Есенбекова Ұ. М. ТелепублицистикадағЫ Ұлттық сипаттағы хабарлардың берілуі



жүктеу 113.34 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі113.34 Kb.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

Есенбекова Ұ.М. 

ТЕЛЕПУБЛИЦИСТИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СИПАТТАҒЫ 

ХАБАРЛАРДЫҢ БЕРІЛУІ  

 

Ұлттық  сананы  қалыптастыруда  ұлт  тарихы  мен  ұлттық  мәдениет  бірінші 



орында  тұруға  тиіс.  Жанды  тіршілік  дүниесінде  (биологияда)  түр  өзгертетін 

жасанды мутациялық әрекеттер көбіне  жанды тіршілік иесінің өліміне себеп 

болатыны  сияқты  ұлттардың  өміріндегі  тегін  аулақтататын  өзгерістер  де 

өліммен оларды тұйыққа тіреп отырған.  

Кез  келген  ұлт  өз  дінінің  шарттарын  орындап,  негізін  сақтап  қалуға  бар 

күшін салса ғана ертеңіне нық адымдап бара алады. Ал өткеніне мән бермей, 

дінін, ата салтын ұмытып, рухани тамырынан алыстаған сайын желге ұшқан 

қаңбақтай басы ауған тұсқа домалана береді, келешекте ізі де қалмайды.  

Әсіресе  қиыншылық,  аумалы-төкпелі  уақыт  ұлттың  басына  туа  қалғандай 

болса,  аналар  өз  балаларына  ұлттық  рухты  өсіретін  шығармалар  беруге 

ұмтылуы  тиіс.  Ұлттық  санаға  сызат  түсіретіндей  жайттарға  жол  берілмеуі 

керек.  Бұл  тұста  көп  нәрсе  Қазақстан  халқының  негізін  құрап  тұрған  қазақ 

ұлтының  рухани  әлемінің  жоғарылығына,  рухани  қуаттылығы  мен 

тегеурінділігіне  байланысты.  Міне,  осындай  кезде  бүкіл  Қазақстан  халқын 

бір  ниетке,  бір  іске  жұмылдыру  қажет  болған  шақта,  алаш  рухының,  басқа 

сөзбен  айтар  болсақ,  қазақ  менталитетінің  шын  мәнінде  шымыр  да  серпінді, 

саналы  да  сергек,  қабілетті  де  қажырлы,  қайратты  да  жігерлі  бола  білуінің 

маңызы зор.  

Қазақстандағы  бүгінгі  алаш  менталитетінің  жай-күйін  сөз  қылғанда, 

әсіресе  баттиып  көзге  ұрып  тұрған  бір  қызықты  жағдайды  айтпай  кетпеу 

мүмкін  емес  сияқты.  Еліміз  егемендікке  ие  болғаннан  кейінгі  жылдардың 

жүзінде  Қазақстан  көптеген  шет  мемлекеттермен  дипломатиялық  тығыз 

қарым-қатынастар  орнатып  жатқандығы,  елімізге  шетелдік  инвестициялар 

арқылы және тағы басқадай сан қилы жол-жөнмен шет жұрттық адамдардың 

мол-молымен  ағылып  келіп  жүрген  жайлары  әлдебір  мақтаныш  түрде  талай 

тұста естіліп қалады.  

Сондағы бір ғажабы, бұл жайт баспасөз беттерінде ашық айтылып та жүр, 

осы  бір  әрқилы  өз  шаруаларымен,  өз  қажт  миссияларымен  қаптап  жатқан 

шетелдіктер  Қазақстан  жерінің  әрқилы  жай-күйінен  өз  қал-қадірінше 

хабардар болғанымен, сол Қазақстанның негізгі халқы - қазақ жайына көбіне-

көп мүлдем хабарсыз көрінеді.  

Осы  бір  оғаш  та  өрескел  жағдай  үшін,  әрине,  әлгіндегідей  қылық-мінез 

танытып жүрген шетелдіктерді кінәратқа тарту мүлде дұрыс болмас еді. Неге 

десеңіз  бұл  жердегі  негізгі  кінә  -  өз  елінде,  өз  жерінде  отырып,  өз  ұлттық 

рухын,  менталитетін  сол  шетелдіктерге  жарқыратып  таныта  алмай  жүрген 

қазақ жұртшылығының өзінде болса керек-ті.  

Ең  бастысы,  бұрыннан  белгілі  бір  жайт  -  халық  болмысын,  өз  күші  мен 

Қуатын  өзінің  бүгіні  мен  ертеңіне  мықты  сенгендер  ғана  өз  болашағы  үшін 

жанқиярлықпен  бел  шешіп  еңбек  етіп,  ерен  де  жойқын  қимылға  бара 

алмақшы. Сондықтан да, қазақ ұлты үшін, бүгінгі таңда елдің экономикасын, 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

мәдениетін,  рухани  асыл  дүниелерін  жаңа  бір  биіктерге  шығармақ  ниетке 

анық  бел  буған  халық  үшін,  сөйтіп  ұлттық  қазыналарымыз  бен 

қасиеттерімізді  барынша  құрметтеп,  ардақтап,  жалпы  әлемдік  тұғырға, 

деңгейге  алып  шықпаққа  шындап  бет  бүрған  ел  үшін  нағыз  мол  сенім, 

тегеурінді қайрат керек.  

Ұлттың  экономикасын,  мәдениетін,  қазақы  рухани  дүниесін  бүгінгі 

тығырықтан алып шығып, ырысты да берекесі биік көк жайлауларға көтеріп, 

алдағы  жаңа  заманда  бүкіл  адамзаттық  өркениеттің  бел  ортасынан  өзіне 

лайықты сыйлы орын ала білу - бүгінгі қазақ халқы үшін әрі сын, әрі міндет.  

Болашақта  ұлы  ұлт  болып  қалыптасқысы  келетіндер  ең  алдымен  ұлттың 

мүшелері  арасында  сенімділікті  сақтап  қалуы,  ұлтты  өсіру  адамдардың 

мақсат-мұратының ортақ болуын қамтамасыз етуі шарт.  

Өзара  келісушілік  жоқ  жерде  өсу  мен  өнуге  жақсы  нәтиже  күту  бекершілік. 

Ұлттық  рухты  қорғау  арқылы  келешекте  тәжірибе  жинау  мүмкін  болады. 

Яғни,  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  қандай  негіздерге  мән  беруі  тиіс  деген 

мәселенің  шешімін  табу  қиынға  соқпайды.  Ұлттың  осы  уақытқа  дейін 

бойына  сіңген  қасиеттерінің  қайсысын  дамыту  керек  екенін,  тозығы  жеткен 

қайсысы деп жан-жақты зерттеген соң тиісті шешімдер қабылдауға болады.  

Өйтпеген жағдайда ұлттық сана мен рух, тарихи  қасиеттер, мінез-құлық пен 

парасаттылық  та  кейбір  асқақтықтарға  жол  ашуы  мүмкін.  Кез  келген  ұлт 

үшін  бостандық  пен  тәуелсіздік  үшін  күрес  қаншалықты  маңызды  болса, 

тәуелсіздікке  қол  жеткізген  соң  ұлттың  негізін  сақтап  қалу,  ұлттық  қасиетті 

қорғау  да  соншалықты  маңызды,  әрі  қымбат.  Бостандық  пен  тәуелсіздік 

жолындағы  күрес  ұлттың  рухымен,  санасымен,  сезімімен  және  тарихи 

қасиеттерімен байланысты жүзеге асатыны мәлім.  

Мемлекет  пен  азаматтардың  жалпы  рухани  міндеттерінің  арасынан 

табылатын  идеологияның  орны  қазірде  босап  қалған  деуге  болмайды. 

Керісінше,  біздің  рухани  кеңістігіміз  барынша  тығыздалып,  толтырылған. 

Егерде  ұлттық  құндылықтардың  тамырын  іздер  болсақ,  онда  бұл  іздену 

процесіміздің нәтижесі мәдени қарым-қатынастардың дамуымен байланысты 

болары  күмәнсіз.  Арыға  бармай-ақ  60-70  жылдары  әдебиетте  һәм  өнерге 

жастарды  тартқан  ұлттың  идеологы  Өзбекәлі  Жәнібеков  болатын.  Өзбекәлі 

Жәнібеков  ұлт  тарихында  елеулі  орын  алатын  бірқатар  маңызды  істердің 

бастамашысы болды. Ол алпыс екі жыл бойы тойланбаған Ұлыстың ұлы күні 

Наурыз  мейрамын  қайта  жаңғыртып,  жалпы  халықтық  салт-дәстүрге 

айналдыруға  ықпал  етті.  Осының  нәтижесінде  “Біздегідей  көпұлтты 

республика  жағдайында  Наурыз  арқылы  халқымыздың  тамаша  салт-

дәстүрлерін,  үйлесімді  әдет-ғұрыптарын,  асқақтаған  әні  мен  күмбірлеген 

күйін,  мың  бүралған  биін,  тілін  үйірген  дәм-тұзын,  талғамы  мол  қол  өнерін 

танытуға,  насихаттауға,  керек  десеңіз,  жұртттың  мақтаныш  сезімін  оятуға 

мүмкіндік алдық”.  

Өзбекәлі  Жәнібеков  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейінгі  кезеңдегі  қос 

тілділік,  қос  азаматтылық  төңірегіндегі  мәселелердің  туындау  себептерін 

талдай  келіп:  “Бізге  патша  заманында  метрополияға,  Кеңес  үкіметі 

жылдарында  Орталыққа  тәуелді  болып,  өзінің  экономикалық,  өндірістік-



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

техникалық,  рухани-парасаттық  мүмкіндіктерін  толығынан  іске  қоса  алмай, 

әртүрлі  себептермен  өз  Отанында  көпшілік  болудан  қалған  қазақ  ұлтының 

мүдделерін бөле-жара ескеретін ұлттық идеология керек-ақ еді”,- деген пікір 

білдірді.  

Ол  қазақты  халықтық  жағынан  жан-жақты  зерттемей,  нәтижесі  бойынша 

тиісті  шаралар  қолданбай  ілгері  дамуға  мүмкіндік  жоқ  екенін  және  бұл 

орайда Ұлттық бағдарламаның ролі зор екенін дәлелдейді.  

Бізге қазіргі  таңда идеология қажеттігі  және ол тек ұлттық  идеология болуы 

тиіс  екендігін  батыл  айта  білді.  Өз  өмірі  мен  қызметін  қазақ  мәдениетін, 

білімі мен ғылымын дамытуға арнаған көрнекті мемлекет қайраткері болды.  

Шынында  да,  Өзбекәлі  Жәнібеков  Қазақстанның  XX  ғасырдың  екінші 

жартысындағы  дамуы  кезіндегі  мәдени  өмірінде  ерекше  із  қа  лдырған 

жарқын тұлға.  

Өнер қай кезеңде де ізденісті, сезімталдық пен сергектікті талап етеді. Ізденіс 

бар  жерде  ілгерілеу,  ілгерілеу  бар  жерде  атақ  пен  абырой  да  қатар  жүреді. 

Сондықтан  да  бүгінде  “синкретті”  өнер  саналатын  теледидар  төріне  шығып, 

оның  “жұлдыздар  шоғырына”  қосылу  кез  келген  пенденің  маңдайына 

жазылмаған.  Оған  интеллектуальдық  алымдылық  пен  биіктік,  тереңдік  пен 

ойлылық  керек.  Осы  жолды  адаспай  тауып,  көрермен  көңілінен  шығып, 

қызыл  сөзден  сымбатты  ойлар  құрау  да  шеберліктің  шыңына  жеткен 

пенделердің  ғана  маңдайына  жазылған.  Айтыла-  айтыла  жауыр  болған, 

көрсетіле  келе  көз  үйренген  көріністерден  әбден  ығыр  болған  көрерменді 

теледидар экраны алдында тапжылтпай ұстау үшін де білімге қоса біліктілік, 

көсемдікке  қоса  көрегенділік,  әрі  кейіпкер  сөзінен  “жанды  ойды”  үзіп  алып, 

одан  әңгімені  шеберлікпен  өрбітуге  де  шын  талғампаздық  керек.  Қазақ 

теледидарының  қырық  бес  жылдық  тарихында  тарих  қойнауынан  сыр 

іздеген,  мұхит  тереңінен  маржан  іздеген  жандар  аз  болған  жоқ.  Дегенмен, 

солардың  бәрі  бірдей  іздегенін  тапқан  не  көрерменінің  көңілінен  шығып, 

ыстық  ілтипатына  бөленген  жоқ.  Көпшілігі  уақыт  ағымының  сүрлеуінен 

шыға  алмай,  алдыңғылар  салған  сара  жолдан  ауытқымай  күй  кешті.  Ал, 

шағын  ғана  аз  топ,  алғашқы  күннен-ақ  тыңнан  жол  іздеді.  Өзгелер  салмаған 

соқпақ  жолды  салуға,  оған  өң  мен  түр,  көрік  пен  көсемділік  беру  жолында 

жаңаша  ізденіске  түсті.  Алдыңғы  толқын  ағалар  болған  Совет  Масғүтов, 

Сағат  Әшімбаев,  Марат  Барманқұлов,  Қажы  Қорғанов,  Құсман  Игісінов, 

Фатима 


Бегенбаева, 

Ғаділбек 

Шалахметовтер 

қатарына 

жетпісінші 

жылдардың орта тұсында жаңа бір лек келіп қосылды.  

Қасаңдықтың  көбесі  әлі  сөгіле  қоймаған,  партияның  ызғары  әлі  де  қатаң 

заманда  жаңа  бір  көкжиектің  қабатын  аршу  ауыр  болатын.  Уақыт  толқыны 

әлі де болса баяу қалыппен, бір арнамен ағып жатқан кезең еді. Сондай шақта 

қатарға  келіп  қосылған  Мұрат  Ерғалиев,  Сергей  Пономарев,  Жүрсін 

Ерманов, Серік Байхоновтар телеэкран төріне шыға келді.  

Жастар  қашанда  жаңалыққа  жаны  құмар,  өмірден  өз  орнын  іздеп,  жастық 

жалынмен  лапылдап  жүретін  кезеңнің  айтулы  шағы  болатын.  Уақыт  үрдісі 

жастар  бойына  қоғамдағы  толғаныс  пен  толқынысты,  лапыл  мен  асаулықты 

қатар  қосып,  өмірдегі  өз  орындарын  табуларына  жөн  сілтеп  жатты.  Ақпарат 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

құралдарында  өмірге  деген  жаңаша  бір  көзқарас  қылаң  беріп  келе  жатқан 

шақ  болатын.  Орталық  теледидардағы  жастар  хабарлары  да  экран 

көкжиегінен  асып  шығып,  жастыққа  тән  бұлқыныс  пен  бүғауды  сыпыруға 

бет  алған  шақ  еді.  Осының  бәрі  де  85-жылдың  сәуіріндегі  ойдан  бұғау 

алынатын кезеңге салынып жатқан жаңа бір сүрлеу екен ғой.  

Сондай  шақтардың  бірінде  Мәскеудің  “12-қабат”  телеойынына  ұқсас, 

студиялық  түрде  болғаны  менен  халқымыздың  психологиясына  жақын  жаңа 

бір  түр  қажеттігі  келіп  туды.  Ізденістің  қашанда  жаңа  бір  жаңалыққа  жол 

салатындығы  шындық  аксиома  болса  да,  дәл  аяқ  астынан  “Көкпар” 

пікірталас  клубының  өмірге  келетіндігін  дәл  сол  шақта  әлі  ешкім  де  байқап 

үлгермеген  еді.  Құсман  Игісінов,  Фатима  Бегембаева,  Нұртілеу  Иманғали 

үшеуінің  білекке  білек  қосып,  ой  тоғыстыруы  нәтижесінде  халқымыздың 

ғасырлар  қойнауынан  бар  “Көкпар”  ойыны  1980-шы  жылдардың  басында 

өмірге келді.  

Хабардың  құндылығы  да  зерттеушілер  жазғандай,  “экран  төрінен  орын 

алған  бағдарлама  өмірінің  ұзақтығы,  автордың  шеберлігі  мен  режиссердің 

көрегенділік  қасиетінің  күшінде  жатыр”  [1]  деп,  кезінде  теледидар 

зерттеушісі Вл. Саппак айтқандай жайларға, “Көкпар” хабары сай келді.  

“Көкпар”  хабарына  ұлттық  бояуы  басым  телехабарлардың  бірі  болды. 

Бүгінде көптеп кездесетін көшірме хабарлардан “Көкпар” өзінің түпнұсқалық 

сонылығымен  ерекшеленіп,  құны  жылдар  өткен  сайын  арта  түсті.  “Егемен 

Қазақстан” газетінде С. Мүса былай деп жазды:  

Сексенінші  жылдардың  басында  Алматы  жоғары  оқу  орындарының 

зерделі  студенттерінен  іріктелген  командалар  бәсекесі  -  “Көкпар”  хабарын 

көрген  көзі  қарақты  көрермен  қауымы  ұмытпаған  болар.  Бұл  қазақ 

көрермендеріне  де  танымдық  әрі  шоу  телебағдарламалардың  қажет  екенді 

сол кездің өзінде-ақ анық білінді” [2].  

“Көкпар,,  хабарын  халықтық  салт-дәстүрдің  жарасымды  үлгілерімен 

өзектестіре  отырып,  ортадан  алыстай  бастаған  ұлттық  мәдениетімізге 

көпшілікті  қайта  оралтты.  Мұнда  бабалар  дәстүрі,  жеті  қазына,  саяткерлік 

сынды  арғы-бергі  тарихымызды  тізбелеп,  рухани  мұрамызды  жаңғыртып, 

естен  өше  бастаған  мәдени  асылдарымыз  жайлы  ойлы  сұрақтар  аз  болған 

жоқ.  


“Көкпар”  хабарына  құлақ  түрмеген,  оған  ынта-ықылас  танытпаған  жан 

көрермендер  арасында  сирек  болды.  Ғалым  не  қаламгер,  өнер  иесі  не  еңбек 

адамы,  студент  не  мектеп  оқушысы  болсын  бәрі  де  хабарды  үзбей  көруге 

тырысатын.  Оған  “1983-1984  жылдары  көрермендерден  “Көкпарға”  3859 

хаттың”  [3]  келгені  дәлел  болса  керек.  Сол  кезеңдегі  ойы  өрнекті,  қаламы 

қарымды жазушы Оралхан Бөкеев былай дейді:  

“Бәрін  біліп,  зердеге  тоқып  жүру  мүмкін  емес.  Менің  де  білетінімнен 

білмейтінім  көп.  Сондықтан  да  өз  басым  “Көкпар”  хабарын  үзбей  көруге 

тырысамын  және  осы  хабардан  өзіме  ылғи  да  қосымша  информация  алып 

жүрген  сияқтымын.  “Көкпардың”  жастарға,  білім  қуған,  оқуға-тоқуға 

ұмтылған  қыз-жігіттерге  берері  көп  қой  деп  ойлаймын.  Зерделі  жастардың 

білім- білігіне әзірше көңіл толмай жүр. Сол себептен де “Көкпаршылардың” 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

іздене  түскенін,  намысты  қолдан  бермес  үшін  ойлырақ  болғандығын  қалар 

едік” [4].  

Қаламгер  пікірінің  бүгінде  арада  жиырма  жыл  өтсе  де  маңызы  мен  мәнін 

жоғалтпаған,  қайта  күн  өткен  сайын  актуальды  бола  түскен  тұстары  да  мол. 

Әсіресе, жастардың “ойлырақ” болғанына тілек қосу, кешегі, бүгінгі кезеңнің 

өрбірімізге  қойып  отырған  басты  талабы.  Студиядағы  сан  алуан 

кейіпкерлердің  ойлылық  мұраттарынан  биік  тұру  да  жүргізушінің  жан-

жақтылығы мен парасатына байланысты.  

Студияда қойылатын сұрақтардың тақырыбы кім-кімді де тереңнен ойлануға 

талпындыратын,  шешімі  шығармашылық  ізденіспен  табылатын  әдебиет, 

мәдениет, ғылым, өнерге қатысты болды. Бұдан ойынға қатысқан жастардың 

білім парасаты, дүниетанымы, тапқырлығы танылды.  

Жастар  хабар  сайын  сан-саладан  ой-өрістері  мен  ойлау  шеңберін  ұлғайта 

отырып,  бір-бірімен  бәсекеде  бойларындағы  бар  қабілет-қарымдарын  сарқа 

пайдаланды. Хабардың мақсаты - жан- жақты білім таразылау, бірлесіп ойлау 

мәдениетін қалыптастыру, ой-әрісін дамыту болса, оған кей жерлерде жетіп, 

кейде  олқы  соғып  жатқан  тұстары  да  болмай  қалған  жоқ.  Шын  мәнінде 

“Көкпарға”  қатысқан  жастардың  білімі,  тіл  байлығы,  сөйлеу  мәдениеті, 

юморы, тапқырлығы кем түсіп жатты.  

Көрнекті  қоғам  қайраткері,  публицист  Камал  Смайыловтың:  “Көкпар” 

алғашында  қиындықпен  туған.  Сұрақтардың  өресі  де,  әрісі  де  биік,  кең 

болмай,  қарабайыр,  қарадүрсін  болды.  Соның  өзіне  дұрыс  та  тез  жауап  таба 

алмаған  студенттеріміздің  түрін  көргенде  сасып  қалғанымыз  рас.  Кейін  көш 

түзелді”  [5],  -  деуі  бұған  дәлел.  Демек, сценарийдегі  не  студиядағы  хабарды 

жүргізу  кезіндегі  ойдың  келтелігі  мен  тілдің  шұбарлылығы,  штампқа 

құрылған  ойлар  -  ол  шеберлік  емес,  кәсіптің  өзіне  де,  өзгеге  де  қажет  емес 

олқылықтар. Осы орайда, жүргізушінің әрбір хабарға даярлығы мен тақырып 

төңірегіндегі ізденісі жайлы ойлары да маңызды.  

“Мен  алдымен  тақырыпты,  тақырып  болғанда  күрделі  әрі  актуальды 

мәселелерді  қамтитын  проблеманы  аламын  да,  енді  өзім  осы  төңіректегі 

материалдарға кеңінен  қанығамын. Қанығу деген сөздің өзі де аз, ең мәндісі 

енді терең ізденіс пен азапты айқасқа түсемін. Айтылған ойлардың өзін, өзге 

сол  төңіректегі  пікірлермен  салыстырамын.  Мәнділерін  түртіп  аламын  да 

сұрақ  қою  кезінде  не  бір  ойдан  екінші  ойға  өт  у  кезінде  пайдаланып 

отырамын” [6].  

Шындығында,  хабардағы  табыс  алғашқы  фразадан  басталып,  ол  диалогты 

ұтымды  жүргізу,  дыбыс  эффектілерін  көріністі  қатарлармен  қабыстыра 

байланыстыру,  сюжеттің  құрылымының  орын-орнымен  қиюласуына  алып 

келеді. Жүйелі әрі ұтымды байланысқан кадрлар, тартымды мәтінмен қабыса 

өріліп,  хабардың  толымды  шығуына,  көрерменге  ой  салып,  сезім  сырын 

қытықтауға жол ашады.  

“Көкпардың”  бұрынғы  конкурстық  хабарлардан  ерекшелігі  -  ұлттық  негізге 

сүйеніп  жасалғандығы.  “Көкпардың”  сәттілігі  -  халықтың  өлмес  мұраларын 

бүгінгі  ұрпаққа  жеткізуі,  жастарды  ойландырып,  болжам  жасай  білуге 

үйретуі,  логикалық  ойлау  қабілетін  жетілдіруі  болып  табылады.  “Өнерпаз 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

болсаң”,  “Көкпар”  конкурстық  бағдарламалары  жастардың  зердесін,  білімін 

танытып, олардың болмысын әрекет үстінде ашады. “Көкпардың” танымдық, 

ұлттық  дәстүрге  негізделген  сұрақтарынан-ақ  көп  нәрсе  үйренуге  болатын 

еді.  “Көкпар”  тек  зерделі  жастар  сайысын  ұйымдастырып  қана  қоймай, 

белгілі  өнерпаздарға  жол  ашты,  республикадағы  студент  жастардың  өміріне 

серпіліс енгізді.  

Хабарды  жүргізушілердің  көпшілігі  оны  бірінші  жақтан  жүргізуге 

тайсақтайды.  Содан  келіп  эфирде  түсініксіз  “біздер”  пайда  болады. 

“Біздерді”  де  орнымен  қолданатын  сәттерден  қашуға  болмайды.  Репортерге 

“эфирлік  жәндіктері”  жоқ,  сұрықсыз  дүниеге  айналған  оқиғалардың  қажеті 

қанша?  Әрбір  репортердің  хабар  жүргізудегі  өз  мәнері,  өз  беті  болуы  тиіс. 

Ондай  болса  эфирде  не  бүтін  не  бөлшек  емес,  жарым-жартылай  сұрақтарды 

кейіпкерлерге  қоюдың  тиімділігі  бар  ма?  Мысалы:  “Ал,  сіз  енді  не  айтар 

едіңі?..”,  “Сіз  осы  төңіректе  не  ойлайсыз?..”,  “Болашақтағы  ойыңыз 

қандай?..”.  Сұрақ  қоюға  қарсылық  жоқ.  Сұрақ  қойылуға,  оған  тыңғылықты 

жауап  қайтарылуға  тиіс.  Комментатордың  да  ол  жайлы  өз  пікірі,  түйіні  бар 

емес пе? Мүмкін ол біреулермен келісер, өзге біреулердің пікіріне қарсылық 

білдіріп, өз тұжырымын білдірер!  

Ал,  осы  соңғы  мәселе  көпшілігінде  орындалмай  келеді.  Кейбір  редакторлар 

бағамында,  хабарға  қатысушы  қонақпен  пікір  таластырып,  ой  қағыстырып 

жату  журналистік  этикаға  қайшы  деген  ұғым  қалыптасқан  секілді.  Сұрақ 

қойылды,  оған  жауап  берілді.  Осымен  іс  бітті,  шаруа  тындырылды.  Шын 

мәнінде әрқашан осылай бола беруі мүмкін емес қой!  

Хабардың  тағы  бір  мақсаты  -  ойлау  мәдениетін  қалыптастыру,  сөйлеу 

мәдениетін  жетілдіру,  ойыңды  жеткізе  білуге  мысқалдай  боса  да  көгілдір 

экран  арқылы  көмектесу.  Ойлануға  берілген  60  секунд  ішінде  тас-түйін 

болып,  бар  мүмкіндікті  сарқа  пайдалануға,  қиыннан  қиыстырып,  аяқ  асты 

шешім қабылдауға үйрету.  «Көкпар» -  көрермендер мен редакцияның тығыз 

байланысының жемісі. Додаға түсер сауалдарды сарапқа салар студенттердің 

зеректігі,  зерделілігі,  парасаттылығы  жоғары  болуы  талап  етілді.  Көкпар 

дегенде  әбден  баптап,  жаратып  мінген  сәйгүліктер  мен  сайын  даланы 

дүбірлеткен  қазақтың  ер  жігіттері  елес  беріп  өтеді.  «Жылдар  өткен  соң  ел 

есінде,  жұрт  жадында  күрделі  өзіндік  төл  дүниелер  ғана  қалады.  Өткінші, 

өтпелі  хабарлар  сол  берілген  күйі  өтеді  де  ұмытылады  екен”  [7]. 

«Көкпардың»  ең  соңғы  саны  1986  жылдың  қаңтарында  өтті.  Солай  етіп, 

«Көкпар»  зерделі  жастар  студиясы  үш  жыл  қатарынан  1  сағат  10  минут 

бойына көрермендерді экран алдына жинады.  

Қорыта келгенде, біздің пікірімізше хабар авторлары “Көкпарда” ұжымдық 

портрет  жасады.  Ол  тақырыбы  мен  мазмұнын  ескіртпей  үнемі  жаңартып 

отыруы  керек  еді.  Хабардағы  сұрақтардың  шамадан  тыс  көптігі  де 

көрермендерді  жалықтырып  жіберді.  “Көкпар”  мен  “Что?  Где?  Когда?” 

ойын-сайыс  клубын  салыстыруға  болмайды.  «Что?  Где?  Когда?»  клубының 

мүшелері  1970  жылдардың  аяғында  эстрадалық  әншілермен  тең  дәрежеде 

танымал  болды,  хабар  әлеуметтік-педагогтық  және  көңіл  көтеру  мақсатын 

көздеді» [8].  



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

Қоғам  өміріндегі  өтпелі  кезеңнің  нағыз  жаршысы  БАҚ  болғандықтан  ол 

мемлекеттік билік жүйесімен тікелей байланысты жаңа мазмұн, соны сипатқа 

ие  болады.  Теледидардың  алғаш  адамзат  өміріне  тың  жаңалық  болып  енгені 

аян.  Алғашқысында  көрермендердің  дәл  бүгінгідей  хабарларды  эстетикалык 

қабылдауына 

орай 

талғаммен 



тамашалауларына 

мүмкіндіктерінің 

болмағандығы  жасырын  емес.  Ол  дәуірде  техникалық  және  творчестволық 

құрамның жеткіліксіздігі де оған мүмкіндік бермеді.  

Сондықтан да теледидар алғашқы ілкі кезеңде көрермендермен пікірлесу, 

ақылдасу,  сырласуға  көбірек  орын  беріп,  осы  бағыттағы  жұмысты 

әрістетуге  мейлінше  ден  қойды.  Шын  мәнінде  көрермен  қауымның  көгілдір 

экран  бетінен  нені  көргісі 

келетіндігі  мен 

қандай  туындыларды 

қалайтындығы  қажет-ақ  еді.  Бұл  теледидар  қызметкерлерінің  жемісті  әрі 

жеңісті  тұстары  деп  бағалаған  орынды.  Редакция  бағдарламаларында 

циклдық  әрі  топтамалы  хабарлар  легі  мол  болды.  Тележурналдар  мен 

телеальманахтар,  пікір  алысулар  әрбір  редакцияның  жұмыс  жоспарларында 

көрініс берді.  

Теледидардың  жаңалығы  мен  табысы  деп  айтқанда,  олардың  көтеріліп 

отырған  мәселені  әр  қырынан  талқылап  өзіндік  пікірлері  мен  ұсыныс, 

идеяларын  да  жеткізіп  отырғандығы.  Әрбір  хабар  сол  кезеңнің  іргелі 

мөселелеріне  тереңдеп  барып,  оны  жан-жақты  талдап,  қоғамдық  пікір 

туғызды.  

Қазақ  теледидары  халық  тарихы  мен  ел  тағдырын  ғана  көтеріп  қоймай, 

қоғамды  толғантып  отырған  күрделі  мәселелерге  қозғау  салып,  болашаққа 

сенімділік  ұялатты.  Елді  ерлікке,  жастарды  отансүйгіштікке,  адамгершілікке 

баулып,  соған  үгіттеді.  Теледидар  туындыларының  сондай  бір  жәдігері 

болып  саналған  -  Ұлы  жеңістің  40-жылдығына  арнап  шығарылған  «40 

сериялы  бейнефильм»  еді.  Уақытпен  үндестік  тауып,  замана  тынысына  үн 

қосқан, шерлі күндердің мұңын шерткен ленталар.”...Адам бір мәселе жайлы 

үнемі ойланып жүрсе, соның түйін-түбіріне ойда жоқта жетеді. Ұлы Жеңістің 

40  жылдығы  туралы  әңгіме  қозғала  бастаған  шақ  еді.  Осы  оқиғаның 

қарсаңында  «Ұлы  Жеңістің  40  жылдығына  -  40  екпінді  еңбек  аптасы»  деген 

тамаша бастама туа бастады.  

Сол бір толғаныстар үстінде: “Біз ғой өйтеуір, 9-майға дейін Жеңіске арнап 

телехабар  береміз.  Егер  солардың  басын  біріктірсе,  бір  жүйеге  түсірсе... 

айдар  тақса...оны  хабар  емес,  телефильм,  видеофильм  етсе...  фильм  болған 

соң көп сериялы болса... көп сериялы болғасын 40 серия деп аталса...» деген 

төңіректе ой туа бастады» [9], - дейді сол жылдардағы Қазақ ССР Телевизия 

және  радиохабар  жөніндегі  мемлекеттік  комитеттің  төрағасы,  публицист 

Камал  Смайылов.  Тарлан  таланттың  тамаша  ойынан  бастау  алған  жарқын 

идеялары нәтижесінде қаншама боздақтардың есімі ортамызға қайта оралды. 

Құндылығына баға жетпес 40 сериялы фильм осылай туды.  

Деректі киноның классигі Дзига Вертов бастаған кинематографистер Отан 

соғысы  кезінде  Қазақстанда  үш  жылдай  болып,  бірнеше  көркемсуретті, 

деректі  фильмдер,  кинохроника  жинақтарын  түсірген.  Солар  жасаған 

«Майдан,  саған»,  «Домбыра  күмбіріне  қосылып»,  «Алатау  баурайында» 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

фильмдері  мен  деректі  киноматериалдардың  40  сериялы  фильм  жасауға 

қосқан  үлестері  өлшеусіз.  Теледидар  қызметкерлері  Мәскеу  мен  Ленинград, 

Брест  пен  Харьков,  Балтық  теңізі  елдерінің  архивтерінен  тың  деректерді 

іздеп  тауып,  жаңа  есімдер  мен  ерен  ерліктерді  халқымен  қайта  табыстырды. 

Ұлтымыздың  жарты  миллионнан  астам  ұл-қыздарының  жанқиярлық  ерлігі, 

Мәскеу  мен  Сталинград  шайқастарындағы  батырлықтары  отты  жылдардың 

қаһарман көріністерімен қатар өріле, халық санасына қайта сіңіріліп жатты.  

“Бауыржан  Момышұлы”,  “28  батыр”,  “Қазақ  қыздары  майданда”, 

«Матросовтың  ерлігін  қайталаған  қазақтар»,  тағы  сондай  фильмдер 

режиссерлық  ізденіс,  авторлық  толғаныс,  жүректі  дір  еткізер  бейнелі 

көріністермен 

орайласа, 

сөзбен 


көмкеріліп, 

тұтас 


композициялық 

бітімділікке  ұласты.  Әрбір  серия  көркемсуретті  фильм  дәрежесіне  дейін 

көтерілді. Халық рухы бойын тіктеп, ел еңсесі биіктеп, ерлердің ерлігі, елдің 

өлшеусіз  мүмкіндіктерін  жас  өркенге  паш  етті.  Видеоның  теңдессіз 

мүмкіндігін, редакторлар сан миллиондаған көрермендеріне ешбір өлшеммен 

бағаланбайтын өміршең туындыларды ортамызға оралтты.  

Дәстүр  өте  кең  ұғым.  Оның  принципі  -  түптеп  келгенде  өткен  күнге  тән 

қасиет  белгілерінің  жаңғырып,  бүгінгі  күнмен  сабақтасуы,  уақыт  талабына 

сәйкес  икемделуі,  қазіргі  заман  талабын  да  қанағаттандыра  алуы.  Белгілі 

ғалым  Мүсілім  Базарбаев:  «Дәстүр  мен  жаңашылдық  тарихпен  бірге  өзгеріп 

отырады.  Дәстүрге  көркем  өнердің  тақырып  ауқымы,  үйреншікті  сарын, 

өмірге қатынасы, бейнелер аумағы, идеялық бағыты, қалыптасқан  көркемдік 

құралдары  жатады.  Көркем  өнердің  жеке  түрлерін  де  дәстүр  бойынша 

суреттеу  амалы  мен  тәсілдері,  композициялық  құрылымы,  шығарманың 

тұтастық принциптері саналады» [10], - деп ой түйіндейді.  

Олай болса, теледидар туындыларындағы сапалық белгілер, озық сипаттар өз 

кезеңіне  де,  өзінен  кейінгі  уақыт  шығармаларына  да  әсер  етеді  де,  сол 

арқылы  көрермендердің  тарихи-таным  жүйесін  қалыптастыруда  зор  рөл 

атқарады екен. Өнер жарысының дәстүрге айналуы өнерпазды ғана танытып 

қоймайды,  ең  бастысы  халықтың  рухани  мәдениетінің  кемелдігіне  айғақ. 

Өнері  өмір  салтқа  ұласқан  ел  ғана  рухани  бәсекені  дәстүр  етеді.  Мұндай 

дәстүр  әдетте  мемлекеттік  өктемдіктен,  саяси  науқаннан  тыс,  шынайы 

демократиялық сипатта өтеді.  

Біздің  рухани  үрдісімізде  бір  жаңсақ  ұғым  бар.  Ол  -  төлтума  өнеріміздің 

парқын  сырт  елдің  өнерімен,  өсіресе  еуропалық,  американдық  қалыппен 

шендестіре  бағалайтын  әдет.  Мұндай  талап-талғам  бойынша  жасаған 

хабарың  еуропалықтар  жанына  жақын  болса,  онда  мәдениеттісің,  яки 

“классикалық”  үрдіс  деп  танылады.  Бұл  орайдағы  ең  үлкен  сорақылық  -

дәстүрлі  ұлттық  хабарларымыздың  қадір-қасиеті  еуропалық  хабарларға 

қаншалықты дәрежеде бейімдігімен өлшеніп отыр. Ақиқатында әрбір ұлттық 

бағдарламалардың  этникалық  мәдениетпен  біте  қайнасқан  төл  ерекшелігі 

бар. Кез келген мәдени-рухани жаңғырулар өзінің алдындағы үлгілерге табан 

тіреу  арқылы  ғана  биікке  көтеріле  алады.  Нағыз  өнер  еш  уақытта  халықтан 

бөлек өмір сүре алмақ емес.  

 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

                                                                № 1 (80) • 2011 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

 

1. Саппак Вл. Телевидение и мы. - Москва: Искусство, 1976. - С. 467.  



2. Мұса С. Өмір көкпар, додаға түсіп бір көрсең // Егемен Қазақстан. - 1998.- 

1 мамыр.  

3.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Орталық  архиві.  1489-қор,  4-

тізбе, 938-іс.  

4.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Орталық  архиві.  1489-қор,  4-

тізбе, 1014-іс.  

5. Смайылов К. Бар өнердің басын қосып...// Жұлдыз. - 1985. -№ 6. – 4 3 .б.  

6.  “Көкпар”  хабары  төңірегіндегі  ойлар//  Егемен  Қазақстан.  -  1985.  –  16 

наурыз.  

7. Смайылов К. Жолданбаған 27 хат. - Алматы: Қазақстан, 1992. - 171 б.  

8.  Юровский  А.Я.,  Борецкий  Р.А.  Основы  телевизионной  журналистики.  -

М.:МГУ, 1966-31 с.  

9. Смайылов К. Бар өнердің басын қосып... // Жұлдыз. - 1985. -№ 6. -101 б.  

10. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі / Құрастырушылар З.Ахметов, 



Т.Шаңбаев. -Алматы: Жазушы, 1998. - 39 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал