Есеп комитетінің есебін тың дап, қарап шыққаннан ке йін



жүктеу 0.64 Mb.

бет5/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

тіс тері қалай орындап жатыр?

– Оныңыз рас. Бұл жерде де қиналған 

тұс  тарымыз  болды.  Мұндай  диалогтерді 

драма театрының әртістері жақсы ойнайды 

ғой. Ал бізде тек қана опера әртістері. Он-

дай ға үйренбеген адамға қиын екен. 

Бұл жанр бізге өте қажет. Бір ғана жанр-

  мен  шектелмей,  театр  өнерінің  ау қы мын 

кеңейтуіміз қажет. Қазір режис сер лер дің 

қасында біздің мамандар жүр. Олар да көп 

нәрсеге үйреніп жатыр. Келе шек те шетелдік 

мамандардың көмегіне сүйен  бей, өзіміз-ақ 

осындай мюзиклдерді қоя білуіміз керек.

Астана

Дүниежүзілік пошта конвенциясы 

«Берн келісімшарты» деп те аталады. 

1874 жылы Бернде алғаш жасалған 

халықаралық-құқықтық бұл келісім 

халықаралық пошта байланысын 

реттеуге негізделген. Швейцария үкі-

ме тінің күш салуымен Бернде 1874 

жылы 15 қыркүйекте халықаралық 

пош та қызметіне қатысты үлкен ха-

лық аралық конференция өткен еді. 

Бұл жиын тарихта Бірінші Дүниежүзілік 

пошта конгресі ретінде қалды. Әлем-

нің 22 елі қатысқан аталмыш басқосуда 

«Жалпыға ортақ пошта келісімшарты» 

қабылданған болатын. Кейіннен1878 

жылы Дүниежүзілік пошта одағы 

құрылғаннан кейін бұл келісімшарт 

«Дүниежүзілік пошта конвенциясы» 

болып өзгертілді. Сол уақыттан бері 

пошта ісінің дамуына орай аталмыш 

Дүниежүзілік пошта конвенциясы қашан жасалған? 

Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағына мүше ретінде тіркелген 

бе?

Ришат СҮЛЕЙМЕНОВ, Павлодар қаласы

конвенцияға біршама өзгерістер ен гі-

зілді. Конвенцияның соңғы редак-

циясы 1994 жылы Сеулде өткен Дү-

ние  жүзілік  пошта  конвенциясында 

жасалып, 1996 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап күшіне енді. Конвенцияда 

Дүниежүзілік пошта одағына мүше 

190 елге ортақ халықаралық пошта 

қызметіне қатысты ережелер қам тыл-

ған. Мысалы, маңызды хат және ба ға-

лы бандероль жіберу, ақша ауда рым-

дары секілді қызметтер келісімшартта 

көрсетілген талаптар арқылы іске асы-

ры лады. Қазақстан да ДПО-ына мүше 

мем лекеттердің  қатарында.

ІЗ.ДЕН.ІС

Мажарлармен

кездесті

Таяуда Венгрияның беделді оқу орын-

да рының бірі – Сегед қаласындағы Ғы лы-

ми университетте Қазақстан елшілігі 

дипломаттарының оқу орнының сту дент-

те рімен, профессорлар-оқытушылар құ-

ра 

мымен, сондай-ақ жергілікті зиялы 



қауым өкілдерімен кездесуі болып өтті. 

Ма жарстандық аудитория Қазақстанның 

жаһандану дәуірінде жүзеге асырып 

жатқан экономикалық реформалары ту-

ралы мәліметтер алып, еліміздің ЕҚЫҰ 

төр ағалығында атқарып жүрген шаралары 

барысын талқылады. Жиынға қатысушылар 

республикамыздың биыл Болон дек ла ра-

циясына қосылуына қатысты да ой-пікір-

ле рін  ортаға  салды. 



Шандор ЧЕРНУШ,

Ғылыми университеттің профессоры: 

– Қазақстанның Болон дек ла ра ция-

сының іс-қимылына қосылуы студент 

жас тар мен оқу орындары ұстаздарына 

түрлі еуропалық ынтымақтастық бағ-

дар ламаларға қатысуға мүмкіндік бе-

реді. Бұл қадам сонымен қатар Еу ро -

палық одақтың «Эразмус» жо басына 

қол  жеткізудің  пер с пек ти ва ла рын  елеу-

лі түрде арттырады. Аталған жоба 

бойын ша үздік ғылыми жобаларға ар-

найы грант берілетін болады.

Әзірге елімізде «Эразмус» жобасының 

ха 

лықаралық грантына қол жеткізген 



қазақ стандық жоғары оқу орындарының 

іші нен Қазақ ұлттық аграрлық университет 

қана бар. Бұл – отандық ғылым мен өнді-

ріс тің дамуына жасалып отырған де меу ші-

лік көмектің бір түрі. Білім көкжиегін ке-

ңей 


туге бағытталған мұндай тәжірибе 

ал масулар алдағы уақытта да кезең-ке зе-

ңі мен жүзеге асырылмақ. Жалпы, ғылым 

мен білімді инновациялық жаңаруға үн де-

ген аталған басқосу өзара пікірталас тү рін-

де өрбіді. Кездесу барысында сондай-ақ 

Қазақ 

стан Президенті Н.Назарбаевтың 



«Қазақ стандық жол» атты кітабының тұсау-

ке сері  болды.



Ардақ КАМАЛ

(Жалғасы. Басы №100 санда)

1-сурет.

2-сурет.

Соңғы кездері Қазақстанның 

білім саласындағы 

реформалары батыстық үлгіде 

даму үстінде. Сол себепті де 

отандық білім ордаларының 

шет мемлекеттердегі беделді 

оқу орындарымен байланысы 

айтарлықтай артып келеді.

Қағаздан түрлі пішіндегі фигуралар жа-

сайтын қолөнер түрі «оригами» деп ата ла ды. 

Бұл өнер түрі алғаш Жапонияда пай да бол-

ған. Адам баласы ойлап тапқан ең бір ерек-

ше материалдың бірі – қағаздың өзі шы ғыс 

елдерінен шыққан емес пе? Біз қа ғаз ды 

қарапайым зат деп қабылдаймыз, ал жа-

пондар қағазды «ками» деп аталатын ма гия-

лық қасиеті бар құдірет деп есеп 

тейді. 

Кезінде жоғары таптың өкілдері кө белек, 



тырна, гүл етіп жасалған фи гу ра лар арқылы 

бір-бірімен хат жазысқан. Мұн дай гео мет-

риялық денелер сезімді біл діруге ең қолайлы 

әдіс деп саналған. Оригами өнеріне қатысты 

жапондарда көп теген аңыз да сақталған. 

Сондай аңыз дардың бірін мысалға келтіре 

кетейік. Егер қағаздан мың тырна жасап, 

оны мың адам ға тарататын болсаң, ар ма-



Бірде теледидардан қолына бір жапырақ қағазды ала салып, небір 

әдемі бұйымдар жасайтын қолөнершіні көрсеткен еді. Кез келген адамды 

қызықтырарлықтай өнер екен. Мұндай қолөнерді қайдан үйренуге 

болады? 

Ерасыл ҒАЗИЗҰЛЫ, Алматы қаласы

Қағаздан жасалған.... 

ныңа же те сің деген сенім болған. Жапон фи-

ло соф тарының  пайым дауынша,  адам  қа-

ғаздан түрлі фи 

гуралар жасаған кезде 

сау сақтары арқылы бойындағы барлық ауру-

сыр қау лары  кетіп,  ден саулығы  жақсарады 

екен. Сон дай-ақ тілінде мүкістігі бар дімкас 

ба ла ларға жазылып кету үшін осы қолөнерді 

үй реткен жөн де седі. Ғалымдар жүргізген 

зерт теуге сүйенсек, осы бір қолөнер түрі адам-

ның логикалық және жан-жақты ой лауын, 

қа 


былдауын жақсартады. Со 

нымен қа 

тар 

адам ның есте сақтау қабілеті, төзімі шың да-



лып, қозғалысы қалыпқа келеді. Біз дің елде 

ори  гамиді үйрететін арнайы орын дар бол ма-

ға ны мен, шеберлер бар. Олар кей-кейде ха-

бар  лан ды рулар  беріп,  мастер-кластар  өткізіп 

тұрады.

3-сурет.

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№104 (330) 23.06.2010 жыл, сәрсенбі                 



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ ҚОНАҒЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДАТ!


Ричард ХОУГЛАНД,

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

– Елші мырза, Қазақстан Пре зи-

ден ті Нұр сұлтан Назарбаев таяуда 

Вашинг тон да өткен ядролық қаруды 

таратпау жөніндегі бүкіләлемдік 

саммитте бір қатар мәселелер мен 

тың идеяларын ор таға салды. Бұл 

турасында не ай та сыз?

– 1991 жылы Қазақстанның Ядролық 

ар сеналынан бас тарту туралы маңызды 

ше 


шім қабылдағаннан соң Президент 

Назар баев жаппай қырып-жою қаруларын 

тарат пау саласындағы халықаралық дең-

гей де мойындалған көшбасшыға айналды. 

Ғаламдық ядролық қару мәселелері жө-

ніндегі саммитке қатысу мақсатында АҚШ-

қа барған соңғы сапары кезінде Қазақ стан 

басшысы Назарбаев және осы мәселені өз 

әкімшілігінің алдыңғы қатардағы басым-

дық тарының қатарына қосқан Президент 

Обама және әлемнің басқа да лидерлері 

ядролық қарудан ада әлем туралы бұлың-

ғыр қиялды шындыққа айналдыруда жұ-

мы  ла жұмыс істеді. Сондай-ақ осы сапары 

ба  рысында Президент Назарбаев келі сім-

шарттардың өзгермейтінін тағы да шегелеп 

айтты. Бұл ықтимал инвесторларды қанат-

тан дырып, екі ел халқының да қарыштап 

дамуына жәрдемдесетін болады. Екі Пре-

зи дент те Қырғызстанда тұрақтылық, қауіп-

сіз дік және ақыр аяғында бақуаттылық ор-

науы керек деген тоқтамға келді. Екі ел 

бас шыларының алғашқы кездесуі қос мем-

лекеттің арасындағы  бұрыннан қалып тас-

қан ст ратегиялық әріптестікті одан әрі да-

мы туға үлес қосты. 



– Әлемдік қаржы-экономикалық 

дағдарыстан кейін әлемдік гео сая-

сат тың өзгеруі мүмкін бе? Мұны ай-

тып отырғаным, қазіргі кезде дағ -

дарыстан кейін экономикалық, 

мә  дени, саяси құндылықтар өзгеруі 

мүм кін деген болжамдар бар.

– Кез келген экономикалық дағдарыс 

қо ғамның мәдени және саяси құн ды лық-

та рына әсер етеді. Экономикалық қиын-

дық тардан туындаған қысым әлеуметтік 

шиеленістерді ушықтырып, бұрыннан бар 

қо ғамдық мәселелерді алға шығарады. 

Мә селен, АҚШ-та дағдарыс кезінде көбіне 

әйел адамдар емес, ер-азаматтар жұ мыс-

тарынан айырылды деген ақпарат көп тал-

қы ға түсті, бұл жайт соңғы 30-40 жылда 

әйел дердің көбірек жұмыс істей бас та ға-

нын, яғни оң үрдістің қалыптасқанын көр-

сетсе, екінші жағынан, ерлер ХХІ ғасыр дың 

эко номикасына бейімделе алмай жа тыр ма 

деген алаңдаушылық туғызды. Сырт көз 

ретінде сыни тұрғыдан айтар бол сам, менің 

ойымша, саяси және әлеуметтік жағынан 

алып қарағанда, Қазақстан бұл  дағ да рыс-

тан лайықты түрде өте алды. 

Ал геосаясат мәселесіне келер болсақ, 

бұл дағдарыс Қытай және Үндістан сияқты 

да мушы елдердің экономикалық күш-қуа-

ты ның артып келе жатқанын паш етті. Әри-

не, бұл аса үлкен жаңалық бола қойған 

жоқ, себебі бұл елдердің экономикалық 

әле уеті дағдарыс соққысы тиерден көп уа-

қыт бұрын-ақ әйгілі болған. Алайда ға лам-

 дық экономикалық дағдарыс Қазақ стан ды 

қоса алғанда, әлемнің дамушы елдері ХХІ 

ға сырдағы  ғаламдық  эконо ми ка лық  да му-

дың басты қозғаушы күші бо ла тынын бұ-

рын ғыдан да айқын дәлелдеп берді. 

– Қазақстанның Еуропадағы 

қауіп 

сіздік және ынтымақтастық 

ұйымына төрағалық еткеніне де 

жар ты жыл уақыт өтті. Осы уақыт 

ара лығындағы атқарған істерінен 

қан 

дай ерекшелік байқадыңыз? 

Жал пы, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бойы-

на қан жүгірте алды ма?

– Қазақстан қазірдің өзінде ЕҚЫҰ-ға 

өзге рістер әкелді. Соның бір мысалы – 

ЕҚЫҰ-ның бюджеті, бұрынғы кездері оны 

қабылдау тым қиын болатын. Қазақстан 

бұл процесті бірден қолға алып, мүше 

мемлекеттерді ұйымның жылдық бюджетін 

қабылдауға үгіттеп, көндіре алды. ЕҚЫҰ-

ның төрағасы ретінде Қазақстан Қыр ғыз-

стан дағы жалғасып жатқан дағдарысқа 

қа тысты өзгелерге үлгі боларлық рөл ой на-

ды. Қазақстан бірден ЕҚЫҰ құзыреті ая-

сын дағы өзінің арнайы өкілін Бішкекке ат-

тан дырып, ондағы уақытша үкіметпен тізе 

қоса жұмыс істеді және қырғыз еліндегі тұ-

рақ сыздық жағдайында позитивті ахуал-

дың қалыптасуына күш салу әрекетін жал-

ғас тырып  келеді. 



– Биыл Қазақстан ЕҚЫҰ-ның 

сам  митін өткізуді жоспарлап отыр. 

Сіз  діңше бұл жиында қандай мә се-

ле 

лер күн тәртібіне шығарылуы 

тиіс?

– 2009 жылғы желтоқсанда Афиныда 

өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 

жиналысында Америка Құрама Штаттары 

Қазақ станның ЕҚЫҰ саммитіне қатысты 

ұсы ныстарын қызығушылықпен қабыл да-

ды. Біздің ойымызша, бұл саммит ЕҚЫҰ-

ның үш өлшемі – қауіпсіздік, экономика 

мен қоршаған орта және адами өлшемдер 

мә селелеріне арналуы керек. 



– Қазақстандық сарапшылар қа-

зір гі кезде осы ЕҚЫҰ-ның атын Еу-

ра  зиялық қауіпсіздік және ын ты-

мақ 

тастық ұйымы деп атауды 

ұсы нып жүр. Бұған батыс елдері қа-

лай қарайды? Сіздің субъективті пі-

кі ріңіз  қандай?

– Осы тақылеттес тақырыптар бойынша 

батыс мемлекеттерінің көзқарастарына қа-

тыс ты тұжырым жасағаным лайықты емес 

деп ойлаймын. Менің ойымша, ұйымның 

атауы оның  жеткен  жетістіктеріне қара ған-

да аса маңызды емес және Қазақстан 

ЕҚЫҰ-ға батыл басшылық ету барысында 

ұйым ның назарын бүкіл Еуразия құрлығына 

бұ рып үлгерді деп санаймын. 



– Дүниежүзі мемлекеттері мүше 

болса да,  халықаралық ұйым дар-

дың штаб-пәтерлерінің көпшілігі 

Ба  тыс та  орналасқан.  Жақында 

ЕҚЫҰ-ның кейбір  бюроларының  

бас  кең  се ле рін  ТМД  елдеріне  көшіру 

ту ралы  ұсы  ныс тар  айтылып  қалды. 

Егер осы лай болып жатса, ұйым-

дар ға  мүше  мем лекеттердің  теңдігі 

сақ  та лып,  әділеттілік  орнайтын  шы-

ғар...

– ЕҚЫҰ-ның өз ішінде талқыланып 

жатқан немесе талқыға түспеген бюрок ра-

тиялық шешімдеріне пікір білдіргенім жөн 

бола қоймас. Дегенмен менің бір білетінім, 

ЕҚЫҰ-ның батыстағы және шығыстағы 

мүшелерінің арасында «теңдік» орнату 

үшін дәл қазір Қазақстан өте лайықты түрде 

атқарып жатқаны сияқты оларға да ұйым-

ның төрағасы ретінде жұмыс істеп көруге 

мүмкіндік беру керек. 

– Өзіңіз Ауғанстан елінде жұмыс 

іс теген тәжірибелі мамансыз. АҚШ-

тың қазіргі президенті Ирак пен Ау-

ғанстаннан әскерін шығару туралы 

уәде берген еді. Бұл сайлау ал дын-

дағы популистік ұран ба, әлде әскер 

шы ғарудың нақты мерзімі белгілі 

ме?

– Жоқ, бұл нақты атқарылу мерзімдері 

көрсетілген шынайы жоспар. 2003 жылдан 

бері алғаш рет 2010 жылдың ақпан айында 

біз әскер санын 100 мың адамға азайттық. 

Ирак Қауіпсіздік күштерінің әрекет ету 

қабілеті мен мүмкіндіктерінің елеулі түрде 

артуы және бейбіт тұрғындар арасында 

құрбандардың тұрақты түрде біртіндеп 

азаюы Президенттің 2010 жылғы  тамыз-

дың 31-іне дейін әскери миссияны аяқтау 

тура лы жоспарын орындауға бет алға ны-

мыз ды, сөйтіп әскер санын 50 мың адамға 

азай татынымызды білдіреді. Ал Ауған стан-

дағы АҚШ әскері 2011 жылдың шілдесінен 

шы ға  рыла бастайды. Президент Обама бұл 

мә селелерде бұдан да нақты әрі дәйекті 

болуы үшін не істеуі керектігін білмеймін. 

Де генмен бұл 2011 жылдың шілдесінде 

Ау ғанстаннан түгелдей кетеміз және біздің 

Ау ғанстанмен қарым-қатынасымыз аяқ та-

ла ды дегенді білдірмесе керек. Біз ауған 

халқына жонымызды бермек емеспіз. 

Тұрақты, қауіпсіз әрі гүлденген Ауғанстанды 

қалыптастыру жолындағы ұзақмерзімді 

міндеттеме ғана әскери жетістіктеріміздің 

босқа кетпегеніне және Ауғанстан бұдан 

былай терроршылардың ордасына айнал-

май тынына толық көз жеткізуімізге мүм кін-

дік береді. 



– Бірқатар сарапшылар Қыр ғыз-

стандағы тұрақсыздықтың себебін 

АҚШ-тың Ауғанстандағы әске ри-

леріне керек-жарақты жіберетін 

«Манас» базасынан саяси астар 

іздеу арқылы түсіндіреді. Сіз не ай-

та сыз?

– Бұл шындыққа мүлде жанаспайды. 

«Манас» транзиттік орталығының Қыр ғыз-

стандағы саяси тәртіпсіздікке ешқандай да 

қатысы жоқ, ал мұндайды айтқан кез кел ген 

сарапшы саяси жағдайды ойынға ай нал ды-

рып отыр. Америка Құрама Штат тары Қыр-

ғыз 


стандағы бейбітшілік пен қо 

ғам 


дық 

тәртіпті шұғыл қалпына келтіруге шақырып, 

БҰҰ мен ЕҚЫҰ арқылы гума ни тар лық кө-

мек 


тің қақтығыс пен тәртіпсіздік құр-

бандарына жеткізілуіне күш салып отыр. 



– Кейінгі оқиғаларға көз жү гірт-

сек, Қырғызстандағы жағдай пер-

ма 

нетті сипат алып бара жатқан 

сияқты. Аймақ қауіпсіздігін қам та-

масыз ету үшін Қырғызстандағы 

жағдайға қандай ұсыныс айтқан 

болар едіңіз?

– Әлемдік қауымдастықтың басқа да 

мүшелері сияқты Америка Құрама Штат-

тары да Қырғызстанға экономикалық жәр-

дем беру бағдарламаларын жеделдету 

жә не ұлғайтудың жолдарын іздеп жатыр. 

Мәселен, АҚШ-тың Халықаралық даму 

агенттігі (ЮСАИД) Транзиттік бастамалар 

кең сесінен Қырғызстанға арнайы топ аттан-

дыр 


ды, олар дереу қаржыландыруды 

қажет ететін жалпы сомасы 5 миллион 

АҚШ долларына жетеқабыл шағын бағдар-

ла 


малар әзірлеп келді. Сонымен қатар 

АҚШ-тың осы сияқты оқиғаларда кәдеге 

жарайтын екі қаржылық қоры бар. Оның 

бірі – қақтығыстан кейінгі тұрақтылықты 

қам 

тамасыз етуге арналған 1207-қор, 



онда 100 миллион доллар қаржы бар. Қа-

зіргі уақытта осы қаражаттың бір бөлігін 

Қырғызстанға пайдалану мақсатында 

жобалар іздестіріп жатырмыз. Екінші қор 

– Обама әкімшілігі құрған Кешенді дағ да-

рыс қоры (Complex Crisis Fund), онда жы-

лына 50 миллион доллардан астам қаржы 

болады, егер біз Қырғызстанда лайықты 

жобаны таба алсақ, онда Қырғызстан осы 

қордан қаражат алатын алғашқы ел 

болмақ. Ақыр соңында біз «Манас» тран-

зиттік орталығын жалдағанымыз үшін тө-

лей тін ақыны тездетіп аударудың мүм-

кіндіктерін де қарастырып жатырмыз. 

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және 

Еуразия істері жөніндегі аға директоры 

Майкл Макфол мамыр айында Астанаға 

келген сапарында «уақытша үкіметтің ле-

ги тимділігі – дәл қазір олардың алдында 

тұр ған ең басты мәселе», – деген болатын. 

Легитимділік болмаса, Халықаралық ва-

люта қоры сияқты мекемелермен жұмыс 

іс 

теу қиын болады. Инвесторлар бел-



гісіздікті ұнатпайтыны белгілі, ал «уақытша 

үкімет» деген атының өзі белгісіздікке 

меңзейді. Міне, сондықтан олардың ре фе-

рендум шақыру, қазан айында сайлау өт-

кізу туралы жоспары өмірлік маңызы бар 

мәселе болып тұр. Америка Құрама Штат-

тары халықаралық қоғамдастық пен ин сти-

тут тардың мүшесі ретінде транзиттік жос-

пар 

дың ойдағыдай жүзеге асуы үшін 



қол дан келген көмектің бәрін жасайды. 

 – Ядролық қаруды таратпау жө-



ніндегі келісім қаншалықты лайық-

ты жұмыс істей алып отыр? Олай 

деп отырғаным, кейінгі кезде 

МАГАТЭ-де батыл әрекеттерге ба-

рып, дербес шешім қабылдай ал-

майтын болды деген пікір қал ып-

тас қан. Бұған не дейсіз?

– МАГАТЭ-нің Американың саясатымен 

келіспей, оған қатты шүйліккен кездерін 

білетін америкалықтар «МАГАТЭ қазір 

АҚШ мүдделеріне жұмыс істеп отыр» 

дегенді естігенде еріксіз күлетін шығар. Іс 

жүзінде МАГАТЭ – тәуелсіз ұйым, ал Иранға 

қысым көрсететін таяуда ғана мақұлданған 

№1929 қарарды МАГАТЭ емес, БҰҰ-ның 

Қауіпсіздік кеңесі қабылдады. АҚШ-пен 

қоса, Азия, Африка, Еуропа және Латын 

Америкасындағы көптеген мемлекеттер, 

соның ішінде Ресей мен Қытай бұл қарарды 

қолдап, дауыс берді. Мұндай санк ция лар-

дың салынуы Таяу Шығыста ядролық қа-

рулану бәсекесінің болғанына ешкім 

мүдделі емес және ядролық қаруды тарат-

пау режиміне қатер төндіргендер тиісінше 

жауап беруі керек деген халықаралық 

қоғамдастықтың ортақ көзқарасын білдірсе 

керек. Жақында Президент Обама былай 

деді: «Бұл ойында ешқандай екі стандарт 

жоқ. Басқа барлық елдер сияқты Иранның 

да бейбіт ядролық энергияға қол жеткізу 

құқығын құрметтейміз дегенді ашық 

айтқанбыз және тағы да қайталаймыз. Бұл 

құқық Ядролық қаруды таратпау келісімінде 

анық жазылған. Әлемдегі ең жойқын 

қаруға бұдан да көп елдің қол жеткізуінен, 

халықаралық құқық нормаларының бос 

уәде болып қалуынан қорғайтын бірден-

бір құжат – осы. Бұл келісімге қатысы бар 

тарап тардың барлығы қол қойған және 

мен билікке келген күннен бастап Америка 

Құрама Штаттары бұл құжаттың пәрменін 

күшейтудің жолдарын іздеп келеді, соның 

ішінде Американың өз ядролық арсеналын 

азайту міндеттемелері де бар». 

Жоғарыда айтып өткенімдей, Президент 

Назарбаев Ядролық қаруды таратпау 

келісімін күшейте түсу жолында ерекше 

лидерлік танытты. Бұл – Қазақстан мен 

АҚШ арасындағы қарым-қатынастың ма-

ңыз ды тұстарының бірі және екі ел ара-

сындағы барған сайын тамырын тереңге 

жая беретін стратегиялық әріптестіктің бір 

та маша мысалы бола алады. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

ШАРА


 ӨМІРДЕРЕК

Ричард ХОУГЛАНД 1950 жылы Индиана штатындағы Форт-Вейн 

қаласында дүниеге келген. Вирджиния университетін бітірген. 

Дипломатиялық қызметіне дейін 1985 жылдан бастап ағылшын 

тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді. 1989-1991 жылдары 

Ауғанстан бойынша Мемлекеттік департамент жанындағы 

ақпарат және зерттеу бюросының жетекші сарапшысы қызметін 

атқарды. Осы саладағы жұмыс тәжірибесінің арқасында 1991-

1992 жылдары Ауғанстан бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі 

елшінің орынбасары, 1992-1999 жылдары Пәкістан мен Ресейде 

дипломатиялық қызмет атқарды. 1999-2001 жылдары АҚШ 

Мемлекеттік департаменті жанындағы Оңтүстік Азия бюросының 

қоғамдық дипломатия бөлімінің директоры болып қызмет істеді. 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал