бүгін мен Пар-

ламент  Сенаты  мен  Мәжілісі  басшылығымен, 

Премьер-Министрмен  және  республика  Кон-

ституциялық  Кеңесінің  Төрағасымен  консуль-

тациялар  өткіздім.  Оның  алдында  Сенат  Тө-

рағасының  сауалы  бойынша  Конституциялық 

Кеңес кезектен тыс Президент сайлауын өткізу 

бойынша  жан-жақты  түсініктеме  берді.  Прези-

дент  және  Парламент  сайлауларын  өткізудің 

күнтізбелік  мерзімі  2016  жылға  дөп  келіп,  іс 

жүзінде қосақталып тұр. Конституция бұған жол 

бермейді.

Менің  Мемлекет  басшысы  лауазымындағы 

конституциялық  өкілеттілігімнің  мерзімі  2016 

жылы  аяқталады.  Осыған  байланысты  екі 

ұсыныс  айтылуда.  Бірінші  –  ел  Президентінің 

сайлауын  мерзімінен  бұрын  өткізу.  Екінші 

–  Мемлекет  басшысының  өкілеттілігін  ұзарту 

туралы  референдум  өткізу.  Екі  ұсынысты  да 

жүзеге асыруға болады.

Көңілге  қонымдысы,  Конституция  талап-

тарына  жауап  беретіні  сайлау  өткізу  болып 

табылады.  Сондықтан  халықтың  мүддесіне 

орай, оның өтінішін, жалпыға ортақ ерік-жігерін 

есепке  ала  отырып,  Негізгі  Заңды  бұлжытпай 

сақтау  үшін  мен  Конституцияның  41-бабының 

3.1  тармағына  сәйкес  шешім  қабылдап,  2015 

жылдың  26  сәуірінде  кезектен  тыс  Прези-

дент  сайлауын  белгілеу  туралы  Жарлыққа 

қол  қойдым.  Қазақстан  үшін  сайлау  қашанда 

қоғамдағы  бірлік  пен  келісімнің  жоғары  тетігі 

болды.  Қазір  де  және  әрқашанда  солай  бола-

тынына сенімдімін!

Сайлау – аса маңызды конституциялық және 

патриоттық  акт.  Оны  заңнамаға  қатаң  сәйкес, 

ашық  және  адал,  отандық  және  халықара-

лық  байқаушыларды  кеңінен  қатыстыра  оты-

рып  өткізу  қажет.  Алдағы  сайлауға  өзімнің 

қатысатыныма  орай  шешімді  мен  кейінірек, 

еліміздің Конституциясы мен заңдарына толық 

сәйкес қабылдайтын боламын. 

Қымбатты қазақстандықтар!

Қайта  қаһарына  мінген  әлемдік  дағдарыс 

жағдайында  бірлік  бізге  бұрынғысынан  бетер 

құнды.  Мемлекеттің  тыныштығы  мен  елдің 

бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі 

қостаған  кезде  ғана  баянды  болмақ.  Жауап- 

кершілік  бүкіл  халыққа  да  жүктеледі.  Осы-

ны  ұмытпайық.  Алдағы  биік  белестер  мен 

асқар  асулар  үшін  біз  барлық  кедергілерді 

бағындырып, алға басуға тиіспіз.

Құзырлы  органдар  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясының  бастамасы  еліміздің  Конститу-

циясына және Сайлау туралы Заңға сай деген 

қорытынды  шығарды.  Мен  сайлауға  қатысты 

«иә» мен «жоқты» мұқият ой таразысына сал-

дым.  Сөйтіп,  «кезектен  тыс  Президент  сайла-

уын өткізген жөн» деген пайымға келдім. Сай-

лау  елімізді  ұлы  істерге  ұйыстырып,  баянды 

болашақ  жолында  біріктіре  түсеріне  сенемін. 

Қазақстандықтарды  ел  тарихындағы  тағы  бір 

тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, бел-

сене қатысуға шақырамын.

Баршаңызға  бірлік  пен  береке,  шаңырақ-

тарыңызға шаттық тілеймін!



3 наурыз 2015 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ардақты ақ жаулықты 

аналар мен арулар!

Сіздерді  көк  желекті 

көктеммен  бірге  көңілге 

қуаныш 

сыйлай 


ке-

летін  мереке  –  8  наурыз 

Халықаралық 

әйелдер 


күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймын!

Бұл  мейрам  өскелең 

өмір  көшінің  бел  орта-

сында  жүрген  сіздердің 

еңбегіңіздің  зор  екен-

дігін  мақтан  ететін  күн. 

Қазақ  халқы  –  әйел  барша 

тірліктің  бастауы,  көркемдік  пен  жылылық  көзі,  шуақ  пен  мейірім 

әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап, аялаудан жаңылған 

емес.  «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тер-

бетеді» дейді халық даналығы. Ғұлама ғалым да, қоғам қайраткерлері 

де,  қатардағы  қызметкер  де  ана  сүтімен  ауызданып,  өмірге  қанат 

қағады.  Мына  жарық  дүниеге  әкелген  Ана  алдында  бәріміздің  де 

бас  иетініміз  сондықтан  десек,  бүгінде  ұрпақ  өсірумен  қатар,  ел 

еңсесінің көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан осынау нәзік 

жандылардың бәрі де үлкен құрметке ие.

Бүгінгі  мереке  күні  баршаңызға  денсаулық,  бақыт,  амандық, 

отбасыларыңызға  береке-бірлік  тілеймін.  Сіздердің  жарқын  

жүздеріңізден әдеміліктің нұры таймасын.

Мейрамдарыңыз құтты болсын, қадірлі қыз-келіншектер!

Құрметпен,

аудан әкімі  Н.РАхыМЖАНОВ.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал