Есеп беру ■ Қауіпсіз әрі өнімді жұмыс



жүктеу 215.44 Kb.

Дата20.05.2017
өлшемі215.44 Kb.

2

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (4) сәуір 2015



Ресми бөлім

Есеп  беру

 



Қауіпсіз әрі өнімді жұмыс



 



Тағайындау



 



«Бұл салада жұмыс істейтін 



басқа компаниялармен 

салыстырғанды Kaz Minerals 

Тобындағы қауіпсіздік 

көрсеткіштері нашарлау»

Топтың Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған 

ортаны қорғау департаменті директоры Питер 

Плавина Kaz Minerals алдында тұрған күрделі 

міндеттердің бірі жайлы әңгімелейді. 

Биылғы  жыл 

қайғылы оқиғалар-

мен басталды. Kaz 

Minerals Тобының 

екі бірдей қызмет-

кері жұмыс орнында 

мерт болып, тағы 

бірнеше адам жара-

қат алды. Бұл оқиға-

лардың туындауына 

ортақ бір проблема 

себеп. Ол – басшы-

лық пен жұмысшы-

лардың өндірістегі 

қауіпсіздікке сал-

ғырт қарайтыны, жұмыс кезінде туындауы мүмкін 

түрлі қауіп-қатерлерді анықтап, сенімді бақылауды 

қамтамасыз ете алмауы. 

«Жұмысты бастамас бұрын ТОҚТА және ОЙ-

ЛАНЫП АЛ» деген ереже кәсіпорындарымызда 

болатын бақытсыз оқиғалардың біразының алдын 

алуға мүмкіндік берер еді. 

Менің  ойымша,  бізде  жоспарды  орындау 

үшін жанталасып, жаппай асығыстық жасалады. 

Әлде, басшылар тарапынан қысым жасала ма? 

Бәлкім, таяқтың бір ұшы жұмыс барысында ба-

сын қатерге тігетін жұмысшыларға тиетін шығар? 

Олар абайлап жүрсем ешқашан бақытсыздыққа 

ұшырамаймын деп ойлайтын болса керек. Бізге 

бұл мәдениетті түбегейлі өзгерту қажет. Біздегі 

өндірістік құрылымдар толығымен осындай өз-

герістерді талап етеді. 

Бақытсыз жағдайлардың салдарын кез-келген 

деңгейде кездестіруге болады. Әріптестеріміз 

жұмыс орнында қаза тауып немесе ауыр жарақат 

алып жатса оған біз де кінәліміз. Мұны оқыған 

азаматтардың бәрінен жақсылап ойлануды сұ-

раймын. Өнімді әрі қауіпсіз еңбек салтын қалып-

тастыруға үлес қосу жағын ойлаңыздар.

Өнімді және қауіпсіз жұмыс дегеніміз – тек 

ақауы жоқ қондырғыларды ғана пайдаланатын, 

барлық талаптар мен тәртіптемелерді бұлжытпай 

орындайтын білікті қызметкерлер. Ал, басшылық 

жұмысшыларды оқыту барысын, қондырғыларға 

дер кезінде қызмет көрсетіліп, жөнделуін, техно-

логиялық процесті, бақытсыз жағдайлар туралы 

есеп беру жүйесін, жоспарлау жұмыстарын мұқият 

қадағалап отыруға тиіс. 

Қауіпсіз және өнімді еңбек бизнесті нығайтады 

және отбасыларымыздың болашағын қамтамасыз 

етеді. Бұл қазір бізге ауадай қажет. Ендеше, соған 

қол жеткізейік!

Қазақстандағы еңбек персоналын басқару директоры Юлия Сушкованың 

орнына Пол Гахаган тағайындалды. Бұған дейін, 2007-2012 жылдар аралы-

ғында Топта жұмыс істеген Пол Гахаган компания жұмысымен етене таныс. 

Дәл сол уақытта компанияда корпоративтік даму орталығы құрылып, НІРО 

жобасы іске қосылған болатын.

Пол Гахаганның міндетіне енді өзгерістерді 

басқару, оқыту, дамыту және тәлімгерлікті дамыту 

кіреді. Сонымен қатар, еңбек персоналы жөніндегі 

жаңа директор HR қызметі әзірлеп, енгізген баста-

маларды әрі қарай жалғастыратынын айтты. Соның 

ішінде, Шығыс дивизионына және Бозшакөл мен 

Ақтоғай жобаларының өндірістік қызметкерлерімен 

жұмыс істеуге айрықша көңіл бөлінбек.



KAZ Minerals. 2014 жылғы 

қызмет қорытындысы 

27-ақпанда KAZ Minerals Тобы 2014 жылдың  

аудиттелген қаржылық нәтижелері мен өндірістік 

қызмет қорытындысын жариялады.

Өткен жылы сатудан түскен табыс 846 млн долларға дейін төмендеді 

(2013 жылы $931 млн). Бұған металдың құнсыздануы мен сату көлемінің 

қысқаруы түрткі болды. 2014 жылы Топ өндірілген 83,5 мың тонна ка-

тодты мыстың 78,2 мың тоннасын өткізді. Аталған уақыт аралығында 

Топтың EBITDA табысы 355 млн долларды құрап, 2013 жылғы деңгейден 

айтарлықтай төмендей қойған жоқ ($359 млн).

Шығындарды қысқарту және мырыш сату көлемінің артуы екінші 

жартыжылдықта бір фунт мыстың таза ақшалай өзіндік құнын 107 центке 

дейін төмендетуге мүмкіндік берді (2014 жыл соңында 85 цент болатын). 

Жылдың екінші жартысында мыс өндірісінің жалпы ақшалай өзіндік құны  

фунтына 277 центті, ал 2014 жылдың 12 айында 257 центті құрады.

2014 жылдың 31-желтоқсанында KAZ Minerals Тобының жалпы қа-

рызы 962 млн долларға бағаланды. Бұған Павлодар облысындағы Боз-

шакөл кеніші мен Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кеніштерінің 

салынуына байланысты негізгі шығынның артуы түрткі болды. Аталған 

жобалар ұзақ мерзімдік займдар мен компанияның жеке қаражаты есебі-

нен қаржыландырылды. 

Директорлар кеңесі даму жобаларының іске асырылуына байланысты 

дивиденд төлеуді тоқтата тұруды ұсынды. Листинг жасалған сәттен бас-

тап Топ өз акционерлеріне 2,1 млрд доллар мөлшерінде дивидент төледі 

және мұны болашақта қайта жалғастыруды жоспарлап отыр.

2014 жылы Топтың даму жобаларының едәуір алға ілгерілегені бай-

қалды. Бозшакөлде кен байыту фабрикасының негізгі ғимараты салы-

нып бітті. Бұл қыста қондырғыларды орнатуға мүмкіндік берді. Вахта 

қалашығы пайдалануға берілді. Қазір онда жұмысшылар тұрып жатыр. 

Бастапқы ұнтақтау корпусының қаңқасы бой көтеріп, болашақ конве-

йердің тіректері орнатылды. Кеніштен ұлттық темір жол желісі арасы-

на жол салынды. Тау-кен қондырғылары, соның ішінде, экскаваторлар 

мен ауыр самосвалдар өндіріс алаңына жеткізіліп, жиналды. Бозшакөл 

кенішін  пайдалануға дайындау  шеңберінде  өткен  жылдың төртінші 

тоқсанында өндірістік персоналды кешенді оқыту жұмыстары бастал-

ды. 2014 жылы Бозшакөл КБК құрылысына жұмсалған негізгі шығын 

0,5 млрд долларды құрады. 2015 жылы тағы 0,9 млрд доллар жұмсау 

жоспарланып отыр. Бозшакөл жобасына жұмсалатын жалпы шығын 2,2 

млрд долларды құрамақ.


3

№ 3 (4) сәуір 2015

      

KAZ Minerals Инфо



Өндірістік жаңалықтар

Алдыңғы қатарлы технологиялар

 



Симуляторларда оқыту

Бір қарағанда қарапайым ғана көрі-

нетін бұл контейнерге қызығушылар 

Бозшакөлде өте көп. Жұмысшылар оның 

сыртын емес, ішін қызық көреді. «Симу-

лятор» деп аталатын бұл қондырғының 

біздің елімізде баламасы жоқ.



Өз мәліметтерімізден

Газетіміздің өткен сандарының бірінде 

біз Бозшакөлде операциялық персоналды 

оқыту басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Оқыту бағдарламасы екі кезеңнен тұрады:  

жұмысшылар алдымен өндірістегі техни-

ка қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың қыр-

сырын меңгерді. Енді олар оқудың екінші 

кезеңіне – ауыр техникамен жұмыс істеуге 

үйрету кезеңіне аяқ басып отыр. Кеніштегі 

самосвал, бульдозер және экскаваторларда 

жұмыс істегендей әсер беретін бұл трена-

жер Cybermine деп аталады. Сабақ өткі-

зетін тренерлердің айтуынша,  жуырда 

бұл жерде тағы бір модуль орнатылмақ. 

Ол жұмысшыларды бұрғылау станогында 

жұмыс істеуге үйретеді.

- Барлық операторлар бұрынғы жұ-

мыс өтіліне қарамастан осы симулятор-

да оқытылады, – дейді жаттықтырушы 

Михаил Ломако. – Әр адамға 30 сағаттан 

уақыт бөлінген. 

Бір «сабақ» орта есеппен 60 минутқа 

созылады. Кабинада тренер мен болашақ 

оператор ғана жұмыс істейді. Оператор 

рульге отырады, ал тренер оның «қозға-

лысын» қадағалайды және қажет жерінде 

ақыл-кеңес береді. Ал, жүргізушінің қатесін 

компьютер тіркеп отырады. Мәселен, жұмыс 

бастамас бұрын белгі берген жоқ, машина-

ның ожауын үстіне дейін толтырған жоқ, 

қарсы беттегі жүргізушіге кедергі келтірді 

және тағы басқа.

- Қазір 122 оператор оқытылып жатыр. 

Оның 80-і симулятормен жұмыс істеуде, – 

дейді Михаил Ломако. 

Ауыр техникамен жұмыс істеуге үйрету 

процесі төрт сатыға бөлінген: бастапқы тест, 

оқыту, оқу аяқталғаннан кейінгі тестілеу 

және жарты жыл жұмыс істегеннен кейін 

білімін тексеру сынағы.

- Сайттағы симулятор туралы пікірта-

ласты көрсеңіз! – дейді тренер. – Қызмет-

керлердің бәрінің кәсібі мен мамандығына 

қарамастан симулятормен жұмыс істегісі 

келеді. Шетелдердегі тәжірибеге сүйенсек, 

карьераларға арналған техникамен әйелдер 

де жұмыс істей алады. Сондықтан, болашақта 

нәзік жанды аруларымыздың да операторлар 

арасынан көрініп қалуы әбден мүмкін.



KAZ Minerals аэроғарыш саласының тәжірибесін пайдалануда

Бозшакөлде жұмыс беруші мен 

жұмысшылар арасында 2015-2017 

жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт 

бекітілді. Келісімшартқа еңбек ұжымының 

төрт өкілі мен жұмыс берушінің төрт өкілі 

қол қойды. Сонымен қатар, құжатты Пав-

лодар облыстық Еңбек басқармасының 

мемлекеттік инспекторы тексеріп, қол 

қойды. Келісімшарт талаптары жұмыс 

берушіні де, жұмысшыларды да қамтиды. 

Ұжымдық келісімшарттың толық 

нұсқасын Еңбек персоналын басқару 

департаментінен алуға болады.

Айтпақшы

Ақтоғайда тотықталған кеннен мыс 

алу биылғы жылдың төртінші тоқсанына 

жоспарланып отыр. Ал, сульфидті кеннен 

мыс алу жұмыстары 2017 жылы басталмақ. 

2014 жылы болашақ кен байыту фабри-

касының орнын дайындау жұмыстары 

жүргізіліп, электролиз цехының құрылы-

сы басталды. Өткен жылы Ақтоғай КБК-

не жұмсалған шығын 0,4 млрд долларды 

құрады. Ал, биыл тағы 0,5-0,7 млрд дол-

лар жұмсау көзделген. Жалпы шығын 2,3 

млрд долларға бағаланып отыр.

2014  жылы  сатып  алынған  үшінші 

кеніш – Көсай жобасы концептуалдық 

тұрғыдан  пысықталып  жатыр.  Өткен 

жылы кеніште басталған бұрғылау жұ-

мыстары биыл да жалғасын таппақ. Атал-

ған уақыт аралығында бұл жобаға 4 млн 

доллар қаражат жұмсалды. 2015 жылдың 

еншісіндегі  шығын  15  млн доллардан 

асып жығылмақ.

Топтың қолданыстағы кәсіпорындары 

орналасқан Шығыстағы өндірісті қолдау-

ға 2014 жылы 53 млн доллар шығындал-

ды. Бұл жоспарланған мөлшерден едәуір 

төмен. Инвестицияның бір бөлігі 2015 

жылға  ауыстырылды.  Биылғы  жылы 

аталған  мақсаттарға  80-100  млн дол-

лар жұмсау көзделген. Оның ішінде, 25 

млн доллар Артемьев кеніші мен Нико-

лаев кен байыту фабрикасы арасында 

транспорттық инфрақұрылым тартуға 

және Николаев фабрикасын жаңғырту 

жұмыстарын аяқталуға жұмсалмақ. 20 

млн долларға жуық қаражат Артемьев 

кенішінің екінші кезегін салуға инвес-

тицияланбақ.

2015 жылы Қырғызстандағы Бозым-

шақ КБК құрылысын аяқтауға қажетті 

негізгі шығын  25 млн долларға жуық-

тайды.  2014  жылдың  желтоқсанында 

Бозымшақтан алынған концентраттың 

алғашқы партиясы Қазақстанға жөнелтіл-

ген болатын.

KAZ Minerals Тобы 2015 жылдың 29-

қаңтарында өндіріс нәтижелерін жария-

лады. Олар мынадай: 2014 жылы 84 мың 

тонна катодты мыс; 121 мың тонна мы-

рыш концентраты, 3,4 млн унция күміс, 

35 мың унция алтын алынды.

Жоспар бойынша, мыс өндірісі кө-

лемі 2015 жылы да былтырғы деңгейде 

(80-85 мың тонна) сақталып қалуы тиіс. 

Ал, тау-кен  жұмыстары  жүргізілетін 

учаскелерде ілеспе өнімдердің аздығына 

байланысты Шығыс Қазақстан облысы 

аумағында өндірілетін ілеспе өнімдер 

көлемі азаймақ. Жоспарға сәйкес, биыл 

мырыш концентраты 90-95 мың тонна-

ны, күміс 2,2-,2,5 млн унцияны құрамақ. 

Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде 

өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты 

алтын өндірісі 42-47 мың унцияға дейін 

артуы мүмкін. 

Мыс өндірісінің жалпы ақшалай өзіндік 

құны фунтына 280-300 цент аралығында 

болады деген болжам жасалып отыр.

Топ алдағы уақытта да операциялық 

және капиталды шығындарды қатаң қа-

дағалау саясатын жалғастырады.


4

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (4) сәуір 2015



- Б

аян Ғазизқызы, ең алды-

мен сіздің қазақстандық 

геологияға, ондағы проб-

лемаларға қатысты пікіріңізді білсек 

деп едік... 

- Негізінен біз қазір Кеңес дәуірінің 

геологтары ашып кеткен жаңалық-

тармен өмір сүріп жатырмыз. Қолы-

мыздағы минералды-шикізат базасы 

әлсіз. Бұған үкімет те назар аударды. 

Шын мәнінде бұл үлкен проблема. 

Білікті маман даярлау мәселесінің де 

өзектілігі жоғары. ЖОО бітіріп шыққан 

түлектердің дайындық деңгейіне көңіл 

толмайды. Бұрын біз бірінші курстан 

бастап өндірістік тәжірибеден өтетінбіз: 

іздеу-түсіру, бағалау, өндірісті геология-

лық жағынан сүйемелдеудің қыр-сырын 

меңгеретінбіз.

Бүгінгі түлектер далада жұмыс істеу-

ге де, кен өндіретін кәсіпорында қызмет 

етуге де қабілетсіз. Кейбір ЖОО-ның 

білім беру сапасы көңіл көншітпейді. 

Тіпті, кейде геолог мамандығына ҰБТ-

дан ең төменгі балл жинақтаған талап-

керлер де қабылданады.

Заң жайына ауысар болсақ, геоло-

гияны дамытуға кедергі болып отырған 

тосқауылдың бірі – қорларды тіркеу 

жүйесі. Кен өндіретін компаниялармен 

жұмыс істеу барысында бұл кедергі көп 

кезігеді. Қорларды сараптамадан өткізу 

кезінде біз JORC кодексі сынды жаңа 

тәсілдер бола тұра сонау Кеңес заманы-

нан қалған ескі әдістерді пайдаланамыз. 

Әрине, Ресей секілді Қазақстан да бұл 

Кодекске қол қойған. Бірақ, бізде әлі 

күнге дейін қосарлы жүйе жұмыс істеп 

тұр. Бірі - кеңестік ескі жүйе әлі істен 

шыққан жоқ. Ал екінші жаңа жүйе әлі 

толық енгізілмеген.

Тұлға


Орайы келген сұхбат

 



- Сонда бұл жүйелер бір-бірімен 



мүлдем үйлеспей ме? 

- Иә. Кеңестік нормалар, бір рет 

бекітілген өлшемдер ондаған жылдар-

дан бері қолданылып келеді. Ал, нарық-

тағы ахуал, металл бағасы, кен өндіру 

тәртібі, бәрі-бәрі жиі-жиі өзгеріп отыра-

ды. Кен өндірудің өзіндік құнына ықпал 

ететін факторлар өте көп. JORC жүйесі 

болса ыңғайлы, икемге келгіш. Мәсе-

Баян ӘЛЖАНОВА:

«Романтиканың 

орнын технологиялар 

басты»

Қазақстанда сәуір айының бірінші 

жексенбісінде Геологтар күні атап өтіледі. 

Бүгінде бұл кәсіпке қатысты елдің пікірі 

өзгерген. ХХІ ғасырдың геологы адам-

дардың көзіне асулардан асу асып, ен 

далаға қос тігіп жатқан романтик болып 

елестемейді. Ол кондиционері, компью-

терлері, жаңа бағдарламалары орнатыл-

ған кеңседе, 3D-технологиялармен жұмыс 

істейтін кеңсе қызметкері десе болғандай. 

Дегенмен, біздің әңгімемізге арқау болып 

отырған бүгінгі кейіпкеріміз кеніштің 

құрылымы мен кен жыныстарын көзбен 

көріп, қолымен ұстамаған адамнан жақсы 

геолог шықпайды деп есептейді. KAZ 

Minerals-тың Бас геологы Баян ӘЛЖАНО-

ВА кәсіптің қыр-сыры, проблемалары мен 

болашағы, жас мамандар мен компа-

нияның геологиялық келешегі жайлы 

әңгімелеп берді.


5

№ 3 (4) сәуір 2015

      

KAZ Minerals Инфо



Тұлға

лен, біз белгілі бір мөлшерде кен өндіре 

алмасақ, уақыт өте келе көрсеткіштің 

өзгертуі мүмкін. Осы жерде отандық 

геологиялық барлау саласына мемле-

кеттің қатысу мәселесінің басы қылтия-

ды. Мемлекет әзірге қауіп-қатері мол 

бұл салаға қаржы салуға дайын емес.  

KAZ Minerals компаниясының 

да дербес барлау 

бағдарламалары 

бар. Болашағы бар 

барлау алаңдары 

бөлінген. Қазір 

біз кәсіпорынның 

минералды-шикізат 

базасын молайтуды 

көздеп отырмыз. Осы 

мақсаттарға бөлін-

ген инвестициялық 

қаражатты биылдан 

бастап игеруге кірі-

семіз.  

- Инвестиция-

лардың ауқымы 

қандай?

- Жалпы, бағ-

дарлама екі жылға 

есептелген. Биыл 

Шығыс аймаққа 2,4 млн доллар, Бозша-

көлге 0,2 млн доллар бөлу көзделген. 

Көксай жобасына 15 млн доллар жұмсау 

жоспарланып отыр.  



- Қолданыстағы кеніштерге 

қысқаша геологиялық шолу жасап 

берсеңіз...

- Ендеше, Орлов кенішінен баста-

йық. Биылғы жылы онда қосымша гео-

физикалық жұмыстар жүргізу туралы 

бағдарлама жасалды. Бұл қарекетіміз 

оң нәтиже береді деп үміттенеміз. 

Себебі, бұл – бірегей кеніш. Ол шағын 

аумақты алып жатса да қойнауындағы 

кен құрамы өте бай. Жұмысқа маусым 

айында кірісу жоспарда бар.

«Артем» кеніші. Мұнда барлау жұ-

мыстары 2012-2013 жылдары жүргізіл-

ген болатын. Бірінші кезектің қоры 

сарқылып біткен, онда небәрі бір-екі 

жылға жететін кен бар. Сондықтан 

қазір онда кеніштің екінші кезеңін жо-

балау жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, 

біз «Артем-2» кенішін қаншалықты 

ерте іске қоссақ, жоба соншалықты 

нәтижелі болмақ. Бұл алдағы бірер 

жылдың көлемінде 

іске асырылатын 

шаруа.

Ертіс кеніші - 



өте ертеде ашылған 

кеніш. Бірақ онда кен 

қоры өте мол. Қор ша-

мамен тағы он жылға 

жетеді. Дегенмен 

өндіру көлемі шағын 

ғана. Себебі, онда 

заманауи техниканы 

пайдалану мүмкін 

емес, өңдеу жүйесі 

өте күрделі.  

Юбилейный-Снегирихин кеніші. 

Біздің болжауымызша, кеніштегі қор бір 

жарым-екі жылға етеді. Сондықтан біз 

бұл учаскедегі жобаға тездетіп кірісуіміз 

керек. Кен іздестіріп, қорды молайту қа-

жет. Бұл алдағы бес жылда атқарылатын 

шаруа. Ол жерде инфрақұрылым бар. 

Сол себепті кен табылса үлкен қарқын-

мен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.



- Қазір барлық компаниялар шы-

ғындарын қысқартып жатыр. Соған 

байланысты жаңа кеніштерді анық-

тауға қаражат тапшы деуге бола ма?

- Жоқ, қаражат жетпейді деуге 

болмайды. Қарастырылып жатқан 

жобалар баршылық. Мәселен, Көксай 

сынды қызықты жобаларға қаражат 

бөлінеді. «Юбилей-

ный» кенішіне де 

бөлінді. Бірақ қазіргі 

ахуал мынадай: Кеңес 

одағы кезінде кеніш-

тер ашылды, игерілді, 

оңай өндірілетін 

кеніштердегі қор 

түгесілді. Енді жаңа 

технологиялар, те-

реңірек барлау сынды 

жаңа әдістер қажет. 

Мәселен, аномалия 

табылды делік. Бірақ 

ол жерде кен бол-

мауы да мүмкін. Бұл 

біздің ғана емес, бүкіл 

әлемнің басын қаты-

рып отырған ортақ 

проблема.

- Барлаудың дәстүрлі екі әдісін 

білеміз. Бірақ мен оның экстрасен-

сорлық деп аталатын үшінші түрі бар 

деп естідім …

- Дұрыс айтасыз 

(күледі). Жалпы, 

аталған ғылыми 

әдістемені жасап 

шыққан сербиялық 

компания болатын. 

Олар электромагнитті 

барлау арқылы бес 

шақырым тереңдік-

тен сигнал алады. 

Бұл әдіспен су, уран 

кеніштері, көмір мен 

газ барланып, тәп-

тәуір нәтиже берді. Біз бұл әдістемені 

Нұрқазған кенішінде пайдаланып көрдік 

және толық сәйкес келмесе де, жақсы 

көрсеткіштер алдық. Шығыста, Юбилей-

ный-Снегирихин кенішіндегі жағдай 

мүлдем бөлек. Орманды жер, оның үсті-

не басқа да факторлар жетерлік. Сон-

дықтан бұл әдісті бір жерде пайдалануға 

болады, бір жерде болмайды. Дегенмен 

ойда бар нәрсе. Оған 

қоса, лозоіздеуші деген 

нағыз мамандар да бар. 

Бұл әдіс те суда жақсы 

жұмыс істейді. Кеніште 

жұмыс істеу қиын. 

Және денсаулыққа кері 

әсер етіп, мамандар-

дан үлкен күш-қуатты 

талап етеді. 

- Бозшакөл мен 

Ақтоғайдың кен 

қоры анық па? Әлде, 

қор жағынан күтпе-

ген жәйттер болуы мүмкін бе? 

- Жоқ, күтпеген жағдай болмауы 

тиіс. Дегенмен озық барлау тоқтамайды. 

Бұл тау-кен жұмыстарын процесс бары-

сында геологиялық сүйемелдеу деген 

сөз. Яғни, геологтардың күн сайын, 

сағат сайын атқаратын жұмыстарының 

жиынтығы. Әрине, болжамдардан азы-

рақ ауытқу болуы мүмкін. Бірақ, онша 

көп емес.  



- Ал Бозымшақ ше?

- Бозымшақ – қолданыстағы 

кәсіпорын. Былтыр онда кенді ашу, 

өндіру жұмыстары басталып, жақсы 

нәтижелерге қол жетті. Барлау жобасы 

жасалып, үш жылдық қаржыландыру 

белгіленді. Өсім де бар. Жалпы бұл өте 

жақсы жоба.



- Сөз арасында Кеңес заманын 

жиі еске алдыңыз. Содан бері геолог 

мамандығы қаншалықты өзгеріске 

ұшырады?

- Жаңа технологиялар тұрғысы-

нан алып қарасақ қатты өзгерді. Ал, 

романтика мүлдем жойылды. Қазіргі 

жастардың далада, шахтада жұмыс 

істегісі келмейді. Кен өндіретін кәсі-

порында жұмыс істеу қиын. Сондықтан 

болар, көпшілігінің кеңседе, жаңа, 

3D технологиялармен жұмыс істегісі 

келеді.


- Сонда да олар геологтар ғой?

- Әрине, солай аталады. Бірақ, 

далада шыңдалып, тәжірибе жинақта-

май геолог болу мүмкін емес. Кеніштің 

құрылымын жанымен түсінетін геолог 

маманның көмегінсіз компьютер 

кеніштің үлгісін жасап бере алмайды. 

Оның не екенін сезіну қажет. 

Жалпы, бүгінде далада жүргізілетін 

жұмыстардың өзін Кеңес заманында-

ғымен салыстыруға 

болмайды. Ол кезде 

далаға қос тігілетін. 

Ал, қазір көшпелі 

лагерьлер орнатыла-

ды. Онда жуынатын 

бөлме де, кондицио-

нер мен компьютер 

де, микроскоп та 

бар. Кондиционері 

бар көлікпен Қазақс-

танның кез-келген 

нүктесіне жетіп 

баруға болады. Қазір 

геологтардың жұмысы бұл жағынан 

едәуір жеңілдеді. Дегенмен, геологтың 

шахтер ретіндегі рөлі сол қалпында 

қалды: дала кезіп, кенді балғамен 

ұрып көрмесең уысыңа ештеңе түс-

пейді.


- KAZ Minerals Тобындағы гео-

логтардың денін бұрынғыша әйел-

дер құрай ма?

- Қай-қай жерде де солай ғой. Тек 

соңғы екі-үш жылда Өскемен универ-

ситеті мен Семей техникумын бітір-

ген мамандар келді. Тамаша жігіттер, 

дайындықтары да жаман емес. Біз 

енгізіп жатқан барлық бағдарламамен 

жұмыс істей біледі.



- Геологтардың мерекелік дәстүр-

лері сақталып қалды ма? 

- Әдетте мереке қарсаңында, 

сенбі күні комбинаттың геологиялық 

қызметі түгел жиналып, бәріміз бір 

жерге баратынбыз. Мәселен, боулинг 

ойнайтынбыз. Осыны Шығыста да 

дәстүрге айналдырсақ жақсы болар еді. 

Бұл бір жағынан тек қыдырып көңіл 

көтеру емес, тәжірибе алмасу болар 

еді. Айтпақшы, жақында Бозымшақ-

тың бас геологы келді. Қырғызстанда, 

Шығыста, басқа да кеніштерде кездесу 

жөнінде ұсыныс жасады. Осы кездесулер 

KAZ Minerals Тобында жылына тым бол-

маса бір рет – кәсіби мереке қарсаңында 

дәстүрге айналса өте жақсы болар еді.

KAZ Minerals компаниясы-

ның да дербес барлау бағ-

дарламалары бар. Болаша-

ғы бар барлау алаңдары 

бөлінген. Қазір біз кәсіпо-

рынның минералды-шикі-

зат базасын молайтуды 

көздеп отырмыз. 

Геологтың шахтер ретін-

дегі рөлі сол қалпында 

қалды: дала кезіп, кенді 

балғамен ұрып көрмесең 

уысыңа ештеңе түспейді.

Оңай өндірілетін кеніш-

тердегі қор түгесілді. Енді 

жаңа технологиялар, те-

реңірек барлау сынды жа-

ңа әдістер қажет.



6

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (4) сәуір 2015



Қаржылық сауаттылық

Қарызға көлік алу

Автонесие алған дұрыс па, әлде көлікті

өз ақшаңды жинап алған жөн бе? 

Б

үгінгі таңда банктердің көмегімен 



су жаңа темір тұлпарды ғана емес, 

бұрын мінілген көлікті де тізгін-

деу мүмкіндігі бар. Жаңа көлік алатын 

болсаңыз несиені автосалон ішінде рәсім-

деуге болады. Ондайда кредитті рәсімдеу 

тәртіптемелерін банк немесе автосалон 

өз мойнына алады. Ал, көлікті «қолдан» 

алатындар банкке өз бетінше хабарласып, 

автомобильді несиеге рәсімдеу процеду-

раларын да өз бетінше іске асырады.  

Сарапшының пікірінше, мұндай 

жағдайда «Белгілі бір соманы (көбіне 

қомақты қаражат) дер кезінде төлеу-

ге дайынмын ба?» деген сұрақтан гөрі 

«Машинаны салоннан алу керек пе, әлде, 

қайталанба нарықтан алғаным дұрыс па?» 

деген сұрақ маңыздырақ.

- Көп адамдар несиеге көлік ала оты-

рып, ақшасын пайдалы жерге салдым деп 

ойлайды. Бірақ бұл әсте олай емес, - дейді 

сарапшы. – Бұл инвестиция емес, жеке 

немесе отбасының бюджетінен алынатын 

ақша, кезекті шығын. Сіз көлікті салоннан 

алған күннің өзінде, екі-үш айдан кейін 

де алған бағаға сата алмайсыз. Өйткені, 

пайдаланылған көліктің тозу деңгейі 

ескеріліп, оның бағасы төмендейді. Ал, 

қайталанба нарықтан алынған машина 

жөндеуді қажет етеді. Оған қоса, көлікке 

бензин құю керек, салығын уақытында 

төлеп, сақтандыру полисін сатып алу 

қажет. Майын да дер кезінде ауыстырып 

отырмаса болмайды, - дейді Салтанат 

Жарасова. 

Сарапшы кредит ұйымы арқылы көлік 

сатып алуға бел буған азаматтарға мына-

Автонесиелердің пайыздық 

мөлшерлемелерінің төмендеуіне 

басты себеп – ресейлік импорт 

көлемінің артуы. 2015 жылдың ба-

сынан бері Ресейден Қазақстанға 

50 мыңға жуық көлік әкелінген. 

Салыстырып көрсек, 2014 жылы 

Қазақстанда шығарылған жеңіл 

көліктер саны 37 мыңнан асқан.

дай мәселелерге көңіл бөлуді ұсынады. 

Біріншіден, банк таңдағанда оның беделі 

мен клиенттердің тілеу-шағымдарына 

назар аударыңыз. Екіншіден, жарнамада 

айтылған номиналдық мөлшерлемеге 

емес, жылдық тиімді сыйақы мөлшер-

лемесімен мұқият танысыңыз. Үшінші-

ден, қол қоймас бұрын несие шарттары 

мен сақтандыру туралы келісімшартты 

асықпай оқып шығыңыз. Төртіншіден, 

алдағы уақытта кепілдік қызмет негізін-

де көлікке кімнің қызмет көрсететінін 

анықтап алған жөн. Жалпы, соңғы кездегі 

өзгерістерді ескерсек, бәрінен де төменгі 

мөлшерлемемен берілетін отандық көлік-

терді сатып алу мүкіндіктерін қарастыр-

ған тиімдірек.

Қазақстанда Skoda, 

Chevrolet, Lada, KIA, 

SsangYong, Toyota марка-

лы көліктер жиналады.

Биылғы жылдың сәуір 

айынан бері қазақстандықтар 

автокөлікті пайызы төмен не-

сиеге сатып ала алады. Үкімет 

жеңілдігі бар автонесиелерді 

қорландыруға 15 млрд теңге 

бөлді. Соның арқасында 

автокредит төлемдері 3-5 

есе қысқармақ. Номиналдық 

мөлшерлеме 4%, ал, жылдық 

тиімді сыйақы мөлшерлемесі 

6% құрайды. Мұндай 

несиелерді кімнің беретіні 

әзірге белгісіз. Банк-оператор 

әлі нақтыланған жоқ.

Айтпақшы


Компанияда жүргізілген ішкі зерт-

теулердің нәтижесіне сүйенсек, әр 10 

қызметкердің 8-і несие алған. Қарызға 

сатып алынған дүниенің бірі – авто-

көлік. «KAZ Minerals Инфо» серіктесі, 

Халықаралық экономикалық сауатты-

лық орталығының тәуелсіз сарапшысы 

Салтанат Жарасова автонесиенің ерек-

шеліктері жайлы әңгімелеп берді.

Юлия КУЗНЕЦОВА, Алматы


10

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (4) сәуір 2015



Шығыс жаңалықтары

Құлақтандыру

 



Тұрмыс жайлы болуы тиіс



 



Жұмысшылар – 



кәсіпорын жүрегі

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек етуіне және жайлы өмір сүруіне жағдай жасау жұмыс 

берушінің басты міндеттерінің бірі. «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарында тұрмыс-

тық бөлмелердің жай-күйі тұрақты түрде қадағаланып отырады.



Ермек ДүйскЕнЕв, ШҚО

- Біздің басты күшіміз – біздің жұмыс-

шыларымыз, – дейді «Шығыстүстімет» 

ЖШС күрделі құрылыс жөніндегі дирек-

торы Дмитрий Непрокин. – Жұмысшылар 

компанияның дамуына үлес қосып келеді. 

Адами капитал қаншалықты жоғары болса 

және қызметкерлерімізге қаншалықты 

қолайлы жағдай жасасақ олардың кәсіпорын 

игілігі үшін соншалықты аянбай тер төгетінін 

жақсы түсінеміз. «Шығыстүстімет» ЖШС 

Өткен жылы Ертіс шахтасы қызметкерлеріне арналған жаңа Әкімшілік-тұрмыс-

тық кешен құрылысы басталған болатын. Төменде ШТМ-да атқарылған шаруалар 

туралы баяндаймыз:

Түркияға жолдама

ойнатылады

«Шығыстүстімет» ЖШС 

кәсіподағы байқау жариялады

Байқау бір кәсіпорында жұмыс 

істейтін отбасыларды қолдауға және 

ынталандыруға бағытталған. Сондық-

тан оған тек ерлі-зайыпты жұптар 

ғана қатыса алады. Олардың екеуі бір 

кәсіпорында кем дегенде төрт жыл 

жұмыс істеген болуға тиіс. Сонымен 

қатар, «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы-

ның мүшесі болуы шарт.



Ермек ДүйскЕнЕв, ШҚО

- Бұл жобаны жоспарлап жүр-

генімізге біраз болды. Бірақ, оны 

өткізу үшін алдымен аяғымыздан 

нық тұрып алуымыз керек еді, – дейді 

«КәсіпҚазақмыстың» Шығыс Қазақстан 

филиалының төрағасы Антон Плотни-

ков. – Қазір біз қызметкерлеріміздің 

отандық шипажайларда ғана емес, 

шетелдік курорттарда демалып, емде-

луіне мүмкіндік жасай аламыз. Алдағы 

уақытта байқауды жыл сайын өткізбек 

ойымыз бар.

Жақында Түркияға үш жолдама 

ойнатылды. Қазір Балғабаевтар (Орлов 

ӨК), Тронтовтар (Ертіс ӨК) және 

Райымғожиндер (Артемьев ӨК) отбасы 

шетелге аттануға қамданып жатыр. 

Олар он күн теңіз жағасында 

демалады. Отбасылардың жүріп-тұру 

шығынын, тамағы мен медициналық 

сақтандыру құжаттарын кәсіподақ 

төлеп берді. Кәсіподақ өкілдері атап 

өткеніндей, үміткерлерді іріктеу 

барысында кәсіпорындардың кадрлар 

бөлімі берген мәліметтер сараланған.  

Ақыр соңында жеңімпаздарды кәсіпо-

дақ қызметкерлерінен құралған байқау 

комиссиясы анықтаған. 

Бұл байқаудың талаптарына сай 

келмейтін қызметкерлерге құлаққа-

ғыс: «Шығыстүстімет» ЖШС қызмет-

керлеріне жыл бойы жолдамалар бөліп 

отырады. Кәсіподақ мүшелерінің 

Қазақстандағы «Сарыағаш», «Жұмбақ-

тас», «Алтын Қарғалы», «Мойылды» 

және «Арман» сынды емдеу-сауықтыру 

мекемелерінде демалып, емделуіне 

толық мүмкіндігі бар.

басшылары ИТҚ мен жұмысшыларға қолай-

лы тұрмыстық жағдай туғызуға ерекше мән 

береді. Әрине, әзірге тұрмысымыз мұнтаздай 

деп айта алмаймыз. Дегенмен, бұл бағытта 

атқарылып жатқан жұмыстарды жіті қадаға-

лап отырамыз, – дейді Дмитрий Непрокин.

ШТМ басшылары оңтайландыру кезеңін-

де тұрмыстық жағдайды жақсартудың оңайға 

соқпайтынын біледі. Алайда, бұл міндет қай 

кезде де маңызын жоймақ емес.

Ертіс 

өндірістік кешені

ЦХЛ ғимаратының желдеткіш жүйесін күрделі жөндеу және шатырын ағымдағы жөндеу,  

Белоусовка ауылы

Ертіс шахтасындағы асхана шатырын жөндеу

Белоусов кен байыту фабрикасының ӘТК желдету жүйесін ағымдағы жөндеу

Белоусов кен байыту фабрикасындағы дәрігерлік қосынды ағымдағы жөндеу

Белоусов кен байыту фабрикасының ӘТК себезгі бөлмесі мен киім ауыстыратын бөлмесін 

жөндеу


Артемьев

өндірістік кешені

Технологиялық транспорт цехының ТК ғимаратының 4 қабаты мен шатырын ағымдағы жөндеу

ЦХЛ ғимаратының желдету жүйесін күрделі жөндеу және ғимарат шатырын ағымдағы жөндеу, 

Усть-Талов ауылы

Николаев кен-байыту фабрикасының ИТҚ арналған себезгі бөлмесін ағымдағы жөндеу

Николаев кен байыту фабрикасы ӘТК әйелдерге арналған себезгі бөлмесін ағымдағы жөндеуден 

өткізу

Николаев кен байыту фабрикасы ӘТК ер адамдарға арналған себезгі бөлмесін ағымдағы 



жөндеуден өткізу 

Николаев кен байыту фабрикасының дәрігерлік қосынын ағымдағы жөндеу

Юбилейный-Снегирихин шахтасының ӘТК ғимаратын ағымдағы жөндеу

Юбилейный-Снегирихин кенішіндегі ӘТК ерлерге арналған себезгі бөлмесін ағымдағы жөндеу

Технологиялық транспорт цехының тұрмыстық комбинаты ғимаратында орналасқан орталық 

дәрігерлік қосынды ағымдағы жөндеу жұмыстары

Технологиялық транспорт цехының тұрмыстық комбинаты ғимаратында орналасқан орталық 

дәрігерлік қосынды ағымдағы жөндеу жұмыстары

Артемьев кенішіндегі дәрігерлік қосынды ағымдағы жөндеу жұмыстары

Юбилейный-Снегирихин кенішінің дәрігерлік қосынын ағымдағы жөндеу жұмыстары



Орлов 

өндірістік кешені

Орлов өндірістік кешеніндегі дәрігерлік қосынды ағымдағы жөндеу жұмыстары



Жөндеуге дейін

Жөндеуге дейін

Жөндеуден кейін

Жөндеуден кейін

Белоусов КБФ-ның жуынатын және киінетін бөлмелері

11

№ 3 (4) сәуір 2015

      

KAZ Minerals Инфо



Экология

Іске сәт

 



Сауатсыздықты жою



 

Жоба Экологиялық қауіпсіздік бас-



қармасы қызметкерлерінің мұрындық 

болуымен іске асырылуда. Ол үшін 

кеңселер мен өндірістік нысандарда 

«Макулатура» деген жазуы бар контей-

нерлер қойылған. Ұйымдастырушылар 

еңбек персоналы аталған жобаға 

белсенді түрде атсалысады деп үмітте-

неді. Өйткені, 100 келі макулатура бір 

ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ермек ДүйСкЕнЕв, ШҚО

Компаниядағы эколог мамандардың 

есебінше, ай сайын Шығыстүстімет кәсі-

порны екі мың килограмнан астам қағаз 

сатып алады. Бір жылда бұл көрсеткіш 25 

мың келіге жетіп жығылады екен. Пай-

даланылған қағаздың 30 пайызға жуығы 

тасталады. Қалғаны құжат түрінде сақта-

лады. Яғни, жыл сайын 7,5 мың кг қағаз 

қоқысқа түседі деген сөз. Бұған әртүрлі 

қораптар, орамдар мен изоляциялық 

материалдарды және баспа өнімдерін 

қосып отырған жоқпыз.

- «Макулатура» жобасы іске қосылды. 

Шараның түпкілікті мақсаты мен пай-

дасы туралы жұмысшыларға айтылды. 

Жақын арада макулатураны өңдейтін 

мердігермен келісім бекітеміз, – дейді 

«Шығыстүстімет» ЖШС Экологиялық 

қауіпсіздік басқармасы бастығы Саян 

Қасымов.

Оның айтуынша, макулатура да 

жоғарғы, орташа және төменгі сұрыпқа 

бөлінеді. Жоба шеңберінде түрлі топқа 

жататын қағаздың бәрін жинап, өңдеу 

жоспарланып отыр.

Бозшакөл кенішінің экологтары Төртқұ-

дық елді мекеніндегі орта мектеп оқушы-

ларымен кездесті. Мамандар оқушыларға 

қоршаған ортаның ахуалын жақсарту 

жолдары жайлы әңгімелеп берді. 

Әйгерім ТүкІпОва

Бүлдіршіндердің қоқысты дұрыс 

сұрыптаса экологияны қорғау ісіне 

өздерінің де үлес қоса алатынына көзі 

жетті. Кездесуде оқушыларға осы тақы-

рыпта қызықты мультфильмдер де көр-

сетілді. Онда өте лас жерде тіршілік еткен 

сиырдың сүт орнына мұнай бере баста-

ғаны баяндалады. Ал, жоғарғы сынып 

оқушылары Еуропа елдерінде қоқысты 

сұрыптау тәсілдері жайында деректі 

фильмді тамашалады. 

Экологтар бұл тәсіл оқушылардың 

қоқысты түрлі контейнерлерге сұрыптап 

тастау арқылы қоршаған ортаны қорғау-

ға болатынын ұғынуға көмектеседі деп 

сенеді.

«Макулатура» 

жобасы

«Шығыстүстімет» ЖШС 

кәсіпорындарында қағаз  

бен картон жинау басталды

Макулатура – талшықты шикізат 

ретінде пайдалануға жарамды қағаз бен 

картон қалдықтары. Өңделген шикізат 

жазу немесе баспахана қағазы, орауға 

арналған картон, шатыр, изоляция және 

басқа да құрылыс материалдары ретінде 

пайдаланылады.

Макулатураны талшықтары қысқарып, 

жарамсыз болып қалғанға дейін 5-7 рет 

өңдеуге болады.

Анықтамалық ақпарат



Сүт орнына мұнай

12

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (4) сәуір 2015



12

Көкейтесті



Техника қауіпсіздігі

 



Аурудың алдын алу



 

«Шығыстүстімет» ЖШС-де еңбекті 



қорғау саласы бойынша 30 қо-

ғамдық инспектор жұмыс істейді. 

Олардың барлығы да өнеркәсіп 

қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 

саласында үлкен беделге ие. Тәжі-

рибеге қарағанда, инспекторлар 

атқарып жатқан жұмыстың нәти-

жесі де тәп-тәуір: әріптестері мен 

кәсіпорын басшылары арасында 

олардың пікірімен санаспайтын жан 

жоқ.

Ермек ДүйскЕнЕв, ШҚО

- Біз тексеру жүргіземіз. Табылған 

кемшіліктер мен заң бұзушылықтар-

ды жою жөнінде ұсыныс жасаймыз, 

өндірістегі бақытсыз жағдайлардың 

алдын алу жөніндегі комиссиялар-

дың жұмысына қатысамыз, – дейді 

«КәсіпҚазақмыстың» Шығыс Қа-

зақстан филиалының Бас қоғамдық 

инспекторы Анатолий Назаров. – 

Біздің жұмысымызға барлық деңгей-

дегі басшылар түсіністікпен қарайды 

және мүмкіндігінше көмектесуге 

тырысады.

Қоғамдық инспекторлар сырттан 

келген «көлденең көк атты» емес. 

Олардың бәрі де кәсіпорында жұмыс 

істейтін адамдар. Яғни, инспекторлар 

еңбек қорғау саласында тұрақты-

лықты қамтамасыз етуге мүдделі 

деген сөз. Оның үстіне, кәсіподақтар 

инспекторларға тоқсан сайын сыйақы 

беріп отырады.

еңбек қауіпсіздігін 

қамтамасыз етеді

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық 

инспектор – жұмысшылардың қауіпсіздігі 

және еңбекті қорғау саласын бақылайтын 

арнайы өкіл. Инспекторды кәсіподақ 

тағайындайды немесе ол жұмысшылар-

дың жалпы жиыны арқылы сайланады. 

Қоғамдық инспекторлардың қызметі ҚР 

«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы» 

заңы арқылы реттеледі.

Анықтамалық ақпарат

2014 жылы «Шығыстүстімет» ЖШС 

жұмысшылары арасында 48 адамның 

кәсіби ауруға шалдыққаны анықталды.  

Бойынан кәсіби патология 

табылғандардың орташа жасы 50-де, 

олардың зиянды жағдайда жұмыс 

істегеніне 20 жылдан асқан.

Кәсіби сырқаттарға көбіне жера-

сты жұмысшылары шалдығады. Олар: 

жерастында өздігінен жүретін көліктердің 

жүргізушілері, шахта қазушылар, 

жөндеуші-слесарь мамандар, қопару ма-

мандары мен тау-кен жұмысшылары.

Негізгі диагноздар: созылмалы брон-

хит, силикоз, діріл ауруы, құлақ мүкісі 

және созылмалы радикулопатия.

Цифрлар мен фактілер  



Қоғамдық  

инспекторлар:

Бронхит және силикоз

кәсіби дерттер көшін бастап тұрған аурулар

Медициналық тексеру сапасы төмен болса 

кәсіби сырқаттарды бастапқы сатысында 

байқау мүмкін болмайды. Ондайда әбден 

меңдеп алған сырқат адамның жұмыс 

істеу қабілетін жоғалтуына әкеп соқтыра-

ды. Кәсіпорындағы кәсіби сырқаттарды 

емдейтін мамандардың айтуынша, медици-

налық мекемелерге қойылатын талаптарды 

күшейту қажет. «Шығыстүстімет» ЖШС 

Өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

қызметі өкілдерінің де дәрігерлерге өкпесі 

қазандай.

Ермек ДүйскЕнЕв, ШҚО

Тау-кен өнеркәсібі қызметкерлері 

көбіне қолайсыз жағдайларда жұмыс 

істейді. Ауа райының  құбылуы, ыл-

ғал, шаң, зиянды бу, жоғары деңгейдегі 

діріл мен шу сынды факторлар кәсіби 

сырқаттардың пайда болуына және ас-

қынуына себеп.  

-  Біздің жұмысымыз кәсіби сырқат-

тар мен дерттерді анықтауға ғана 

емес, олардың себептерін де анықтау-

ға бағытталған, - дейді «Шығыстүсті-

мет» ЖШС Өнеркәсіп қауіпсіздігі жә-

не еңбекті қорғау қызметінің проф-

патолог-маманы Ринат Нұриманов. 

– Негізінен кәсіби патологиялар 

өндірістік қызметпен тікелей байла-

нысты. Дегенмен, жағдайды көбіне 

жұмысшылардың өздері шиелендіріп 

жібереді. Шахтадан бу шығатынын бі-

ле тұра елдің бәрі сол жерде шылым 

шегеді. Оның үстіне, жұмысшылар-

дың барлығы бірдей салауатты өмір 

салтын ұстана бермейді. 

Ринат Нұримановтың айтуынша, 

кейде қызметкерлердің сырқатын жа-

сыратын кездері де болады. Сондық-

тан оларды медициналық тексеруден 

өткізіп, ауруды дер кезінде анықтай 

алмаған дәрігерлік мекеме қызмет-

керлеріне де қойылатын сұрақтар аз 

емес. 


- Белгілі бір сырқатқа бейімдігі 

анықталған адамды жұмыстың жеңіл-

деу түріне ауыстырып, аурудың белең 

алуына мүмкіндік бермеуге болар еді», 

– дейді маман. 


13

№ 3 (4) сәуір 2015

      

KAZ Minerals Инфо



13

Естімеген елде көп



Ол жақта қалай екен?

 



«Болашақтың кеніші»

Өндірістік процестер қашықтан 

бақыланады

Роботтар мен автоматтандырылған қондыр-

ғылар тау-кен саласы үшін жаңалық емес. 

Бүгінгі таңда олардың алғашқы үлгілері Rio 

Tinto компаниясының өндірістік алаңдарын-

да сынақтан өткізіліп жатыр. «West Angelas» 

кенішінде автоматтандырылған бұрғылау-

шы самосвалдар жұмыс істейді.

Айя НұрпейісовА, Лондон

Бұрғылаушы-роботтар қауіпті жұмыстар 

аумағынан қашық жерде орналасқан бақылау 

қосынындағы операторлардың бұйрығы-

мен жұмыс істейді. 

Оператордың міндеті 

қопару жұмыстарын 

жүргізетін алаңды 

таңдау. Қалған жұ-

мысты машинаның өзі 

жасайды: жарылғыш 

затты орнатады, учаске бойынша мәліметтер 

жинап, бас компьютерге жібереді. Компьютер 

алаңда жүріп жатқан жұмыстарды жаңа мағлұ-

маттармен толықтырып отырады. Содан соң, 

бұрғылаушы-роботтар бұрғыланатын жерді 

нақты көрсетіп, тік тоннельдерді дәлме-дәл 

бұрғылап береді. 

Сондай-ақ, Rio Tinto бұл кеніште автомат-

тандырылған самосвалдарды кеңінен қолда-

нады. Бұл машиналар борткомпьютерлермен, 

радарлармен, лазерлермен, антенналармен 

және GPS жүйелерімен жабдықталған. Олар 

өздігінен жанармай толтыра алады, көше 

қиылыстары мен жолдарда бағдарын анық-

тай біледі, кеніштегі басқа қондырғылармен 

байланыс орнатады. Бірақ ол да оператордың 

басқаруымен жұмыс істейді.

Болашақта тау-кен компаниялары кеніш-

тер мен фабрикалардағы өндірісті толығымен 

автоматтандыруды көздеп отыр. Қазірдің 

өзінде Rio Tinto «Болашақтың кеніші» атты 

жобаны әзірлеп жатыр. Операторлардың 

бақылауымен жұмыс істейтін роботтар 

шваталарды өздігінен бұрғылап, қопару 

жұмыстарын жүргізе алады. Кен өндіріп, 

оны сұрыптап, кенді 

қалдықтардан ажырата 

біледі. Автоматтанды-

рылған самосвалдар 

кенді өңдеу кәсіпо-

рындарына жеткізіп 

береді.  

Алайда, автоматтандырылған қондырғы-

лар болашақта толығымен адамның орнын 

басады деуге болмайды. BAEconomics зерттеу 

орталығы мамандарының пікірінше, керісін-

ше операторларға деген сұраныс арта түспек. 

Олар машиналар мен роботтардың іс-қимы-

лын қадағалап отырады. «Ақылды» техникаға 

тиісті тапсырмалар беріп, жұмыс нәтижесін 

қорыту да адамның еншісіндегі шаруа. Қалай 

дегенмен, машиналардың адам сияқты ойлай 

алмайтыны даусыз.

Herrenknecht автоматтандырылған бұрғылау 

қондырғысын құрастыру процесі 

West Angelas кенішіндегі  

автоматтандырылған жүк көліктері 

Rio Tinto бақылау пункті 

Бозшакөлдегі алғашқы үгіту  

корпусының бақылау бекеті

Бозшакөлдегі конвейер мен кен  

байыту фабрикасы

Бозшакөл КБК-да кенді фабрикаға 

тасымалдайтын автоматтандырылған 

конвейер мен кен өңдейтін арнайы тех-

ника орнатылып жатыр. Бұл түрлі еңбек 

процестерін қашықтықтан бақылауға, 

өндіріс алаңдарындағы қауіпті жұмыстарға 

адамдардың араласуын мейлінше төмендетуге 

мүмкіндік береді.

ОРАЙЫ КЕЛГЕНДЕ



14

14

Сіз білесіз бе?



Сала көшбасшылары 

2014 жылы KAZ Minerals Тобы 84 мың тонна катодты мыс өндірді. 2018 жылға қарай 

даму жобалары іске қосылғаннан кейін компания мыс концентратын 300 мың тоннаға 

дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл оның әлемдегі мыс өндіретін ірі 15 компания 

қатарына енуіне мүмкіндік береді. Ал, мыс саласындағы бүгінгі көшбасшылар кімдер? 

Қандай компаниялар мен кеніштерді үздік деуге болады? Бұл жайында «Сіз білесіз 

бе?» айдарынан біле аласыздар.

Кеніш

2014 жылы мың 

тонна мыс

Мемлекет

1

Escondida



1200

Чили


2

Chuquicamata

484

Чили


3

Collahuasi

460

Чили


4

El Teniente

422

Чили


5

Los Bronces

408

Чили


6

Los Pelambres

404

Чили


7

Morenci


383

АҚШ


8

Antamina


342

Перу


9

Norilsk


322

Ресей


10 PT Freeport Indonesia

315


Индонезия

Әлемдегі ең ірі мыс кеніштері

Escondida кеніші Чилидің солтүстігінде Атакама шөлінде 

орналасқан. Бұл кеніш Чили экономикасының негізі бо-

лып саналады.

«Чукикамата» ұғымы үндістердің тілінен алғанда «ме-

талл орны» деген мағына береді. Кеніштің ұзындығы  

4,3 км, ені 3 км, тереңдігі 850 метр. Кеніш 1915 жылдан 

бері игеріліп келеді.



Escondida

Chuquicamata

15

15

Сіз білесіз бе?



Сала көшбасшылары 

Компания

Жылына мың 

тонна мыс

1

Codelco



1862

2

Freeport-McMoRan



1478

3

BHP Billiton



1218

4

Glencore



796

5

Southern Copper 



654

6

Rio Tinto



617

7

Glencore Xstrata



569

8

Anglo American



534

9

KGHM Polska Miedz



527

10 Antofagasta

461

Мыс өндіру жағынан 

көшбасшы компаниялар 

Мемлекет

Өндірістік қуаты, 

мың тонна

 

1

Чили



5889

2

Қытай



1696

3

АҚШ



1393

4

Перу



1343

5

Конго Демократия-



лық республикасы

1127


6

Австралия

942

7

Замбия



768

8

Канада



716

9

Ресей



693

10

Мексика



530

Концентраттағы мыс өндіру сала-

сындағы көшбасшы мемлекеттер  

Бұл кеніштің атауы «лейтенант» деген мағына береді. Аңызға 

сүйенсек, оны 1800 жылы қашып жүрген испан офицері 

ашқан көрінеді. Кенішті игеру 1819 жылы басталды. 1970 

жылдары мұнда күніне 100 000  тонна кен өндірілді.

El Teniente

http://www.woodmac.com


16

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (4) сәуір 2015



Біле жүріңіздер

Байқау

 



Қауіпсіз жоба

Құрметті оқырмандар! «KAZ Minerals 

Инфо» шығармашылық қабілеті бар 

креативті қызметкерлерге арнап бай-

қау жариялайды. Сізден жаңа жобаның 

атауын ойлап табу ғана талап етіледі. 

Өндірістік жарақаттар деңгейін төмен-

дету – KAZ Minerals Тобы үшін үлкен ба-

сымдыққа ие мәселе. Қазір Топта өнеркәсіп 

қауіпсіздігін басқарудың жаңа жүйесі 

енгізіліп жатыр. Ол жұмыс қауіпсіздігі, 

есеп пен оқиғаның түпкілікті себептерін 

тексеру стандарттарына мүлдем жаңа 

қырынан қарауға, біздің барлық кәсіпо-

рындарымызды осы мәселеде бір арнаға 

тоғыстыруға мүмкіндік береді.

 Қауіпсіздік - өндірістік персоналға 

тікелей қатысы бар мәселе. Сондықтан 

біз қызметкерлерімізді жаңа қауіпсіздік 

брендін дайындауға атсалысуға шақы-

рамыз.  ҚТ саласындағы барлық баста-

малар мен өзгерістерден құлағдар етіп 

отыратын бағдарлама қалай аталуы тиіс 

деп ойлайсыз? 

Байқаудың шарттары:

1) Байқауға KAZ Minerals пен Топтың 

мердігер ұйымдарының қызметкерлері 

қатыса алады.

2) Оның атауы бір немесе екі сөзден 

тұруы тиіс және жарнамалық ұранмен 

(слоган) қосылып айтылуы мүмкін. Ол 

өндіріс қауіпсіздігінің маңыздылығын, 

Топтың жарақат жөніндегі статистика-

ны жақсартуға деген талпынысын, KAZ 

Minerals компаниясының жұмысшылар 

денсаулығы мен әл-ауқатын бірінші орынға 

қоятынын, сондай-ақ, әр қызметкердің 

өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 

қосқан үлесін паш етуі тиіс.   

3) Конкурстық жұмыстар 30-мамырға 

дейін қабылданады.

Ұсыныстарыңызды gazeta@kazminerals.

com электронды мекен-жайына жолдаңыз. 

Байқауға қатысушылар хатта: аты-жөнін, 

жұмыс орны мен ұялы телефонының 

нөмірін көрсетуге тиіс. 

Жеңімпаз құрмет пен (ең үздік атау 

жобаға беріледі) газет редациясынан ба-

ғалы сыйлық алады. 

Байқау нәтижесі газетіміздің келесі 

сандарының бірінде жарияланады. 

Құрметпен,

«KAZ Minerals Инфо»  

редакциясы және  

Өнеркәсіп қауіпсіздігі департаменті

Құрылтайшы және меншік иесі – 

KAZ Minerals PLC

2014 жылдың қарашасынан 

бастап шығады

Мерзімді баспасөз болып 

табылмайды. KAZ Minerals Тобы 

қызметкерлеріне арналған және 

шектеулі ортада ғана таратылады. 

Редакторы

Мақсұт Жапабаев

8(727) 244 03 53 (ішкі 15250)

Maksut.Zhapabaev@Kazminerals.com

Шығарушы редакторлар

Алмас Садықов 

8(727) 244 03 53 (ішкі 15227)

Almas.Sadykov@Kazminerals.com

Сандуғаш Сәрсембаева

8(727) 244 03 53 (ішкі 15230) 

Sandugash.Sarsembayeva@kazminerals.com

Редакцияның мекен-жайы: 

Алматы қ., 050020

Ж. Омарова көшесі 8-үй

8(727) 244 03 53 (ішкі 15230)



Авторлар 

Әйгерім Түкіпова  

Aigerim.Tukupova@Kazminerals.com



Юлия Кузнецова 

Yuliya.Kuznetsova@Kazminerals.com

Өскемен

Ермек Дүйскенев

8 705 779 73 55



 

Yermek.Dyuzkenev@Kazminerals.com

Бiшкек

Бақай Самыйбек

Bakai.Samyibek@kazakhmys.kg

«VIVA PROtechnology» 

баспаханасында басылды

Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 

Фурманов к.қ-сы. 65/107, 

тел. 8 (727) 267-05-13.

Тиражы – 5000 дана. 

Тапсырыс №

 ?????????






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал