Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс



жүктеу 1.19 Mb.

бет5/12
Дата02.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

асыл әжелеріміздің ағынан 



ақтарылған сөздерінен дархан даладай 

кең пейілі, мейірбан көңілінен заңғар 

таудай биіктігі білінеді. адалдықтың 

аласармас асқарындай болған әз 

әжелеріміз тағылым мен тәрбиенің, 

иба мен инабаттың қайнар көзі. зейнеп 

Смағұлқызы да сондай ақ, адал, әзиз 

ана. Міне, ақ жүзін әжім торлап, 

сексеннің сеңгіріне де жетті.

даладай дархан пейілі

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Редакцияға арнайы келіп, ақ жаулығы желбіреп, ақ 

жүрегі елжіреп, ақ батасын арнап, ән-жырын айтып 

беріп жүретін  әжені іздеп ақ ордасына бас сұқтым. 

-  Байқадамның тумасымын. Бала күнім соғыспен 

тұспа-тұс өтті. Мектепке бармай жатып-ақ, шөп жидық, 

сабан тасыдық. Мал төлдетуге де көмек бердік. Кейін  

мектепке аяқ басқан соң қой  көгендедік, саудық. 

Сүтті совхоз брынза жасап, соғысқа жібереді. Жүн  

жинаймыз. Шөп орамыз. Өгіз немесе атты байлап, 

сонымен астық тасимыз. Малға су тасыдық. Балшық 

иледік. Біздің балалық бейнетпен төгілген маңдай 

тердің ащы дәміндей. Әсіресе соғыс біткен жыл көз 

алдымда ең жарқын шақтың тәтті елесіндей қылаң 

береді. Қуаныштан ұлан-асыр той тойлап, мәре-сәре 

болғанбыз,- деп өткен күндерді есіне алды Зейнеп әже.

Ал тұрмыс құрып, ана атанар сәтін есіне алған әже 

қыз болып қыдырып, жігітпен оңаша сөйлесу ол кезеңде 

санаға  сыймаған  ұғым  болғанын  айтады.Ұнатқан 

жігітімен бір рет қана киноға барыпты. Оның өзінде аға-

жеңгесі, құрбы қыздары ілесе жүрген. Сөйтіп, соңыра 

ұнатып қалған әдемі қызды үйіне алып кетуге келген 

жігіт, екеуі бірге оқуға түсетінін айтып, отбасы болуға 

көндірген. Алайда келер жылы сәбилі болғандықтан 

Зейнеп әже оқуды біржола ұмытады. 

Сегіз  құрсақ  көтерген  ананың  бүгінде  Қайрат, 

Салтанат, Сағадат есімді үш перзенті бар. Жиырмаға 

жуық немере және он бестен аса шөбере сүйіп отыр. 

Әз әже өнерден кенде емес. Шаңқобыз тартып, ән 

салып, өлең де шығарады. «Келіндерге өсиет», «Не-

мереме» әндерін той-томалақтарда жұртшылық қалап, 

қайта-қайта орындауын сұранады екен. Сондай-ақ, әже 

сазгер Ілия Жақановтың ауылдасы, замандасы  екенін 

мақтан тұтады.

-  Ақ қағаздың бетіне қалам жүгіртуді жаным сүйеді. 

Бүгінде басылымдардан мақала, өсиет-баталарым 

жарық көріп тұрады. Тек автобус  біздің ауладан аулаққа 

тоқтап, алыстау жүріп жатыр. Үйден көп шыға алмай-

мын, қоғамдық көлік өтетін жер шалғай болғандықтан, 

жиі шаршап қаламын. Сондықтан біздің үй жаққа 

аялдама қатты қажет,- деп қария ағынан жарылды. Ақ 

дастарханнан дәм татып, әженің ақ батасын да алдық. 

Соңыра қария келіндеріне арнаған өсиет өлеңін айтып 

беруді де ұмытпады.

Кімдер келіп өмірге, кім кетпеген?

Адамменен адам ба, қарағым, тілдеспеген?

Қасиетті келіндер бола берсін,

Ата-енені аялап, қарағым, құрметтеген

Ой, қарағым, айналайын,

Ой, қарағым, келінжаным.

Ата-енемен бір үйде тұрған келін

Ата-ененің кір-қоңын жуған келін.

Сыйластықпен жаңаша қамқоршы боп,

Негізінен ақылды туған келін. 

Келіндер бар жайдары жарқылдаған,

Еңбек десе, ерініп, тартынбаған.

Ерте тұрып, кеш жатып, еңбек етіп,

Оттың басы шаң-шұң боп, шайқалмаған.

Ой, қарағым, айналайын.

Ой, қарағым, келінжаным,- деп шарықтата шырқаған 

әжеге мерейлі 80 жасыңыз құтты болсын демекпіз!

 

„

«Еңлікгүл»  –  театр өнерінде қол жеткізген бір жылдағы 



шығармашылық табыстары үшін берілетін кәсіби Театр 

сыйлығы. Оны 2010 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері 

Одағы тағайындаған болатын. 

рахат «Еңлікгүлді» еншіледі

Арсен БАЙЗАҚ

Биылғы «Еңлікгүл-2016» сыйлығының  «Жыл 

театр суретшісі» номинациясы жүлдесін  еліміз 

бойынша  осы  жүлдені  алуға  талап  қылған 

41  театрдың  арасынан    Жамбыл  облыстық 

қазақ драма театрының бас суретшісі Рахат  

Сапаралиева жеңіп алды. Жамбыл театрының 

қылқалам шебері Рахат Сапаралиеваның осы 

өнер додасына қатысқан театрлардың ішінен 

дараланып, озып шығуы – әсте тегін емес. 

Рахат  –  1988  жылы  Н.В.Гоголь  атындағы 

Алматы көркемсурет училищесінің театралдық-

декорациялық бөлімін «суретші-декоратор» 

мамандығы  бойынша,  одан  соң  Тараз 

педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері 

және  сызу»  бөлімін  бітірген  білікті  маман, 

танымал  суретші.  Ол  Жамбыл  театрында 

1988 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ең алғаш 

облыстық  орыс  драма  театрында    суретші-

декоратор болды. 1999 жылдан бастап Жамбыл 

облыстық қазақ драма театрында бутафор-деко-

ратор, қоюшы-суретші болып жұмыс жасаған. 

2005 жылдың қыркүйек айынан театрда бас 

суретші болып еңбек етіп келеді. Ол осы театрда 

сахналанған 50-ден аса спектакльдерге қоюшы-

суретші болды. Олардың ішінде республикалық  

театр  фестивальдерінде жүлделі орын алған 

қойылымдар  да  бар.  Мәселен,  2002  жылы 

оның  Орал қаласында республикалық театр 

фестивалінде  қойылған  Иран  Ғайыптың 

«Қорқыт» және «Құрманғазы» туындысына 

жасаған сценографиялары лайықты бағасын 

алып,  фестиваль  дипломанты  атанды.  2003 

жылы    республикалық  театр  фестивалінде 

Иран  Ғайыптың  «Махамбет»  шығармасы 

бойынша жасаған сценографиясы 1-ші орынға 

ие болды. 2006 жылы Талдықорған қаласында 

Қазақстан Республикасының 15 жылдығына 

арналған республикалық театр фестивалінде 

І.Есенберлиннің    «Кенесары-Наурызбай» 

туындысына жасаған сценографиясы да үздік 

танылып, фестиваль дипломанттары  қатарынан 

көрінді. Р.Сапаралиеваның  өнерінен туындаған 

сурет,  кескіндеме  және  т.б.  туындылары 

облыстық және  республикалық  көрмелерге 

тұрақты  қойылып,  лайықты  бағасын  алып 

келеді.  

Ол  2015  жылы  Қазақ  хандығының  550 

жылдығына  арналып  сахналанған  Қ.Ысқақ 

пен  Ш.Құсайыновтың  «Қазақтар»  тари-

хи  драмасының  қоюшы-суретшісі  ретінде, 

аталған  қойылымның  сахналық  сценогра-

фиясы мен сахна киімдері үлгілерінің ерек-

ше  нақышпен  жасалуын  жүзеге  асырып,  

облыс  басшылығының  алғысына  ие  бол-

ды.  Сондай-ақ,  осы  жылы  У.Шекспирдің 

«Отелло»,  М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебек» 

трагедияларының, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-

ана» драмасының, Ә.Файзуллаұлының «Алтын 

адам» ертегісінің  қоюшы-суретшісі  болып, 

аталған шығармалардың сахналық декораци-

ялары мен костюмдерінің талап пен талғамға 

сай, шебер жасалуын қамтамасыз етті.  

 Ол 2003 жылы Жастардың республикалық  

«Шабыт»  фестивалінің  дипломанты    бол-

ды,  2006  жылы  Жамбыл  облысы  әкімінің 

«Шығармашыл жастар» стипендиясының иегері 

атанды. Р.Сапаралиева Қазақстан Суретшілер 

Одағының  белді де белсенді мүшесі. Талантты  

кәсіпқой суретші ретінде театрдың, қаланың 

және  жалпы  облыс  көлемінде  өткізілетін 

барлық іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға 

белсенді түрде атсалысады. Облыстық және 

республикалық деңгейде  басқа да көптеген 

марапаттауларға ие болған Р.Сапаралиева 2003 

жылдан бері Қазақстан Театр қайраткерлері 

Одағының мүшесі.


ЗЕРДЕ

9

       // «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6  сәуір 2016 Жыл //



Индира БАЙҚОНЫС

     Соңыра үнді халқы шахмат ойынының 

ережесін  бекіткен.  Шахмат  ойынының 

тұңғыш аты – «чатуранга».  Шығыста ел 

билеуші патшаны шах деп атайды. Ал  мат  

«өлді»  деген  сөз  екен.  Сонда  «шахмат» 

сөзін: «Қарсыластың патшасына (короліне) 

өлім келсін!»  деп аударуға болады. Шахмат 

тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 

шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осын-

да, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» 

екі  армиясы  64  шаршылы  тақта  үстінде 

шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойын-

шы ойнайды.  

Бірінші  кезекте  шахмат  –  ол  күрес. 

Шахмат  адамды  жылдам  ойлауға, 

шешім  қабылдауға  және  қадам  жасауға 

итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті 

дамытуға,  әр  алуан  варианттарды  жыл-

дам  әрі  дәл  есептей  білуге,  жеңіске  же-

туге  деген  ерік-жігерді  қалыптастыруға 

және  басқа  да  моральдік  қасиеттерді 

тәрбиелеуге көмектеседі. Сондай-ақ, шах-

матпен тұрақты шұғылданатын адамның 

дүниетанымы кеңейіп, математика, физика, 

химия сияқты пәндерге жүйрік болатынын 

ғалымдар да дәлелдеп отыр. Біле білсек, 

әлемдегі мықты-мықты саясаткерлер, топ-

менеджерлер шахмат ойнап, табысқа жете 

білген.  Америкалық  публицист  Ричард 

Бах: «Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын 

бәсекелеспен шахмат ойнау» деген екен. 

 Әлем халықтары ХХ ғасырдың басында 

шахмат  ойынына  жаппай  қызығушылық 

танытқан. 

Бүкіләлемдік шахмат федерациясы 1924 

жылы құрылса, 1966 жылдан бастап  20 

шілде Халықаралық шахмат күні ретінде 

аталып өтіледі.  

Шахмат спортында жасындай жарқылдап, 

жер-жаһанға қазақ елін мойындатып жүрген 

дарынды  ұл-қыздарымыз  баршылық.  

Жансая  Әбдімәлік,  Болат  Асанов,  Ринат 

Жұмабаев,  Әлібек  Ибрагимов,  Динара 

Сәдуақасова,  Бибісара  Асаубаевалардың 

есімдері елге белгілі. 

Әсіресе,  қаршадай  ғана  Жансаяның 

жетістігі кісі қызығарлықтай. Әлі буыны 

қатпаған балауса қыз биік-биік белестерді 

бағындырып  жүр.    Жансая  Әбдімәлік 

6  жасқа  толғанда,  әкесі  Данияр  оған 

шахматтың ережелерін түсіндіріпті.  Қайсар 

қыз 8 жасында Әлем чемпионы атанғанда,  

спорт шебері Николай Перегудовтың өзі 

Жансаяның  қабілетін жоғары бағалайды. 

Артынша жаттықтырушысы болуға өтініш 

білдіреді. «Мен ғұмырымда алғаш рет жап-

жас қыздың ерекше дарынын байқадым. 

Ондай қасиетті мен бұрын-соңды көрген 

емеспін», – деп ол таңданысын көпшілік 

алдында жасырмай айтып жүрді.

Небәрі  12  жасында  әлемнің  ең  жас 

гроссмейстері  атанған  ол  ер  балалар 

арасындағы бәсекеде де талай рет бақ сынап 

көрді. Ол 2009 жылы өткен біріншілікте 

ер  балалар  арасында  жалғыз  қыз  бо-

лып,  19-орынды  межелеген  еді.  Мұның                         

өзі - үлкен жеңіс. Жүйелі, сатылы, үзбей 

ойнағанда  ғана  шахматтың  қыр-сырына 

қанығуға  мүмкіндік  бар.  Сондықтан  да 

Жансая табиғатынан берілген бейімділікті 

белгілі бір мақсатқа бағыттай алады. 

2012 жылы Елбасы қатысқан Астанадағы 

интерактивті дәрісте спортшы қыз: «Шах-

мат  сабағын  мектепте  оқытуға  қалай 

қарайсыз?» - деп Президентке сауал қойған 

еді.  Елбасы:  «Шахмат  ойыны  адамның 

ақыл-ойын дамытады. Есептеуге үйретеді. 

Мемлекет басқаратын басшылар да міндетті 

түрде шахмат ойнайды. Елімізде адамның 

ақыл-ойын ширататын спорт түрін одан әрі 

дамыту  үшін бәрін жасайтын боламыз»,-

деп жауап беріп, мектеп бағдарламасына 

да  шахмат сабағын енгізуді құптайтынын 

жеткізген-ді.  Елбасының  бұл  сөзін  іліп 

алып  кеткен  Қарағанды  қаласының 

мектептері шахматты пән ретінде оқытуды 

бастап кеткен де болатын. Міне, осындай 

игі  бастамалардың  ізін  ала  2014  жылы 

Алматыда  Жансая  Әбдімәліктің  шахмат 

академиясы ашылса, Әз-Наурыз мерекесі 

қарсаңында алып шаһарда тағы бір филиа-

лы есігін айқара ашты. Енді мұндай іргелі 

оқу орны елордамыз Астана қаласы мен 

республикамыздың өзге өңірлерінде бой 

көтермек.  

 Шаршы тақтада талайларды састыратын 

 

„

шахмат  – ғылыми ақыл-ой және халық 



шығармашылығы негізінде пайда болған ең 

танымды да қызықты спорт ойыны. Ойын тұңғыш 

рет V ғасырда үндістанда  шыққан. Әу баста үнділер 

өз әскерлерін стратегиялық жолмен жеңіске жеткізу 

үшін тақтайлар мен ойыншықтарды пайдаланған 

деседі.

аҚыл МЕн Ой 

КӨКЖИЕгі

ойлы  спортшылар  Таразда  да  жетерлік. 

Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін 

шахматқа құмар жандар табылады. 

Облысымызда балалар-жасөспірімдерге 

арналған  спорт  мектептерінде  шахмат-

шылар өз біліктіліктерін арттырса,  қала 

әкімдігінің білім бөлімінің мектептен тыс 

жұмыс  және  балалар  шығармашылығы 

орталығында  шахмат  үйірмелері  жұмыс 

істейді. Бүгінде шаһар бойынша олардың 

саны үшке жетіп отыр. Бұл орталықтардың 

әрқайсысында 60-тан  аса бала шахматтың 

қыр-сырын меңгеріп, айтулы жарыстарда 

топ  жарып  жүр.  Бұдан  бөлек,  облыста 

Шахмат  федерациясы  жемісті  жұмыс 

атқарып келеді. Жуырда облыс әкімдігінің  

дене шынықтыру және спорт басқармасы 

мен  Шахмат  федерациясының  бірлесе 

ұйымдастыруымен облыс біріншілігі өтіп, 

онда  8-18  жас  аралығында  спортшылар 

арасында қара үзген 12 чемпионның есімі 

анықталды.

Ш а х м а т т а н   о б л ы с т ы ң   а ғ а 

жаттықтырушысы    Әлібек  Өтеулиев 

өлкемізде осынау ақыл-ой спортының да-

муына өз үлесін қосып жүрген азамат. Оның 

айтуынша,  жыл  өткен  сайын  шахматпен 

айналысушылардың қатары артып келеді. 

-  Мен  облыстың  аға  жаттықтырушы 

бола  жүріп,  білім  бөлімінің  мек-

тептен  тыс  жұмыс  және  балалар 

шығармашылығы  орталығында  жұмыс 

істеймін. Шәкірттерімнің 90 пайызын ұл 

балалар құраса, қалған 10 пайызы қаракөз 

қарындастарым.  Бүгінде Әулиеата жерінде 

спорттың бұл түрі қарыштап даму үстінде. 

Мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп 

келеді, - дейді ол. 

Расында,  билік  тарапынан  шахматтың 

дамуына айрықша көңіл бөлінбек. Мәселен, 

бұған дейін шахмат қауымдастығына қаржы 

облыстық  дене  шынықтыру  және  спорт 

басқармасынан бөлінсе, енді 2017 жылдан 

бастап  бұл  қаражат  тікелей  Қазақстан 

Республикасының  Мәдениет  және  спорт 

министрлігі тарапынан үлестірілмек. Осын-

дай ақжолтай хабарды жеткізген  Әлібек 

Өтеулиев    Павлодар,  Астана,  Қарағанды 

қалаларындағыдай біздің де киелі өлкеде 

шахматтың дамуына даңғыл жол ашылары-

на сенімді. Алайда, бала күнінен шахматтың 

майын ішіп, жілігін шаққан шоң жігіт қала 

орталығындағы шахмат клубының бүгінгі 

сүреңсіз жағдайына налиды.

«Кезінде  аты  дүркіреп  тұрған  клуб 

қазір адам көргісіз халде. Жертөленің екі 

бөлмесіне жиналатын жамағат қушықтай 

жерде шахматпен қалай шұғылданбақ? Осы 

мәселе назарға алынса, шахмат спортының 

да жаппай бұқаралық сипат алуына ықпал 

етер еді»,-деп көкейінде жүрген мәселесін 

ортаға салды аға жаттықтырушы. 

Жамбыл  шахматы  республикалық, 

халықаралық  додаларда  бәйгенің  алдын 

бермей  жүрген  Мадина  Дәулетбаева, 

Серікбай Шыңғысхан, Тұрар Дастан сын-

ды саңлақтармен мақтанады. Осы орайда, 

Мадина  Дәулетбаеваның  қол  жеткізген 

толайым табыстары айрықша сүйсіндіреді. 

Мадина - шахматтан Қазақстанның үш 

дүркін  чемпионы,  халықаралық  шебер, 

2011 жылы Стамбұлда өткен Бүкіләлемдік 

шахмат олимпиадасының қола жүлдегері, 

Ташкенттегі  аймақтық  біріншіліктің 

жеңімпазы.  Былтыр  Мадина    «Pavlodar 

Open  –  2015»  турниріне  қатысты.    85 

шахматшы қатысқан жарыста жерлесіміз 

қарсыластарынан кем түспей, нәтижесінде 

екінші орыннан көрінді. Осылайша, спорт-

шы    халықаралық  дәрежедегі  гроссмей-

стер  нормативін  орындады.  «Шахмат 

шыдамсыздықты кешірмейді».  Бұл – Ма-

дина Дәулетбаеваның сөзі. Жерлесіміздің 

шахматпен  айналысқанына  21  жыл  бо-

лыпты.  Алғашқы  жаттықтырушысы- 

әкесі. Кейінірек Григорий Ким мен Павел 

Коцурдан  дәріс  алған.  Бүгінде  Ұлттық 

құраманың  басқа  да  қыздарымен  бірге 

тәжірибелі  бапкер  Юрий  Рафаилович 

пен Мұртас Қажғалиевтің шәкірті.  Міне, 

бүгінде  Жансая  Әбдімәлік,  Мадина 

Дәулетбаева, Динара Сәдуақасова,  Бибісара 

Асаубаеваларға еліктейтіндер көп. Бірақ бір 

байқағанымыздай, халықтың көзайымына 

айналған спортшыларымыздың көпшілігі 

нәзік  жандылар  екен.  Жоғарыда  атап 

өткен  Болат  Асанов,  Ринат  Жұмабаев, 

Әлібек Ибрагимовтердің есімдерін жұрт 

біле  бермейді.    Осы  сұрақты  Әлібек 

мырзаға  қойғанымызда,  ол  ұлдар  ара-

сында  бәсекенің  жоғары  екенін,  сол 

себепті жігіттердің жетістігі көзден тасада 

қалатынын тілге тиек етті. Ал бұл ретте, 

нәзік жанды аруларға жеңіл. Дегенмен, мек-

теп бағдарламаларына шахмат пән ретінде 

жаппай енгізілсе, шахмат үйірмелері ұдайы 

жұмыс  істесе,  елімізде  спорттың  осы 

түрінің дамуына тың серпін берері сөзсіз. 

Себебі, біз  шахматтың көкжиегін кеңейту 

арқылы    жас  ұрпақты  ақыл  мен  білімге 

баулимыз.



Біле жүріңіз!

Шахмат  ойыны  –  адамның  есте 

сақтау қабілеті, логикасын арттырып, 

сабырлыққа тәрбиелейді.

***

Ойыншылар  ұзақ  уақыт  ойынның 

қызығына  беріліп,  тіпті,  қатты 

шаршағандарынан  ұйықтап  кететін 

болған. 1851  жылы  шахмат ойыны-

на  уақыт  белгілеу  туралы  тұжырым 

жасалып,  1883  жылы  британдық 

Томас  Уилсон  механикалық  сағатты 

қолданысқа енгізген.

***    

Серптер  жаңа  үйл енген  ерлі-

зайыптыларға  шахмат  тақтасын 

сыйға тартуды дәстүрге айналдырған. 

Бұл  шағын  сыйлық  арқылы  ақ  пен 

қара  айқасқан  өмірде  қуаныш  пен 

қиындықтың қатар жүретінін ескертіп 

тұратын пәлсапа жатса керек.

12

//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6 сәуір 2016 Жыл  //



Tv АПТА

ДүЙСЕНБІ

11 

сәуір

СЕЙСЕНБІ

12 

сәуір

                            

6:55 әнұран

7:00 мемлекеттік уақыт 

қызметі: дәлме-дәл уақыт. 

7:00 «таңШолПан». таңғы 

ақпаратты-сазды бағдарлама 

(8:00; 9:30 KAZNEWS)                                                             

10:00  «аяулы арман». теле-

хикая. 6-бөлім («Қазақстан» 

Ұлттық телеарнасы, 2015 ж.) 

(с субтитрами)

10:50  «Қазына». телехи-

кая. 10-бөлім («Қазақстан» 

Ұлттық телеарнасы, 2014 ж.) 

(с субтитрами)

11:45  «айтуға оңай...»

12:30  «...Үй болу қиын». 

29-бөлім («Қазақстан» 

Ұлттық телеарнасы, 2012 ж.) 

(с субтитрами) 

13:00  «бірГе 

таңДаЙмыз!». тікелей 

эфир


14:10  «келін». телехи-

кая.1753, 1754-бөлімдері 

(Үндістан, 2008 ж.) (с субти-

трами)


15:00  «әЙел баҚыты». 

ток-шоу. тікелей эфир

16:40  «Жүрегім сізге 

аманат». телехикая.167-

бөлім (Филиппин, 2012 ж.) (с 

субтитрами)

17:30  KAZNEWS

17:55  «Қылмыс Пен 

Жаза» 

18:15  «бүгінгі күннің батыр-



лары». арнайы жоба

18:35  тҰсаукесер! 

«ЖҮреГім сізГе аманат». 

телехикая.168-бөлім (Филип-

пин, 2012 ж.) (с субтитрами)

19:30  KAZNEWS

20:20  «аЙтуҒа оңаЙ...»

21:05  тҰсаукесер! «ая-

улы арман». телехикая. 

7-бөлім («Қазақстан» Ұлттық 

телеарнасы, 2015 ж.) (с 

субтитрами)

22:00  тҰсаукесер! 

«келін». телехикая.1755, 

1756-бөлімдері (Үндістан, 

2008 ж.) (с субтитрами)

22:55  «тҮнГі стуДияДа 

нҰрлан ҚоянбаеВ»

23:30  «...Үй болу қиын». 

30-бөлім («Қазақстан» 

Ұлттық телеарнасы, 2012 ж.) 

(с субтитрами)

0:00 KAZNEWS

0:50 «Қазына». телехикая. 

10-бөлім («Қазақстан» 

Ұлттық телеарнасы, 2014 ж.) 

(с субтитрами)

1:35 «еуразия тұлғалары». 

Деректі фильм  (Қазақстан. 

2006 ж.)


2:05 «Қылмыс пен жаза»

2:25 «түнгі студияда нұрлан 

Қоянбаев» 

3:00 KAZNEWS

3:45 әнұран

         ХАБАР

07:00 Қр әнұраны

07:02 «айтұмар»

07:50 «Гороскоп»

08:00 «Жаңа күн» 

таңғы ақпаратты-сазды 

бағдарламасы -утренняя 

информационно-развлека-

тельная программа

08:55 «Гороскоп»

09:00 «Жаңа күн» 

таңғы ақпаратты-сазды 

бағдарламасы -утренняя 

информационно-развлека-

тельная программа

10:00 таңғы жаңалықтар

10:10 Премьера!! телесери-

ал. «осколки» 

11:00 утренний выпуск 

новостей 

11:10 кулинарная программа 

«магия кухни»

11:45 «әр үйдің сыры басқа». 

Деректі драмасы

12:15 телехикая. «зәуре»

13:00 түскі жаңалықтар

13:15 телесериал. «семей-

ные мелодрамы» 

14:05 «Подари детям жизнь»

14:10 телесериал. «катина 

любовь»   

15:00 Дневной выпуск 

новостей

15:10 телехикая. «Ғашық 

жүрек» 

16:00 кешкі жаңалықтар



16:15 «біздің үй»

17:00 Вечерний выпуск 

новостей

17:15 телесериал. «след»

17:55 «тағдыр жолы»

18:30 телехикая. «бажалар» 

19:05 телехикая. «зәуре»

19:55 «негізінде...» 

20:00 Қорытынды 

жаңалықтар

20:30 «бюро расследова-

ний»


20:55 «По сути»

21:00 итоги дня

21:30 Премьера!! телесери-

ал. «осколки»

22:20 телесериал. «след»

23:00 «бетпе-бет»

23:30 «арнайы хабар»

23:55 «Гороскоп»

00:00 «негізінде...» 

00:05 Қорытынды 

жаңалықтар

00:35 «Гороскоп»

00:40 «сотқа жеткізбей». 

Деректі драмасы

01:10 Жаңалықтар

03:00 Қр әнұраны

                        

ҚАЗАҚСТАН

ТАРАЗ

7:25  әнұран                                     

7:30 « «»ҚаЙырлы 

таң,әулиеата! «» таңғы 

ақпаратты-сазды бағдарлама                                                                                              

«

9:30  ЖаңалыҚтар. /



қайталау/

9:50  ноВости. /повтор/

10:10 «сазДы әуен»

10:25 телеблокнот

10:30 телемаркет

10:35 Хабар: «бірінші 

студия» /Д.молдашұлы//

қайталау/

11:00 «балаларҒа 

базарлыҚ» /балапан 

арнасынан/

11:25 «сӨз марЖан» /

ұлттық мақал-мәтелдер/

11:30 телеблокнот

11:45 телеХикая «ЖеДел 

ЖәрДем»  /Қазақ фильм , с 

субтитрами, 2014 ж/

12:20 Хабар: «Жас талап» /

қайталау/

13:00 тҮскі ЖаңалыҚтар. 

тікелей эфир

13:10 ДнеВные ноВости. 

Прямой эфир

13:20 «балаларҒа 

базарлыҚ» /балапан 

арнасынан/

13:45 телеблокнот

13:50 телемаркет

13:55 әулиеата әуендері

14:05 аңДатПа

14:00-17.55 техникалық 

үзіліс 


17:50 аңДатПа

17:55 Хабар: «алтын бесік» /

ауыл тіршілігі/ /а.Қарашев/

18:10 Хабар: «Грани» 

/н.багбанов/

18:20 кеШкі ЖаңалыҚтар. 

тікелей эфир 

18:35 ВеЧерние ноВости. 

Прямой эфир 

18:50 телемаркет

18:55 телеблокнот

19:00 «сазДы әуен»

19:15 телеХикая «ЖеДел 

ЖәрДем»  /Қазақ фильм ,с 

субтитрами, 2014 ж/

20:00 ҚорытынДы 

ЖаңалыҚтар. тікелей эфир 

20:20 итоГоВые ноВо-

сти. Прямой эфир

20:40 телеблокнот

20:45 «күй күмбірі»

20:55 Хабар: «сыр перне»

21:25 «сӨз марЖан» /

ұлттық мақал-мәтелдер/

21:30 телемаркет

21:40 телеблокнот

21:45 «әулиеата әуендері»

21:55 «ЖҮреГім сізГе 

аманат»  /с субтитрами , 

Филиппин фильмі/

23:25 телеХикая:  

«тәуекел»  

0:00 ҚорытынДы 

ЖаңалыҚтар

0:20 итоГоВые ноВости

0:40 телеблокнот

0:45 сазДы әуен

1:05 аңдатпа.әнұран

1:10 арнаның Жабылуы

     7 КАНАЛ

06.00  «күнбастар»

06.30  т/с «аңыз әйел»

07.30  т/с «Қарагүл»

08.30  «күнбастар»

09.00  т/с «непридуманная 

жизнь»


10.00  т/п «смеяться раз-

решается»

12.00  «Q- елі»

12.30  «айнаonline»

13.15  т/с «Үзілген 

жапырақтар»

15.00  т/с «непридуманная 

жизнь»


16.00  т/с «Чудотворец»

17.00  т/ф «лекции для до-

мохозяек

19.00  «Q- елі»

19.30  т/с «Қарагүл»

20.30  т/с «Үзілген 

жапырақтар»

22.00  Шоу  «Человек не-

видимка»

23.00  т/с «секретные мате-

риалы»

00.00  т/с «Чудотворец»



00.50  т/ф «лекции для до-

мохозяек»

02.30  «айнаonline»

03.30  «келеңсіз кездесу»

04.00  т/с «арам ақша. адал 

махаббат»

05.00  «Женіп көр!»



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал