Есім хан жəне Жиембет пен Марғасқа жыраулар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай



жүктеу 206.37 Kb.

Дата17.02.2017
өлшемі206.37 Kb.

36 

Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 94 (574) 

Р.С.Каренов 



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(Е-mail: rkarenov@inbox.ru) 

Есім хан жəне Жиембет пен Марғасқа жыраулар  

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 

Мақалада қазақ халқының ұлылығы мен даңқын арттыруда зор рөл атқарған əйгілі Есім ханның өмірі 

мен  қызметі  суреттелген.  Есім  ханның  қолбастаушысы,  биі,  заң  шығарушысы  болған  Жиембет 

жыраудың  шығармашылығына  басты  көңіл  бөлінген.  Жиембеттің 1620 ж.  ойраттармен 

(қалмақтармен)  болған  шайқаста  даңққа  бөленгені, 1627 ж.  Қазақ  ордасынан  бөлініп,  өз  хандығын 

құрмақшы болған Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуда маңызды рөл атқарғандығы айтылған. 

Жиембет  шығармашылығының  күшті  сезімдерге  толы  екендігі,  жаңа  образдарға  терең 

бойлайтындығы  айтылған;  оған  айрықша  стиль,  өмірге  философиялық  көзқарас,  халық  өмірінің 

тарихи  жолын  алдын  ала  көре  білуі  тəн  екендігі  көрсетілген.  Марғасқа  жырау  Жиембет  секілді  хан 

билігі мен халық арасында аралық тұлға, оның сөзге шебер талант, терең білімді болғандығы туралы 

қорытынды  жасалған.  Жиембет  жəне  Марғасқа  жыраулардың  да  мұралары  өз  зерттеушілерін 

табатындылығына сенім білдірген.  



Кілт сөздер: хан, батырлық, мəліметтер, толғаулар, заң, келіспеушілік, жүрек жұтқан жырау.  

 

Кіріспе 

XVІІ  ғ.  бедерінде  өмір  сүрген  жыраулар  қауымынан  қазіргі  қазақ  оқырманының  білері — 

Жиембет  жырау  мен  Марғасқа  жырау.  Екеуі  де  заманында  ерекше  билікке  ие  болған  ер  Есімнің 

тұсында  өмір  сүрген  кісілер.  Бірақ  жыраулар  туралы  сол  заманнан  қалған  жазба  деректер  жоқ. 

Сондықтан олардың өз ауыздарымен айтқан сөздеріне қарап қана, Есіммен қандай қатынаста, өздері 

өмір сүрген ортада қандай бедел иесі болғандықтарына, болжамдар жасауға болады. Ал, Есімнің өзі 

жайлы жазылған бірсыпыра мəліметтер бар [1–3]. 

Бұлардың  ішінде  ел  арасында  аңыз-əпсана  түрінде  айтылар  əңгімелер  де,  Есімнің  өзінің  көзін 

көрген Əбілғазы Баһадүрхан секілді бірегей тарихи тұлғаның жазба мағлұматтары да кездеседі.  



Қазақ хандығы тарихында Есім ханның алатын орны 

Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен əйгілі болды. Оған бұл атақ 1598 ж. 

ағасы Тəуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. 

Есім хан бұрын Қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Тəуекел Бұхараны 

қоршағанда 20 мың əскерімен Самарқанды билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының 

орнына хан сайлаған Есім ұзақ жылдар бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, 

күшейту  жолында  қанын  да,  жанын  да  аяған жоқ.  Шығысында  қалмақтармен,  солтүстік-батысында 

Бұхара  хандығымен  үздіксіз  шайқасуға  тура  келген.  Орта  Азия  қалаларымен  бейбіт,  экономикалық 

байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. 

Шыңғыс ханнан Есім ханға дейін он алты ата болған. Оны былайша беруге болады: Шыңғыс хан – 

Жошы хан – Орда Ежен – Сартақтай – Қоныша – Баян – Сасыбұқа – Ерзен – Шымтай – Орыс хан – 

Қойыршақ – Барақ хан – Жəнібек хан – Жəдік – Шығай хан – Есім хан. Оның ата-бабаларының бəрі 

дерлік билікте болып, Алтын Орда, Ақ Орда секілді мемлекеттердің тарихында ерекше рөл атқарған.  

Есім хан өзіне дейінгі Хақназар ханның, əкесі Шығай ханның, кейіннен ағасы Тəуекел ханның 

тұсындағы  тарихи  жағдайлардың  барлығын  жинап,  нүктесін  қойғызған [4; 5]. Біріншіден,  қазіргі 

Қазақстан территориясының толығымен қалыптасып бітуі Есім ханның билігінің тұсында аяқталды. 

Тəуекел  хан  аяқтап  бергенмен  заңдастыра  алмап  еді,  оны  інісі  Есім  хан  ресми  түрде  заңдастырып, 

көршілеріне  мойындатты.  Екіншіден,  Есім  ханның  кезінен  бастап,  Иасы  қаласының  атауы 

«Түркістан» болып өзгертіледі жəне ол Қазақ хандығының астанасы болып бекітіледі. Яғни, Есім хан 

хандықтың саяси-əкімшілік, рухани орталығына айналған астанасын заңдастырып берді. Үшіншіден, 

Есім ханға дейін қазақтың əр ханы əр түрлі жерде жерленген. Мысалы, Керей мен Жəнібектің нақты 

жерленген жері белгісіз. Аңыз бойынша, əр түрлі жерлер айтылып жатады. Бұрындық хан Үргеніш 

қаласында,  Қасым  хан  Сарайшықта,  Хақназар  хан  Созақта,  Шығай  хан  Күміскентте,  Тəуекел  хан 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

37 

Ташкентте жерленген. Есім ханнан бастап қазақтың барлық хандары Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи 



кесенесінің  жанында  жерлене  бастайды.  Яғни,  саяси-əкімшілік  жəне  рухани  орталыққа  айналған 

Түркістан  қаласының  киелілік  маңызы  артады.  Бұл  қазақ  мемлекеттілігін  нығайтуда  үлкен  бір 

бастама болды.  

ХVІІ  ғасырдың  басында  Ташкентті  билеуші  Тұрсын  мен  Есім  хан  арасында  билік  үшін  күрес 

шиеленісе түсті. Тұрсын Мұхаммед сұлтан — қазақ ханы, Жалым сұлтанның ұлы. Бұхар хандығының 

билеушісі  Имамқұл  ханның  көмегіне  сүйенген  Тұрсын  хан  Есім  ханмен  күрес  жүргізді.  Есім  хан 

Тұрсын  ханнан  жеңіліп,  Шығыс  Түркістан  билеушісі  Абд  əр-Рахымның  ордасына  кетуге  мəжбүр 

болды.  


Жеңілгеніне  қарамай  Есім  хан  қырғыздардан  құралған  жасағымен  Тұрсын  ханның  Сырдария 

бойындағы ұлысына бірнеше рет жорық жасады. 1626 жылы Тұрсын хан мен Есім хан өзара бейбіт 

келісімге келді. Бірақ бұл бейбіт келісім ұзаққа созылмай, Тұрсын хан тарапынан бұзылды. 1627 ж. 

Есім  хан  қалмақтарға  қарсы  жорыққа  аттанғанда,  Тұрсын  хан  оның  ордасына  шабуыл  жасады. 

Жорықтан оралған Есім хан Тұрсын ханның əскеріне Сайрам түбінде ойсырата соққы берді. Мұнан 

соң Тұрсын хан əскері Ташкент маңындағы шайқаста да Есім хан əскерінен жеңілді. Осы жағдайда 

Тұрсын хан əскерінің біраз бөлігі Есім хан жағына шығып кетті. Тұрсын хан өз нөкерлерінің қолынан 

қаза тапты [5; 17]. 

Бұл  жөнінде  «Түріктер  шежіресінің»  авторы,  Хорезмдегі  өз  бауыры  Исфандийардан  қашып 

кетіп, 1625/26 ж. Түркістан қаласындағы Есім ханды паналаған Əбілғазыдан мынадай егжей-тегжейлі 

мəліметтер табамыз: «...Онда үш ай тұрдым. Бұл кезде Ташкентті Тұрсын хан билеп тұрған еді. Есім 

хан сонымен жүздесуге кетті. Тұрсын ханмен жүздескеннен кейін қайтып келіп, Есім мені ертіп ханға 

апарды, онымен таныстырып, былай деді: «Бұл — Жəдігер ханның баласы Əбілғазы. Осы кезге дейін 

бұл үйдің мүшелерінен бізге мейман болып əлі ешкім келген жоқ, ал біздерден оларға барғандар көп. 

Сіз Əбілғазыны өзіңізге алмайсыз ба?» Мен Тұрсын ханның қолында тұруға кеттім. Екі жылдан кейін 

Есім Тұрсын ханды өлтіріп, оның адамдарының көбін қырып тастады. Сонда мен Есім ханға былай 

дедім: «Мен сендерге өздеріңнен, екі ханнан, маған əлдебір пайдасы тиер деген үмітпен келген едім, 

ал сендерде мынадай болды. Мені Имамкули ханға (Бұхараға) жіберіңдер». — «Жақсы, бара ғой», — 

деп жауап қайырды Есім. Мен Имамкули ханға кеттім» [6; 427]. 

Шығыс  Түркістан  хандығына  арқа  сүйенген  Есім  хан 1627 ж.  Тұрсынды  өлтіріп,  Қазақ 

хандығының  билігін  қайтадан  толық  өз  қолына  алып,  бір  орталыққа  бағынған  ірі  мемлекет  құрды. 

Ол билік  еткен  тұста  Қазақ  хандығының  əскери  қуаты  күшейіп, 300–400 мыңға  дейін  атты  əскер 

шығара алған. Ал бұл кезде көршілес үлкен мемлекеттер Иран 50-60 мың, Ресей 70-80 мың, Қытай 

100 мыңдай ғана атты əскер шығарған [7; 271]. 

Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Т.  Омарбек  өзінің  мақаласында [8; 20] мынадай 

қызық  дерек  ұсынады: «Есім  хан 1628 жылдан  кейін  тарихи  деректерде  айтылмайды.  Соған 

байланысты біздің тарихшылар, орыстың тарихшылары əлі күнге дейін «Есім хан 1628 жылы қайтыс 

болды»  деп  айтып  келе жатыр.  Енді  өзіміздің деректер  табылды.  Дəстүрлі  деректер  бойынша,  Есім 

хан 1644 жылы қайтыс болыпты. Бірақ 1628 жылдан бастап бұл кісі қатты ауырып, төсекке таңылған. 

Өйткені орыстың деректерінде Ресейдің елшілерімен келіссөзге Есім ханның баласы Салқам Жəңгір 

баратын болған. Оның негізгі аты — Жəңгір. Бірақ мінезі кеңпейіл, денесі мол, əкесі сияқты ақкөңіл, 

ақжарқын  болғаннан  кейін,  қазақта  алқам-салқам  деген  сөз  бар  ғой, «Салқам»  деген  қосымшаны 

қазақ  кейін  берді. 1628 жылдан  бастап  Жəңгір  Есім  ханның  орнына  орыс,  қалмақ  елшілерін 

қабылдап,  қалмақпен  қатынасты  реттеп  отырады.  Бірақ  барлық  жазба  деректерде  «хан»  деп  емес, 

«сұлтан» деп айтылады. Оның себебі неде? Оның себебін енді біліп отырмыз, Есім хан əлі тірі екен. 

Ханның  өзі  тірі  тұрғанда,  мың  жерден  баласы  болса  да,  қазақ  еш  уақытта  басқа  адамды  хан  деп 

айтпаған. Ол жаман ырым. Сөйтіп, Жəңгір 1644 жылдан бастап ресми түрде хан болады». Есім хан 

Түркістанда жерленген. Қабірінің басына кесене орнатылған.  



«Есім ханның ескі жолы» 

Бұл дəстүрлі қазақ қоғамындағы əдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. «Есім ханның ескі жолы» 

Есім  хан  билігі  тұсында  қабылданды.  Есім  ханның  қол  астына  қарайтындар  жəне  оның  кейінгі 

ұрпақтары Есім ханның жаңалығына «Есім ханның ескі жолы», немесе «Есім салған ескі жол», деген 

ерекше  атау  берді.  Бұл — Есім  ханның  саяси  қызметі  мен  оның  негізгі  құқықтық  ережелерінің 

мағыналы атауы [9; 30]. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Р.С.Каренов 

38 


Вестник Карагандинского университета 

Есім хан билігі тұсында күнделікті көшпелі тұрмыстағы даулы мəселелерді шешуде, азаматтық, 

қылмыстық  істерді  қарауда,  əскери-отбасылық  қарым-қатынастарда  «ата-баба  жолы»  басшылыққа 

алынды.  Есім  хан  ғасырлар  бойы  сұрыпталып,  орныққан  осынау  жол-жоралғы,  əдет-ғұрып 

жосындарын  өз  заманының  əскери-саяси  жəне  əлеуметтік  қажеттіліктеріне  орай  жетілдіріп 

жүйелеген.  

Ресей деректерінде  [10; 440, 441] Есім ханның тұсында қазақ халқы арасындағы жеті атаға дейін 

некеге тұрмау тəртібі заңдастырылғаны туралы айтылады. 

Есім  хан  Қасым  ханға  ұқсауға,  көшпелі  мəдениетті  тұрақтандыру  жолындағы  оның  саясатын 

басшылыққа алуға тырысты. Есім ханның осы бағыттағы істері, бастамалары мен басқару тетіктері 

көшпелілер  тарапынан  кең  қолдауға  ие  болды.  Олар  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп, «Есім  ханның  ескі 

жолы» деген атпен үлгілі қоғамдық модель ретінде орнықты. 

Дау шешіп, төрелік айту құзыретін иеленген би-қазылардың оны білуі міндетті саналған. «Есім 

ханның ескі жолы» заңдары мазмұнына қарай «Құн дауы», «Жер дауы», «Жесір дауы», «Мал дауы» 

секілді күрделі тараулардан құралған [11; 31–33]: 

1. Ежелден-ақ  қазақ  қоғамындағы  күрделі  даулардың  бірі — кісі  өлімі.  Кісі  өлімі  үшін  құн 

алынған.  Есім  хан  шығарған  арнайы  заң  бойынша  өлген  кісіге  өлтіруші  жақ  құн  төлеуге  міндетті. 

«Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы (6 түйе)» кесілген. 

Əйел  адамның  құны, «Есім  ханның  ескі  заңы»  бойынша,  қалың  малдың  шамасы  бойынша 

өлшенген. 

2. Қазақ қоғамындағы екінші бір үлкен дауы — жесір дауы. «Жесір» деген сөз əйел жынысының 

ерсіз  бос  отырған  жігіне  тəн  атау.  Есім  ханның  заңы  бойынша,  жесірге  сол  рудан  адам  таңдауына 

рұқсат етіледі. «Егер таңдаған адамы бас тартса, онда əйелдің басы босап, қалыңмалы қайтарылады. 

3. Қазақ қоғамында мал-мүлік дауы да ерекше орын алған. Қазақ үшін байлық — мал. Малдың 

еті, сүті — тамақ та; жүні, терісі — киім; мал қазаққа көшсе — көлігі, мінсе — жүйрігі, яғни малсыз 

тірлік жоқ. Сондықтан да Есім хан ұрыларға аяушылықпен қарамаған. 

Ұрланған  аяқты  мал  үшін  ұрыдан  ол  малдың  көзі  қайтарылады,  көзі  жоқ  болып  кетсе,  оның 

орнына  тұрарлық  төлеуі алынады.  Оның  үстіне бір  қара  ұрланғанның айыбына — «ауыздықсыз  ат, 

астарсыз шапан», он қараға дейін — қосымша «ат-тон» кесілген. 

4. Есім ханның шығарған заңында жер-су, жайлау-қыстау, көшу-қону қоныстары туралы болып 

тұратын  күрделі  дау-жанжалдарды  шешуге  белгіленген  заңның  жол-жобалары  бар.  Жер-су, 

жайылым,  ата-қоныс  мекеніне  иелік  ету  үшін  талапкерге  қойылатын  салт-сана  заңдарының  түрлі 

шартты  сұрақтары  мен  қажетті  белгілері  көрсетілген.  Олар:  талапкердің  ата-анасының  салынған 

қабірі,  қойылған  құлпытасы,  қазылған  арық,  егілген  егіннің  атыз  жаптары,  құрылған  шығырдың 

орны, орылған қырманның ізі, соғылған бөгеттің қалдығы, қазылған құдықтың орны, малдың қысқы 

көңі, қойдың  күзгі  түнегі,  тұрғызылған қарақшы, үйілген  омақа  белгі,  тігілген  ағаш, егілген бақша, 

салынған там, соғылған аз-бар қора, салынған шеген, қазылған ошақтың орны т.б. 

5. Есім хан заңында мұрагерлік, мирасқорлықтың мал мөлшері анық айтылған. Мирасқорлыққа 

бөлінетін мал-мүліктердің бөліну мөлшері: туған ұлдарына — екі еседен, туған қыздарына, баласыз 

əйелдеріне — бір еседен, өгей балаларына — жарты еседен, есігінде еншілес болып жүрген құлы яки 

күңі болса — ширек еседен сыбаға тиісті. 

6. «Есім  ханның  ескі

жолындағы»  қызға  төленетін  қалыңмалдың  кесімді  мөлшері  бес  түрлі 



болған. Олар:  

 «Жүз қырықтың қалыңы» — жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының 

қалыңы. 

 «Жүз жиырманың қалыңы» — жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының 

қалыңы. 

 «Қырық жетінің қалыңы» — жеті қара, қырық қой деген кесім (байлардың, билердің «қатын 

үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы). 

 «Он екі қараң — «дөңгелек қалың» (қатыны өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін 

қалыңы). 

 «Сегіз  қараң» — (жарлы-кедейлердің  бір-бірімен  құда  болып  қызын  айттырғанда  төлейтін 

қалыңы).  

Əйел құны да осы кесімге орай шешіліп отырған.  

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

39 

Бортоғаш батыр 



Тана

Жиембет 


батыр 

Жолымбет 

батыр 

Ақымбет 


Жабу  

Байбақты батыр  

Əйтімбет  батыр  

Жауын батыр  

Дат батыр  

Қара батыр  

Салман батыр  

Сырым батыр  

Сонымен,  Есім  хан  заңдарының  мəні — ғасырлар  бойында  қазақ  көшпелі  қоғамында 

қалыптасқан  көшпелілер  өмірінің  қатаң  жағдайларына  бейімделген  дəстүрлі  əдет-ғұрып  пен 

құқықтық тəртіпті жандандыру, нығайту.  

Жиембет жыраудың қысқаша өмірбаяны  

Есім  ханның  заң  шығарушы  билері  болған.  Жалпы,  Шыңғыс  хан  заманынан  бері  билердің 

алқасы 12 адамнан тұрған. Сол билер қатарында Есім ханның жақын кеңесшісі Жиембет те болған.  

Жиембет — Есім ханның əскербасы батырларының бірі, əрі жорықшы жырауы. Сонымен бірге 

Жиембет,  ел  аузынан  алынған  тарихи  əңгімелерге  жəне  өз  шығармаларындағы  кейбір  сөздерге 

қарағанда, заманының ірі феодалы, мемлекет істерінде үлкен рөл атқарып отырған  қабырғалы биі. 

Жыраудың  өмірбаяны,  қай  жылы  туып,  қай  жылы  өлгендігі  жайында  нақты  деректер  жоқ. 

Тек біздің  заманымызға  жеткен  шығармаларындағы  кейбір  сəттерден,  халық  жадында  сақталған 

əңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мəлімет ала аламыз. 

Көрнекті  ғалым,  профессор  Х.  Сүйіншəлиев  өзінің  белгілі  оқулығында  былай  деп  жазады: 

«Жиембеттің өмір сүрген кезі — Есім ханның тұсы. Оның əкесінің аты əр деректе əр түрлі аталады: 

Біртоғаш, Бортоғаш, Мүфтоңаш. Біздіңше, дұрысы ел есінде сақталған — Мүфтоңаш болса керек... 

Ол Кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан. Мүфтоңаштан Жиембетпен бірге Жолымбет, 

Ахмет деген ұлдар туған. Туып-өскен жері — қазіргі Орал облысы, Тайпақ ауданы. Негізгі мекені — 

Байбарақ,  Байшерек  деген  жерлер.  Қыстауы — Жайық  жағасындағы  Есім  төбесі.  Жаз  Жиембет 

ауылы Жем-Сағыз бойын жағалай жайлаған. 

Ел  аңызы  бойынша,  Жиембет  Ителіне  айдалады.  Есім  өлген  соң  ол  еліне  келіп, 1680 жж. 

шамасында, тоқсанның үстіне шығып өлген» [12; 290, 291]. 

Белгілі  жазушы  жəне  əдебиет  зерттеушісі  М.  Мағауин  Жиембет  жырау  туралы  біраз  мəлімет 

береді: «Бортоғашұлы  Жиембет  жырау  Алшын  руынан,  көшпенділердің  əскери  аристократиясынан 

шыққан. Алшындар тек қазақ хандығында ғана емес, басқа Орта Азия хандықтарында да мемлекеттің 

тірегі,  əскери  күші  болғаны  мəлім.  Самарқанд  Регистанындағы  Шері-Дар медресесі  мен  Тіллə-кари 

мешітін салғызған атақты Жалаңтөс баһадүр да осы Алшын руынан-тын... 

Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  орталық  кітапханасының  қолжазба  қорында  сақталған 

шежірелердің  біразынан  Жиембеттің  атын  ұшыратамыз.  Солардың  бірінде  (№ 1115) Жиембет 

жайында мынандай мəлімет бар. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тағы бір шежіреде Жиембет — «Кіші жүздің ескіде өткен аузы дуалы биі» делінеді. 



Тананың  ұраны — Жиембет.  Атақты  Сырым  батыр  да  жауға  шапқанда  өз  атасы  Жиембеттің 

атын атап шапқан» [13; 66, 67]. 

М. Неталиев «Кіші жүз шежіресі» атты тарихи-этнографиялық зерттеуінде Жиембет жыраудың 

ата-тегін былайша таратады: «Сұлтансиықтың бұл атасынан (Тана руы туралы) 2 бала: Шаңқан мен 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Р.С.Каренов 

40 


Вестник Карагандинского университета 

Біртуғаш туған (Біртуғаштың аты Біртоғаш болуы да мүмкін). Тана — негізінен жеті-баулы Тана деп 

аталады. Оның себебі түсінікті: Шаңқаннан 3 бала: Қалқаман, Жақсыгелді, Тойлан. Ал Біртоғаштан 

— Ақымбет, Жиембет, Қараман, Əдік — 4 бала, барлығы 7 ұрпақ тарайды екен. Осыны өз атасының 

шежіресіне  қоса  жаздырған  Берқайыр  Аманшин  былайша  өрбітті:  Танадан — Жиембет,  Ақымбет, 

Қалқаман,  Асан,  Бессары,  Қараман,  Қарақұнан  деп.  Бұл 7 баланы  тарихшы  Хамит  Маданов  та 

дұрысқа жақын көрсеткен, ол тек Қараманның орнына Қалақ дегенді енгізген. 

Ал осы жетеуді ол Тананың екі баласы Шаңқан мен Біртоғашқа бөліп: Жиембет пен Ақымбетті 

— Шаңқаннан, Қараман, Қалқаман, Асан, Бессарыны — Біртоғаштан туған деп жазыпты… 

Жиембеттен — Масай,  Жобалай,  Нұрке.  Жиембеттің  осынау  үш  ұрпағынан  өрбіген  азаматтар 

бүгінгі  тəуелсіз  еліміздің  алыс-жақын  аймақтарында  қоғамдық  жұмыстың  əр  саласында  еңбек  етіп, 

абыройға бөленіп жүр» [14; 81, 82]. 

Есім ханның қабырғалы билерінің бірі болған Жиембет қарапайым көшпенділер қатарынан емес. 

Халық  аңыздарының  жəне  шежіренің  айтуынша,  Жиембеттің  арғы  атасы — Ноғайлыдан  шыққан 

атақты  Алау  батыр:  Алау — ХVІ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  жасаған,  тарихқа  белгілі  адам 

[13; 68]. 

Жиембеттің жастық шағы Батыс Қазақстан аймағының Дендер, Өзен, Жем, Арал өңірінде өтеді. 

16 жасынан бастап хандардың, билердің, батырлардың жанында жүреді. Шешендігінің арқасында ел 

билігіне араласады.  

Жиембет  Есім  ханның  беделді  биі,  батыры,  қолбасшысы  болып,  талай  шайқастарға  қатысады. 

1620, 1627, 1628, 1635 жж. қалмақтармен болған соғыстарда Жиембет батыр бастаған сарбаздар ірі 

жеңіске жетеді. Əсіресе 1620 ж. Есім ханның Ойрат қалмақтарымен шайқасы кезінде ерекше ерлік, 

тапқырлық көрсетеді. 

Қазақ  энциклопедиясының 4-томында: «Ол  Есім  ханның  Кіші  жүздегі  ел  басқарушы  биі, 

қолбасшы  батыры  болған.  Қалмақтарға  қарсы 1620–1627 жж.  жорықтарға  қатысып, 

ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен», — деп жазылған. 

Жиембет  батыр  Қазақ  ордасынан  бөлініп,  тəуелсіз  хандық  құрғысы  келген  Ташкент  ханы 

Тұрсын ханның көтерілісін басуда елеулі қызмет атқарған.  

Əйгілі  жырау  «Əмірің  қатты,  Есім  хан», «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  атты  толғауларында  Есім 

ханның  жосықсыз  ісін  бетіне  басып,  зорлық-зомбылық  əрекеттерін  ашық  айтады.  Сөз  құдіретін, 

ақындық  өнерді  жоғары  қояды. «Қол-аяғым  бұғауда», «Басы  саудың  түгел-дүр»  деген  жырларында 

ханнан қуғын көріп, айдауда жүргені айтылады. Бірақ ержүрек жырау қиындыққа мойымаған. Мұны 

«Менің  ерлігімді  сұрасаң,  Жолбарыс  пен  аюдай,  Беріктігім  сұрасаң,  Қарағай  мен  қайыңдай»  деген 

өлең жолдарынан көреміз [15; 218]. 

Жиембет  жыраудың  шығармалары  сол  дəуірдің  кейбір  шындығын,  сол  заманның  кескін-

келбетін, халықтың салт-санасын білуге жəрдемдеседі.  



Жиембеттің Тəуекел ханға айтқан өлеңі 

Кейбір деректерде Жиембет жырау Қазақ хандығының 1582–1598 жж. билеушісі Тəуекел ханды 

жақсы білген.  

Тəуекел — Шығай ханның ұлы. Ол 1581 жылдан əкесімен бірге Мауреннахр билеушісі Абдолла 

ханға  қызмет  еткен.  Оларға  Абдолла  хан  Ходжент  жерін  иқта  ретінде  беріп,  алтын  жіппен  тігілген 

шапан  мен  асыл  таспен  безендірілген  белдік  сыйлаған.  Тəуекел  хан  Абдолла  ханның  басты 

қарсыластарының бірі Баба сұлтанмен күресте белсенділік танытады. 1582 ж. Баба сұлтанды өлтіріп, 

оның  басын  Абдолла  ханға  апарып  береді.  Бұған  сый  ретінде  мол  тартулармен  қоса,  Самарқандқа 

іргелес  Африкент  уəлаятын  үлеске  алады. 1582 ж.  Шығай  өлгеннен  кейін  орнына  Тəуекел  хан 

сайланады. Ол 1598 ж. Бұхара қаласы маңындағы шайқаста алған ауыр жарақаттан 40 күннен кейін 

қаза  табады.  Тəуекел  ханның  Шайбани  əулетімен  жүргізген  күресі  нəтижесінде  Сырдарияның  орта 

ағысының  екі  жағасындағы  отырықшы-егіншілік  аудандар  Қазақ  хандығының  құрамына  кіреді 

[16; 34–36]. 

Жиембет  Тəуекел  ханға  арнап  өлең  шығарған.  Бірақ  ханға  айтқан  өлеңі  түгел  жетпеген.  Оның 

қысқа үзіндісі ғана мəлім. Ол үзіндіден Жиембеттің жас шағы көрінеді. Жыраудың жігітшілікпен хан 

қаһарына  ілініп,  одан  кешірім  өтінгені  Б.  Қорқытовтың  «Кіші  жүздің  билері  мен  батырлары»  атты 

кітабында былайша баяндалады: «Тəуекел ханның Есенбике деген көрікті қызы болыпты. Сол қызға 

Жиембеттің  көзі  түсіп,  онымен  бір  кездесуді  көздеп,  сыртынан  аңдып  жүріпті.  Мамыр  айының 

мамыражай  күнінің  бірінде  Есенбике  бір  топ  қызбен  қызғалдақ  теруге  шығады.  Көк  шалғынды  бір 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

41 

төбенің астында бақылап отырған Жиембет Есенбике оңашалау қалғанда барып жолығыпты. Осыдан 



соң  екеуі  түсінісіп  кетіпті.  Бірақ  жортуыл,  дау-далабайдың  ортасында  жүрген  Жиембет  қызға  көп 

кезіге алмайды. Қыз іштегі жалынын сыртқа шығара алмай, іштен құса болып жүреді. 

Бірде Тəуекел хан Күлтөбе басында билік құрып отырып, ел ішіндегі біраз дау-дамайды қарап 

шешеді.  Осындай  көңілді  отырған  шағында,  отырыстың  аяғын  ала  топты  жарып,  Есенбике  ортаға 

шығып, əкесінің алдына келе: — Дат, тақсыр! — дейді. 

Хан: — Қызым, не тілекпен келдің, айт, — деген екен.  

Есенбике: 

  Тақсыр, бір білезігім бар еді, 



Оның өзі тар еді. 

Албырт өскен ер жігіт,  

Оңаша жерде жолығып,  

Сол білезігімді кеңітті,  

Қатарымнан кемітті, — деп төмен қарайды.  

Хан: — Ол кім еді, атын айт, — дейді.  

Есенбике: — Ол сіздің тобыңызда жүрген əрі батыр, əрі жырау Жиембет, — депті. 

Хан Жиембетті шақырып алып: — Бұл не əңгіме, мына бойжеткеннің айтып тұрғаны рас па? — 

деп сұрайды. 

Жиембет: 

  Уа, тақсыр, хан ием! 



Үш ай тоқсан кезінде, 

Қошқар менен бура мас. 

Нақ көктемнің кезінде, 

Айғыр менен бұқа мас. 

Жас болжамы жеткенде, 

Қыздар менен жігіт мас. 

Сол жастықтың жөнімен, 

Түзетілмес іс қылдым. 

Кессеңіз, ханым, міне, бас, —  

деп хан алдына басын иеді. 

Жиембеттің тапқырлығы мен ерлігіне риза болған хан: 

  Айтқандарыңның бəрі жөн, 



Өркенің өссін екі жас, —  

деп батасын беріп, некелерін қидырып, сол жерде екі жастың отауын тіккізіпті [17; 14–15]. 

Əйгілі  жыраудың  Тəуекелге  айтқан  сөздерінің  үлгісі  «Ертедегі  қазақ  əдебиеті 

хрестоматиясында» (119-б.) бірінші рет басылған.  



Жиембеттен қалған ең елеулі мұра —  

оның Есім ханға арнаған толғауы 

Қазақтардың  ойраттарға  қарсы XVII ғ.  күресі  көбіне  жеңісті,  сəтті  болып  отырғанмен  де,  аса 

тынымсыз,  елдің  тынышын  кетірген  ауыр  күрес  еді.  Осы  кездегі  оқиғалардың  кейбірінің  елесін 

Жиембеттің Есімге арналған «Еңсегей бойлы ер Есім» [18; 131–132] толғауынан көреміз:  



Еңсегей бойлы ер Есім,  

Есім, сені есірткен  

Есіл де менің кеңесім.  

Ес білгеннен, Есім хан,  

Қолыңа болдым сүйесін,  

Қолтығыңа болдым демесін.  

Ертеңгі күн болғанда,  

Елің кеңес құрғанда,  

Айналып ақыл табарға  

Есіктегі ебесін,  

Сонда, ханым, не десін?!  

Мен жоқ болсам, Есім хан,  

Ит түрткіні көресің.  

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Р.С.Каренов 

42 


Вестник Карагандинского университета 

Жиембет қайда дегенде,  

Не деп жауап бересің?..  

Мені менен, ханым, ойнаспа,  

Менің ерлігімді сұрасаң,  

Жолбарыс пенен аюдай.  

Өрлігімді сұрасаң,  

Жылқыдағы асау тайыңдай.  

Зорлығымды сұрасаң,  

Бекіре менен жайындай.  

Беріктігімді сұрасаң,  

Қарағай менен қайыңдай.  

Көруші едім, Есім хан,  

Ханымды күнім, сізді айымдай. 

Сырым саған түзу-ді,  

Садаққа салған бұлыңдай.  

Жұмыскерің мен едім  

Сатып алған құлыңдай,  

Жүруші едім араңда  

Өзіңнің інің менен ұлыңдай...  

Мен өлсем, құнсыз кетер деме сен, 

Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген 

Тілеуберді құлыңдай!  

Тілеуберді құлың мен емес,  

Мұның, ханым, жөн емес.  

Менің ер екемді көргенсің,  

Əуелден бірге жүргенсің,  

Дегенімді қылғансың,  

Қайратымды білгенсің. 

Ағбытпа, ханым, күннен соң,  

Сіздің естен кеткенмен,  

Біздің естен кеткен жоқ: 

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,  

Соқыр бурыл байталға  

Сонда бір жайдақ мінгенсің...  

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,  

Қаланың қасы бүлгенде,  

Хандар қалаға қылаған,  

Сұлтандар суға сылаған, 

Қаз мойынды ханша  

Қалада тұрып жылаған...  

Тал шарбаққа мал сақтап,  

Тас қалаға жан сақтап,  

Тасқан екен мына хан!  

Қайрылып қайыр қылуға  

Қылығың жоқ ұнаған.  

Қайратым қанша қайтса да,  

Мұныңа, ханым, шыдаман! 

Арқаға қарай көшермін,  

Алашыма ұран десермін,  

Ат құйрығын кесермін,  

Ат сауырын берермін,  

Алыста дəурен сүрермін,  

Қарамасаң, ханым, қарама, 

 

Сенсіз де күнімді көрермін! 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

43 

Бұл жолдардан Жиембет жыраудың Есім ханға ақыл-кеңес беріп, тар кезде қолтығынан демеген, 



əскеріне,  төңірегіндегілерге  сүйеніш  болған,  ақыры  соның  нəтижесінде  оны  үлкен  билікке  қолын 

жеткізіп, «есіртуге»  дейін  апарған  сұңғыла  абыз,  қызметі  өткен  кісісі  екенін  байқаймыз.  Демек, 

Жиембетке Есім хан осындай дəрежеге жетуімен борышқор. Ел əңгімелеріне қарағанда, Жиембет — 

Есімді ақ киізге салып хан көтерушілердің бірі, оның барлық жеңісті жорықтарының қаһарманы. 

Жорық  жырауы  Есім  ханға  «мен  кеткеннен  кейін  қалмақтардан  көресіні  көресің,  кезінде  сол 

қалмақтардан бірнеше рет жаныңды аман сақтап қалып едім, енді оны ұмытайын деген екенсің» деп 

Есім  ханға  ашулы  сөздерін  де  арнайды.  Бірақ  Жиембет  жырау  қаншама  күш  көрсете  сөйлегенмен, 

Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. 

Қалай  дегенмен  де  ханның  арғы-бергі,  жақсы-жаманды  жүріс-тұрысы  мен  көңілге  қона  бермейтін 

кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, Құдай тəубасын аузына келтіргендей [19; 350]. 

Бұл  толғау  осындай  ерекше  қасиетімен  құнды,  шындықты  ірікпей-бүкпей,  тура  қасқая  қарап 

бетке  айтуымен  қымбат.  Сонау  арғы  ғасырлардан  бері  ұмытылмай  ел  есінде  сақталып  келуі  де 

жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек. 

Жиембет — Есім ханмен жағаласып өткен батыр жырау 

Жиембет жырау өзі тұстас кейбір хан мен билерге наразылық білдірген, оларға тіл тигізе батыл 

сөздер да айтқан. Сондықтан да халық Жиембетті əділ би, шешен жырау, айлалы, «аруақты» батыр 

деп дəріптеген.  

Тарихтың  айтуында,  ол — Есім  ханнан  қорлық  көріп, ececi кеткен  елдің  жоғын  жоқтаған  ер 

азамат.  Есім  өлтірткен  құлдың  құнын  даулап,  ханға  қарсы  шығатын  да,  ханды  өз  қылмысын 

мойындауға  мəжбүр  ететін  де  осы  Жиембет. «Ешкім  жақтап,  ешкім  құн  талап  етпейтін  құлды 

өлтірген...  Есім  Жиембеттен  кешірім  сұрауға  мəжбүр  болады»  деп  жазылған  Қазақ  ССР  тарихында 

[20; 226]. 

Уақыт  өткен  сайын  Есім  хан  мен  Жиембет  бидің  арасындағы  қайшылық  өрши  түседі.  Оған 

келіп,  мынадай  бір  оқиға  тағы  да  жалғасады.  Халық  аңызы  бойынша,  бір  кездері  Есім  қалмақ 

хандарымен  ауыз  жаласып  кетеді.  Осыдан  келіп  елде  оның  саясатына  ашық  наразылық  туады. 

Осындай  наразылықтың  бірін  халық  Жиембет  пен  оның  інісі  Жолымбетке  байланыстырып  айтады. 

Ол аңыздың қысқаша мазмұны мынадай: «Есімді қолға ұстамақ болған қалмақтың бір ханы оған елші 

жіберіп,  сұлу  қызды  сыйға  тартады.  Сыйлықты  алып  келе  жатқан  қалмақ  елшісін  Жиембеттің  інісі 

Жолымбет  батыр  тосып  алып,  ханға  жеткізбей  қолға  түсіреді.  Қызды  барымталап,  ханға  бермейді. 

Мұны естіген Есім хан Жиембетке ренжіп, қалмақ ханы сыйлаған тартуды өз қолына тез табыс етуді 

талап етеді. Бірақ Жиембет ауылы бұған түгел қарсы тұрып, қызды қайырмайды. Бұрын ханға кеткен 

дауларының  есесін  осылай  қайыруды  ойлайды.  Осындай  себептерден  Жиембет  пен  хан  арасы 

алшақтай түседі» [12; 29]. 

Есім хан қаһарын төгіп, Жиембетті шақырып алып: 

– Хан алдындағы ауыр қылмысы үшін інің Жолымбетті ұстап, өз қолыңмен өлтір, — деп əмір етеді. 



Бұған шамданған Жиембет [21; 51]: 

Əмірің қатты Есім хан,  

Бүлік салып, бұйырдың 

Басын бер деп батырдың — 

Қанын ішіп қанбаққа,  

Жанын отқа салмаққа. 

Атадан жалғыз мен емес,  

Хан ие, ісің жол емес.  

Жолбарыстай Жолымбет, 

Құрбандыққа қол емес.  

Жол тосып, алып кетіпті, 

Қалмақтан алмақ сыйыңды. 

Қаһарыңды басқалы  

Қалың елім жиылды.  

Бастап келген өзге емес,  

Жиембет сынды биің-ді.  

Малын салып алдына, 

Əр саладан құйылды,  

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Р.С.Каренов 

44 


Вестник Карагандинского университета 

Он екі ата Байұлы 

Бір Тəңірге сыйынды, —  

дейдіЕсім хан райынан қайтып, Жолымбетке кешірім береді. Алакөздік жақсылыққа бастамайтынын 

ұққан Жолымбет бытыр елден безіп, бөтен жаққа қашып кетуге мəжбүр болады. Ол туыс-туғандары, 

жекжат, жұрағаттарымен Адай арасына — Хорезм жағына ығысып, сол жақта өледі.  

Ел аңызы бойынша, Жиембет Есім хан жарлығымен Ителіге айдалады. Ханға қарсы сөз айтуға, 

оның  абыройына  дақ  келтіруге  болмайтын  билердің  дайындаған  заңына  Жиембеттің 

мойынсұнбайтын  амалы  жоқ.  Аңыздар  мен  жазбаларда  əскербасы,  даңқты  батыр,  жыршы,  сазгер 

Жиембет Ителінде жүріп үйленіп, одан туған ұрпақ Ител Баймұрат болып таpaп кеткен [22; 4]. 

Ел  аузындағы  аңыздарға  қарағанда,  Жиембет  тек  жырау  ғана  емес,  жиһанкез  де  болғанға 

ұқсайды. Ол көп жерлерді аралаған. Қазақстаннан басқа жердегі біраз жұрттарды көрген. 



Жиембет жыраудың қуғынға ұшырауы 

Жиембеттің  мемлекет  ішіндегі,  халық  алдындағы  беделі  қаншама  жоғары  болғанымен,  оның 

Есім  ханмен  тартысының  аяғы  насырға  шабады.  Халық  жадында  қалған  аңыздардың  айтуынша, 

тартыс  атақты  жыраудың  жеңілісімен  тынады.  Сірə,  бұл  қайшылықтың  түп-төркіні  Жиембеттің 

тентектігінде ғана жатпаса керек.  

Есім ханның басты мақсаты – Жиембеттің ықпалындағы елдерді өзіне түгелдей қаратып, хандық 

құзырын бұрынғыдан да кеңейту болатын. Оның бұл ойы Жиембетті биліктен тайдырмайынша іске 

аспайтын еді. Сондықтан ол өз жендеттерін жұмсап, Жиембетті қолға түсіріп, жыраққа жер аударып 

жібереді. Жиембет сол жаққа айдалып бара жатып [21; 54–55]: 

Қол-аяғым бұғауда, 

Тарылды байтақ кең жерім! 

Арманда болып барамын,  

Қоштасуға аял жоқ,  

Қалқаман, Шолан ерлерім! 

Қайырылып, қадам басарға  

Күн болар ма мен сорға,  

Өзен, Арал жерлерім?!.  

Қиядан қолды көрсеткен  

Төбеңе шығар күн бар ма,  

Жотасы биік Дендерім?! 

Қайрымсыз болған хандарға  

Тиер ме екен бір күні  

Жолбарыстай  шеңгелім! — деп  өзінің  жауынгер  достарына  іштегі 

өкінішін білдіреді.  

Ол туған жерден жырақта жүріп те елін, жерін, жауынгер достарын аңсап, сағынып [21; 55]: 

Басы саудың түгел-дүр 

Толған тоғай малы-дүр.  

Тоқтамай соққан толағай  

Толастар мезгіл жеткей-дүр.  

Керегеге ілінген  

Шабылмаған семсер тұр,  

Жаудан алмай кегімді,  

Есіл де өмір өткен құр.  

Азап шектім аралда  

Ханға қарсы тұрам деп,  

Түн ұйқымды бөлгенмін,  

Жұртымды жөнге салам деп.  

Бас кессе де басылмай,  

Ақ ісімді жасырмай,  

Атқа мінген ер едік,  

Қашырды бүйтіп елімнен 

Күйеуден безген қатындай, —  

деп өзінің əділет үшін белін буып, қолына қару алып, күреске шыққан мақсатын баяндайды.  

Сол  айдаудан  Жиембет 1643 жылдың  басында  (осы  жылдың  жазында  Орбұлақ  шайқасына 

қатысады) елге жадап-жүдеп, ауруға шалдығып оралады. Оны ел-жұрты зор құрмет көрсетіп қарсы 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

45 

алып, бағып, күтеді. Тана руы Жиембетті өзіне ұран етіп алады. Осылайша, даңқты жырау ел есінде 



мəңгі ұмытылмастай болып қалады.  

Жиембеттің Орбұлақ шайқасына қатысуы 

Қазақ жауынгерлерінің аз қолмен жаудың сан мыңдаған əскерін соғыстың керемет əдіс-тəсілін 

қолдану  арқылы  жеңіліске  ұшыратқан  тарихтағы  ең  шешуші  шайқастардың  бірі  қазіргі  Алматы 

облысының Панфилов ауданы Орбұлақ түбінде болғандығы тарих беттерінде жазылған. 

Қазақ хандығы кезеңі — ат жалында күн кешкен Алаш жұртының қаһармандық дəуірі. Өйткені 

бетегелі белімізге, жусанды дарқан даламызға көршілеріміз қашанда көз тіккен. Оның басты себебі: 

жазы — жайлау, ойы — қыстау, құтты қонысымыз арқылы стратегиялық маңызы бар — Ұлы Жібек 

жолының  өтуі.  Сондықтан  да  елім,  жерім,  халқым  деп  жаны  күйзеліп,  елінің  ертеңіне  алаңдап, 

бабаларымыз  бірлікке  ұмтылды,  намысқа  шапты.  Ұлтының  ұйытқысы  болған  хандар,  қол  бастаған 

батырлар,  дуалы  ауыз  шешендер,  билер  тарих  сахнасына  шықты.  Бұланты,  Білеуті,  Шұбартеңіз, 

Аягөз,  Түркістан,  Аңырақайда  өткен  шайқастарда  қазақ  халқы  шынығып,  шыңдалды,  бірлігі 

нығайды.  Сондай  ерекше  оқиғаның  бірі,  елдік  пен  ерлік  сынға  түскен — «Орбұлақ  шайқасы». 

«Орбұлақ  шайқасы»  жайлы  мəліметті  алғаш  айтқан  тарихшы  Иоганн  Эбергард  Фишер  болатын. 

Сонымен  қатар  орыс  тарихшылары  Алексей  Левшин,  Илья  Златкин; қазақ  ғалымдары Мұхамеджан 

Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Санжар Асфендияров, Сəкен Сейфуллин де жазған [22; 7]. 

Əрбір соғыс, қақтығыс жүрген жерде бықпырт тигендей бүліну болады. Бүлінгенді түзейтін де, 

жоқты бар ететін де батырлар екеніне Орбұлақ жотасындағы 20 тонналық ескерткіш тақтадағы мына 

жазулар  дəлел  болғандай [23; 4]: «Бұл  жерде 1643 жылы  Салқам  Жəңгір  бастаған  қазақтың 600 

жауынгері  ор  қазу  тəсілімен  қалмақтың 50 мың  қолын  тоқтатып,  оның 10 мыңын  жойып жіберген. 

Осы кезде бұларға Самарқаннан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп үлгерді. 

Ұлы  жеңіске  шапырашты  Қарасай,  арғын  Ағынтай,  тана  Жиембет,  қаңлы  Сарбұқа,  найман 

Көксерек, қырғыз Көтен мен Табай, дулат Жақсығұл, арғын Қомпай, суан Елтінді батыр, тағы басқа 

хас батырлар үлес қосты. 

Батыр бабалардың аруағына бас иеміз! 

Қазақтың ескерткіштер қорғау қоғамы». 

Ел  мен  жерді  қорғауда  Орбұлақ  шайқасының  тарихи  маңызы  жоғары  болған.  Басқыншылыққа 

қарсы  жойқын  күш  көрсетілген.  Бұл  соғыстың  мəн-мағынасын  тарихшылар  орыстың  Куликово 

шайқасымен теңестіруі тегін емес.  

Орбұлақ  жеңісі — қазақтың  ғажап  бауырмалдығының  жемісі.  Тауасарұлы  Қазыбек  бек  «Түп-

тұқианнан  өзіме  шейін»  кітабында  осы  соғыс  туралы  мынандай  қызықты  деректер  ұсынады: 

«…Алтын  ханның  ұлы  Омбы,  ойраттың  білікті  нояндары  қазаққа  қайта  лап  қойды.  Оның  басында 

əкесінің  қолға  түсіп қорлық көргенін  ұмыта  алмай  жүрген  Батыр  хонтайшы  болды.  Бұл соғысқа  ол 

елу  мыңдай  қолмен  келді.  Жəңгір  хан  жолындағы  қырғыздарды  тапап  өткен  ойрат  қолына  мыңға 

жетер-жетпес  адаммен  қарсы  шығып,  соғыста  тəсілін  арттырып  жеңіске  ие  болды.  Ол  адамының 

жартысын  тас  арасына  орналастырып,  оған  мосқалдау  батыр  Жиембетті,  Жақсығұлды  қалдырды. 

Жас батырларды  Қарасайға  бастатып  шабуылға  дайындады.  Сөйтіп,  олар  жаудың  желкесінен  келу 

үшін  тау  айналып  кетті.  Алаңсыз  Лабастағы  Доңыз  тауға  кіріп  келе  жатқан  қалмақты  Жəңгір 

адамдары атып, көп адамын өлтірді. Олар сасып-салбырап қалғанда, желкесінен келген Жəңгір мен 

Қарасайдың азғантай тобы ойраттарды ойсырата қырды. Бəлкім, енді арттан жиырма үш мың қолмен 

Алшын — Əлімұлы — Төртқара Жалаңтөс батыр келмегенде, қазақтар жеңіліп қалар да еді, Батыр 

қонтайшы  осы  соғыста  он  мыңдай  адамынан  айырылып,  қайтуға  амал  жоқ  бет  бұрды.  Кейін  ойрат 

нояндары: «Соғыстан неге қайттың?» — деп батырдан сұрағанда, ол: 

–  Он  бір  мың  бес  жүз  адамымнан  айырылдым,  енді  болмаса  бəріміз  қырылатын  едік, — деп 

жауап беріпті. Бұл соғыс осылай аяқталуы тиіс екен, өйткені Жəңгір жанындағы жеті жүз адам бəрі 

сен  тұр  мен  атайын,  сыннан  өткен  Қарасай,  Ағынтай,  Жиембет,  Сарбұқа,  Көксерек,  қырғыз  Көтен, 

Табай батыр əрқайсысы жүз кісіге татитын адамдар болатын» [24; 200, 201]. 

Кейінгі  зерттеулер  қазақ  қолының  ішінде  дулат  Сырымбет,  найман  Бөдес  жəне  суан  Ұзақ 

батырлардың да болғанын дəлелдейді. Бұлардың ішінде əйгілі Жиембет жырауға айрықша тоқталуға 

тура келеді.  

Əскербесі,  даңқты  батыр,  дарынды  жыршы  Жиембет,  жоғарыда  айтылғандай,  Есім  ханмен 

жағаласып өткен адам. Есім ханмен араз бола тұрып, соның баласы Жəңгірмен бірге өз халқы үшін 

өте  қауіпті,  өздерінен 70 еседен  астам  көп  жаудың  жолын  кесуге  аттануы  Жиембеттің  халқы  үшін 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Р.С.Каренов 

46 


Вестник Карагандинского университета 

жанын қиюға қашанда əзір екенін көрсететін оқиға. Мұндай үлгі-өнеге көрсеткен батыр — айрықша 

батыр.  

Жиембет жыраудың ісі — отансүйгіштіктің əрі дара, əрі сирек үлгісі. «Арқаға қарай көшермін» 

дегеніне  қарағанда,  оның  сол  кезде  Қарасай  мен  Ағынтайдың  қасында  жүргенінің  дəлелі.  Даңқты 

жырау Есім ханның да, Салқам Жəңгірдің де əскербасы, сенімді  батыры екенін көрсете білді. Есім 

ханға деген ыза-кегін ұмытып, Орбұлақ шайқасына қатысуы — Жиембет жыраудың халық мүддесін 

қастерлеген қаһармандығы. 



Марғасқа жырау — Есім ханның Ташкентті басып алу 

оқиғасына қатынасқан сарбаздарының бірі  

Марғасқа жырау (Жиембетке тете) Есім хандығының соңғы кезінде өмір сүрген. Оның қай жылы 

туып,  қай  жылы  қайтыс болғаны  əлі  де  белгісіз. Не  тарихи  кітаптарда,  не  көне  құжаттарда,  немесе 

ескі  шежірелерде  мына  жылы  дүниеге  келіп,  мына  жылы  дүниеден  өтті  деген  нақтылы  дерек 

кездеспейді. Ғылымда Марғасқа XVII ғ. өмір сүрді деп айтылады. 

Жыраудың өз дəуірінде əлденеше ұзақ-ұзақ толғаулары да болған шығар. Алайда соның көбісі 

бізге жетпеген. Кезінде хатқа түспегендіктен ел жадынан шығып, бұл күнде ұмыт болған [19; 351]. 

Бізге  Марғасқа  жыраудың  бір  ғана  қысқа  толғауы  жеткен.  Бұл  толғау  Қазақстан  Ғылым 

академиясы  Əдебиет  институтының  қолжазбасынан  алынып, 1967 ж. «Ертедегі  əдебиет 

хрестоматиясына» енгізілді. Ол төмендегідей [21; 56]: 



Ей, Қатағанның хан Тұрсын,  

Кім арамды ант ұрсын.  

Жазықсыз ерді еңіретіп,  

Жер тəңірсіп жатырсың. 

Хан емессің қасқырсың, 

Қара албасты басқырсың, 

Алтын тақта жатсаң да,  

Ажалы жеткен пақырсың!  

«Еңсегей бойлы Ер Есім»  

Есігіңе келіп тұр:  

Алғалы тұр жаныңды,  

Шашқалы тұр қаныңды! 

Бұл  жырдан  Марғасқаның  от  тілді,  өжет,  аса  талантты  ақын  екендігі  аңғарылады.  Өлең 

Марғасқаның халық əңгімелерінде айтылатындай шынында да жауынгер, жорықшы жырау болғанын 

көрсетеді. 

Асылы,  Есім  ханның  халық  алдында  беделінің  артуы  осы  оқиғаның  жеңіспен  аяқталуы  болса 

керек. 


Ал  келешектегі  мақсат — Марғасқадай  əйгілі  жырау  сөздерін  мұқият  жинап,  əдебиет 

тарихындағы орнын толық таныту. 



Түйін 

Сөз  соңында  айтарымыз,  Есім  хан — өз  заманының  даңқты  қолбасшыларының  бірі,  сыртқы 

саясатта мықты стратег, сонымен бірге қатал билеуші де. Ханның елінің елдігін, халқының бірлігін 

сақтауда сіңірген еңбегі ерен. 

Жиембет пен Марғасқа жыраулар — Есім ханның кеңесшісі болған адамдар. Сондықтан олар кез 

келген жерде жырлап, ағынан жарылмаған. Олар ханның ұсынысымен ғана сөйлеп, жыр айтып, ақыл 

берген.  Əр  жерде  жүріп  жыр  айтуды  ар  санаған.  Абыройының  төмендеуі  деп  түсінген.  Жырды 

жазушылар басқа да, орындаушылары бөлек болған.  

«Еңсегей  бойлы  Ер  Есім»  толғауы  Ілияс  Есенберлиннің  «Көшпенділер»  трилогиясында  жақсы 

баяндалған. Бұл жыр Жиембет пен Есім ханның алауыздығынан туындаған. Марғасқа да, Жиембет те 

өз  дəуірінде  бұл  жырды  жырлаған,  дастанның  осы  күнге  дейін  жетуіне  себепкер  болған  жыраулар. 

Ал жырдың негізгі бүгінгі күнге жеткізушісі — Қазақстанның халық ақыны Қазанғап Байболұлы.  

Ақын  «Еңсегей  бойлы  Ер  Есім»  дастанын 1938 ж.  он  баспа  табақ  қолжазба  күйінде  жазып 

шыққан. Жаңа заманның ақыны болғандықтан, Қазанғаптың қолжазбасында жырдың ескі үлгісімен 

қоса, ақынның өзінің қиялына ерік берген тұстары да кездеседі (жырдан үзінді) [25; 19]: 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У



Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

47 

Шақырып Есім айтты қазақ ұлын: 

– Қадірін біліс керек бұл дəуірдің.  

Көлденең, қарсы жауға неше шаптың,  

Кейде жау, кейде барып жұртқа ұрындың.  

Сырбаз жеп, қымыз ішіп, ақымақ боп,  

Зілінде жарамайды көшпелігің. 

Даланың жазын жайлап, көгін көктеп, 

Өнерсіз, тағы cop дa аңқаулығың. 

Қалалы, орнықты ел болмадыңдар, 

Киіз үй, туырлық, ағаш үй тіршілігің. 

Қарның тоқ, уайымың жоқ болғаннан соң, 

Қамы жоқ инедейін кейінгінің. 

Қай жерде қарсы жауың қуып, шаншып, 

Қатты жау қалмақ еді кердең, көрдің. 

Талқыңа қуып шығып, белін буып, 

Салмақты патшаларға теңелдірдім. 

Менен соң күнің қысым, малың талан, 

Көп болар алты ауыз боп көрген күнің. 

Барласам, бірақ жүзге жасым келер,  

Түбіңе жетер түбі адалдығың. 

Бұл жақта жапон, қытай, бұяқта орыс, 

Біреуі алмай қоймас өнерлінің. 

Менен соң қилы-қилы заман болар, 

Қоңсы боп шегір көзді адам қонар. 

Атаны бала құрмет қылмайтұғын, 

Ағаға іні қарсы табан қояр. 

Біріңді бірің шағып, күнде өлтіріп,  

Мал-мүлкін, қатын-балаң талан болар.  

Соратын теспей қаның басшы болып, 

Ақырың осыменен тəмамдалар. 

Біріңнің бақайыңнан бірің тартып, 

Мен емес, мына күндер саған болар. 

Мейлің қор, мен өткен соң мейлің зор бол, 

Менен де санаулы күн ада болар. 

Қос-қос орда, қос орда, 

Қосылып қонбас бізден соң. 

Бала сыйлап атасын, 

Құрметтемес бізден соң. 

Ауызбірлік, ынтымақ 

Бола бермес бізден соң. 

Бала қамын ойланып, 

Ер тумайды бізден соң. 

Ғылым, өнер үйреніп, 

Қазақ болып қарайып, 

Халық болмас бізден соң. 

Тиын пара жеместен, 

Төре жүрмес бізден соң. 

Қалай болсаң, олай бол, 

Өзім, қазақ, өлген соң. 

Бұл жырға Əлкей Марғұлан, Мұхтар Əуезов жоғары баға берген.  

 

 

 



Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Р.С.Каренов 

48 


Вестник Карагандинского университета 

Əдебиеттер тізімі 

1  Құрбанғали Х. Тауарих хамса: Бес тарих. — Алматы: Қазақстан, 1992. — 304 б.  

2  Тынышпаев М. История казахского народа: учеб. пособие. — Алматы: Санат, 2002. — 224 с.  

3  Дулатов М. Шығармалары: Өлеңдер, қара сөздер, көсемсөз. — Алматы: Жазушы, 1991. — 384 б.  

4  Кəрібаев Б. Қазақ хандығы тарихында Есім ханның  алатын орны ерекше // Жұлдыздар отбасы: Аңыз адам. — 2015. 

— № 18 (126). — 5–11-б. 

5  Тұрсын хан // Жұлдыздар отбасы: Аңыз адам. — 2015. — № 18 (126). — 17-б.  

6  Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): бес томдық. — ІІ-т. — Алматы: Атамұра, 1998. — 640 б.  

7  Жетісу: энциклопедия. — Алматы: Арыс, 2004. — 712 б.  

8  Омарбек Т. Қазақтың қазіргі жері Қасым хан мен Есім ханнан қалған // Жұлдыздар отбасы: Аңыз адам. — 2015. — 

№ 18 (126). — 17–21-б. 

9  Зиманов С. «Жарғы» — Есім ханның мұрасы // Жұлдыздар отбасы: Аңыз адам. — 2015. — № 18 (126). — 30 б. 

10  Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. — 3-т. / Бас ред. Ə. Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2001. — 720 б.  

11  Зиманов  С.,  Өсеров  Н. «Қасым  ханның  қасқа  жолы», «Есім  ханның  ескі  жолы»  заңдары  хақында // Жұлдыздар 

отбасы: Аңыз адам. — 2015. — № 18 (126). — 31–33-б. 

12  Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 928 б.  

13  Мағауин М. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет: оқулық. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 176 б.  

14  Неталиев М. Кіші жүз шежіресі (тарихи-этнографиялық зерттеу). — Алматы: Арыс, 2014. — 296 б. 

15  Атырау: энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2000. — 384 б.  

16  Қазақ халқының тарихи тұлғалары: қысқаша анықтамалық. — 2-кіт. — Алматы: Өнер, 2013. — 360 б. 

17  Қорқытов Б. Кіші жүздің билері мен батырлары. — Алматы: Өлке, 2009. — 528 б.  

18  Екімыңжылдық дала жыры / Бас ред. Ə. Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2000. — 752 с.  

19  Қазақ əдебиетінің тарихы. — 3-т. (ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ əдебиетінің тарихы). — Алматы: Ғылым, 2000. — 568 б.  

20  Қазақ ССР тарихы. — 1-т. — Алматы: Қазмембас, 1957. — 226 б.  

21  Сөйле, тілім, жосылып (жыраулар мұрасы) / Құраст. əрі ред. Т. Қыдыр. — Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. — 156 б. 

22  Базарбай С. Орбұлақ шайқасы — ерлік пен қаһармандықтың өнегесі // Ана тілі. — № 40 (1298). — 2015. — 8–14 қазан. 

— 7 б. 


23  Құлыяс Т. Жиембет би // Егемен Қазақстан. — 2012. — 28 шілде. — 4-б.  

24  Тауасарұлы Қазыбек бек. Түп-тұқианнан өзіме шейін. — Алматы: Жалын, 1993. — 416 б.  

25  Байболұлы Қ. Еңсегей бойлы Ер Есім (жырдан үзінді) // Жұлдыздар отбасы: Аңыз адам. — 2015. — № 18 (126). — 19 б.  

 

 



Р.С.Каренов 

Есим хан и ярчайшие представители искусства жырау —  

Жиембет и Маргаска 

К 550-летию образования Казахского ханства 

В статье описаны жизнь и деятельность знаменитого Есим хана, сыгравшего выдающуюся роль в про-

славлении казахского народа. Главное внимание уделено творчеству Жиембета жырау, который был 

полководцем, бием, законотворцем, советником Есим хана. Особую славу, отмечено автором, Жием-

бет приобрел в битве с ойратами (калмыками) в 1620 г.; он сыграл важную роль в подавлении восста-

ния Ташкентского хана Турсына, который в 1627 г. намеревался отделиться от Казахской орды и соз-

дать свое ханство. Творчество Жиембета, подчеркнуто в статье, поражает силой эмоционального воз-

действия, глубинным поиском новых мотивов и образов; ему были присущи особенные стиль, фило-

софский  взгляд  на  жизнь,  видение  исторически  предназначенного  пути  народа.  Сделан  вывод,  что 

Маргаска жырау, так же как и Жиембет, бывший посредником между ханской властью и народом, об-

ладал ярким словесным талантом, глубинными знаниями. Наследие и Жиембета жырау, и Маргаска–

жырау еще ждет своих исследователей.  



 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Есім хан жəне Жиембет… 

Серия «История. Философия». № 2(82)/2016 

49 

R.S.Karenov 



Esim khan and the brightest representatives of art to zhyrau —  

Zhiyembet and Margaskа 

To 550

th

 anniversary of formation of the Kazakh khanate 

Life and activity well-known Esim of the khan who played an outstanding role in glorification of greatness 

and glory of the Kazakh people are described. The main attention is paid to creativity of Zhiyembeta-zhyrau 

who was a commander, biy, the legislator, the adviser Esim to the khan. It is noted that special glory I got 

Zhiyembet in fight with oyrata (Kalmyks) in 1620; I played an important role in suppression of revolt of the 

Tashkent khan Tursyn who in 1627 intended to separate from the Kazakh horde and to create the khanate. 

It is emphasized that Zhiyembet's creativity strikes with force of emotional influence, deep search of new mo-

tives and images; special style, philosophical outlook on life, vision of historically intended way of the people 

was inherent in it. The conclusion is drawn that Margaska-zhyrau, also as well as Zhiyembet, being 

the intermediary between the hansky power and the people, had bright verbal talent, deep knowledge. It is 

hoped that the heritage both Zhiyembeta-zhyrau, and Margaska-zhyrau still waits for the researchers. 

 

 



References 

1  Kurbangali Kh. Tauarikh of a hams: Five stories, Almaty: Kazakhstan, 1992, 304 p. 

2  Tynyshpayev M. History of the Kazakh people: manual, Almaty: Sonatas, 2002, 224 p.  

3  Dulatov M. Works: Verses, simple reflections, intimate, Almaty: Zhazushу, 1991, 384 p.  

4  Karibayev B. The Star family: Legendary personality, 2015, 18 (126), р. 5–11. 

5  Tursun khan // The Star family: Legendary personality, 2015, 18 (126), р. 17. 

6  History of Kazakhstan (from the most ancient times to one today): 5 volumes. ІІ, Almaty: Atamura, 1998, 640 p.  

7  Semirechye: encyclopedia, Almaty: Arys, 2004, 712 p.  

8  Omarbek T. The Star family: Legendary personality, 2015, 18 (126), р. 17–21. 

9  Zimanov S. The Star family: Legendary personality, 2015, 18 (126), р. 30. 

10  Kazakhstan. National encyclopedia, 3, edit. chief A. Nysanbayev, Almaty: Main edition of «The Kazakh  encyclopedia», 

2001, 720 p. 

11  Zimanov S., Oserov N. The Star family: Legendary personality, 2015, 18 (126), р. 31–33. 

12  Syuinshaliyev Kh. History of the Kazakh literature: textbook, Almaty: Sonatas, 1997, 928 p.  

13  Magauin M. Literatura times of the Kazakh khanate: textbook, Almaty: Ana tili, 1992, 176 p.  

14  Netaliyev M. Family tree of the Younger juz (Historical and ethnographic research), Almaty: Arys, 2014, 296 p.  

15  Atyrau: encyclopedia, Almaty: Atamura, 2000, 384 p.  

16  Historic figures of the Kazakh people: Short reference book, 2, Almaty: Oner, 2013, 360 p.  

17  Korkytov B. Bia and batyrs of the Younger juz, Almaty: Olke, 2009, 528 p.  

18  Verses of the Great steppe for the 2000-year period / Edit. chief A. Nysanbayev, Almaty: Main edition of «The Kazakh 

encyclopedia», 2000, 752 p.  

19  History of the Kazakh literature, 3, (History of the Kazakh literature during XV–XVІІІ centuries), Almaty: Gylym, 2000, 568 p.  

20  History Kazakh Soviet Socialist Republic, 1, Almaty: Kazmembas, 1957, 226 p. 

21  Exorcise on all power language my eloquent (Heritage of poets — a zhyrausha) / Orig. and the edit. T. Kydyr, Almaty: 

Olzhas's Library, 2012, 156 p.  

22  Bazarbai S. Ana tili, 40 (1298), 2015, October, 8–14 p. 7. 

23  Culias T. Egemen Kazakhstan, 2012, July, 28, p. 4. 

24  Tauasarulу Kazybek bek. Time captured of the deep past before my days, Almaty: Zhalyn, 1993, 416 p. 

25  Bayboluly K. Star Family: A legendary figure, 2015, 18 (126), p. 19. 

 

 



 

 

 



 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал