Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың



жүктеу 0.74 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Ерғожин ЕрлЕді

Дәулет  Ерғожиннің  сөзіне  сенсек,  салық 

органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­

гейі төмендеген. «Құқық қорғау орган дарымен 

бірігіп жасаған жемқорлықтың алдын алу ша­

ралары осы жылдың 11 айының қо рытындысы 

бойынша  өткен  жылдың  осы  кезе ңімен  са­

лыстырғанда  жемқорлыққа  қатысты  құқық 



иә

–  Меніңше,  мүмкін.  Себебі  заң  қа­

былдағаннан кейін біртіндеп біз кабельді 

арна болсын, не басқа да іс­әрекет ба ры­

сында туындайтын мәселелерді шеше бе­

реміз. Негізінен, мұндай заң әлемнің бар­

лық елдерінде бұрыннан бар. Сон дықтан 

бізде де қолға алынғаны өте дұрыс. Неге 

бұл мәселе бізде дәл қазір туындап отыр? 

Себебі өтіп бара жатқан жыл қазақ кино­

сының  серпіліс  жасаған,  көптеген  жаңа 

туын дылармен  толыққан  жылы  болды. 

Өз деріңіз  де  куәсіздер,  биыл  бір  дүмпу 

болды.  Биыл  экранға  13  кино картина 

шық ты. Мейлі кейбір кинолар сынға ұшы­

расын, мейлі мақталсын, мәсе ле оның са­

пасынан бұрын көрермен на зарына ілігіп, 

қоғамда кәдімгідей қозғалыс туғыза ал­

ғандығында.  Тіпті  енді  бейәдеп  фильм­

дер ге тыйым салу туралы мәселе де сол 

ауыз толтырып айтарлықтай туынды лары­

мыз пайда болуынан туындап отыр. 



жоқ 

– Жалпы, біз мұсылман елі бол­

ғандықтан,  эротикалық  көріністері 

бар  фильмдерді  эфирге  мүлдем 

жібермегеніміз жөн. Сондықтан түн 

баласы көпшіліктің тірліктен қолдары 

босап,  нағыз  теледидар  қарайтын 

шағында  анайы  көріністері  бар 

киноларды көрсетуге тыйым салуды 

қашаннан  қолға  алу  керек  еді. 

Мұндай дүниелер әсіресе кабельді 

арналарда өте көп. Өзіңіз ойлаңыз, 

теледидар  алдын  торуылдайтын 

көбіне  кімдер?  Әрине,  ана  сүті 

аузынан кеппеген балалар. Күндізді 

қойып,  кейде  түнде  де  олар  теле­

дидар  қарайды.  Көзің  түсіп  кетсе, 

кинолардың әйтеуір бір жері болмаса 

бір  жерінде  балалардың  санасына 

кері  әсер  ететін,  біздің  ұлттық  тәр­

биемізге қайшы көріністер кездесіп 

қалады. 


Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Еркін рақышЕв, 

кинорежиссер: 

«Қазақ киносының бiр мүшесi 

ғана  емес,  бүкiл  өн  бойы  –  ауру. 

Басы ауырады, жүрек – инфаркт тiң 

аз алдында, асқазан, бауыр, өкпе, 

бәрi де шiрiп жатыр. Тiптi «шошқа 

тұмауын»  жұқтырған  десек  те 

болады».


(www.zhasalash.kz сайтынан)

№223 (223) 

23 желтоқсан

сәрсенбі


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Смағұл ЕлУБаЙ, 

жазушы:

Гүлнар әБіКЕЕва, 

кинотанушы: 

Түй


ТК

іл

3-бет



5-бет

5-бет

Ой­КӨКпар 

Жәрдемақыдағы жаңалық

Әлеуметтік әділетсіздік 

танытқан компания 

қалай үздік аталды?



C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Зорлап таңылған тарихи 

атаулардан арылу қажет

Түймебаев тапсырған «тестен» 

досқалиев өте алмады

Кабельді телеарналардың мәртебесін анықтап алмайынша, эротикалық фильмдерге тыйым салатын заң қабылдау мүмкін бе?

Тәуба дейік, биылғы жыл еліміздің мәдениет 

саласында жақсы жаңалықтар мен оқиғаларға толы 

жыл болып отыр. Басқасын айтпағанда, күні кеше 

Парламент Мәжілісінде кино мәселесінің қызу 

талқыланып, мәдениет және ақпарат министрі 

Мұхтар құл-Мұхаммедтің ел ішіне кең тарап кеткен 

бейәдеп көріністерге толы туындыларға қатысты 

өзінің ойын айтып, соңында келер жылдан бастап 

мұндай бассыздықтарға жол бермеу үшін заң 

қабылдау қолға алынатынын айтты. осы ретте, заң 

қабылдар алдында бізде әлі назардан тыс қалып 

отырған кабельді арналар мәселесі бар екен. Себебі 

әлі күнге олардың мәртебесі анықталмаған. 

Сондықтан кабельді арналарды біржақты реттемей, 

бейәдеп көріністері бар фильмдерге тыйым салу 

толығымен мәселені шеше ме? Біз бұл сұрақты 

мамандар талқысына салып көруді жөн деп таптық. 

ау

а р



айы

Синоптиктердің болжауынша, облыс өңірлерінде 

бүгін  түнде  сынап  бағанасы  ­28­30  градусқа  дейін 

төмендейді. Кей жерлерде ­38­39 градус аяз болуы 

ықтимал. Осыған байланысты Қр Төтенше жағдайлар 

жөніндегі министрлік мамандары тұрғындарға облыс 

аумағынан  сырт  жерлерге  жолға  шықпауға  ке ңес 

береді.  Жалпы,  «Қазгидромет»  мамандары  алдағы 

күндері  республиканың  біраз  аймақтарында  ауа 

райының  қолайсыз  болатынын  ескертіп  отыр.  атап 

айтсақ, еліміздің солтүстік өңірлерінде суық антициклон 

ықпалы сақталады. атырау, Маңғыстау, алматы, Жам­

был,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Қызылорда  облыста­

рында  тұман  түсіп,  жылдамдығы  секундына  15­20 

метрге дейін жететін жел тұрады. Батыс Қазақстан, ақ­

төбе, Қостанай және ақмола облыстарының кей жер­

лерінде боран соғады деп күтілуде. Сол сияқты пав­

лодар, Шығыс Қазақстан және Қарағандыда да боран 

соғып, жолдарда көктайғақ болады. 

жансая әБдіБЕКова

Бірқатар  діни  ұйымдардың  жымысқы  саясатпен 

айналысып  жүргендіктері  әшкереленіп,  құқық  қорғау 

органдарының  құрығына  ілініп,  елден  аластатылып  та 

жатыр. Дегенмен қой терісін жамылып жүргендері әлі де 

жетерлік. Оған таяуда орын алған мына екі әңгіме куә.



 авТоБУСТағы әңГіМЕ

 Келесі бір аялдамаға тоқтаған автобус ішіне қасына 

9­10 жасар бала ерткен келіншек кірді. Мұндай уақытта 

көлік ішінде бос орын табу түгіл, еркін тік тұрудың өзі ға­

нибет. үлкендердің арасында қысылып қалмасын деген 

оймен  таяу  отырған  әйел  кісі  балаға  алдына  отыруға 

ұсыныс жасады. Бала да жалма­жан «жоқ, отырмаймын, 

тұра беремін» деп шапшаң жауап қатты. Сөзіне, қимылына 

қарағанда, бала пысық, зерек сияқты. Зеректігіне қызықты 

ма, апай баланы сөзге тартты.



жалғасы 4-бетте

шығыс 

қазақстанда 

40 градус 

аяз болады

алдағы тәуліктерде шығыс қазақстан 

облысында ауа температурасы күрт 

төмендеп, 40 градус аяз болады. 

Бұл туралы кеше еліміздің Төтенше 

жағдайлар жөніндегі министрлік 

мамандары хабарлады. 

Кешегі Үкімет отырысында қаржы 

министрлігі Салық комитетінің төрағасы 

дәулет Ерғожин 19 минут бойы баяндама 

жасады. оның өзінде Премьер-министр 

Кәрім Мәсімовтің екі рет ескертуінен 

кейін барып қана әрең тоқтады. «дәулет 

Еділұлы, сіздің лексикаңыздың өзі 

«құқық қорғаудан» құрғамайды екен, 

ә?» – деп Кәрім Мәсімов мұртының 

астынан бір мырс етіп күліп алды. 

жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

Баспасөз – 2010

«алаш айнасына» 

жазылу жүріп жатыр

ДАТ!

6-б

етте

әуесхан жұМаБЕКов:

ЖаЗаНы 


КүШЕйТЕТіНДЕй, 

ДӘрігЕр аДаМ ӨліМіНЕ 

ҚаСаҚаНа БарМайДы

қазіргі таңда елімізде әртүрлі 

діни ағымдардың қарасы көбейіп 

кеткендігі дүйім жұртқа аян. Бұл 

діни ұйымдардың барлығы да өз 

күйлерін күйттеп, өз нанымдарын 

халықтың санасына сіңіруге 

ұмтылатыны тағы да белгілі. 

алайда осындай ұйымдардың 

кейбірінің ислам қағидаларына 

ғана емес, мемлекеттік әнұранға 

қарсы екенін естігенде «бұл 

ұйымдар тек халықтың діни 

нанымына ғана жік түсіріп қоймай, 

еліміздің қауіпсіздігіне де іріткі 

салып жүрген жоқ па?» деген сұрақ 

туындайды.

қалдар БЕК

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

148,59

212,31

4,85

21,76

1,43

10414,14

1412,94

1752,02

72,7

1097

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Бұл діннің діттегені не? 

Салтан СәКЕн

бұзушылық – 69 пайызға, қылмыстық іс қозғау 

35  пайызға  төмендеді»,  –  деді  Дәулет  Ер­

ғожин. 


Оның  айтуынша,  жеті  жемқорлық  сипа­

тындағы  заңбұзушылықты  Салық  комитеті 

қызметкерлерінің  өздері  анықтаған.  Құқық 

қорғау  органдарының  көмегінсіз­ақ.  «Жем­

қорлық  қылмыс  орын  алған  жеті  орган 

басшыларының жауапкершілігі қаралып, оның 

төртеуі  қызметінен  босатылды»,  –  деп 

мәлімдеді бас салықшы.



жалғасы 2-бетте

Мансұр Х


а

МИТ (фо


то)

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№223 (223) 



23.12.2009 жыл, сәрсенбі

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Аккламацияның мәні не?

Адамзатқа қатерлі ғаламдық апаттар қандай?

Ежелгі грек елінің тарихы, саясаты туралы айтыл-

ғанда аккламациялық сайлау деген түсініктер кездеседі. 

Жалпы, аккламация деген сөз қандай мағына береді?

Нұрболат САДУАҚАСОВАлматы

Жақында әлем ғаламдық жылынуға қарсы Копенгагенде өткен саммитке қатысушы елдер бір 

тоқтамға келе алмағанын естідім. Жер шарының жылынуы ғаламдық апатқа ұшырататын түрі бар. 

Адамзатқа қандай ғаламдық апаттар қауіп төндіріп тұр?

Аянбек МЕРКЕБАЕВ, Алматы облысы 

СаяСи  бюро

Жиын

Ақордадағы алқалы кеңес

Басы 1-бетте

Астанадағы мейрамхана, ойын-сауық 

бизнесімен  айналысатын  кәсіпкерлер 

салықтан түсетін кірісті ондаған есеге дейін 

қолдан азайтып көрсететін көрінеді. «Ас-

танадағы мейрамханаларға, ойын-сауық 

орындарына  тексерулер  жүргіздік.  Бұл 

кәсіпкерлік нысандар кіріс көлемін ондаған 

есеге төмендетіп көрсетеді», – деп мәлім-

деді Дәулет Ерғожин. Бұларға қолданылар 

жаза  да  жеңіл  болмайын  деп  тұр. 

Төрағаның айтуынша, бұл кәсіпкерлердің 

төлейтін салығы енді бес есеге өспек. 

Осыған  байланысты  Кәрім  Мәсімов 

2010 жылда салық саласының әкімшілік 

жүйесін  жетілдіру  қажеттігін  атап  өтіп, 

салықты дұрыс төлеушілерді мазаламауды 

тапсырды. «Ал салықтан жалтарғандардың 

бәрін  анықтап,  тиісті  жазаларын  беру 

қажет», – деді Үкімет басшысы. 

Салық комитеті биыл мемлекеттік бюд-

жетке  түсетін  салық  бойынша  жоспарды 

100 пайызға орындамақ. Дәулет Ерғожин-

нің айтуынша, мемлекеттік бюджетке тү-

сетін  қаржы  1  триллион  634  миллиард 

тең гені құрайды. Комитет биыл салық тө-

леуші ірі компаниялардан 32,6 мил лиард 

теңге көлемінде қарыздарын өндіріп ал-

ған. Бұл да мемлекеттің тайқазанына қо-

сылған  айтарлықтай  үлес  болды.  «Тран-

сферттік баға туралы» Заңның қабылда-

нуына  байланысты  салық  төлеушілердің 

көбісі өз еріктерімен салық міндеттемелерін 

жөнге салып, өз беттерімен қарыздарын 

төлей бастады», – деді төраға. Атап айтсақ, 

«Қазцинк» компаниясы 2006-2008 жыл-

дардағы кірістерін өз бетімен 4,8 миллиард 

Түймебаев тапсырған «тестен» 

Досқалиев өте алмады

теңгеге  түзеткен.  Сондай-ақ  бюджетке 

қосымша 1,5 миллиард теңге көлемінде 

салық төлеген. 

Кеден  одағы  жұмысын  бастағаннан 

кейін  салық  қызметіне  тиесілі  біраз  ша-

руаның  шығатыны  белгілі.  Осыған  бай-

ланысты Премьер-министр өзінің бірінші 

орын басары Өмірзақ Шөкеев пен қаржы 

министрі Болат Жәмішевке осы пробле ма-

ларды  дұрыс  шешуді  тапсырды.  «Кеден 

одағы құрылғаннан кейін туындайтын мә-

селелер  сол  арада  бірден  шешімін  табу 

керек. Бұл жұмыстың көп бөлігі салық қыз-

метіне  де  тиесілі.  Сондықтан  проблема-

лар ды дұрыс қарап, дұрыс шешу керек», 

– деді Кәрім Мәсімов. 

Оның айтуынша, Кеден одағы мен бір-

тұтас экономикалық кеңістік көптеген мә-

селелердің шешу жолдарын да өз гертеді.

«Соның  ішінде  ішкі  шекарадан  кеден 

қызметі де алынып тасталады. Осы себепті 

енді салық органдарына қандай міндеттер 

жүктеледі, соны нақтылау қажет. Сондай-

ақ біздің салық салу жүйесі өзгелерге қа-

рағанда ыңғайлы әрі тиімді болған дық тан, 

одақтың  өзге  елдеріне  жөнелтілетін 

тауарларды кедендік рәсімдеу біз арқылы 

жүргізілуі мүмкін», – деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы бір реттік талондарды 

алып тастау жұмыстары мен жалпыға ортақ 

декларация мәселесі шешілер күн де алыс 

емес екенін ескерті. «Сондықтан да осының 

бәріне тыңғылықты әзірлік қажет», – деді 

ол. 

Дәулет Ерғожин Кедендік одақ қызметін 



бастаған соң Қазақстанда салықтық әкім-

шілік жүйесін одан әрі реформалау мәсе-

лесі туындайтынын айтты. «Мәселен, шек-

МАрАПАТ


«Тіл жанашыры»

өз иелерін тапты

«Тілге  құрмет  –  елге  міндет» 

демекші, биылғы «Тіл жана шыр-

лары»  деп  та нылғандардың 

жалпы саны 25 адам екен. Олар-

дың ішінде Жоғарғы соттың төр-

ағасы Мұсабек Әлімбеков, көлік 

және  коммуникация  министрі 

Әбілғазы  Құсайынов,  «Мем ле-

кеттік  тілге  құрмет»  бірлестігінің 

төрайымы Асылы Осман, белгілі 

қоғам  қайраткері,  ақын,  Пар-

ламент  Мәжілісі  төрағасының 

хатшысы  Әкім  ысқақ,  Солтүстік 

Қазақ стан  об лысындағы  №26 

мектептің  қазақ  тілі  пәнінің 

мұғалімі Людмила Милютина мен 

«Мен  –  Қазақпын»  деп  жүрекке 

намыс  отын  тұтатқан  жас  әнші 

Ерболат  Құдайбергенов  сынды 

елге белгілі азаматар бар. 

Бір  қызығы,  бұл  марапатқа 

еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге 

жуық ұсыныс түсіпті. Демек, тілі-

міздің шын жана шыр лары аз емес 

деген сөз. Салтанатты жиында сөз 

алған  академик  Мырзатай  Сер-

ғалиев  былай  деді:  «Тіл  –  кіш-

кентай  сөз  түсіністігінен  бастап, 

үл кен  соғыс тарды  шешуге  жол 

аша тын, халықтарды туыс қылып, 

достастыратын  құрал.  Бү гінде 

қазақ  тілі  осы  қызметті  атқаруға 

кі рісті.  Біздің  елімізде  қазақ  тілі 

мем лекеттік  тіл  ретінде  басқа 

халықтар  мен  этностардың  тіл-

дерін туыстырушы, со лардың да-

муына мүмкіндік жасаушы, бүкіл 

халықтың  сөйлеу  тілі  болуға 

лайық  екендігін  дәлелдеді».  Ал 

Мәжіліс  де путаты  Бекболат  Қа-

найұлының  пайым дауынша, 

бүгінгі таңда тілді елімізде дамы-

туға, көтеруге лайық фактор лар-

дың  барлығы  бар.  «Ең  бастысы, 

еліміздің жүрегінде намыс деген 

дүние бар. Осындай тілге құрмет 

тұрғанда, тілге жаны ашитын аза-

маттар тұрғанда тіліміз ешқашан-

да өгейлік көрмейді», – деп атап 

өтті ол. 

«Тіл  жанашыры  –  2009» 

байқауын ұйымдастырушылар – 

«Тіл  жанашыры»  қоғамдық 

бірлестігі және «Тіл» журналы. Бас 

демеуші – «Алтын софт» компа-

ниясы.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Астана

Астанада тарих қойнауына кетіп бара жатқан сиыр 

жылының қорытындысы бойынша тіл жанашырлары 

анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Бейбітшілік 

және келісім сарайында өтті. Бірінші нөмірлі «Тіл 

жанашыры-2009» төсбелгісімен Президент Нұрсұлтан 

Назарбаев марапатталды. Бұл кезде Мемлекет басшысы 

жұмыс бабымен Алматы қаласында сапарда болған 

еді. Сондықтан аталған марапат Президент кеңсесінің 

бастығы Махмұт Қасымбековке тапсырылды. 

араны  заңсыз  жолмен  кесіп  өткен  жүкті 

тұт қындауға салық органдарының құқығы 

жоқ. Соған сәйкес, біз Қаржы полициясы 

органдарымен өзара байланысты жақ сар-

тып,  тіпті  біртұтас  диспетчерлік  орталық 

құруымыз қажет», – деп атап өтті ол.

ПРЕМьЕР АЛДЫНДАғЫ 

ПРЕМьЕРА

Білім және ғылым министрі Жансейіт 

Түймебаевтың  мәлімдеуінше,  еліміздегі 

үш ауысымды және апатты жағдайындағы 

мектептердің орнын толтыру мақсатында 

жүзеге асып жатқан «100 мектеп бағ дар-

ламасы»  бойынша  биыл  39  мектеп  тап-

сырылған  екен.  Жоспарды  орындамай, 

мек тептерін  әлі  күнге  дейін  қолданысқа 

тапсырмай отырған облыстардың ішінде 

Оңтүстік Қазақстан көш бастап тұр. Жер-

гілікті әкімшіліктер «бітпей қалған мек теп-

терді»  келесі  жылы  құрылысын  аяқтап, 

тап сырамыз»  деп  уәде  етіп  отыр.  Астана 

қаласы да тапсырманы кешеуілдетіп келе-

ді. Олар да бұл шаруаны келесі жылдың 

сыбағасына қалдырып отыр. «Бүгінгі таңда 

«100  мектеп  бағдарламасы»  бойынша 

жалпы  85  мектеп  тапсырылып  отыр»,  – 

деді министр. Оның айтуынша, мектептер-

дің уақтылы салынып бітпеуі, кешігуі құры-

лысты жобалау құжаттарына және кейбір 

құрылыс ұйымдарының өз ісіне жауапты 

қарамауына байланысты. 

Ал Денсаулық сақтау министрі Жақсы-

лық Досқалиевтің айтуынша, «100 ауру-

хана»  бағдарламасы  бойынша  Ақмола 

об лысына бөлінген 56 миллион теңге иге-

рілмей отырған көрінеді. Министрі «осы 

мәселені жергілікті әкімшіліктерге ескерт-

Ү

К

іМЕ



Т

«Аккламация» латын тілінен сөзбе сөз аударғанда «айғай-

лау» деген мағынаны береді. Демократияның отаны болып 

есептелетін  ежелгі  Грекияда  халық  жиыны,  халықтық 

кеңестерде ортақ басшы сайлау кезінде қолданылған. Яғни 

үміткерлердің  есімі  ретімен  аталады.  Сол  кезде  халықтың 

дауысы қай үміткерді атағанда қаттырақ шығады. Сол же-

ңімпаз болып танылған. Яғни аккламация – демократияның 

ашық әрі айқын бір көрі ністерінің бірі. Кейіннен жасырын 

дауыс  беру  арқылы  сайлау  жүргізілетіндіктен,  бұл  ұғым 

қолданыстан шығып қалған.

Адамзатқа  қауіп  төндіретін  ғаламдық  апаттар 

ғарыштық, табиғи және қолдан жасалған деп бөлі-

неді.  Алдымен  ықтимал  ғарыштық  апаттар  төмен-

дегідей жіктеледі: 1. Метастабильді вакуумның күй-

реуі; 2. Біз симуляциямен өмір сүруіміз мүмкін және 

оның бір мезетте өшірілуі ықтимал. Табиғаттағы ға-

ламдық апаттар: 1. Орасан зор энергия бөлуі арқылы 

гамма-жарылыс;  2.  Супервулканның  атқылауы;  3. 

Астероидтардың құлауы; 4. Күннің аса күшті жарқы-

рауы; 5. Парниктік қайтымсыз жылыну салдары (ат-

мосфераның төменгі қабатының шектен тыс жылы-

нуы). 6. Озон қабатының тесілуі; 7. Жат ғаламшар лық-

тардың шабуылы. Қолдан жасалуы мүмкін ғалам дық 

апаттар:  1.  Жасанды  интеллектінің  дұшпандығы;            

2.  Гендік  инженериямен  байланысты  биологиялық 

апат; 3. Ғаламды радиоактивті залалға ұшырататын 

және ядролық «қысқа» душар ететін ядролық соғыс; 

4. Сәтсіз физикалық эксперимент (Үлкен андронды 

коллайдер); 5. Жердің озон қабатын қасақана жою;   

6. ірі астероидтарды әдейі Жерге бағыттап ауытқыту. 

Кеше Ақордада тағы бір 

дәстүрлі жиын болып өтті. Бұл 

жолы жылдағы үрдіс бойынша 

Ақордаға елімізде қызмет етіп 

жатқан шетелдік дипломатиялық 

корпус өкілдері бас қосты. Бұл 

кездесуге Арқаның шыңылтыр 

аязы да кедергі бола алмаған 

тәрізді. Дәл сол уақытта 

термометр бағанасы артық-кемі 

жоқ 30 градус аязды көрсетіп 

тұрды. Сүліктей қара көліктерін 

ала тақиялы, сәлделі, қызыл 

телпектісі болып түсіп жатқан 

елшілер тез-тез басып Ақордаға 

ентелей кіріп жатты. Қос бірдей 

мереке – Тәуелсіздік күні мен 

Жаңа жыл мерекесіне тап келген 

бас қосуды Президент Нұрсұлтан 

Назарбаев ашты. 

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Президент нұрсұлтан назарбаев ел шілердің 

бұл қылығын іштей сезген болуы керек, әлде 

оларды  ширықтырып  алғысы  келді  ме  кім 

білсін,  Арқаның  аязына  қатысты  бір  оқиғаға 

тоқталып  өтті:  «Біздің  Астанада  қыс  қатты 

болады.  Кезінде  ауа-райы  жылы  Алматыны 

тастап неге келдіңіз деген сөздер көп айтылатын. 

Мен оларға «әр адамға Отаннан ыстық ештеңе 

жоқ. Туған жердің жаман жері болмайды» деп 

жауап  беретінмін.  Бұл  жердің  ауасы  сондай 

таза. Мұндай температурада ешқандай микроб 

болмайды», – деді шетелдік ел шілерге Арқаның 

айбынын асырғандай болып.

Айтпақшы,  биыл  елімізге  норвегия  және 

Фин ляндия елдерінің консулдығы ашылғаны 

бел гілі.  Бұл  мәселе  де  Президент  назарынан 

тыс қал мады. «Бұл екі елдің елшісі Жаңа жылды 

биыл біздің елде қарсы алғалы отыр. Алдағы 

бір-екі жыл көле мін де толық дипломатиялық 

кор пус ашы лады деп үміттенемін», – деп атап 

өтті ол. 

Осыдан соң әңгіме арқауы нақты мә селеге 

ойысып,  Президент  ғаламдық  ық палдастық 

мәселесін көтерді. Бүгінгі таңда ықпалдастық 

жекеленген мемлекеттердің ғана емес, жаһан-

дық мәселе болып та былады. Оны Мемлекет 

басшысы да ерек ше атап өтті. «Біз жаһандану 

дәуірінде  өмір  сүрудеміз.  Сондықтан  қазір 

көптеген мәсе лелер ұлт ауқымынан, ел шеңбе-

рінен  шы ғып,  ғаламдық  сипатқа  ие  болып 

отыр. Орталық Азия мемлекеттердің ықпалдасу 

идеясы әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Ол үшін 

Түркітілдес  мемлекеттердің  ынты мақ тастық 

кеңесін  және  Аралды  құтқару  жөніндегі 

бірлескен  қорды  негіз  етіп  алуға  болады»,  – 

деген Елбасы аталмыш ықпалдастықтың өзара 

сауда-саттыққа,  өзара  тиімді  инвестициялық 

жобаларға, энергетика мен көлік инфрақұры-

лымын дамытуға негізделуі қажет екенін атады. 

Дегенмен  ол  бұл  мәселеге  көлеңке  түсіріп 

отырған жайттарға да оралып соғып отырды. 

«Бұл мемлекеттердің эконо ми калық ынтымақ-

тастығының  жанда нуына  дағдарыс  кері  әсер 

етті. Бірақ біз жұмысты әрі қарай жалғастыратын 

боламыз. Екін шіден – біздің тарапымыздан Ор-

талық Азиядағы көрші елдердің жетекші леріне 

интеграция туралы бірнеше рет ұсыныс жасалса 

да  әзірге  олардың  арасында  ортақ  түсіністік 

қалыптаспай отыр», – деді н.на зарбаев. 

Сондай-ақ Президент Кеден одағы мен Бір-

тұтас экономикалық кеңістік құ рылғаннан кейін 

оған мүше мемлекеттер Еуразиялық одаққа бі-

рігуі қажет деп са найтынын білдірді. Біз Қазақ-

стан, ресей мен Белоруссия Кеден одағын, оның 

заң ды жалғасы ретінде Біртұтас эконо ми ка лық 

кеңістік құру туралы бастама көтердік. Аталған 

мемлекеттер басшыларының таяуда Алматыда 

өткен бейресми кезде суінде Кеден ода ғын құру 

туралы келісім жасалды. «Бұл ке лісім біртұтас 

эконо ми калық  кеңістік  қалыптас тыруға  негіз 

бол мақ.  Бұл  ықпалдастық  проце сінің  кезекті, 

заңды жалғасы. Ол капитал мен адам дар дың 

аталған кеңістік аумағында емін-еркін қозғалуы-

на мүмкіндік береді», – деді Пре зидент.

Еліміз  қысқа  мерзім  ішінде  талай  асуды 

бағындырды. нұрсұлтан назарбаевтың сөзімен 

айтқанда, Еуропа елдерінің 57 жыл жүріп өткен 

жолын біз бас-аяғы 18 жылда еңсеріп алдық. 

Бұның дәлелі елі міздің 2010 жылы Еуропадағы 

қауіпсіздік және қауіпсіздік ұйымына төрағалық 

етуі екені даусыз. 

Бүгінгі таңда еліміз көркейіп, эконо микамыз 

жаһандық  дағдарысқа  қара мастан  қалыпты 

даму үстінде. «Қазақстан да өзге елдер сияқты 

әлемдік дағдарыс әсерін сезді. Жылдың күрделі 

болғанына қарамастан 170 өнеркәсіп нысаны 

пай далануға беріліп, 3 млрд доллардан астам 

қаржы игерілді. Дағдарысты жеңу үшін Ұлттық 

қордан  14  млрд  АҚШ  доллары  бө лінді.  Біз 

шағын  және  орта  бизнеске  қолдау  көрсеттік, 

зар дап шеккен үлескер лерге кө мектесіп, тұр-

ғын-үй құрылысын жалғас тырдық. Өткен жыл-

дың аяғында алтын-валюта қоры 48 млрд дол-

лар  бо латын,  бүгінде  ол  52  млрд  долларға 

жет ті», – деп атап өткен ол қаржы секторындағы 

ахуалға да тоқталды. «Біз қаржы сек то рындағы 

жағ дайды толық тұрақтандыр дық. Лон дондағы 

кредиторлармен «АТФ Банкі» мен «БТА Банкі» 

төңірегіндегі келіссөздерді аяқтадық. Осыған 

орай,  қаржы  секто рын дағы  өте  күрделі 

мәселелер шешілді және қаржы жүйесі толық 

тұрақтандырыла  бас тады  деп  мәлімдей 

аламын», – деді н.на зарбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстан – ресей, АҚШ, Қы тай 

мемлекеттерімен  өзара  ерекше  қа рым-қа-

тынастағы ел. Олармен аймақтық қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету, энергетика, сауда, көлік, бай ла-

ныс салаларында ынтымақтастық табысты түрде 

дамып  келеді.  Өз  сөзінде  Президент  Қа зақ-

станның  мұнайы  мен  газын  тасымалдау  үшін 

қазіргі кезде қолданыстағы энергетикалық ба-

ғыттарды кеңейту мен құру бойынша жа сал ған 

келісімдер стратегиялық маңызға ие бол ға нын 

атап өтті. Бұл орайда Каспий құбыры кон сорциу-

мының тасымалын, сондай-ақ Батыс Қазақстан 

– Батыс Қытай мұнай құбырының іске қосылуын 

айтуға  болады.  «Түрікменстан-Өзбекстан-Қа-

зақстан-Қытай магистралді газ құ быры жаһан-

дық  энергетикалық  қауіпсіздікті  қам тамасыз 

етуде Қазақстанның рөлін артты ра тын болады. 

Екінші  кезектегі  Батыс  Қазақстан  –  Оңтүстік 

Қазақ стан қазақстандық газ құбыры ның бір бө-

лігі Қытай құбырына тоғыспақ. Бұл – біздің ел 

үшін  өте  тиімді  жоба.  Яғни  бұл  Жібек  жолын 

жаңғырту болып табылады», – деді Президент 

дипломатиялық корпуспен болған кездесуде.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал