Есім ханнан бата алған қарасай батыр б. Т. Берлібаев



жүктеу 93.41 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі93.41 Kb.

УДК 930.85 

 

ЕСІМ ХАННАН БАТА АЛҒАН ҚАРАСАЙ БАТЫР 

 

Б.Т. Берлібаев – т.ғ.д., Алматы Энергетика және 

байланыс университетінің профессоры, 

 Д.С. Орынбековна Алматы Энергетика және 

байланыс университетінің профессоры, Алматы қ. 



 

Терең  тамырлы  тарихы  бар  қазақ  халқының  ұрпақтан 

ұрпаққа  мирас  болған  ежелгі  мұраларының  қай-

қайсысының  да  пайда  болуында  белгілі  бір  ғылыми  негіз, 

өркендік-тәрбиелік толғам, табиғат пен адам өмірінің берік 

байланыстарын  тани  білуден  туған  білімдарлық,  сырбаз 

талғам,  келісті  таным  бар.  Ал  қазақ  халқының  танымдық 

мұрасының  молдығы,  жасыратыны  жоқ,  басқаны  былай 

қойғанда бүгінгі қазақтың көпшілігінің өзін таң қалдырады. 

Сондықтан  біз  сол  асыл  мұра  қорындағы  жауынгершілік 

дәстүрді  Жоңғар  шапқыншылығы  кезіндегі  Қарасай  батыр 

өмірімен байланыстырып қарастыруды жөн көрдік. 

Патшалы  Ресей  тарапынан  болған  отарлаушылық 

кезінде  «рушылдық»,  «жершілдік»,  ал  Кеңес  дәуірінде 

«ұлтшылдық»  көріністері  ретінде  сыналған  қазақтың 

ауызша  тарих  айту  дәстүріне  тыйым  салынып,  жеті  атадан 

тарайтын  қазақтың  тарих  кестесі  бұзылды.  Сөйтіп,  әке  өз 

баласына  бұрынғы  бабаларының  кім  болғанын  айтып, 

жеткізуден  қорқатын  заманға  байланысты  қазақ  тарихына 

қиянат  жасалып,  оның  рухани  бай  мұралары  болып 

табылған 

әдет-ғұрып, 

салт-сана 

дәстүрлерімен 

ерекшеленетін  өзіндік  діліне    шек  келтірілді.  Егер  бүгінгі 

ұрпақтың  көбі  қазақ  тарихы  тұрмақ,  өзінің  жеті  атасын 

білмей  жатса,  оған  кінәлі  үкіметті  қазір  іздеп  таба 

алмаймыз. Оған екі-үш ұрпақтың санасы куә. 

Иншалла!  Бүгін  еліміз  тәуелсіздіктің  тұғырын 

орнықтырды.  Ел  басының  пиғылы  да  жаман  емес. 



Нұрсұлтан  Назарбаев  1997  жылғы  Қазақстан-2030  деп 

аталған  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Өз  тарихымыз 

бен  ерекше  жағдайларымыз  негізінде  дұрыс  жолды  таңдап 

алу  мүмкіндігіміз  де  бар»  [1],  -  десе,  «Қазақстан 

экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару 

жолында»  деп  аталатын  2005  жылдың  18  ақпанындағы 

Жолдауында  «Біз  бірлесе  отырып,  ерікті  ұлт  жасақтау 

жолында,  алға  жылжуымызға  қажетті  берік  негіз  қаладық» 

[2]  деп  тарихты,  өзіндік  ділімізді  және  ұлттық 

қасиеттерімізді алдыңғы  орынға  шығарды. Бұның өзі қазақ 

халқын ежелгі бабаларымыз жасаған рухани байлықтан нәр 

алуға  шақырады.  Ал  ұлт  үшін  еңбек  ету  дегеніміз-өз 

жүрегіндегіні жасқанбай айта алу деп түсінсек, ол Кеңестік 

идеология орнықтырған сананың құлдығынан тарихи таным 

құпияларын арашалаумен де маңызды. 

Біз  бүгінгі  тәуелсіздік  жағдайында,  тарихи  ой  мен 

білімнің  өмір  сүру  ретін  көшпелі  қоғамда  танымдық 

тетіктің  рөлін  атқарған  «Далалық  ауызша  тарихнамадан» 

(ДАТ)  іздейміз.  «Далалық  ауызша  тарихнама»  термині 

бірінші  рет  Өтеміс  қажының  еңбегінде  кездеседі  [3].  Осы 

ДАТ-қа  көбінесе  аңыз-әңгімелердің  негізінде  жазылған 

шежірелерді  жатқызсақ,  оны  тарихи  білім  ретінде  қарау 

көзқарасы 

патша 


дәуірінде 

Ы.Алтынсарин 

мен 

Ш.Уәлиханов  еңбектерінен  байқалды,  Кеңес  дәуірінің 



алғашқы  жылдарында  Ш.Құдайбердиев,  А.Байтұрсынов 

С.Асфендияров, 

Х.Досмұхамедов, 

М.Тынышбаев, 

Қ.Кемеңгеров т.б. еңбектерінде кең орын алған. Ал көрнекті 

тарихшы Е.Бекмаханов қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігіне 

орай  оны  дерек  көзі  ретінде  ғылыми  айналымға  келтіре 

отырып  былай  дейді:  «Қазақ  сұлтандарының,  билері  мен 

ақсақалдарының өздері жинаған және өңдеген материалдар 

дұрыс жазбалар қатарына жатады» [4]

.

 

Кейін  Е.Бекмахановқа  жасалған  қиянатқа  қарамасатан 



білімнің  әр  саласынан  хабары  бар  академик  Ә.Марғұлан 

алдындағы 

ғалымның 

ізін 

басқанмен, 



оның 

ісін 


жалғастыруға заман ағымы ырық бермеді. 

Тәуелсіздік  алғалы  ДАТ  термині  марқұм  жазушы 

Ақселеу  Сейдімбектің  бірқатар  еңбектері  арқылы  қайта 

жаңғыртылды [5]. Бұған тарихшылар да белгілі дәрежеде үн 

қосып,  пейіл  білдіруде.  ДАТ-ты  біртіндеп,  ҚАТ  (Қазақтың 

ауызша  тарихы)  деп  тағы  да  Ақселеу  Сейдімбектің 

бастамшылдығымен  өзгертіліп,  оны  дерек  көзі  ретінде 

пайдалануды  жақтаған тарихшылар  мектебі  де  қалыптасып 

келеді  [6].  Біз,  Есім  хан  мен  Жәңгір  хандар  тұсында    өмір 

сүрген Қарасай батырдың тарихи бейнесін сомдағанда, осы 

ҚАТ деректерін назарда ұстауға тырыстық. 

Қарасай  Алтынайұлы  (1589-1671)  —  қазақтың 

қаһарман  батыры,  есімі 

шапырашты

  руының  ұранына 

айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр 

Алматы 

облысы


ның 

Жамбыл ауданы

на қарасты Суықтөбе тауының 

етегінде 

Қарасаз

  деген  жерде  дүниеге  келген.  Бірден 



айтарымыз,  2003  жылғы  Қазақ  энциклопедиясының 

5томында  көрсетілгендей,  «Арқа  жерінде  Көкшетау  үшін 

болған  шайқаста  ауыр жараланып  дүние  салған»  [7]-  деген 

дерекпен келісе алмаймыз. Өйткені, көп деректер бойынша 

Қарасай  батыр  1664  ж.  Жоңғар  қақпасы  маңында  болған 

өзінің  соңғы  шайқасына  66  жасында  қатысып,  Ағынтай 

батырмен  бірге  ауыр  жараланғаны  рас.  Бірақ  ол,  одан 

кейінгі  өмірін  ел  басқару  және  елшілік  жұмыстар 

төңірегінде  өткізіп,  1671ж.  қайтыс  болған  [8].  Топырақ 

Көкшетау  алабындағы  Айыртау  сілемінің  Құлшынбай  деп 

аталатын  төбесінен  бұйырған.  Бір  жылдан  кейін,  қасына 

өзінің қанды көйлек досы арғын 

Ағынтай батыр

 жерленген. 

Қос  арыс  —  шапырашты  Қарасай  мен  арғын  Ағынтай 

батырға  жөне  олармен  бірге  қанды  шайқаста  қаза  болған 

сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).  

Сөйтіп,  Алатау  сілемдерінде  дүниеге  келген  Қарасай 

батыр, жаугершілік заманда Көкшетауға  жерленді. Мұндай 

тағдыр  қазақ  батырларының  тарихында  көп  болған. 



Мысалы, Қызылжарлық Баян батырға топырақ Іле бойынан 

бұйырса,  Еділ  бойында  туған  тама  Қабанбай  батырдың 

Арқадағы  Сарысу  бойындағы  шайқаста  қаза  табуы, 

Ерейментаудың Малайсарысының Алатау бөктерінде дүние 

салуы,  сөз  жоқ,  ұлттық-этникалық  біртұтастық  пен 

мемлекеттіктің  әбден  орныққандығының,  сол  мемлекет 

аясындағы атамекеннің азаматтар санасында біртұтас киелі 

сипат алғандығының ең бедерлі айғағы еді. 

Қарасай  батырдың  шыққан  тегі  ұлы  жүз  шапырашты. 

Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан 

Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, 

Еміл,  Емілден  Ерен,  одан  Қошиман,одан  Есқожа  туады. 

Есқожадан  Тоқтар  сері,  одан  Алтынай  туған.  Алтынайдың 

үшінші  әйелінен  Қарасай  батыр  туған.  Сөз  орайында  айта 

кететін  маңызды  мәселе, 

Қазақстан  Республикасының

 

тұңғыш Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  осы 

Қарасай  батырдың  тікелей  ұрпағы  болып  келеді.  Атап 

айтқанда  Қарасайдан 

Көшек

,  одан  Айдар,  одан 

Мырзатай,  одан  Кенбаба,  одан  Еділ,  одан  Сапақбай, 

одан  Назарбай,  одан  Әбіш,  одан  Нұрсұлтан  туады. 

Сонда,  Қарасай  батыр  біздің  президентіміздің  9-шы 

атасы  болып  шығады.  Бұл  деректер  2007ж.  шығарылған 

Нағашыбек  Қапланбекұлының  «ҚАРАСАЙ  БАТЫР  -

ҰРАНЫМ»  жинағында  және  Қарасай  батырдың  тікелей 

ұрпағы  болып  келетін  Бәйтеліге  арнап,  2012  ж.  «Атамұра» 

баспасынан  шығарылған  «Бәйтелі  баба»-деп  аталатын 

көлемді  кітапта  берілген  [9].  Шежіре  жазу  дәстүрімен 

санассақ,  яғни  әр  ата  жасын  шамамен  25-30  жас  деп 

алғанда,  осы  кітаптар  дерегі  шындықпен  үйлеседі.  Осы 

арада  тағы  бір  айта  кететін  мәселе,  шапырашты  руының 

ішіндегі  үлкен  және  кіші  көшек  аталарына  қатысты. 

Шежіреге  жүгінсек,  жоғарыдағы  Емілдің  баласы  Ереннен 

үш  бала  тараса,  соның  Қошиман  деген  ұлынан  Есқожа 

дүниеге  келеді  де,  кейін  оның  тұқымдары  Қарасайға 

жалғасып, оның ұлы Көшек арқылы Президент Нұрсұлтан 



Әбішұлына жеткенБұл-кіші КөшекАл Ереннің үшінші 

ұлы  Алысайдан  да  Көшек  деген  ұл  дүниеге  келсе,  бұл-

үлкен  Көшек.  Бірақ  бұл  Көшектің  тұқымы  өспей 

қалған.  Қазірде  ел  ішінде  жер  басып  жүрген  оның  аз 

бөлігі  Қарасай  баласы  кіші  Көшек  тұқымымен 

араласып кеткен [10]. 

Жалпы, қазақтар мен ойраттардың үздіксісз соғыстары 

1472  жылдан  басталып,  Жоңғар  елі  тарихтан  кететін  1758 

жылдан кейін де Еділ мен Жайық бойынан Үбіші (Ұбашы) 

хан  бастап  босаған  жоңғар  жеріне  көшіп  келген 

қалмақтармен  жалғасса,  осы  екі  елдің  арасындағы  соғыс 

тарихы 300 жылдан асып кетеді. Олай болса, Қарасай батыр 

туылған XYI ғасырдың соңында  ойраттармен болған соғыс 

өзінің қызған шегіне жеткен еді. Бала Қарасай, ат жалын 

тартып  мінгенше  сол  қанды  қырғын  соғыстарды 

көзімен  көре  жүріп,  өз  уақытында  қарттар  арқылы 

қазақтың  ауызша  тарихымен  берілетін  өмір  мектебінде 

шыңдалып  ер  жетті.  Ақыры  ол  17  жасында,  Жанай 

батырдың  ұсынысымен  қолына  бүкіл  қазақтың  туын 

ұстауға  қол  жеткізсе,    қара  Ертістегі  1620жж.  болған 

соғысқа  сол  туды  көтеріп  шықты.  Бұл  арада  көреген 

Жанай 

батыр 

жаңылмаған 

екен. 

Осы 

соғыс 

барысындағы Тобыл өзені сағасындағы ұрыста Қарасай 

батыр  ойраттардың  екі  тайшысын  әйел  бала-

шашаларымен ұстап алып келіп, Есім ханның алдында 

тізе  бүктірген  көрінеді.  Оның  ерлігіне  көзі  жеткен  Есім 

хан:  «Сен  енді  қазақтың  Қарасай  батыры  атанасың!»-

деген  батасын  берген  көрінеді.  Дәл  осы  соғыс  барысында 

ойраттың  Олых  деген  батырының  басын  қақ  айырған 

Қарасайдың қолы үш күн ауырады. Оны байқаған Есім хан:  

«Менің  көзім  жаман  болмаушы  еді,  сенің  қолыңа 

түкірейінші» - депті. 

Есім  ханның  осы  батасы  мен  мейірім  сөзі  оны 

қаһарландырып,  жауға  бұрынғыдан  да  гөрі  қырғыйдай 

тиюге жігерлендірді: 1629 жылы Жайық бойындағы кезекті 


тапсырманы 

орындап 


қайтқан 

Қарасай 


бастаған 

Шапырашты  қолы  шаршап  келіп,  қазіргі  Алматы 

олбысының  Асы  жайлауында  тыныстап  жатқан  еді.  Осы 

кезде  Іледен  өткен  жаудың  қазіргі  Қарасай  және  Жамбыл 

аудандарының  халқын  қынадай  қырып,  мал-мүлкін  талан-

таражға  түсіргені  туралы  хабар  келісімен,  2  мың  сарбаз 

жинаған  Қарасай  атқа  қанады.  Межелі  жерге  келісімен 

қазіргі  Қарасай  ауылы  тұрған  ойпатта  ойрат  тайшысы 

Банжұр  жасақтарын  тас  талқан  етіп  жеңеді  де,  өзі  дүниеге 

келген  Суықтөбе  тауының  етегіндегі  Қарасазға  жеңіс 



туын  тігеді.  Деректерге  жүгінсек,  жерлестерінің 

ризашылығына  байланысты,  осы  оқиғадан  кейін 

Қарасай  батырдың  жеке  басы  Шапырашты  руының 

ұранына айналған. 

1635  жылы  Батур  қонтайшының  қол  астына  біріккен 

жоңғарлар 50 мың қолмен қазақ-қырғыз жеріне басып кіріп, 

нәтижесінде Есім ханның ұлы  Жәңгір сұлтанды тұтқындап 

әкетеді.  Бұл  кезде  тонауда  қалған  қырғыз  бауырларды 

құтқаруды ойлаған Қарасай батыр, Шу бойында ұрыс салып 

жүрген  еді.  Сондықтан  оның  1635  жылы  болған  Сібір-

Тобыл  соғысысына  ққтысуы  күмән  тудырады.  Әрине,  бұл 

соғыс  туралы  И.Э.

Фишер


  "Сібір  тарихы"  атты  еңбегінде 

жазған.  Ауызша  жеткен  тарихи  деректерде  де  осы  кезеңде 

жалайыр



шапырашты



  руларының  Тобыл  бойында  болғаны 

айтылады.  Алайда  дәл  осы  уақытта  Шу  бойында  ұрыс 

салып  жүрген  Қарасай  батырдың  Сібір-Тобыл  соғысына 

қатысқаны күмән келтіреді. 

Қазыбек  бек  Тауасар  ұлының  дерегіне  сүйенсек,  осы 

арада  Жәңгір  тағдырына  алаңдаған  Қарасай,  арғын 



Ағынтай  батырмен  бірге  оны  жау  қолынан  құтқарып 

келеді.  Бірақ,  Жәңгір  қалай,  қандай  жағдайда  және  қай 

жылы  қолға  түсіп,  қай  жылы  босанып  келгенін  білдіретін 

деректер  бізде  кездеспей  отыр.  Бізге  белгілісі,    Жәңгір 

жоңғарлардың  Қазақ  Еліне  қарсы  1643  жылы,  қысқа  қарай 

жаппай  шабуылға  шығатынын  күніне  дейін  білуі.  Сол 


мәліметінің  дұрыстығына  байланысты  Жәңгір,  Қарасай 

сияқты  батырларымен  бірге  Орбұлақ  шайқасында  ақыры 

тамаша  жеңіске  жетті.  Ол  Самарқант  әміршісі  Алшын 

Жалаңтөс  баһадүр  мен  жерілікті  Сүйерқұлұлы  Қожбанбет 

би сиақты албан, суан би- батырларының ақылдарына құлақ 

асу арқылы Елімізді алғашқы ақтабан шұбырындыдан аман 

алып  қала  алды.  Бұл  соғыс  жайында  орыс  тарихшылары 

Н.М.Карамзиннен  бастап  И.Я.  Златкинге  дейін  таусыла 

жазып,  жалпы  соғыс  тарихында  сирек  кездесетін  оқиға 

ретінде бағалаған [11]. 1652 жылғы 17 жасар Галден Церен 

тайшымен болған жекпе-жекте Жәңгір хан қайтыс болатын 

соғыста 


Қарасай 

батыр 


жалпы 

қазақ 


әскерлері 

қолбасшыларының 

бірі 

ретінде 


ақыл-парасатымен, 

тапқырлық-табандылығымен  танылған.  Сахара  төсінің 

ежелден  қалыптасқан  тәртібі  бойынша  ел  бастаған  көсем 

мен  қол  бастаған  батырлардың  есімі  әдетте  ру-тайпа 

атауына  ұласып,  ұранға  шығып  отырған.  Ондай  ірі 

тұлғаларға  жер  атын  беру  рәсімі  қалыптасқан.  Бұлретте 

Қарасай батыр есімінің ру атауына ұласып, ұранға айналуы, 

оған  бірнеше  жер  атауларының  берілуі,  ең  алдымен,  іргелі 

рудың  қам-қаракетін  елдік  мұрат-мүддесімен  тоғыстыра 

білген  қайраткер-қолбасшылығына  айғақ  болса  керек. 

Белгілі  зерттеуші  П.П.Румянцевтің  Жетісу  тарихы  мен 

шаруашылығына  арналған  8  томдық  кітабы  1913  жылы 

Петербургте  жарық  көрді.  "Материалы  Семиреченской 

области" деп аталатын осы кітапта былай жазылған: "Батыр 

Кәстек өңірінің жұрты шапырашты руынан шыққан Қарасай 

батырдың ұрпақтарын құрайды. Қазір Қарасай руы Ақмола 

облысының жерін қоныс етеді. Қарасайдың бейіті Көкшетау 

уезінің Айыртау деп аталатын өңірінде" — дейді.  

Қарасай батыр туралы қазақ ұлттық деректерге келсек, 

1993  ж.  Қазыбек  бек  Тауасар  ұлының  «  Түп-  тұқияннан 

өзіме шейін» -деген «Жалын» баспасынан шыққан кітабына 

көңіл бөлеміз. Онда: « Қара Ертістегі соғысқан Шапырашты 



туын  ұстаған  қарт  батыр  Жанай  қатыса  алмай,  ол  туды  өз 

қолымен Қарасайға тапсырған» ,- деген дерек бар. 

Жыр алыбы Сүйінбай да өзінің «Қарасай» жырында 

Ұлы бабаның ерлігін елдің есінде қалғандары бойынша 

баяндап, оның бір жерінде былай дейді: 

'' Әулеті Қарасайдың түгел батыр, 

Орнатқан дұшпанына заманақыр, 

Сұраншы мен Саурықтың ерліктері

Күн сайын қалың елге тарап жатыр'' 

 

Ал, Жамбыл ақын болса ... Қаракерей Қабанбай



                                              Қанжығалы Бөгенбай 

                                              Шапырашты Наурызбай 

                                              Соларға кезек бермеген 

                                              Ұлы жүздің ішінде 

                                              Ұрпағым менің Қарасай – 

деп, ағыл-тегіл жырға қосады.Қарасайды ақын 

жыршылардан Кенен,Үмбетәлі,Саяділдерде жырға қосқан. 

Бізді ойландыратын мәселе - Қарасайдың өзі туып-

өскен  Қастек  өңіріне  емес,  Көкшетаудағы  Айыртауға 

жерленуі.  Расында  ол,  1664  жылы  жоңғарлпрмен  болған 

ұрыста  66жасында  ауыр  жараланған  болса,  өзінің  туған 

өлкесіне  қарай  жақындау  керек  еді.  Деректерден  ондай 

мәліметтерді  кездестіре  алмадық.  Біздің  ойымызша 

Қарасай,  өз  кезегіндегі  аса  ірі  мемлекет  қайраткері 

болғандықтан Ұлытаудағы хан ордасынан алыстай алмаған. 

Оның  1669  жылы  Ресеймен  келіссөз  жүргізуге  барғандығы 

жөнінде  деректер  және  оның  жаңа  қызметіне  байланысты 

ордаға  жақын  болу  үшін  бірсыпыра  туыстарымен 

қандыкөйлек  досы  арғын  Ағынтайдың  еліне  көшіп 

барғандығы жөнінде де деректер бар. 

 Сонымен  ел  қорғау,  ерлік  жасау  –  абыройлы  да  ауыр 

іс. Ал жауынгерлік дәстүр қазақ  ділінде ертеден орныққан 

ерекше  қасиеттің  бірі.  Сондықтан  ел  қорғаған  жауынгер 

жолындағы  ауыртпалықты  да,  қиындықтарды  да  халық 


өзінің  даналық  сөздерінде  ескертіп,  «Ат  басына  күн  туса, 

ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер» 

десе,  Қарасай  батыр  елу  жылдай  қанды  қырғын  арасында 

жаумен  жағаласып,  ел  қорғаған  батыр  қолбасшы.  Халық 

нағыз ерлерді қадірлеуге шақырып, «Асты көрсең қадір тұт, 

ерді көрсең, қыдыр тұт» деп бекер айтпаған. Олай болса, ел 

ырысы  бола  білген  Қарасай  бабаның  ерлік  істері  мен 

жауынгерлік  дәстүрді  жалғастыруы  «Отан  үшін  отқа  түс 

күймейсің!»  деген  мақалдың  әрін  кіргізіп,  мәнін  жаңалай 

түседі. 


Бүгінгі  таңда  Шамалған  ауылында  Қарасай 

батырдың  қара  шаңырағын  ұстап  отырған  батырдың 

тікелей ұрпағы Асқар  Тоқтамысов қасиетті  бабасының 

өзі  пайдаланған  қара  босағасы  мен  маңдайшасын 

сақтап,  оны  ұрпағына  аманат  етуді  мақсат  етіп  отыр. 

Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылының маңындағы биік 

жота, сондай-ақ бұрынғы Қаскелең ауданы Қарасай атымен 

аталады.  Шамалған  мен  Ұзынағаш  ауылдарында  және 

Қаскелең  қаласында  батырға  ескерткіш  қойылған.  Бүгінде 

Шамалған  ауылында  Қарасай  батыр  атындағы  мешіт  бой 

көтерсе, «Ер есімі ел есінде» дегеніміздің өзі де осы. Сөйтіп, 

Қарасай батыр бүгінде рухани батырға айналды. 

Бабаның рухы өшпесін! 

Ер есімі – ел есінде мәңгілікке қалсын! 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.



 

Қазақстан-2030. Алматы:Юрист, 2001, 65-б. 

2.

 

Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік 



және  саяси  жаңару  жолында  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы-Алматы: Атамұра, 2005, 13-б. 

3.

 



Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. А., 1992, 14-57-бб. 

4.

 



Е.Бекмаханов. 

Қазақстан 

ХІХ 

ғасырдың20-40 



жылдарында. Санат, 1994, 14-б. 

5.

 

Ақселеу  Тарақты.  Ауызша  тарихнама//  Қазақ.  А., 



1994,  31-47бб.;  Балталы,  Бағаналы  ел  аман  бол(шежіре).-

Алматы, «Қазақ университеті», 1993, 59-85бб. 

6.

 

Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: зеттеу. 



–  Астана:  Фолиант,  2008.  –  32  б.  Айтбаева  Р.Т.  Ауызша 

тарих  айту  дәстүрі  бойынша  ХVІІІ  ғ.  қазақ  қоғамы 

тарихының  негізгі  мәселелері.  Канд.  Дисс.  Авторефераты. 

А.,  1992;  Артықбаев  Ж.  История  Казахстана.  А.,  1999.; 

Елешева 

З. 


XV-XVIII 

ғ.ғ. 


Қазақстан 

тарихының 

фольклорлық нұсқасы. Канд. Дисс. Авторефераты. Қ., 1999., 

Атабаев  Қ.  Қазақ  тарихының  деректанулық  негіздері.  А., 

2002, 120-147б.б. Атабаев Қ. Тарихымыз қалай жазылмақ?// 

Қазақ тарихы. №2, 2004., Жүгенбаева Г. Ауызша тарих айту 

//Қазақ  тарихы  №1,  2004,  Ғылымға  дейінгі  тарихи  білім. 

Бекмаханов 

тағылымы-2004 

Халықаралық 

ғылыми 

Конференциясының  материалдары,  Алматы,  18-19  мамыр 



2004ж, 240-243бб. 

7.

 



Қарасай  батыр.  Қазақн  Ұлттық  энциклопедиясы.- 

Алматы, 2003.- Т. 2. К-Қ.- 603б. 

8.

 

Қарасай  Алтынайұлы.  «Жетісу»  энциклопедиясы.- 



«Арыс» баспасы.- Алматы, 2004.- 394б. 

9.

 



Қапланбекұлы Н. Қарасай батыр - ұраным.- «Тамыр » 

компьютерлік  баспа  жүйесі.-Алматы,  2007.-37б.,  Ата-

бабалар  шежіресінен.  «Бәйтелі  баба».-  Құрастырған 

М.Ізбасов, А.Склеубаев. Алматы:«Атамұра» баспасы.-  2012 

.- 18б. 

10.


 

Қарасай батыр (Тарихи зерттеулер, өлең - жырлар). 

Құраст.  Ә.  Абаев,  С.  Дәуітұлы,  Р.  Терлікбаев-  Алматы  , 

«Санат» , 1998. -113 б. 

11.

 

Левшин



  А.И.  Описание  киргиз-кайсакских  или 

киргиз-кайсачьих орд и степей. 2-бөлім. СПб., 1832. 59-6. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал