Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс



жүктеу 1.19 Mb.

бет2/12
Дата02.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

КӘСіПКЕрлЕр

КӘСіПОдаҚҚа СЕнЕді

 

„

Қалалық әкімдікте «Бизнестің жол картасы - 2020» 



бағдарламасын қолдау мен дамытудың  бірыңғай өзгерістерін 

насихаттау бойынша жиын өтті. 

«Дамумен» дамудың даңғыл жолында.  

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

 

„

Тәуелсіз еліміздің бүгініне, болашағына қатысты 



көкейімде жүрген сауалдар көп еді. Міне, солардың 

барлығына Елбасы Жолдауынан жауап таптым. 

Ертеңге деген сенім нығайды

Елбасы жаңа жаһандық ахуал талабына сай 

әрекет етудің жолдарын көрсетті. Еліміздің 

үдемелі  және  сенімді  дамуын  қамтамасыз 

етудің жаңа міндеттерін қойды. Ұлт лидерінің 

әрбір сөзі халықтың болашаққа деген сенімін 

нығайтты десек, артық емес. 

Қазақстанның келешегі баянды болу үшін 

атқарылуы тиіс әрбір істі бірлесе жүзеге асыру 

жемісті болатынын айта отырып, кәсіпкерлерді, 

қалталы азаматтарды ел игілігіне қызмет ету-

ге шақырғаны ерекше әсер етті. Бұған қоса, 

мектепті жаңадан бітіріп, жұмысқа қайда ор-

наласарын білмей қалатын көптеген жастарға 

тегін техникалық білім берудің қолға алынуы өте 

орынды бастама болды. Өйткені жұмыс таппай 

жүрген жастардың қандайда бір мамандық 

иесі атанып, сол бойынша еңбек еткені - бүкіл 

қоғамға пайдалы іс. Жастардың мамандық алып, 

еңбекке ертерек араласуы оның дұрыс азамат 

болып қалыптасуына әсерін тигізбей  қоймайды. 

Бұл нағыз – тәрбие. Негізінде Президентіміз 

өзінің  осы  Жолдауы  арқылы  алдымызда 

тұрған мақсат-міндеттерді тағы бір айқындап 

берді. Елбасының жүрегінен шыққан жүйелі 

сөз бірлігін ту еткен мемлекетімізді жарқын 

болашаққа бастай беретініне  сенімім мол. 

Елбасының  сарабдал  саясаты  арқасында 

Қазақстан  көптеген  елдермен  сенімді 

серіктес болып отыр. Бұл еліміздің әлемдік 

қауымдастықтағы беделін көрсетеді. Қазіргі 

күрделі кезеңге қарамастан, халықаралық ірі 

қаржы институттары Қазақстанмен бірлесе 

жұмыс істеуге құлшыныс білдіруде. Бұдан біз, 

олардың Қазақстанға сеніммен қарайтынын 

ұғамыз. Әрине, халықаралық қаржы институтта-

ры кіммен серіктес болу қажеттігін жақсы біледі. 

Қазіргі таңда Астананы халықаралық қаржы 

орталығына айналдыру бағытында көптеген 

жұмыстар атқарылуда. Бұл мәселе төңірегінде 

де Жолдауда жақсы айтылды. 

Бүгінгі таңда облысымызда келешегі бар ба-

ламалы энергетика, химия, ауыл шаруашылық 

кешені, құрылыс индустриясы және тағы басқа 

салаларға қатысты 26 инвестициялық жобаны 

жүзеге  асыру  мақсатында  әлеуетті  шет  ел 

инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен  қатар,  облыс  басшысы  Елбасы 

Жолдауында  айтылған инвестиция көлемін 

ұлғайту, экономиканы одан әрі дамыту, жаңа 

жұмыс орындарын құру, әлеуметтік саланы 

нығайту, кәсіптік-техникалық білім беру және 

салық  жүйесіне  қатысты  алдағы  уақытта 

аймақта жүзеге асатын жұмыс жоспары туралы 

мәлімдеп, тиісті басшыларға нақты міндеттер 

жүктеді. 

Біздің басты байлығымыз – елдің бірлігі. Бұл 

жайлы Президент былай деді: «Ауызбіршілігі 

қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан 

да жалпы ұлттық идеялар жүзеге асқан емес. 

Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған 

биіктерінің ең басты себебі – бірлік берекесі». 

Біз  тұрақтылықты  бағалай  білгеніміздің 

арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді 

кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін бөлектемей, 

барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы 

тұрақтылықты нығайтып келеміз. 

Алтын АБРАХМАНОВА,

Мемлекеттік тілді оқыту орталығының 

аға оқу әдіскері.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Қала әкімінің орынбасары Маржан 

Қожаеваның  төрағалығымен  өткен 

басқосуға  «Даму»  кәсіпкерлікті 

қолдау  қоры  мен  облыстық 

кәсіпкерлік  және  индустриялық-

инновациялық  басқармасы  мен 

екінші  деңгейлі  банк  өкілдері, 

кәсіпкерлер мен бірқатар бөлімнің 

жауапты  қызметкерлері  қатысты. 

Шараның  алғы  сөзін  сөйлеген                                                                                         

Маржан  Төреғұлқызы  өңірде 

«Бизнестің  жол  картасы  -  2020» 

бағдарламасы бойынша атқарылып 

жатқан істерге тоқталып өтті.

Мұнан  соң  күн  тәртібіне  сәйкес, 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» 

 

„

Елбасы н.назарбаев ел үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы 



кеңейтілген отырысында әрбір өңірдің Жұмыспен қамту кешенді 

жоспарларын бекіту туралы тапсырма берген болатын.

«Жұмыспен қамту – 2020»: 

оның тиімділігі неде?

Елбасының осы тапсырмасын орындау мақсатында 

Тараз қаласында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

2015 жылға арналған кешенді жоспары бекітілген 

еді. Осы Жоспарға сәйкес 2015 жылы  4938 адамды 

жұмыспен қамту жоспары белгіленген болатын. 

Кешенді жоспарда «Нұрлы жол», «Индустриалды-

инновациялық даму бағдарламасы», «Бизнестің 

жол  картасы  -  2020»,  «Жұмыспен  қамтудың 

жол картасы- 2020» және басқа да мемлекеттік, 

салалық  даму бағдарламалары бойынша ашыла-

тын жұмыс орындары толығымен ескерілді. 2015 

жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің кешенді жоспары 115,0%-ға орын-

далып, барлығы 5688 адам жұмыспен қамтудың 

белсенді түрлерімен қамтылды. Былтырғы жылы 

Тараз қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 

2020» бағдарламасының үш бағытының 2 бағыты 

іске асырылды.

2015 жылы қаржыландыру кестесіне сәйкес 36 

мекеменің тізбесі бекітіліп, 250 жас түлек жалақыны 

толығымен субсидиялау шартымен (35676 теңге) 

Жастар тәжірибесіне жолданды. 250 адам Жастар 

практикасын аяқтап, 160 адам тұрақты жұмыспен 

қамтылды. 

Әлеуметтік  жұмыс  орындарын  ашу  бойынша 

жұмыс берушінің шығыны 12 айға дейінгі мерзімде 

35 пайызы бюджет есебінен өтеледі. 2015 жылы 

Бағдарлама аясында 45 әлеуметтік жұмыс орын-

дарын құру жоспарланып, 112  нысаналы топқа 

жататын    жұмыссыз  азамат  әлеуметтік  жұмыс 

орындарына жолданды. 

Кәсіптік оқыту еңбек нарығындағы сұраныс бар 

мамандықтар бойынша ұйымдастырылады, сонымен 

қатар, ол азаматтарды оқуға жолдаудың алдында 

оларды оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасты-

ратын жұмыс берушілермен алдын ала келісімшарт 

жасалады.  Жұмыс  берушілерден    жинақталған 

сұраныстар нәтижесінде аспазшы, кондитер, газо-

электро дәнекерлеуші, автогрейдерист, тракторист-

машинист мамандықтары бойынша қысқа мерзімді 

курстарға жолданған 63 адам оқуын аяқтап, тұрақты 

жұмыс орындарымен қамтылды.  

Жалпы, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жұмыс 

берушілер  тарапынан  бос  жұмыс  орындарына 

сұраныс болған кезеңде өткізіледі. Осыған орай, 

2015 жылы барлығы 3 бос орындар жәрмеңкелері 

өткізіліп, оларға 82 жұмыс беруші қатысып, олардың 

тарапынан 308 бос жұмыс орындары ұсынылды, 

осы  шараларға  595  жұмыссыз  азамат  қатысты. 

Нәтижесінде 212 адам жұмыспен қамтудың белсенді 

шараларына тартылып, тұрақты жұмыстарға жолда-

ма алды. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы 

да өз жалғасын табады.

Елбасы 2015 жылы 30 қарашадағы «Қазақстан 

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, 

даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында  да 

өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, 

еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың та-

бысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту 

саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті. Елбасы 

әлемдік дамудың тұрақсыздығы  кезеңінде 2009-

2010 жылдардағы «Жол картасында» пайданылған 

тетіктерді қайта қолға алуды тапсырды. 



Р.ТАЛҚАНБАЕВА,

Тараз қаласы  әкімдігінің жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі  

басшысының орынбасары. 

АҚ-ның  Жамбыл  облысы  бойын-

ша аймақтық филиалының  қаржы 

бағдарламасы  бойынша  менеджері 

Жасұлан  Есжанов  «Бизнестің  жол 

картасы  -  2020»  бағдарламасын 

қолдау  мен  дамытудың    бірыңғай 

бағдарламасының өзгерістері туралы 

баяндама жасады. Әуелі ол аталған 

бағдарлама  2010  қабылданғанын, 

бағыты  елімізде  шағын  және  орта 

кәсіпке кешенді  қаржылық қолдау 

көрсету екендігін жеткізді. Сондай-ақ 

бағдарламаның негізгі үш бағытына 

тоқталып  өтті.  Олар:  моноқалалар 

мен  ауылдық  елді  мекендердегі 

кәсіпкерлікті  қолдау  және  бизнес 

бағытты дамыту. Негізінен несиені 

екінші  деңгейлі  банктер  береді 

екен. Егер ауылдық елді мекен бой-

ынша  несие  алатын  болса,  банк 

несиесін  16  пайызбен  береді  де, 

оның  10  пайызы  субсидияланады. 

Ал қалалық жағдайда бұл пайыздың 

тек 7 пайызы ғана субсидияланады 

екен.  Қазіргі  экономикалық  аху-

ал  бойынша  пайыздық  үстеме 

19-ға  көтерілуде.  Екінші  деңгейлі 

банктер  өз  қаржысынан  несие 

беруді  тоқтатуына  орай  қазіргі 

таңда  «Даму»  кәсіпкерлікті  да-

м ы т у   қ о р ы н ы ң   т а р а п ы н а н 

қаржыландырылуда. Сонымен қатар 

Жасұлан  Есжанов  бағдарламаның 

қаржылық  емес  қолдауы  бойынша                                                                                                    

Н а з а р б а е в   у н и в е р с и т е т і н д е 

кәсіпкерлер тегін оқып жатқандығын 

м ә л і м д е д і .   Ж и ы н д а   б ұ д а н 

өзге  облыстық  кәсіпкерлік  және 

индустриалды-инновациялық  да-

мыту  басқармасының  бас  маманы 

Алмас Еркебай «Бизнестің жол кар-

тасы - 2020» бағдарламасы туралы 

жалпы  ақпаратты  тілге  тиек  етті. 

Оның  сөзінше,  бағдарламаның  іс-

шараларын жүзеге асыру бойынша 

республикалық  бюджеттен  1770,3 

млн.  теңге  қарастырылған.  Оның 

ішінде  гранттық  қаржыландыруға 

34,0 млн. теңге, пайыздық ставканы 

субсидиялауға  1  669,6  млн.  теңге, 

кредиттерді ішінара кепілдендіруге 

66,6 млн. теңге бөлінген. 

Сондай-ақ  басқосуда  Шағын 

және орта бизнес қызметкерлерінің 

кәсіподағы  облыстық  комитетінің 

төрағасы  Асанбек  Наурызбаев 

қаладағы  шағын  және  орта  бизнес 

субъектілерінде әлеуметтік әріптестік 

турасында хабарлама жасады. 

-  Кәсіпорында  кәсіподақтар 

ұйымын  құру  мәселесін  қарауды 

орынды деп санаймын. Кәсіподақтар 

әлеуметтік еңбек дауларын анықтау 

және  олардың  алдын  алу,  жұмыс 

берушілер  мен  қызметкерлердің 

арасында әлеуметтік әріптестік пен 

үйлесімді қарым-қатынастар құруда 

бірқатар жұмыстар жүргізеді. Мем-

лекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  өз 

Жолдауында кәсіподақтардың ойын-

да жүрген сұрақтарға жауап берді. 

Күрделі кезеңге қарамастан, алдағы 

уақытта әлеуметтік бағдарламаларды 

қаржыландыруды  қысқартпау 

қарастырылған. Керісінше, бюджет 

қызметкерлерінің  жалақысы  20-40 

пайызға дейін өсіп, жұмыссыздықты 

азайтуға  мүмкіндік  беретін  «Жол 

картасы»  бұрынғыдан  әрі  дами 

түсті.  Тараз  қаласында  жалпы 

еңбек қатынастарын реттеу моделін 

әлеуметтік  әріптестік  негізінде 

қалыптасуы мен дамуы өз деңгейінде 

болмай отыр. Әлеуметтік әріптестіктің 

даму  деңгейі,  жалпы  сырттай 

бақылағанға бәрі де дұрыс сияқты, 

ал іс жүзінде әлеуметтік әріптестік 

мүшелерінің  жұмысында  әлі  де 

жүйелілік жетіспейді. Қала бойынша 

шағын және орта бизнесте ұжымдық 

шарттың  қабылдануын  2015-2016 

жылдарға  арналған  келісімшартта 

қабылданған  міндеттемелерге 

сәйкестендіруге біздер барлығымыз 

ат с а л ы су ы м ы з   ке р е к , -   д ед і                                                                

Асанбек Нілдібайұлы. Сондай-ақ ол 

өзі басқаратын қоғамдық бірлестікке 

қала  бойынша  шағын  және  орта 

бизнес  өкілдерінің  тек  2  пайы-

зы  ғана  мүше  екендігін  жеткізіп, 

кәсіпкерлерді мүшелікке шақырды. 

Жиын  барысында  ОІІД    Экстре-

мизмге қарсы күрес басқармасының 

аса  маңызды  істер  жөніндегі    аға 

жедел уәкілі, полиция подполковнигі                                                                                    

Тимур  Абдуллаев  Террористік 

тұрғыда бопсалау салдарынан қорғану 

деңгейі және оны арттыру шаралары 

туралы түсіндіріп өтті. 

Басқосуды    қорытындылаған                  

Маржан Төреғұлқызы кәсіпкерлерге 

сыртқы  жарнамаларына  жіті 

көңіл  бөліп,  жауаптылықпен 

қарауға  шақырды.  Сонымен  қатар 

бизнес  өкілдері  қоғамға  қызмет 

атқаратындықтан, кәсіпорындарына 

бейнебақылау орнатып, кең есік пен 

пандус қойылуын талап етті.


 

„

айшылық алыс жолдарға көзді ашып-жұмғанша жеткізер техниканың бірі – темір тұлпар. Талай 



шақырымдарды артқа қалдырып, дамыған елдердің қатарына ұмтылған елімізде де көлік өндіру ісі  

мықтап қолға алынған. Бүгінде Отанымызда өндірілген заманауи, тізгініне ешкімнің қолы, тірсегіне қамшы 

тимеген су жаңа темір тұлпарлар Тараз шаһарында да қолайлы бағада сатылуда.  

ОТандыҚ КӨліКТің 

СаПаСына КүМӘн ЖОҚ

Нұржан ҚАДІРәЛІ

«Ат – ер қанаты» дейді ата - бабаларымыз. 

Жақсы ат ешқашан жолда қалдырмайды. Бүгінде 

көлік атауы ерлермен  қатар әйел азаматтарға да 

қанат бітіруде. Шақырым жолдарды шаңдатып 

шауып жүрген шет елдің көліктері ғана емес. Ба-

сым көпшілігі – отандық темір тұлпарлар. Қазіргі 

таңда көлік тізгіндеу үшін Алматы, Шымкент 

қалаларына сенделудің де қажеті  жоқ. Тараз 

шаһарының өзінде бұрыннан автобазардан бөлек 

екі бірдей автомобиль саудалайтын салон бар-

тұғын. Таяуда Тәуке хан көшесінің бойынан тағы 

да үш бірдей жаңа автосалон бой көтерді. Сату-

шы мамандардың айтуынша, жаңа салондардың 

өзінен аптасына 6-7 көлік сатылып кетеді екен. 

Енді бірі тиімді бағада несиелейді. Айта кетсек, 

кешегі Кеңес үкіметі кезеңінен еліміз қуатты 

машина жасау кешенін иеленген еді. Аталған 

үкімет тарап кеткеннен кейін де, мемлекетімізде 

алтын қолды инженер мамандар сақталып қалды. 

Автокөлік нарығы да дамуын тоқтатқан жоқ. 

Дегенмен, еліміз өз көліктерін өндіру жолында 

талай кедергілерді басынан өткерді. Бірақ  біздің 

білікті мамандарымыз отандық көлік өндіру ісін 

қалайда жүзеге асыруға талпынып, нәтиже мен 

сапаға еңбек ете бастады.  

-    Біздің  холдингтің  діңгегі  болған  «БИ-

ПЭК  АВТО»  компаниясы  1990  жылдары 

ресейлік  алып  көлік  өндіруші  «АВТОВАЗ»-

дың  еліміздегі  басты  әріптесі  болған.  Тіпті, 

сол ресейлік алып елімізде отандық автозауыт 

жасау  идеясын  жүзеге  асыруға  көп  көмегін 

тигізді.  Санаулы  уақытта  мақсат  жүзеге  аса 

бастады. Және 2002 жылдың аяғында «АЗИЯ 

АВТО»  алғаш  рет  жол  талғамайтын  «Lada 

4x4» көліктер легін құрастырып шығарды. Бұл 

Қазақстан үшін сенсациялық нәтиже еді. 2005 

жылы  чехиялық    «Skoda Auto»  компаниясы 

мен  отандық  зауыттың  арасында  әріптестік 

қатынас  орнайды.  Ал  2007  жылдың  маусым 

айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде 

«Chevrolet» автомаркасын өндіру жүйесін іске 

қосты.  3  жылдан  кейін  төртінші  әріптесіміз 

әлемдік дәрежедегі  көлік өндіруші Корей елінің 

«KIA Motors» компаниясының автомобильдері 

елімізде өндіріле бастады. Қазіргі таңда отандық 

көлік өндіру саласы индустриалды даму үстінде. 

Тіпті, қарыштап дамуда деп айтуға болады.  Жүк 

көліктерін өндіру жобаларын да жүзеге асыру 

бойынша жұмыстар атқарылуда. «АЗИЯ АВТО» 

зауыты өнімдерінің  басым көпшілігі автоөндіріс 

саласындағы алып компаниялардың үштігіне 

кіреді. Ең басында біздің көп жылдық сенімді 

серіктесіміз  «АВТОВАЗ»    өндірісі  «Renault-

Nissan»  альянсының  бақылауында  болды. 

Жаңа талап күшейіп, жоғары сапалы стандарт 

пайда болды. Дилерлік жүйе қалыптасты. Бұл 

тұрғыда  біздің  мамандардың  тәжірибесі  мол 

еді. Сондықтан, елімізде «Lada» автокөлігінің 

статусын  жоғалтпай, ірі  автомобиль  жүйесін 

іске қосуға мүмкіндік туды. Дегенмен, жеңіл 

көлік  өндірісі  бойынша  бәсекелестеріміз  де 

жоқ  емес.  Бірақ,  «АВТОВАЗ»-дың  өнімдері 

елімізде сатылым  бойынша №1-ші  орында. 

Ал біздің дилерлік тәжірибеміз табысты және 

шет  елдік  әріптестеріміз  бізге  сенеді.  2015 

жылы Ресейдің 11 қаласында шоғырланған 15 

автоорталықтың  көлік  нарығына бас сұқтық. 

Бұл қадамымыз сәтті шықты деп айтуға бола-

ды. Және былтырғы жылы холдингке Орталық 

Азияның бес еліне  «Lada» автокөліктері бой-

ынша қызмет жасауға жол ашылды. Бүгінде біз 

Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан 

мен Тәжікстан елдері бойынша жаңа дилерлік 

желідегі  стратегиялық  жобалармен  жұмыс 

жасаудамыз.  «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» 

холдингі бүгінде Ресейдің азиялық бөлігі мен 

Қазақстанды  қосқанда  7  мемлекет  пен    84 

миллион  халықты  көлікпен  қамтамасыз  етіп 

отыр. Бұл - үлкен нарық. Ал біз соғып жатқан 

Қазақстан шекарасының сыртындағы  желілерде 

алдағы уақытта нағыз отандық автокөліктер са-

тылатын болады. Тауар айналымын өскемендік 

өндіріс ошағы қамтамасыз етпек. Бұл -  «БИПЭК  

АВТО  Қазақстан» ЖШС-і мен  ресейлік көлік 

өндірісінің  алыбы  «АВТОВАЗ»  арасындағы 

5

//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6 сәуір 2016 Жыл  //



біздің көлік бәсекеге қабілетті. 

 Суреттерді түсірген Е.Пак



 

„

Қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында бөлшек сауда саласындағы кемшін тұстар мен 



дүкендерде тұрақты түрде орын алып отырған олқылықтар, заң бұзушылықтар айтылды.

1 теңге неге қайтарылмайды?

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Тараз  қалалық  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау 

басқармасы  мен  қалалық  «Нұр  Отан»  партиясы  бірігіп 

ұйымдастырған  басқосуға  мемлекеттік  органдардың, 

тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық 

ұйымдардың,  Кәсіпкерлер  палатасының  өкілдері,  жеке 

кәсіпкерлер қатысты. Жиында бөлшек сауда саласына байланыс-

ты мәселелер айтылып, сонымен қатар, заң бұзушылықтарды 

болдырмау жолдары талқыланды. 

-  Қазіргі уақытта бізге тұтынушылар әртүрлі арыз-шағымдармен 

келеді. Нанның сапасына қатысты, тауардың шығарылған күніне 

қатысты туындаған мәселелерді тұрақты түрде назарға алып оты-

рамыз. Бұдан бөлек, бүгінгі күні халықтың тарапынан үлкен сұрақ 

тудырып отырған мәселе бар. Мысалы, үлкен техникалық дүкендер 

мен сауда орындарында әртүрлі акциялар болып жатады. Ондай 

акцияларда тауарды 179 немесе 999 теңге деп бағалап қояды. Ал 

сатып алушыға көбіне 1 теңге қайтарылмайды. Тұтынушылар да 

ауыз жарымайтын бір тиынға бола мәселеге көңіл аудара бермейді. 

Ал сол халыққа қайтарылмайтын тиын қайда кетеді? Оны неліктен  

көп жағдайда тұтынушыға қайтарып бермейді деген сұрақтарды 

біз зерделеп келеміз. Қазіргі қолданыстағы ҚР Әкімшілік құқық 

бұзушылықтар туралы Кодексінің 190-шы бабы «тұтынушыны 

алдау» деп аталады. Көптеген біздің тұтынушылар он-он бес 

теңгеге де ештеңе демей, қолын бір сілтеп кете береді. Осы орайда, 

тұтынушыны алдау мәселесіне тосқауыл қою және бөлшектеп 

сату орындары өз жауапкершілігін күшейтсін деген мақсатта 

жауапты мамандардың басын қостық. Бұдан бөлек биылғы 

жылдың қаңтарынан бастап ҚР Кәсіпкерлік кодексі күшіне енді. 

Онда ерекше түрде тексерулер көрсетілген. Заң бойынша сатушы 

өз міндеттері мен құқықтарын білу керек. Мәселен, дүкенге 

немесе қоғамдық көлікте өзіміздің бір тиынымыз жетпей қалса 

қандай дау шығады?! Өз кезегінде біз де өз құқығымыз үшін 

солай күресуіміз керек. Тағы бір айта кетерлік жайт, қаладағы 

ірі үй техникаларын сататын дүкендерде тұтынушыға тауар 

жөнінде ақпарат беретін арнайы мамандар қызмет жасайды. Ал 

азық-түлік дүкендерінде ақпараттандыру қызметі көрсетілмейді. 

Тұтынушы заң бойынша тауарға байланысты толық ақпарат 

алуға құқылы. Және бұл ақпарат екі тілде берілуі тиіс, -дейді   

Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  бөлімінің  басшысы 

Нұрсұлу Аймұрадова. 

Сондай-ақ, жиын барысында тауарлардың орналасуының 

ерекше ережелерін сақтау және Кеден одағының аясындағы 

көтерме-бөлшектеп сату объектілеріне қойылатын талаптар мен 

шағымдану тәртібі, бөлшектеп сату объектілеріндегі қолданыстағы 

заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік түрлері 

бойынша мамандар мәлімдеме жасап, қатысушылар тарапынан 

қойылған сұрақтарға толық жауап берді. 

келісімнен  туындаған  жоба.  Жыл  сайын  120 

мың көлік өндіру мақсатында құрылған қуатты 

жобада темір тұлпарларды дәнекерлеуден бастап, 

барлық қажеттіліктер мен техникалар қамтылған. 

Жоба іске асқанда, еліміздің қазынасына түсетін 

кіріс көлемін 1,1 млрд. АҚШ долларына дейін 

көбейтпек. Зауыттың алғашқы өнімі 2018 жылы 

шығады деп күтілуде. Осы мақсатты іске асыру 

бағыты бойынша біздің холдинг тарапынан 33 

млрд. теңге көлемінде инвестиция жұмсалды,- 

дейді «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС Тараз 

қалалық  филиалының  директоры  Бахрамжан 

Ирисметов.

Маманның айтуынша, ұзақ мерзімге кепілмен 

сатылатын сенімді әрі сапалы көліктің бірі «KIA 

Motors» екен. Аталған көлік маркасына компания 

5 жыл кепіл бола алады. «Škoda» маркасына 2 

жыл, «Chevrolet» пен «LADA»-ға 3 жыл кепіл 

беріледі.  Және  «БИПЭК  АВТО»  салонынан 

алынған отандық автокөліктерге техқызметтер 

жасату үшін ірі қалаларға ат басын бұрудың еш 

қажеті жоқ екен. Себебі, сервистік қызметтердің 

барлығы Тараздағы салонда да қамтылған. Ең 

бастысы, тұрақты тұтынушыларға арнайы карта 

беріледі екен. Ол арқылы әрбір сатып алушы 

көлікке қажетті аксессуарлар мен техникалық 

құрылғыларды, дөңгелектер мен дискілерді са-

тып аларда өз қаржысын едәуір үнемдейді. Және 

бұл жеңілдік карталары республикамыздың 19 

қаласындағы компанияның 25 филиалында да 

жарамды. 

Филиал демекші, Тараз қаласында «БИПЭК 

АВТО»  салоны  2012  жылы  ашылған.  Қазір 

қаладағы әрбір екінші жүргізуші серіктестіктің 

отандық  көліктерін  тұтынуда.  Ал  салонда 

бес түрлі авто марка: «Lada», «Kia», «Skoda», 

«Chevrolet»,  «УАЗ»-дан  бөлек  арнайы  техни-

калар  мен  демалысқа  арналған  квадрацикл, 

велоқұрылғылар да сатылуда. Және автокөліктер 

тұтынушылардың  қалтасына  қарай  әртүрлі 

санатқа  бөлінген.  Оның  ішінде  жанармайды 

аз  шығындайтын  көліктерден  бастап,  жол 

талғамайтын және отбасылық минивендер де бар. 

Несиелеу бойынша жеңілдіктер де қамтылған. 

Атап  айтқанда,    тұрғындар  «АЗИЯ  АВТО» 

көліктерінің 22 түрін 4 пайыздық жеңілдікпен ие-

лене алады. Мәселен, ең қолжетімді автокөліктің 

бағасы  2,2  млн.  теңге  болса,  ай  сайынғы  ең 

төменгі  төлемақы  32,4  мың  теңгені  құрайды 

екен. Және алдағы уақытта қалада Өскемен за-

уытында өндірілетін  «Lada 4x4» және «Lada 4x4 

Urban» маркаларын, мамыр айында бес есікті 

жол талғамайтын көліктер мен «Lada Granta» 

және «Lada Kalina» автокөліктері сатылмақ. Ал 

мамандардың  айтуынша,  дәл  қазіргі  уақытта 

Тараздағы «БИПЭК  АВТО» салонынан көлік ала-

мын деушілерге 2015 жылғы «LADA Priora» мен 

«KIA», «Skoda», «Chevrolet» маркалары бойынша 

әртүрлі жеңілдіктер қарастырылыпты. 

ЭконоМикА


ДАтА

6

//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6 сәуір   2016 Жыл  //




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал