Еркебаев сайымжан



жүктеу 144.1 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі144.1 Kb.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 

ӘБДУҒАЛИЕВ САҒАТ

 

2. 

БЕКТҰРҒАНОВ ҚАЙЫР

  

3. 

БИСЕНҒАЛИЕВ САҒЫНТАЙ

 

4. 

ҒҰБАЙДУЛЛИН БАУЫРЖАН

 

5. 

ЕЛУБАЕВА ҮЗІЛДІК

  

6. 

ЕРКЕБАЕВ САЙЫМЖАН

 

7. 

ЕСЕНЖАНОВ ХАМЗА

 

8. 

ҚАБЖАНОВ (ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ) ҚАЗЫБЕК

 

9. 

ҚЫДЫРОВ ХАМИДОЛЛА

 

10. 

МАЛАБАЕВ РАҚМЕТЖАН

 

11. 

МОЛДАҒАЛИЕВ ЖҰБАН

  

12. 

ОЙШЫБАЕВ БАҚТЫҒҰЛ

  

13. 

СӘНИЕВ ШӘРИФОЛЛА

  

14. 

СЕЙІТОВ САҒЫНҒАЛИ

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 ӘБДУҒАЛИЕВ САҒАТ 

(1948-1984) 

 

 

Ақын  Әбдуғалиев  Сағат  Мұхтарұлы  1948  жылы  22  ақпанда 



қазіргі Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген.  

С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің 

журналистика факультетінде оқыған. 

Тағдыры  ауыр  болған  Сағат  Әбдуғалиев  аз  ғұмырының  кӛп 

жылдарын  Орал,  Ақтӛбе,  Жаңаӛзен  түрмелерінде  ӛткізді.  Алғашқы 

ӛлеңдері аудандық  «Ленин жолы» газетінде 1963 жылы жарияланды. 

Кейін  облыстық  «Орал  ӛңірі»,  республикалық  «Социалистік 

Қазақстан»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газеттерінде,  «Жалын» 

альманағында басылды. Оның 1980 жылы «Құлыншақ кӛктем», 1992 

жылы  «Кӛзайым  келешек»  атты  жыр  жинақтары  жарық  кӛрді.  «Арыс»  қорының 

тапсырысымен  Т.  Досымов  Сағат  Әбдуғалиевтің  барынша  толық  жырлар  жинағын 

құрастырып,  2008  жылы  Алматы  қаласы,  «Арыс»  баспасынан  «Жүрегіме  жүгі  түсті 

жаһанның» деген атпен жарық кӛрді. 

1984 жылы 5 сәуірде Тайпақ ауылындағы қорымда жерленген. 



 

Әдебиеттер: 

Әбдуғалиев С. Жанымның жалғыз бұлбұлы.-Орал, 2009.-200 б. 

Әбдуғалиев С. Бауыржан Момышұлы: ӛлең // Жеңімпаздар. Победители.- Орал,2010 

Әбдуғалиев С. "Дүние-ау, дүр моншақты үрзада мА ең...": ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2009.- 

21 сәуір.-6 б. 

Әбдуғалиев С.  "Кӛп алқындым, кӛкжиекке кӛз тігіп..." // Орал ӛңірі.- 2008.-7 тамыз.-15 б. 



 

***** 

Амангелді Ә. Сағатты тану – бізге парыз // Жайық таңы.-2010.-10 маусым.-4 б. 

Ғаббасқызы С. Сағат ӛте кӛп оқитын // Орал ӛңірі.-2009.-21 сәуір.-6 б. 

Жазықбай Т. «Ӛлеңнен алтын азап арқалаған...» // Оралӛңірі.-2009.-23 шілде.-11 б. 

Құттымұратұлы Қ. Сағат ӛлеңдерін түгендеу // Оралӛңірі.-2008.-7 тамыз.-14 б. 

Отарбаев Р. Есесі кеткен есіл дарын // Орал ӛңірі.-2009.-4 маусым.-16 б. 



 

 

БЕКТҰРҒАНОВ ҚАЙЫР 

(1937) 


 

 

1937 жылы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, 



Калмыково  қалашығында  дүниеге  келген.  1960  жылы  ҚазПИдің 

физикаматематика  факультетін  тамамдаған.  1963  жылдан  бастап  еңбек 

демалысына  шыққанға  дейін  жоғарғы  оқу  орындарында  жоғарғы 

математиканың әр түрлі курстарынан сабақ берді. 

Алғашқы  әңгімесі  («Арман»)  1965  жылдың  19  желтоқсанында 

облыстық «Орал ӛңірі» газетінде жарияланды. Содан бері шығармалары 

облыстық  газеттерде,  әр  кезде  «Қазақ  әдебиетінде»,  «Жалында», 

«Мәдениет және тұрмыста» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдызда» жарық кӛрді. Екі новелласы 

орыс тілінде шыққан «За днем грядущим» жинағына енген («Жалын», 1978). 2007 жылы 

үш  томдық  шығармалар  жинағы  шықты.  «Кері  толғау»,  «Қатқақ»,  «Ат  жалы»  деген  үш 

кітаптан  тұрады.  1976  жылдың  қортындысы  бойынша  «Жалынның»  жабық  бәйгесінің 

жүлдегері атанды (балаларға арналған «Ат жалы» повесі үшін).  

Шығармалары:  Бабаназар  терегі.  Әңгімелер.  А.,  «Жалын»,  1978;  Ізгілік  жолы. 

Повестер. А., «Жалын», 1980. Қатерлі қияда. Повестер. А., 1984. 



Әдебиеттер: 

Бектұрғанов  Қайыр  Құрақұлы:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-

Алматы, 2010.-186 б. 

Бектұрғанов  Қайыр:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-98 б. 

 

***** 

Бектұрғанов Қ.  Ізгілік жолы: әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1980.- 208 б. 

Бектұрғанов Қ.  Бабаназар терегі: әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1978.- 100 б. 

Құрақұлан Қ. Шығармалар жинағы.-Орал: Дастан, 2007 - Т.1.: Кері толғау.-324 б; 

Т.2.: Қатқақ.-364 б; Т.3.: Ат жалы.-320 б. 

Құрақұлан Қ. Ақ Кемер: әңгімелер, шағын повестер, роман.-Орал, 2009.-368 б. 

Құрақұлан Қ. Ат жалы: шығармалар жинағы. Т.3.-Орал,2007.-320 б. 

Құрақұлан Қ. Кері толғау: шығармалар жинағы. Т.1.-Орал, 2007.-324 б. 

Құрақұлан Қ. Қатқақ: шығармалар жинағы. Т.2.-Орал, 2007.-364 б. 

Құрақұлан Қ. Әулеттің ары: әңгіме// Орал ӛңірі.- 2012.- 4 қазан.-16-17 б. 

Құрақұлан Қ. Кӛк мұнар: әңгіме //Орал ӛңірі.- 2007.-9, 13 қаңтар.-4 б. 

Құрақұлан Қ. Қасиетті борышың: әңгіме // Орал ӛңірі.- 2011.- 19 мамыр.-8-9 б. 

Құрақұлан Қ. Қиянда қалған балалық: повесть // Орал ӛңірі.- 2007.-13 ақпан.-4 б. 

Құрақұлан Қ. Ӛкпек желдің ӛтінде: [повестен үзінді]//Орал ӛңірі.-2012.-1,8 наурыз.- 

16-18 б. 

Құрақұлан Қ. Пірзада: әңгіме //Орал ӛңірі.- 2007.-11 қазан.-12 б. 

 

 

БИСЕНҒАЛИЕВ САҒЫНТАЙ 



(1957) 

 

Айтыс  ақыны  Сағынтай  Бисенғалиев  1957  жылы  23  сәуірде 



Тайпақ  ауылында  дүниеге  келген.  1974  жылы  Ақжайық 

ауданындағы  Базартӛбе  орта  мектебін  бітірген.  1990  жылы 

аудандық  ақындар  айтысында  2-ші  орынды  иеленген.  1991  жылы 

Алматыдағы  «Наурыз» айтысына қатысқан. Сағынтай Бисенғалиев 

бала  кезінен  бастап  ӛзең  жазумен  айналысты.  Мектептегі  қабырға 

газеттеріне,  достық  әзіл,  жолдастары  арасында  қағытпа  ӛлеңдер 

жазумен  шұғылданды.  Ақын  ӛлеңдері  аудандық,  облыстық 

газеттерде  жарияланып  жүр.  Бүкілодақтық  халық  шығармашылығының  І-ІІ  фестивалінің 

лауреаты атанды. 

Сағынтай  Бисенғалиев  аудандық,  облыстық,  республикалық  айтыстарға  қатысып 

жүлдегер атанып жүрді. Айтыстарда ӛзінің қарсыластарына ұтымды да ӛткір жауап беріп 

кӛш ілгері басым түсіп отырды. 

Сағынтай Бисенғалиев тек ақын ғана емес, ол домбырамен ән айтатын қоңыр әдемі 

дауысы да бар.  

Сағынтай  Бисенғалиев  Қазақстан  ақын-жыршылар  одағының  мүшесі.  Ақынның 

кӛптеген  ӛлеңдері  «Орал  ӛңірі»  газеттері  мен  «Жалын»  баспаларынан  жиі-жиі  жарық 

кӛруде. 

Әдебиеттер: 

Бисенғалиев  Сағынтай:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы, 

2010.-192 б. 

Бисенғалиев  Сағынтай:  ӛмірдерек  //  Айтыстың  аясында  ару  Жайық:  облыстық  ақындар 

айтысына 40 жыл.-Орал,1998.-30 б. 

 

***** 

Бисенғалиев С. Жадырап жеткен жаз.-Орал, 2010.-160 б. 



Бисенғалиев С. Алыпты танып қой!: [ақын Ж. Молдағалиевке арналған ӛлең] // Жайық 

таңы.- 2010.- 30 қыркүйек -2 б. 

Бисенғалиев С. Артында айқын ізің қалса, жақсырақ!: ӛлеңдер// Айна.- 2010.-28 қаңтар.- 

18 б. 


Бисенғалиев С. Аруаққа арзу: [Боташ рухына арналған ӛлең] // Орал ӛңірі.- 2011.- 13 

қазан.-10 б. 

Бисенғалиев С. Ғасырдың ғажап бір күні: [Жұбан туған күні жаңа ескерткіш алдында] / 

//Айна.- 2010.- 7 қазан.-5 б. 

Бисенғалиев С. Ғасырлар үнін жеткізген жыршы: [Алты Алашқа әйгілі жыршы Кӛшерғали 

Макаров туралы] // Орал ӛңірі.- 2011.- 14 шілде.-10 б. 

Бисенғалиев С.     Ерен жырдың "ер-тұрманы" қайда?:  [ақын Сағат Әбдуғалиев] / // Орал 

ӛңірі.-2008.- 30 қазан.-6 б. 

Бисенғалиев С. Еркін елміз шырқап салар жыр - әнді // Жайық үні.- 2007.-4 қаңтар.-5 б. 

Бисенғалиев С. Жайық қызы: Ақұштап Бақтыгереева арналған жыр-шашу // Орал ӛңірі.- 

2004.-21 тамыз. 

Бисенғалиев С. Желтоқсан жебесі: ӛлең // Информбиржа.- 2005.-27 қазан.-15 б. 

Бисенғалиев С. Жұбан атын ән қыла бер, Сайқұдық: ӛлең// Информбиржа.- 2010.- 30 

қыркүйек -31 б. 

Бисенғалиев С. Жыр-ғұмыр: ӛлең // Жайық таңы.- 2010.- 28 қазан.-8 б. 

Бисенғалиев С. Қайдасың, уа, Дариға, кӛрінбедің?:ӛлең // Айна.- 2010.-8 сәуір.-15 б. 

Бисенғалиев С. Ойсыратқан ӛлім жайлы он орам: [Қадыр аға қазасын естігенде] // Орал 

ӛңірі.- 2011.- 25 қаңтар.-7 б. 

Бисенғалиев С. Самиттен соң: ӛлең // Жайық таңы.- 2010.- 9 желтоқсан.-2 б. 

Бисенғалиев С. Сол қалпында: [әнші Серік Абдрахмановқа арнаған ӛлең] // Айна.- 

2010.-28 қаңтар.-15 б. 

Бисенғалиев С. Шабыт шақыру: ӛлеңдер // Жайық үні.- 2007.-22 наурыз. 

Бисенғалиев С. Шәкисіз шерден шекпен жамылды жыр:[ақын Шәки Қайырғалиев туралы] 

Орал ӛңірі.- 2013.- 28 ақпан.-16 б. 

Бисенғалиев С. Ынтымағым - ырысым: ӛлең // Орал ӛңірі.- 2009.- 30 сәуір. 

           

           

ҒҰБАЙДУЛЛИН БАУЫРЖАН 

(1965) 


 

 

Жазушы-журналист  Бауыржан  Ғұбайдуллин  1965  жылы  Батыс 

Қазақстан  облысы,  Ақжайық  ауданының  Шағатай  ауылдық  кеңесіне 

қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген. 

Бауыржан  Ғұбайдуллин  Батыс  Қазақстан  облыстық  қоғамдық-

саяси  «Орал  ӛңірі»  газетінің  бас  редакторы  болып  қызмет  атқарады. 

Әл-Фараби  атындағы  Қазақтың  ұлттық  мемлекеттік  университетінің 

журналистика факультетін 1993 жылы бітірген. «Зерде», «Ақ желкен»», 

«Қазақ  әдебиеті»,  «Алтын  Орда»,  «Айқын»  сынды  республикалық 

газет-журналдарда қызмет істеген. 

 

Бауыржан Ғұбайдуллин «Күн бала», «Жиһанкез Ақкербез» атты кітаптары шыққан. 



Сондай-ақ  кейбір  шығармалары  «Ақ  желкен»,  «Балбӛбекке  бәсіре»  ұжымдық 

жинақтарына енген. 



Әдебиеттер: 

Ғұбайдуллин  Бауыржан:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы, 

2010.-221 б. 

 

***** 

Ғұбайдуллин Б. "Жиһанкез" Ақкербез.- Алматы: Экономика, 2009.- 64 б. 

Ғұбайдуллин Б. Күн-бала: ӛлеңдер, жұмбақтар.-Алматы: «Ӛлке» баспасы, 2001.- 36 б. 


ЕЛУБАЕВА ҮЗІЛДІК 

(1953) 


 

 

Үзілдік  Елубаева  1953  жылы  19  наурызда  қазіргі  Ақжайық  ауданы, 

Сайқұдық  ауылында  дүниеге  келген.  1970  жылы  №11  С.  Сейфуллин 

атындағы  орта  мектепті  бітірген.  Мектеп  бітіргеннен  кейін  жеті  жылдай 

«Есенсай»  ауылында  кітапханашы  болып,  бастауыш  сыныптарға  сабақ 

берген. 


 

1970-1977  жылдары  Есенсай  орта  мектебінде  мұғалім  болып  еңбек 

ете жүріп аудандық «Ленин жолы» газетінің жергілікті тілшісі қызметін қоса атқарған.  

 

Үзілдік  Елубаева  мектепте  оқып  жүрген  кезінде-ақ  ӛлең  жазумен  айналысқан. 



Алғаш рет Калмыковтағы аудандық айтысқа қатысқан. 

 

1977 жылы облыстық ақындар айтысында дипломмен бағалы сыйлыққа ие болды. 



1981 жылы Орал қаласының А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының 

қазақ тілі мен әдебиеті бӛлімін бітірген. 

 

1982  жылы  Қазақстанның  ӛз  еркімен  Ресейге  қосылуының  250  жылдығы  мен 



СССР-дың  құрылуының  60  жылдығына  арналған  облыстық  айтыста  жүлделі  орынға  ие 

болып, «Облыс ақыны» атағын қоса алған. 

 

1988  жылы  Халық  шығармашылығының  Бүкілодақтық  ІІІ  фестивалі  шеңберіндегі 



облыстық  ақындар  айтысында  ІІ-дәрежелі  дипломмен,  1990  жылы  Жұбан 

Молдағалиевтың  70  жасқа  толу  мерейтойында  ӛткен  мүшәйрада  ІІІ-орын,  1991  жылы 

Ақтӛбе  қаласындағы  Шәкәрімді  еске  алуға  арналған  аймақтық  айтыста  жүлделі  ІІІ-

орынды жеңіп алса, Үзілдік сол жылы Мұхит Мерәліұлының 150 жылдық мерейтойында, 

Қаратӛбеде ӛткен ақындар айтысында ІІІ-орынды иемденді. 

 

Үзілдік  Елубаева  жас  шәкірттерге  білім  бере  жүріп,  ӛзінің  ақындық  ӛнерін  де 



ұштай  түсуде.  Үзілдіктің  домбыраға  қосылып  айтуы,  ұтымды  да  ұшқыр,  суырып  салма 

шешендігі кӛпшілік кӛңілдерінен шығып жүр. Үзілдік Қазақстан Республикасы білім беру 

ісінің  үздігі.  1991  жылы  Жезқазғанда,  1993  жылы  Қарағанды  қалаларында  ӛткен 

мұғалімдер  айтысына  қатысты.  Маңғыстаулық  Қамбар  Оразов,  Жексен  Қыдырұлы, 

Павлодарлық  Қанат  Сейтов,  жезқазғандық  Безекбай  Аққалақов,  оралдық  ақындар, 

тайпақтық  Мақсот  Құсанов,  Сағынтай  Бисенғалиев,  жалпақталдық  Сәрсенғали 

Бисенғалиев,  Қатимолла  Бердіғалиев,  Ұлықпан  Елеуов,  Асхат  Маемиров,  Шәки 

Қайырғалиевтермен айтысқа түсті. 

 

Үзілдік  Елубаева  1992  жылдан  республикалық  Қ.  Айтқалиев  мектебінің  мүшесі. 



Сондай-ақ  екі  мәрте  Оралда,  одан  соң  Қарағанды  қаласында  Ж.  Молдағалиев 

шығармашылығындағы  «Туған  жер  тақырыбы»  атты  баяндамасы  жоғары  бағаланды.  Әр 

жылдарда  аудандық,  облыстық  білім  беру  бӛлімдерінің  мақтау  қағаздарымен 

марапатталған.  Қаратӛбелік  ақын  Айтжан  Ділекешевпен  айтыста  «Облыс  ақыны»  атағы 

берілген. Облыстық мұғалімдер арасындағы айтыста І-ші орын алған.  

Қазір Сайқұдық ауылы, Ӛлеңті орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарады.  



 

Әдебиеттер: 

Елубаева Үзілдік: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедиясы.-Алматы, 

2010.-243 б. 

Елубаева Үзілдік: ӛмірдерек // Айтыстың аясында ару жайық: облыстық ақындар 

айтысына 40 жыл.-Орал, 1998.-25-26 б. 

***** 

Елубаева Үзілдік: ӛмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары: энциклопедия.-Алматы, 

2013.-39 б. 

 

 

 

 


ЕРКЕБАЕВ САЙЫМЖАН 

(1935-1997) 

 

 

Жазушы  Еркебаев  Сайымжан  Нұрсейітұлы  1935  жылы  30 

тамызда  бұрынғы  Тайпақ  ауданы,  Құрайлысай  ауылында  дүниеге 

келген.  1960  жылы  Алматы  шет  тілдер  институтының  неміс  тілі 

факультетін бітірген соң Атырау облысы Доссор кентіндегі мектеп-

интернатта,  кейін  Батыс  Қазақстан  облысы  Тайпақ  (қазіргі 

Ақжайық) ауданындағы Талап мектебінде мұғалім болған. 1967-71 

жылдары  республикалық  Қазақ  радиосында,  1971-74  жылдары 

мұнайшылар  ӛмірінен  шығарма  жазу  мақсатымен  Ӛзен  геология-

барлау  жұмыстары  экспедициясында,  1977-80  жылдары  «Қазақ 

әдебиеті»  газетінде,  1997  жылы  «Парасат»  журналында  қызмет 

істеген.  

Сайымжан  Еркебаевтың  тұңғыш кӛркем  туындысы  –  «Мұрат»  атты  әңгімесі  1955 

жылы  «Қазақстан пионері» газетінде жарық кӛрген. Оның 1967 жылы  «Алғашқы адым», 

1976 жылы «Жолдар мен шақырымдар», 1979 жылы «Жарылған бүр», 1993 жылы «Ауыл 

кештері», «Жел ӛтінде» атты кітаптары жарық кӛрген. Оның «Қарабала» деген бүркеншек 

атпен жарияланған әр алуан әзіл-оспақтары «Менің Қожанасырым келді де...» деген жеке 

жинаққа енді. Сондай-ақ ол М.Е. Салтыков-Щедриннің ертегілерін, неміс қаламгерлерінің 

туындыларын қазақ тіліне аударған. 

 

Әдебиеттер: 

Еркебаев Сайымжан: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,  

2010.-246-247 б. 

Еркебаев  Сайымжан:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-141 б. 

 

***** 

Еркебаев С. Алғашқы адым: повесть.-Алматы: «Жазушы», 1967. 

Еркебаев С. Ауыл кештері: повесть және әңгімелер.-Алматы: «Жалын», 1981. 

Еркебаев С. Жолдар мен шақырымндар: роман.-Алматы: «Жалын», 1976. 

Еркебаев  С.  Кертолғаулар  мен  терісқақпайлар.-  Алматы:  Ӛлке,  2005.-160  б.-(Отырар 

кітапханасы) 

Еркебаев С. Менің қожанәсірім келді де...: әзіл, оспақ.-Алматы:»Жазушы», 1993. 

Еркебаев С. Шығармалар жинағы. Үш томдық.- Алматы: Ӛлке, 2005. 

                      

 

ЕСЕНЖАНОВ ХАМЗА 

(1908-1974) 



 

 

Қазақ совет жазушыларының арасында творчестволық ӛмірбаянын 

арнайы  түсіндіріп  жатуды  керек  етпейтін,  қалың  жұртшылыққа  ӛзінің 

талантты  шығармаларымен кеңінен таныс қаламгер кӛп емес.  Солардың 

бірі  –  біздің  жерлесіміз,  қазақ  совет  әдебиетінің  кӛрнекті  ӛкілі  Хамза 

Есенжанов. 

 

Хамза  Ихсанұлы  Есенжанов  1908  жылы  Орал  облысының  Чапаев 



ауданында,  Шалқар  кӛлінің  жағасында,  орта  шаруаның  семьясында 

дүниеге  келген.  1927-29  жылдары  жеті  жылдық  мектепте,  үш  жыл 

Алматы  мал  дәрігерлік  техникумында  оқыған.  1933  жылы  Қазақтың  Абай  атындағы 

педагогика  институтының  тіл-әдебиет  факультетін  бітіреді.  1936  жылы  Ленинградтың 

мемлекеттік  ӛнер  білімі  институтының  аспирантурасына  түседі.  Бірақ  Қазақстанға  қайта 

шақырылып,  1938  жылға  дейін  республиканың  мәдени,  ғылыми  мекемелерінде,  жоғары 



оқу  орындарында  түрліше  жауапты  қызметтер  атқарады.  Қазақтың  мемлекеттік 

филармониясының, кейін Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет таетрының 

директоры, сонымен бірге Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының филология 

факультетінде орыс әдебиетінен оқытушы болып істеді. 1957 жылы КПСС қатарына ӛтеді. 

 

Есенжанов  Хамза  ӛзінің  жазушылық  жолын  1930  жылдары  ӛлең,  әңгіме  жазудан 



бастады.  «Әдебиет  майданы»  журналында  «Ӛлеңтінің  жағасында»,  «Қызыл  құмақ»  атты 

әңгімелері  жарияланды.  Бастауыш,  орта  мектептер  үшін  оқулықтар  жазды, 

хрестоматиялар жасасты. 

 

Хамза  Есенжанов  сонымен  бірге  кӛркем  аудармамен  шұғылданды.  Ол  И.  С. 



Тургеневтің «Рудин», И. Шуховтың «Ӛшпенділік» романдарын, М. Шолоховтың «Тынық 

Дон»  романының  (Н.  Баймұхамедовпен  бірге)  бірінші  және  тӛртінші  кітаптарын  қазақ 

тіліне аударды. 

 

Есенжанов Хамза 1957 жылы «Ақ Жайық» романының бірінші кітабын, 1959 жылы 



екінші кітабын, 1965 жылы «Тар кезең» деген атпен үшінші кітабын жарияланды. Ал 1963 

жылы «Кӛп жылдар ӛткен соң» романын ұсынды. 

 

1967  жылы  «Ақ  Жайық»  романы  үшін  Хамза  Есенжановқа  Абай  атындағы  Қазақ 



ССР  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді.  1972  жылы  «Ақ  Жайық»  трилогиясының  жалғасы 

болып  саналатын  «Жүнісовтер  хикаясы»  романын  жариялады.  Автор  ӛзінің  бұл 

шығармаларында  Батыс  Қазақстанда  болған  Азамат  соғысы  жылдары  мен  Совет  ӛкіметі 

орныққан  кезеңнің  шындығын  эпикалық  кең  кӛлемде  суреттейді,  күресте  таптық  сана-

сезімі жетіліп шыңдалған жаңа адамдар бейнесін жан-жақты кӛрсетеді. 

 

Жазушы  Хамза  Есенжанов  Еңбек  Қызыл  Ту,  «Құрмет  белгісі»  ордендерімен 



наградталды. 

Әдебиеттер: 

Есенжанов  Хамза:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы,  2010.-

250 б. 

Есенжанов  Хамза:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-146-147 б. 

 

***** 

Есенжанов Х. Ағайынды Жүнісовтер..: роман.-Алматы,1977.-184 б. 

Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.2.-Алматы, 1978.-343 б. 

Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.3.-Алматы, 1979.-376 б. 

Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.1.-Алматы, 1978.-348 б. 

Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.2.-Алматы, 1978.-343 б. 

Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.3.-Алматы, 1979.-376 б. 

Есенжанов Х. Жүнісовтер трагедиясы: роман.-Алматы,2009.-336 б. 

Есенжанов Х. Кӛп жыл ӛткен соң: роман.-Алматы, 1967.-352 б. 

Есенжанов Х. Тар кезең: роман. ІІІ-кітап.-Алматы, 1965.-348 б. 

Есенжанов Х. Тӛңкеріс үстінде: роман. І-кітап.-1968.-352 б. 

Есенжанов Х. Шыңдалу: роман. ІІ-кітап.-1968.-340 б. 

 

 

ҚАБЖАНОВ (ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ) ҚАЗЫБЕК 

(1970) 


 

 

Журналист,  ақын  Қазыбек  Құттымұратұлы  1970  жылы  5 



қыркүйекте Ақжайық ауданы, Тайпақ кеңшары, Жаманқұдық ауылында 

дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ бітірген. 1993-

94  жылдары  Қазыбек  Құттымұратұлы  республикалық  «Жас  қазақ» 

газетінде,  1995  жылы  Қазақ  телеграф  агенттігінде  қызмет  істеді.  1995 

жылдан  1999  жылдың  наурызына  дейін  облыстық  «Орал  ӛңірі» 

газетінде  жұміс  істеді.  Қазіргі  республикалық  «Жас  Алаш»  газетінің 



Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  меншікті  тілшісі.  Ӛлеңдері  1995  жылы  «Толқыннан 

толқын  туады»  атты  студент  ақындардың  жинағына,  2000  жылы  «Жас  ақындар 

жырларының  антологиясына  енген.  «Сағыныш»  атты  жеке  жинағы  2001  жылы  «Ӛлке» 

баспасынан жарық кӛрді. 

 

2004  жылы  VII  Халықаралық  «Шабыт»  шығармашыл  жастар  фестивалінде  ІІ 



жүлдені иемденді. 

 

Орал  қаласынан  шыққан  «Айна»  газетінде  редакциялық  кеңес  тӛрағасы  қызметін 



атқарды. 

Әдебиеттер: 

Қабжанов Қазыбек: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-

332 б. 

Құттымұратұлы Қазбек:  ӛмірдерек, ӛлеңдер // Жас ақындар жырларының антологиясы.  -



Алматы, 2000.-191-196 б. 

Құттымұратұлы Қазбек: ӛмірдерек, ӛлеңдер//Жас жүректер жырлайды.-Орал, 2010.-3-35 б. 



 

***** 

Құттымұратұлы Қ. Сағыныш: ӛлеңдер.-Алматы, 2001.-52 б. 



 

 

ҚЫДЫРОВ ХАМИДОЛЛА 

 

 



(1927-1989) 

 

 

Ақын,  журналист  Қыдыров  Хамидолла  1927  жылы  Ақжайық 

ауданы,  Чапаев  ауылында  дүниеге  келген.  Орал  педагогикалық 

училещесін  бітіріп,  кӛп  жыл  мұғалім  болған.  1954  жылы  журналистік 

қызметке  ауысып,  «Екпінді  құрылыс»  (қазіргі  «Орал  ӛңірі»)  газетінде 

істеген.  «Лениншіл  жас»  газетінің  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша 

тілшісі,  Маңғыстау  облысы  «Коммунистік  жол»  газетінде  бӛлім 

меңгерушісі.  Оның  ақын  Х.  Әбіловпен  айтысы  «Айтыс»  кітабының  3-і 

томына  (Алматы,  1966)  енген.  Ақынның  1978  жылы  «Алаулы  атырап», 

1974 жылы «Е. Орақбаев», «Таңдамалы ӛлеңдер жинағы» атты кітаптары 

басылып шықты. 



Әдебиеттер: 

Қыдыров  Хамидолла:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы, 

2010.-373 б. 

***** 

Қыдыров Х. Алаулы атырап: ӛлеңдер.-Алматы, 1978.-92 б. 

Қыдыров Х. Есен Орақбаев: очерк [Ұлы Отан соғысының батырлары].- Алматы: Жазушы, 

1974 г.- 24 б. 

 

МАЛАБАЕВ РАҚМЕТЖАН 

(1884-1962) 



 

1884  жылы  Орал  губерниясы,  Калмыков  уезінің  Жақсыбай 

болысындағы  №7  ауылда  дүниеге  келді.  1910  жылы  мұғалімдерді 

даярлайтын  Орынбор  мектебін  бітірген.  Ұзақ  жылдар  мұғалім  болып 

істеген. Ӛлеңдері мен публицистикалық мақалалары «Айқап» журналы 

мен  «Қазақ»  газетінде  басылған.  Қазан  тӛңкерісінен  кейін  жаңа 

мәдениеттің іргесін қалауға белсене араласты.  

1922  жылы  «Тура  тиген  қарғыс»  атты  үш  актілі  комедиясы 

жарық  кӛрді.  Сондай-ақ  «Ошақ  тұтқыны»,  «Надандық  құрбаны», 

«Шариғат күні» сынды бір актілі пьесалары бар. «Аштықтың құрбаны» 



атты повесі 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланған. 1934 жылы Ташкентте 

«Атамандар жорығы» атты әңгімелер жинағы жарық кӛрді. 



 

Әдебиеттер: 

Малабаев Рахметжан: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,  

2002.-382-383 б. 

Малабаев  Рахметжан:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-258 б. 

 

 

МОЛДАҒАЛИЕВ ЖҰБАН 

(1920-1989) 

 

Жұбан  Молдағалиев  Ақжайық  (бұрынғы  Тайпақ)  ауданының 



Жыланды деген жерінде, 1920 жылдың 5 қазанында дүниеге келген. 

Ел  қатарлы  ауыл  мектебінен  білім  алған  Жұбан  1940  жылы 

Оралдағы  ауыл  шаруашылық  техникумын  бітіргеннен  кейін  Совет 

Армиясы қатарына алынады.  

Ж.  Молдағалиев  –  қазақ  поэзиясындағы,  әдебиетіміздегі  ірі 

құбылыс.  Ол  -  Оралдың  ғана  ақыны  емес,  қазақтың  Жұбаны.  Оны 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  ерліктерімен  де  ерен  істері, 

поэзиямен де дәлелдеді. Жұбан 1948-1952 жылдары «Лениншіл жас» 

газетінде  бӛлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшы,  редактордың 

орынбасары,  1958-1963  жылдары  «Жұлдыз»  журналының  бас  редакторы  қызметтерінде 

болған. 

1953-1954  және  1963-1971  жылдары  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының 

екінші  хатшысы,  КСРО  Министрлер  Кеңесі  жанындағы  әдебиет,  кӛркемӛнер  және 

архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жӛніндегі комитетінің, 

«Новый  мир»  журналы  редколлегиясының  және  «Библиотека  поэта»  басылымы 

редколлегиясының мүшесі болған. 

«Жеңіс  жырлары»  деген  атпен  тұңғыш  ӛлеңдер  жинағы  шыққан.  Содан  бергі 

жылдары  ішінде  «Нұрлы  жол»,  «Жыр  туралы  жыр»,  «Ғашық  кӛзбен»,  «Заман  тынысы», 

«Айттым  сәлем»,  «Байқоңыр  баспалдақтары»»,  «Ақ  жалын»,  т.б.  барлығы  60-тан  астам 

кітабы, әр кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бір томдығы, қос 

томдығы, үш томдығы жарық кӛрді. 

1970 жылы  «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына, 1978 

жылы  «Қыран  дала»  және  «Сел»  поэмалары  үшін  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығына  ие 

болды.  КСРО  Қорғаныс  Министрлігі  сыйлығының  лауреаты  және  А.  Фадеев  атындағы 

Алтын медальдің иегері. Кӛптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, 

венгер,  араб,  монғол,  словак  және  басқа  шетел  тілдеріне  аударылған.  Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі 

болды.   

Жұбан  Молдағалиев  лирик  қана  емес  талантты  эпик  ақын.  Қазақ  поэзиясының  бұл 

саласын  дамытуда  үлкен  үлес  қосып  келеді.  Ол  ӛмір  фактілерін  нақты  жырлап,  одан 

қоғамдық үлкен түйін жасауға кӛбірек барады. 

Жұбан 


Молдағалиев 

республикамыздағы 



әдеби 

бірлестіктерді 

ұйымдастырушылардың бірі. 

Жұбан Молдағалиев Қазақ КСР-і және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып 

бірнеше  мәрте  сайланған  халық  қалаулысы.  Ол  «Ленин»,  «Еңбек  Қызыл  Ту»,  «Отан 

соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. 

1985 жылы Қазақ КСР-інің «Халық жазушысы» атағына ие болған сӛз зергері, қазақ 

кӛркем сӛзінің жыр дариясы. 



Еліміз  үшін  ауыр  болған  1986-87  жылдарда  сол  оқиғаға  байланысты  Колбиннің 

алдында сӛйлеген сӛзі бүгін де нағыз азаматтықтың эталонындай аңызға айналды. Қазақ 

халқына  «ұлтшылдар»,  «шовинистер»  деген  ауыр  кінәлар  тағылып,  Мәскеудің 

қылышынан  қан  тамып  тұрған  кезде  олай  сӛйлеу  -  «Мен  қазақпын»  дейтін  қайсар  қазақ 

Жұбанның ғана қолынан келсе керек. 

Қазақтың кӛрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев 1988 жылғы 6 қазанда дүниеден кетті. 

Бірақ оның қалдырған мұрасы, тындырған еңбегі саптан шығып қалмайтын, келешекте де 

оқырманын  табатын  құнды  дүниелер.  Ол  жылдар  озған  сайын  бүкіл  бітім-болмысымен, 

мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына.  

 

 

Әдебиеттер: 

Молдағалиев  Жұбан:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы,  

2002.-396 б. 

Молдағалиев  Жұбан:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-272 б. 

 

***** 

Молдағалиев Ж. Айттым сәлем: Ӛлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Жазушы, 1967.-124 б. 

Молдағалиев Ж. Ақ жалын: Ӛлеңдер мен поэма.-Алматы: Жазушы, 1985.-136 б. 

Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: Дастан және ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 

1977.-140 б. 

Молдағалиев Ж. Бақыт елі: Ӛлеңдер жинағы.-Алматы, 1952.-200 б. 

Молдағалиев Ж. Бастаушымыз партия.-Алматы: ҚКӘБ., 1954.-76 б. 

Молдағалиев Ж. Ғашық кӛзбен: Ӛлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Жазушы, 1964.- 100 б. 

Молдағалиев Ж. Жеңіс жырлары: Ӛлеңдер.-Алматы:КБМБ., 1949.-39 б. 

Молдағалиев Ж. Жесір тағдыры: Поэма.-Алматы: ҚКӘБ., 1961.-124 б. 

Молдағалиев Ж. Жиырма бес: Дастандар мен ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1965.- 405 б. 

Молдағалиев Ж. Жиырма бес: Дастандар мен ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1967.-124 б. 

Молдағалиев Ж. Жомарт дала: Дастаннан үзінді.-Алматы: Жалын, 1982.-36 б. 

Молдағалиев Ж. Жыр күнделіктері: Таңдамалы ӛлеңдері.-Алматы: Жалын, 1981.- 256б. 

Молдағалиев Ж. Жыр туралы жыр: Ӛлеңдер мен поэмалар.-Алматы: ҚКӘБ., 1958.-84 б. 

Молдағалиев Ж. Замана тынысы: Поэмалар мен ӛлеңдер.-Алматы: ҚКӘБ., 1963.- 88 б. 

Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: Ӛлеңдер мен дастан.-Алматы: Жазушы, 1969.- 96 б. 

Молдағалиев Ж. Қызыл галстук: Ӛлеңдер.-Алматы: Казмемоқуқұралбас, 1949.-72 б. 

Молдағалиев Ж. Қызыл қайың: Ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1973.-176 б. 

Молдағалиев Ж. Қыран дала: Дастан және ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1974.- 88 б. 

Молдағалиев Ж. Мен қазақпын! Поэма.-Алматы: Жалын, 1978.-160 б. 

Молдағалиев Ж. Нұрлы жол: Ӛлеңдер мен поэмалар.-Алматы: ҚКӘБ., 1951.-79 б. 

Молдағалиев Ж. Поэмалар.-Алматы: ҚКӘБ., 1960.-130 б. 

Молдағалиев Ж. Сел: Поэма, ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1975.-128 б. 

Молдағалиев Ж. Таңдамалы: Ӛлеңдер.1т.-Алматы: Жазушы, 1970.- 384 б. 

Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар: Поэмалар.2т.-Алматы: ҚКӘБ., 1970.-344 б. 

Молдағалиев Ж. Шалқыма: Ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1978.-152 б. 

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Ӛлеңдер.1т.-Алматы: Жазушы, 1979.- 688 б. 

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Поэмалар.2т.-Алматы: Жазушы, 1980.- 432 б. 

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Публицистика. Очерктер. Әдебиет туралы 

толғаныстар.3т.-Алматы: Жазушы, 1981.-440 б. 

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.1т.-Орал, 2000.-295 б. 

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.-2т.-Орал, 2000.-239 б. 

 

 

 



ОЙШЫБАЕВ БАҚТЫҒҰЛ 

(1940-1997) 

 

Жазушы,  журналист  Ойшыбаев  Бақтығұл  1940  жылы  5  ақпанда 



Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартӛбе ауылында дүниеге 

келген.  1959  жылы  Калмыков  орта  мектебін,  1966  жылы  ҚазМУ-дің 

журналистика  факультетін  бітіріп,  «Лениншіл  жас»  (қазіргі  «Жас 

Алаш»)  газетінде,  одан  кейін  Тайпақ,  Жымпиты  аудандық  газеттерінде 

қызмет  еткен.  Оның  алғашқы  үш  әңгімесі  республика  жас 

жазушыларының  «Шұғыла»  атты  жинағына  (1966)  енген.  «Алыстан 

кӛрінген  от»  (1970),  «Қимас  күндер»  (1980)  әңгіме,  хикаяттар 

кітаптарының авторы. Сондай-ақ кӛптеген очерктері жарық кӛрген. 

 

Әдебиеттер: 

Ойшыбаев Бақтығұл: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,  

2010.-417 б. 

Ойшыбаев  Бақтығұл:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-304 б. 

 

***** 

Ойшыбаев Б. Ӛмір белестері: повестер мен әңгімелер.-Алматы, 2010.-540 б. 

 

 

 

СӘНИЕВ ШАРИФОЛЛА 

(1933) 


 

1933  жылы  29  қаңтарда  Батыс  Қазақстан  облысы,  Тайпақ 

ауданының  Сайқұдық  ауылында  дүниеге  келген.  1951  жылы 

Стерлитамак  қаласында  авиация  кіші  мамандарын  даярлайтын 

мектепті  бітіріп,  самолет  жабдығының  электр  жүйесін  жӛндеуші, 

ауылда жүргізуші,  тыңда жұмысшы, Жымпиты аудандық  «Қызыл ту» 

газетінде тілші, баспахана меңгерушісі болған. 1978 жылы Алматының 

полиграфия  комбинатында,  содан  соң  №2  автобус  паркінде  зейнетке 

шыққанша  еңбек  еткен.  «Құлыншақ»  журналында  жауапты  хатшы 

қызметін атқарды. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деген жалпы 

жинаққа  бір  топ  ӛлеңі  енген.  Содан  бері  қарай  «Сапар»  (1971),  «Бір  тілім  ай»  (1989), 

«Еркелер мен серкелер» (1991) атты жеке жинақтары жарық кӛрген. 



 

Әдебиеттер: 

Сәниев Шәрифолла: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-

463 б. 

Сәниев  Шәрифолла:  ӛмірдерек//  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-347 б. 

***** 

 Сәниев Ш. Сапар: І-ші кітап.-Алматы: Жазушы, 1971.-31 б. 

 

 

          



 

 

 

 

 СЕЙІТОВ САҒЫНҒАЛИ 

                    (1917-2007) 

 

Ақын,  әдебиетші,  филология  ғылымының  кандидаты  Сейітов 



Сағынғали  1917жылы  20  қарашада  Орал  облысы,  Ақжайық  ауданы, 

«Ӛлеңті» кеңшарында дүниеге келген. 1937 жылы Орал су транспорты 

рабфагын,  1941  жылы  Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік 

педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдаған.  

1941–1947  жылдары    Кеңес  Армиясы  қатарында  әскери 

қызметте  болған.  Ұлы  Отан  соғысына  бастан-аяқ  қатысқан.  Соғыстан 

кейін  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  Тіл  және  әдебиет  институтының  ғылыми 

қызметкері,  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  нұсқаушысы,  Қазақстан 

Мемлекеттік кӛркем әдебиет баспасының директоры, Қазақ КСР Ғылым академиясының 

М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  ӛнер  институтының  аға  ғылыми  қызметкері  болып 

істеген. Филология ғылымының кандидаты. 

Сағынғали Сейітовтің тырнақалды ӛлеңі 1936 жылы Оралдың облыстық  газетінде 

жарияланған.  Тұңғыш  жинағы  –  «Большевиктер»  1951  жылы  жарық  кӛрген.  Содан  бері 

қазақ,  орыс  тілдерінде  қырықтан  астам  кітабы  басылып  шыққан.  Оның  ішінде  «Жолдас 

жүректен»  (1953),  «Ортақ  ой»  (1956),  «Бетпе-бет»  (1959),  «Ӛрден  ӛрге»  (1963), 

«Жаңғырық»  (таңдамалы,  1967),  «Жолдас  уақыт»  (таңдамалы,  1977),  «Сәулет»  (1988), 

«Серпер» (1994), «Сеңгір» (1997), «Самғау» (2001), «Майдангер кӛзімен» (2005) атты жыр 

жинақтары бар.  

Бірқатар  оқулықтар  және  «Қырық  жылда»  (1957),  «Әдебиеттер  достығы»  (1965), 

«Қазақ  поэзиясындағы  Маяковский  дәстүрі»  (1966),  «Тоғысқан  толқындар»  (1974), 

«Туысқандық  туғызған»  (1979),  «Ӛлең  ӛлкесінде»  (1984),  «Пушкин  лирикасын  қазақ 

тіліне аудару дәстүрі» (1985) атты монографиялар мен әдеби зерттеулердің авторы. 

Сағынғали  Сейітов  Қызыл  Жұлдыз,  ІІ  дәрежелі  Отан  соғысы  ордендерімен, 

кӛптеген медальдармен марапатталған. 

Ақын Сағынғали Сейітов 2007 жылы ақпанда дүниеден озды. 

 

Әдебиеттер: 

Сейітов Сағынғали: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-

466 б. 

Сейітов  Сағынғали:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-356-357 б. 

***** 

Сейітов С. Жолдас уақыт: таңдамалы.-Алматы: Жазушы, 1977.-408 б. 

Сейітов С. Қырық жылда: деби очерк.- Алматы: Қазмемкӛрәдебас, 1957.-302 б. 

Сейітов С. Майдангер кӛзімен.- Алматы: Санат, 2005.- 208 б.-(Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 

60 жыл) 

Сейітов С. Ӛлең ӛлкесінде: мақалалар мен зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1984.-256 б. 

Сейітов С. Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстурі .- Алматы: Ғылым,1985.- 169 б. 

Сейітов С. Самғау: таңдамалы.-Алматы: Ғылым, 2001.-488 б. 

Сейітов С. Сенем саған: ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1971.- 75 б. 

Сейітов С. Сеңгір: таңдамалы.- Алматы: Білім, 1997.- 208 б. 

Сейітов С. Серпер: ӛлеңдер.-Алматы: Шабыт, 1994.-256 б. 

Сейітов С. Туысқандық туғызған: зерттеулер мен мақалалар.-Алматы, 1979.-304 б. 

Сейітов С. Тоғысқан толқындар: зерттеулер, мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1975.-204 б. 

Сейітов С. Тӛлтума: ӛлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1980.- 143 б. 



Сейітов С. Шығармалары: Т.1.- Алматы: Ана тілі, 2007.- 304 б.

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал