Есігімізден енген жаңа 2015 жыл, көлік жүргізушілері үшін



жүктеу 0.83 Mb.

бет1/7
Дата10.09.2017
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Есігімізден  енген  жаңа  2015 

жыл,  көлік  жүргізушілері  үшін 

жаңа  ережемен  бастау  алды. 

7-ші  қаңтардан  бастап  күшіне 

енген  жаңа  заң  ережелерімен 

газетімізден  толығырақ  таныса 

аласыздар.

КЕШЕ,  БҮГІН,  ЕРТЕҢ

Ұсынылатын құны – 85 теңге

2009 ЖЫЛҒЫ 16 ЖЕЛТОҚСАННАН ШЫҒА БАСТАДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ГАЗЕТІ



Құрметті өскемендіктер!

10  қаңтарда  сағат  9.00-ден 

бастап  «Frеshmarket»  дүкені- 

нің 

аумағында 

Өскемен 

қаласының 

ауылшаруашы-

лық жәрмеңкесі өткізіледі. 

Жазылу жалғасуда

Гагарин бульвары, 24

Байл. телефоны: 78-24-61

Ж

А

Р

Н

А

М

А

Жаңалықтар

Қала тынысы

Әлеумет

Қоғам

Білім

Таразы

Заң мен заман

Мәдениет

Спорт

Салауат

  7 БЕТ


Жаңа жыл жаңа ережемен!

 2 БЕТ


 2 БЕТ

Келеңсіздік туғызатын 

қоғамдық көліктер

 3 БЕТ


Бейбіт елдегі  

бейбіт мереке

Көше саудагерлері 15 

тәулікке қамауға алынуы 

мүмкін

№2 (265) 

8 қаңтар, 2015 жыл

 14 БЕТ


Бауыржан Момышұлын пір тұтамын

Мерекеге толы 

Христос Рождествосы

 2 БЕТ


2

Өскемен


№2 (265)

8.01.2015

ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗЕЙІН


ӨЗЕКТІ

ДӘСТҮР


ДОСТЫҚ

Құрметті Өскемендіктер!

Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймыз!  

Рождество –  бүкіл православиелік христиан дінін ұстанушы қауым үшін мейірбандық, ізгілік, 

шаттық, бейбітшілік, өзара түсіністік және келісім мерекесі болып табылады.   130-дан астам ұлт 

өкілдері бейбіт күнін кешіп, өзара татулықта өмір сүріп жатқан Қазақстанның берік іргесін құрайтын  

басты  құндылықтардың да осылар   екені анық.  Біздің басты байлығымыз, мемлекеттіліктің негізін 

қалыптастыратын  тұрақтылығының кепілі –  көпэтникалық және көпконфессиялық  халқымыздың бір-

лігі мен келісімі! Туған өлкеміздің өркендеуі тек өзімізге ғана байланысты. Ел игілігін арттырып, бақытты 

болашақ құру үшін біз татулық пен бірлікті ту етуіміз қажет.

Осы тамаша мерекеге орай баршаңызға бақыт, денсаулық, игілік пен ізгілік тілейміз. 

Өскемен қаласының әкімі               Т. Қасымжанов

Қалалық мәслихат хатшысы               А. Абакумов

     


М

іне 2014 жыл да аяқталып 

қалды, ал бұл БЖЗҚ-

ның сіздерге 2015 жылғы 1 

қаңтардағы жағдай бойынша 

зейнетақы жинақтарыңыз тура-

лы жыл сайын ақпарат беруге 

қатысты міндетін орындайтын 

кез келгенін білдіреді.   

Жеке зейнетақы шоты- 

ның жай-күйі туралы үзінді 

көшірме, сізге зейнетақымен 

қамсыз-дандыру туралы 

шарт немесе ақпарат алу 

тәсілін өзгерту (белгілеу) ту-

ралы келісім жасасқан кезде 

өз еркіңізбен таңдаған тәсіл 

бойынша беріледі.    

Қолданыстағы зейнетақы-

лық заңнамаға сәйкес, са-

лымшылар (алушылар) 

белгіленген тәртіп бойын-

ша қордың ақпарат беруге 

қатысты міндеттемелерін 

орындауына әсерін тигізетін 

өзгерістердің барлығы ту-

ралы  БЖЗҚ-ға хабарлауға 

міндетті.  

Мұндай өзгерістерге:

- егер ақпарат алудың 

«электрондық пошта бойын-

ша (e–mail)» әдісін таңдаған 

болса, электрондық 

адрестің өзгеруі;   

- егер зейнетақы 

жинақтары туралы ақпарат 

алудың «пошта бойын-

ша» әдісі таңдалған 

болса, зейнетақымен 

қамсыздандыру тура-

лы шартта көрсетілген 

пошталық мекенжайдың 

өзгеруі жатады.  

Егер салымшы (алушы) 

БЖЗҚ-ға өзінің қоныс 

аударғандығы туралы 

хабарламаған болса, оған 

пошта арқылы жолданған 

үзінді көшірме қорға қайтып 

оралады. Мұндай жағдайда, 

зейнетақы заңнамасына 

сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы 

үзінді көшірме жолдамау 

құқығына ие болады.   

Пошталық мекенжайдың 

өзгергендігі туралы салым-

шы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне 

өзі келіп, пошта байланы-

сы немесе электрондық 

 

пошта арқылы тегін, атын, 



әкесінің атын, туған күнін, 

жеке сәйкестендіру нөмірін 

(ЖСН) көрсетіп, жеке басын 

куәландыратын құжаттың 

көшірмесін міндетті түрде 

қоса ұсына отырып хабар-

лай алады. Электрондық 

адресінің өзгергендігі ту-

ралы ақпаратты салым-

шы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі 

келгенде ғана хабарлай 

 

алады.  



Зейнетақы қоры жайлы 

ақпарат 


Бейбіт елдегі бейбіт 

мереке


Елжан Қайырханов

 



қаңтар күні түнгі сағат 23:00 шамасында 

Өскемен қаласы Христос Рождествосы мере-

кесін қарсы алды. Андреевск соборына жиналған 

жұртты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Да-

ниал Ахметов құттықтады. 

Діни мәліметтерге сүйенетін болсақ, 

аталған мереке Пасхадан кейінгі ең қасиетті 

12 мерекенің қатарына кіреді. Дәл осы күні 

адам баласы бойын жамандықтан тазартып, 

өзгелерге деген жаман ойлардан арылады. 

Тек жаратқан күшке деген сенімнің 

арқасында адам жақсылыққа бет бұра ала-

ды. Біздің барлығымызды тек бір мемле-

кет Қазақстан Республикасы байланысты-

руда және осы елде тамаша дәстүр мен 

сенімнің арқасында бейбітшілік орнап тұр. 

Барша қауымды бүгінгі мерекелеріңізбен 

құттықтаймын, – деді жылы лебізін білдір-

ген облыс басшысы Даниал Ахметов. 

Атап өтетін жайт, аталған мереке право-

слав халытарында 28 қарашада басталған 

оразасының аяқталу сәті болып табылады. 

Сонымен қатар, дәл осы түні өзгелерден 

кешірім сұрап, күнәсін мойындаған адамнан 

нұр шашырай түседі. 

Мерекеге толы  

Христос Рождествосы

Елжан Қуанышұлы

 



қаңтар күні Өскемен қаласының тұрғындары 



бірқатар православ шіркеулерінде Христос Ро-

ждествосы мерекесінің қарсаңында ойын-сауық 

кештері ұйымдастырылды. 

Бір емес, бірнеше шіркеу маңында 

бір сәтте басталған мерекелік кешке ке-

лушілерде шек болмады. Әйел адамдар ән 

айтып, би билесе, жастар және ер адамдар 

ашық алаңда күштерін сынасты. Әсіресе, 

қол күрес, гір көтеру сынды ойындар 

ұйымдастырылып, мықтылар анықталды. 

Сонымен қатар, қолөнершілер көрмесі 

де шет қалмады. Әр түрлі табиғи материал-

дардан және өнімдерден жасалған қолөнер 

бұйымдары көздің жауын алады. 

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, 

осындай сауық кештер 12 күнге жалғасады. 

Дәл осы күндері адамдар ән салып, би би-

лесе, бір-бірінен кешірім сұрап, достыққа 

шақыруы қажет. Ал 12 күндік сауықтан 

кейін, шоқындыру салтанатының кезегі де 

келеді. Ол уақытта әрбір православ дініне 

сенуші өзеннің суына түседі. 

Назерке Ахметова

К

еше қалалық қоғамдық 



б і р л е с т і к т е р д і ң 

өкілдері журналистер-

мен жүздесіп, қаладағы 

тасымалдаушыларға деген 

наразылықтарын білдірді. 

Естеріңізде болса, 

қыркүйек айының бірі-

нен бастап қоғамдық 

көліктердегі жол 

ақысы қымбаттап, 75 

теңгені құраған. Сол 

сәтте тасымалдаушы-

лар өз қызметкерлерінің 

еңбекақысын 10 пайызға 

көтереміз деп уәде бер-

ген. Арада төрт ай уақыт 

өтсе де, айтқан уәделерін 

орындамаған көрінеді. 

Оның үстіне соңғы екі 

ай көлемінде жанар 

жағар май бағасы екі 

рет төмендегені белгілі. 

«Поколение» қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы 

Марина Соловьеваның ай-

туынша, өткен жылдың 

соңында тасымалдаушы 

компаниялардың ие-

лерімен кездесіп, арнайы 

өткізілген жиын бары-

сында қызметкерлердің 

жалақысын жоғарылату 

турасында мәселе 

көтерілген. Өкінішке орай 

бұдан ешқандай нәтиже 

шықпағанын айтып 

қынжылуда. 

Сонымен қатар 

қоғамдық бірлестіктердің 

өкілдері қаладағы 

қоғамдық көліктердегі 

орын алатын жағдайларға 

тоқталды. Аялдамалар-

ды хабарламайтын кон-

дукторлар мен авто-

бус ішінде шылым ше-

гетін жүргізушілердің де 

кездесетінін айта келіп, 

қоғамдық көліктердегі 

мәдениет деңгейі төмен 

дейді. 

Бастысы бұл мәселе 



біздің жіті назарымызда 

болады. Газетіміздің ке-

лесі санынан мәселенің 

мән-жайын толығырақ 

оқып біле алатын бола-

сыздар.   

Келеңсіздік туғызатын 

қоғамдық көліктер



Өскемен

3

№2 (265)



8.01.2015

ҚАЛА ТЫНЫСЫ

ОЙЫН-САУЫҚ

ҚҰТТЫҚТАУ

ӨЗЕКЖАРДЫ

ЖИЫН


Ө

скемен қаласында 

тұрғындарды салауат-

ты өмір салтын насихаттауға 

шақыратын бұқаралық спорт 

түрі қысқы мезгілде де кеңінен 

қарқын алуда. 

1,5 шақырым қашықтыққа 

созылған шаңғы жолы, 

сырғанақ және тағыда басқа 

қызықтар өскемендіктерді 

Космомол аралында күтуде. 

Сонымен қатар, аталған 

орында кешкі сағат 23:00-

ге дейін барлық қызмет 

көрсету орындары жұмыс 

жасайтын болады. Соның 

ішінде шаңғы, конькилер-

ді күнделікті күні сағат 

14:00 – 23:00 ал демалыс 

күндері сағат 10:00 – 23:00 

аралығында алуға болады. 

Комсомол аралығындағы 

сауық орны маған ұнады. 

Бұл орынның маған және 

менің достарыма  қатты 

ұнағаны соншалық, алдағы 

уақытта бірнеше мәрте 

келеміз деп ұйғардық. 

Ұйымдастырушыларға 

алғысымды білдіремін, – 

деді қалалық №24 мек-

теп оқушысы Камила 

 

Батырбаева. 



Сонымен қатар, қала 

тұрғындарының сөзіне 

сенсек, нағыз мерекелік 

көңіл-күй дәл осы арада 

байқалуда. Тіпті жексенбі 

күні отбасымен келіп дема-

латын тамаша орын екен-

дігін де көпшілігі жасырма-

ды. 

Қала маңында орналсқан 



кең аумақта біздің балала-

рымыз шаңғы, коньки теу-

іп дене шынықтырумен 

айналысатындығы қандай 

жақсы. Бұл орында ештеңе 

ойланбастан, қаладағы 

қарбалас атмосфераны 

ысырып тастап демалу үшін 

барлық жағдай жасалған. 

Оның үстіне халық көптеп 

келуде, – деді қала тұрғыны 

Асель Тұрсынбекқызы. 

Қыс мезгілі көңілді

қаңтар күні Өскемен 



қаласының әкімі Темірбек 

Қасымжанов қалалық №2 

дәрігерлік-санитарлық бөлімде 

ем қабылдап жатқан тыл ар-

дагерлерін Жаңа жыл мере-

кесімен құттықтап, сыйлықтар 

табыс етті. 

2014 жылы Ұлы жеңістің 

70 жылдығының қарсаңында 

Елбасының бастамасымен 

бастау алған акция аясын-

да мемлекет басшысының 

құттықтауына соғыс арда-

герлері ие болған еді. Игі 

шараны жалғастырып, енді 

Өскемен қаласының әкімі 

Темірбек Қасымжанов тыл 

ардагерлерін де назардан 

тыс қалдырмады. 

Аталған ем қыбылдау 

бөлімінде бүгінгі күні 37 тыл 

ардагері ем қабылдауда. 

Әрбір палатаға жеке кіріп 

шығып, сыйлығын берген 

қала басшысы Темірбек 

Қасымжанов өзінің жылы 

лебізін білдірді. 

Құрметті ардагер-

лер, сіздерді жаңа жыл 

мерекесімен және 

алда келе жатқан Ұлы 

жеңістің 70 жылдығымен 

құттықтаймын. Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 

тапсырмасы бойынша, 

елімізде әрбір соғыс және 

тыл ардагерлеріне қажетті 

жәрдем көрсетілуі қажет. 

Сіздердің жастардың 

арасында жүріп, үлгі 

көрсеткендеріңіз біз үшін 

қуаныш, – деді Өскемен 

қаласының әкімі Темірбек 

Қасымжанов. 

Қала басшысының 

құттықтауын алған ардагер-

лер де тілектерін білдіріп, 

алғыстарын айтты. 

Жеңіс қарсаңында арда-

герлерге деген бұл алғашқы 

және соңғы сыйлық 

емес. Алдағы уақытта 

аталған бөлімде күрделі 

жөндеу жүргізіліп, құрал-

жабдықтар жаңартылмақ. 

Елбасымыз Нұрсұлтан 

Назарбаевтың жарлығы 

бойынша және Өскемен 

қаласының әкімі Темірбек 

Қасымжановтың тапсыр-

масы бойынша, Ұлы Отан 

соғысының 70 жылдығына 

орай бөлімшеде толықтай 

жаңарту жұмыстары 

жүргізіледі. Соның ішінде 60 

млн теңгеге шаруашылық 

заттар жаңартылса, 350 

млн теңгеге заманауи 

құрылғылар орнатылатын 

болады, – деді Ермек Омар-

беков. 

Қала басшысының мерекелік 



құттықтауы

Елжан Қайырханов

 

Ж

аңа 2015 жыл келісімен, барша 



қауым шамалары келгенше 

тойлайтындығы сөзсіз. Мол дастар-

хан, шулаған халық кейін орынсыз 

жағдайлар кез-келген уақытта ме-

реке шырқын бұзуы мүмкін. 

2015 жыл есікті айқара ашып 

кірген сәттен бастап, Қазақстан 

Республикасы Қылмыстық Ко-

дексінде енгізілген өзгертулер 

өз күшіне енді. Тіпті тас жол 

үстінде ішімдікке сылқия 

тойып алғандар немесе көлігін 

жүргізуші куәлігіне берген 

азаматтар құрықталынып, 

қылмыстық жазаға тартылады 

деп те ескертілген. Бірақ апат 

айтып келмейді. Жаңа жыл ме-

рекесінде және мерекеден кейін 

жол апаттары орын ала берген.

Қаңтар айының 1 және 4 

жұлдыздары аралығында 

Өскемен қаласында адам дене 

жарақатын алған 11 жағдай 

орын алған. Оның ішінде  1 адам 

өлімі тіркелген. Ал орын алған 

жол апаттарының жалпы себеп-

тері және әсер ету факторлары 

әр түрлі, – деді Өскемен қаласы 

ішкі істер басқармасының 

баспасөз-хатшысы Ербол 

Әмірхасенов

Жол бойындағы апаттар-

дан бөлек жаңа жыл мере-

кесінде аурухана төсектері 

де науқастардан арылмайды. 

Әсіресе өзі тоймаса да, көзі 

тоймаған тұрғындар әп-сәтте 

жедел жәрдем көлігімен ауру-

ханадан бірақ шығып жатады. 

Жаңа жылдық кештен кейін 

токсикология бөлімшесіне 

бірінен кейін бірі 10 науқас 

келіп түсті. Олардың барлығы 

ішімдіктен уланған. Одан бөлек 

жаңа жылда қала бойынша өте 

көп азамат келіп жатты. Бірі 

инфекциялық бөлімге жіберіл-

се, енді бірі тағы бір бөлімге 

жөнелтілді. Ал енді біріне 

алғашқы көмек көрсетіліп, 

ем-дом жасалынып үйіне 

қайтарылды. Жалпы жаңа жыл 

мерекесі қарсаңында азамат-

тар тамақтан емес, ішімдік-

тен көптеп уланады. Себе-

бі олар ішімдікті қабылдау 

және оны тұтынғаннан кейін 

ас ішу дәстүрін білмейді, – 

деді Өскемен қаласы №1 

қалалық ауруханасы токсико-

логия бөлімінің меңгерушісі 

 

Александр Мейстер. 



Сонымен қатар төтенше 

жағдайсыз да жаңа жыл өтпеген. 

Атап айтар болсақ, сағат тілі 12 

соққаннан кейін тұрғындар от-

шашу атып, мерекені жандан-

дыра түсері сөзсіз. Дәл осы-

лай қала пәтерлерінің бірінде 

балконнан отшашу атқан сәтте 

ұшқын көршісінің балконына 

түсіп, артынан тұтанып кеткен. 

Тек өрт сөндірушілердің же-

дел қызметінің арқасында өртті 

ауыздықтаудың мүмкіндігі 

туған. 


Жаңа жылда орын алған жайт аз емес

Көше саудагерлері 

15 тәулікке қамауға 

алынуы мүмкін

Назерке Ахметова

К

өше саудагерлері 15 тәулікке қамауға 



алынуы мүмкін. Бұл туралы қалалық 

ауылшаруашылық бөлімінің жетекшісі 

Заманбек Серікпаев апта басында өткен 

баспасөз мәслихатында айтты. 

Бүгінде саудагерлердің 

көщеде сауда жасауына тый-

ым салу мүмкін болмай тұр. 

 

 



Сауда жасауға жайғасқан орында-

рынан қуып жіберсең аз уақыт өтпей 

басқа бір жерге барып, саудаларын 

жүргізіп тұрады. Сондықтан да, кез 

келген тұрғын даладан тамақ алма-

уы керек. Сонда ғана саудагерлер 

көшеде тұрып сауда жасайдын бола-

ды, - дейді Заманбек Сейткешұлы өз 

сөзінде.

Өткен жылы қала көлемінде он адам 

сүт пен ет өнімдерін белгіленбеген 

жерден алып, нәтижесінде бруцел-

лез ауруын  жұқтырған. Қазіргі таңда 

көше саудасын тоқтатудың негізгі 

ықпалы жоқ болғандықтан қалалық 

ауылшаруашылық бөлімі облыстық 

әкімдікке хат жазған. 

Бұдан былай құжаты жоқ өнімдерді 

алып тастаймыз және сараптамаға 

жібереміз. Егер ол бруцеллез ауруын 

жұқтырған болса, онда саудагерлер-

ді 15 тәулікке дейін қамауға алып 

жазалау керек. Бәлкім, осындай ша-

радан  кейін ережені бұзбайтын бо-

лар. Сондай-ақ, ауыратын тұрғындар 

саны азаяр, - дейді Заманбек Серік-

паев. 

2014 жылы қала бойынша бруцел-



лез ауруы салдарынан 71 бас сиыр, 

3 бас қой жойылды. Емі табылмаған 

бұл ауру Тарбағатай, Ұлан, Зай-

сан, Катонқарағай аудандарында 

орын алған. Мамандардың айтуын-

ша, лабораториялық бақылаудың 

әлсіздігі мен екпенің жоқтығы және  

үй иелерінің малдың ауруын жасы-

ру салдарынан орын алатын көрінеді. 

Мәселен, Үржар ауданында мал иесі 

сиырдың топалаңмен ауырған фак-

тіні жасырып, оны сойып, етін көрші-

қолаңға сатқан. Нәтижесінде он адам 

зардап шеккен. Сот шешімі бойын-

ша ол екі жылға шартты түрде жазаға 

кесіліп, айыппұл салынған. 

Егер де көшеден сүт пен ет 

өнімдерін сатып алған күннің өзінде 

алдымен қайнатып, пісіріп барып 

қолдану керек дейді мамандар. 



4

Өскемен


№2 (265)

8.01.2015

НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ СЕНІММЕН

Қазақстан Президентінің 

2015 жылға арналған «Нұрлы 

Жол – болашаққа бастар жол»  

жолдауы ел экономикасын 

жетілдіруге бағытталған жол-

дарды атап көрсетті. Туын-

дап отырған экономикалық 

қиындықтарға қарамастан Ел-

басы жолдауында әлеуметтік 

салаға баса назар аударыл-

ды. Халықтың әл-ауқатын 

жақсартуға, апатты мектеп-

тер мен оқыту проблемаларын 

шешуге, балалар бақшасының 

жетіспеушілігін жоюға қомақты 

қаржының бөлінуі әлеуметтік 

саланы дамытуға бағытталған 

үлкен қадамдар деп айтуға 

болады. Мұның барлығы 

Қазақстанның әлемнің дамыған 

елдерінің қатарына қосылу 

жолындағы үлкен қадамы бо-

лып табылады. Сондықтан бұл 

жолдау әр қазақстандықтан 

үлкен жауапкершілікпен 

жұмыс істеуді талап етеді. 

Осы орайда Облыстық бала-

лар және жасөспірімдер кітап-

ханасында біршама көлемді 

істер атқарылуда және алдағы 

уақытта өткізілетін іс-шаралар 

жоспарлануда. 

Кітапхананың Ұлттық әдебиет 

және өлкетану бөлімшесінің 

оқу залында жолдауды 

насихаттауға арналған «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» 

атты көрме ұйымдастырылды. 

Патриотизмге, ел тарихын 

білуге, елімізді өркендету 

үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу 

мақсатында ұйымдастырылған 

көрме оқырмандарды Елбасы 

жолдауымен жан-жақты та- 

ныстырды. 

Сондай-ақ жасөспірімдер 

арасында «Елбасы жолдауы-

елімнің жаңа самғауы» атты 

пікірталас өткізу жоспарланып 

отыр.


2015 жылы Қазақ 

хандығының 550 жылдығы, 

Қазақстан халқы Ассамблея-

сы мен Конституциямыздың 

20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 

70 жылдығы кітапханада да 

аталып өтілмекші. Осы атау-

лы күндерге байланысты 

өткізілетін мәдени-көпшілік 

шаралар оқырмандардың 

барлық топтарына арналады. 

Осылайша жолдау талапта-

рын орындауға  аз да болса өз 

үлесімізді қосуды мақсат ете-

міз.

Осы орайда баршаңызға 



«Нұрлы жол» жолдауын іске 

асыруда жарқын жол, табысты 

еңбек тілейміз.

 Ақтоты  Абдакерова

Болашақтың жарқын жолы

Е

ліміздің әр күні жаңалықтар 



мен жақсылықтарға толы екені, 

түрлі оқиғалар легінің биік ме-

желерге жетелеп бара жатқаны 

қуантады. Соның дәлелі Прези-

дент Нұрсұлтан Назарбаевтың 

 

халыққа арналған ««Нұрлы жол 



– болашаққа бастар жол»   атты 

жолдауы. Ұжым болып жолдауға 

үн қостық. 

  Ұжым басшысы К.Қ. Кар-

чалова Жолдауға өз үндеуін 

қосты: «Мен қашанда Ел 

Президентінің жолдауын асыға 

күтемін, өйткені әр Жол-

дау халыққа арналады, оның 

әлеуметтік жағдайын көтеруге 

бағытталады. Білім мен 

ғылымға алдағы уақыттарда да 

мән беріп, оқу орындарының 

материалдық-техникалық ба-

засын қалыптастыруды тап-

сырды. Мен қашанда Елбасы-

на сенемін, жолдауды іске асы-

рып, таныстыру мақсатында 

жұмыстар жүргіземіз»  деді.

10-шы қараша Шығыс 

Қазақстан ішкі істер саясат 

басқармасы және облыстың 

дін істер басқармасымен бір-

лескен кітапханалық аго-

ра жүргізілді. Жиналыс ба-

рысында инновациялық 

және әдістемелік жұмыстар 

бөлімшесінің жетекшісі Мень-

шикова Ольга Борисқызы Ел-

басы жолдаған «Нұрлы жол 

–болашаққа бас-тар жол» 

жолдауынадағы бағыттарға 

жеке-жеке тоқталып,  жол-

дау барысында кітапха-

на қабырғасында жүргізіліп 

жатқан мәдени шаралар мен 

бірнеше әлеуметтік жобалар 

туралы айтып өтті. 

Солардың бірі «Мен 

таңдаймын» әлеуметтік жобасы. 

Бұл жоба балаларды, жеткін-

шектер мен жасөспірімдерді са-

лауатты өмір салтын жүргізуге 

шақырады. Қатысушылардың 

әр тобы үшін салауатты өмір 

салтын насихаттайтын ша-

раларды қамтитын арнаулы 

бағдарламалар дайындалды: 

кездесулер, бейнедәрістер, ше-

берлік сыныптары, сайыстар, 

ойын-бағдарламалары, «Ерек-

ше» балаларға айрықша назар 

аударылады.

   «Өткенді қастерлеу арқылы 

болашағымызды баянды ете-

міз» дегендей «Алтын діңгек» 

жобасы ұлттық салт-дәстүрді 

бойына сіңірген, әлеуметтік 

ортамен қарым-қатынас жа-

сай отырып өмірлік мақсатына 

отбасымен бірге жете білетін 

тұлға қалыптастыру болып ке-

леді. 

 «BOOK-Такси» жаңа жо-



басы іске асырыла бастады. 

Мақсаты – қала жастарын және 

қонақтарын кітап пен оқуға 

тарту, отандық және әлемдік 

әдебиеттің үздік шығармаларын 

насихаттау, өскемендіктердің 

мәдени дамуына әсер ету. 

    Бүгінгі таңда дамыған 

өркениетті мемлекеттердің 

барлығы дерлік балалардың 

кітап оқуға деген 

сүйіспеншілігін тәрбиелеуге 

көп көңіл бөліп, кітап оқитын 

оқырман ортаны тәрбиелеуге ат 

салысуда. «Жаһандық тұрғыдан 

ойла, жергілікті тұрғыдан 

әрекет ет» деген қағиданы 

ұстанған  біздің кітапханашы-

лар  оқырман сұраныстарын 

қанағаттандыратын игілікті іс- 

шараларды ақпараттық ағым 

дәуіріне сай атқаруда. 

 Қазақстанның нұрлы жолына 

шуақ болып шашатын сәулені 

жас оқырмандарға жеткізіп, та-

ныстыруда кітапханшылар өз 

жұмыстарын ұсынып, бағыт-

бағдар береді.                                   

Элмира Шагыраева

Жолдауға қосар үлес



Өскемен

5

№2 (265)



8.01.2015

СПОРТ


ЖЕТІСТІК

БИЛЬЯРД


САЙЫС

ХОККЕЙ


Нұрболат Болатұлы

Қ

ыс маусымында түскен 



қардың легімен спорт ойын-

дары да көптеп бастау алды. 

Әсіресе қала, аудан жастары 

хоккей ойындарына белсенді 

қатысып, салауатты өмір сал-

тын насихаттауда. 

Жақында  Күршім ауда-

нында орналасқан хоккей 

қорапшасында Жаңа жыл 

мерекесі құрметіне арналған 

ересектер арасындағы 

шайбалы хоккей жары-

сы ұйымдастырылды. 

Байрақты бәсегеке өз 

командаларының намысын 

қорғауға шыққан жалпы 

саны төрт команда қатысты. 

Олар Күршім ауылының ар-

дагерлері, жастар команда-

лары және Ақсуат ауылынан 

келген Ақсуат-1, Ақсуат-2 

командалары. 

Бірнеше уақытқа және 

таймға созылған ойын-

да қатысушылар хок-

кей ойындарына деген 

қызығушылықтарын біл-

діріп, өзінара жеңімпаз- 

дарды анықтап жатты. Жа-

рысты ұйымдастырушылар 

аудан басшылығының 

жеңімпаздарға да берер 

жүлдесі мол болды. 

Жарыс қорытындысы 

бойынша өздерінің 

қарсыластарының бәрінен 

басым түскен Күршім 

ауылының ардагерлер ко-

мандасы бас жүлдені, 

Ақсуат-1 командасы 

2-орынды, Күршім Жастар 

командасы 3-орынды ие-

ленді. Жарыста жүлделі 

орын алған командаларға 

дене шынықтыру және 

спорт бөлімінің атынан 

құрмет грамоталары мен 

сыйлықтар табыс етілді.

Жастар арасындағы байрақты 

бәсеке


Илмаз Шайхисламов

 

Ж



уырда Ресей Федера-

циясы Пенза қаласында 

«Казцинк-Торпедо» хоккей 

командасы жергілікті команда 

«Дизель» хоккей клубының 

ойыншыларымен кездесті. 

Аталмыш ойын арқасында 

жерлестеріміз «Казцинк-Тор-

педо» хоккей командасы өзінің 

жалпы құрамалық есептік 

көрсеткішінде қосымша ұпай 

ұтып алды. 

Ойынның бірінші бөлімі 

басталды. Бірден екін-

ші минутта белсенді ша-

буылын бастаған «Дизель» 

хоккей командасы есепті 

ашып, алғашқы болып шай-

ба салды. Бірақ соғылған 

шайба жерлес команданың 

намысын түсіре алмады. 

Керісінше, бірінші бөлімнің 

ортаңғы бөлігінде «Каз-

цинк-Торпедо» хоккей ко-

мандасы шабуылды бастап 

келіп, қорғанды бұзып өтіп, 

соққан шайбасы бірден алаң 

иелерінің қақпасынан орын 

тепті. Осылайша екі команда 

бірдей есептік көрсеткішке 

ие болды. Дегенмен, бөлім 

соңында да бір гол салып, 

«Казцинк-Торпедо» хоккей 

командасы алға шықты. 

Екінші және үшінші 

бөлімдерде «Дизель» хоккей 

командасы «Казцинк-Тор-

педо» хоккей командасының 

салған жолын қуумен бол-

ды десек артық айтпас-

пыз. Қатарынан үш рет-

те де, есепті теңестіруге 

мүмкіндік алғанымен, 

«торпедолықтардан» басып 

оза алмады. Ең соңғы үшінші 

бөлімде есеп 4:4 есептік 

көрсеткішінде тоқтады. 

Бірақ, үшінші бөлімнің 

55-ші минутында «Каз-

цинк-Торпедо» хоккей 

командасының ойыншысы 

Александр Шиннің соққан 

шайбасы қарсылас коман-

да қақпасына түсіп, жерлес-

теріміз жеңіске жетті.

«Дизель» хоккей команда-

сы бізге үлкен сыйлық жаса-

ды. Себебі олар «Казцинк-

Торпедо» хоккей коман-

дасымен ойын өтетіндігін 

естігенде-ақ, өздерін еркін 

ұстады. Себебі, біздің ко-

мандамызды өте жас ретін-

де көріп, мықты қарсылас 

ретінде санамады. Бірақ ко-

мандамызда жас ойыншы-

лар болса да, жеңіске жет-

тік, – деді «Казцинк-Торпе-

до» хоккей командасының 

бас бапкері Николай 

 

Мышагин. 



Атап өтетін жайт, ойын 

басталмастан бұрын, 

ұйымдастырушылар 

ойынның болмай қалу қаупі 

жайлы мәлімдеген еді. Кейін 

анық болғандай,клуб бас-

шылары жалақы төлемегені 

үшін, «Дизель» хоккей 

командасының ойыншы-

лары наразылық білдірген. 

Дегенмен, ойын өтіп, өзінің 

нәтижесін көрсетті. 

Дәл бүгінгідей ойын-

ды көріп, шабыттанбағалы 

өте көп болды. Себебі 

біздің команданың ойын-

шылары ерекше тәсілдер 

жасап, ойынды жоғарғы 

дәрежеде өткізді. Соңғы 

секундтарға дейін команда 

намысын қорғаумен бол-

ды. Әрине, жеңілгеніміз 

жақсы болмады. Осы орай-

да командамның барлық 

ойыншыларына алғысымды 

білдіргім келеді. Сонымен 

қатар, жанкүйерлеріме де 

айтар алғысым шексіз. Ойын 

басталғаннан, біткенге дейін 

тек қолдап, ойыншыларға 

рух сыйлау-мен болды, 

– деді «Дизель» хоккей 

командасының бас бапкері 

Андрей Сидоренко.

Бүгінгі өткен ойынға ке-

лер болсақ, өте жоғарғы 

деңгейде өтті және біздің 

командамен қатар, «Ди-

зель» хоккей командасы 

үшін үлкен сабақ болды 

деп ойлаймын. Екі коман-

да құрамында да жастар 

ойнаса да, өте қызық ойын 

көрсете алдық. Себебі 

ұпай үшін арпалысып қана 

қоймай, әр минут сайын 

есептік көрсеткішті ауысты-

ра ойнап отыру кез-келген 

командаларда бола бермей-

тін жайт. Алдағы ойындар-

ды да бүгінгідей жоғарғы 

дәрежеде өткізуге тырыса-

мыз,  деді «Казцинк-Торпе-

до» хоккей командасының 

ойыншысы Александр Шин. 

  



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал