Ерте қамданған ұтады Жол қателікті кешірмейді



жүктеу 1.28 Mb.

бет1/13
Дата10.03.2017
өлшемі1.28 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 №8 (1243)           25

  ақпан  

2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

Биыл табиғат-ана уақытынан бұрын оянып, шаһарымызға құстардың сазын ерткен ерке 



көктем  ерте келді. Қара жер бетіне көк тебіндеп, бәйшешектер бүр жарып, сұлулық сәнін 

тауып үлгерді. 

Қош келдің, Көктем!                                                                         

Ерте қамданған 

ұтады

Жол қателікті 

кешірмейді

Құрметті кәсіпорын

ұйым, мекеме 

қызметкерлері және 

Тараз қаласының 

тұрғындары!



кЕл, көктЕмім,

кЕруЕндЕтіп...

 

„



Өткен жылы қала аумағында 

жол-көлік оқиғаларынан 27 адам 

көз жұмып, 798-і дене жарақатын 

алған.


Қазақтың тойы 

қайда барасың?

 

„



Бүгінгі тойлар дәстүр 

мен салттан кенде емес.                                                                                                                          

Дегенмен бәсекелестік  ортаға 

айналды.


 

„

Каналдар бойындағы 



кәсіпкерлік нысандардың 

қожайындары тазалыққа 

жауапты.  

    


5 бет.

    


4 бет.

    


11 бет.

2015  жылғы  1  наурыздан  Тараз 

қаласында  көріктендіру,  абаттанды-

ру  және  санитарлық  тазалықтың  екі 

айлығы жарияланды. 

Жамбыл  облысы  мәслихатының 

2013 жылғы 27 маусымдағы «Жамбыл 

облысының  қалалары  мен  елді 

мекендерінің аумақтарын абаттандыру 

Қағидаларын бекіту туралы» №14-14 

шешімінің 67 тармақшасына сәйкес: 

«Меншік нысанына қарамастан заңды 

және жеке тұлғалар осы Қағидаларға 

және  абаттандыру  паспорттарына 

сәйкес бөлінген аумақтың шекарасына 

тазалау, қоқыс шығару, суағарларды 

және  сорғытқыларды  тазарту 

жұмыстарын орындауы қажет».

Алдымызда «8 наурыз», «Наурыз», 

«1  Мамыр»  және  «Жеңіс  күні» 

мерекелері аталып өтіледі. Мейрамға 

дайындық  барысында  қаламызда 

тазалық  жұмыстарын  жүргізу  қажет. 

Сенбіліктерге  меншік  нысанына 

қарамастан  барлық  кәсіпорындар, 

ұйымдардың  еңбек  ұжымдарын, 

көпқабатты,  сондай-ақ  жеке  тұрғын 

үй  секторындағы  барлық  қала 

тұрғындарын  қаланың  санитарлық 

тазалық  жұмыстарына  белсене 

қатысуын сұраймыз.

      27-28  ақпан  күндері  Сіздерді 

қала  аумағын  абаттандырып, 

көркейту  жолында  жұмыла  еңбек 

етіп, туған қаламыздың тазалығына өз 

үлестеріңізді қосуға шақырамыз! 



тараз қаласының әкімдігі

ҚАлА-ҚАрБАлАС

2

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №8 (1243), 25 АҚпАН 2015 Жыл 



Халықтың бағасы, сенімнің үдесі

 

„



 «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімінің облыс тұрғындарымен 

есептік кездесуі өтті. Жыл қорытындысына арналған алқалы басқосуға Қр Қаржы 

министрі Бақыт Сұлтанов, парламент Сенатының депутаты Мұратбай Жолдасбаев, 

Мәжіліс депутаттары – Серікбай Нұрғисаев, Азамат Әбілдаев, президент Әкімшілігінің 

мемлекеттік инспекторы Василий Крылов қатысты. 

Ерман ӘБДИЕВ

Есепті  баяндамасын  жасаған  об-

лыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев:  «Облыс 

экономикасының өсу қарқынының негізгі 

көрсеткіштерінен  «Қазақстан  –  2050» 

Стратегиясын» іске асырудағы алғашқы 

нәтижелерін  байқауға  болады.  Салық 

түсімдерінен бастап, облыс өмірінің барлық 

салаларында, соның ішінде кәсіпкерлік пен 

өндірісте, әлеуметтік сала мен білімде, 

спорт  пен  мәдениетте  айтарлықтай 

көрсеткіштерге қол жеткіздік. Өздеріңіз 

білесіздер, 11 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген 

отырысында әлемдегі қалыптасып отырған 

экономикалық  дүрбелең  қазақстандық 

экономиканың дағдарысы емес екенін айта 

келе, билік пен жалпы жұртшылық алдында 

тұрған негізгі міндеттерді тағы бір мәрте 

айқындап берді. Мемлекет басшысы жаңа 

жұмыс  орындарын  құруға  бағытталған 

«Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа 

қарсы  тиімді  құрал  екеніне  назар  ау-

дарды. Оны жүзеге асыру үшін Ұлттық 

қордан  500  миллиард  теңге  бөлінуде. 

Соның  180  миллиарды  биылғы  жылы 

пайдаланылатын  болады.  Сондай-ақ, 

Елбасы  ұлттық  экономиканың  әлеуеті 

мен жинақталған қаржы көзінен шағын 

және орта кәсіпкерлікті қолдауды нықтап 

айтты. Жалпы алғанда, барлық деңгейдегі 

бюджеттер  оңтайландырылады.  Алай-

да,  ешқандай  да  әлеуметтік  төлемдер 

қысқармай, жұмыспен қамту, денсаулық 

сақтау және білім беру салаларында рефор-

ма жалғасын таба бермек.

П р е з и д е н т   і р і   ко м п а н и я л а р 

басшыларының назарын жұмыс орында-

рын қысқартпауға аударды. Бұл жұмыстар 

біздің облыста да белсенді жүргізілуде. 

Бүгінгі  күннің  өзінде  облыс  бойынша 

ірі  кәсіпорындармен  153  меморандум 

жасалды. «Казфосфат» компаниясы мен 

Ауыл шаруашылығы министрлігі 9 мил-

лиард теңгеге ауыл шаруашылығы тауар 

өндірушілеріне 90 мың тонна аммофос 

сату жөнінде меморандумға қол қойды. 

Өңірде жұмыс орындарын сақтап қалуға 

және тұрғындарды жұмыспен қамту үшін, 

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саяса-

тында көрсетілген инфрақұрылымдарды 

дамыту  бағыттары  бойынша  8  мыңға 

жуық адамды жұмысқа тартуды жоспарлап 

отырмыз.


Мемлекет  басшысы  белгілеген 

міндеттерді іске асыруға облысымызда 

барлық  мүмкіндіктер  бар.  Тек  қана  ел 

бірлігі мен қоғамдық келісімде, жалпыға 

ортақ  еңбек  қоғамына  аяқ  баса  оты-

рып,  барлығымыз  жұмыла  кірісуіміз 

қажет» - деді. Сондай-ақ, аймақ басшысы 

өңірдің өткен жылғы даму көрсеткіштері 

мен  алдағы  негізгі  жоспарларына  да 

кеңінен тоқталып, жан-жақты талдау жа-

сады. Биылғы жылы Қазақ хандығының 

550 жылдығы Тараз төрінде өтеді. Оған 

дайындық қызу. Сондай-ақ, осы шаралар 

аясында көне шаһардағы тарихи жәдігерлер 

де  көпшіліктің  назарына  ұсынылатын 

болады.


-    Өткен  жылы  мәдениет  нысанда-

рын  күрделі  және  ағымдағы  жөндеуге 

1,1  миллиард  теңге  бөлінді.  «Ежелгі 

Тараз» қалашығының қорғаныс жүйесі, 

цитадель, шахристан, рабад бөліктерінде 

археологиялық  қазба  жұмыстары 

жалғастырылды. «Көне Тараз – Мәңгілік 

Елдің  бесігі»  атты  «Археологиялық 

саябақтың» бизнес жоспары әзірленуде. 

Археологиялық саябақты Астанада өтетін 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 

дайындау жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінгі 

күнге  парк  аумағында  археологиялық 

жұмыстар қарқынды атқарылып келеді, 

жобаға сәйкес туристік кешендер құрылысы 

басталып кетті. Бұл археологиялық парктің 

алдағы уақытта өңірдегі туризмді қарқынды 

дамытуға берер мүмкіндігі зор, - деді облыс 

әкімі. Облыс басшысы Қазақ хандығының 

550 жылдығы аясында өтетін шараларды 

да  назардан  тыс  қалдырған  жоқ.  Биыл 

Елбасының шешімімен Қазақ хандығының 

550  жылдығы  аясында  негізгі  мәдени-

көпшілік,  спорттық  іс-шаралар  Тараз 

қаласында өтеді. Осы мерейтой аясында 

Тараз қаласын абаттандыру жұмыстарына 

еліміздің барлық өңірлері мен облыс аудан-

дары тартылмақ. Бұл көне шаһарымыздың 

архитектуралық келбетін бұдан да тартым-

ды ете түсері сөзсіз. Әкім баяндамасынан 

соң жарыссөзге шыққандар қатарында бір 

топ азаматтар облыс орталығының бүгіні 

мен ертеңі жайлы өз ойларын ортаға сал-

«Жеңіс пойызы» жолға шықты

g

 Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Жамбыл 



облысының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы аймақтық 

филиалының ұйымдастыруымен өңірде өтіп жатқан   

«Жеңіске тағзым!» айлығы тағы бір игі шараға ұласты. Бұл 

жолы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы филиалы – Жамбыл 

жол бөлімшесінің мұрындық болуымен құрамына дәрігерлер, 

әлеуметтік, мәдени қызметкерлер жасақталған «Жеңіс              

пойызы» облыс орталығынан шалғай жатқан аудандарға жол 

тартты. 


Арсен БАЙЗАҚ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Атал-

мыш пойыздар – Жамбыл-Бурный-Жаңатас және 

Жамбыл-Шу-Шығанақ-Отар бағытында жергілікті 

ардагерлерге  медициналық  көмек,  Ұлы  Отан 

соғысындағы майдангерлердің ерлігін насихаттау, 

ардагерлермен кездесулер ұйымдастыру және жастар 

бойында отансүйгіштік мақсаттарды қалыптастыру 

сынды елдік шараны мұрат етпек. Сондай-ақ, «Жеңіс 

пойызы»  Жамбыл  жол  бөлімшесіне  қарасты  38 

станцияға тоқтап, темір жол саласында жұмыс жасап 

жатқан 2449 қызметкердің отбасындағы қарияларға, 

тыл еңбеккерлеріне де қызмет көрсететін болады. 

«Жеңіс пойызын» шығарып салу алтанатында сөз 

алған  облыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев:  «Биылғы 

жыл - ерен Ерлікке ерекше тағзым ететін жыл. Бұл 

жыл – ардағы биік ардагерлерімізді ұлықтайтын 

ұлы жыл. Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан 

боздақтардың рухтарына бас иетін жыл. Өйткені, 

қасиетті де қастерлі Отан үшін жанын пида еткен 

боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету 

– біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдық 

торқалы  тойына  үлкен  мән  беріп,  ардагерлерге 

қамқорлық жасауды міндеттеді. Біздің облыстан қан 

майданға 50 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың 

елге 12 мыңға жуығы ғана оралды. Бүгінгі күнге 

облысымызда сұрапыл соғыстан аман келіп, еліміз 

үшін аянбай еңбек еткен 245 соғыс ардагері орта-

мызда. Осы мақсатта өңірде ардагерлерді ардақтау 

шаралары  басталып  кетті.  Ағымдағы  жылдың 

2  ақпанынан  бастап  облыс  көлемінде  «Жеңіске 

тағзым!»  айлығы  жарияланды.  Айлық  аясында 

«Қамқорлық және денсаулық» автокеруені барлық 

аудандарға шығып, соғыс ардагерлерімен кездесті.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің, қаза 

тапқан жауынгерлердің жесірлерінің жағдайларын 

зерттеп, тиісті шараларды қабылдады. Жергілікті 

жерлерде наурыз айында ескерткіштерді абаттандыру 

және қайта жөндеу жұмыстары басталады. Айлық 

аясындағы ендігі кезек - шалғай станциялар мен разъ-

ездерде тұратын аға ұрпақтың жасаған ерліктері мен 

еңбектеріне, Ұлы Жеңіске қосқан үлестеріне тағзым 

ету.  Осы  мақсатпен  облыс  орталығынан  «Жеңіс 

пойызы»  шыққалы  тұр.  Мұның  алдында  жолға 

шыққан автокеруеншілер құрамындағы белсенділер 

өңірдегі 224 ардагердің үйінде болып, қарияларға 

медициналық  көмек  көрсетті.  Дәрі-дәрмектері 

мен әлеуметтік пакет берілді. Осы медициналық 

тексеруден өткен ардагерлердің 81,6 пайызының 

денсаулығы қалыпты екендігі бізді қуантады. 18 

ардагер-майдангерге денсаулықтарын түзеу үшін ар-

найы емдеу мекемелеріне жолдамалар берілді.Жеңіс 

жолында ең қымбатын – өз өмірін құрбан еткендердің 

қаһармандық ерлігін ешқашан ұмытпауға тиіспіз. 

Егемен елі барда ерлер есімі ешқашанда өшпейді. 

Біздің борышымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің 

бізге  қалай  келгендігін  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу. 

Қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген 

ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету» - деді. Ал 

бұдан кейін сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы Тілеуқабыл Төребеков облыс аумағында 

ардагерлерді ардақтау бойынша атқарылып жатқан 

шараларға  бастама  болған  азаматтарға  алғысын 

жеткізді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы филиалы – Жамбыл 

жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков 

ұрыс даласынан аман-есен оралған ардагерлеріміздің 

дені кейінгі бейбіт өмірде де еңбек көрігін қыздыруда 

тер төккендерін айта келе: «Біздің қатарымызда, 

теміржолшылардың сапында да майдангер-ардагер-

лер бар. Олардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі бір 

төбе, темір жол саласына сіңірген еңбектері бір төбе. 

Оларға деген құрмет ешқашан төмендемейді»  - деді. 

Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары 

деңгейде атап өтуге әулиеаталық теміржолшылар да 

белсенді түрде атсалысатындығына сенім білдірді. 

Бұдан кейін шараға қатысушылар вагондарды аралап 

көрді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен облыстық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл Төребеков 

«Жез қоңырауды» қағып, «Жеңіс пойызын» шығарып 

салды. 

ды. Оның қатарында, «Ақниет» қоғамдық 



бірлестігінің төрағасы Ергеш Балтабайұлы 

«жасыл қала» деген атауды сақтап қалу үшін 

суармалы су жүйесін қалпына келтірсе деген 

өтінішін жеткізді. Сондай-ақ, Коммунистік 

партияның облыстағы филиалының хат-

шысы Жанна Мамашева облыс әкімінің 

жыл  ішінде  атқарған  жұмыстарына 

ризашылығын  жеткізіп:  «Біз  Қазақстан 

халқы Ассамблеясы көтерген мерзімінен 

бұрын  Президент  сайлауын  жөніндегі 

ұсынысын қабыл алып, қолдауымыз ке-

рек» деді. Ал, Амангелді Омаров Қазақ 

хандығының 550 жылдығын тойлар сәтте 

осында келген қонақтардың дені тарихи 

орындарды аралап танысатындығын ай-

тып, Қараһан бабаның кесенесіне бартын 

жол жөнделсе деген тілегін жеткізді. Тараз 

қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының 

орынбасары  Күләш  Әбдікешова  облыс 

әкімінің  ардагерлерге  жасап  отырған 

қамқорлығына  ризашылығын  жеткізіп, 

алғысын білдірді. Абдолла Бақбергенов об-

лыс орталығындағы жайылма базарлардың 

жайын тоқталды. «Барысхан» алқабының 

тұрғыны Алтын Базарбайқызы алқапұқа 

көгілдір отынның қашан жеткізілетіндігін 

сұрады. Волкова көшесінің тұрғыны Нұрбол 

Әбдіхалық  жастардың  спортқа  деген 

қызығушылығы артып келе жатқандығын 

алдыға  тартып,  аталмыш  көше  бойы-

нан спорт алаңшасын соғып берсе деген 

өтінішін  білдірді.  Жарыссөзге  шығып, 

өтініш-тілектерін жеткізген тұрғындардың 

барлығы  дарлық  жауап  берген  облыс 

әкімі шешімін күткен мәселелер бойынша 

шешімдер қабылданатындығын айтты.



рухАНияТ

3

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №8 (1243),  25 АҚпАН  2015 Жыл 



Асыл Құдайбергенов, режиссер:

 Отелло трагедиясы - адами қасиеттердің қалай 

уланатынын,  оны қоздыратын  себептерді  ашып 

көрсеткен ұлы туынды. Қойылымның да   басты 

ойы - қызғаныш, көре алмау. Жек көру  - жеке 

адамдарды да,  қоғамды да қасіретке  апаратын жол 

екенін айтады. Содан соң  сақтануға шақырады.

мәдЕниЕт -                  

мәңгіліктің  іргЕтасы

g

 Биыл өңірдегі мәдени шараның негізі – Қазақ хандығының 550 жылдығына 



арналмақ.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Өңірде  өткен  жылы  мәдени  бағытта 

атқарылған жұмыстардың есебін берген 

облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және 

құжаттама  басқармасының  басшысы 

Дүйсенәлі  Бықыбаев  қатысушылардың 

назарына  атқарылған  жұмыстар  мен 

алдағы бірқатар жоспарларды тарқатып 

айтып өтті. Есепті жиынға облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып 

отырды.

-    ЮНЕСКО-ның  «Бүкіләлемдік 



Мәдени  мұра»  тізбесіне  Қазақстаннан 

Ұлы  Жібек  жолы  бойында  орналасқан 

8 нысан енсе, оның 5-еуі – біздің облы-

стан. Жыл басында облыс делегациясы 

Ұлы Жібек жолы бастау алған Шэньси 

 

„



Ш.уәлиханов атындағы кітапханада Қр Мәдениет қайраткері, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 2012 жылғы «Жыл 

драматургі», Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры 

Болат Бекжанның жастармен кездесу кеші өтті. 

Тылсым - ғайып тербеген егіз - өлең...

Асылзат ЖҰМАБАЙ

Жиынның  мақсаты  -  кеш  иесін  көпшілік 

қауымға өзге де қырынан таныстырып, өмірі 

мен  шығармашылығын  оқырманға  насихат-

тау  еді.    Төртінші  сыныпта  оқып  жүргенде-

ақ  өлеңнің  құрылысын  меңгерген  Б.Бекжан 

бүгінде бірнеше кітап жазып, халықтың ыстық 

ықыласына  бөленген  жазушы.  Топырағына 

дейін киелі Таластың тумасы журналист, редак-

тор, сазгер, жазушы-драматург ретінде Алашқа 

танымал болды десек, артық айтқандық емес. 

Жамбыл  облыстық  Ш.Уәлиханов  атындағы 

әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы мен «Асыл 

Арман»  ұлттық  дәстүр  мен  өнерді  қолдау 

қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдастыруымен 

өткізілген бұл шарада ақын өмірінен алынған 

фотошежірелі  слайдтар  көрсетілді.  Сонымен 

қатар жастар өз шығармашылықтарынан өлең 

оқып, кеш иесіне көкейдегі сұрақтарын жолда-

ды, Һәм тұшымды жауаптар да алынды. Кеш 

барысында сазгер ретінде танылған Б.Бекжан 

авторлық әнін орындап, жиналған көпшілікті 

бір серпілтіп тастады. Артынша ұстаз тәлімін 

көріп, қанатын қаққан жас шәкірттер ақынмен 

өткен журналистік өмірдің қызық та қиын жол-

дарын әңгімеге арқау етіп, жақсы естеліктерді 

баяндады. Шара соңында жазушы әрі журналист 

Болат Бекжанның мерзімді басылымдар бетінде 

жарық көрген мақалалары мен «Құс қанатындағы 

сағыныш»,  «Шымылдықтың  арғы  жағы», 

«Бізбіз» кітаптарынан «Ақтарылып ашылғанда ақ 

сандық...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

провинциясы  Сиань  қаласына  барып, 

археологиялық  зерттеу  жұмыстарын 

тереңдетіп, ғылыми зерттеулерге жол ашу 

мақсатында Мәдениет министрлігі және 

Қытай  Халық  Республикасының  «Ұлы 

Жібек  жолы»  бойының  экономикалық 

белдеуі  институтымен  келісімге  қол 

жеткізілді. Сәуір айында Таразға Сиань 

қаласынан бір топ тарихшылар, архео-

логтар және өнер қайраткерлері келетін 

болды.  Өткен  жылы  Ұлы  Жібек  жолы 

бойымен осы Сиань қаласынан шыққан 

тарихи  керуен  Қазақ  хандығының  550 

жылдығы  қарсаңында  Тараз  қаласына 

келмек.  Ол  136  түйе,  12  атты  арба,  25 

автокөлік және 100-ге жуық керуеншіден 

құралған.  Ғылыми-зерттеу жұмыстары 

барысында биыл Тараз қаласы мен Са-

рысу ауданының «Тарих және мәдениет 

ескерткіштерінің жинағы» жарық көрді.  

Алда елімізді күтіп тұрған атаулы мере-

келер ел ішінде басталып та кетті. Қазақ 

хандығының  550  жылдығы  Әулиеата 

өңірінде  құрылғандықтан,  аталмыш 

мереке Жамбыл облысында өтетін бол-

ды. Осы орайда облыстық қазақ драма 

театры Қ.Ысқақ пен Қ.Шахимарданның 

«Қазақтар»  атты  тарихи-драмасын 

сахналау  үстінде.  Бұл  драмада  Керей 

хан  мен  Жәнібек  ханның  Шу-Талас 

өңіріне ат басын бұрып хандық құруы, 

ондағы  қайшылықтар  мен  хандықтың 

қалыптасу кезеңі сөз болады. Бұған қоса, 

бүгінгі таңда облыста 7 музей халыққа 

қызмет  көрсетеді.  Былтыр  Алматы  об-

лысында Жамбыл облысының Мәдениет 

күндері ұйымдастырылып, жамбылдық 

өнерпаздар  «Жер  жаннаты  -  Жетісу» 

жұртшылығының  ризашылығына 

бөленді.  Биылғы  жылы  Қарағанды 

өңірінде  Жамбыл  облысы  күндерін 

өткізу жоспарлануда, - деді есепті сөзінде 

Дүйсенәлі  Дыбысалыұлы.  Сондай-ақ, 

есепті жиында аудандарда шоғырланған 

мәдени орындардың тыныс тіршілігі мен 

сол  мекемелердегі  жас  мамандардың 

тапшылығы  сынды  бірқатар  маңызды 

мәселелер  де  назардан  тыс  қалмады. 

Жиын барысында облыс әкімінің орын-

басары  Ерқанат  Мәнжуов  Жуалы,  Т. 

Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарындағы 

орталықтандырылған  кітапханалар 

жүйесінің  басшыларына  «Кітапхана 

ісінің ардагерлері» атты төсбелгі табыс 

етті.

Жуырда 04.03.2015ж.


ОрТА

4

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №8 (1243), 25  АҚпАН  2015 Жыл   //



 

„

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 



оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп кешенінде 

21 ақпан - халықаралық ана тілі күніне орай «Тілімде 

менің сыры терең жаным бар...» тақырыбында қазақ 

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында 

облыстық шығармашылық байқау өткізілді. 

Тілімнің де сыры терең...

Гүлмира ӘБИРОВА,                                                                                  

Төле би атындағы №8 гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті                  

пәнінің мұғалімі

Байқаудың  5  бөлімінде  ақын  Мұқағалидің  шығармашылығы 

қамтылды. Шараға Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның мұғалімі 

Т.Қожамұратов,   Төле би атындағы №8 гимназиядан Г.Әбирова мен 

Т.Елтайұлы, Абай атындағы №26 орта мектептен А.Құлекеева, №39 мек-

теп-гимназиядан Қ.Иманалиева, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мек-

тептен Г.Медет қатысты. Ақын туындыларын Т.Қожамұратұлы мәнерлеп 

жатқа оқып, тыңдарман көңілінен шықса, Т.Елтайұлы мен Г.Медет «Ару 

ана» шығармасынан қойылым көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. 

Г.Әбирова  «Қүрең күз» әнін нақышына келтіріп орындап, көрермендердің 

құлақ құрышын қандырса, А.Күлекеева ақынға арнаған төл туындысын 

оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Қ.Иманалиева тест тапсырды. 

Сөйтіп, Бас жүлдені Тараз қаласының «Мұзбалақ» тобы алды. Топ жетекшісі 

қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Шеримова.

Шежіре - 20

 (Сарғайған газет беттерінен)

Жалғасы, басы өткен санда 

№7. 28.03.1996

Бірқатар облысқа белгілі азаматтарға «Жамбыл облысының 

Құрметті азаматы» атағы берілді. Олар: Социалистік Еңбек Ері, бес 

Ленин орденінің толық иегері, Октябрь революциясының, Еңбек 

Қызыл Ту ордендерінің иегері – Асанбай Асқаров, Құрмет және Еңбек 

Қызыл Ту орденінің кавалері, еңбек ардагері – Арыстан Өтеулин және 

еңбек майталманы – Маноп Мұхамеджанов.

«Таразға – 2000» айдарымен берілген мақалада облыстық тарихи 

өлке-тану мұражайының директоры Қ.Байбосынов мұражай тағы бір 

тарихи жәдігермен толыққанын жазады. Мақалада Жуалы ауданы 

Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Ержан Шалабаев садақ жебесінің 

қоладан ұшталған ұшын музейге өткізгендігін айтқан. Ол бұл 

жәдігерді Шоқпар ауылының оңтүстігіндегі қорым маңынан тауып 

алыпты.


№8. 04.04.1996

Облыс кәсіпкерлерінің ҚР Президенті Н.Назарбаевқа Үндеуі 

жарияланды. Онда аймақ кәсіпкерлері 15 наурызда өткен кезектен 

тыс облыс кәсіпкерлерінің үшінші съезінің ұйымдастыру шараларына 

көңілдері толмағандығын жеткізеді.

«Жамбылдықтар туралы не білеміз?». Бұл тақырыпта берілген 

мақалада статистика сөйлейді. 1995 жылы Жамбыл қаласы халқының 

саны – 307,7 мың адамды құраған. Ал, 1996 жылдың есепті 

мерзімінде қала халқының саны 304,6 мың адамды құрап, тіпті соңғы 

айдың өзінде қаладан 450 адам өз Отанына көшіп кеткендігі айтыла-

ды.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал