ƏОЖ: 39 Əзілхан нұршайықов шығармаларындағы патриоттық ТƏлім-тəрбиенің МƏНІ



жүктеу 87.09 Kb.

Дата21.01.2017
өлшемі87.09 Kb.

 

 

316 



ƏОЖ: 39  

 

ƏЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 

ПАТРИОТТЫҚ ТƏЛІМ-ТƏРБИЕНІҢ МƏНІ 

 

Тоқтағұлова А.Н. 

(Тараз мемлекеттік педагогикалық институты) 

 

 

 

Қазіргі  кезде  жастарымызды  ұлттың  азаматы  болуы  үшін  ұлттық  рухта 

тəрбиелеуге  негіз  болатын  тұлғалардың  өмірбаяны  мен  шығармашылығы  кеңінен 

зерттеліп, олардың тəлім-тəрбиелік идеялары білім беру жүйесінің оқу-тəрбие үрдісіне 

енгізілуі  маңызды.  Тарихи-педагогикалық  зерттеулер  осы  бағытта  шешуші  рөл 

атқарады.  Жаңарған  қоғамда  жаңа  бағыт  ала  дами,  қалыптассып  келе  жатқан 

педагогика  ғылымына  Қазақстаннның  халық  жазушысы,  жас  ұрпаққа  өмірі  мен 

шығармалары үлгі Əзілхан Нұршайықовтың тəлім-тəрбиелік ой-пікірлері мен идеялары 

зерттеліп қосылса, қазақ педагогикасының əлеуеті арта түседі. Адамның тұлға ретінде 

танылуына  ел  мен  жердің,  уақыт  пен  заманның  өз  үлесі  бар.  Жазушы  Əзілхан 

Нұршайықовтың  да  өсіп  –  жетілуіне,  біл  алып  қалыптасуына,  дүниетанымының 

толысуна,  қиындықтарға  шыңдалуына,  танымдық-тəлімдік  шығармаларының  дүниеге 

келуіне өмір сүрген кезеңдегі тарихи-əлеуметтік жағдайлардың ықпал еткені шындық. 

Оның  шығармашлығы  кең  тарап,  еліміздің  халық  жазушысы  атануына  басты  фактор 

оның табиғи дарыны ғана емес, сонымен бірге елдегі қоғамдық-саяси ахуал жəне бейбіт 

күн  үшін  күрес,  замандастарнының  ерлік  пен  батырлыққа  толы  істері,  сол  дəуірдің 

жақсы өмірге рухани байлыққа деген құштарлығы да əсер еткен болатын.  

Қазақ  жерінің  тарихи  тамыры  тереңге  кеткенін  ескерсек,    халық  ретінде  тəлім-

тəрбие мəселесін де ертеден басталғаны анық. Тарихи тереңдеген сайын болашағымыз 

айқынырақ болатыны сөзсіз. Бұл күнде қазақ халқының шыққан тарихи тұлғалары мен 

батырлардың, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлердің тұлғалық бейнесін сомдап, 

рухани  тамырына  көз  жіберер  болсақ,  өткенімізбен  сабақтастыруға  негіз  бар.  Қазақ 

халқының  дара  тұлға  азаматтарының  бейнесін  жас  ұрпаққа  үлгі  етерде  даралықтың 

тамыры  тереңге  бойлап,  ізгілік  пен  батырлықтан,  имандылық  пен  руханилықтан  нəр 

алып, сапалық қасиеттерімен асқақтай түскенін байқаймыз. 

Тарихи-педагогикалық  зерттеулердің  талаптарына  сай,  жазушы  Əзілхан 

Нұршайықовтың  өмірі  мен  шығармашылығындағы  тəлім-тəрбиелік  идеялардың  пайда 

болуымен  қалыптасуын  кезеңдестіру  тұрғысында  қарастырар  болсақ,  тарихи  жəне 

саяси-əлеуметтік кезеңдермен байланыстыра сатыланғанын байқар едік.  

Қазақ мəдениетінің  басты ошақтарының бірі Семей өңірінде 1922 жылы дүниеге 

келген  Əзілхан  Нұршайықов  –  Жарма  ауданы,  «Ақбұзау»  колхозына  қарасты  «Келін 

сүйегі»  аулының  тумасы.  Социалистік  қоғамның  белсендісі  болған  əкесі  Нұршайық 

Амангелдин  алғашқы  колхоз  ұйымдастырушылардың  бірі,  коммунист.  «Қозы  Көрпеш 

пен Баян Сұлу» жырының тарихи Отаны, Абылайханның сенім артқан батырларының 

бірі  Қабанбай  ерлік  жасаған  өлке,  «Еңлік-Кебек»,  «Қалқаман-Мамыр»  сынды  халық 

жырларын  тудырған  мекен,  Абайдай  ғұлама  ойшылдың  ойлы  жырларын  таратқан 

орталық  –  Семей  аймағында  туылып,  өсіп,  мектепке  барып  сауаттануы  да  Əзілхан 

Нұршайықовтың  тағдырында  өзіндік  із  қалдырса  керек.  Қаламгер    өзінің  алғаш 

əдебиетке  деген  ықыласын  «...Хат  білмейтін  қаршадай  күнімде  «Қалқаман-Мамыр», 

«Еңлік-Кебек»,  «Тəуке  батыр»,  «Түсіпхан»  қиссаларын  жатқа  айтып  жүрдім.  Ал    хат 

танығаннан  кейін  «Батырлар  жыры»,  «Халық  поэмалары»  дейтін  екі  үлкен  кітаптың  

бір  сөзін  қалдырмастан  жəне  жаттап  алдым»  дейді.Өзі  алғаш  білім  алған  «Ақбұзау» 



 

 

317 



орта  мектебінің  мерекелік  кештерінде  басқа  балалар  тақпақтар  айтып,  əн  орындар 

болса,  ол  «Қобыланды»,  «Ер  Тарғын»  сияқты  батырлар  жырлары  мен  «Қыз  Жібек» 

сынды түрлі лиро-эпостық жырлардан ауылдастарының  сұраныстары бойынша үзінді 

оқып разы ететіндігін кейінгі сұхбаттарында айтып жүр. 

Бала  Əзілхан  жастайынан  үнемі  адамгершілік  пен  ізгілікке,  адалдық  пен 

тазалыққа  бағытталған  идеяға  қаныққан  шығармаларды  оқып,  бойға  сіңіре 

білгендіктен, өзін жақсылықтың жаршысы, кемшіліктің күрескері ретінде таныта білді.  

Ғабдол  Слановтың  «Арман  аағысы»  атты  кітабын  оқып,  сондағы  жер  байлығын 

іздеуші  инженерлердің  өмірі  қызғылықты,  тартымды  суреттелгендіктен,  1938  жылы  

жеті  жылдық  мектепті  бітіріп,  Алматыдағы  тау-кен  (қазіргі  полетехникалық) 

институтының жұмысшылар факультетіне емтихансыз қабылданады. Бір жыл оқиды да 

келесі  (1939)  жылы  Семей  қаласындағы  Абай  атындағы  педагогикалық  училищеге 

түседі.  Бұл  Əзілхан  Нұршайықовтың  педагогикалық  білімінің  бастауында  тұрған  оқу 

орны екендігін басымдылықпен айтуымызға негіз болады.  

Училищедегі  ақындармен  болған  кездесу  оған  дейін  ақын  атанып  жүрген 

бозбаланың  дүниетанымына  басқаша  ой  салады.  Өзініғң  ақындық  мүмкіндігін  табиғи 

физиологиялық ерекшеліктерімен байланыстырып жүрген теріс ұғымын басқа қырынан 

түсінеді. Училищені бітірген соң, Семей педагогикалық институтынына қазақ тілі мен 

əдебиеті  бөліміне  оқуға  түседі.  Аталмыш  оқу  орнында  ол  есею  мен  таным-түсінігін 

кеңейтуге  мүмкіндік  табады.  Алғашқы  табиғи  сезім  –  махаббатын  да  осында 

кездестіреді  жəне  сол  тапқан  махаббат  сезімін  əлі  күнге  көкрегінде  сақтап,  аялап 

келеді. 


Бұл  Əзілхан  Нұршайықовтың  ес  біліп,  болашақ  тəлім-тəрбиелік  идеяға  толы 

шығармашылығына  бастау  болған  жазушылық  өмірінен  қалыптасуының    оқушылық 

кезеңі болатын. 

Жазушы 


Əзілхан 

Нұршайықовтың 

тағылымына 

толы 


өмірімен 

шығармашылығында босты орын алатын Ұлы Отан соғысы жылдары. (1941-1945 жж). 

Бұл  –  жазушының  өмірінің  қалыптасу  мен  шыңдалу  мектебі  болған.    Ел  басына  күн 

туған  нəубат  жылдар  1941  жылдан  соғыстың  аяғына  дейін  қатысқан  Əзілхан 

Нұршайықов  жауды  жеңіп,  жеңіспен  оралған  батыр  ағаларымыздың  бірі.  Ол  өзінің 

соғыстағы көрген ерлігі мен батырлықтарын шығармаларында насихаттады. 

Жазушы  соғыс  кезінде  де  күнделік  жазуды  тастамаған.  Бұл  тарихи  нақтылыққа 

жəне  соғысқа  қатысқандар  жөнінде  мағлұматтар  алуға  таптыриас  мəлімет  болғанын 

аңғару  қиын  емес.  От  пен  оққа  оранып  жүріп  жазылған  мына  жолдар  соғысты  көз 

алдыңызға  «25.Х.1942  ж.  Таңертеңгі  сағат  8-ден  кешкі  5-ке  дейін  жабық  позицияда 

фашистердің  алдағы  деревнядағы  бенінісіне  үздіксіз  оқ  аттық.  Бір  сағат  тыным 

тапқанымыз жоқ. Менің бірінші зеңбірегімнің жалғыз өзі 203 снаряд шығарды. Сонда 

біз бүгін фашистерге ыстық снарядтан 1624  килограмм сəлемдеме  жіберіппіз. Бұл 1,5 

тоннаданасады.  Ал  батареяның  қалған  үш зеңбірегі  аз  дегенде  үш тонна  снаряд  атты. 

Сонда  біздің  2-батарея  фашистрмен  шайқастың  алғашқы  күні  төбесіне  4,5-5  тонна 

снаряд төкті. Бұл аз шаруа емес. Қай кездерде зеңбірек стволы қып-қызыл болып, отқа 

салған  темірдей  қызарып  кетті.  Қол  тигізуге  болмайды.  Əзірше  бізден  шығын  жоқ. 

Кешке  қарай  алғы  шептегі  3-  батареяның  взвод  командирі  Көшековтің  өлгенін,  бір 

зеңбірек, көздеуші мен бір затвор ашушының жаралы болғанын естідік» [2, 47 б.]. 

Кіші  командир  Əзілхан  Нұршайықов  соғыс  жағдайында  өзін  жан-жақты  қатал 

тəртіпке көндіре білген жəне өзіне талап қойғыш жан ретінде танылды. Оның соғыста 

ерлік  көрсеткен  қазақ  батырларына  арнаған  бірнеше  шығармалары  əскери  дала 

газеттеріне  жəне  еліміздегі  республикалық  «Лениншіл  жас»  (Қазіргі  «Жас  алаш»), 

«Социалистік  Қазақстан»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газеттеріне  жарияланып,  елдің 

рухын  көтеруге,  жауынгерлердің  айбатын  асқақтатуға  үлес  қосады.  Жоғарыдағы 

күнделікте баяндалғандай, ұрыста ерлікпен өлген лейтенент Көшеков Қажымға арнаған 



 

 

318 



«Өсиет» атты өлеңі батырдың өлер алдында артында қалған жолдастарына қалдырған 

өсиеті ретінде жазылған: 

«Алға қарыс бассаң бас, 

Сүйем кейін шегінбе, 

Əдет жоқ ондай тегіңде!» 

Деп, лейтенант Көшеков 

Қайтыс болды ерлікпен, 

Ұлы жолдың төрінде»  – деген жолдар қазақ жауынгерлеріне ұран сынды болады. 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған  Мəншүк  Мəметованың  қабірі  басында  оқыған 

«Жан  құрбым»  деген  жоқтау  жыры  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде  жарияланды. 

Сондай-ақ,  1944  жылы  100-қазақ  атқыштар  бригадасы  жауынгерлерінің  майдан 

даласында  көрсеткен  ерліктерін  баяндаған  үлкен  мақаласы  да  осы  газетте  шықты.  Ол 

соғыста  Кеңес  Одағының  Батырлары  Мəлік  Ғабдуллинмен,  Мəншүк  Мəметовамен 

кездесті.  Қазақ  Одағының  Батырлары  Мəлік  Ғабдуллинмен,  Мəншүк  Мəметовамен 

кездесті.  Қазақ  қызы  Мəншүктің  адами  асыл  қасиеттеріне  əңгімесі  мен  əректтері 

арқылы  тəнті  болды.  Жазушы  осыларды  шынайы  қалпында  суреттеп,  батыр  қыздың 

бейнесін  өз  шығармалары  арқылы  биіктеттіп  көрсетеді.  Тағы  басқа  көптеген 

қазақстандық  батырлардың  майдандағы  ерлік  істеріне  куə  болады,  оларды  жырлады, 

елдегілерге  де,  жауынгерлерге  де,  болашақ  ұрпақтарға  да  үлгі  етті.  Ерлікті, 

батырлықты,  отаншылдықты  педагогикалық  идеямен  насихаттауға  қаламын  құрал  ете 

білд 

Калинин майданында неміс фашистерімен қиян кескі ұрыс жүргізіп жатқан 100-



ші  қазақ  атқыштар  бригадасының  Қарабек  Бұрышев,  Əбдірахман  Бимурзин,  Мырзаби 

Ерназаров,  Ыбырайым  Сүлейменов  сияқты  жауынгерлері  мен  командирлерінің  ерлік 

істерін баяндап, жыр алыбы Жамбыл атамызға хат жазып жібереді. Хат соңында: 

Жеңіске бастап жүрді сан, 

Толып жатыр осындай, 

Өзіңнің шешен тіліңнен, 

Бұлбұлдай тəтті үніңнен, 

Ұлдарыңды кемеңгер 

Əлемге  айқын  жырлай  бер!  –  деп,  қазақтан  шықққан  батыр  ұлдарының  ерлік 

істеріне сүйсінерлік ой салып, қарт ақынның жүрегіне жол табады. Жыр алыбы Жəкең 

«Жүз жасаған жүректен» деген атпен 20 шумақ өлеңмен жауап жолдаған:  

Уа, қарағым, балалар! 

Ер бол демей не дейін. 

Жауды жеңіп күлімдеп, 

Келгеніңді көрейін! 

ҚаҺарманым, күнім деп, 

Беттеріңнен өбейін! –  деп бригада жауынгерлеріне батасын берген. 

Жамбыл  ақынның  тілегі  қабыл  болып,  Ұлы  Отан  соғысы  жеңіспен  аяқталады. 

«Мен  соғыс  біткеннен  кейін  Жəкеңе  барып,  ол  кісінің  бата  бұйрығын  ойдағыдай 

орындағанымызды  айтып,  сəлем-рапорт  беремін  деп  жүруші  едім.  Бірақ  ол  ойым 

орындалмады. Өйткені, Жəкең Жеңісті өз көзімен көргеннен 44 күн кейін, жүзге жетуге 

жеті  ай  ғана  қалғанда,  Ұлы  Отан  соғысының  басынан  аяғына  дейін  жауынгерлерге 

жігер  беріп,  Кеңес  халқын  Жеңіске  жетектеген  ұлы  жүрек  соғуын  тоқтатыпты.  ... 

Жəкеңді  көре  алмағаныма,  қолымды  шекеме  көтеріп,  поэзия  маршалына  рапорт  бере 

алмағаныма қатты өкіндім» [4]. 

Ғалым  М.  Көккөзова  Жамбылдың  тағылымдық  идеяларын  педагогика  саласы 

бойынша  зерттеп  зерделеген,  ақын  шығармашылығының  тəрбие  бағыттарына  талдау 

жасаған [5].          



 

 

319 



Əзілхан  Нұршайықовтың  тəлім-тəрбиелік  идеяларға  толы  шығармаларды  өмірге 

əкелер  жазушы  болып  қалыптасуының  үлкен  кезеңі  –  журналистік  кезең  (1947-1978 



жж).  Оған  журналистік  өте  бала  күнінен  машықтанған,  бейімделген  мамандық  десе 

болғандай.  Ал,  майданда  қаламы  одан  əрі  шыңдалып,  100-қазақ  атқыштар 

бригадасында  қазақ  тілінде  шығатын  əскери  газетте  елуден  аса  патриоттық  өлеңдері, 

біршама  мақалалары  басылған,  сондай-ақ  республикалық  бірнеше  газет,  Семей 

облыстық газеті арқылы республика көлеміне кеңінен танылған еді. Облыстық газеттің 

сол  кездегі  редакторы  Сағат  Жұмағазиев  ара-тұра  майданға  хат  жазып,    Əзілханға  əр 

түрлі  тапсырмалар  беріп  тұрған  жəне  ол  қиын  жағдайға  қарамастан  мүлтіксіз 

орындалған. 

Əзілхан Нұршайықовтың ресми журналистік қызметі 1947 жылдан басталады. Ол 

оқып  жүрген  оқуынан  жарты  жылға  академиялық  демалыс  сұрап  алып,  еліне  барып 

сүйген  қызымен  бас  қосып,  6  жылдай  қаңырап  бос  тұрған  үйінің  шаңырағын  түтетті. 

Өзі  уақытша  облыстық  «Екпінді»  газетінің  төрт  аудан  бойынша  арнаулы  тілшісі 

қызметін  атқарады.  Кейіннен  оқуын  жалғастырған  кезде  де  республикалық  бас  газет 

«Социалистік  Қазақстан»  газетінде  қызмет  жасайды.  Оқуын  бітірген  соң,  1949  жылы 

Ғылым  академиясының  «Тіл  білімі  мен  əдебиет»  ғылыми-зерттеу  институтына 

жолдама  берілгенімен,  алғашында  «Пионер»  журналына,  артынша  өзіне  таныс 

«Социалистік  Қазақстан»  газетіне  орналасады.  Жас  журналист  ұзақ  уақыт 

журналистика  жанрларымен:  бас  мақала,  сын  мақала,  очерк,  рецензия  жазумен 

шығармашылығын шыңдады.  

Ол оқу бітіргеннен кейін 1949 жылдан бастап ресми түрде журналистік қызметті 

атқарып  жүріп,  1957  жылы  аяқ  астынан  Қазақстан  Жазушылар  одағына  өткендігін 

естиді.  Жазушылар  басқармасының  сол  кездегі  төрағасы  Ғабит  Мүсіреповтың  оның 

бірнеше  очерктерін  оқып,  көңіліне  ұнағандықтан,  ұсыныс  жасауы  арқылы,  Мұқан 

Иманжанов,  Мұзафар  Əлімбаев,  Серік  Қирабаевтардың  кепілдеме  беруімен  1957 

жылдың аяғында Одақ мүшелікке қабылдайды. Əзілхан Нұршайықов үшін бұл кезең – 

журналистік шыңдалу кезеңі болатын. Кейін жазушылық қызметке, шығармашылыққа 

бет бұрғанымен, ардагер журналист ретінде күні бүгінге дейін газет беттеріне үн қосып 

отырған. Соның бірі 2008 жылғы «Егемен Қазақстан» газетінің мерейтойлық нөмірінде 

«... Міне,  бүгін «Егемен Қазақстан» 25 мыңыншы нөмірі жарыққа шығады. Бұл нөмірге 

де  автор  ретінде,  осы  мақаламен  атсалысып  отырғаныма  жəне  қуаныштымын.  Мен 

тəуелсіз республикамның бас газеті мəңгі өмір сүріп, қазақ халқын үнемі қуанта берсін 

деп тілеймін» деген ақпараттың ағартушылық маңызын түсінген идеясын ақсақалдық, 

журналистік ұстанымды айғақтайды [6].   

Əзілхан  Нұршайықов  университеттің  филология  факультетін  бітірсе  де 

журналистік жолды қалады. Негізгі алған білімі бойынша жұмыс істегенде ол мұғалім 

болар еді. Педагогикалық училищеде алған білімі бар жəне қазақ тілі мен əдебиет пəні 

бойынша алған университет білімімен  Əзілхан  Нұршайықовтан  өте  жоғары  дəрежелі  

педагог-маман шығады деген болжам жасауға негіз бар.  

Əзілхан  Нұршайықовтың  шығармашылығы  толысып,  оқырмандарын  тапқан, 

айтар  ойы  мен  жазатын  тақырыптары  айқындалған,  кемелденген  жазушылық  кезеңі 



(1979 ж). Əзілхан Нұршайықовтың жазушылық əлеуеті жəне оның шығармаларындағы 

көркемдік ерекшеліктер туралы М. Дүйсенов, Т. Кəкішев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, М. 

Əлімбаев,  Р.  Тұрысбек,  т.б.  белгілі  əдебиеттанушы  ғалымдар  мен  көптеген 

замандастары мақалалар жазды, пікірлерін білдірді.  

Ə.  Нұршайықовтың  жазушылық  кеңістігіндегі  қамтыған  тақырыптары  адамзат 

үшін  əрқашан  өзекті  мəселе:  достық,  махаббат,  адамгершілік,  тазалық  пен  адалдық 

төңірегінде болды. Сонымен қатар, Ұлы Отан Соғысына қатысқан бұрынғы жауынгер,  

қазіргі ардагер Отанды сүю, ерлік пен батырлықты үлгі ету мəселесін де басты қағида 

еткен.  Сондай-ақ,  еңбек  адамдарының  ауыр  тірлік  жолындағы  жан  аямас  ерлігі  мен 


 

 

320 



өзіне қойған қатаң талабын – еңбекқорлығын да өз очерктерінде оқырмандарына шебер 

де сенімді жеткізе білді. 

Соғыстан  соң  тұрмыс  тауқыметін  тарта,  жер  мен  жұзге  бөлінген  күншіл  топтың 

қызғаншақ  қызыл  итіне  талана  жүріп,  ол  ол  ма,  жазықсыз  жазаланып,  жаламен 

қызметтен  қуылып,  аш-жалаңаш  отырып  та  қаламын  бір  суытпаған  жазушыны 

қиындықты жеңген ер демей, кім дейміз?! Қажымас қайрат пен қайтпас қайраткерліктің 

құпиясы  қайсы,  сыры  неде?  Бұған  жауапты  жазушының  жүз  отызыншы  күнделігінен 

табасыз: «Газет-журнал күйелеп, жатсадағы жасыма. Жаныңдағы жараңды қан шығара 

қасыма.  Бүгін  бұлтты  болғанымен,  ертеңі  күн  ашылар.  Дауыл,  боран  сұрапыл 

уақытыңда  басылар.  Бүгін  түнек  болғанымен,  ертең  нұрлы  күн  шығар.  Кеше  көрген 

қорлықтың бəрі тегіс тұншығар. Сол газеттер өзіңді қайта мақтар кез келер, кеше саған 

жау болған бүгін мүлде өзгерер» [7, 7-8 бб.]. 

Ол  журналистік  мамандығымен  қатар,  жазушылық  қызметті  қатар  атқарды. 

Мұның  əрине,  өз  қиындығы  бар.  Ол  жөніндегі  жазушының    «Мен  журналист  – 

жазушымын.  Өмір  бойы  кеңседе  қызмет  істеп  келемін.  Профессионал  жазушылардың 

журналист – жазушылардан артықшылығы олар кеңседе істемейді, үйлерінде жатады, 

тек  қана  творчествомен  шұғылданады.  Ондай  мүмкіншілігім  болмағандықтан,  мен 

кесек  көркем  шығармаларымды  тек  қана  жыл  сайынғы  кезекті  демалысымды  алғанда 

жазатынмын.  Осылай  етіп  мен  бір  жылғы  демалысымда  «Махаббат  жыры»  деген 

алғашқы  повесімді  аяқтадым.  Одан  кейінгі  екі  демалысым  «Ботакөз»,  «Əсем»  деген 

шағын повестерге жұмсалды... » [2]  деген болатын. 

Əзілхан  Нұршайықовтың  жазушылық  кеңістігіндегі  қамтыған  тақырыптары 

адамзат  үшін  əрқашан  өзекті  мəселе:  достық,  махаббат,  адамгершілік,  тазалық  пен 

төңірегінде болды. Сонымен қатар, Ұлы Отан Соғысына қатысқан бұрынғы жауынгер, 

қазіргі  ардагер  Отанды  сүю,  ерлік  пен  батырлықты  үлгі  ету  мəселесін  басты  қағида 

тұтты.  


Оның  қаламгер  ретінде  халқына  қалдырған  көлемді  туындыларының  бірегейі 

саналатын еңбектері: «Махаббат жыры»; «Махаббат, қызық мол жылдар»; «Ақиқат пен 

аңыз»;  «Автопортрет»;  «Өмір  өрнектері»;  «Қаламгер  жəне  оның  достары»;  «Халима»; 

«Боздақтар»;  «Мəңгілік  махаббат  жыры»;  Балаларға  арналған  «Батырдың  өмірі», 

«Алтын соқпақ» жəне т.б. 

Жазушының өмірінің екінші кезеңінен (1945 ж.) соң, соғыстан қайтып келе жатып 

еліне  бармай,  аға-бауырдың  жоқтығынан  болатын.  Ол  өмірде  мүлдем  жалғыз,  əке-

шеше,  аға-бауыры  жоқ  еді.  Бұл  жағдай  студенттік  өмірін  одан  сайын  қиындата  түсті. 

Бірақ  соғыстан  келген  азаматты  бірге  оқитын  қыздар  өз  қамқорлығына  алып 

көмектесті. Сол қыздарға деген қарызымды қайтару мақсатында осы «Махаббат, қызық 

мол  жылдар»  романы  туды  дейді.  1970  жылы  жарық  көрген  романның  жалпы 

оқырманға қабылдануы ерекше құбылыс еді. Жазушы «Махаббат, қызық мол жылдар» 

атты  романы  үшін  елдің  əр  аймағындағы  оқырмандарынан  мыңнан  астам  хат  алады. 

Хаттың  бəрі  дерлік  романды  сүйіп  оқығандығы  туралы  жəне  оның  осы  заманның 

жастарына  берер  тəрбиелік  мəнінің  мол  екендігін  тілге  тиек  еткен.  Бұл  романның 

алғашқы  басылымындағы  тиражы  52400  дана  болып  жарыққа  шықты.  Шындығында, 

«Махаббат, қызық мол жылдар» романының шыққанына 40 жыл уақыт өтсе де, өзінің 

тəрбиелік мəнін жойған жоқ.  

Əзілхан  Нұршайықовтың  жазушылық  шығармашылығындағы  тағы  бір 

кульминация  –  Бауыржан  Момышұлының  сұхбаттардан  тұратын  «Ақиқат  пен  аңыз» 

атты  роман-диалогия.  Бұл  əдебиетке  жаңа  ұрпақтың  тəрбиесіне  лайықты  еткен 

шығарма болды. Ұлы Отан соғысының даңты қаһарман, гвардия полковнигі  Бауыржан 

Момышұлының  азаматтық,  ерлік  тұлғасын  мүсіндеуге  арналып,  Баукеңнің  балалық 

шағы  мен  өскен  ортасы,  кеңестік  əскери  мектептегі  шыңдалуы  кезеңдерін,  ел  басына 

күн  туған  зұлматты  жылдырдығы  қолбасшылық  жасаудағы  қайталанбас  мүмкіндігін 



 

 

321 



шынайы  сипаттап,  көркемдігін  шеберлігпен  үйлестіре  білді.  «Жазушылық  –  ең  ауыр 

жұмыс.  Жазушы  –  үздіксіз  ойдың  ерікті  тұтқаны»  [8]  деген  пікірі  жазушының  өзінің 

ішкі əлеміне берген өзіндік бағасы. 

Тəлімгер – жазушы өз заманының саяси-əлеуметтік мəселелеріне де салауатты үн 

қосудан  қалыс  қалмады.  Өзінің  шығармашылығындағы  тəлім-тəрбиелік  идеяларды 

заманның  тарихи-саяси,  идеологиялық  ықпалдарымен  ғана  тудырмады,  оған  өмірлік 

тəжірибесін,  халқының  тəлімі  мен  мəдениетін  арқау  етіп,  адамзатқа  мəңгілік 

тақырыптарды шығармашылық нысанына айналдырды.  

 

 

 



Əдебиет: 

1.  Нұршайықов  Ə.  Автопортрет.  (Əдеби  портреттер,  естеліктер,  əскери  жазбалар),  Алматы, 

«Жалын», 1977, –200 б. 

2.  Нұршайықов Ə. Боздақтар. –Алматы: «Санат», 2005. –272 б.  

3.  Нұршайықов Ə. Мəңгі жаса, елімнің  Егемені! // «Егемен Қазақстан» газеті. 2008. 01.30. 

4.  Нұршайықов Ə. Мен журналистпін. –Алматы: Қазақстан, 1977. –168 б. 

5.  Нұршайықов Ə. Өмір өрнектері. Əдеби күнделік. – Алматы: Жазушы, 1987. – 448 б.  

6.  Нұршайықов  Ə.  Таңдамалы  шығармаларының  он  томдығы. –Алматы: «Қазығұрт»  баспасы,  

2005. Т.5. – 552  б. 

7.  Жұматаева  Е.  Қазақстан  майдангер  жазушыларының  шығармалары  арқылы  оқушыларға 

патриоттық тəрбие беру. п.ғ.к. ...авторефараттары. – Алматы, 1995. –28 б. 

8.  Нұршайықов  Ə.  Қаламгер  жəне  оның  достары. – Алматы:  Өлке, 2000. –440  б.  

9.  Нұршайықов Ə. Махаббат, қызық мол жылдар, - Алматы: Атамұра, 2002. – 320 б.  

10.  Нұртазин Т. Жас ұрпаққа үлгі болар туынды. «Қазақстан мұғалімі». 1972, 15 маусым. 

11.  Нұршайықов Ə. Тəуелсіздік тамсандырар таңдайды // «Егемен Қазақстан» газеті. №82 /22686/ 

25 сəуір, сəрсенбі, 2001. 

 

 

 



ƏӨЖ.37.015.3қ 52. 

 

ƏДЕБИЕТ - РУХАНИ ҚАЗЫНАНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ 

 

Төлеушова Ж.Е. 

(Тараз мемлекеттік  педагогикалық институты) 

 

 

 

Əдебиет  –  өнер  атаулының  іргелі  де,  өнегелі  салаларының  бірі.  Сөз  өнерінің 

құдіреттілігін түсіне білгенге əдебиет тек қана өнер емес, сонымен қатар өмірдің мəні. 

Қазақ əдебиетінің қалыптасып, дамуы кезеңдерінде жарық көрген туындылар халықтың 

басынан кешкен өмірінің ащы шындығын, қайталанбас кездерін суреттеуді, мазмұн мен 

пішін  жүйесін  қамтып  бейнелеуді  жүзеге  асырылып  келеді.  Қазақстан  Республикасы 

тəуелсіздігі  жарияланып,  азат,  егемен  ел  болып  өмір  сүре  бастағаннан  бері 

халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасы  тың серпіліспен толыға түсті. 

Өткен  дəуірдің  тоқсаныншы  жылдарынан  бері  қарай  көркем  əдебиет    жаңарып, 

жаңа  арнамен  дамыды.  Халық  басынан  өткен  тарихи  кезеңдер,  тұлғалар  уақыт 

шындығының  мол  деректерімен  қаныға  отырып,  оқырман  назарына  өзгеше  қырымен 

таныла  бастады.  Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  тарихындағы  соңғы  жиырма  жыл 

ауқымында тарихи роман проблемасы əр қырынан зерттеліп, жеке арна тарта бастады. 

Көптеген ғылыми мақалалар, əдебиеттер жазылып, жарық көре бастады. Халқымыздың 



өткен тарихына бойлау арқылы біз болашақ ұрпаққа үлкен жаңа жол сілтейміз.   




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал