Әрине, керек. Жылда орын алатын бейәдет бұл. Көптеген мұ­



жүктеу 0.71 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6

иә

–  Әрине,  керек.  Жылда  орын 

алатын  бейәдет  бұл.  Көптеген  мұ­

сылман  ел де рінде  баға  дәл  біз­

дің  елдегідей  шарықтап  кет пей­

ді.  Керісінше,  сауабы  тиер  деген 

оймен  бағаны  төмендетуге  ты­

рысып  бағады.  Қажылыққа  барған 

кезде  бай қа дым,  мәселен,  Сауд 

Арабиясының  жер гілікті  тұр ғын­

дарының мал бағасын кө терулеріне 

то лық  мүмкіндіктері  бар,  алайда 

он дайға  бармайды.  Бұдан  адам­

ның  имандылығының  деңгейі  аң­

ғарылып тұр ған жоқ па? Біздің елде 

де  осындай  іс­әрекеттің  Алланың 

ал дында үлкен сауап екендігін наси­

хаттап отыру керек сияқты. Дәл Құр­

бан айт кезінде мал бағасын ер кіне 

жіберу – үлкен қателік. 



Жоқ 

—  Сауда­саттық  үстемдік  құр ған 

мына  заманда  қатып  қалған  баға 

жоқ. Қай жерде ақша бар, сол жерде 

нарық заңы бар. Сондықтан да тіпті 

Құрбан  айт  кезінде  де  құрбандық­

қа  шалынатын  малдың  құны  сауда 

мен сұранысқа «құлдық» етеді. Сіз­

дер  көтеріп  отырған  мәселе  –  діні 

мұ сылман  әр  адамның  көкейінде 

жүрген «сүрлеулі» сауал. Алайда әлі 

де шешімі табылмаған. Бұл тақырып 

мені де сырт айналмайды. 

Менің  ойымша,  мал  алуға  ба

­

рып, оның бағасын саудаласудың өзі 



ұят.  Құрбан  айт  жылына  бір­ақ  рет 

келеді. Бір жылда бір рет құрбандық 

шалып, «малдың бағасы қымбаттап 

кетті»  деген  әңгіме  айтқанымыз  да 

әбестік емес пе?

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Владимир ЖиРиНоВСКиЙ, 

Ресей депутаты, ЛДПР төрағасы:

«Мен  үшін  өте  ауыр  болды  – 

қыздар  мен  жігіттер  күнде  дис­

котекада  жүреді,  ал  менің  ақ­

шам жоқ. Сосын мен кітапты оқи 

бердім,  оқи  бердім.  Олар  ас қа­

зандарын сырамен, чебуре кимен 

толтырса, мен басымды білім мен 

толтырдым.  Енді  солар  қайда 

жүр?  Жоқ  олар.  Ал  мен  болсам, 

шың да жүрмін». 

http://www.itogi.ru/

№211 (211) 

27 қараша

жұма


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

5-бетте

Азат қоНЫСБЕК, 

кәсіпкер:

Алдажар СЕЙІТҰЛЫ,

Алматы облысы Іле ауданының бас имамы:

МӘС


еле

Ой­КөКпАр 



қолдан қымбатшылық тудырмас үшін құрбандыққа шалынатын мал бағасын белгілеу керек пе?

Біздің қоғамда пікірталас тудырып жататын құбылыстар 

көп-ақ. осыдан барып жауабын «сарыла» күткен 

сауалдар «сарғайып», «сары уайым ның» салдарынан 

иммунитеті құрып, «сырқат» жұқ тырып жатқан 

жандар да жоқ емес. Соның бірін айтсақ, мал сатумен 

айналысып жүргендер құрбан айт тың бірінші күні 

баяғы бағаны «аспандатып» жі беру әдетіне шалдыққан. 

Бұл орайда «әдет қалса да, ауру қалмайды» деп шара 

қолдануды ұсынып жүр гендер жетіп-артылады. 

Керісінше, «құрбандыққа шалынатын малдың бағасын 

бақылауды жөн са на майтындар да» жоқ емес екен. осы 

текетірес пі кір дің барған сайын ушыға түсіп, шешімін 

таппай отыр ғандығы – үкім айтар жақтың жоқтығы. 

Діни бас қармадағылар болса, «нақты бағаны қадағалау 

біз дің құзыретіміздегі шаруа емес» дейді. олардыкі де 

жөн шығар. Себебі діни басқармадағылардың өз ереже-

тәртібі бар, міндеті айқын. Сол шеңберден шығып 

кеткілері жоқ. Ал айтары бар мына азаматтар не дейді?

Роза қАРАЕВА

Кәмшат САТиЕВА

ынты


МАҚ

«Халалдықтар» айлықсыз жұмыс істейді

Құрбандық шалудың мәнісін ұғыну үшін, ең алды­

мен, құлшылықтың не үшін жасалатынын білген абзал. 

Кең байтақ ғаламды жаратқан құдіретті тәңіріміз жер 

бетіндегі саналы пенделерін тектен­текке жаратпаған. 

Олардың  әділетті  қоғам  құрып,  саналы  да  салауатты 

өмір  сүруі  үшін  Алла  тағала  тура  жол  көрсетуге  хақ 

дін  жіберген.  Мұны  қасиетті  Құранда:  «Мен  жындар 

мен адамдарды (Мені танып) маған ғана құлшылық 

жасасын деп жараттым» («Зарият» сүресі, 56­аят), – 

деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түпкі мәні 

– Жасаған Иеміздің әміріне бойұсынып, ризалығына 

жетуге тырысу арқылы тиісінше сауапқа кенелу.

Құрбандық  шалу  мал  бауыздаумен  шектелмей­

ді.  Онда  адамның  ішкі  ниеті,  шын  пейілі,  дінге  бе­

кемдігі,  тақуалылығы  мен  жалпы  адам  баласына 

жанашырлығы  таразыланады.  Сонымен  қатар  пен­

денің  пендешілігі  мен  тақуалығы,  сараңдығы  мен 

жомарттығы  да  сынға  түседі.  Мұсылман  үшін  жеке 

басының  ғана  қамын  күйттемейтін:  «өзім  ішіп­же­

сем, тоқ болсам, бас қаларда шаруам жоқ. Олар қалай 

күн  көрсе,  солай  күн  көрсін»  дейтін  тоғышарлық 

ниет­пиғыл  оған  жат.  өйткені:  «Көршісі  аш  кезде 

өзі  тойып  түнеген  адам  бізден  емес»,  «өзіңе  тіле­

ген  жақсылықты  басқаға  да  тілемейінше,  шынайы 

мұсылман  бола  алмайсың»,  «Мұсылмандар  бір 

дене  тәрізді,  бір  жері  ауырса,  басқа  мүшелерінің 

де  мазасы  кетіп,  ұйқысы  қашады»,  –  деген  хазіреті 

Мұхаммед  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  хадистері 

барша  мұсылмандарды  бір­біріне  жанашырлықпен 

қамқорлық  жасауға,  қиналғандарға  көмектесуге, 

тұрмысы  төмендерге  қарайласуға,  өзара  мейірімді 

болуға шақырады.

Айт  намазынан  кейін  құрбандыққа  мал  шалу  – 

шамасы келетіндер үшін уәжіп. Алла тағаланың Құран 

Кәрімде:  «намаз  оқы  және  құрбан  шал»  («Кәусар» 

сүресі, 3­аят), – деп бұйыруы – құрбан шалудың мін­

деттілігін білдіреді. пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кім­

де­кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің 

намаз  оқитын  жерімізге  жақындамасын!»;  «Құрбан 

шалыңдар!  өйткені  ол  —  Ибраһим  бабаларыңның 

сүн неті», – деуі де бұған дәлел.

Хадисте айтылған «сүннет» – жол деген мағынаны 

білдіреді. Яғни бізге уәжіп ретінде міндеттелген құрбан 

шалу  –  Ибраһим  пайғамбардан  жалғасқан  жол  де­

генді  меңзейді.  Мұнымен  қатар  құрбандық  шалуға 

байланысты мына екі аятты да ой зердесіне салайық: 

«Барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу не­

месе ұзақ жерден арып­ашып, түйемен саған келсін. 

Келгесін олар мұның өздеріне тигізген түрлі пайдала­

рын  көрсін.  Алладан  өздеріне  ризық  ретінде  беріл­

ген  құрбандық  малды  белгілі  бір  күндерде  Алланың 

атымен  құрбандық  шалсын.  Оның  етінен  өздерің  де 

жеңдер,  жоқ­жітікке  де  жегізіңдер!»  («Хаж»  сүресі, 

27­28 аяттар).

қымбатты отандастар! Баршаңызды әлем 

мұсылмандарының ұлық мерекесі құрбан 

айтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл 

күнді барша мұсылман бауырларымыз асыға 

күтті. Себебі бұл Алла разылығы үшін мал 

шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын 

күн. қажылық өтеушілер қасиетті қағбаға 

жүзін қаратып, Арафат жазығында күні бойы 

құлшылық жасап, Жаратушы иемізден ізгі 

тілек тілейді.

Ұлық мерекелеріңізбен, 

отандастар!

Бүгін күллі мұсылман 

қауымы өзінің жылына 

бір рет келетін мерейлі 

мерекесі құрбан айт-

пен қауышып отыр. 

Адам зат атаулыны 

ын тымақтастыққа, өз-

ара сыйластық пен 

жа ра сымдылыққа 

бас тайтын құрбан 

айт құрбан шалу 

ғибадатымен ерекше. 

қазір әлемдегі халал нарығының 

айналымындағы жылдық қаржы 500 

миллиард долларды құрайды. оған 

тек азық-түлік өнімдері ғана емес, 

сонымен бірге өзге де тауарлар және 

қызмет түрлері енеді. ол – өзінің 

денсаулыққа залал келтірмеуіне 

100 пайыз кепілдік беруімен 

ерекшеленетін әрі жоғары сұранысқа 

ие нарық түрі. Сондықтан мұсылман 

қауым басым қазақстанда да халал 

индустриясын дамыту көзделіп 

отыр. Бірақ өкінішке қарай, оның 

бүгінге дейін қандай да бір жүйелі 

даму тетіктері болмай тұр. осы 

жағынан біз «Халал» стандарттау 

жөніндегі техникалық комитеті 

жайын мысалға келтіруді жөн көріп 

отырмыз. 

ҚұрБАнДыҚ шАлу КеЗінДе 

АДАМның ішКі нИеті, шын 

пейілі, ДінИ БеКеМДігі, 

тАҚуАлығы тАрАЗығА түСеДі

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 4-бетте

ДАТ!

6-б

етте

әбсаттар қажы ДЕРБІСәЛІ:

Ислам қағидаларына сүйенсек, 

адам баласының ең басты міндеті 

–  ұлы  Жаратушыны  тану,  өзіне 

оның тарапынан берілген өлшеусіз 

жақ сылық  пен  ризық,  нығметтер 

үшін  алғысын  мінсіз  ғибадат  ар­

қы лы  білдіру.  Құрбан  шалу  да  – 

Жаратушы  ризашылығына  бө ле­

ну ге бағытталған игі амал. Хазірет 

Мұхаммед пайғамбарымыз: «Кім­

де­кім мүмкіншілігі бола тұра құр­

бан шалмаса, біздің намаз оқи тын 

жерімізге  жақындамасын!»  деген 

ха дисімен  құрбандықтың  қан ша­

лық ты  маңызды  екендігін  ес керт­

кен. негізі, құрбан шалу – Ибраһим 

пай ғамбарымыздан  жалғасып  ке­

ле жатқан сүннет. Және оның өзін­

дік  тарихы  бар.  Діни  жазбаларға 

сүйен сек,  Ибраһим  пайғамбар 

өзінен  кейін  халықты  тура  жолға 

бастар  ізгі  ұрпақ  сұрап,  көп  жыл 

бойы  Ал л аға  жалбарынады.  Бұл 

тілегі  әб ден  қартайып,  ұрпақ 

сүюден  үміті  үзіл ген  қарттық  ша­

ғында  қабыл  бо лады.  Зарыға 

күт кен  перзенті  тәтті  қы лығымен 

сүй сінтіп,  ерекше  сүй кімді  бала 

болып  өседі.  Көзінің  қуа нышына 

айналған  сол  бала  қол ғабысқа 

жарап  қалған  кезде  Ибра һим 

пайғамбар  түсінде  баласын  құр­

бандыққа  шалғалы  жатқандығын 

кө реді. Бұл аянның Жаратушыдан 

кел геніне  көзі  жеткен  Ибраһим 

пай ғамбар:  «Алланың  берген 

жаны  –  Ал лаға  аманат»  деп,  оны 

қалайда орын дауға бекінеді. 

Аты  айтып  тұрғандай,  аталған  комитетке 

артылған  жүк  қомақты.  Олар  халал  тағамдарды 

тексере  отырып,  оның  құрал­жабдықтарына 

дейін  елімізге  жеткізілуіне  атсалысады.  тіпті 

халалға  өткен  немесе  өткісі  келетін  кәсіпорын 

мамандарын  осы  комитет  қызметкерлері  оқы­

тады  екен.  Бас  технологтан  бастап,  инженерге 

дейін  ол  арада  14  күн  дәріс  беріліп,  сертификат 

ұсынылады.  Мұсылман  елдерінен  инвесторлар 

тартуда да аталған комитеттің атқарған шаруасы 

қыруар. Биыл халал өнімді анықтайтын жаңа тест­

технологияны да олар айналымға енгізуде үлкен 

игі іс атқарған еді. Бір қызығы, анықтай келгенде, 

осындай  қомақты  істерді  ың­шыңсыз  атқарып 

жатқан  комитет  қызметкерлері  айлықсыз  жұмыс 

істейтін болып шықты. 

«Халал бар жерде бізге ақшаның керегі жоқ, 

біздегі  жұмысшылардың  барлығы  айлықсыз, 

мұсылман игілігі мен Алланың ризашылығы үшін 

жұмыс  істейді»,  –  дейді  «Халал»  стандарттау 

жөніндегі  техникалық  комитет  төрағасының 

көмекшісі Мұхтар АСАн.

–  Республиканың  әр  облысында  біздің 

бір­бірден  өкіліміз  бар.  Олар  бұл  іске  пұл 

үшін емес, мұсылман қауымының игілігі үшін 

атсалысуда.  Жұмыс  істеп  жатқан  үш  жыл­

дың ішінде бізге бюджеттен бір рет те ақша 

бөлінген  емес.  Оған  біз  зәру  де  емес  едік. 

Алайда таяуда Үкіметке осы сипаттағы хатты 

жолдауымызға тура келді. Өйткені қызмет етіп 

жатқан кеңсемізді жалға алуда ай сайын 80 

мың теңге төлейміз. Телефон арқылы да көп 

мәселелерді  шешуге  тура  келеді.  Міне,  осы 

мәселелерді  айтып  әрі  басқа  да  ойымызда 

бар жобаны жеткізіп, Үкіметтен қаржы бөлуді 

сұрап хат жазғанымыз рас. Әзірге одан жауап 

келген жоқ. Ол арада біз қызметіміздің құнын 

сұрап отырғанымыз жоқ, – дейді ол.

Жалғасы 4-бетте

Жалғасы 4-бетте

құрбан айт құрбан шалу 

ғибадатымен құнды


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№211 (211) 



27.11.2009 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

СаяСи  бюро

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Қажылыққа өз орныңа өкіл ретінде басқаны жіберуге бола ма?

Тауап пен сауап екі басқа

Қажылыққа бара алмайтын кісі өзінің орнына басқа біреуді өкіл ретінде 

жіберуіне бола ма? Болса, қандай жағдайларда жіберуге болады?

Тұмар апай, Ақтау қаласы

Бір танысым «Тауап» деген «сауап» деген мағынада айтыл-

ған сөз» дейді. Алайда мен «тауап» туралы басқаша естіген 

едім. «Тауап» туралы мағлұмат берсеңіздер. «Тауап» деген не?

Айнұр СеріковА, Талдықорған қаласы

ізеТ


елбасы «Ақмешітке» 

қасиетті Құран табыс етті

Желтоқсанда – жағармай

ақпанда астық дауы шешіледі

сапар


кездесу

рейТинг


Назарбаевтан көп нәрсе 

үйренгені үшін Лукашенко 

алғыс білдірді 

елбасы нұрсұлтан назарбаев Беларусь басшысы 

александр  Лукашенкомен  кездесуінде  екі  ел 

арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты 

дамыту  мақсатында  біздің  еліміздің  аумағында 

жүзеге асырылатын 37 жобаның жалпы құны шама-

мен 3 млрд аҚШ долларын құрайтынын атап өтті. 

сондай-ақ  нұрсұлтан  назарбаев  қазіргі  дағдарыс 

жағдайына  қарамастан,  Қазақстан  индустриялан-

дыру  бағдарламасын  әзірлегенін  айтып,  сапар  ая-

сын да  бекітілетін  Қазақстан  мен  Беларусь  арасын-

дағы 2009-2016 жылдарға арналған экономика-

лық  ынты мақтастық  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

жөніндегі  бірлескен  іс-шаралар  жоспары  аталмыш 

бағдарламаны жүзеге асыруға дөп келіп отырғанын 

және қажет екенін жеткізді. Осы орайда Қазақстан 

басшысы  құрылатын  кеден  одағы  бағдарламасын 

іске асыруға көмектесіп, екі елдің арасында бол ған 

қиындықтарды  жоятындығына  сенім  білдірді. 

«Қазақстан  Беларусьқа  қажетті  өзінің  өнімдерін  – 

энергетикалық  шикізатын,  азық-түліктік  бидайын 

және басқа да өнімдерді экспорттауға дайын. Жалпы, 

біз  бірнеше  бағыттар  бойынша  ынтымақтасатын 

боламыз. Беларусьтың аграрлық сектордағы, соның 

ішінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы, 

әсіресе, химия саласындағы тәжірибелері бізді өте 

қызықтырады»,  —  деген  елбасы  екі  ел  үшін  ауыл 

шаруа шылығы саласындағы ынтымақтастықтың ма-

ңы зы зор екеніне тоқталды. 

Өз кезегінде а. Лукашенко Беларусь пен Қазақстан 

арасында  Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  өте  жақсы 

қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Ол осы 15 

жылдың  ішінде  басқа  мемлекеттің  басшыла-

рына қарағанда, Қазақстан президентінен көп 

нәр се  үйренгенін айтып, тиімді кеңестерімен және 

бай  саяси  тәжірибесімен  өзіне  көмектескені  үшін  

н.назарбаевқа  зор  алғысын  білдірді.  Бұған  дейін 

александр  Лукашенко  кедендік  одаққа  күмәні  бар 

екенін  жасырған  емес.  Беларусь  елінің  кедендік 

одаққа қатысты ұстанымы бүгін Минскіде өтетін еура-

зиялық экономикалық қоғамдастық (еуразЭҚ) Мем-

лекетаралық  кеңесінің  мәжілісінде  анықталар.  Бұл 

шара  соңында  еуразЭҚ-қа  мүше  елдер  мемлекет 

басшыларының қатысуымен қорытынды құжатқа қол 

қойылады деп күтілуде. 

Бейсенбі күні елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев екікүндік ресми сапармен 

Беларусь республикасына келді. 

Сенатор Ғарифолла есім болашақ 

өнер иелерімен кездесті 

Шаймиев пен Қадыров  

ең ықпалды мұсылман атанды

кездесуге  студенттермен  қатар 

оқ у  ордасының  оқытушы-ғалым-

дары, танымал өнер қайраткерлері 

және  белді  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  өкілдері  қатысты. 

Басқосу  барысында  философ-

ғалым Ғ.есім ұлттық идеяның мәні, 

ұлтты біріктіретін негізгі факторлар, 

ел  болашағы  туралы  өзінің  пай-

ымдауларын  ашық  жеткізді.  «Өз-

деріңіз білесіздер, 13 қараша күні 

елбасы нұрсұлтан назарбаев теле-

дидар  арқылы  халықпен  тікелей 

жүздесуінде  ұлттық  идея  туралы 

айтып кетті. елбасының айтуынша, 

ұлттық идея мына төрт жағдайдан 

тұрады.  Олар:  ел  бірлігі,  бәсекеге 

қабілетті  экономика  құру,  дін  мә-

селесі,  өркениетті  мемлекет  болу. 

Философ  ретінде  мен  осы  төрт 

жағдайды  да  дұрыс  бағыт  дер 

едім», — деп бастады сөзін сенатор. 

Қазақ «қарға тамырлы қазақ» деп 

бекер  айтпаған.  Ұлттық  идеяны 

құру үшін ең алдымен қазақ жері-

 нің  иесі  —  қазақтардың  арасында 

алауыздық  болмауы  керек.  киіз 

туырлықты,  «Ұранымыз  —  алаш, 

ке регеміз — ағаш» деп ұрандайтын 

қазақтар  «бір  жеңнен  қол,  бір 

жағадан  бас  шығарса  ғана  шын 

мәніндегі  ұлттық  идеяға  жетуге 

болады.  Бұл  бағытта  жастардың 

жоғары  білім  алып,  тәрбиелі, 

бауырмал болғаны аса маңызды. 



Арыстанбек МҰХАМеДИҰЛЫ, 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 

өнер академиясының ректоры:

– Бүгінгі кездесудің студент­

тер  үш ін  үлкен  маңызы  бар  деп 

есептеймін.  Жаһандану  жағ дай­

ында жастардың батыс қоғамына 

еліктеп  кетпей,  ұлттық  құнды­

лықтардан  сусындап  өсуі  үшін 

оларға  тәлім­тәрбиесі  мол  ос­

ындай  кездесудің  пайдасы  көп. 

Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі. 

Сондықтан олар қазақ мәдениетін, 

философиясын,  өнерін,  тарихын 

терең білуі тиіс деп санаймын. 

Нұрмұхаммед 

МАМЫрБеков

2009 жылдың ең ықпалды мұ-

сылман азаматтарының тізімі 200 

беттен тұратын кітап болып басы-

лып шықты. Тізімнің көш басында 

сауд арабия корольдігінің королі 

абдолла бин абдул Әзиз ал-сауд 

тұр.  Одан  кейінгі  орындарды  мұ-

сылман  әлемінде  өзіндік  із  қал-

дырып  үлгерген  танымал  ғалым-

дар,  саясаткерлер,  дінбасылар 

мен  кәсіпкерлер  иеленген.  Мұ-

сылман-христиан  өзара  түсініс тік 

орталы ғы  басып  шығарған  кі-

таптағы мәлі метке қарағанда, Та-

тарстанның  бас шысы  Минтимер 

Шаймиев ре сей Федерациясы ау-

мағындағы ең ықпалды мұсылман 

атанып отыр.

Болатбек МҰХТАров

кеше Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 

өнер академиясында Қр Парламент Сенатының депутаты

академик Ғарифолла есім «Ұлттық идея – ел санасы» 

тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.

Татарстан Президенті Минтимер Шаймиев пен 

Шешенстан Президенті рамзан Қадыров әлемнің ең ықпалды 

500 мұсылманының қатарына енді. Бұл дәстүрлі рейтингті 

Американың Джорджтаун университетінің жанындағы әл-

Уәлид бин Тәләл сұлтан мұсылман-христиан өзара түсіністік 

орталығының сарапшылары құрастырған.

«ЖоЛ кАрТАСЫ» –  

ҚоЛ кАрТАСЫ еМеС

гүлшара  наушақызы  да  баяндамасын 

осылай  болса  тез  бітер  дегендей,  ресми 

тілде  желдірте  бастады.  Оның  айтуынша, 

2010 жылы «Жол картасы» бойынша ашы-

латын тек әлеуметтік жұмыс орын дарының 

өзі  26  мыңнан  асады  екен.  «2010  жылы 

барлығы  130,5  мың  жұмыс  орнын  құру 

жоспарланып отыр. Бұл ретте шартты түрде 

бір жұмыс орнына бөлінетін қаржы көлемі 

965,4  мың  теңгені  құрайды.  Бұл  биылғы 

жылға қарағанда 50 пайызға көп», – деді 

ол. Осылайша, министр ханым «Жол кар-

тасы» жобасының баз біреулер айтып жүр-

гендей,  қол  картасына  айналмағанын, 

құр  сөзден  нақты  іске  кірісіп  жатқанын 

дәлелдеп өтті. келесі жылы «Жол картасы» 

аясында ел аймақтарында инвестициялық 

бағыттарды  қаржыландыру  үшін  жалпы 

көлемі  123,4  миллиард  теңге  бөлінбек. 

Министрдің  мәлімдеуінше,  бұл  қара-

жаттың  басым  бөлігі,  яғни  39  пайызға 

жуығы (47,5 мил лиард теңгесі) тұрғын үй 

ком муналдық  шаруашылығы  жүйесін 

жөндеу  және  дамытуға  жұмсалады  екен. 

Жол  құрылысына  деп  29,8  пайызы,  мек-

тептерді,  ауруханаларды  және  басқа  да 

әлеуметтік  нысандарды  жөндеуге  40 

миллиард теңге бөлінеді», – деді ол. соны-

мен  бірге  қала  мен  ауылдардағы  әлеу-

меттік-мәдени  нысан дарды  жөндеу  жұ-

мыстарына  да  біраз  қаржы  бөлінетін 

болады. гүлшара нау шақызы бұл үшін 5,8 

миллиард  теңге  кө ле мінде  қаржы  бөлу 

туралы ұсыныс жасал ғанын атап өтті. 

Осы  ретте  премьер-министр  де  «Жол 

картасына»  қатысты  өз  байламын  білдіріп 

жатты.  Оның  айтуынша,  2009  жылғы 

аталмыш бағдарлама аясында жол берілген 

заңбұзушылықтарға қатысты арнайы отырыс 

өтетінін  мәлім  етті.  «Отырыс  желтоқсан 

айының ортасына қарай өтеді. Осыған бай-

ланысты  Қаржы  министрлігіне  бөлек  тап-

сырма беріледі. Бұл шара («Жол картасын» 

қол  картасы  көретіндерді  жазалау)  құқық 

қорғау  органдарымен  бірлесе  отырып 

жүргізіледі», – деді кәрім Қажымқанұлы.

ЖАНАрМАй ЖАҒАДАН 

ҚАШАНҒЫ АЛАр екеН?

елімізде  желтоқсанның  1-інен  бастап 

аи 92-93 маркалы (жоғары октанды) бен-

зин нің бір литрі 82 теңгеге дейін төмендей-

ді  деп  жоспарланып  отыр.  Бұл  хабарды 

селекторлық  кеңес  барысында  энергетика 

және мине ралдық ресурстар министрі сауат 

Мыңбаев жария етті. «Бүгінгі таңда аи 92-93 

маркалы  бензиннің  орташа  бағасы  –  88 

теңге,  біз  «82»  деген  бағаға  тоқталып 

отырмыз.  1  желтоқсаннан  бастап  бұл  баға 

бүкіл  ел  аумағында  қолданылады»,  –  деді 

министр.  дегенмен  бұл  «кәмөнизм»  уақыт 

тым  ұзаққа  бармай  қалу  қаупі  бары  тағы 

байқалып қалды. ішкі сұранысты өтеу үшін 

әлі  де  болса  37,5  мың  тонна  жағармай 

жетіспейді.  екіншіден,  желтоқсан  айында 

павлодар  мұнай  өңдеу  зауыты  –  83  мың 

тонна,  ал  атырау  зауыты  –  18  мың  тонна, 

Шымкент мұнай өңдеу зауыты 41 мың тонна 

бензин өндіреді. «Бұл ішкі сұранысты толық 

өтей алмайды», – дейді с.Мыңбаев. Болжам 

бойынша  алдағы  айда  елімізде  жоғары 

октанды  бензинді  тұтыну  көлемі  180  мың 

тоннаны құрайды. астана – 11 мың тонна, 

алматы  –  40  мың,  алматы  облысы  –  15, 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  –  18,  Жамбыл 

облысы  –  14,  Қарағанды  мен  павлодар, 

Шығыс  Қазақстан  облыстарында  сұраныс 

көлемі  10  мың  тонна  болса,  Қостанай, 

ақмола, Батыс Қазақстан, ақтөбе облыстары 

– 7 мың, солтүстік Қазақстан облысында 8 

мың  тонна  бензин  тұтынылатын  болады. 

Жетпейтін  37,5  мың  тоннаны  біз  өндіре 

алмаймыз.  сондықтан  оны  алдағы  айдың 

барысында  импорттаймыз»,  –  деді  сауат 

Мыңбаев.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал