Ереймен талайларға



жүктеу 248.9 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі248.9 Kb.
  1   2   3

E-mail: redakcia2008@mail.ru

АУДАНДЫҚ ҚОЄАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТІ

1935 ЖЫЛЄЫ МАМЫРДЫЅ 5-інен ШЫЄА БАСТАДЫ

№ 9 


(9559)

СЕНБІ


6 АҚПАН

2016 ЖЫЛ


Ереймен талайларға 

                          арман жерсің...

Ералы Саққұлақұлы

Ереймен


БІРДІҢ КƏСІБІ - МЫҢНЫҢ НƏСІБІ

ШИПАЛЫ СУСЫН ‐ ЖАН ЛƏЗЗАТЫ



Бестоғай ауылдық округіне қарасты Байсары ауылына кіреберіс жол жиегіндегі киіз үй пішіндес 

жанға жайлы, ақшаңқан, кең ғимарат бірден жұрт назарын өзіне аудартады.

Елді  мекенге  келген  мейман  да, 

Степногорскі  мен  Ереймен  жаққа  сапар 

шеккен,  жолшыбай  өткен  жолаушы  да, 

о сы  шаңыраққа  аялдайды.  Əкімгер 

Нариза  Ақиярованың,  аспаз  Айнагүл 

Салхаеваның  ас  үйінен  дәм  татады, 

елгезек  те  кішіпейіл  келіншектердің 

қонақжайлық  ықыласына,  даяшылық 

қызметіне көңілі тояды.

Заманауи  деңгейде  әсемделген,  қонақ 

күтетін,  бір  мезгілде  жалпы  60  адамға 

қызмет  көрсететін  ауқымды  бөлмеге 

а й н а л а   ж а ң а   ү с т е л   м е н   о р ы н д ы қ 

қойылған.  Шілтерлі  перде,  жаңа  жиһаз, 

т е л е д и д а р ,   м у з ы к а л ы қ   о р т а л ы қ   - 

үйдегідей жайлылық пен тазалық - бәрі-

бәрі  жан  баласын  ерекше  рақат  сезімге 

бөлейді. Тапсырыспен дәм татқан мейман 

жолазық  әлде  базарлық  ретінде  сөреден 

т а ң д а ғ а н   т а ғ а м ы   м е н   т ә т т і с і н   д е 

қолжетімді бағамен алып шығып жатады. 

Ал  тамақ  даярлайтын  жеке  бөлмеде  газ 

плита, тоңазытқыш, үлкенді-кішілі ыдыс-

аяғы, үй шаруасындағы әйелге 

қ а ж е т т і   т ұ р м ы с т ы қ -

гигиеналық заттары жеткілікті. 

С у   о р т а л ы қ   т р а с с а д а н 

тартылған,  оны  жылытатын 

аристоны да баршылық.

А у ы л   ж і г і т т е р і   Ж е ң і с 

Ж ұ м а ш е в   п е н   Б а й б о с ы н 

Дәнібаев  жылу  қазандығының 

қалыпты  жұмысына,  айналада 

т ы н ы ш т ы қ   п е н   т ә р т і п т і ң 

сақталуына жауапты.

Б ұ р ы н   қ ы м ы з х а н а 

қоныстанған,  бертін  заман 

ағымымен  жабылып  қалған 

ү й д і   қ а л п ы н а   к е л т і р г е н , 

игілікті істі қолға алған - ауыл 

тұрғыны, жеке кәсіпкер Қайрат 

Қаппасов.

Əңгіме  барысында  үймен 

жапсарлас  жалғасқан  тағы  бір 

қосалқы ғимаратқа назарымыз 

т ү с т і .   О н ы   а ң ғ а р ғ а н 

кейіпкеріміз  ол  жаққа  бізді  де 

ертіп  ала  жүрді.  Жерлесімізбен  сұхбатымыз  келесі  бөлмеде 

жалғасты.  Сонымен  жазда  бие  байлауға  лайықталған,  іші 

ұқыпты  шаруаның  қолымен  жинақы  күтілген  ат  қораға  табан 

тіредік. Бір жағында бие ағытатын, сауыншы мен жылқы күтуші 

тынығатын бөлме, саумал сүттен қымыз ашытатын шағын цех 

қарастырылған. Күбіге құйылған сүтті пісетін арнаулы жабдық 

та  алдырыпты.  Кәсіп  иесі  жазда,  аманшылық  болса,  шипалы 

сусын  -  қымыз  әзірлеуді,  ауылдасы  мен  қонағына  ұсынуды, 

артық өнімін сатуға шығаруды мақсат етеді. Жылқышымен бірге 

үш адам жұмысқа алынады.

Дәм мәзіріне жұмсалатын ет-сүт те кәсіп иесінің өз өнімі. Оған 

қоса  жазда  5  гектар  алқапқа  картоп  отырғызады  да,  жерден 

терген несібесін дәмхананың игілігіне пайдаланады.

Қайрат  Қаппасовтың  өзі,  естуімізше,  Бестоғай  өңірінің  төл 

тумасы. Жергілікті мектепте оқушыларға дене тәрбиесі пәнінен 

сабақ береді. Негізгі қызметтен қолы босаған сәтте, жазғы еңбек 

демалысы  уағында  игілікті  де  қарапайым  кәсібімен  айналаға 

шарапатын тигізіп жүрген жанның бірі.

Өткен  2015  жылдың  мамырында  қолға  алынған  іс  қазан 

айында  толық  тиянақталды  да,  тұсаукесер  рәсімі  өткізілді. 

Кәсіпкер  азаматтың  бастамасымен  былтырғы  қасиетті  Құрбан 

айт мейрамы құрметіне дүниеден өткендердің рухына осы жерде 

дұға  бағышталғаны,  ауыл  қарияларының  арнайы  батасын 

алғаны көрегендіктің нышаны. «Өлі разы болмай-тірі байымас», 

«Баталы  құл  арымас»  дегендей,  үлкендердің  ризашылығымен 

басталған істің баянды болуына баршасы тілектес.



Н.МҰРАТБЕКҰЛЫ. 

Суретте: қымызхана қызметкерлері.

Суретті түсірген автор.

ƏКІМ ЕСЕП БЕРДІ. ЕЛ НЕ ДЕДІ

ЖЕТІСТІК БАР. СЕРПІЛІС ҚАЖЕТ

Ақсуат  ауылының  әкімі  Ғабдулхамит 

Көдебаев   е с епті   баяндамасын   округ 

аграршыларының  игі  жетістігінен  бастады

Егістік  алаңын  тиімді  пайдаланатын,  астық  пен 

малазықтық  дақылдардан  мол  түсім  жинайтын 

үздік  шаруашылық  жетекшілерін  атап  өтті. 

Жерле стер   мемлекеттік   бағдарламаның 

басымдығына,   қаржы   құрылымдарының 

қолдауына  ден  қоя  жүріп,  мал  шаруашылығын 

дамытуға,  тұқымын  асылдандыруға,  отбасылық 

тауарлы-сүт  фермасын  ұйымдастыруға  ықылас 

танытуда.  Елді  мекеннің  әлеуметтік  саласына  да 

берген көмегі өлшеусіз. «Байтемир және К», «Үміт 

Н»,  «Новодолинка»,  «Надежда»,  «Рассвет», 

«Ибрагим»  шаруашылықтары  мақтауға  лайық. 

«ЖҚЖК  -  2020»,  «БЖК-2020»  бағдарламасына 

ынта  қойған  өзге  шаруашылықтар  да  өндіріс 

әлеуетін,  түлік  санын  арттырып  келеді,  субсидия 

алуда.

Əкім  халыққа  қызмет  көрсететін  саланың 



д а м ы м а й   ж а т қ а н ы н а 

т о л ғ а н а д ы .   Же ке л е г е н 

ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң 

материалдық-техникалық 

ә л е у е т і н і ң   ә л с і з д і г і н , 

егіншілік  мәдениетін,  себу 

айналымын  сақтамайтынын 

даралап  берді.  Ағымдағы 

ж ы л д ы ң   м і н д е т т е р і н 

белгіледі.  Елбасының  «Ұлт 

жоспары  -  қазақстандық 

арманға  бастайтын  жол» 

бағдарламалық  құжатында, 

Қ а з а қ с т а н   х а л қ ы н а 

Жолдауында  межеленген 

бағыт-бағдарды  да  қоса 

атады.   Округте,   жалпы 

мемлекетте  әл-ауқат  мықты, 

экономика  тұрақты  болуы 

үшін баршасы бірлесе еңбек еткені жөн.

Аудан  әкімі  Ермек  Нұғыманов  өз  сөзінде 

өңірдің   өткен   жыл   ішіндегі   әлеуметтік-

экономикалық  дамуына  және  алдағы  жылға 

арналған  міндеттеріне  қатысты  мәлімет  берді. 

Аймақ  дамуының  негізгі  көрсеткіштерімен 

таныстырды,   нақты   дерек   ұсынды.   Мал 

шаруашылығы  саласындағы  перспективалық 

ж ұ м ы с   б а ғ ы т т а р ы н ,   м е м л е к е т т і к 

бағдарламаларды   іске   асыруды   ұсынды. 

Парламент  Мәжілісіне  және  түрлі  деңгейдегі 

мәслихаттарға   мерзімінен   бұрын   сайлау 

өткізілуіне  орай  баршасына  өз  пікірін  білдіруді, 

алдағы науқанға белсене қатысуды ұсынды.

Жұртшылықтан  Мегалайн  байланысына 

қосылуға арналған бір сұрақ түсті.

«МалАман»  коммуналды  кәсіпорнының 

басшысы Базарбай Жұмағұлов көпшілікке малды 

уақтылы  еккізуге,  ен-таңба  салғызуға  лайықты 

ақпар ұсынды.

***


Бұл  күнгі  Еркіншілік  ауылдық  округінің 

әкімі  Жаңабай  Амангелдинов  пен  аудан  әкімі 

Ермек  Нұғымановтың  өңірдің  өткен  жыл 

ішіндегі  әлеуметтік-экономикалық  дамуы 

және 2016 жылға арналған міндеттері туралы 

халық  алдындағы  есепті  кездесуі  жергілікті 

мәдениет үйінде өтті.

Еркіншілік  округі  -  ауданның  тірек  ауылы 

мәртебесін иеленген ең ірі елді мекен. Сондықтан 

әкім   өз   есебін   қызметтің   барлық   түрін 

ауылдастардың өздері ұсына алатын шағын орта 

бизнестің  дамуындағы  жетістіктен  бастады. 

Əңгіменің  жалғасы  экономиканың  барлық 

салаларын  сипаттауға  арналды.  Елбасының 

бағдарламалық құжаттары аясында биылғы жылға 

межеленген міндеттер аталды.

Аудан  әкімі  Ермек  Нұғыманов  өз  есебінің 

кіріспесінде  округ  тұрғындарының  жартысы 

жастар  екенін,  сондықтан  мәдениет  үйінің 

жұмысы  өрге  басқанын,  спорттың  дамып 

жатқанын атап айтты. Биыл мәдениет ордасының 

қ а з а н д ы ғ ы н   ж ө н д е у г е   қ а р ж ы   б ө л г і з у 

жоспарланғанын  әңгімеге  арқау  етті.  Ауыл 

жастары тарапынан спортшылар мен оқушыларды 

жарысқа,  мәдени  шараларға  жеткізетін  көлік 

бөлгізуге ұсыныс түсті. Халық жалпы екі әкімнің 

есебін  ықыласпен  құп  алды.  Жазбаша  түскен 

сұрақтарға  көңіл  бөлінді.  Жұрт  негізінен  елді 

мекенге  шам  орнатылғанын,  иесіз  иттің  көзі 

жойылғанын,  Еңбек  ауылынан  өтетін  темір 

жолдағы  жолаушы  мінетін  платформаның 

реттелгенін жөн көреді. Ақсақалдардың бірі атқару 

билігіне  халықпен  тұрақты  жүздескені,  өзекті 

мәселені  шешуге  ниет  танытқаны  үшін  алғыс 

батасын  арнады.  Экономиканы  өркендету 

жолында табыс тіледі.

Жиын әңгімесін түйіндеген аудан басшысы күн 

тәртібіндегі  бүгінгі  мәселе  мемлекеттің  табысты 

өркендеуін,  халықтың  өзекті  мәселесінің  оң 

шешілуін  қалайтын  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарын  іске  асыруға  бірлесіп  үн  қосуға 

шақырды.


Есепті   кезде су   барысында   әкім   А ІІ Б 

муниципалды  полициясының  бастығы  полиция 

майоры Н. Тоқсанбаевты баршаға таныстырды.

Р. НҰРҒАЗИНОВА.

Суретті түсірген автор.

ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫНА ЗЕР САЛСАҚ

ЕЛ ТІРЕГІ - ЕЛБАСЫ

VIII  ғасырда:  «Бүкіл  түркі  халқы  үшін 

қ ы з ы л   қ а н ы м д ы   ж ү г і рт т і м ,   т ү н д е 

ұйықтамадым,  күндіз  отырмадым,  төрт 

бұрыштағы  халықтың  бәрін  бейбіт  еттім, 

басымды еңкейттім, тізені бүктірдім!» деген 

бабаларымыз  «Мәңгілік  ел»  құрғанына 

сенімді еді.

Ұлы  қазақ  даласы  –  Ұлан-байтақ  жері 

бабадан балаға мирас боп қалып еді. Оттан 

да ыстық Отанды, өзінің әділдігімен, ақыл-ой 

парасаттылығымен,  батырлығымен  қол 

бастаған  көсемдеріміздің  болғанына  Ұлы 

дала  куә!  Солардың  бірі  Қасымхан  –  оның 

«Қасқа  жолы»,  Есімханның  «Ескі  Жолы», 

Абылайдың  «Ақ  Жолы»,  бүгінгі  Елбасы 

Нұрсұлтанның  «Нұрлы  Жолы»  жалғасын 

тауып отыр. Бұл дегеніміз! Тарих - Ұлы дала, 

Қазақ  Мемлекеті  жасай  береді,  алға  өрлей 

береді.  Біз  -  заманнын  да,  Ұлы  даланы 

дүбірлеткен Ер Түріктің бүгінгі ұрпағымыз.

Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың ширек 

ғасырлық белесін қорытындылайтын айтулы 

сәтке  қадам  жасар  тұста  Елбасы  Ұлт 

көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 

халқына  Жолдауын  арнады.  Ел  мүддесі  - 

әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына 

қосылып,  бай-қуатты  елдермен  тең  тұру. 

Елбасы  өз  сөзінде:  «біздің  халқымыз  дәл 

қазіргідей  жақсы  өмір  сүрген  емес»,  деп 

орынды  атап  өтті.  Биылғы  Жолдауда  елдің 

ә л еум е т т і к - с а я с и   ж ә н е   қ а р ж ы л ы қ -

экономика лық   с а ла ларын   көтеруге, 

Қазақстанның болашағы – жастарға айрықша 

көңіл бөлінді. Ерінбей еңбек етіп, білім-ғылым 

іздеген, жалықпай техника меңгерген адамның 

тұрмысы  жақсы,  абыройы  биік  болатынына 

сенім білдірді.

Елбасы  Жолдауда:  «Мен  жастарымызды 

жұмысшы  мамандығын  белсенді  меңгеруге 

шақырамын. Кезінде мен де жұмысшы киімін 

киюден  бастадым.  Қолымдағы  ломның 

салмағы 15 келі, күрегімнің көлемі 40х40 көп 

алып, алысқа лақтырып – 9 жыл домна пеші 

от-жалынның   жанында   тұрдым.   Үлгі 

«Қазақ  даласында  ұлттық  идея»  -  байырғы  түрік  дәуірінде  Мемлекеттік,  тіпті 

империялық биікке көтерілді.

алыңдар!  Жылдар  өтеді,  бірақ  осы  өмірлік 

тәжірибелерің,  сендер  қандай  өмір  жолын 

таңдап  алсаңдар  да  міндетті  түрде  кәдеге 

жарайды», - дегенді қадап айтты.

Оған  қоса  мектеп  түлектерінің  барлығы 

Жоғары  оқу  орнына  түсе  алмайтындығын, 

олар  үшін  мемлекет  2017  жылдан  бастап 

жаппай  Кәсіптік-техникалық  мамандықты 

тегін  меңгеруге  мүмкіндік  беріп  отырғанын 

атап  көрсетті.  Бұл  да  инновациялық  - 

индустриялық   бағдарламаны   жүзеге 

асырудың  жалғасы  сияқты.  Өйткені,  бірі 

құрылысшы,   бірі   аспаз,   бірі   ауыл 

шаруашылық  техника  мамандығын  игерген 

жастар  ел  экономикасының  өркендеуіне 

қызмет  ететін  болады.  Ол  өз  кезегінде 

мыңдаған  жас  жұмыс  орнымен  қамтылады 

деген сөз. Мақсат ортақ, ол - Тәуелсіз елімізді 

«Мәңгілік  Ел»  тұғырына  көтеру.  Осыдан 

қасиетті  ұғым  жоқ.  Президенттің  Жолдау 

соңында  айтқан:  «Рухы  биік,  еңбегі  ерен, 

бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде 

бәрі  бар.  Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп, 

тұғырын  нығайтқан  біздің  тарих  алдында 

жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз - тәуелсіздік, 

тілегіміз  -  тұрақтылық,  білегіміз  -  бірлік» 

деген ойын мен де қостаймын!



Б. ƏЛЖАНОВ, №8 Агротехникалық 

колледж оқытушысы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ

ҰЛТ САУЛЫҒЫ - БАСТЫ 

НАЗАРДА

Жастардың  ресурстық  орталығы  4  ақпанда  №8 

Агротехникалық   колледжде   білім   ордасы 

басшылығының қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына  арналған  Жастардың  «Таңертеңгі 

жаттығу» флеш-мобын ұйымдастырды.

Аталмыш шара бір мезгілде бүкіл республика көлемінде өтті. 

Акцияға  оқу  орнының  елуден  астам  студенті,  «Жас  Отан» 

жастар қанатының мүшелері, оқытушылары қатысты. Жиынды 

жастардың  ресурстық  орталығының  директоры  Зарина 

Хабибулина ашты. Акцияға жиылғандардың бәрі «Біз саламатты 

өмір  салтын  жақтаймыз!»  ортақ  ұранымен  жаппай  спорттық 

жаттығуға  кірісті.  Бұл  қадам  қыз-жігіттердің  ел  болашағына 

атүсті  қарамайтынын  анық  аңғартты.  Құнды  бастаманың  бір 

күндік  акциямен  шектелмегені,  ел  тәуелсіздігінің  ширек 

ғасырлық датасына орай кең ауқымды шараға ұласқаны дұрыс 

болар  еді.  Оған  да  қол  жететіні  айқын.  Жастарымыз  ұлт 

саулығын жақтайды. 

ГҮЛНҰР ҚҰДАБАЕВА,

Жастардың ресурстық 

орталығының әдіскері.


2 БЕТ

Ереймен


6 АҚПАН (9559)

НАЗАР АУДАРЫЅЫЗ: КОНКУРС!



« Е р е й м е н т а у   а уд а н ы н ы ң   б і л і м   б ө л і м і » 

мемлекеттік  мекемесі  мектепке  дейінгі  оқу-

тәрбие  мекемесінің  -  Ерейментау  ауданы  білім 

бөлімінің  «Жұлдызай»  ясли-бақшасы»  МҚКК-

ның басшысы (меңгерушісі) 

бос лауазымын иеленуге 

конкурс  жариялайды.  Мекен-жайы:  020800,  Ақмола  облысы 

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 

58 үй.

НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН МІНДЕТТЕРІ:

Мектепке  дейінгі  оқу-тәрбие  мекемесінің  нормативтік-

құқықтық  актілермен  сәйкестелген  қызметін  басқарады. 

Белгіленген  тәртіппен  педагогикалық  кеңеспен  бірлесіп,  оқу 

жұмыс  жоспарын,  мектепке  дейінгі  негізгі  (вариативті, 

авторлық), қосымша бағдарламаларды, ішкі тәртіп ережелерін 

жобалап-бекітуді қолға алады. Мемлекеттік жалпыға міндетті 

мектепке дейінгі оқу-тәрбие стандартымен сәйкестелген білім 

бағдарламасының  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  етеді,  оқу-

т ә р б и е   ж ұ м ы с ы   у а ғ ы н д а   м е к е м е   ш ә к і р т т е р і   м е н 

қызметкерлеріне  қажетті  өмір  мен  денсаулық  қауіпсіздігін 

қалыптастырады. Мекемені басқару құрылымын айқындайды, 

қаржы,  шаруашылық,  ғылыми,  әдістемелік  және  өзге 

м ә с е л е л е р д і   ш е ш е д і .   Т ә р б и е ш і л е р   ко н т и н г е н т і н 

қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз 

етеді.  Қоғамдық  педагогикалық  ұйымдар  мен  әдістемелік 

бірлестіктердің  қызметіне  жәрдемдеседі.  Балалардың 

т амақт андырылуын,  дәрігерлік  қызмет  көрс етілуін 

ұйымдастыруға,  шәкірттердің  денсаулығын  нығайтуға, 

қорғауға  қажетті  жағдай  жасайды.  Заңнамамен  белгіленген 

тәртіпте  мекеменің  мүлкі  мен  қаржысына  иелік  етеді. 

Құрылтайшылар қаржысының түсімі мен жұмсалымы туралы 

жыл сайын есеп беріп отырады. Оқу-материалдық әлеуетінің 

есебін,  сақталуын,  нығайтылуын,  санитарлық-гигиеналық 

тәртіп,  еңбекті  қорғау,  техника  қауіпсіздігі  ережелерінің 

ескерілуін қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, мекемелермен, 

ата-аналармен  (оларды  алмастырушы  тұлғалармен)  өзара 

әріптестік байланыс орнатады. Педагог кадрлар мен көмекші 

тұлғаларды  іріктеп,  орналастырады.  Қызметкерлердің 

лауазымдық  нұсқау  ережелерін  жобалайды.  Кадрлардың 

кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  жағдай  жасайды.  Белгіленген 

тәртіппен  қызметкерлердің  атте ст ациясын  өткізеді. 

Компьютерлік  сауаттылықты,  ақпараттық-коммуникациялық 

құзыреттілікті меңгереді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. мемлекеттік, 

қоғамдық  және  өзге  ұйымдарда  өз  мекемесінің  мүддесін 

көздейді.  Мекеменің  қызметі  туралы  тиісті  есептілік 

құжаттарын  даярлап,  ұсынады.  Қызмет  жалақысы  еңбек 

сіңірген жылдарына қарай 49552-59285 теңге аралығында.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

П ед а го г и ка л ы қ   жо ғ а р ы   б і л і м і ,   м е кт е п ке   д е й і н г і 

мекемелерде кемінде 5 жыл педагогикалық еңбек өтілі болуы 

шарт.


Мемлекеттік  тілді,  дербес  компьютерде  жұмыс  істей  білуі 

шарт.


Үміткер:  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, 

Қазақстан  Республикасының  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және 

отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім 

туралы»,  «Сыбайлас  жемқорлықпен  күре с  туралы», 

«Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы»,  «Қазақстан 

Республикасындағы  баланың  құқығы  туралы»,  «Кемтар 

б а л а л а рд ы   ә л еум е т т і к   ж ә н е   м ед и ко - п ед а го г и ка л ы қ 

сүйемелдеу туралы» Заңдарын және білім бағыттары мен даму 

перспективасын,  педагогика  мен  психология  негіздерін 

айқындайтын  өзге  нормативтік-құқықтық  актілерді, 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарттарын, 

педагогика  мен  психологияны,  педагогикалық  ғылым  мен 

тәжірибе  жетістіктерін,  экономика,  қаржы-шаруашылық 

қызметі  негіздерін,  еңбек  туралы  заңнаманы,  еңбекті  қорғау, 

техника  қауіпсіздігі  мен  өрттен  қорғану  ережелері  мен 

нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге 

дейінгі  санитарлық  көмек  негіздерін,  санитарлық  ережелер 

мен нормаларды білуі тиіс.

Конкурс  Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым 

министрінің  міндетін  атқарушысының  2012  жылғы  21 

ақпандағы  №  64  «Мемлекеттік  орта  білім  мекемелері 

басшыларының  орнын  конкурстық  иелену  ережелерін  бекіту 

туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа  қатысуға  ниет  білдіргендер  жарнамада 

көрсетілген  құжат  қабылданатын  мерзімде  Халыққа  қызмет 

көрсету орталығына келесідей құжаттарын ұсынады:

1)  қоса  ұсынатын  құжаттар  тізбегі  көрсетілген  конкурсқа 

қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

3)  кадрлардың  есебі  туралы  толтырылған  (нақты  мекен-

жайы мен байланыс телефондары көрсетілген) жеке парағы;

4)  лауазымға  қойылатын  біліктілік  т а лапт арымен 

сәйкестелген білімі туралы құжаттарының көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

6)  алдын-ала  дәрігерлік  куәландырудан  өткені  туралы 

құжаты.


7) сотсыздығы туралы анықтамасы.

Жаңағы  құжаттардың  бірінің  болмай  қалғаны  үміткерге 

құжаттарын қайтарып беруге негіздеме болады.

Конкурсқа  қатысушы  өзінің  біліміне,  жұмыс  тәжірибесіне, 

кәсіптік  деңгейіне  қатысты  қосымша  ақпарат  (біліктілігін 

көтергені, ғылыми дәреже мен атақ берілгені туралы құжаты, 

ғ ы л ы м и   ж а р и я л а н ы м д а р ы ,   а л д ы ң ғ ы   ж ұ м ы с   о р н ы 

басшылығынан берілген ұсыныс қағазы т.т.) ұсына алады.

Конкурсқа  қатысуға  керекті  құжаттар  хабарландыру 

«Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланғаннан кейін 

15 күннің ішінде ХҚКО-на ұсынуы тиіс.

Ақпаратты нақтылау үшін 020800. Ерейментау қаласы, Əл-

Фараби көшесі, 10 үй, «Ерейментау ауданының білімі бөлімі» 

мемлекеттік  мекеме сі  мекен-жайына  жолығыңыздар. 

Анықтама  телефоны:  2-38-17,  электронды  мекен-жайы: 

ereymentau_roo@mail.ru

Əңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер  оны  белгіленген 

тәртіппен құжат қабылдайтын мерзім аяқталғаннан кейін бес 

жұмыс  күні  ішінде  Ерейментау  ауданының  білім  бөлімінде 

өткізеді.

Осы лауазымды иеленген тұлғаларға көшерақы төленбейді, 

тұрғын үй мен жеңілдік берілмейді.



КҮШ-БІРЛІКТЕ

Осы  аптада  іссапармен  Байсары  ауылында  болдық.  Елді  мекен  табиғаты  көркем  Сілеті  өзенінің  оң 

жағалауында  қоныстанған,  Бестоғай  ауылдық  округіне  қарайды.  Ықшам  шағын  ауыл  1952  жылы  құрылған, 

тұрғындардың айналысатын негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.

Бестоғай ауылдық округінде ағымдағы жыл 

басына  дейін  1  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестік,  6  шаруа  қожалығы  және  5  жеке 

кәсіпкер  тіркелген.  Өткен  жылы  жаңа  екі 

шаруа қожалығы қосылды. «Каппасов» шаруа 

қожалығы картоп баптауды, шипалы сусын – 

қымыз ашытуды қолға алмақ. Алғашқысымен 

қат ар  қоныст анған,  ат ауы  да  құлаққа 

ж а ғ ы м д ы   е с т і л е т і н   « С ұ л т а н »   ш а р у а 

қожалығының  бағыты  –  мал  шаруашылығы. 

Жылқы мен қой өсіруді көздейді.

Мал  қамайтын  екі  қора  трассаға  жақын 

ж е р д е   о р н а л а с қ а н .   Б і р е у і   қ а л п ы н а 

келтірілген,  ал  екіншісі  жартылай  бұзылған 

күйде.  Арасындағы  қоршаулы  аймақ  малды 

серуендетуге,  шөп  үюге  арналған.  Ауа  райы 

ызғарлы,  желді  болса  да,  үшке  бөлінген 

қораның ішкі температурасы малға қолайлы. 

Бізді шаруа қожалығының басшысы Бекболат 

Төлеуұлы  Жұмашев  ақжарқын  пейілімен 

қарсы алды. Шаруашылығын аралап көрсетті 

және  алдағы  жоспарымен  де  бөлісті.  Ол 

алғашында  шаруа  қожалығын  ашпастан 

бұрын  да,  жылқы  өсірумен  айналысқанын 

әңгімеледі.  Əкесі  Төлеу  кезінде  совхозда 

ғұмыр  бойы  жылқышылықты  кәсіп  еткен, 

жазда  да,  қыста  да  жылқының  жанынан 

табылған.  Ол  кісі  де  ұлдары  Сұлтан  мен 

Бекболатқа  шаруаның  жайын,  қырағылық 

сырын  жастайынан  үйретіпті.  Ұрпақтан-

ұрпаққа мирас болған кәсіпті жалғастырудын 

өзі  зор  абырой.  Бақташының  жер  жағдайы, 

шөптің ерекшелігін, табиғи көркін тіпті желдің 

бағыты  мен  оның  зардабын  жақсы  білуі 

заңдылық.  Өкінішке  орай,  ол  кісі  де  өмірден 

ерте  озды.  Ағасы  Сұлтан  әскери  міндетін 

атқара  жүріп,  қайтыс  болыпты.  Көпбалалы 

ана,  сегіз  бала  тәрбиелесе  де,  осы  салада 

тыңғылықты  еңбек  еткен.  Бие,  інген  сауған. 

Дәл  осы  Күлбағила  апай  негізінен  көптеген 

істің  көшбасшысы  болды.  Ол  жөнінде 

кейінірек  әңгімелейміз.  Бекболат  қарапайым 

жұмысшы  отбасынан  шыққан  жан.  Ата-

анасының  берік  өмірлік  ұстанымы  мен 

тәрбиесі табысқа жетуіне септескендей.

Шаруашылық  басшысы  әңгіме  барысында 

қайта  қалпына  келтірілген  мал  қорасын 

көрсетті.  Оны  меншікке  түсіруде  біраз 

қиындық кездескенін, құрылыс материалына, 

жөндеуге  шыққан  шығынын  әңгімеге  арқау 

етті. Мал шаруашылығын дамытуға арналған 

мемлекеттік  бағдарламалардың  тиімділігіне 

аса  мән  бермегенін  де  баяндады.  Шөп  шабу, 

мал  қыстатуға  дайындық  мақсатында  қолма-

қол ақшаға алынған жаңа МТЗ-82 тракторын 

көрсетті.  Жалпы  200  тоннадан  астам  шөп 

даярланды.  Оның  150  тоннасы  маяда  үюлі, 

өзгесі  шабындықта.  Шаруашылыққа  небары 

1000 гектар жайылым беріліпті. Жуырда мал 

азық,  дақыл  алаңын  1,5  мың  гектарға 

кеңейтуге  өтінім  түсірді.  Шаруашылықта 

жәбе  тұқымды  164  жылқы  бар.  Барлық  мал 

басына  өткен  жылы  таңба  салынды.  Алдағы 

уақытта түлік санын 1000-ға дейін жеткізуді, 

ниет  білдірген  демеушілердің  көмегімен 

шипалы  сусын  -  қымыз  баптауды,  Елордаға 

жөнелтуді жоспарлап отыр. Оған лайықты іс-

тәжірибе  баршылық.  Қазіргі  уақытта  біраз 

жылқы  бордақыға  қойылған.  Біз  барған  күні 

жылқының  негізгі  үйірі  тебінге  шығарылған 

екен.  Келешекте  ұлттық  ат  спорты  ойынын 

жаңғыртатынын қоса айтты. Егер демеушілер, 

жергілікті  тұрғындар  қолдап  жатса,  онда 

экологиялық  туризмді  де  дамытпақ  ниетте. 

Жазда  бұл  өңір  дем  алуға  таптырмайтын 

мүмкіндік:  өзенге  шомылуға,  балық  аулауға, 

атпен серуендеуге, тек экологиялық таза өнім 

– ет, сүт, сүт өнімін осы шаруашылықтан және 

өзге  шаруалардан,  ауылдастардан  алдыруға 

әбден болады.

Қ о й   ш а р у а ш ы л ы ғ ы   -   ш а р у а   а д а м ы 

дамытуды  көздейтін  тағы  бір  табыс  көзі. 

Атыраудан еділбай тұқымды 30 саулық пен 10 

қошқар  сатып  әкелгені  туралы  жағымды 

жаңалығымен бөлісті. Бұл түлік те келешекке 

берік негіз болмақ. Уақ мал белгілі бір уақытта 

карантинде ұсталды. Енді 250 бас қазақы қой 

табынының  арасында  жаңа  тұқымды  түлік 

с ы р ғ а с ы м е н ,   ж а с ы л   л е н т а с ы м е н 

ерекшеленетін болады. Малдың алды төлдей 

бастады. Қазір қозылы қой жеке, бордақыдағы 

қой жеке күтіледі. Мал фермасындағы жұмыс 

өз ырғағымен жүріп жатыр. Фермердің негізгі 

көмекшілері  -қарындасы  Əлия  мен  күйеу 

баласы  Серік  Рақымовтар  мал  күтіміне 

арналған  күнделікті  кәсібін  атқарып  жүр. 

Евгений  есімді  жұмысшы  қораны  тазартуда. 

Малға  су  скважинадан  беріледі.  Қораның 

ж а н ы н д ғ ы   М а л ш ы л а р   ү й і н д е   а д а м 

жылынатын, тамақтанатын, дем алатын, тіпті 

душқа  жуынатын  жағдай  қарастырылған. 

Бекболат  Төлеуұлымен  сұхбатымыз  өте 

қызықты  өтті.  Ол  кісімен  ауданымызда  асыл 

тұқымды  қара  мал,  қой  өсіретін  ең  үздік 

фермерлер жайында әңгімелестік. Кейіпкерім 

ауыл шаруашылығы өндірісі саласында өзгеге 

үлгі  тұтуға  тұрарлық  әріптес-басшыларды: 

Валерий  Кармелюк  пен  Серік  Биімжановты 

ерекше  атап  өтті.  Таблеткаланған  қымыз 

ө н д і р і с і   ту р а л ы   қ ы з ы қ т ы   о й   о р а м ы н , 

ж а й ы л ы м   б ө л і н і с і   п р о бл е м а с ы н ,   м а л 

шаруашылығы  саласындағы  мемлекеттік 

бағдарламаны  іске  асыру  жайынан  аса 

хабарсыздығын  атап  өтті.  Ерейментау-

С т е п н о г о р с к   б а ғ ы т ы н д а ғ ы   ж о л д ы ң 

жағдайына,  Степногорск  қаласы  мен  біздің 

аудан  орталығы  дәрігерлерінің  халыққа 

м е д и ц и н а л ы қ   қ ы з м е т   к ө р с е т і л і м і 

айырмашылығына, темір жолға жақын маңда 

малдың  қараусыз  бағылуына,шығынына 

қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Негізінен 

оны жергілікті тауар өндірушілердің бірлігінің 

жоқтығы  алаңдатады.  Өйткені  бірге  жұмыс 

істей  жүріп,  ешкі  сүтін,  қымыз  өнімін 

өндіретін.  жүн  ұқсататын  жаңа  цех  ашуға, 

туризмді  дамытуға,  көкөніс  өсіруге,  ортақ 

мәселені шешуге әбден болады. Оған өндіріс 

жұмысшылары  -  шопан,  жылқышы,  қызмет 

көлігін жүргізуші қажеттігін, қолайлы жалақы 

ұсынса да, адамдардың келмейтінін қынжыла 

баяндады.

Егер ауыл өркендей бастаса, онда мектепті 

де жабудың жөні жоқ. Бекболат Төлеуұлы мен 

Əс елдің  бе с  ба ласының  үшеуі  мектеп 

жасында.  Екі  ұлы  әке сінің  қолғанаты. 

Тұңғышы  Сұлтан,  мектеп  жасында  болса  да, 

әкесінің  қолғанаты,  көмекшісі.  Отағасы 

шаруашылығының  мықты  әрі  өміршең 

болғанын,  оны  екі  бауыры,  Жұмашевтар 

әулетінің  ізбасарлары  басқарғанын  қалайды. 

Ал  кенже  ұлы  Асанәлі,  әжесі  немересінің 

есімін  актер  Асанәлі  Əшімовтың  құрметіне 

осылай  атаған,  еңбекқор  болуын,  мәртебелі 

қызметімен  әлемге  танылуын  тілеген.  Анасы 

Күлбағила  Думатқызының  ақыл-кеңе с, 

батасымен жайлы да жаңа үй салып алғанына 

жыл  толыпты.  Ынтымағы  жарасқан  тату 

отбасы  жаңағы  шаңырақта  берекелі  тірлігін 

жалғастыруда.  Енді  көктемде  оны  қоршап, 

жасыл  желекпен  көмкермек  ниетте.  Үйінің 

жанында  көршілердің  тағы  бір  жаңа  үйі, 

келешекте  мал  қоюға  арналған  қора  салулы 

тұр. Күздігүні тағы бір тұрғын үйдің іргетасын 

қалап  қойған.  2014  жылы  ауылға  орталық  су 

желісінің тартылғанын қуана мәлімдеді. Енді 

ауылдың  әрбір  тұрғыны  өркениет  лебін 

сезінуде -жылы әжетхана, душ, ванна орнатып 

алған. Ертеде флягпен су үйге су тасыған сәтті 

де еске түсіріп өтті.

Бекболат  Төлеуұлы  отағасы  ретінде  ер 

азаматтың  барлық  міндеттерін  атқарды  -  үй 

салды, өзінің ісін өркендетті, отбасын құрды, 

енді  өз  бағын  көркейтуді  жоспарлауда.  Оған 

қ о с а ,   ау ы л   ш а р у а ш ы л ы ғ ы   қ ұ р ы л ы м ы 

басшыларының  біріккенін  қалайды  -  бұл 

атқарушы билікке ауылдық округтің көптеген 

өзекті мәселесін шешуге молынан септесетін 

орасан  күш  екендігі  даусыз.  Сонымен  бірге 

халық  та  жұмыс  табар  еді  әрі  елдің  әлеуеті 

біршама көтерілер еді.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал