Ертеде, қырғыз заманында бір Тарғын деген батыр өзініңқырғыз халқынан кісіөлтіріп, ханына қылмысты



жүктеу 252.56 Kb.

бет1/3
Дата04.03.2017
өлшемі252.56 Kb.
  1   2   3

Ер Тарғын

Ертеде, қырғыз заманында бір Тарғын деген батыр 

өзініңқырғыз халқынан кісіөлтіріп, ханына қылмысты 

болып, қырықсан Қырым жұртына қашып барыпты. 

Олуақытта Қырымда қырықмыңмешіт бар еді, қырықханы 

бар еді. Сол қырықханныңүлкеніАқша хан деген еді. Сол 

ханныңқоластына келіп кірді. Сонда ел арасындажүрді, 

бірталай заман болды, айдан айлар өтті, ешбір кісі 

мұныңбатыр екенінбілмеді, тек қонақболды да жүрді.

Ол уақытта Қырым жұртының арғы жағында он сан 

оймауыт, тоғыз сан торғауыт деген бір жауы бар еді: 

Олалай, Бұлалай деген екі ханның елі еді. Ноғайда көп 

батырлар өтсе де, Олалай, Бұлалайдың елін бұрын 

алғандары жоқ еді. Бұл уақытта Ақша хан талап етіп, 

неше мың шеру әскер алып аттанды. Тарғын аттанған 

әскерлерменен бірге аттанып кетті.

Оған ешбір кісі жүр деп айтқан жоқ. Тарғынның ол әскердің ішінде екенін тағы да 

ешкім білмеді. Бұл аттанған әскер торғауытқа барып жетті. Бұлар барып жеткен 

соң, торғауыт халқынан шың қағылып, барабан соғылып, неше мың көп әскер 

жиылып, соғыс қылды. Жер жүзіне қан сел болды. Олай болса да қамалды ешбір 

адам бұзып ала алмады. Алмаған себебі, қамалдың ішіне кіре алмай, сыртында 

тұрып ұрыс қылды. Ол уақытта Тарғын батыр ұрысқан жоқ еді. Ешбіреу де мұны 

танып, соғысқа бар деп айтқан жоқ. Енді Ақша хан көп кісілерін өлтіріп, торғауытты 

ала алмай, кері жұртына қайтпақ болды. Ақша хан жұртына қайтпақ болып 

тұрғанда:

Тарғын сынды батырың

Қайтарын жұрттың біледі,

Алладан пәрмен тіледі.

Құйысқанын қысқартып,

Екі айылын берік тартып,

Енді атына мінеді.

Өлгенім жақсы жұда деп,

Тоғыз санды торғауыт,

Он сандайын оймауыт,

Барабан соғып, шың қағып,

Алдымнан әскер жүргізіп,

Бұйым болды бұ да деп,

Аллалап батыр шабады.

Жалғыздың жары Құдай деп,

Сарала туы салбырап,

Шапты батыр тебініп,

Жалмауыздай емініп,

Сырттағы жүрген әскерге

Қарамады бұл батыр,

Ішкі қамалға кірді желігіп.

Бұл Тарғын қамалға кірген соң, Акша ханның әскерлері мұның Тарғын екенін 

танымаса да, әйтеуір, біздің ноғайлымыздың бір батыры ғой деп, соңынан олар да 

кірді. Сонан соң бұлар қамалды бұзып, алды. Көңілдері ашылды. Ақша хан қуанып, 

еліне қайтты. Елге келген соң, таранып, тыныштанып, көңілі хош болған соң, 

тағында отырып, хан үкім қылды: «Сол жауды бұзып алған батырды тауып, маған 

алып келіңіз!»— деп. Онан соң ол Тарғын батырды тауып, хан алдына алып келді. 


Хан оныменен көрісіп, жөн сұрасып: «Сен кімсің?»— дейді. Тарғын айтты: «Мен 

қырғызбын»,— дейді. Хан айтты: «Сен қырғыз болсаң, біздің жұртқа неге келдің?». 

Онда Тарғын айтты: «Мен ханымыздың бір жақсы бегін шаһид еттім. Онан соң 

жұрт мені тынышсыздады. Сол себепті сіздің қоластыңызға қашып келдім», — 

деді.

Сонда хан: «Сен кешегі жауды бұзған қайратыңды сені тынышсыздаған жұртыңа 



көрсетпедің бе?» — деді. Тарғын: «Нақақтан өз жұртымды жылатуға шариғат 

қоспайды»,— деді. Онан соң Ақша хан үкім жүргізіп, Тарғын батырды әскербасы 

қылды. Бұл батыр әскербасы болған соң, күн-түн жарақтанып, салықтанып жүрді. 

Ол уақытта Ақшаханның бір қызы бар еді:

Шашын дынданменен тараған,

Бектер мінген бедеудей

Бауырынан жараған,

Бет ажарын қарасаң,

Жазғы түскен сағымдай;

Ет ажарын байқасаң,

Терісінен айырған

Арпа-бидай ақ ұндай;

Қасы сарыжадай керілген,

Кірпігі оқтай тігілген,

Бұралып белі бүгілген,

Қараған кісі үңілген,

Қолаң шашты, қой көзді,

Әйелдегі бір сөзді

Ақжүніс атты ару еді.

Бұ мәрттің мұндай батырлығын, ерлігін, қайратын қарауылшы құлдары мен күңдері 

Ақжүніс аруға түсіндіріп айтты. Ол жігіттің асылын, қайратын есіткен соң, төзіп тұра 

алмады. Бір құлын шақыртып алып, қолына мың ділдә беріп айтты: «Ділдәні беріп, 

сенің тіліңді кескенім,— деді.— Осында бір қырғыз жұртынан келген Тарғын 

дейтұғын бір батыр жігіт бар деп есіттім. Сол жігітті, ешкімге білдірмей, маған 

шақырып алып келіп, жолықтыр. Егер де өзіңнен басқа кісіге білдірсең, сенің неше 

жеріңнен кесіп өлтіргенімді көр,— деді.— Егер де алып келсең, кісі жатпастан 

бұрын, менің мынау ашпалы алтын тереземнің тұсына алып кел»,— дейді. Бұл құл 

Тарғынға барып жолығып, қыздың сәлемін айтып, алтын терезенің тұсына 

Тарғынды алып келеді де, қызға хабар береді.

Қыз терезеден Тарғынды үйіне кіргізіп алып, жөн-жосықтарын сұрасып, ас-су 

ішісіп, ойнап-күлісіп, алты-жеті сағаттай отырысты. Онан соң Тарғын қайтпақ 

болғанда, қыз Тарғынға айтты: «Осы жұртымызда, сіздей ерлігі болмаса да, қырық 

сан Қырымның мырзасы — бір Жалманбет дейтұғын жігіт бар еді. Мен сол 

жігітпенен ашына едім, сол жігітті өлтірдім. Өлтіргенімнің мәнісі: бір бөтен жігіт пе 

екен деп, білмей, хата өлтірдім. Соның күйігінен ішер астан, ұйқыдан айрылып 

жатушы едім, сол мырзаның қайғысы менен әр кезде кетпес еді. Енді бұл уақытта 

сізді есітіп-біліп, шақыртып алып, сізбенен сөйлесіп, ойнап-күліп отырмын.Сізден 

басқа ешбір кісіменен Жалманбет мырза өлгеннен бері сөйлескенім жоқ еді. Сіз 

арқылы мырзаның қайғысы менен кетірілсін. Менен хабар болған уақытта менің 

жаныма келіп жүріңіз. Менің сізді шақырған лебізімді әр кез жерге тастамаңыз!»— 

деді.

«Бұл айтқан жарлығыңызды қабыл алдық»,— деді де, Тарғын батыр қайтып кетті. 



Әр заман Ақжүніс бұл Тарғын батырды уақытыменен шақыртып алып жүрді.

Бір заманда бұл қызды бір ханның баласына айттыруға жаушы келді. Сонда Ақша 

хан қызына кісі жіберіп: «Сені айттыруға жаушы келіп жатыр, менен рұқсат, 

қызымның өзінің күйеуге барғысы келе ме екен, келмей ме екен?» — деп сұратты.



Сонда қызы айтты: «Әкем маған үш күн мұрсат берсін!»— деді. Қыз бұл үш күннің 

ішінде Тарғын батырды шақыртып алды да, Тарғынға айтты: «Міне, мені бір хан 

баласына айттыруға жаушы келіп жатыр екен. Әкем мені ол ханның баласына 

бермекші болып, рұқсат сұрай маған кісі жіберіпті. Мен ондай хан баласына таңсық 

емеспін, өзім де хан баласымын, сұлуға таңсық емеспін, өзім де сұлумын. Мен 

кімнің бақыты зор болса, соған барамын. Мені осындай кісіге қор қылғанша, егер 

де батыр екенің рас болса, сен мені ал да қаш, мен саған тиемін, сенен басқа 

ешкімге тимеймін, көңлім саған ауды. Егер де маған келмесең, мен шыдап тұра 

алмай, сенің қайғыңнан өлемін»,— деді.

Онан Тарғын бұл қызды Ақша ханның Қанатты Қара дейтұғын бір жорғасына 

мінгізіп алды да қашты. Үш күн өтті, үш күннен соң ханның қызының қарауылшы 

құлдары Ақша ханның бір қазысына барып хабар берді: «Солай, ханның қызы 

Ақжүніс сұлу сарайында жоқ, қашып кетіпті, білмейміз кімменен қашқанын»,— деді.

Онан қазы барып Ақша ханға хабар беріп еді, хан айтты: «Ол жалғыз қашқан жоқ 

шығар, бір жігітпенен қашқан-ды, жігіттерді түгендеңіз!»— деді.

Жігіттерді түгендеп қараса, Тарғын батыр жоқ болды. Сонан соң ханға хабар берді: 

«Солай, Тарғын батыр жоқ»,— деп. Сонда хан айтты: «Мұнда руы, туғаны жоқ, өз 

жұртынан да қашып келген жігіт еді, ол жоқ болса, алып қашып кеткені»,— деді. 

Онан соң өзіне қараған бүтін ел-жұртын жиды да, үкім айтты: «Мен бұл қызымның 

ол қырғызбенен кеткеніне риза емеспін, ол қара кісі еді, қызым кетсе керек еді хан 

баласыменен, сүйек қорлап, қара кісіменен кетті. Сол қызымды кім қуып жетіп 

айырса, сол кісі алсын. Құй бай болсын, құй жарлы болсын, құй жас болсын, құй 

қарт болсын, тек кім айырса, сол алсын, — деді.—Егер де қуып жетіп өлтірсе, құны 

жоқ болсын, тек Тарғыннан айырыңыз да, өзіңіз алыңыз,— деді.— Оның үшін 

қызымнан бек қатты көңілім қалып, өкпеледім, соның үшін айтамын»,— деді.

Хан солай деген соң, жұрт қуды: бір мырза екі атпенен, бір мырза үш атпенен; 

тапқан кісі атын жетелей берді: «Бір атым болдырса, бір атымменен қуып 

жетермін»,— деп.

Әскер былай далаға шыққан соң жиылып, кеңесті: «Біз мұны қусақ та, ол бізге 

бермес, оны ала алмаспыз,— деп.— Егер де қаһары келсе, біздерге қырғын 

таптырар», — деді де, жұрт қорқып, қумай, үйлеріне қайтты. Сол қуарға шыққан 

кісілер- дің ішінде алпыс беске келген бір қарт кісі бар еді, бірақ сол қайтпай 

қалды. «Мен үйден бір қуамын деп шыққан соң, қумай, үйге қайтып барғаным да — 

өлім, қуып барып өлгенім де — бір өлім, мен қайтпаймын, қуамын, қазам жетсе, 

өлермін, шамам келсе, ол қызды алармын»,— деді де, қуып кетті. Бұл қуып жетіп 

келе жатқанда, кетіп бара жатқан Тарғынның астындағы Тарлан аты пысқырды. 

Ол ат артынан бір жау келе жатқанда пысқыратын еді. Тарғын, аты пысқырған соң, 

артына қараса, артында бір жалғыз кісі келеді екен:

Сонда Тарғын сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

«Ақжүністей жолдасым,

Қыз да болсаң мұңдасым!

Қолаң шашты, қой көзді

Әйелде ару сен едің!

Аш арыстан жүректі,

Балуан жолбарыс білекті

Жігіттің мәрті мен едім!

Құдіреті күшті Құдайым

Сындырмағай белімді,

Тарылтпағай жерімді!

Нендей заман, білмеймін,

Арт жағыма қарасам,



Қайнаған қара бұлыттай,

Қайнап біткен болаттай,

Тұлғасына қарасам.

Сайдан шыққан қолаттай,

Қабағы тастай түйілген,

Лашын құстай шүйілген,

Жеңсіз берен киінген

Жалғыз қара көрінді!

Енді жүрсем — қашты дер,

«Аруағым менің басты,— дер,—

Менен қорқып, састы»,— дер.

Ажалым болса бұл ерден,

Жемей қоймас жебір жер,

Кіргізбей қоймас қазған көр».

Толғана мойнын бұрады,

Ақжүніспенен екеуі

Аз әңгіме құрады.

Жалғыз қара келгенше,

Қашатұғын қатын ба,

Қасқарып қарап тұрады.

Ертеңнен шапса — кешке озған,

Ылдидан салса — төске озған,

Томаға көзді қасқа азбан,

Біткен сүйек долантып,

Сауырсын бедеу сулантып,

Дауылдай жалы суылдап,

Құйрығы құйындай шуылдап,

Төскейден төмен желеді.

Ақжүніс пен Тарғынды

Көріп, көңілін бөледі.

Алпыс бесте жасы бар,

Қорқатұғын ер емес,

Салып жетіп келеді.

Келді, Тарғын көреді,

Бұ да өзіндей ер еді.

Қарсы алдынан қараса,

Алпыстан асқан ағасы,

Ақ сақалды бабасы.

Жасы үлкен ағам деп,

Ақ сақалды бабам деп,

Тарғындайын бөріңіз

Әлігі келген қартыңа

Иіліп сәлем береді.

Қарсы алдынан қараса,

Омырауы даладай,

Әлпетіне қараса,

Тамнан соққан моладай.

Ердің берген сәлемін

Жақсы құптап алады.

Енді Тарғын сөйлейді:

«Батыр, сынап жүрмісің

Тамам таудың арасын?



Аруағыңды байқасам,

Қаптаған қардай борасын!

Көк бүркіттей түйіліп,

Лашын құстай шүйіліп,

Қай сапарға барасың?»

Сонда қартың сөйледі:

«Аспандағы жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,

Ажары сұлу көркемді,

Қыз да болса серкемді —

Ақжүністей аруды

Алып қашып барасың!

Беліме семсер ілемін,

Жазығым қарттау болмаса,

Бір Тәңірден тілегім,

Қазам жетсе — өлемін,

Егер қазам жетпесе,

Қасыңдағы Жүністі

Айырып ала келемін!»

Сонда Тарғын сөйлейді:

«Асу-асу бел едің,

Асудан соққан жел едің,

Жолдасымды бергендей

Қай батырдан кем едім?

Менен қызды алғандай

Өзің қандай, мен қандай,

Айтшы жөніңді, кім едің?»

Сонда қартың сөйлейді:

«Мен, мендүрмін, мендүрмін,

Мен де өзіңдей кеңдүрмін.

Менің жөнім сұрасаң,

Қырық сан Қырым елінде,

Ал асыл жәуһәр белінде,

Арғы атам Еркүлік,

Өзімнің әкем Қоянақ,

Мен — Қоянақұлы Қартқожақ!

Оза шауып олжа алған,

Таласты жерде жүлде алған,

Жасанған жауға қол салған,

Ортадан ойып жол салған

Қартқожақ деген ер едім».

Сонда Тарғын сөйледі:

«Өзің үлкен данасың.

Өрттей қаулап жанасың,

Ерлігіңнен мінің жоқ,

Ер де болсаң, бұл қызды

Нағылып менен аласың?»

Сонда Қожақ сөйледі:

«Алла тізгін оңдаса,

Көк сүңгіні салармын,

Балдағы алтын ақ берен

Қызыл қанға малармын;



Тәңірі тізгін оңдаса,

Не көрмеген бибақпын,

Ер де болсаң, алармын.

Жер жазығы төмен-ді.

Сені қорқақ демен-ді,

Әуелгі кезек менікі,

Соңғы кезек сенікі,

Қалаған жерден атамын,

Айнымай туған ер болсаң,

Кезегімді бер енді!»

Сонда Тарғын тұрады,

Толғай мойнын бұрады,

Әңгіме-дүкен құрады.

Бұл жаннан қорқар ер емес,

Кезегін бабай алсын деп,

Қарт қояндай қасқарып,

Қарсы қарап тұрады.

Шошынып тізгін жимады,

Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды,

Жау жағадан алған соң,

Беренге батыр сыймады.

Бұл сықылды батырды

Қартқожақтай еріңіз

Атарына қимады.

Аруақты туған ер-дағы,

Тарғынды Қожақ сыйлады.

Тарғын бұл Қартқожаққа кезек беріп: «Атсаң, ат»,— деп, қарсы қарап тұрып еді, 

Қожақ мұны сыйлап, атуға қимады. Не үшін десеңіз: «Мен алпыс беске келген, 

сақалым қуарған бір қарт шалмын, бұл ғой, жас болса да, қасындағы Ақжүністей 

сұлуды қиып әм өзінің жанын қиып, маған қарсы тұрды. Бұл өте батыр екен. Мұның 

өзін де атпайын, атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын 

жалғыз доғал оқпенен атып уатайын. Соныменен өзімнің оны аяп атпағанымды 

білдірейін, сонан соң бұл, ақылы болса, ойлап білер де, қызды маған тастар да, 

жүре берер»,— деп, бір жалғыз доғал оқпенен салып қалғанда, Тарғынның 

қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын күлпара қылып уатып кетті.

Сонан соң Тарғын: «Кезегің болды ма?»— деп, қылышын суырып, Қожаққа дүрсе 

қоя берді.

Қожақ айтты: «Тоқта, менің кезегім біткен жоқ,— деді.— Мен сені аяғаннан өзіңді 

атпай, оғыңды атып едім, өзімнің ерлігімді білдірмек үшін. Егер де ақылы болса, 

менің аяғанымды біліп, қызды тастар да, жүре берер деп едім. Сен менің 

аяғанымды білмедің! Ендеше, барып тұр, жаңадан өзіңді тура атамын»,— дейді.

Сонда Тарғын ойлады: «Мұның мұнысы рас екен, бұл ғой менің өзімді байлап 

атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме? Аяғаны рас екен, мен мұның 

қадырын білейін»,— деді де, қызды тастады да, жүре берді.

Сонан соң Қожақ қыздың қасына келіп еді, қыз атынан түсіп, киімін басына 

бүркенді де, жылай берді. Сонда Қожақ айт- ты: «Сен неге жылайсың, сен мені 

қарт деп жылаймысың, жә болмаса жаман деп жылаймысың? Әкеңнің: «Кім қуып 

жетіп айырса, сол алсын, егер де өлтірсе — құны жоқ» деген уәдесі бар. Көп 

жылай берсең, басыңды қылышпенен кесіп жүре беремін,— деді.— Қарт та 

болсам, мен жек көретұғын қарт емеспін, ешкімнен де кем емеспін. Сен бүйтіп 

жылай бергенше, тұр, жылама, басыңдағы бүркеншегіңді ал, өзіңді маған көрсет, 



басыңды да, бойыңды да, қасың, қабағыңды да. Жарасаң, аламын, егер де бір 

жерің жарамаса, алмаймын»,— деді.

Сонда қыз толғап айтты:

«Ай, Қартқожақ, Қартқожақ!

Атыңның басын тарт, Қожақ!

Менің немді сұрайсың?

Бұқар барсаң, қолаң бар,

Қолаңды көр де — шашым көр.

Зергер барсаң, қасында

Алтыннан соққан түйме бар,

Түймені көр де — басым көр!

Молдаға барсаң, қасында

Қиюлы жатқан қалам бар,

Қаламды көр де — қасым көр!

Имран барсаң, пісте бар,

Пістені көр де — мұрным көр.

Әр шәһәрге қарасаң,

Құрулы тұрған күзгі бар,

Күзгіні көр де — көзім көр!

Самарқанд барсаң, сандал бар,

Сандалды көр де — тісім көр!

Ұсталарға барсаң, қасында

Тартулы жатқан сымдар бар,

Сымды көр де — қолым көр!

Тоғайға барсаң, тоғайда

Домаланған қоян бар,

Қоянды көр де — жоным көр!

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де — етім көр!

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де — бетім көр!

Мен Қырымның ішінде

Ақша ханның қызы едім,

Атам менен анамның

Асыранды қазы едім,

Қойда бағлан қозы едім,

Жылқыда шаңқан боз едім,

Қытай менен Қырымнан

Тамам жақсы жиылса,

Аузындағы сөзі едім,

Менің немді сұрайсың?

Бұл уақыт болғанда,

Бұл заманның шағында,

Жылап тұрған көзім бар,

Жалынып тұрған сөзім бар,

Өксіп тұрған жасым бар,

Әуре болған басым бар,

Алғанымнан айырма,

Мені өзіңе қайырма!

«Батыр Қожақ мен» дейсің,

Біз сықылды бишара

Жылап тілек еткен соң,



Тілекті бермес болар ма

Сіз сықылды асылдар!

Бес жасыңда, Қарт Қожақ,

Жас шыбықтан жай тарттың,

Жалғыз шиден оқ аттың,

Атқан оғың жоғалттың,

Кәне шыққан мүйізің?

Он жасыңа келгенде,

Қызыл-жасыл киініп,

Қынай белің буынып,

Қызбалықты көрініп,

Бала болдың бір кезек,

Кәне шыққан мүйізің?

Жиырма беске келгенде,

Ақ балтырың түрініп,

Оймақтай аузың бүрініп,

Қарт бурадай қамданып,

Қас батырдай шамданып,

Сыртыңнан дұспан сөз айтса,

Шыныңменен арланып,

Қызды бақтың бір кезек,

Кәне шыққан мүйізің?

Отыз беске келгенде,

Қоңыраулы найза қолға алдың,

Қоңыр салқын төске алдың,

Жауды көрсең, шүйілдің,

Жеңсіз берен киіндің,

Көксерке атты борбайлап,

Қамалды бұздың айқайлап,

Кәне шыққан мүйізің?

Қырық бес жасқа келгенде,

Қырым деген шәһәрдің

Жел жағына қаласың,

Ық жағына панасың.

Қырдан қиқу төгілсе,

Елге таман үңілсе,

Мың кісіге бір өзің

Шошынбай жалғыз барасың,

Кәне шыққан мүйізің?

Елу беске келгенде,

Топқа бардың бой түзеп,

Дауға бардың тіл безеп,

Билік құрдың бір кезек,

Кәне шыққан мүйізің?

Алпыс беске келгенде,

Сақал-мұртың қуарып,

Бойға біткен тамырдың

Бәрі бірдей суалып,

Алайын деп тұрмысың,

Мені көріп қуанып?

Өлтірсең де тимеймін,

Теңдік берсең, сүймеймін.



Бұрын батыр болсаң да,

Сенің басың бұл күнде

Жерде жатқан қу тезек!»

Сонда Қожақ ойлады: «Бұл ғой менің бес жасымнан елу бес жасыма келгенше не 

қылғанымның бәрін де тапты: тап менің өзімнің қасымда жүргендей. Ақыр 

асылзада патшаның баласы тағы. Енді менің бұл елу бес жасыма шейін не 

қылғанымды тапқанда, алпыс жасымдағыны да таппай ма? Мұны мен алсам, 

обалына қалады екенмін,— деді.— Енді бұл асылзаданың бала- сының тапқан 

сөзін таппады демейін. Мұны өзінің сүйгеніне қосайын»,— деді де, Тарғын батырға 

қосты да, қоя берді.

— Барыңыз! Менен озған дәурен екеуіңізге құтты болсын!— деді.

Тарғын ол қызды алып, сол кеткеннен кетіп, Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайына 

барды. Он сан ноғайдың он ханы бар еді, сол он ханның ішінде бір Ханзада деген 

хан бар еді, сол ханның қоластына барып, бір бидің үйіне қонып еді, би мұнан 

сұрады: «Сіздің атыңыз кім?» — деді.

Сонда Тарғын айтты: «Менің атым Тарғын»,— деді.

Ол би айтты: «Қасыңдағы жолдасың кім?» — деді.

Тарғын айтты: «Жолдасым Ақша ханның қызы Ақжүніс сұлу»,— деді.

Би айтты: «Ақша хан патшаның қызы Ақжүніс сұлу бұл болса, сахараға шығып, 

жұрт асып жүргені не себепті?» — деді.

Сонда Тарғын айтты: «Мен алып қашып жүрмін»,— деді.

Онда би айтты: «Ақжүністей сұлуды алып қашып жүретұғын сен қай Тарғынсың?» 

— деді. Онда Тарғын айтты: «Олалай ханның торғауыт деген жұртын харап еткен 

мен»,— деді.

Енді би бұларды өте сыйлады. Сыйлаған себебі: мұның ерлігін есіткені бар еді, 

соның үшін сыйлады.

Онан соң бұл бек Ханзада ханға барып мағлұм қылды. Хан есіткеннен соң, Тарғын 

менен Ақжүністі шақыртып алып, бір алтын сарайдың ішіне кіргізді де, хан бекке 

айтты: «Бұл батыр Ақжүністің қасында он күн, он бес күн отырған соң, жұртын, 

батырларын, мырзаларын, шораларын сағынар. Онан соң бұл дертті болар, іші 

шерлі болар. Бұл батырға менің қоластымдағы батырларымды, шораларымды 

аралатып көрсетіп, үйір қыл. Сүйтіп аралатып болған соң, Ақжүністің қасына алып 

кел. Сонан соң ол мұндағы жақсыларды көріп, таныс болған соң, өз жұртын 

сағынбас»,— деді.

Сонан соң бұл ханның жарлығы бойынша Тарғын батырды жұртын аралатып, 

жақсыларын көрсетіп, таныс қылып, ханға алып келді, үйіне кіргізді. Бұл Тарғын 

батыр жұртты аралап қайтып келген соң, барша Ханзада ханның батырлары, 

мырзалары, жақсылары жиылып хандарына келіп, ханменен маслихаттасып, 

сөйлесіп, Тарғынның ерлігін, батырлығын ханнан сұрап білді.

Сонда барлық жиылып отырған мырзалар, билер айтты: «Бұл Тарғын батыр 

болса, біздер оны өте құрметтеп сыйладық, сіздің жарлығыңыз жерде қалмасын 

деп», тағы да ханнан өтінді: «Бұл Тарғын батыр болса, біз мұны Шаған деген 

судың бойындағы қалмаққа жұмсалық. Ол қалмақты Шағанның бойынан 

ығыстырып, бізге жерін тартып алып берсін»,— деді.

Сонда хан Тарғынды шақыртып алып айтты: «Сен өз жұртыңнан қашып, Қырым 

жұртына бардың. Ол Қырым жұртының Олалай-Бұлалай деген жауын алып бердің 

және сен біздің қоластымызға келген соң, мынау Еділден шыққан Шаған дейтұғын 

судың бойындағы қыл жалаулы көп қалмақты ығыстырып, солардың жерін 

біздерге тартып алып бер!» — деді.

Сонда Тарғын: «Пәлі, бас тақсыр, жарар,— деді,— Алла тілесе, бірақ менің 

қасыма үш кісі жолдас беріңіз»,— деді.


Хан айтты: «Кімдерді аласың?» — деді. Тарғын айтты: «Бізге беріңіз Қарасайұлы 

Көбенді, Алшағырұлы Тегенді, Өмірұлы Себенді. Сол үшеуіменен барып 

қарармыз, бізге айтқан жарлығыңыз жерде қалмасын»,— деді де, үш кісі жолдасын 

алып, Тарғын батыр қалмаққа барып жетіп, қалмақты Шағанның басына қарай 

бостырды.

Қалмақтың аруағы қашып, бұларменен басқын тауып <қосылма> ұрыса алмады. 

Қалмақты Шағанның басындағы белден асырды, қонысын адыра қалдырды.

Сонан соң, егер де қалмақтың біздерменен ұрысарға ойлары болса, әскер жиған-

ды, соны қарайын деп, батыр Шағанның басындағы белдің үстіне жалғыз біткен 

еменнің басына шықты. Сол еменнің басында бір жалғыз-ақ көлденең біткен 

бұтағы бар еді, сол бұтаққа атша мініп отырса, ол бұтақтың түбі шірік екен. Бұтақ 

сынып жерге түсіп, әм Тарғын да бірге түсті. Тарғынның сонда бел омыртқасы 

буынынан шығып кетті. Сонда қасындағы үш жолдасы өздерінің найзаларын төрт 

бұрышты қылып қиюластырып, найзаның төрт бұрышына Тарғынның екі аяғын, екі 

қолын байлап, алдарына алып, екі айда Ханзада ханға алып келеді.

Ханзада хан бұл батырды неше күн бақтырып қараса да, ешбір жазыла алмады, 

жатқан орнынан қозғала алмады. Ол уақытта бұл Ханзада ханның елі Бұлғыр тау 

дейтұғын таудың ішін жайлайтұғын еді. Бұл Бұлғыр таудың ішінде алты бұлағы бар 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал