Әрине, мектеп бітіру кешін дәл бүгінгідей тойлауға тойта­



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/6
Дата10.03.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

Иә

– Әрине, мектеп бітіру кешін 

дәл  бүгінгідей  тойлауға  тойта­

рыс  қою  керек.  Бүгінде  еліміз­

де  сыбайлас  жемқорлықпен 

күресу керек деген қаулы шық­

қанымен,  ол  өршімесе,  ба сыл­

ған  жоқ.  Соның  ең  үлкен  кө­

рінісі  осы  мектептерде  жүріп 

жатқан  сияқты.  Еліміздің  бар­

лық  мектептерінде  десем,  ар­

тық  айтпаған  болармын,  ба ла 

мектепке  барған  күннен  бас­

тап,  бітіріп  шыққанға  дейін 

ата­ананың  мойнына  «салық» 

салы нады. Әсіресе, осы мектеп 

бітіру кешінде, ерекше салмақ 

түседі. 


Жоқ 

–  Балалар  кәмелеттік  жасқа 

толып, мектеп бітіреді, яғни өмір­

дің  келесі  бір  сатысына  қадам 

ба сады.  Өз  бетінше  өмірлерін 

бастайды.  Сол  сәтті  ата­аналар, 

ұстаздар  болып  салтанатты  түрде 

атап  өтудің  қандай  әбестігі  бар?! 

Онсыз  да  «аса  шашыл»  деп  еш­

кім  айтпайды  оларға.  Тек  ша­

малары  келгенше  перзенті  мен 

шәкіртін  мектеп  қабырғасынан 

жақсылап түлету – ата­ананың да, 

ұстаздың да міндеті. Біз өз тарапы­

мыздан  осы  мектеп  бітіру  кешінің 

жоғары  дәрежеде  әрі  тәртіпті 

түрде өтуін қадағалаймыз әрі оны 

ұйымдастырамыз да. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Владимир ПУТИН, 

РФ премьер-министрі:

– Сынап­мінеп жүретіндерге 

түсінікпен  қарау  керек.  Себебі 

мұндай адамдар — сол арқылы 

табыс  тауып  жүргендер.  Олар­

дың мамандығы сондай. Ака де­

мик  Лаверев  мидың  жұмысын 

қалыпқа келтіретін препараттар 

бар деп айтты ғой. Сыншыларға 

сол  препаратты  берсеңіздерші, 

мүмкін содан кейін тыныштала­

тын шығар.

(Ресейдің Ғылым 

академиясында болған 

кездесуде сөйлеген сөзінен, 

www.lenta.ru сайты)

№81 (307) 

20 мамыр

бейсенбi


2010 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Гүлсара АхмеТоВА,

  

қазақ тілі мен әдебиеті 



пәнінің мұғалімі:

Серғазы қАлИұлы, 

педагогика ғылымының 

докторы, профессор: 

3-бет

5-бет

7-бет

Ой­кӨкпАр 

кучманың көзін құрту 

кімге керек?

Біз әлемде болып жатқан 

құбылыстардан бөлек 

өмір сүре алмаймыз

Арықтаймын деп  

ауру тауып алмаңыз

мектеп бітіру кештерін өткізудің тәртібін бір жүйеге келтіру керек пе?

«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» 

алтын ұя – мектеп табалдырығын аттамаған адам 

жоқ деуге болады. қимастыққа толы осы сәт қазіргі 

кезде түлектер арасында ерекше салтанатпен 

аталып өтіп жүр. әуелі мектеп ауласында шағын 

жиналыста мектепке, ұстаздарға сыйлық үлестіруден 

басталған бұл шараның соңы қымбат көліктердің 

бірімен-бірін жарыстырып қала аралауға, сонан соң 

кешкісін мейрамханадағы көңілді думанға, соңы тау 

баурайындағы коттедждерге түнеп, сонда таң атыруға 

ұласады. міне, осындай қарқын алған түлектердің 

мектеп бітіру кешінің соңы қылмысқа, яки қайғылы 

жағдайларға ұшыратып жататын кездері де болмай 

тұрмайды. олай болса, осылай аста-төк тойлау мен 

сыйлық үйлестіру үрдісі қашанғы жалғасын таба 

бермек? осыны бір жүйеге келтіру керек пе?» деген 

сауалды ой-көкпарына салып көрелік.

Қазақтілді 

микробиологтарды, 

кибернетиктерді, 

энергетиктерді көптеп 

дайындамай, ол 

салалар ешқашан 

қазақша сөйлемейді



www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,53

178,49

4,76

21,46

1,22

10510,9

1382,28

1459,41

73,58

1210

ДАТ!

6-б

етте

Шерубай құрмАНбАйұлы:

ш

А



й

БА

Л



ы х

О

кк



Ей

Нұрлан  Оразбаев  (ұлттық  құраманың  бас  менед­

жері)  және  Андрей  шаянов  (бас  бапкер)  бастаған 

Қазақстан құрамасы 2010 жылғы әлем чемпионатында 

алты ойын өткізіп, алтауында да жеңілістің кермек дәмін 

татты.  Алты  матчта  сегіз  гол  соғып,  өз  қақпаларынан 

31  рет  шайба  қармады.  Газетіміздің  кешегі  санында 

жазғанымыздай, құрама сапы шеберліктері толысқан, 

Құрлықтық  хоккей  лигасындағы  ойыншылармен 

жасақталды.  Әйтсе  де,  ресейдің  беделді  «Спорт­

экспресс» газеті жазғандай, «құрамдарының жартысы 

жартылай кәсіби, үшінші деңгейлі біріншілікте ойнайтын 

хоккейшілерден  жасақталған  Франция  құрамасынан 

ұтылып  қалды».  Қосарымыз:  Италия  құрамасы  да 

Франциямен  шамалас,  деңгейлес.  «Спорт­экспресс» 

газетінің  біздің  құрама  жайлы  жазғандарын  одан 

әрі  сабақтасақ,  орыс  газетінің  мамандары  «Андрей 

шаянов  бастаған  бапкерлер  құрамы  өз  міндеттерін 

ойдағыдай атқара алмады» деген пікірде... 

шетелдік  мамандар  мен  басылымдардың  пікір­

леріне  көз  жүгіртіп,  құлақ  түрсек,  халықаралық 

шай балы  хоккей  федерациясының  (IIHF)  сайты  көк 

байрағымызды  жоғары  көтеріп,  қиқу  салып  тұрған 

Қазақстан  жанкүйерлерінің  суретін  жариялап,  астына 

«Қазақстан  жанкүйерлері  шафранов  және  корешков 

сынды ардагерлерін қамшылауда» деген мағынадағы 

сөздерді жазып қойды.

Жалғасы 7-бетте

қырғыздар енді қазаққа 

қыр көрсете бастады ма?

Ардагерлерге 

сенеміз деп 

артта қалдық

Шайбалы хоккейден Германияда өтіп жатқан 

әлем чемпионатында қазақстан құрамасы сүреңсіз 

ойындарымен жанкүйерлерін жасытып, соңғы 16-

орынға табан тіреді. ұлттық құрамамыздың осы 

сәтсіздігі жанымызға батып, өзекті өртеген күйініш 

әлі басылар емес.

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» Ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

Баспасөз – 2010

«алаш айнасына» 

екінші 

жартыжылдыққа 

жазылу жалғасады

м

Ә



жі

Л

іС



Ашаршылық нәубеті 

атаусыз қала бере ме?

Украинаның 1932-1933 жылдардағы 

нәубетті, яғни халықты қынадай қырған 

ашаршылықты «ұлтымызға қарсы 

жасалған геноцид» деп жариялап 

қойғанына төрт жылдай уақыт өтті. 

Ал біз геноцид деп жарияламақ түгілі, 

әлі күнге дейін жаппай қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу күнін рәсімдей 

алмай келеміз. «мамырдың 31-і» 

деп белгілеп қойсақ та, мемлекеттік 

деңгейде аталып өтілмейді. Кеше 

Парламент мәжілісінің депутаты 

Алдан Смайыл осы мәселені көтеріп, 

депутаттық сауал жолдады. «қазақ 

есімді тағдыры қиын елдің қанға 

боялған сол бір тарихи кезеңін ескерусіз 

қалдыру қоғамға да, заманға да, 

азаматқа да сын», – деген депутат 

бұл нәубетті ендігі ресей мен Украина 

да мемлекеттік деңгейде атап өтіп 

жатқанын айтты. 

Депутаттың  айтуынша,  жақында  Еуропалық 

кеңестің  парламенттік  Ассамблеясы  кеңес  Одағы 

республикаларында  30­жылдары  болған  жаппай 

аштық  құрбандарын  еске  алу  туралы  резолюция 

қабылдаған. Онда «Белоруссия, Қазақстан, молдо­

ва, ресей мен Украинаның жазықсыз миллиондаған 

адамы кеңес үкіметінің қатыгез саясаты жасаған жап­

пай ашаршылықтың салдарынан көз жұмды» делін­

ген екен. «Еуропа кеңесі ашаршылық жылдарындағы 

Қазақстанға  айрықша  мән  беріп,  қырылған  елдің 

миллиондап саналатынын, халқының көбінен айы­

рылғанын  атап  көрсетеді.  ресей  мен  Украинаға  да 

осы  зұлматтың  ауыр  соққы  болып  тигеніне  назар 

аударады.  Аштықты  кеңес  режимінің  өз  халқына 

қарсы жасаған қылмысы деп санайды», – деді ол. 



Салтан СәКеН

Жалғасы 2-бетте

Кеше қырғызстан Киров суқоймасынан елімізге су жіберуді тоқтатты. Соның 

салдарынан Жамбыл облысындағы егіс алқаптары дағдарып қалды. Жергілікті 

мамандардың сөзіне қарағанда, қырғыз тарапының мұндай әрекетке неге 

барғаны әзірше белгісіз. бұл жағдай алдын ала ескертілмеген де. мамандар су 

төңірегіндегі түсініксіз жағдайдың қазақ-қырғыз шекарасын ашпай отырған 

елімізге қырғыздардың өзіндік жауабы деп те топшылайды.

Қырғыз  республикасы  аумағында  орналасқан 

киров  суқоймасынан  шекаралас  жамбыл  облы­

сындағы  өзендерге  су  жіберу  өткен  сейсенбіде, 

яғни  мамырдың  18­і  күні  кешке  тоқтатылған.  Бұл 

диқандарға  да,  ауыл  шаруашылығы  саласының 

шенеуніктері  үшін  де  күтпеген  жайт  болды.  Айыр 

қалпақты  ағайын  тарапынан  осы  жағдайға 

бай ланысты  алдын  ала  қандай  да  бір  ескерту 

хабарланбаған. Тіпті егістік алқаптар сусыз қалғаннан 

кейін  де  жамбылдық  су  шаруашылығы  саласының 

өкілдері  қырғыз  елінен  мұның  себебін  білмек 

болып, біраз әлектенсе де, нақты жауап ала алмады. 

«мәселенің себебін түсіндіру былай тұрсын, көрші 

мемлекеттегі  құзырлы  мекеме  мамандары  жұмыс 

орындарынан  табылмай  отыр»,  –  дейді  еліміздің 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері. 

Талғат мАхАНоВ, ҚР Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің баспасөз хатшысы:

–  Мәселенің  мән-жайын  анықтау  мақ-

сатында  арнайы  мамандардан  құрылған  топ 

Қырғызстан  Республикасының  астанасы  Біш-

кек  қаласына  жөнелтілді.  Оқиғаның  себебін 

анықтап,  оны  міндетті  түрде  хабарлайтын  бо-

ламыз.

жамбыл  облысындағы  шу­Талас  бассейндік 

инспекциясы  мамандарының  сөзіне  қарағанда, 

Қырғызстан  жағы  судың  тоқтатылуын  суқоймаға 

жасалатын жөндеу жұмыстарымен байланыстыруы 

мүмкін.  Бірақ  бәрібір  мұндай  жағдай  алдын  ала 

ескертілуі  тиіс  және  бұрынғы  тәжірибе  бойынша 

күрделі  жағдайдан  шығудың  басқа  амал­тәсілдері 

ұсынылуы керек. Алайда олай болмады. мамандар 

шекаралас  аймақта  туындаған  мәселенің  себебін 

басқаша топшылайды.

Ғалымбек құрАлбАеВ, Шу-Талас бассейндік 

инспекциясы бастығының орынбасары:

– Киров суқоймасынан келетін суды жауып 

тастаудың  нақты  себебі  әзірше  анықталмады. 

Дегенмен  көрші  мемлекет  басшылары  Қазақ-

станның екі ел арасындағы шекараны ашпағаны 

үшін  жасап  отыр  деген  сыбыс  бар.  Соның 

салдарынан,  егіс  алқаптары  жапа  шегіп  отыр. 

Мәселен,  біз  бір  секундта  Талас  өзенінен  56 

текше, ал Шудан 22 текше метр су алатынбыз. 

Бұл сулар Байзақ, Талас, Жамбыл, Қордай және 

Меркі аудандарындағы егіндіктерге тарайтын. 

Міне,  бүгін  бір  күн  болды,  су  жоқ.  Қазіргі 

уақытта  бұл  мәселеге  байланысты  жұмыстар 

қолға  алынған.  Арнайы  мамандар  оқиғаның 

себебін анықтап жатыр.

Жалғасы 2-бетте

Жансая әбдібеКоВА

А

бай О



м

А

рОВ (к



олла

ж)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№81 (307) 



20.05.2010 жыл, бейсенбi

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

СаяСи бюро

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Польшаның бұрынғы Президенті Лех Качинскийдің сыңары президенттік 

сайлауға түсе ме, жалпы қанша кандидат тіркелген?

Гүлбаршын АЙТӨЛЕ, Талдықорған

Австралияның Мемлекет басшысы ретінде Ұлыбритания королевасы 

Елизавета II айтылады. Австралия қай жылдан бері Ұлыбританияның 

қарамағында? Жалпы, австралиялықтар тәуелсіз болуды қалай ма?

Ерлан НЫҒМЕТҰЛЫ, Алматы

Польша 


конституциясына 

сәйкес, 


кезекті  сайлау  19  қыркүйек  пен  3  қазан 

аралығында  өтуі  тиіс  болатын.  Алайда 

күтпеген  оқиғадан  ел  Президенті  көз 

жұмғаннан  кейін  Польшаның  негізгі 

заңының  131-бабына  сәйкес  кезектен 

тыс  сайлау  өткізілетіні  туралы  шешім 

қабылданды.  Заң  бойынша  Президенттің 

міндетін қазір Сеймнің маршалы Бронис-

лав  Коморовский  атқаруда.  Алғашында 

21  сәуір  болып  бекітілгенмен,  кейіннен 

сайлау  күні  20  маусымға  шегерілді.  Егер 

кандидаттар  50  пайыздық  көрсеткіштен 

төмен  дауысқа  ие  болса,  екінші  тур  ең 

көп  дауыс  алған  екі  кандидат  арасында 

4  шілдеде  өтеді.  Күзде  ұйымдастырылуы 

тиіс  саяси  науқанға  үміткерлердің  есімі 

қайғылы  оқиғадан  бұрын  да  белгілі 

болған  еді.  Алайда  10  сәуірдегі  ұшақ 

апатынан  екі  бірдей  кандидат  –  Лех 

Качинский  мен  Сеймнің  вице-маршалы 

Ежи  Шмайдзиньский  қаза  тапты.  Бұдан 

кейін  2005  жылғы  сайлауда  екінші  орын 

алған  қазіргі  премьер  Дональд  Тусктың 

КонфЕрЕнция

Австралия  1931  жылы  Вестминстер-

лік  статутты  қабылдады.  Бұл  дегеніміз 

осы  уақыттан  бастап  елдің  басшы-

сы  британиялық  монарх  дегенді  біл-

діреді.  Әлемде  бір  құрлықта  орналасқан 

жалғыз  мемлекет  саналатын  Австра-

лияда  республикалық  басқару  тәртібін 

қалайтындар  аз  емес.  1999  жылы  осы 

мәселеге  байланысты  референдум  өт-

кенде  халықтың  45,13  пайызы  жасыл 

құр лықтағы  елді  жеке  мемлекет  ретін-

де  көргісі  келетіндіктерін  айтқан.  Ал 

2005  жылғы  референдумда  олардың 

саны  көбейіп,  тұрғындардың  46  пайызы 

республикалық  басқару  үлгісін  таңдады. 

Ал  34  пайызы  британдықтардың  мем-

лекет  басқарғанын  құп  көрген.  Әлемдік 

сарапшылар  Елизавета  II  Австралияны 

басқарған ең соңғы монарх деп санайды. 

Себебі  2007  жылы  сол  кездегі  премьер-

министр  Джон  Говард  қазіргі  монархтың 

кезінде  де  Австралия  жеке  республика 

атануы  мүмкін  деген  болжамын  айтқан 

еді. 


Жасыл құрлық тәуелсіздікті қалайды

Егіздің сыңары президент бола ма?

Қолдан жасалған ашаршылықтан қы-

рылған  қазақтың  санын  айтып,  тарихтан 

деректер келтірген депутат аталмыш күннің 

қайта  рәсімделуін  ұсынды.  «Дүниеден 

күңіреніп көшкен миллиондардың рухына 

жыл сайын тағзым ету үшін Еуропа кеңесі 

Парламенті ассамблеясы депутаттары ның 

орынды пікіріне ден қойып, ашаршылық 

құрбандарын  еске  алатын  ұлттық  күнді 

белгілейік.  31  мамыр  Жаппай  қуғын-

сүргін  құрбандарын  еске  алу  күні  болып 

белгіленген.  Сол  күн  Жаппай  қуғын-

сүргін  және  аштық  құрбандарын  еске 

алу  күні  деп  қайта  рәсімделсін»,  –  деді 

А.Смайыл. 

ХАН МЕН ӘМІРДІ ЖҰМЫРТҚАҒА 

ТАЛАСТЫРҒАН СПОРТТЫ НЕГЕ 

НАСИХАТТАМАСҚА?

Депутаттық  сауалын  «бісмілләмен» 

бастаған  Парламент  Мәжілісінің  депу-

таты  нұрлан  Өнербаев  бірнеше  депу-

таттың  атынан  құсбегілік  өнеріміздің  на-

сихатталуына  зор  көңіл  бөліну  керектігін 

айтты.  Депутат:  «Атам  өлсе,  қойылар, 

атан өлсе, сойылар, ал мынадай қансонар 

МӘЖ

іЛ

іС



Ашаршылық нәубеті  

атаусыз қала бере ме?

енді  қайдан  табылар»  деп,  дүниенің 

бәрін  тәрк  етіп,  құсын  қолға  қондырып, 

жүйрігін  жаратқан  ер  мінезді  елдің 

ұрпағымыз,  –  дей  келе,  –  Ата-бабадан 

қалған  асыл  мұраның  ұрпақ  санасынан 

өшіп  қалмауы  үшін  қолдау  көрсетіп, 

Қазақстанда  туризм  саласын  дамытуға, 

алыс-жақын  шетелдерге  осындай  ұлттық 

құндылықтарымыз  арқылы  танылуға  ат-

салысуымыз керек», – деген сауал жолдады 

әрі  бірнеше  ұсыныс  та  жасап  үлгерді. 

яғни  республика  бойынша  құсбегілердің 

арнайы  мектебін  ашып,  ғылыми-зерттеу 

орталығын құруды, республика аумағында 

түрлі мәдени-спорттық шараларға қатысу 

үшін, ұшақта, пойызда, автокөлікте қыран 

құстарды  алып  жүру  үшін  төлемақы 

тарифін,  тәртібін  бекітуді  ұсынды.  расы-

мен  де,  біздегі  құсбегілер  қоғамдық 

көлік терде  құстарын  алып  жүре  алмай, 

көптеген  қиыншылықтарға  тап  болып 

жатады.  «Бүгінде  халқымыздың  тарихи, 

мәдени мұрасы ретінде құсбегіліктің ор ны 

нақтыланбаған»,  –  дейді  нұрлан  Өнер-

баев.  Сол  себепті  жанама  қатысы  бар 

заңдарға  өзгертулер  енгізіліп,  «Ұлттық 

спорт  түрлері  туралы»  заң  қабылдануы 

тиіс деп есептейді депутат. 

Жалпы  отырыста  депутаттар  Кеден 

одағына  қатысты  алты  заң  жобасы 

бойынша  қорытынды  әзірлеуді  қолдады. 

«Аталмыш  заң  жобалары  сессия  соңына 

дейін  қаралуы  қажет»,  –  деді  Әмзебек 

Жолшыбеков.  осы  отырыста  сондай-ақ 

«Мұнай  және  мұнай  өнімдерінің  айна-

лымы  саласында  мемлекеттік  бақылауды 

күшейту  мәселелері  бойынша  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  заң 

жобасына қатысты түзетулер мақұлданып, 

Сенатқа жіберілді.

Адамзат  баласы  үшін  бүгінгі  таңда 

жеке-дара  шеше  алмайтын,  бүкіл  әлем 

болып  тізе  қосып,  жұмыла  әрекет  етуді 

талап  ететін  жаһандық  мәселелер  ке се-

көлденеңдеп  тұр.  Сенат  депутаты  Ана-

толий  Башмаковтың  айтуынша,  жап пай 

қырып-жоятын  қарулармен  қа ру ла ну, 

аймақтық  және  мемлекеттер  ара сын-

дағы  жанжалдардың  өршуі,  әл ем дік 

экономикалық,  азық-түлік,  энер гети ка-

лық  дағдарыс,  адамдардың  мекен  ете-

тін  ортасының  нашарлауы,  аштық,  эпи-

де миялардың  таралуы  сияқты  ауқым ды 

мәселелер  күрделеніп  барады.  Сарап-

шылар  осындай  қатпар-қатпар  қауіп-

қатерлерді еңсеру үшін Қазақстан кешенді 

іс-шараларға  баруы  тиіс  дегенді  айтты. 

Мәселен, энергетикалық қауіпсіздікке қа-

тысты  арқаны  кеңге  салып  жүрміз.  Күн-

дердің  күнінде  бюджетімізді  қомпитып 

отырған  мұнай,  газ,  көмір,  темір  секіл-

ді  минералды  ресурстар  сарқылып,  біз 

ғана емес, күллі адам баласы тығырыққа 

тірелсе,  не  істемекпіз?  Сарқылмайтын 

күн, жел қуаты бары мәлім. Қазақстанның 

түк пір-түкпіріндегі  күні-түні  ұли  соққан 

аңызақ  желдердің  күшін  неге  энергияға 

айналдырмасқа?!  Дамыған  елдерде  эко-

логиялық  таза  жел  энергиясының  үлесі 

15-20  пайызға  дейін  жетіп  отыр.  осыны 

үлгі  етуіміз  қажет.  Мәжіліс  депутаты,  сая-

саттанушы К.Бұрханов жері кең, суы мол, 

байлығы  аста-төк  Қазақстан  халқының 

азық-түліктің  50  пайызын  сырттан  әке-

ліп  от ырғанына  алаңдаушылық  білдірді. 

Ел басымыз  биылғы  Жолдауында  2014 

жылға  —  азық-түліктің  80  пайызын, 



Қазақстан қауіп-қатерлер 

құрсауын қалай еңсереді? 

2020  жылға  қарай  100  пайызын  өзіміз 

қамтамасыз  ете  алатын  жағдайға  же-

туіміз  керек  деген  болатын.  Тынышсыз 

көрші  елдермен  шекараны  тарс  жауып 

алғаннан  кейін  көкөністердің  қымбаттап 

кетуі азық-түлік қауіпсіздігінің осалдығын 

аңғартты.  Қазаққа  осында  үлкен  мем-

лекетті  ұстап,  дұшпанға  қасқайып  тұру 

үшін  жер  қайысып  тұрар  сан  да,  сапа 

да  керек.  70  миллиондық  иран  халқын 

120  миллионға  жеткізуді  мақсат  тұтқан 

М.Ахмадинежад бала туу санын арттыру-

ды  ынталандыру  үшін  әр  отбасына  бала 

туған  кезде  780  еуродан  төлеуге  уәде 

беріп  отыр.  Шекара  жайы  да  күрделеніп 

барады.  Конференцияға  қатысушылар 

Қазақстанның қырық қатпар қауіп-қатер-

лерді  еңсеруі  үшін  өздерінің  ой-пікір, 

ұсыныстарын ортаға салды. 



Болат СҰЛТАНОв, ҚР Президенті 

жанындағы ҚСЗИ директоры: 

–  Қырғызстандағы  жағдай  өте 

күрделі.  Көрші  елде  охлократия, 

яғни тобырдың билігі орнап тұр. Қа­

зақстанның  шекарасын  ашуға  ша­

қы ратындар  да  —  шекарадан  заң­

сыз  бизнеспен  ақшаны  күреп  та­

уып  жүрген  топтар.  Қазақстан  мен 

Қыр ғыз  халқының  мүддесіне  сай 

шека радағы  алыпсатар,  көлеңкелі 

биз нес тің  қысымына  илікпеуіміз  ке­

рек.  Әзірге  елдің  қолында  жүрген 

қару­жарақ  жинап  алынбайынша, 

қашқын  қылмыскерлер  елден  шы­

ғар ылмайын ша,  шекара  ашу  тура­

лы  мәселе  болмауы  тиіс.  Қырғыз 

еліндегі  Ауғанстаннан  келетін  есірт­

кіге  ауызданып  алған  топтық­кландық 

топ тар,  наркобарондар  елде  күшті 

ор талықтанған  биліктің  орнығуына 

мүд делі  емес,  керісінше  өздері  тұр­

ған  жерде  бөлек  автономия  құрып, 

би леп­төстеуге  әрекеттеніп  жатыр. 

Өйткені  Қырғызстан  авторитаризм­

нен  демократиялық  даңғылға  өту 

жо лында  аймақтық­кландық  түйт­

кілдерді  еңсере  алмай  келеді.  Сон­

дықтан мен Қырғыз елінде күш ті, вер­

тикалды билік режимінің ор нағанын 

қалар едім. 

Камал БҰРХАНОв, Мәжіліс депутаты:

–  Аймақтағы  қақтығыстар,  бо­

лып жатқан үрдістер біздің елге тіке­

лей  әсер  етеді.  Мысалы,  бұрындары 

Шыңжаңда  ұйғырлар  мен  биліктің 

арасында  қақтығыстар  болатын,  ал 

былтырғы  Шыңжаң  оқиғасы  ұй­

ғырлар  мен  қытайлардың  арасын­

дағы  жанжал,  яғни  ұлтаралық  ки­

кіл жің  туындап  отырғанын  анық 

көр сетті.  Ал  мұның  салдары  әл де­

қайда  ауыр.  Сонымен  бірге  демо­

гра фиялық  түйткілдерге  назар  ау­

да  руымыз  қажет.  Мәселен,  көрші 

Өз  бек станда  демографиялық  өсім 

қар қыны  жоғары,  ал  бізде  өте  баяу, 

он  жылда  1  миллионға,  оның  өзінде 

орал мандардың, сырттан қайта көшіп 

кел гендердің  арқасында  көбейіппіз. 

Ана  мен  балаға  әлеуметтік  қолдау  ды 

арттырып,  сәбилі  анаға  кемінде  бір 

айлық жалақы көлемінде жәрдемақы 

тағайындау  керек.  Ресейде  Путиннің 

табысты  әлеуметтік  саясатының  ар­

қасында халық санының азаюы тоқтап, 

қайта демографиялық өсім байқалып 

отыр.  Мінеки,  бізге  осындай  қам­қа­

рекет жасамай болмайды.


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал