Ереймен талайларға



жүктеу 188.06 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі188.06 Kb.

E-mail: redakcia2008@mail.ru

АУДАНДЫҚ ҚОЄАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТІ

1935 ЖЫЛЄЫ МАМЫРДЫЅ 5-інен ШЫЄА БАСТАДЫ

№ 16


(9566)

СӘРСЕНБІ


2 НАУРЫЗ

2016 ЖЫЛ


Ереймен талайларға 

                          арман жерсің...

Ералы Саққұлақұлы

Ереймен


ƏКІМДІК МƏЖІЛІСІНЕН

Аптаның  басында  аудан  әкімі  Ермек  Нұғымановтың 

төрағалығымен  әкімдік  мәжілісі  өтті.  Оған  бөлім,  мекеме, 

ұйым  бастықтары,  ауыл,  ауылдық  округ  әкімдері  қатысты. 

Ауданның  шаруашылық,  үкіметтік  емес  ұйым,  баспасөз 

басшылары шақырылды.

Жиын жағымды рәсіммен басталды. Аудан басшысы Ермек 

Нұғыманов  ауданда  қоғамдық  қозғалысты  дамытуға  қосқан 

үлесі үшін соғыс және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің 

төрағасы  Төлеген  Əбдинге  Республикалық  ардагерлер  ұйымы 

төрағасының дипломын табыс етті.

Ау ы л   ш а р у а ш ы л ы ғ ы   б ө л і м і н і ң   б а с ш ы с ы   Аб ы л а й 

Иманжүсіпов  ірі  қара  етінің  экспорттық  әлеуеті  туралы  ақпар 

ұсынды.  Мал  шаруашылығын  өркендету  саласындағы  басым 

бағдарламалар  аталды.  Ауылдық  округтердің  арасында  түлік 

тұқымын  асылдандыруда  алда  жүрген,  соңғы  қатарда  қалған 

шаруашылықтар  туралы  дерек  келтірілді.  Бағдарламаға 

қатысуға арналған жоспарлы міндеттер жайында әңгіме өрбіді. 

Аудан  шаруашылықтарының  экспорттық  әлеуеті  негізінде 

келісім  шеңберінде  «Əлдібеков»,  «Береке-5»,  «Төлеген», 

«Баэрбах» шаруашылықтары және басқалары ет өткізуде.

Аудан  әкімі  тауарлы  шаруашылықты  кеңейтуге,  мал  басын 

көбейтуге  арналған  мәселе  көтерді.  Мал  бонитировкасын 

жүргізуге кедергі келтіретін себептер аталды.

Шаруашылық  иелері  құрамажем  өндіретін  зауыттың 

құрылысына  қатысты  өз  пікірімен  бөлісті,  мал  семіртуге 

жұмсалатын  шығынмен  сәйкеспейтін  сатып  алу  бағасын 

көтеруге, қабылданатын төлдің салмақ дәрежесіне негізделген 

ой-тілегін жолдады.

Новомарковка,  Ақсуат  өңірінде  мал  семіртетін  алаң  ашуды 

қолға  алатын  инвестициялық  жоба  басшылары,  иелері  негізгі 

баяндама бойынша жарыссөзге қатысты. Олар жобаның жүзеге 

асырылу барысына, алдағы ой-жоспарына, бөлінген несие мен 

кепілдік қамсыздандырылу ыңғайына тоқталды.

Аудан  әкімі  аппаратының  басшысы  Зейнеп  Жүсіпова  аудан 

әкімінің,  қала  әкімінің,  ауылдық  округ  әкімдерінің  өткізген 

есепті  кездесуі,  көпшілік  тарапынан  жолданған  ұсыныс-

ескертулер  жайында  хабарлады.  Халық  тарапынан  сын 

ескертудің түспегенін атап өтті.

Əкімдік  мәжілісі  барысында  қаралған  мәселелер  бойынша 

сәйкестелген шешім қабылданды.

Ізінше  аудан  әкімі  Ермек  Нұғымановтың  төрағалығымен, 

аудан әкімі орынбасарының, бөлім бастықтарының, қала мен 

аудан  мекемелері  басшыларының,  ауыл,  ауылдық  округ 

әкімдерінің,  үкіметтік  емес  ұйым,  баспасөз  жетекшілерінің 

қатысуымен «Əкім күні» мәжілісі өтті.

Аудан  басшысы  Парламент  Мәжілісіне  және  мәслихаттарға 

сайлау  өткізілетін  уақыттағы  уәкілетті  өкілдердің  есімін  жария 

етті.


«Мал  Аман»  коммуналды  кәсіпорнының  басшысы  Базарбай 

Жұмағұлов  ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру 

жүргізу  туралы  тұжырымды  ақпар  ұсынды.  Əңгімесінің 

кіріспесінде құлақ сырғасының жеткілікті санда әкелінгенін жария 

етті де, тұрғындарды малына біркелкі таңба салдыртуға шақырды. 

Өйткені қосымша жайылым әлде шабындық тіркелген мал санына 

қарай бөлінетін болады. Кейбір ауылдар мен ауылдық округтердегі 

мал  кінәратының  қалыпты  сақталу  себептері  үй  иелерінің 

залалсыздандыру  шараларын  жүргізуден  бас  тартатынымен 

орайласатынын  айтты.  Ауданның  ветеринария  қызметінің 

бруцеллезді  тыюға,  мал  басын  бірдейлендіруге  арналған  алдағы 

міндеттерін белгілеп берді.

Экономика  және  қаржы  бөлімінің  бастығы  Амантай  Хасенов 

бухгалтерлерден   жылдық   қаржылық   е септің   уақтылы 

тапсырылуына  жауапкершілікпен  қарауды  талап  етті.  Жылдық 

есептің  облысқа  уақтылы  тапсырылуын  бөгеген  бөлімдерді, 

ауылдық округтерді атап өтті.

Төтенше  жағдайлар  жөніндегі  бас  маман  Ерлан  Айдрахманов 

алдағы  көктемгі  кезеңдегі  су  тасқынына  қарсы  шараларға 

дайындыққа негізделген жоспарлы жұмыс туралы баяндады. Осы 

негізде  халық  арасында  түсіндірме  жұмысы  жүргізілген. 

Облыстық,  республикалық  мәндегі  көлік  жолы  тексерілген. 

Ауданның елді мекендерінде қардың мол түскені де әңгімеге арқау 

болды. Жағдай ушығуы ықтимал аймақтарға назар аударылды.

Жер  қатынастары  бөлімінің  басшысы  Елена  Олексиенко 

көпшілікті  жер  учаскелерін  бергізуге  арналған  өтініштің  қаралу 

тәртібі  мен  мерзімімен  таныстырды.  Жер  кодексінің  жекелеген 

баптарына енгізілген өзгерістер жайында түсіндірілді. Анағұрлым 

тұжырымды ақпарат жергілікті баспасөзде жарияланатын болады.

Жиынды аудан әкімі қорытты.



ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Д ү й с е н б і д е ,   2 9   а қ п а н д а ,   Қ а б ы л д а   Қ ұ д а б а е вт ы ң 

төрағалығымен  Қоғамдық  кеңестің  мәжілісі  өтті,  оған  кеңес 

мүшелері қатысты.

Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың «2015 жыл ішіндегі әлеуметтік-

экономикалық даму нәтижелері және ағымдағы жыл соңына дейінгі 

міндеттер  туралы»  есепті  баяндамасы  ықыласпен  мақұлданды. 

Баяндама  соңында  мал  шаруашылығындағы  жобаларды  жүзеге 

асыруға, өнім ұқсатылымына, су тасқынына қарсы шараларға, нөсер 

жауынның  кәріз  желісіне  қатысты  көпшілікті  қызықтырған  сауал 

қойылды. Берілген сұрақтардың бәріне тұжырымды жауап алынды.



Р.БАРЖАҚСЫ.

 ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ

АЛҒЫС ПЕН РИЗАШЫЛЫҚ КҮНІ

Жақсылыққа жақсылық,

Кірер жүрекке бақ күліп.

Бірге өткерген өмірің,

Естен кетпес мәңгілік!, 

- демекші, мен де бауырлас 

қазақ  халқына  ризашылығыммен  рахметімді  айтқым  келеді. 

Енді өзім туралы мәлімет бере кетейін. Мен, Петухова Раиса 



Лукьяновна,  1939  жылдың  7  мамырында  Қазақстанда  туып-

өстім. Əкем Лященко Лука Григорьевич 1906 жылы туған. 1935 

жылы  Украинаның  Полтава  облысынан  Қазақстанға  қоныс 

аударып келді. Анам 1911 жылы Украинада туған. Екеуі осында, 

Қазақстанда,  1935  жылы  шаңырақ  көтерді.  Əкем  1941  жылы 

әскер қатарына алынды. Апалы-сіңлілі қыздар: үлкен әпкелерім 

Варвара 1935 жылы, Александра 1937 жылы, мен 1939 жылы, 

сіңлім  Любовь  Лукьяновна  1941  жылы  осы  ауылда  дүниеге 

келді. Ал менің жолдасым Петухов Николай Михайлович 1955 

жылы  Қазақстанға  тың  игеруге  механизатор  болып  келді. 

Сонымен  біз  1958  жылы  шаңырақ  көтердік.  Осы  туған 

ауылымда 77 жыл өмір сүрудемін. Бестоғай ертеректе Ильинка 

селосы,  «Северный  маяк»  колхозы,  Фрунзе  атындағы  совхоз, 

«Селетинское  РСХО»  болып  аталды.  Бертін  Бестоғай  атауы 

қайтарылды. 

  1994  жылдан  бері  құрметті  зейнет  демалысындамын.  27 

жылдан  астам  уақыт  совхозрабкоопта  еңбек  еттім.  Ширек 

ғасырдан  астам  көркемөнерпаздар  үйірмесінде  «Сельчанка» 

ансамблінің  мүше сімін.  Ең  бастысы  айтарым:  өзімді 

Қазақстанда туып, қазақ арасында өскен жан ретінде санаймын 

әрі  оны  мақтан  тұтамын.  Өйткені  бұл  менің  Отаным!  Мен  өз 

ауылдастарымды  жақсы  көремін  және  мені  бәрі  құрметтеп 

сыйлайды. Қуаныш пен қайғыны, қиындық пен қызықты бірге 

бөлістік. Ауылымызда түрлі ұлт өкілдері бірге тұрдық. Қазақтар 

бәрін де бірдей көріп, біркелкі бауырына тартып, әрқайсысына 

кең құшақ жайды. Жарты нанды бөліп жедік. Осының бәрін өз 

көзіммен  көріп  өстім.  Өкінішке  орай,  тағдырдың  жазмышы, 

үлкендер  арамызда  жоқ,  бақилық  болды.  Аруақтары  риза  -  із-

жолын ұрпақтары жалғастырып келеді. Шынымды айтсам тіпті 

қандай  ұлттан  екенімізді  ұмытқандаймыз.  «Үлкендерден 

ұлағат» дегендей, біз ата-анамыздан, жастар бізден естіп-көріп

үлгі  алып,  тату-тәтті  өмір  сүрудеміз.  Ұлы  халыққа,  әр  ұлтқа 

көрегендігі мен даналығының арқасында ел бірлігін, достық пен 

тыныштық-ынтымақтың  ұйтқысы,  халықтың,  ел  тірлігінің 

қамын  ойлаған  Елбасымыз  Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан 

Əбішұлы  Назарбаевқа,  оның  саясатын  қолдаған  ел  ағаларына 

ризашылығымыз  шексіз.  Əрі  қазақпен  құдандалы  болуымның 

өзі,  достық  қарым-қатынасымыздың  өзі  жақсы  нышан.  Ел 

ішінде тыныштық, ашық аспан, мол бақ-дәулет, бірлік пен тірлік 

бола  берсін.  Айтар  рахметім  мен  ризашылығымды  тілмен 

жеткізу қиын деп жүрегіммен жеткіземін! «Рахмет айту күні», 8 

Наурыз және Наурыз мейрамы құтты болсын, ағайын!

 Көрдім мен орыс-қазақ жақсы адам, 

 О дүниеге бет түзеді қанша адам.

 Ет-жүрегім езіледі еске алсам,

 Түсінерсің өмірді – жалғасы боп сен қалсаң. 



 

Мақала факспен қабылданды. 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау 

туралы» Конституциялық Заңының 43 бабының 8 тармағының 8-1 

тармақшасына сәйкес округтік сайлау комиссияларының мәжілісі 

өтетін орны мен уақыты туралы мәліметті хабарлаймыз

2 БЕТ

Ереймен


2 НАУРЫЗ (9566)

ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Дүйсен Ербол Құсайынұлы, №12 САЙЛАУ ОКРУГІ 

ӨМІРБАЯН

Мен,  Дүйсен  Ербол  Құсайынұлы,  1967 

жылдың  14 маусымында дүниеге келдім. 

Ұлтым  қазақ.  Ерейментау ауданы Торғай 

ауылының тұрғынымын. Анам Дүйсенова 

Күләш  Шыңғысқызы  зейнеткер.  Торғай 

ауылында  менің  отбасыммен  тұрады. 

1984 жылы Торғай орта мектебін бітірдім. 

1984  жылдың  1  тамызында  Торғай 

к е н ш а р ы н а   ж ұ м ы с ш ы   б о л ы п 

қ а б ы л д а н д ы м .   1 9 8 5 - 1 9 8 7   ж ы л д а р 

аралығында  Отан  алдындағы  әскери 

борышымды  өтедім.  1987  жылы  Торғай 

к е ң ш а р ы н а   ж ү р г і з у ш і л і к к е 

қабылдандым.1989  жылы  №18  орта 

к ә с і п т і к - т е х н и к а л ы қ   у ч и л и щ е с і н е 

өндірістік оқу шебері болып ауыстым.

1991 жылы техника кауіпсіздігі жөніндегі 

инженер қызметіне алындым.

1 9 9 4   ж ы л д ы ң   м а м ы р ы н а н   б е р і 

« Қ а р л ы ғ а ш »   ш а р у а   қ о ж а л ы ғ ы н 

басқарамын.  2004  жылы  Қазақ  заң 

колледжінде  құқықтану  мамандығы 

б о й ы н ш а   б і л і м   а л ы п ,   « З а ң г е р » 

б і л і к т і л і г і н   и е л е н д і м .   2 0 1 3   ж ы л ы 

«Көкше»  академиясының  «Заңтану» 

м а м а н д ы ғ ы   б о й ы н ш а   б а к а л а в р 

академиялық дәрежесі берілді.

2012  жылы  Еркіншілік  сайлау  округінен 

мәслихат  депутаттығына  сайландым. 

«Таным-Дария»  қоғамдық  қорының 

қ ұ р ы л т а й ш ы с ы м ы н .   О т б а с ы н 

құрғанмын.  Екі  қызым,  бір  ұлым  бар. 

З а й ы б ы м   Г ү л н ә р   Ж ұ м а б е к қ ы з ы 

Дүйс енова  Торғай  орт а  мектебінің 

м ұ ғ а л і м і .   Ү л к е н   қ ы з ы м   Ə й г е р і м 

Ерболқызы  Дүйсенова  Еуразия  Ұлттық 

у н и в е р с и т е т і н   б і т і р г е н ,   А л м а т ы 

қаласында  «Aida  KaumeN O VA»  сән 

үйінде  жұмыс  істейді.  Тұрмыста,  үш 

б а л а н ы ң   а н а с ы .   Қ ы з ы м   Е р б о л о в а 

Жанерке Ерболқызы Астана қаласындағы 

« Қ а з а қ   э к о н о м и к а ,   қ а р ж ы   ж ә н е 

халықаралық  сауда  университетінің» 

магистратурасын бітіріп, экономика және 

қаржы  магистрі  академиялық  дәрежесін 

и е л е н д і .   Қ а з і р г і   у а қ ы т т а   А с т а н а 

қаласында жұмыс істейді. Ұлым Құсайын 

Еламан Ерболұлы Торғай орта мектебінің 

9   с ы н ы б ы н   ү з д і к   б і т і р і п ,   А с т а н а 

политехникалық колледжінің студенті.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Халықтың  әл-ауқатын  жақсарту  үшін 

келесідей  мәселелерді  шешу  қажет  деп 

санаймын:  –  Мал  шаруашылығының 

дәстүрлі салаларын дамытуға ниеттенген 

жандарға жәрдем көрсету;

– Тұрғылықты халыққа жайлымдық және 

егістік  жерлерді  өз  саласында  орынды 

пайдалануға беру;

– Ауыл жастары үшін ауыл шаруашылығы 

мамандығы  мен  бағыттары  бойынша 

білім алуын қолдау;

– «Нұрлы жол» бағдарламасын негізге ала 

отырып,  ауылдағы  маңызды  жолдарды 

қалпына келтіруге ат салысу;

– Бастама алған су мәселесін қолдау;

–  Торғай  ауылына  қарасты  ауылды 

м е ке н д е рд е г і   б і л і м   о ш а қ т а р ы   м е н 

балабақша  мәселесін заңдағы талаптарға 

сүйене отырып, жан-жақты қарастыру;

–  Ауыл  ішіндегі  әлеуметтік  мәселелерді 

ж а н - ж а қ т ы   ө р б і т і п ,   т ұ р м ы с т ы қ 

м ә с е л е л е р д і   а л ғ а   қ о ю ; –   Т а р и х и 

мекеніміздегі  құндылықт арымызды 

заңды түрде қорғап, туризм саласын ауыл 

халқы үшін тиімді пайдалану. Туған өлке 

табиғатына ұқыптылықпен қарау. 



Ерқанат Мұратұлы Имашев,№3 СТАНЦИОННЫЙ  САЙЛАУ ОКРУГІ 

ӨМІРБАЯН

Мен,  Ерқанат  Мұратұлы  Имашев, 

Ақмола  облысы  Ерейментау  қаласында 

1975  жылдың  2  маусымында  дүниеге 

келдім.

1982-1992 жыл аралығында орта мектепті 



б і т і р д і м .   1 9 9 2   ж ы л ы   А л м а т ы 

қаласындағы  темір  жол  көлігі  инженері 

и н с т и т у т ы н ы ң   « А в т о м а т и к а , 

т е л е м е х а н и к а   ж ә н е   б а й л а н ы с » 

факультетіне  оқуға  түстім.  1998  жылы 

Қазақ  Көлік  және  коммуникацилар 

Академиясын  бітіріп,  жоғары  білім 

алдым.


1998  жылдың  қазанынмен  2001  жыл 

аралығында ҚР Қарулы Күштер әскерінде 

а з а м ат т ы қ   б о р ы ш ы м д ы   ат қ а р д ы м . 

Запастағы  аға  лейтенант  шенін  алып 

шықтым.

2003  жылдың  3  сәуірінен  бастап  өз 



қызметімді  Байланыс  дистанциясында 

электромеханик қызметінен бастадым .

2004  жылдың  1  маусымынан  бастап 

лаузымым «Желі байланыс» цехының аға 

э л е к т р о м е х а н и г і   д ә р е ж е с і н е  

жоғарылады.  2013  жылдың  қазанынан 

баст ап  С О Б  аға  элект ромеханигіне 

ауысып,  П А Б  учаске сі  бастығының 

міндетін атқардым.

2 0 1 4   ж ы л д ы ң   2 2   ж е л т о қ с а н ы н д а 

«Екібастұз  белгі  беру  және  байланыс 

дистанциясы»  филиалы  директорының 

орынбасары болып тағайындалдым.

Отбасын құрған азаматпын. Үш баланың 

әкесімін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Ө з   қ а л а м д ы   ж а қ с ы   б і л е м і н ,   о н ы 

қастерлеймін,  сондықтан  тұрғындардың 

өзекті  мәселесі  маған  бес  саусақтай 

таныс. 

Депутат,  қалалықтар  тұрақты  кезігетін 



қиындықтарға  жақсы  қанық,  қарапайым 

жандар  қатарынан  сайлануы  тиіс  деп 

есептеймін.  Өйткені  депутат  халықтың 

е р к і н   б і л д і р е д і ,   о л   қ а л а   м е н   ө з 

сайлаушыларының қамын көздеуі тиіс. 

Қаланың  әлеуметтік-экономикалық 

д а м у ы н а   қ а т ы с т ы   ө з   б о л ж а м ы м 

баршылық.  Тұрғындардың  алдындағы 

а з а м ат т ы қ   ж ау а п ке р ш і л і к т і   ж а қ с ы 

түсінемін.  Сайланған  депутат  сайлау 

округі  тұрғындарының  алдында  есеп 

б е р і п   о т ы р у ы   т и і с ,   о л   ж а һ а н д ы қ 

шараларды  жүзеге  асыруға  уәде  етпеуі, 

міндеттерге,  бірінші  кезекте  қала  мен 

о н ы ң   т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң   т о л ғ а қ т ы 

мәселесіне    өз  деңгейінде  жоспарлы 

ш е ң б е р д е   д е н   қ о ю ы   ш а р т .   Ө з 

бағдарламамды елдің саяси бағытын және 

«100 қадам» мемлекеттік бағдарламасын 

о р ы н д ау ғ а   б а ғ ы т т а й м ы н .   Д а м у ш ы 

к ә с і п о р ы н д а р   ж ұ м ы с   о р н ы н   а ш у 

мәселесін ширағырақ шешуі, адамның әл-

ау қ а т ы м е н   о р а й л а с қ а н   к р е а т и в т і 

тапсырмаларды  іске  асыруды  көздейтін 

кадрларды алға жылжытуы тиіс. 

Өз  басым  бірле скен  күш-әлеуетпен 

к ө п т е г е н   ө з е к т і   м ә с е л е н і   ш е ш у г е 

болатынына  сенемін.  Осы  негізде  алға 

келесідей мақсат белгілеймін: 

-Шағын және орта бизнесті сүйемелдеу.

-   « Ш а ғ ы н   қ а л а л а р   б а ғ д а р л а м а с ы » 

қадамының алға жылжуына үн қосу.

-   Ж а с   о т б а с ы л а р д ы   с ү й е м е л д е у, 

балабақшадағы орын санын кеңейту және 

көбейту.

- Аула аумағын көріктендіру, балалардың 

ойын алаңын, спорт алаңдарын салу.

-  Те м і р  жол  а р қ ы л ы  ө т е т і н  ж а я у 

жүргінші көпірінің құрылысын қолға алу. 

-Қаланың  көлік  жүйесін,  жол  қозғалысы 

қауіпсіздігін жетілдіру.

-  Менің  округіме  кіретін  қала  көшесі 

жолдарының, табанжолдарының сапасын 

жақсарту.

-  Сапалы  ауыз  сумен  қамсыздандыруға 

арналған түйнді мәселені шешу.  

Жалпы  өз  бағдарламамды  партиялық 

ұстанымды  және  «Нұр  Отанның»  ХVІІ 

съе зінің  «Бірлік,  тұрақтылық  және 

ж а с а м п а з д ы қ »   ұ р а н ы н   о р ы н д ау ғ а 

б а ғ ы т т а й м ы н .   Б а р л ы қ   д е п у т а т т а р 

жасампаздыққа  талпынуға  лайықты  деп 

ойлаймын. Жаңа жағдайда жаңа мемлекет 

құрылуы  қажет.  Менің  жалғыз  ғана 

көздейтін  мақсатым  бар  -  халықтың 

тұрмыс  деңгейін  нығайту  үшін  барлық 

м ү м к і н д і к т і   і с к е   қ о с у.   Қ а л а н ы ң 

болашағын  маңызды  бағытқа  санайтын 

тұрғындардың қолдауынан шынайы үміт 

күтемін.


ӨМІРБАЯН

М е н   Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы 

Целиноград  облысы,  Ерейментау  ауданы, 

Малтабар  ауылында  1964  жылдың  11 

ақпанында,  көпбалалы  жұмысшының 

отбасында  дүниеге  келдім.  1981  жылы 

орта  мектепті,  2005  жылы  Щучинск 

экология  және  орман  шаруашылығы 

колледжін  бітірдім.  2008  жылы  Ж.Ж. 

Қ а с ы м о в   а т ы н д а ғ ы   К ө к ш е т а у 

у н и в е р с и т е т і н   т ә м а м д а п ,   о р м а н 

шаруашылығы  ісінің  бакалавры  білігін 

алып шықтым. 

Еңбек  қызметім  1981  жылы  басталды. 

Уақтас  зауытының  жөндеу-механикалық 

шеберханасында  3  дәрежелі  токарь 

болдым. 

1982-1984  жылдары  Отан  алдындағы 

борышымды өткердім.

1987  жылдан  «Ереймент ау  орман 

шаруашылығы» коммуналды мемлекеттік 

кәсіпорнында  орманшы,  орман  қорғау 

инженері,  директордың  орынбасары 

қызметін атқардым.

2011  жылдан  «Ереймент ау  орман 

шаруашылығы»  мемлекеттік  мекемесінің 

директоры  лауазымына  тағайындалдым. 

Үйленгенмін, екі баланың әкесімін.



 САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ 

БАҒДАРЛАМАСЫ

Менің  кандидатурам  №  1  Автобаза 

сайлау  округі  бойынша  Ерейментау 

аудандық  мәслихатының  депутаттығына 

үміткер ретінде ұсынылып отыр. 

Бірінші кезекте жерлестерге жан-жақты 

көмек көрсетіп, өзекті мәселелерін шешіп 

қана  қоймай,  бүкіл  ауданның  қамын 

ойлаған дұрыс.

Қала  тұрғындары  ұдайы  кезігетін 

қиындықтардан  депутат  хабардар  болуы 

тиіс деп есептеймін. Өйткені ол халықтың 

еркін білдіреді әрі қаланы көріктендіруге 

және  өз  сайлаушыларына  жанашыр, 

қамқор болуы тиіс.

Менің  сайлауалды  бағдарламамдағы  ең 

басты мақсаттарым:

-  халықтың  анағұрлым  әлсіз  санатын: 

егде адамдар мен мүгедектерді, көпбалалы 

ж ә н е   ш а ғ ы н   ау қ ат т ы   от б а с ы л а рд ы 

әлеуметтік сүйемелдеу;

-қала  көшелерін,  шет  аймақтарын 

көріктендіруге,  көгалдандыруға  арналған 

жұмысты  (оның  ішінде  көшелерге  шам 

орнатуды) жалғастыру;

-сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету 

мәселесін шешу;

-№1  орта  мектептің  материалдық-

техникалық әлеуетін жақсарту;

-тұрғындардың заманауи телефон желісі 

мен интернетпен әрмен қарай қамтылуына 

жәрдемдесу;

- м е н і ң   о к р у г і м е   е н е т і н   қ а л а 

жолдарының сапасын жақсарту;

-меншіктің  малы  бағылатын  жайылым 

проблемасын шешу;

Мен  алға  қойылған  мақсат-міндеттерді 

іске асыруға дайынмын. Қаламыз үшін аса 

м а ң ы з д ы   м ә с е л е   т ү й і н і н   ш е ш уд е 

тұрғындардың  қолдауынан,  келешек 

ынтымақты  ісінен  үміт  күтемін.  Алдағы 

сайлауда  көпшіліктің  түсіністігі  мен 

қолдауына шын ниетпен сенемін. 

Адайкин Юрий Борисович, № 1 АВТОБАЗА САЙЛАУ ОКРУГІ 

Жариялану ақысы үміткерлердің сайлау қорынан төленген. 


2 НАУРЫЗ (9566)

3 БЕТ


Ереймен

ӨМІРБАЯНЫ

Мен,  Горончко  Надежда  Петровна,  1973 

жылдың  5  ақпанында  Ақмола  облысы 

Ерейментау  қаласында  тудым.  Қазақстан 

Республикасының азаматшасымын. Білімім 

жоғары.  Павлодар  университетін  бітірдім. 

Е ң б е к   қ ы з м е т і м д і   1 9 9 2   ж ы л д а н 

«Темірбанк»  акционерлік  қоғамында 

банкаралық  есеп-қисап  маманы  болып 

бастадым.  1993  жылы  филиал  ашылуына 

орай,   Ереймент ау   қа ласына,   маман 

бухгалтер  лауазымына  ауыстырылдым. 

Тәжірибем  шыңдалғанда  2008  жылы 

Ерейментау  қаласының  банк  қызметін 

көрсету орталығының бастығы лауазымына 

тағайындалғанға  дейін,  аға  маман,  бас 

маман  лауазымына  ауыстырылдым.  2015 

жылдың  сәуірінен  бері  -«Цеснабанк»  АҚ, 

Ерейментау  қаласындағы  №221  банк 

қ ы з м е т і н   к ө р с е т у   о р т а л ы ғ ы н ы ң 

бастығымын.  2008  жылдан  «Нұр  Отан» 

партиясының  мүшесімін.  Тұрмыстамын, 

екі баланың анасымын. 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен  «Нұр  Отан»  партиясымен  бірге 

қ а з а қ с т а н д ы қ   қ о ғ а м н ы ң   к ү р д е л і 

қ а л ы п т а с ы п - д а м у   жол ы н   ө т ке рд і м . 

Экономиканың  қалыпты  дамуына,  әрбір 

қазақстандықтың  өмірін  мәнді  де  баянды 

е т у г е   қ о л   ж е т к і з е   а л а т ы н ы м ы з ғ а 

сенімдімін.  Менің  азаматтық  ұстанымым: 

өзің  туып-өскен  Отаныңды  сүю,  жеріңді 

қастерлеу,  тарихты  бағалау,  аға  буынды 

құрметтеу,  ұдайы  келешек  ұрпақты  ойлау. 

Қонысымыз  ауыл  шаруашылығына  бейім 

болғандықтан,  ауылдың  әл-ауқаты  - 

б ә р і м і зд і ң :   б а л а л а р ы м ы зд ы ң ,   ат а -

анамыздың,туыс пен ауылдастың әл-ауқаты 

деп  санаймын.  Ол  үшін  шаруашылықты 

жүргізудің  өзін-өзі  ақтаған  меншік  үлгісі 

м е н   б а ғ ы т ы н   қ о л д а й м ы н .   А уд а н 

экономикасы  халыққа,  қаржы  өндіріске 

қызмет  көрсететін,  әлеуметтік  мәселені 

шешетін,   жергілікті   бюджет   с а лық 

төлеушілер  үшін  айшықты  болатын  жүйе 

енгізілуі қажет. 

Мен  өзімнің  білімім  мен  тәжірибемді 

сайлауалды  бағдарламамның  келесідей 

басымдықтарын  орындауға  жұмсайтын 

боламын:

-ауылдық  аумақтарды  басымдықпен 

дамыту бағдарламасы шеңберінде халыққа 

қаржыландырудың  анағұрлым  пайдалы 

үлгісін таңдауға жәрдемдесу;

- « Б и з н е с т і ң   ж о л   к а р т а с ы - 2 0 2 0 » 

бағдарламасы  шеңберінде  ауылда  шағын 

және  орта  бизнестің  дамуына  дем  беру; 

әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту;

- н е с и е л еу   ш а рт т а р ы н   ж а қ с а рту ғ а 

лайықты ұсыныс түсіру;

-мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде 

аудан  бюджетінен  қаржы  тарту  арқылы 

а у ы л   к ө ш е л е р і н   к ө р і к т е н д і р у г е , 

жарықтандыруға  арналған  жұмысты 

жалғастыру;

- « Н ұ р л ы   жо л »   б а ғ д а р л а м а с ы н ы ң 

басымдықтарын  пайдалана  отырып,  кент 

жолын жөндеу;

-шабындыққа, жайылымға арналған жер 

учаскесін бөлгізу;

-әлеуметтік  салаға  өзекті  мәселенің 

шешіміне көмектесу;

-жастар  бағдарламасын  дамытуға  үн 

қосу:  «Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы-

2020»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында 

оларды  оқытуға,  жұмысқа  алғызуға, 

демалысына септесу;

-Тайбай  ауылы  халқының  бос  уақытын 

ұйымдастыратын  клубқа  үй  әперуге  жан-

жақты жәрдем көрсетемін;

-саламатты  өмір  салтын  насихаттауға, 

бітімгершілік  айқасына  қатысқандар  мен 

олардың  отбасыларын,  көпбалалы  жандар 

мен  мүгедектерді  сауықтыруға  әлеуметтік 

қорғау  органдарының  жәрдемімен  тегін 

және  жеңілдік  жолдамасын  бөлгізуге 

септесемін; 

-ауыл өмірінде шешімі кезек күттірмейтін 

өзге мәселелерге де ден қоямын.



М Е Н І Ң   Ө М І РЛ І К   Ұ РА Н Ы М : 

« А Д А М Д А Р Ғ А   П А Й Д А М Д Ы 

ТИГІЗУ!»

С І З Д Е РД І Ң   Қ О Л Д АУ Ы Ң Ы З , 

ТАТУЛЫҚТА ӨМІР СҮРУ НИЕТІҢІЗ, 

Э КО Н О М И К А Л Ы Қ  Ж А Ғ Д А Й Д Ы 

Т Ү С І Н Г Е Н Д Е Р І Ң І З   –   Е Л Е УЛ І 

МƏНГЕ  ИЕ!  БІРЛІК  АРҚЫЛЫ  КЕЗ 

КЕЛГЕН  ДАҒДАРЫСТЫ  ЕҢСЕРЕ 

АЛАМЫЗ!

Горончко Надежда Петровна, №10 ТАЙБАЙ САЙЛАУ ОКРУГІ 

ӨМІРБАЯНЫ

Мен,  Əбіш  Əбенұлы  Сүлейменов,  1965 

жылы  20  наурызда  дүниеге  келдім. 

Ц е л и н о г р а д   а у ы л   ш а р у а ш ы л ы ғ ы 

институтын  зооинженер  мамандығы 

бойынша  тәмамдадым.  Қазіргі  таңда 

«Еркіншілік-элеваторы- 2002» акционерлік 

қоғамында инженер қызметіндемін. 

Б а р ш а м ы з ғ а   б е л г і л і ,   е л і м і з д і ң 

экономикалық,  саяси-әлеуметтік  әлеуетін 

жақс арту   негізінде   тың   жо спарлар 

құрылған.  Бұл  тұрғыда  Елбасының 

саясатын қолдау - ортақ парызымыз. 

Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органы 

м ә с л и х ат қ а   ат қ а р ы л ат ы н   б і р қ ат а р 

тапсырма  белгілеп  берді.  Еліміздің 

Ко н с т и т у ц и я с ы н а   с ә й к е с   о л а р д ы 

толығымен  іске  асыруға  мүмкіндік  бар. 

Қандай  жағдаят  болмасын,  белсенді  әрі 

тиімді  атқаруды  мойныма  аламын.  Міне, 

сондықтан  да  аудандық  мәслихаттың 

депутаттығына  өзімнің  кандидатурамды 

ұсынып отырмын. 

Халықтың  әл-ауқатын  жақсартуға 

бар  күшімді  салатын  боламын  және 

белгіленген мәселелерді ретімен мұқият 

шешемін. Олар: 

-  аудандық  мәслихаттың  депутаттары 

адамның  еңбек  құқығын  қорғауға,  еңбек 

қауіпсіздігі  мен  еңбекті  қорғау  ережесін 

мықтап  қадағалауға,  еңбек  жалақысының 

о б л ы с т ы қ   н о р м а т и в т і к - қ ұ қ ы қ т ы қ 

талаптарға сай болуына, шығыс, кіріс және 

зейнетақы  жинақ  қорының  дұрыстығына 

баса назар аудару;

-   э к о н о м и к а л ы қ   ж ә н е   м ә д е н и 

құндылықтардың  дамуына  тек  сапалы 

білім  септесетінін  ескерсек,  ауылдық 

өңірлердегі  ұстаздардың  әлеуеті  жоғары, 

б і л і м   м е к е м е с і н і ң   м а т е р и а л д ы қ -

техникалық базасы нық болуы тиіс;

-  әлеуметтік  салада  -  зейнеткерлердің, 

кемт ар  жандардың,  шағын   ауқатты 

отбасылардың жағдайын жақсарту;

- ауыл шаруашылығы өндірісінде маман 

жетіспейді,  олардың  орнын  толтыру, 

ауылда  жас  мамандарға  оңтайлы  (қаржы 

жағынан  несие  алу)  көмек  бергізу.  Жеке 

ш а р у а   қ о ж а л ы қ т а р ы н ы ң   е с е б і н е н 

ж а с т а р д ы ң   б і л і м   а л у ы н а ,   е ң б е к ке 

араласуына жәрдемдесу;

-  шағын  және  орта  бизнесті  жаңғырту, 

бұл  іске  барынша  жастарды  тарту.  Несие 

алу мүмкіндігін, жұмыс орнын кеңейту;

-  спорт  және  дене  тәрбиесіне,  әсіресе 

жастардың  ықыласына  дем  беру.  Дені  сау 

ұрпақ  -  болашақ  кепілі.  Ендеше,  елдің 

ертеңі  -  жастарды  спортқа  баулу  басты 

мақсат болуы шарт. 

Отбасы - тұтас елдің мызғымас тұтқасы, 

т ү п қ а з ы ғ ы .   М е м л е к е т т і к   о т б а с ы 

институтын  қалыптастыру  заман  талабы. 

Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленуі, сала 

мамандары  жас  отбасыларға  демеу  болуы 

тиіс. Тұрғын үй, нәресте жәрдемақысы, жас 

а н а н ы ң   е ң б е к   ө т і л і н і ң   с а қ т а л у ы , 

б а л а л а р ы н а   қ а м қ о р л ы қ   м ә с е л е с і 

тұжырымды  шешімін  күтеді.  Менің 

ойымша,  бала  күтімі  кәсібі  мемлекеттік 

тұрғыда қарастырылуы шарт. 

Əр  отбасының  нығаюы,  тыныш  та 

берекелі  өмірі  экономикалық  әлеуеттің 

беріктігіне тікелей байланысты.

Ел  тұрмысының  оңалуына  септесу  – 

халық  қалаулыларының  негізгі  міндеті. 

Ауданымызда  тұрғындардың  әл-ауқатын 

нығайтуға лайықты бірқатар мүмкіндік пен 

шаралар  қарастырылған.  Дегенмен, 

аудандық  мәслихат  депутаттығы  мен 

әкімшілігінің  демеуімен  көптеген  игі 

бастаманы қолға алуға әбден болады.

Сүлейменов Əбіш Əбенұлы, №8 ПРИСТАНЦИОННЫЙ САЙЛАУ ОКРУГІ 

Тайғанов Төлеубай Мәжитұлы, №6 КҮНШАЛҒАН САЙЛАУ ОКРУГІ 

ӨМІРБАЯНЫ

Мен,Тайғанов Төлеубай Мәжитұлы, 21 

қаңтарда  1962  жылы  дүниеге  келдім. 

Туып  -  өскен  жерім  Благодат    (қазіргі 

Олжабай  батыр  ауылы).  1979  жылы 

Благодат орта мектебін бітірдім. Бітірген 

сон жұмыскер болып істедім.

1980-1982  жылдары  әскери  қызмет 

атқардым. Əскери атағым- сержант.

1 9 8 3   ж ы л ы   Ц е л и н о г р а д   а у ы л 

шаруашылығы  техникумына  агрономия 

бөліміне  түстім.  1985  -  1995  жылдары 

«Қазақстан»  совхозы,  №1  бөлімшесінің 

есепші  -  агрономы  қызметінде  болдым. 

Мақтау қағаздармен марапаталдым.

  1997-2004  жылдары  «ТАСС»  шаруа 

қ ож а л ы ғ ы н  б а с қ а рд ы м .  2 0 0 4 - 2 0 0 7 

ж ы л д а р ы   « Б л а г о д а т - 2 0 0 0 »   Ж Ш С 

агрономы.

2007-2009  жылдары  «Благодат-2000»  

атқарушы бастығы болдым. 

Қ а з і р г і   к е з д е   « Ə с е м - а й » б а л а 

бақшасында  шаруашылық меңгерушісі .

  Ү й л е н г е н м і н , е к і   б а л а м   б а р , 

немерелімін.

М е н   ж ә н е   м е н і ң   т у ы с қ а н д а р ы м 

қ ы л м ы с т ы қ   ж а у а п к е р ш і л і к к е 

тартылмаған.



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Д е п у т а т   -   х а л ы қ   қ ы з м е т ш і с і , 

с а й л а у ш ы л а р   ө к і л і .   О л   ө з 

сайлаушыларының  ұсыныс-тілегін 

уәкілді  атқару  органдарына  жеткізеді 

де, оның орындалуын қадағалайды. 

Сондықтан  осы  округке  депутат 

болып сайланған жағдайда өзімнің бар 

күшімді,  білімім  мен  мүмкіндігімді  өз 

а у ы л д а с т а р ы м н ы ң   ә л - а у қ а т ы н 

жақсартуға бағыттайтын боламын. 

- № 6   К ү н ш а л ғ а н   с а й л а у   о к р у г і 

халқының  әл-ауқатын  жақсартуға  бүкіл 

білімімді жұмсаймын;

- Ш а ғ ы н   ж ә н е   о р т а   б и з н е с т і , 

кәсіпкерлікті, фермерлік шаруашылықты 

сүйемелдеймін;

-  Өңірлердің  және  тұтас  елдің  әл-

ауқаты  көбінесе  ауылдың  жағдайына 

байланысты деп есептеймін. Сондықтан 

а у ы л - с е л о н ы   т ү л е т у г е   а р н а л ғ а н 

б а ғ д а р л а м а н ы ң   ж е д е л   ж ү з е г е 

асырылуына септесемін;

-  М е н ш і к т і  м а л  т а б ы н ы н  б а ғ у ғ а 

лайықты  жайылым  бөлінісі  мәселесі 

шешімін күтеді;

-Халықтың  мәдени  демалыс  ошағы  - 

ауыл клубы қалпына келтірілуі шарт;

-Халықты  ауыз  сумен  қамтамасыз 

етуге,  сумен  жабдықтайтын  жүйенің 

ж ө н д е л у і н е ,   к ө ш е л е р г е   ш а м 

орнатылуына күш саламын; 

-Халықтың  әлеуметтік  әлсіз  тобына  - 

з е й н е т к е р л е р г е ,   м ү г е д е к т е р г е , 

көпбалалы  отбасыларға  мемлекеттік 

а т а у л ы   к ө м е к т і ң   к ү ш е й т і л г е н і н 

жақтаймын;

-Жастар  саясаты  саласында  жастарды 

ж ұ м ы с п е н   қ а м т у   п р о б л е м а с ы н ы ң 

шешілуін,  жас  отбасыларға  мемлекеттік 

көмек берілуін, жас мамандарды әсіресе 

а у ы л д ы қ   ж е р д е ,   ж ұ м ы с қ а 

орналастырғанда  қажетті  тұрғын  үй 

жағдайының  ойластырылуын,  өскелең 

ұ р п а қ т ы ң   п а т р и о т т ы қ   т ә р б и е с і н 

қолдаймын.

Қазақстан халықтарының достығы мен 

ұлтаралық  татулығы  ел  амандығының, 

қарыштап  дамуының  негізі  болатынына 

сенімдімін. 



Жариялану ақысы үміткерлердің сайлау қорынан төленген. 

шәкірттерінің қатысуымен «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» спектаклі 

алғаш  рет  сахналанды.  Өнерпаздардың  ұстазы  Тілектес 

Мейрамовтың білім ордасында осы аталған ұл-қыздар тәрбиеленеді. 

Ғ а б и т   М ү с і р е п о в т ы ң 

н ұ с қ а с ы   б о й ы н ш а 

ұ с ы н ы л ғ а н   қ о й ы л ы м , 

барлық жиылған қауымның 

көңілінен шықты. Барынша 

шынайы,  жан  толқытар 

әсерде әр актер өз образын 

а ш а   б і л д і ,   ә с і р е с е 

бауырымыз Əлібектің өнері 

өрге  жүзсін  демекпіз,  деп 

көрермендер ойы мен тілегі 

тоқтаусыз ағыла берді. Осы 

о р а й д а   Қ а з а қ   о р т а 

мектебінің  орыс  тілі  мен 

әдебиеті  мұғалімі  Гүлсім 

Оразбаева:  кеше  ғана  7 

с ы н ы п т ы ң   с ү й к і м д і 

оқушысы   еді,   бүгінде 

болашағынан  үміт  күттірер 

өнер  адамы  болайын  деп 

тұр. Сол кездің өзінде-ақ, ол  

жан  тебірентер  сиқырлы 

күйлерді  тамаша  орындайтын.  Қазіргі  «БМБ»  көңілділер  мен 

тапқырлар  клубында  да  жарқырап  көрерменін  тауып  үлгеріп  еді. 

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

Аудан  әкімі  Ермек  Нұғымановқа,  орынбасары  Абай 

Əлжановқа, бөлім бастығы Сайлау Жылқыбаевқа, қаланың әкімі 

Т ө л еу т а й   М ұ ха м ед ж а н о в қ а ,   А қ м ол а   о бл ы с т ы қ   д і н и 

басқармасының  төрағасы  Қанат  Қыдырминге,  Тоқан  хазірет 

мешітінің  наиб  имамы  Жандос  Базарбековке,  П.Кәрімұлы 

атындағы  Малтабар  орта  мектебінің  директоры  Руслан 

Хамзинге, туыстарымызға, құдаларымызға, жолдастарымызға, 

көршілерімізге, келіндеріміз бен күйеу балаларымызға - жалпы 

қайғымызды  бөліскен  қадірлі  баламыз,  бауырымыз,  отағасы, 

әкеміз Орал қажы Айтпайұлын жерлеуге жәрдемдескен барша 

жамағатқа шынайы ризашылық алғысымызды білдіреміз. 



ТОҚМАҒАМБЕТОВТАР ƏУЛЕТІ

Бөгенбай батыр атындағы 

Ерейментау аудандық тарихи-

өлкетану музейі «Менің Отаным» 

тақырыбында шығармашылық 

байқау жариялайды!

Байқауға  осы  тақырыпқа  арналған  тақпақтар,  суреттер, 

апликациялар,  кестелер,  қолөнер  бұйымдары  т.б  жұмыстар 

қабылданады.



Бағалау шарттары:

-Жұмысты өздігінен жасау дәрежесі,

-Жұмыс байқауға қатысушының жасына сәйкес болуы

-Жұмыстың эстетикалық келісімділігі

-Жұмыстың сонылығы

-Сурет,  аппликация,  кесте,  қолөнер  бұйымдарын  автор  кез-

келген қолжетімді әдіспен жасауына болады.

Байқауға қатысушылардың жасы: 2 жастан- 13 жасқа дейін.

Байқауды  өткізу  уақыты:  2016  жылдың  1  -  16  наурызы 

аралығы.


Жұмыстарды  қабылдау:  2016  жылдың  1  -  14  наурызы 

аралығы.


Қорытындыны жариялау: 2016 жылдың  18 наурызы.

Қатысушыларға 1,2,3 орын және сыйлықтар беріледі.

Біздің мекен-жайымыз: Абылайхан көшесі, 138 үй.

Тел.2-24-37. Ұялы байланыс: 87779569207



Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз!

А3, А4 А5 

фарматты 

жарнама 


плакаттарын

- сайлауалды үгіт парақша үлгісін жазып береді;

-

сіздерге өз қызметін ұсынады:

- екі тілде жарнамалық, құттықтау мәтінін;

 көркем безендірілген дизайнерлік үлгіде жасайды:

‐ тїрлі‐тїсті кїнтізбе;

‐қазақ жəне орыс тілдерінде аударма мəтінін 

жасайды.

Баршаңызды  біздің  қызмет  көрсету  ұсынысын  тиімді 

пайдалнауға  шақырамыз.  Бағасы  көңілге  қонымды  және 

сапасы сіздің көңіліңізден шығады деген үміттеміз.



Газет аудан әкімдігінің қолдауымен сәрсенбі мен сенбіде жарыққа шығады. 

МЕНШІК ИЕСІ: “Ереймен” - “Ерейментау” ЖШС

Редакция  оқырман  хаттарымен  танысады,  хат 

жазыспайды. Ол тапсырыс бермеген материалдарды 

рецензияламайды.  Мақала  жариялағанда  автордың 

пікірін  бөліспейді.  Жарнамалық  материалдардың 

мазмұнына  жарнама  беруші  жауапты  болады.Газет 

тілшілерінің  мақалаларын  авторға  сілтеме  жасамай 

пайдалануға рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет,

Ақпарат және қоғамдық келісім 

министрлігінен № 2932-Г куәлігі 2002 

жылдың 7 мамырында берілген.

Таралымы 1160  дана.

Бағасы келісімді.

Біздің мекен-жайымыз:

020800, Ақмола облысы,

Ерейментау қаласы,

Ш.Уәлиханов көшесі, 43в/31.

Телефоны (факс): 2-13-57.

E-mail: redakcia2008@mail.ru

Редактор:

Р. НҰРҒАЗИНОВА

Нөмірдің кезекшісі:

Ə.АҚНАЗАРОВА

Бет жасаушы:

З.АБЕНОВА

Газет “Ереймен”-“Ерейментау” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде теріліп, қатталды. Индекс: 03810. «Старкова А.А.» ЖК-де басылды, Көкшетау қ., Тапсырыс  183.

  

ЕСКЕ АЛУ

САҒЫНЫШЫМЫЗ ЕШ СЕЙІЛМЕЙДІ

Жанашыр  отағасы,  ұлағатты  әке, 

қамқор  аға,  өнегелі  ата  Əлібаев 

Темірбай Оразалыұлын сағынышпен 

еске аламыз. Олжабай батыр ауылында 

дүниеге  келген  азаматтың  еңбек 

ғұмырнамасы Күншалған өңірінде өтті. 

Саналы ғұмырын қарапайым еңбекке - 

механизаторлық  кәсіпке  арнаған 

елгезек  те  кішіпейіл  жанның  өмірінің 

қысқа  болғаны  өзегімізді  өртейді. 

Дүниеден өткенде ол кісі небары 59-ақ 

жаста  еді.  Тіпті  алпыстың  асуына 

көтерілу  бақытын,  замандастарының 

ортасында,  өзінің  отбасында  қызық 

көретін  сәтін  бұйыртпағаны  неткен 

өкінішті  десеңізші.  Биыл  төртінші 

наурызда  қимасымызды  бақилық 

сапарына  шығарып  салғанымызға  10 

жыл толды. 

Иә,  жүрдек  уақыт  өтеді,  тірі  адам 

өзінің  күнделікті  тұрмыс  қамымен 

тіршілік  ғұмыр  кешеді.  Жанашыр 

отағасымыздың,  баршамызға  қорған 

болған  ақылшы  бауырымыздың,  асқар 

таудай  әкеміздің  есімі  мен  жарқын 

бейнесі  санамызда,  жүрегімізде  біздің 

де  көзіміз  жұмылғанша  ешқашан 

өшпейді,  сағыныш  сезімі  бір  сәт  те 

сейілмейді. Сыйлас-дәмдес жандардың, 

көзкөрген  ауылдастың  да  санасында 

сақталады. 

Көзінің  тірісінде  бізге,  ұрпақтарына 

берген өнегесі, ыстық мейірімі, тәрбиелі 

б а ғ ы т ы   ғ ұ м ы р л ы қ   а з ы ғ ы м ы з ғ а 

а й н а л а д ы .   Ə р б і р   қ а д а м ы м ы з д а 

Темірбай  әкеміздің,  ұлағат  иесінің  ізгі 

қасиеттерін  ойымызға  ала  жүріп, 

ә р н ә р с е н і   а қ ы л   т а р а з ы с ы м е н 

өлшейтініміз  асылымыздан  дарыған 

қасиет деп білеміз. 

Қимасымыздың  топырағы  торқа, 

мәңгілік  қонысы  нұрлы,  жер  бесігі 

жайлы, жаны жәннатта болсын деген ізгі 

ниетімізді, дұға тілегімізді арнаймыз. 

Біз сізді ешқашанда ұмытпаймыз, әлі 

талай  ұрпақ  алмасады,  ғұмырыңыз 

ұлағатты ұрпағыңызбен жалғасады.

Еске алушылар: зайыбы Бағдат, 

қарындастары, қыздары, күйеу 

балалары, немерелері. 

Күтіммен  ұсталған  48  размерлі  нутрия  тонын  сатамын. 

Қымбат емес. Телефоны: 8-702-657-98-48.

***


Жаңа  веб-камера,  «TP  LINK»  модемін  сатамын.  Қымбат 

емес. Телефоны: 8-705-299-18-62.

***

3+2+1  демалыс  мүйісін  (француз  жиналмалы  кереуетін) 



сатамын. Бәрі бабымен ұсталған. Телефоны: 8-702-657-98- 48.

Жарнама


МƏДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТ

Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция. 

(АЛЕКСАНДР ИВАНОВИЧ ГЕРЦЕН)

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ҚОЙЫЛЫМЫ ЕРЕЙМЕНДЕ 

САХНАЛАНДЫ

Əр  заманның  өзінің  дүлдүлі,  батыры,  не  сұлулық 

символы  болады.  Өнердің  шыңына  қол  созған  тәуекел, 

ержүрек,  бір  сөзбен  айтқанда  бүгінгінің  Қозысы  туралы 

ақпарымыз сізді де қызықтырары бек мүмкін. 

Батыр тұлғалы, болашақ театр тарланы, жерлес ініміз 



Əлібек  Қыдырұлы  Малшиевтың  қойылымға  шығар 

алдындағы  мына  оралымды  пікірі  бізді  таң  қалдырды: 

«Өмірдің өзі театр, әркім өзінің рөлін барынша шынайы 

әрі  әсерлі  сомдап  жатады.  Ал,  киноны  өнер  деп 

есептемеймін,  себебі  онда  кез  келген  адам  режиссердің 

пайымымен  алынады.  Киелі  сахнасы  тынымсыз  ізденіс 

пен  еңбекті,  қажырлылықты  талап  ететін  жүгі  ауыр 

театрдың орны бөлек. Екеуінің айырмашылығы – театрда 

сіз  көресіз,  ал  кинода  сізге  көрсетеді...».  Ия,  біз  де 

жерле сіміздің   пікірін   құптай   келе,   мәдениет 

майданындағы  сүбелі  жұмыстың  бірі  -  театр.  Бұл  жанр 

көрінгеннің ермегі емес, еңбегі. Еңбектің көркемі. Театр - 

көңіл  көтеру  орны  ғана  емес,  мәдени  ошақ.  Жыр-

дастандарды,  әсіресе  ғашықтық  жырларын  жатқа 

мүдірмей тамылжыта айтатын, жыршылық өнері туралы 

естуіңіз  бар  шығар.  Тіпті  оны  бүкіл  мәнерімен  қызыға 

құмартып оқитын сәттеріміз аз болмады ғой. Фабулалық 

сюжеті  сақталатын,  нұсқаларының  көптігіне  қарай, 

ә р т ү р л і   т ә м а м д а л а т ы н   т а н ы м а л   ғ а ш ы қ т ы қ 

туындыларының ішінде «Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың» 

шоқтығы  биік.  Ақпанның  26-сында  Үмбетей  жырау  атындағы 

аудандық  мәдениет  үйінде  Қазақ  Өнер  Университетінің  бітіруші 

Өнеріне  ризамыз,  өссін,  өнсін».  Əңгімеге  араласқан  қазақ  тілі-

әдебиеті  ұстазы  Берік  Нұрмұқанов  та  кезінде  Əлібектің  сынып 

жетекшісі  болғанын,  шәкіртінің  әдебиетке  ерекше  ықылас 

танытқанын  атап  өтті.  Немересінің  тырнақалды  дарынын 

тамашалауға билет кассасына күнібұрын келген Елеусіз Айтжанов 

атамыз  да  бар  жақсы  тілегімен  бөлісті.  «Алғашында  ағасы 

Еркебұлан  Төлеуовтың  емтиханына  көмектесіп  жүргенінде  сол 

кезде  сарапшы  маман  Ләйла  Бекназарханинго  Əлібегімнің  өнерін 

байқап,  келесі  жылы  бізге  оқуға  түсуіне  кеңес  береді.  Қарым-

қабілеті  мен  өнерге  ынтасы  барын  біліп,  біз  де  қарсы  болмады. 

Əзірге нәтижесі көңіл қуантарлықтай-ақ». 1994 жылы Павлодарда 

туып-өскен, балалық шағы да сонда өткен. 2005 жылы Ерейментауға 

қоныс  аударса  да,  кейде  қай  жақтансың  десе:  ерейментаулықпын, 

мекенім таулы өңір, Ереймен жеріненмін, дейді екен. Баянның рөлін 

Сымбат Исраилова, Қодардың рөлін Əділет Мөкенұлы сахналаған 

бүгінгі қойылымда болашақ білікті актерлардың ғашықтық сезімді 

асқақ  бағалайтыны  аңғарылды.  Жүрек  қалап  тұрса  ешқандай 

тосқауыл  болмайды,  замандастарының  махаббат  сезіміне  берік 

болуына тілектесті. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бір ауыз сөзімен 

ойларын жеткізді: «Қозыке өлген жерінде Баян да өлген, Əркімнің 

сондай болсын алған жары». Григорий Потанинше айтсақ: "Қозы 

Көрпеш  -  Баян  сұлу"  жыры  -  қазақ  эпосының  шоқтығы.  Оның 

сюжеті  халықаралық,  бірақ  бірде-бір  халық  оны  дәл  қазақтардай 

ғажайып жырға айналдыра алған жоқ. ...Бұл жыр - дүниежүзіндегі 

ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма»

Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын - 

театр.  Өнеге  көзі,  тәрбие  ошағы.  Қазақ  сахнаны  киелі  санайды. 

Өйткені, өресі биік көрерменге ой салар жер осы. 



Ə.АҚНАЗАРОВА

Суретті түсірген автор. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал