Есеп ■ Құлақтандыру



жүктеу 108.56 Kb.

Дата11.03.2017
өлшемі108.56 Kb.

2

KAZ Minerals Инфо

№ 5 (6) қыркүйек 2015

Ресми бөлім



Есеп

 



Құлақтандыру



 

Бірінші жарты жылдықта компания мырыш пен күміс сынды ілеспе өнімдерді 



алу  жағынан  тамаша  нәтижелерге  қол  жеткізді.  Барлығы 50 мың  тонна  мы-

рыш  концентраты  алынды.  Артемьев  кеніші  қойнауындағы  кен  құрамындағы 

мыс  мөлшері  болжанған деңгейден  әлдеқайда  жоғары  болып  шықты.  Сонымен 

қатар, биылғы жылдың бірінші жартысында Николаев кен-байыту фабрикасын-

да да  құрамында  мырышы  мол  кен  өңделді.  Осы  уақыт  ішінде 1,66 млн  унция 

күміс түйіршіктері өндірілді. Өткен уақыт аралығына тиесілі жағымды фактор-

лар мұнымен шектелмейді. Мәселен, Артемьев және Ертіс кеніштерінен алынған 

кен құрамындағы күміс мөлшері болжанғаннан әлдеқайда артық болып шықты; 

металл  алу  коэффициенті  артты  және  аяқталмаған  өндіріс  ошағынан  қосымша 

шикізат  алынды.  Өндірілген  мырыш  концентраты  мен  күміс  көлемі  Топтың 

жылдың жоспарды тиісінше орындап, 90-95 мың тонна мырыш пен 2,2-2,5 млн 

унция күміс аламыз деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

2015  жылдың  бастапқы  алты  айында 16,1 мың  унция  алтын  құймасы 

өндірілді. Топ қаңтар мен маусым айлары аралығында жалпы 20 мың унция ал-

тын концентратын алды. Алайда, жинақталған концентраттан алынатын ақырғы 

өнім жылдың екінші жартысында ғана өндірілмек. Қазіргі таңда Бозымшақ КБК 

байыту  фабрикасында  технологиялық  процестерді  оңтайландыру  жұмыстары 

жүріп  жатыр.  Бұл  процесс  жыл  соңына  таман  аяқталады. KAZ Minerals Тобы 

өндіретін алтын көлемі туралы болжамдар қайта қаралды. Болжам бойынша, Топ 

құрамындағы кәсіпорындар 34-38 мың унция алтын алуға тиіс (жыл басында 42-

47 мың унция делінген болатын).

Даму  жобаларының  бірі  болып  табылатын  Бозымшақ  кенішінде  мамыр 

айының соңынан бері негізгі карьерді игеруге дайындық жұмыстары жүріп жа-

тыр. Мұнда 2015 жылдың үшінші тоқсанында сульфидті кен өндіруді бастау жо-

спарланып отыр.

Ал,  Ақтоғайда  тотықтандырылған  кен  өндіру  басталды.  Алынған  өнім 

шоғырландыра сілтісіздендіру, сұйықтық экстракциясы мен электролиз әдісімен 

өңделеді.  Мамыр  айының  соңында  шоғырландыра  сілтісіздендіру  панеліне 251 

мың тонна кен тиелді. Өнім құрамындағы мыстың мөлшері 0,8 мың тонна.

Топ  құрамындағы  барлық  құрылымдық  бөлімшелердің  қызметкерлері  Олег 

Новачукқа  компания  қызметіне: KAZ Minerals Тобындағы  еңбек  ету  жағдайы, 

компаниядағы экономикалық ахуал мен оның болашағы туралы болжамдар, жұ-

мыс берушінің еңбек персоналына қатысты жоспарлары туралы сұрақтарын жол-

дай алады. Тікелей желі кезінде өзіңізді мазалаған сауалды жолдау үшін арнайы 

хабар тарату нүктелеріне бару қажет. Бұл туралы нақты мәліметті кәсіпорынның 

Еңбек бөлімінен білуге болады. Сонымен қатар, кәсіпорын есіктеріне арнайы та-

нымдық белгілер орнатылмақ. 

Сұрақтарыңызды бүгіннен бастап қоя берсеңіздер болады! Ол үшін кез-кел-

ген телефоннан 

8-800-080-1767

 тегін нөміріне немесе ішкі телефон желісі арқы-

лы 

11767

 қысқа нөміріне хабарласыңыз.   

Сондай-ақ, сауалдарыңызды 

online@kazminerals.com

 электронды мекенжа-

йына жолдауға болады. Ұялы телефонға түсірілген бейне-сауалдарды да осы ме-

кенжайға жіберіңіздер. Ең маңызды сұрақтар тікелей желі барысында оқылады.

Компанияның топ-менеджментіне қойылатын сұрақтардың көп болары дау-

сыз. Сондықтан тікелей желі кезінде оқып үлгермеген сұрақтардың жауабын кор-

поративтік басылымдар мен тележаңалықтардан, сондай-ақ, хабарландыру тақ-

таларынан таба аласыздар.

2015 жылдың алғашқы алты айының нәтижесі бойынша, KAZ Minerals Тобы 37 

мың тонна катодты мыс өндірді. Өндірістің қазіргі қарқыны жыл соңына қарай 

жоспарланған 80-85 мың тонна мыс алуға мүмкіндік бермек. Аталған уақыт ара-

лығында 43 мың тонна мыс концентраты алынды. Бастапқы алты айда Шығыс 

Қазақстан облысындағы кеніштер мен Бозымшақ карьерінде 2,23 млн тонна кен 

өндірілді. Өнім құрамындағы мыстың орташа мөлшері – 2,24%.



Жылдың бірінші жартысы. 

Өндірістік нәтижелер

Қыркүйектің 10-ы күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін 

KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы компания 

жұмысшыларымен тікелей желі арқылы тілдеседі

Құрметті 

әріптестер!

Сіздермен 

KAZ Minerals То-

бының корпора-

тивтік газетінің 

кезекті санында 

қауышып отыр-

ғаныма қуаныш-

тымын. Топ өткен 

жарты жылдың 

нәтижесін қорыт-

ты және тұрақты өндірістік нәтижелерге қол 

жеткізді. Бұл – талмай тер төккен ұжым еңбегінің 

нәтижесі. Біз биылғы жылға белгіленген катод-

ты мыс өндірісінің жоспарын орындауға бел 

буып отырмыз. Сондай-ақ, мырыш пен күміс 

өндірісін жылдық жоспардың жоғарғы шегіне 

жеткізбекбіз. 

KAZ Minerals аяғынан тік тұрып, қадамын нық 

баса бастаған берік компания.  Сарапшылардың 

болжамынша, 2017-2018 жылдары мысқа деген 

сұраныс қайтадан ұсыныстан басым түспек. Ол 

уақытқа дейін KAZ Minerals жылына 300 мың 

тоннаға жуық мыс өндіре алатын болады.

Топтың экономикалық жағдайы әлемдік 

металдар нарығындағы ахуалмен тығыз байла-

нысты және әлі күнге дейін мыс бағасы тұрақ-

танған жоқ. Қалыптасқан жағдайға байланысты 

біз өзіндік құн мен негізгі шығындарды қатаң 

бақылауда ұстап отырмыз. Ұйымдастырушы-

лық деңгейдің бәрінде шығынды қысқартуға 

мүмкіндік бар. Сондықтан сіздерден қатаңа 

үнемдеу саясатын ұстануды сұраймын.

Біз Бозшакөл мен Ақтоғайда тау-кен жұмыс-

тарына дайындықты бастап кеттік. Яғни,  өң-

деуші қуаттарды таяу уақыттары іске қосамыз 

деуге толық негіз бар.  

14 тамыз күні Бозшакөлде орын алған өрт 

тау-кен байыту фабрикасының кейбір конст-

рукциялары мен жабдықтарына нұқсан келтірді. 

Алайда, жөндеу жұмыстарына кететін шығын-

ды сақтандыру компаниялары өтейді және бұл 

жәйт жобаның бюджетіне еш әсерін тигізбейді. 

Жұмыс қарқынын өсіру үшін Бозшакөлге Ақ-

тоғайдағы сульфидті кен өңдеу жөніндегі кен 

байыту фабрикасына жеткізілген жабдықтар 

жөнелтілді. Өрт салдарынан Бозшакөл фабри-

касының қолданысқа беру уақыты 2016 жылдың 

бірінші тоқсанына шегерілуі мүмкін.  

Өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын орындауға 

бұрынғыдай басымдық беріледі. Бақытсыз жағ-

дайдың қай-қайсысының да алдын алуға бола-

ды. Бұл өмірі өндіріспен байланысты адамдар 

үшін, әсіресе, жергілікті жерлердегі басшылар 

үшін қағидаға айналуға тиіс. 

Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді 

Шахтерлар мен Кен байытушылар күнімен 

құттықтаймын! Әрқашан өз ісінің шебері бо-

лып қала беріңіздер! Жаңа өндірістік жеңістер 

тілеймін! Жақындарыңыз бен туыстарыңыз 

аман болсын! Табыс мол болсын!

Құрметпен, Олег НОВАЧУК 

KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы


3

 

4

Фоторепортаж

Бозымшақ кенішін игеру 2007 жылы 

басталды. Бүгінде КБК тау-кен сала-

сындағы алдыңғы қатарлы техноло-

гияларды пайдаланатын заманауи 

кәсіпорын қатарына енеді.

Кешеннің ашылу салтанатына Қырғыз 

Республикасының Премьер-министрі Темір 

Сариев, KAZ Minerals Тобының Басқарма 

төрағасы Олег Новачук, «Қазақмыс Голд 

Қырғызстан» компаниясының Бас директо-

ры Ілияс Төлекеев, сондай-ақ, мемлекеттік 

органдар мен жергілікті қоғамдастық 

өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде Қырғыз Республикасы-

ның Премьер-министрі Темір Сариев кәсі-

порынның ел экономикасы үшін маңызды-

лығын атап өтті. «Соңғы жиырма жылдан 

астам уақыт ішінде Қырғызстанда санаулы 

өндіріс ошағы іске қосылды. Соның бірі 

осы «Бозымшақ» КБК.

Комбинат өндірістік қуатына жетіп, күшіне 

мінгеннен кейін республика бюджетіне тү-

сетін салық көлемі де артады. Мыңға жуық 

адам жұмыспен қамтылады. Оған қоса, 

компания аймақта бірқатар әлеуметтік 

жобаларды іске асырып, жергілікті халыққа 

барынша қол ұшын беріп жатыр», – деді 

Темір Сариев.

KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы 

Олег Новачуктың айтуынша, Бозымшақта 

жылына 6 мың тонна катодты мыс пен 28 

мың унцияға жуық алтын өндіреді деген 

болжам жасалып отыр. Ал, КБК кем дегенде 

18 жыл жұмыс істейді.



«Бозымшақ» КБК   

2015 жылдың бірінші тамызында Қырғыз-

станда KAZ Minerals Тобының шетелдегі 

тұңғыш жобасы – «Бозымшақ» кен-байыту 

кешенін іске қосу рәсімі өтті.

Бақай САМЫЙБЕК,  

фотосуреттер авторы  

Арзымат ӘБДІКЕРІМОВ


5

Фоторепортаж

«Қазақмыс Голд Қырғызстан» компаниясы-

ның Бас директоры Ілияс Төлекеев премь-

ер-министр Т.Сариевке Қырғыз үкіметінің 

жобаны іске асыруға жасаған қолдауы үшін 

алғыс білдірді.

«Біз жұмыс барысында жергілікті халық-

пен және мемлекеттік билік органдарымен 

конструктивті байланыс орната білдік. Біздің 

қызметіміздің арқасында ауылдарда тірлік 

жандана бастады. Біз ел экономикасын 

дамытуға үлес қосқанымызды мақтан тұта-

мыз», – деп қосты І.Төлекеев.

Салтанатты шара барысында дәстүрлі қызыл 

лентаны кесіп, кен-байыту кешенін іске 

қосу құрметі Қырғызстан премьеріне, KAZ 

Minerals Тобының Басқарма төрағасы мен 

«Қазақмыс Голд Қырғызстан» компаниясы-

ның директорына бұйырды.

Содан соң қонақтар өндірістік нысандар-

ды аралап, КБК технологиялық процеспен 

және компания қызметкерлерінің жұмыс 

істеуіне қолайлын заманауи талаптармен 

танысты.

Шара барысында құрметті қонақтар гүл-

зарына көшет егілді. Аллеяның алғашқы 

ағашын Темір Сариев, Олег Новачук пен 

Ілияс Төлекеев отырғызды. 

Шара соңында Қырғызстан премьері 

құрметті қонақтар кітабына қолтаңба 

қалдырып, компанияға табыстар тіледі: 

«Бозымшақ» комбинатының ашылуымен 

құттықтаймын. Өндірісте жоғары нәти-

желерге жете беріңіздер», – деп жазды 

Т.Сариев.



   іске қосылды

8

KAZ Minerals Инфо

№ 5 (6) қыркүйек 2015

- Б


ақыт Сұлтанұлы, сіз 

өндірістік тәжірибесі мол 

мамансыз. Соңғы жылдары 

фабрика, кеніш, өндірістік кешеннің 

директоры болып қызмет еттіңіз. Қазір 

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің өндірістік 

бөліміне жетекшілік етесіз. Менің 

білуімше, сіз теңбіл доптың шебері 

емессіз. Соған қарамастан футболды 

таңдауыңызға не себеп болды?

- Иә, мен өмірімде футбол ойнаған адам 

емеспін. Жас күнімде хоккей матчтарын 

көретінмін. Ол кезде аты-шулы Харламов-

Петров-Михайлов үштігінің ойындарын 

тамашаламайтын адам жоқ еді ғой. 80-ші 

жылдардың басында Лужники стадионын-

да өткен кезекті матчты көзбен көріп, бір 

сергіп қайтқаным бар. 

Жалпы, мен өзім Жезқазғанда, құрылыс 

училищесінде оқып жүрген кезден бастап 

бокспен шұғылдандым. 1984-1986 жылдары 

Сұхбат

Тікелей тілдесу

 

әскер қатарында, әуе-десант әскері қата-



рында қызмет етіп, спорт шебері атандым. 

Әскерден оралғаннан кейін оқып, кейін 

«Қазақмысқа» жұмысқа орналастым. Қон-

дырғы жөндейтін слесарьдан басшылық 

қызметке дейін көтерілдім.

2007 жылы Жоғарғы Березов ауылына 

жұмысқа шақырды. Негізгі қызметіме қоса 

жастарды ұйымдастыру ісіне, тәрбиеге 

көңіл бөлу қажет болды. Ауылда «екі қолға 

бір күрек таппай» жүрген жастар көп қой. 

Содан денсаулыққа қатысты проблемалар 

туындайды, жастар зиянды әдеттерге бой 

алдырады. Мұнымен бірдеңе істеу қажет 

болды.


- Өзіңіздің спортқа деген құмарлы-

ғыңызды жұмысшы жастарды ынталан-

дыру құралы ретінде пайдалануға бел 

будыңыз ғой?

- Иә, жергілікті училище директоры 

спорт залын берді. Қыста сол жерде түрлі 

спорт түрлеміне айналыстық. Әрине, әуес-

қойлық деңгейде. 2012 жылдың 15-ақпа-

нында, яғни, Кеңес әскерінің Ауғаныстан 

аумағынан шығарылған күні әскерде бірге 

қызмет еткен ауған ардагерлері келді. 

Олар түрлі компаниялар мен ұйымдардан 

шыққан командалар арасында футбол 

жарысын өткізу туралы ұсыныс жасады. 

Байқап қарасам жігіттер тым жақсы ойнай-

ды екен. Неге қалада ойнамайсыңдар деген 

сұрағыма олар «таныс-тамыр керек, жарна 

төлеу қажет» деп жауап берді. Мен жас 

спортшыларға қолдау көрсетуге бел будым. 



Бақыт Уахитов:

«Сау күніңде жүгірмесең, ауруғанда жүгі-

руге тура келеді». Гораций айтты делінетін 

осы бір қанатты сөз қай қоғамда да, 

соның ішінде біздің ұжым арасында да 

өзектілігін жойған емес. Бүгінгі әңгі-

меміздің кейіпкері ШТМ ұжымы болмақ. 

Соңғы жылдары спорт ұжымдағы көптеген 

қызметкерлер үшін күнделікті өмір салты-

на айналғаны рас. ШТМ футбол құрамасы, 

оның табыстары мен проблемалары жай-

лы оның негізін қалаған, «Шығыстүстімет» 

ЖШС өндірістік бөлімі жетекшісі Бақыт 

Уахитов әңгімелеп береді.

Шығыс, Ақтоғай, Бозшакөл, 

Қырғыз құрамасы сынды 

командалар қалыптасса 

тамаша болар еді

Уахитов Бақыт Сұлтанұлы. Қараған-

ды облысының Қарсақпай ауылында 

дүниеге келген.

1984 жылы Жезқазған құрылыс тех-

никумын (құрылысшы-техник), 1994 жылы 

Жезқазғандағы О.Байқоңыров атындағы 

кен-технология институтын (құрылысшы-

инженер), 2002 жылы сол ЖОО «инженер-

байытушы» мамандығы бойынша бітіріп 

шықты. 2014 жылы ШҚМТУ «тау-кен ісі» 

факультетіне түсті.

Алғаш рет 1987 жылы қондырғыларды 

жөндеуші болып жұмысқа орналасқан. 

2000 жылдан бері басшылық қызметтер 

атқарып келеді. 2014 жылдың қарашасы-

нан бастап KAZ Minerals Тобының «Шы-

ғыстүстімет» ЖШС өндірістік бөліміне 

жетекшілік етеді. 

Үйленген. Зайыбы екеуі екі қыз, екі 

ұл тәрбиелеп отыр.



«Бастаған іс аяқсыз 

қалмауға тиіс»

9

№ 5 (6) қыркүйек 2015

KAZ Minerals Инфо

Спорттан көзге түсетін та-

ланттар кез-келген ұйым-

да бар


Алдыңа міндет қоя белсең 

бәріне үлгеруге болады

Сұхбат

Сол күннен бастап мен футбол ауылына 



ат шалдырдым. Ойыншылардың кейбірі 

Белоусов фабрикасында жұмыс істейтін. 

Бізбен бірге ойнайтын, алайда жұмыс-

сыз жүрген үш жігітпен жақын танысып,  

оларды да фабрикаға шақырдым. Белоусов 

фабрикасының футбол құрамасы осылай 

құрылған болатын. 

Содан кейін корпоративтік шаралар-

да, мәселен, Шахтерлар күніне орайлас-

тырылған матчтарда өнер көрсеттік. Бір 

күні қалалық командамен сөйлесіп, күш 

сынасуға келістім. Аралық ойындарға қа-

тыстық, жеңілдік, ойыннан кейін бас қосып 

кемшіліктерді ортаға салдық. 2013 жылдың 

күзінде қалалық жарыстарға шығып, 

жеңіспен оралдық. Содан бері үш рет қала 

чемпионы, екі рет корпорация чемпионы 

атандық.


Бірақ, жаңа қиындықтар пайда болды. 

Ақша төлеу қажет болды. Мәселен, әр матч 

сайын төрешілерге, медициналық жәрдем 

үшін ақы төлеу қажеттілігі туындады. Оның 

үстіне, кәсіби спорт құралдарын алу қажет 

еді. 


- Қаражатты қайдан алдыңыз?

- Қаржыны әр жерден алдық. Оның 

негізгі бөлігі - өзімнің жиған-тергенім. Ара-

арасында кәсіподақ көмектесіп отырды. 

Жастар одағының да табанын тоздырдым. 

«Боулингтегі кештерге ақша бөлгенше, тым 

болмаса формаға қаржы берсеңіздерші» 

деп сұрақты төтесінен қойдым. Осылай 

біртіндеп ақша таба бастадық.

- Бүгінде команданың мәртебесі 

қандай?

- Статус жоқ. Осы күнге дейін дұ-

рыс атауы да болған жоқ. Бірде кезекті 

жеңісімізден кейін: «Жеңісімізді ШТМ-ке 

арнаймыз» дедік. Содан кейін біз фабрика-

ның командасына айналып, «Шығыстүсті-

мет» құрамасы атандық.

Жақында ШТМ басшыларымен келіс-

сөздер жүргізе бастадық. Илсұр Дәуітов 

спортшыларымызға сыйақы тағайындау 

туралы шешім қабылдады. Командамызда 

ШТМ жұмыс істемейтін үш-төрт жігіт бар. 

Ойласа келе, сыйақыны теңдей бөлу туралы 

келісімге келдік.

- Волейбол, бокс, күрес, хоккей. 

Жалпы, компанияға спорт саласын, түрлі 

сауықтыру шараларын үйлестіріп оты-

ратын, қай жерде қандай жарыс өткізі-

летінін хабарлайтын спорттық нұсқаушы 

қажет деп ойлаймын. Спорттан көзге 

түсетін таланттар кез-келген ұйымда 

бар. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, 

оларды дамыта білу қажет. Белоусов 

фабрикасында шейпинг орталығын 

ұйымдастырдым. Онда зал, швед қабыр-

ғасы бар. Жұмыстан кейін жаттығуға бо-

лады. Кейбіреулер оған түскі ас кезінде 

барады. Билейді, жүгіреді.

Сонымен қатар, 

балалар спортына 

мән берілсе жақсы 

болар еді. Көптеген 

ауылдарда қызмет-

керлердің балалары-

нан команда құрап 

жатады. Усть-Талов 

ауылынан шыққан 

хоккей командасын 

мысалға келтіруге болады. Міне, тәрбие-

леуді, спортқа баулуды қажет ететіндер 

осы балалар. Бұған әрине, демеушілер 

мен жүйелі қолдау қажет.



- Сіздіңше, бұл ата-аналардың ба, 

әлде бизнестің немесе мемлекеттің 

міндеті ме?

- Таланттарды іріктеп бәйгеге қосу 

әрине, мемлекеттің міндеті. Бұрын 

олимпиадалық резерв солай жасақта-

латын. Қазір де бұл бағытта өзгерістер 

баршылық. ШҚО әкімі 

аймақтағы футболды 

қолдап, дамытуға бел 

буып отыр, нәтижесі 

көп ұзамай көрініп қа-

лар деп үміттенемін.

- Осы уақыт ішін-

де өзіңіз алаңда жүгіріп көрдіңіз бе?

- Жүгіремін әрине! (күледі) Бұрын 

допқа жоламайтын едім. Қазір ойнаймын, 

берілген допты қағып аламын, голл со-

ғамын. Елу жаста да кеш емес екен. Оған 

қоса, мен қазір ШҚМТУ соңғы курсында 

оқып жүрмін. «Тау-кен ісі» мамандығы 

бойынша диплом аламын биыл. Бұл менің 

үшінші мамандығым. Алдыңа міндет қоя 

белсең бәріне үлгеруге болады.

Бастаған істі аяғына дейін жеткізу 

керек. Спортшыларды таратып жіберуге 

болмайды. Олар өз құрамасын мақтан тұта-

ды, футболды құлшынып ойнайды.  

Ал оларды ұйымдастыру мен үшін ма-

ңызды іс. Мен жұмысбасты адаммын. Соған 

қарамастан, жігіттерді қолдауға қай кезде 

де дайынмын.



- «Жұмысбасты адаммын» дедіңіз. 

Оған қоса отбасыңыз, төрт балаңыз бар. 

Үйде жиі боласыз ба?

- (күледі) Кенжем бір жасқа енді ғана 

толды! Жолдасым менің спортпен «ауы-

ратынымды» біледі және түсіністікпен 

қарауға тырысады. Бәрі 

дұрыс. Айтпақшы, мен 

үйде де футбол десе 

ішкен асын жерге қоя-

тын адаммын. Сол үшін 

НТВ-плюс арнасын 

қостырдым. Матчтарды 

қараймын, кімнің қалай 

ойнайтынын саралап, 

қорытып отырамын. 



- Футболды зерттеп жүрмін дейсіз 

ғой?

- Иә. Футбол - әлемдік спорт. Оны ой-

намайтын ел жоқ. Футбол комбинациялық 

тұрғыдан ойлануға мүмкіндік береді. Сон-

дықтан оны елімізде, әсіресе, Топ ішінде 

кеңінен насихаттағың келеді. Шығыс, Ақ-

тоғай, Бозшакөл, Қырғыз құрамасы сынды 

командалар қалыптасса тамаша болар еді.



- Қазіргі сәтте Шығыстүстімет ко-

мандаға қандай көмек көрсете алады?

- Біздің спортшы-

ларымызға ең бірінші 

не қажет? Форма. Бір 

емес, бірнеше жиын-

тық қажет. Оны үнемі 

жаңартып отыру керек. 

Және ойыннан кейін 

жыртылып қалмайтындай, сапалы дүние 

болуға тиіс. Оған KAZ Minerals Тобының 

логотипі жапсырылуы керек. Ал, қаржылай 

қолдау мәселесіне келер болсақ, команданы 

үздіксіз жаттықтыруға тұрақты қаражат 

қажет. 


- Әдетте, өндірісте қайратты жігіт-

тер жұмыс істейді. Сізге олардың спорт-

тағы мүмкіндіктерін танып-білу қиынға 

соқпайтын шығар?

 


12

KAZ Minerals Инфо

№ 5 (6) қыркүйек 2015

Біле жүріңіздер



Белсенді түрде спортпен шұғылданған 

қызметкерлерге KAZ Minerals брендімен 

шығарылған киім тарту етілмек

ШТМ ЖШС-де еңбек жарысының 

нәтижесі қорытылды

Еңбек жарысы – жұмысшыларды ынталан-

дырудың  ерекше  тәсілі.  Тұтас  ұжымдар 

мен  жекелеген  жұмысшыларды  ынталан-

дыру  шарасының  арқасында  еңбекте  та-

маша  нәтижелерге  қол  жеткізуге  болады. 

Өйткені,  әр  адам  жарысқа түсіп,  өзгелер-

ден алда болуға құлшынады.

KAZ Minerals Тобының көптеген қызметкерлері 

жұмыстан бос уақытын спортқа арнайды. Бірі 

футбол ойнаса, енді бірі велосипедпен немесе 

доңғалақты конькимен серуендегенді ұнатады. 

Ал, кейбіреулер спорт залда шынығуды жөн са-

найды. Компания жұмысшыларының марафон, 

альпиниада сынды көпшілік спорт шаралары-

на қатысатын кездері де аз емес. 



Юлия КУЗНЕЦОВА, Алматы 

Компания спортпен шұғылданатын қыз-

меткерлерін үнемі қолдайды және салауатты 

өмір салтын сақтауға, әдемі өмір сүруге тал-

пынғандарды ынталандырып отырады. KAZ 

Minerals спортты өз компаниясының атауымен 

байланыстырғысы келетіндер үшін спорт киім-

дерінің жиынтығын да әзірлеп қойды. Әрбір 

жиынтықта спорттық аяқ-киім салатын сөмке, 

шолақ жейде және компанияның логотипі 

басылған бас киім бар. Тамаша жиынтықты 

алудың шарты бар. Ол үшін: info@kazminerals.

com поштасына өзіңіз шұғылданып жүрген 

спорт туралы шағын әңгіме жолдап, кейін 

жаңа спорт жиынтығын киіп түскен суретіңізді 

жолдаймын деген уәдеңізді берсеңіз болғаны. 

Суретке жаттығу залында, футбол алаңында, 

жаяу немесе велосипедпен серуендеп жеткен 

Мұндай жарыс KAZ Minerals компаниясы та-

рихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бәйгеде 

жүзден жүйрік шыққандарға тағайындалған 

ақшалай сыйлықтарды «Шығыстүстімет» 

ЖШС Басқарма төрағасы Илсұр Дәуітов 

табыстады. «Өндіріс озаттарын марапаттау 

дәстүрінің қайта жандануын Компания тари-

хындағы маңызды оқиға деп білемін»,- деді 

ол салтанатты рәсімде.

Ермек ДҮЙІСКЕНЕВ, ШҚО

2015 жылдың екінші тоқсанындағы еңбек 

сайысының нәтижесін қорыту шеңберінде 

56 номинация бойында үздіктер анықталды. 

Олардың арасында өз кәсібінің үздігі, үздік 

учаске, үздік бөлімше және үздік кәсіпорын 

номинациялары да бар.

- Үздіктерді ел тануға тиіс. Сонда өзгелер 

соларға жетуге тырысады, – деді Илсұр 

Османұлы салтанатты шарада. – Сіздермен 

жұмыс істеудің өзі бір ғанибет! Болашақта 

үздіктердің қатары толыға түседі деп үмітте-

немін. Сіздердей білікті мамандар тұрғанда 

біз қандай қиындық болса да еңсереміз.

көл жағасында немесе марафонның мәре 

сызығында әлде өзіңіз бағындырған тау шы-

ңында түсуге болады.

Спорт жиынтығын алу туралы өтініштер де 

жоғарыдағы e-mail арқылы қабылданады. Ол 

үшін аты-жөніңізді, жұмыс орны мен атқара-

тын қызметіңізді, тұратын қала мен байланыс 

нөмірін, киіміңіздің өлшемдерін және өзіңіз 

шұғылданатын спорт түрін атап көрсетесіз. 

Компания өкілдері әрбір өтініш берушімен 

жеке хабарласып, жиынтықты қашан және қай 

жерден алуға болатынын айтады. Ал, сіздер 

жолдаған әңгімелер мен фотосуреттер корпо-

ративтік БАҚ-да жарияланады.



Марапаттау

 



Алғашқы фотоесепті  



назарларыңызға ұсынамыз!  

KAZ Minerals компаниясының Алматы-

дағы кеңсесінің қызметкерлері  

«Tour Of World Class» атты әуесқойларға 

арналған веложарысқа қатысты.

Құрылтайшы және меншік иесі – 

KAZ Minerals PLC

2014 жылдың қарашасынан 

бастап шығады

Мерзімді баспасөз болып 

табылмайды. KAZ Minerals Тобы 

қызметкерлеріне арналған және 

шектеулі ортада ғана таратылады. 

Редакторы

Мақсұт Жапабаев

8(727) 244 03 53 (ішкі 15250)

Maksut.Zhapabaev@Kazminerals.com

Шығарушы редакторлар

Алмас Садықов 

8(727) 244 03 53 (ішкі 15227)

Almas.Sadykov@Kazminerals.com

Сандуғаш Сәрсембаева

8(727) 244 03 53 (ішкі 15230) 

Sandugash.Sarsembayeva@kazminerals.com

Редакцияның мекен-жайы: 

Алматы қ., 050020

Ж. Омарова көшесі 8-үй

8(727) 244 03 53 (ішкі 15230)



Авторлар 

Әйгерім Түкіпова  

Aigerim.Tukupova@Kazminerals.com



Юлия Кузнецова 

Yuliya.Kuznetsova@Kazminerals.com

Өскемен

Ермек Дүйскенев

8 705 779 73 55 

Yermek.Dyuzkenev@Kazminerals.com

Бiшкек


Бақай Самыйбек

Bakai.Samyibek@kazakhmys.kg

«VIVA PROtechnology» 

баспаханасында басылды

Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 

Фурманов к.қ-сы. 65/107, 

тел. 8 (727) 267-05-13.

Тиражы – 5000 дана. 

Тапсырыс №

 ?????????






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал