ӘӨЖ. 372 Салихова Г.Қ. Асилбаева А. П



жүктеу 52.99 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі52.99 Kb.

41 

ӘӨЖ.372 

Салихова Г.Қ.  

 Асилбаева А.П. 

 Шоханов Д. 

«Сырдария» университеті,  

Жетісай қаласы, Қазақстан. 

 

МЕКТЕПТЕ САБАҚ КЕСТЕСІН ҚҰРУ КҮРДЕЛІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ 

ТИІМДІЛЕУ МӘСЕЛЕСІ 

Аннотация.  Бұл  жұмыста  мектеп  сабақ  кестесінің  оқыту  процессіне  және 

бала денсаулығына әсері, сабақ кестесін тиімді құру мәселесі қарастырылған 

Оқушылардың  өміріндегі  көп  мезгілдердің  бірін  өткізетін,  ол  орта  мектеп. 

Оқушы  бойында  ағзасының  өсуі  мен  дамуы,  биологиялық  және  әлеуметтік  жетілуі 

байқалып,  өмірге  деген  көзқарасы,  шығармашылық  және  жемісті  іс-әрекеттерге 

дайындығы  қалыптасады.  Мектепте  оқушылардың  салауатты  өмір  сүру  дағдысын 

ұйымдастыруда  мектептегі  сабақ  кестесінің  дұрыс  құрылуының  әсері  мол. 

Оқушылардың  қызмет  қабілетінің  дұрыс  болуы,  негізінен,  гигиеналық  тұрғыдан 

дұрыс  жасалған  сабақ  кестесіне  байланысты  болады.  Бірақ,  сабақ  кестесін 

құрастыруда  негізге  алынатын  мектептегі  пәндердің  қиындық  дәрежесі,  оларды 

өзгерте  салуға  немесе  қатал  регламент  жасауға  келе  бермейтін,  көптеген  нақты 

факторларға байланысты болып келетіндіктен сабақ кестесін дұрыс жасау оңай емес. 

Осы процессті программа көмегімен оңайлату тиімді болары сөзсіз.  

Соңғы  онжылдықтарда  сабақ  кестесін  құру  мәселесімен  байланысты  көптеген 

ғылыми  жұмыстар  орындалды.  Бұл  осы  мәселеге  назар  аударып  жатқан  

ізденушілердің көбейгендігін білдіреді. Бұған себептердің бірі есептеу техникасының 

жыл  санап  дамып,  мүмкіндігінің  артып  келе  жатқандығы.  Алайда  осы  кезге  дейін 

сабақ  кестесін  адамның  қатысынсыз  барлық  шарттарды  ескеріп,  автоматты  түрде 

құрып  беретін  жалпыға  ортақ  бағдарлама  тәжрибеде  орын  алған  жоқ.  Автоматты 

түрде 

құрады 


делінген 

бағдарламалардың 

нәтижесі 

толық 


шарттарды 

қанағаттандырмайды, оны қайта өңдеп шығуға тура келеді. Сондықтан да ұзақ мезгіл 

бойы  және  кең  таралып  қолданылып  келе  жатқан  бағдарламалар  жоқ.  Бұл  сабақ 

кестесін  құру  мәселесінің  көп  критерийлігімен  байланысты,  мәселе  NP-қиындықты 

мәселелер  тобына  кіреді[1].    Сонымен  сабақ  кестесіне  қойылатын  талап-шарттар, 

ұсыныстарды қарастыралық.  

1)  Мектеп  бітірушілер   мен  бірінші  сынып  оқушыларының   оқу  жұмысы 

қиындығын  есептей  отырып,  жас  ерекшеліктерін  аңғарып,  сыныптарды  ауысым 

бойынша дұрыс бөлу

2) Күн тәртібі бойынша, оқу апталығының ішінде, барлық оқу жылы  бойынша, 

оқушылардың, мұғалімдердің  еңбек  қабілеттілігінің биік деңгейін сақтау; 

3)  Сабақ  кестесін  жасағанда  есте  сақтау  керек:  аптаның  ең  жемісті  күндері 

сейсенбі,  сәрсенбі,  бейсенбі,  сондықтан  ең  қиын  сабақтар  мен  алтыншы  /жетінші/ 

сабақтарды  қоюға  болады.  Осы  күндері  бақылау  жұмыстар  да  өткізіледі.  Аптаның 



42 

соңғы күндерінде, оқушылардың еңбек кабілеттілегі төмендеген кезде, сабақ кестеге 

жеңіл сабақтары қойылады

4)  Қиын  пәндерді  сабақ  кесте  бойынша  бірінші  және  соңғы  сабақ  ретінде 

қоймауға тырысу керек: ең жемісті сабақтар – екінші,  үшінші, төртінші; 

5) Үй тапсырмасы көлемді, көп дайындық пен уақытты талап ететін сабақтарды 

/әдебиеттегі  шығарма  жазу,  тарих  құжаттарын  игеру,  көркем  әдебиет  мәтіндерін  / 

аптаның  әр  күндеріне  бөлу  қажеттілігі  туады.  Аптаның  соңғы  күндеріне  2-3  сағат 

бөлінген  пәндерді/  география,  химия,  биология,  т.б./  қою  оқушы  денсаулығына  көп 

әсер етуіне байланысты олардың арасы  2-3 күн болу керек. Дүйсенбі күні  кестеге 2 

сағаттан  оқылатын  сабақтар  мен  жеңіл  сабақтарды  аралыстыру  керек/  музыка,  дене 

шынықтыру, сурет, еңбек/ екендігі ескерілген жөн[2]; 

6) Бір мұғалімнің пәндері бір сыныпқа 2-3 реттен артық қойылмауы керек

7)

 



 Бір  уақытта  бір  мұғалімнің  пәні  2  рет  қойылмауы  керек,  яғни  параллель 

болып қалмауы керек

8)

 

Аудиториялар параллель қойылмауы керек



9)

 

Сабақтар қатарының үздіксіздігі, яғни «бос терезенің» болмауы; 



10)

 

Қосымша жұмыс істейтін мұғалімдердің сабағын белгілі күндерге жиып беру 



мүмкіндігі; 

11)


 

Мұғалімдер  жеке  сабақ  кестесі  мүмкіндігінше  «бос  терезелерсіз»  болуын 

қамтамасыз ету. 

 

Жоғарыдағы шарттардың 7-9-ы бірінші кезекте орындалуы міндетті. Ал, қалған 



шарттар  неғұрлым  толық  қамтылған  сайын  мектептегі  оқу  процессінің  тиімділігі 

жоғарылайтыны сөзсіз. 

Сабақ құру процессін автоматтандырудың төмендегі  алгоритмін ұсынамыз. 

Кірісі:  Пәндер  тізімі  және  оның  күрделілік  деңгейі  (салыстырмалы  түрде 

баллмен  белгіленген,  оны  «пән  салмағы»  деп  атайтын  боламыз),  мұғалімдер  тізімі, 

пән және сыныпқа бөлінген аудиториялар тізімі, сыныптар. Пәндер кестесінде әрбір 

пәннің  «пән  салмағы»-мен  қатар    сабақ  кестесіндегі  әрбір  ұяшық  баған  третінде 

берілген. Бұл ұяшықтарға осы пәнді осы орынға қоюға болмаса ғана белгі қойылады 

(сурет 1). Осы кесте арқылы мысалы қиын сабақтарды бірінші және соңғы сабақтарға 

қоймау, т.с.с. шарттарды орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие боламыз. 

  

Сурет 1. Пандер кестесі 



Мұғалімдер кестесінде де осындай бағандар бар. Мұнда мұғалімнің сабақ 

кестесін қойылған сабақтары тіркеліп отырады және сабақ қоюға болмайтын 



43 

уақыттарына (күндеріне), мысалы қосымша істейтін мұғалімдердің сабақтарын 

белгілі бір күндерге жиып беру үшін, белгі қойылады (сурет 1). 

 

Сурет 2. Мұғалімдер кестесі 



Шығысы: Сабақ кестесі, дәлірегі болатын күні мен уақыты қойылған және сабақ 

кестесіндегі орын номері тіркелген пәндер кестесі. 

Сабақ кестесін түзіп шығу алгоритмі. Сабақ кестесі әрбір класс үшін жеке-жеке 

құрылады (немесе мұны да автоматтандыруға болады) 

1.

 

Пәндер  кестесінен  таңдалған  класс  үшін    сабақ  кестесіне  қойылмаған  пәндер 



тізімі  іріктеледі.  Бұл    сабақтар  кестесі  арқылы  орындалады(сурет  3).  Іріктелген  бұл 

кестені 1-кесте деп атайық. Сабақ кестесіне қойылған пәндер үшін кестеде Kun, Sagat, 

Keste_Nomer өрістері толтырылған болады. Keste_Nomer өрісі сабақ кестесіндегі пән 

қойылған орын номерін білдіреді.   

 

Сурет 3. Сабақтар кестесі 



2.

 

Сабақ  кестесінің  сабақ  қою  үшін  алғашқы  орны  таңдалады  (егер  сабақ  құру 



процессі  басталып,  қазір  жалғастырылып  жатқан  болса  онда  ағымдағы  ұяшық). 

Таңдалған  орынға  бұрынырақ  пән  қойылмағандығы  сабақтар  кестесіндегі 

Keste_Nomer  өрісі  арқылы  қосымша    тексеріледі,  өйткені  қолмен  сабақтарды  қою 

режимі де бар. Осы режим арқылы сабақ қойылмағандығын тексеріп алу қажет. Егер 

Keste_Nomer  өрісі  орын  номері  бойынша  іріктеу  нәтижесінде  ешқандай  жазба 

шықпаса онда бұл орынның бос болғаны және енді осы орынға қоюға болатын пәндер 



44 

іріктеледі. Айталық 8б сыныбы үшін сабақ кестесін құрамыз. Онда тек 8б сыныбына 

тиісті  пәндерді  соның  ішінде  дүйсенбі  күнгі  бірінші  сабаққа  қоюға  болатын  пәндер 

тізімін іріктеп  аламыз. Іріктеу пәндер  кестесі бойынша  жүргізіледі.  Мұндағы k1, k2, 

k3 …k36 өрістері сабақ кестесіндегі орындар номерлеріне сәйкес келеді. 

3.

 



Сабақ  кестесінің  таңдалған  орны  үшін  мұғалімдер  кестесі  бойынша  қоюға 

болатын  мұғалімдер  тізімін  іріктейміз.  Мысалы  дүйсенбі  күнгі  бірінші  сабаққа 

паралелль  болып  қалмайтын  мұғалімдер(егер  басқа  сыныптар  үшін  сабақ  кестесі 

құрылған  болса)  немесе  осы  уақытта  сабаққа  келу  мүмкіндігі  бар  мұғалімдер 

(қосымша істейтіндер үшін) іріктелінеді. Бұл мұғалімдер кестесі арқылы орындалады. 

Сонымен бірге қосымша мына жағдай тексеріледі. Әдетте әр сыныпқа өз аудиториясы 

бекітіледі.  Ал  информатика,  еңбек,  дене  шынықтыру  және  химия  сияқты  арнайы 

жабдықталған сыныптарды талап ететін пәндер үшін аудиторияның параллель болып 

қалмауын  қадағалау  керек.  Бұл  үшін  ортақ  аудиториялар  кестесінен  пайдаланамыз. 

Кестенің көрінісі мұғалімдер кестесімен бірдей. Қойылған сабақтар сәйкес аудитория 

үшін  тіркеліп  отырады.  Аудиториялар  кестесінен  таңдалған  орын  үшін  бос 

аудиториялар сәйкесінше осы аудиторияда өтілетін пәндер іріктеледі. 

4.

 

Сонымен сабақтар кестесінде таңдалған орынға қоюға болатын сабақтар тізімі 



ғана  қалды.  Мұғалімдер,  аудиториялар  және  пәндер  кестесі  сабақтар  кестесімен 

байланысты  болғандықтан  сабақтар  кестесінен  қоюға  болмайтын  мұғалімдер  мен 

пәндер  тізімі  шығарып  тасталады  (яғни,  солардан  басқалары  іріктеледі). 

Қалғандарының  ішінен  ортақ  аудиторияларға  қойылатындары    бірінші  кезекте 

таңдалып,  Сабақ  кестесіне  таңдалған  орынға  қойылады  және  бұл  сабақтар  кестесіне 

тіркеледі. 

5.

 

Сабақ  кестесіндегі  екінші  орынға  ауысамыз(дүйсенбі,  2-ші  сабақ).  1-қадамнан 



бастап  қайта  орындаймыз.  Айталық  осы  екінші  орын  үшін  сабақтар  кестесінен 

ешқандай қоюға болатын жазба табылмады. Аптаның соңғы күндеріне қарай осындай 

жағдай орын алуы мүмкін. Онда мына 3 түрлі амал кезегімен орындалады:  

5.1. осы орынға пәндер кестесінде қоюға рұқсат етілмегендер де (яғни күрделі не 

оңай  пәндер)  қосылып  қайта  іріктеледі.  Қоюға  болатын  жазба  пайда  болса  ол  сабақ 

кестесіне қойылады. Егер олай болмаса онда келесі қадам орындалады.  

5.2.  Параллель  аудиториялар  да  қосылып  қайта  іріктеледі.  Жазба  пайда  болса 

онда  осы  жазба  үшін  бөлінген  аудитория  қай  сынып  тарапынан  иеленілгені 

айқындалады, әйтпесе келесі қадам орындалады. Мысалы 8б сыныбының сенбі күнгі 

2сабағына  қойылатын  пәндер  тізімі  шықпады.  Иеленіп  қойылған  аудиторияларды 

қосып қайта іріктегенімізде (іріктеу шарттарынан аудиторияға қойылған шартты жай 

ғана  алып  тастаймыз)  8а,  7б...т.с.с  сыныптар  иелеген  аудиторияға  сәйкес  келетін 

пәндер шықты. Біріншісін алынады, мысалы ол информатика сабағы,  осы жазба үшін 

жаңа  орын  берілгендері  енгізіледі,  яғни  аудитория  8б  сыныбына  беріледі.  Ал  8а 

сыныбының  сол  күнгі  барлық  сабақтарын  сабақ  кестесінен  алып  тасталынады  және 

қайтадан  қойып  шығылады. Егер сәтсіздік орын  алса  алғашқы  мәндер қайта орнына 

қойылады, яғни бастапқы қалпына келтіріп қойылады да келесі қадамға  көшеміз. 

5.3.  Параллель  мұғалімдер  тізімге  қосылып  қайта  іріктеледі  және  5.2  қадамына 

сәйкес әрекеттер орындалады. 

Бұл алгоритм жоғарыда аталып өтілген негізгі орындалуы 1-кезекте міндетті 7-9 

шарттарының  орындалуын  толық  қамтамасыз  етеді:  сабақтар  бір  күн  үшін  үзіліссіз 

қойылады, мұғалімдер мен аудиториялар параллель қойылуы мүмкін емес. Ал 3,4,10 



45 

шарттарының  орындалуына  жағдай  жасалады.  Құрылған  алгоритмді  сабақ  кестесін 

құру  процессін  автоматтандыру  үшін  ғана  емес  жалпы  сабақ  кестесін  құруда 

тәжрибесі жоқ мамандар үшін де пайдалы болады деп ойлаймын. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Пиликов.Н.П.Проблема  полной  автоматизации  при  составлении  школьного 

расписания. –www.mnogosmenka.ru/pilikov/school.htm 

2.

 

Сейілханова  А.С.  Оқу  процесін   ұйымдастыру  барысында  сабақ  кестесі  мен 



үзілістердің  оқушы денсаулығына әсері.- http://sabaq.kz 

 

 



УДК: 371.8.061 

 

Баялиева Д.А. 

 доцент. 

 Кыргызский государственный технический   

университет  им. И.Раззакова

 

 

ДЕЛОВОЕ ОБЩЕНИЕ – ОСНОВА ПЕРЕГОВОРНОГО ПРОЦЕССА 

  В  статье  рассматриваются    навыки  делового  общения,  содержащие 



основные 

принципы  ведения   переговоров, этические нормы межличностного общения, умение 

слушать партнера и умения разрешать конфликтные ситуации. 

Ключевые  слова:  навыки,  деловое  общение,  компетенция,  переговоры,    этика, 

норма, конфликтная ситуация, умение слушать. 

 

ИШКЕРДИК БААРЛАШУНУ –СҮЙЛӨШҮҮНУН  НЕГИЗГИ ПРОЦЕССИ 

И.Раззаков атандагы Кыргыз мамлекеттик  техникалык университетинин    

доценти Баялиева Д.А., 720044,  Кыргызстан,  

Мир коч.66, e-mail: 

baydinara@mail.ru

  

0777100107

 

  Макалада  суйлошуулорду  жургузунун  принциптерин  камтыган  иштиктуу 

пикир алышуунун ыкмалары  жана анын этикалык  нормалары  о.э. оноктошту  кунт 

коюп уга билуу менен конфликтик жагдайларды чече билуу каралат.  

Негизги  создор:  ыкмалары,  иштиктуу  баарлашу,  компетенция,  суйлошуу, 

этика, норма, уга билуу, конфликтик жагдайлары, 

   

BUSINESS COMMUNICATION IS THE BASIS OF THE NEGOTIATING 

PROCESS 

Bayalieva DA, Senior Lecturer, Kyrgyz State Technical University I.Razzakova, 

Kyrgyzstan, 720044, Bishkek, Mira str.66, e-mail: 

Baydinara@mail.ru

 

0777100107

 

  In  the  article  the  business  communication  skills,  containing  the  basic  principles  of 

negotiation,  ethics  norms    of  interpersonal  communication,  ability    to  listen  to  the  partner 

and  ability to solve conflict situations. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал