Ережелері



жүктеу 341.58 Kb.

бет1/4
Дата27.03.2017
өлшемі341.58 Kb.
  1   2   3   4

СҮТ ЛАБОРАТОРИЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1. Студенттер практикалақ және зертханалық сабақтарға тек ақ халатпен

келуі керек. 

2. Зертханада темекі шегуге, тамақты, суды химиялық аспаптармен ішуге,

химиялық заттардың дәмін татып көруге қатаң тиым салынады. 

3. Құрамындағы   консервіленген   заттар   бар   сүт   сынамаларына

органолептикалық бағалауға тиым салынады. 

4. Құрылғылар   мен   ажыратқыштарды   мұғалімнің   рұқсатынсыз   қосуға

және   сөндіруге   болмайды.   Машиналар   мен   сепараторларды   қосу   алдында

жақында тұрған адамдарға хабарлау керек. 

5. Әрбір   реактив   үшін   өзіне   арналған   орын   болу   керек,   әсіресе   бұл

ережені күкірт қышқылы мен изоамил спиртіне қатысты сақтау керек, олар

сүттің майлылығын анықтағанда қолданады. 

6. Сүт   пен   сүт   өнімдерінің   майлылығын   анықтағанда   қатаң   ережелер

сақтау керек. 

6.1


Таза   жуылған,   құрғақ   май   өлшегіштер   мен   құрғақ   иілімді

жапқышты қолдану керек.

6.2

Май өлшегіштерді күкірт қышқылы мен изоамил спиртімен тек



реактивтер тұрған жерде ғана толтыру керек. Зертханалық столға қышқылмен

спиртке толы ыдыстарды қоюға тиым салынады. 

6.3

Сілку   алдында жапқыштың дұрыс жабылғандығын қарау керек.



Сілкігенде  май өлшегішті өзіңнен және студенттерден алшақ ұстау керек. 

6.4


Май   өлшегішті   тығынмен   жапқанда,   сілкігенде,   май   өлшемін

санағанда және май өлшегішті ашқанда оны ұзартылған, сүлгімен жабылған

жағынан ұстау қажет. 

6.5


Жабылған   сақталмалы   қақпағы   бар   жөнделмелі  центрифугамен

ғана жұмыс істеу керек. 

6.6

Май   өлшегіштерді   центрифугаға   қарама-қарсы   қою   керек,



центрифуганы   литрге   қосар   алдында,   тығынмен   пен     бүркеніштің   дұрыс

жабылғанын тексеру керек. 

6.7

Егер жұмыс кезінде центрифуга тарсылдайтын болса, оны электр



желісінен өшіру керек. 

6.8


Егер қышқыл бүркенішке  шашыраған жағдайда сумен жуу қажет,

содан кейін ас содасымен нитрлеу керек, содан соң қайтадан сумен жуады.

Халат немесе киімге қышқыл шашыраған болса, сумен жуу қажет. 

6.9


Май өлшегіштен шыққан күкірт қышқылын арнайы ыдысқа құю

керек. Қышқылды канализациялық каналға құюға қатаң тиым салынады. 

7. Жарақат   алғанда   жарақат   орнын   брилиант   ерітіндісі   немесе   йодпен

сүрту керек. 



8. Сабақ   кезінде   студенттер   зертханада   тазалықты   сақтау   керек.

Химиялық   анализдің   соңында   студен   төз   жұмыс   орнын   жинау   керек:

реактивтерді   орындарына   қояды,   кір   химиялық   ыдыстарды   жуып,   кептіру

орнына қояды. 

9. Күйген   жағдайда   күйіп   қалған   орынға   спирт   немесе   марганцовкаға

батырылған дәкені қою керек. 

10.

Құрылғылар сынған жағдайда кінәлі адам ақысын төлеуі қажет. 



1-ші САБАҚ

СҮТТІҢ ОРТАША СЫНАМАЛАРЫН ІРІКТЕУ

СҮТ ТЫҒЫЗДЫҒЫ МЕН ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ

КӨРСЕТКІШТЕР АНЫҚТАМАСЫ

Құрал-жабдықтар:мутовка, сынама іріктеуіш,черпачка, мензурк, 250 мл

цилиндр, 200-250 мл сынама жинауға арналған шөлмек, 1 және 2 мл пипетка,

штатив, сүтке арналған ареометр. 

Реактивтер:калий екі көмір қышқыл ерітіндісі, 38-40% формалин, 30 %

сутегі перекисі. 

Сүттің   орташа   сынамасын   іріктеу   –   оның   сапасын   дұрыс   анықтаудың

маңызды   шарттарының   бірі   болып   табылады.   Сүттің   тазалығын,

тығыздығын,   ақуызын,   қанттың   дәрежесін   анықтаған   кезде   сынаманың

көлемі   250   мл-ден   кем   болмауы   керек.   Майлылығы   мен   қышқылдығын

анықтау кезінде 50 мл сүт  болса болғаны. 

Орташа   сынаманы   іріктеу   сүттің   көлеміне   пропорционалды   әртүрлі

әдістермен   жүргізіледі.   Сүттің   сынамасын   іріктеу   алдында   цистернада,

ваннада,   3-4   минут   механикалық   араластырғыш   арқылы,   ал   құтылар   мен

сауғыш шелектерде 8-10 рет араластырады. 

Сынамаларды  келесі әдістермен іріктейді:

- Сүт цистерналары мен танкілерінен өлшеуіш ыдыспен (250 мл немесе

50 мл) ұзартыған қолымен немесе темір түтікпен (диаметрі 9 мм). 

- Құтыдан – сынама іріктеуішпен

- Сауу шелектерінін – сиырлардан жекелеп (тәуліктік сынама)

А) сынама іріктеуші арқылы;

Б) арнайы ожау арқылы;

В) өлшеуіш ыдыс арқылы.

Цистерна,  құты,   сауу  шелектерінде  орташа  сынаманы  іріктегенде   сүтті

сынама   іріктеушпен   ұқыпты   араластырғаннан   кейін   оны   сүттің   ортақ

массасына перпендикуляр және баяу салады,  сынама іріктеуіштегі сүт пен

салу кезіндегі  ыдыстағы сүттің деңгейі бірдей болу есебімен. Осыдан кейін

сынама іріктеуіштің үстіңгі жағы үлкен бармақпен жабылады, сүт сынамаға

арналағн   шөлмекке   ауыстырылады.   Осыдан   әрбір   көлемнен   және   әрбір

сауылымнан   бірдей   көлемдегі   сынама   іріктеуіштегі   сүттен   алынады.

Өлшеуіш   ыдыс   пен   ожаудың   көмегімен   екі   реттік,   үш   реттік   сауылымнан


сынама   алынады.   Тәуліктік   сауылымнан   екі   реттік   сауылымда   бірдей

аралықпен таңертең және кешке бірдей көлемдегі сүт алынатыны белгілі, ал

үш   реттік   сауылымда   таңертеңгі   сауылым   40%   құрайды,   ал   күндізгі   мен

кешті   30%-дан   әрқайсысы.   Егер   анализ   үшін   200   мл   сүт   керек   болса,   екі

реттік сауылымда, таңертеңгі және кешкі 100 мл –ден алынады, ал үш реттік

сауылымда таңертең 80 мл, түсте және кешке 60 мл-ден әрқайсысы. Ақуызы

мен майлылығын анықтаған кезде экспресс әдіспен 50 мл сүт қана қажет, екі

реттік сауылымда 25 мл-ден алынады, ал үш реттік сауылымда – таңертең 20

мл, күндіз және кешке әрқайсысынан 15 мл-ден. Сынаманы іріктеу кезінде

арнайы 25 мл ожау болғаны жөн, ал үш реттік сауылымда 20 және 15 мл

арнайы    ожау керек. 

Өнеркәсіптік   сүт   кешендерінде   бақылау   сауылымында   әрбір   сиырдан

сүтті   арнайы   шыны   баллондарға   сауып   алады,   олардан   арнайы   шүмек

арқылы сынамаға сүтті өлшеп алады, сынама іріктеуіш  немесе ожау арқылы

іріктейді. 

Тәуліктік   сауылымды   дәл   іріктеу   үшін   сиырлардан   жекелей   іріктеуге

дейінгі сауылым сүттің көлеміне пропорционалды болуы керек, ал сынамада

алдын   ала   есеп   жүргізеді,   ол   үшін   сынамасы   алынатын   және   орташа

сынамаға керекті сүттің көлемін білу керек. 

Мысалы, «Қарлығаш» сиырының тәуліктік сауымы 20 кг, талдау үшін 200

мл  сүт   қажет.  Орташа  сынаманың  көлемін  анықтайды,  оны  әрбір   литрден

өлшейді: 200:20=10мл. 

Егер   сиырдың   сауымы   таңертең   11   кг,   кешке   9   кг   болса,   онда

сауыншылардан керекті көлемін алады: 

10х11=110 мл

10х9=90 мл

Қорытынды 100 мл. Бұл дәл, бірақ сынаманы іріктеудің қиын тәсілі. 

Бақылау сынамасын іріктеу

«Бақылау»   сынамасы   –   бұл   сол   табыннан,   сол   сиыр   топтарынан,   сол

сауымнан, фальцифицирленген жа табиғи сүт . Оны жасандылық қабілетінен

өзгешеленетін жаңдайда алынады. 

Орташа сынамаларға 200 мл басқышталған шөлмектер ыңғайлы. Сүті бар

шөлмекердің бетін жауып қараңғы, суық жерде сақтаған жөн. 

Сүттің   органолептикалық   көрсеткіштері:   түсі,   дәмі,   иісі   және

консистенциясы бойынша анықталады. 

Түсін шыны цилиндрде, жарық жерде қарап анықтайды. Қалыпты сүттің

түсі ақтан ақшыл сарыға дейін. Бөлме температурасында тұрған сүтті тілдің

төменгі ұшына дейін ауыз қуысын шайып дәмін анықтайды. Қалыпты сүттің

дәмі тәттілеу болып келеді. 

Балғын  сүттің  иісі  ерекше және  қалыпты  болып келеді.   Оны әкілінген

ыдысты  ашқан кезде  анықтайды.  Ал сүттің консистенциясын  бір ыдыстан

екінші ыдысқа баяу құйған кезде анықтайды. Балғын сүтің консистенциясы

біртекті. 



Сүттің тығыздығын анықтау техникасы. Балғын сүттің тығыздығы 1,027-

1,032   г⁄см

3

  арасында   ауытқып   отырады,   ал   орташа   тығыздығы   1,030   г⁄см



3

(30


0

А;1030 кг⁄ м

3

). 


Сүттің   тығыздығы   ГОСТ   52054-2003,   сүттің   балғындық   көрсеткіші

бойынша есептеледі, ал  1,0269 г⁄см

3

  (26,9


0

А, 1026,9  кг⁄ м

3

) тығыздықта сүт



қабылдауға жарамды болып келеді. 

Ал сүтке су қосқан жағдайда сүттің тығыздығы төмендейді,(әрбір 10% су

тығыздықты орташа алғанда 3

0

А төмендетеді). 



Ал абрат қосқанда тығыздық бірнеше жоғарлайды, сүттен алынған әрбір

май пайызы тығыздықты орта есеппен 1

0

А жоғарлатады. 



Тығыздықты А типті (ГОСТ 3626-71) сүт ареометрімен сауылғаннан кейін

екі сағаттан кейін анықтайды. 

250   мл   200   мл   15-25

0

С  температурадағы,   жақсы   араластырылған   сүтті



құйып,   ареометрге   салу.   1   минуттан   кейін   тығыздық   және   температура

шкалалары   ойынша   есеп   жүргізу.   Температураға   өзгертулер   енгізіп,

тығыздықты 20

0

С дейін жеткізу. Өзгерту әрбір температура градусына ±0,2



0

А

немесе ±0,0002 г⁄см



3

  құрайды. Егер температура   20

0  

С көп болса, өзгерту



қосады,   ал   20

0

С   төмен   болса,   алып   тастайды.   Тығыздықты   өзгертілген



температурамен арнайы 2 кесте бойынша анықтайды. 

  2   кесте   бойынша   есепті   градусқа   ауыстырады,   сол   бағанада   градус

бойынша тығыздық биіктігін, ал кестенің үстіңгі бағанасында температураны

анықтайды. Ал екеуінің қиылысқан жерінде 20

0  

С-дағы сүттің тығыздығын



анықтайды. 

Мысалы: сүттің температурасы 17

0

С, тығыздығы 1,0295 г⁄см



3

. 1-ші кесте

бойынша   29,5

0

А   және   17



0

С   температурада,   қатысты   тығыздығы   28,8

0

А

немесе р= 1,0288 г⁄см



3

=  1028,8 кг⁄см

3



Орташа   сынамаларды   сақтау.   Микробиологиялық   зерттеуге   арналған



сынамаларды 4-1-±4

0

С ал химиялық зерттеуге арналған сынамаларды ±6  



0

С

температурада 2 тәулік бойы сақтауға болады. 



Кесте 2- Сиыр сүтінің тығыздығына қайта есеп

Ареометр


есебімен 

тығыздық


Ареометрдің 20

С температурадағы тығыздығы



Сүт температурасы 

С



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

25,0 


24,0 24,2 24,4 24,6 24,8 25,0 25,2 25,4 25,6 25,8 26,0

25,5 


24,5 24,7 24,9 25,1 25,3 25,5 25,7 25,9 26,1 26,3 26,5

26,0 


25,0 25,2 25,4 25,6 25,8 26,0 26,2 26,4 26,6 26,8 27,0

26,5 


25,4 25,6 25,8 26,0 26,3 26,5 26,7 26,9 27,1 27,3 27,5

27,0 


25,9 26,1 26,3 26,5 26,8 27,0 27,2 27,5 27,7 27,9 28,1

28,0 


26,5 27,0 27,3 27,5 27,8 28,0 28,2 28,5 28,7 29,0 29,2

28,5 


27,3 27,5 27,8 28,0 28,3 28,5 28,7 29,0 29,2 29,5 29,7

29,0 


27,8 28,0 28,3 28,5 28,8 29,0 29,2 29,5 29,7 30,0 30,2

29,5 

28,5 28,5 28,8 29,0 29,3 29,5 29,7 30,0 30,2 30,5 30,7

30,0 

28,8 29,0 29,3 29,5 29,8 30,0 30,2 30,5 30,7 31,0 31,2



30,5 

29,3 29,0 29,8 30,0 30,3 30,5 30,7 31,0 31,2 31,5 31,7

31,0 

29,8 30,1 30,3 30,5 30,8 31,0 31,2 31,5 31,7 32,0 32,2



31,5 

30,2 30,5 30,7 31,0 31,3 31,5 31,7 32,0 32,2 32,5 32,7

32,0 

30,7 31,0 31,2 31,5 31,8 32,0 32,3 32,5 32,8 33,0 33,3



32,5 

31,5 31,5 31,7 32,0 32,3 32,5 32,8 33,0 33,3 33,5 33,7

33,0 

31,7 32,0 32,2 32,5 32,8 33,0 33,3 33,5 33,8 34,1 34,3



33,5 

32,2 32,5 32,7 33,0 33,3 33,5 33,8 33,9 34,3 34,6 34,7

34,0 

32,7 33,0 33,2 33,5 33,8 34,0 34,3 34,4 34,8 35,1 35,3



34,5 

33,2 33,5 33,7 34,0 34,2 34,5 34,8 34,9 35,3 35,6 35,7

35,0 

33,7 34,0 34,2 34,5 34,7 35,0 35,3 35,5 35,8 36,1 36,3



35,5 

34,2 34,4 34,7 35,0 35,2 35,5 35,8 36,0 36,2 36,5 36,7

36,0 

34,7 34,9 35,2 35,6 35,7 36,0 36,2 36,5 36,7 37,0 37,3



Ұзақ сақатау кезінде оларды калий хром қышқылымен, формалинмен,

сутегі перекисімен, хлороформмен, сулемамен консервілейді.  Хромпик пен

сулема   -   ең   жақсы   консерванттар.   Хромпикпен,   сулемамен,   формалинмен

консервіленген   сүт   сынамалары   зерттелгеннен   кейін   жойылады,   ал   сутегі

перекисімен   консервіленген   сынамаларды   жануарларға   азық   ретінде

қолдануға болады. 

Калий екі хром қышқылын консервілеу - ол қатты тотықтырғыш болып

табылады және микроорганизм протрплазмасын жойып жібереді. 

Формалин   мықты   бактеридцидтік   қасиетке   ие,   ол   бактериалды

жасушалардың   ақуызымен   мықты   қосылысқа   түсіп,   олардың   өмішендігін

жоғалтады.   Формалин   сонымен   қатар   сүт   ақуызымен   қосылысқа   түсіп,

амидтік   топты   жояды,   ақуыз   күкірт   қышқылында   ерімейтін   қосылысқа

айналады,   сондықтанконсервіленгендегі   формалиннің   артық   көлемі   майды

анықтауды қиындатады. 

Сутегі перекисі мықты тотықсыздандырғыш қасиетімен ерекшеленеді.

Сүт   ферментінің   әсерінен   (пероксидаза   мен   каталаза)   бұл   консервант

атомарлық ауаға ыдырап, бактериальды жасушаға еніп, оны жойып жібереді. 

100 мл сүтке 1мл хромпик (10%); 0,1 мл немесе 3 тамшы формалин (40%); 0,2

мл немесе 6 тамшы; сутегі перекисін (33%) қосады. 

Консервіленген сүт сынамаларының органолептикалық көрсеткіштерін,

қышқылдығын,   бактериальды   тұқымдылығын,   биологиялық   құрамын

зертеуге болмайды. 

Сынамаларды   талдауға   дайындау. 

Талдау   алдында   сүттің

сынамаларының   температурасы   20±2

0

С   болуы   керек,   сондықтан   оны



жылытып   немесе   суытып,   араластырып,   4-5   рет   аузы   жабылған   шөлмекте

аударып немесе 3 рет  бір ыдыстан екінші ыдысқа қайта құю керек.

Егер   сақатау   кезінде   қаймақтың   қалың   қабаты   қалған   болса,   онда

шөлмектерді   талдау   алдында   30-40

0

С   жылытып,   араластырып,   20



0

С   дейін

суытады. 


2-ші САБАҚ

СҮТТІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МАЙДЫ АНЫҚТАУ, СҮТТІҢ

ҚҰРАМЫНДАҒЫ МАЙДЫ АНЫҚТАУ ДӘЛДІГІН АНЫҚТАУ

ФАКТОРЛАРЫ.

Құрал-жабдықтар: резеңке жапқышы бар май өлшегіштер, майөлшегіш

штативі, зертханалық центрифуга, 10,77 мл пипетка10 немесе 1 мл автоматы

пипеткалар,   май   өлшегішке   арналған   орны   бар   су   моншасы,   100

0

С



термометр6 орамал. 

Реактивтер:   1,81-1,82   г⁄см

3

  тығыздықты   күкірт   қышқылы,   0,810-0,812



г⁄см

3

 ты5ызды0ты изоамил спирті. 



Әдетте   күкірт   қышқылының   тығыздығы   1,84   г⁄см

3

  тең.   Жоғарғы



тығыздықтағы   күкірт   қышқылын   керекті   тығыздыққа   (0,81-1,82   г⁄см

3

  )



келтіру үшін келесі формуланы қолданамыз. 

В=К(П

1



2

)⁄П-1, мұнда 

                                           В- су көлемі, л

                                        К- араластырылған қышқыл көлемі, л

                                        П- бар қышқылдың тығыздығы

                                        П

2

- керек қышқылдың тығыздығы



Сүттің   майы   түйіршік   пішінді   болады,   оны   ақуыз   торшасы   қоршап

тұрады.   Сүттің   майлылығын   анықтаудың   қышқылды   тәсілінің   ерекшелігі

мұнда: қышқыл сүттің ақуызын ерітеді, сонымен қоса май дөңгелектерінің

ақуыз торшасымен қатар, сүт майын біркелкі қабат ретінде шығарады және

оның   көлемін   арнайы   құрал   -май   өлшегішінің   басқышталған   жағында

өлшейді. 

Талдау жүргізер алдында сүт лабораториясында жұмыс және қауіпсіздік

ережелерін қайталау қажет. 



Анықтау техникасы. Май өлшегішті нөмірлеу. Ол үшін май өлшегіштің

ұзартылғын   төменгі   жағына   қарандашпен   дөңгелетіп   нөмір   қояды.   Май

өлшегіштің нөмірі мен сүттің сынамасын жазады. Май өлшегішке тығыздығы

0,81-1,82 г⁄см

3

 күкірт қышқылын автоматты пипеткамен 10 мл өлшеп алады.



20 

0

С темапатурадағы жақсы араластырылған 10,77 мл сүтті пипеткамен май



өлшегіштің   қабырғаларына   баяу   құю   қажет.   Ол   үшін   май   өлшегіштің

қабырғасына   45

0

С   иілген   пипетканың   ұшын   қойып,   пипетка   жабылған



саусақты   кішкене   көтеріп,   сүттің   қышқылға   баяу   тамуына   мүмкіндік

туғызады. Май өлшегішке автоматты  пипетканың көмегімен 1 мл изоамил

спиртін өлшеп алады. Май өлшегішті қуыс түтікке салып, оның құрамында

ақуыз толық еру үшін араластырып және оны 65-70

0

С температурада 5 минут



су   моншасына   қояды.   Бір   сынамаға   талдау   жасайтын   болса   немесе   май

өлшегішті штативте біркелкі сілкіген жағдайда ГОСТ 5867-69 бойынша май

өлшегіштерді алдын ала жылытылмаған центрифугаға қоюға болады. 

Су   моншасынан   май   өлшегіштерді   шығарып,   құрғатып,   центрифугаға

орналастыру қажет. Минутына 1000-1200 айналым жылдамдықпен 5 минут

айналдыру қажет. Содан ейін қайтадан су моншасына 65-70

0

С температурада



5   минут   жапқышына   астына   қаратып   қояды.   Май   өлшегіштің   шкаласына

қарап   май   пайызын   есепке   алады.   Бұл   мақсат   үшін   майдың   өлшегіштің

төменгі бағанасының шекарасын май өлшегіштің толық бөлінген шкаласына

қосу қажет. Бұндай қосарлану резеңке жапқыштың көмегімен жүзеге асады.

Май   өлшегіш   сүттегі   майдың   пайыздық   көрсеткішін   көрсетеді.   0,1%

дәлдікпен есепті жүргізу қажет. 



3-ші САБАҚ

ҚҰРҒАҚ ЗАТ, ҚМСҚ ЖӘНЕ СҮТТІҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ  

Құрал-жабдықтар:  әр түрлі өлшеуіші бар таразы,  кварцты құмы және

шыны таяқшалары бар алюминді стақандар, құмы және шыны таяқшалары

бар алюминді стақандар, кептіргіш шкаф, 10 мл пипетка, су моншасы, АМ-2

құрылғысы, бастырылған ұштары бар шыны таяқша, сүлгі, дистилденген су.

Құрғақ   зат   сүттің   сіңіру   құндылығының   көрсеткіші   болып   табылады.

Сүтте   12,5%   құрғақ   зат   болады.   Сүттің   құрамының   өзгеруіне   байланысты

құрғақ зат та өзгеріп отырады. Сүт құрамындағы құрғақ затты аналитикалық

тәсілмен  (102-105

0

С),  ал  өнеркәсіптік   жағдайда   формула   бойынша  есептеу



әдісімен анықтайды. 

Арбитражды   әдіс.  Кварц   құмы  және   шыны   таяқшасы   бар   екі   стақанға

техникалық таразыға өлшенген бірдей сынамадағы 10 г кептірілген құрғақ

сүтті   саламыз.   Стақанды   105

0

С   температурада   кептіру   шкафына   салып,



қалыпты салмаққа дейін үзіліссіз араластыруды қажет етеді. Бірінші өлшеу

1,5-2 сағаттан кейін өткізіледі, ал келесі -30 минуттан соң. Талдауды тездету

үшін қайнап жатқан су моншасында кептіріп, содан соң кептіру шкафында

қайта кептіруге болады. 

Дуденков әдісі.    3-5 дәкесі бар 2 алюминді стақанға қалыпты салмаққа

дейін кептірілген, 1 сынамадан 3г сүтті өлшеп салу қажет. Стақанды   102-

105

0

С температурада кептіру шкафына салу қажет. 



Құрғақ   заттың   пайызын   есептеу.   Егер   де   параллельді   анықтаудың

қорытындысы   0,05%   ұқсас   келетін   болса   талдауды   қайталау   қажет.

Қорытындысын дәптерге жазу керек. 

Профессор Я.С.Зайковский формуласы

С=1,215 х Ж+ (100 х П - 99,823 ⁄ П)

Қалыпты формула (Форингтон формуласы)



С= 4,9 х Ж + а ⁄ 4+ 0,5, мұнда 

      


                              С- сүттегі құрғақ зат пайызы

П- тығыздық г⁄см

3

 (мысалы 1,0295)



                         а- ареометр градусы бойынша тығыздық (мысалы 29,5)

Сүттегі   көп   өзгертулер   әр   түрлі   факторлардың   әсерінен   көбінесе   май

ұшырайды,   сондықтан   сүттің   сапасын   оның   құрамындағы   ақуыз,   лактоза,

минералды   тұздардың   болуымен   сипатталады.   Олар   жалпы   санда   құрғақ

майсызданған   сүт   қалдығын   -   ҚМСҚ   құрайды.   Бұл   көрсеткіш   көбінесе

тұрақты 8,5% тең. 

ҚМСҚ-ны   қалыпты   формула   бойынша,   құрамындағы   май   мен   құрғақ

заттың болуымен , АМ-2 құрылғысымен анықталады. 

А) АМ-2 құрылғысымен, рефрактометрикалық әдіспен анықтау. 

Анықтау техникасы. Құрылғының таза, астыңғы призмасына 2-3 тамшы

дистилденген су құю керек, үстіңгі призманы жабу, жарық сәулесін жағып,

реттеу бұрамасын көмегімен ашық және қоңыр түсті шкаласы бойынша есеп

жүргізу қажет. Призманы мақтамен құрғатып сүрту қажет. 

Сүттен алынған есеп  пен дистилденген судың есебінен  сүттегі  ҚМСҚ-

ның пайызын анықтаймыз. 

Б) құрғақ зат пен май арасындағы айырма бойынша

% ҚМСҚ = С - Ж

Бұл   тапсырманы   орындағанда   2-ші   тапсырмада   алынған   деректерді

қолданамыз. 

В) формула бойынша: 

% ҚМСҚ = Ж ⁄  5+a ⁄ 4+0,76 

Жалпы ақуыз % = ҚМСҚ  х 40 ⁄ 100

Жалпы қант  % = ҚМСҚ  х 52 ⁄ 100

Күл %  = ҚМСҚ  х 8 ⁄ 100

Сүт майының қуаттылығы 9,0 ккал, ақуызы - 4,0, сүт қанты - 3,8ккал. 

1 ккал- 4,184 к Дж



4-ші САБАҚ

СҮТ АҚУЫЗДАРЫНЫҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАП, ОЛАРДЫҢ

ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Құрал-жабдықтар: 100-200 мл стақан, 1,2,5,10 мл пипетка, 10-15 мл 

пробирка, капельница,  АМ-2 сүт анализаторы, редуктазды құрылғы, су 

моншасы, шыны түтік, жапқышы бар 10мл сауыт, мақта тампоны, сүлгі,  100 

мл өлшеуіш цилиндр, 250-300 мл колба, форфорлы шыны аяқ, құйғыш, қағаз 

фильтр. 

Реактивтер: 0,1 н сілті ерітіндісі, 1 пайыздық фенолфталеиннің спиртті 

ерітіндісі, 37-40 пайызды жаңа бейтараптанған формалин, 0,01 

пайыздырозанилиннің спиртті ерітіндісі, 4 пайызды хлорлы калий ерітіндісі, 

дистилденген су, 5 пайызды сірке су ерітіндісі, 1 пайыз ұлтабар ферменті 

ерітіндісі. Эталонды дайындау – 10 мл сүтке 2-3 тамшы 0,01 пайызды 

розаоиннің спиртті ерітіндісін қосу.

Сиыр сүтінде орта есеппен 3,3 пайыз ақуыз, соның ішінде казеин 2,7

пайыз, альбумин 0,5 пайыз және 0,1 пайыз глобулин.

Қазіргі уақытта сүт құрамындағы ақуызды анықтау үшін келесі әдістер

қолданылады: 

А) формальді титрлеу әдісі

Б) рерактометрлік әдіс (АМ-2 аспабында)

В) оранж – Ж бояғыш адсорбция әдісі

Г) Къелдаль әдісі

Ақуызды   анықтағанда  ең  нақты  нәтижелерді Къельдали   әдісі  береді,

бірақ ол көп уақыт алатындықтан лабораториялық жағдайда бірінші үш әдісті

қолданады. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал