Әож 371 (072) кбж 74. 202. 5я. 72 С 95 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 20.24 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі20.24 Kb.

1

Мұғалімге көмек

В помощь учителю

Help for the teacher



2

ӘОЖ 371 (072)

КБЖ 74.202.5я.72

С 95

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының

Әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды



С 95 Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыратын стратегиялар. 

// 


Құраст.: Н.Ж. 

Муратбаева, Ұ.Б. Темиргалиева, А.Е. Кенжебаев. – Астана: «Назарбаев Зият-

керлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 34 б.

ISBN  978-601-778-12-8

Мұғалімге арналған тәжірибелік көмекші құралға енген сындарлы әңгімені ын-

таландырудың стратегиялары сабақ кезеңдерінің мақсаттарына,  оқушылардың жас 

және жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес жүйеленді.

Бұл әдістемелік нұсқаулық әрбір оқушысының ең жақсы қырларын ашуға бар-

лық күштерін салып жүрген ұстаздарға арналады.



ӘОЖ 371 (072)

КБЖ 74.202.5я.72

ISBN  978-601-778-12-8

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015


3

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ............................................................................................................................ 4

Сабақтың шақыру (challenge) кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар ............ 6

Сабақтың негізгі бөлімінде қолданылатын стратегиялар ......................................... 18

Сабақтың қорытынды бөлімінде қолданылатын стратегиялар ................................ 28

Қорытынды .................................................................................................................... 31

Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................................................... 32


4

КІРІСПЕ

Кітапшаның мақсаттары

Бұл кітапша мектеп мұғалімдеріне, жоғарғы оқу орындары мұғалімдеріне, тре-

нерлерге арналған жаттығулар жинағы.

Басты мақсаттары:

• Әртүрлі  оқыту  мәнмәтіндерінде  және  жағдайларында  креативті  және

икемдей отырып қолдануға жеңіл тәжірибелік идеялар ресурсын ұсыну.

• Орта  мектеп  мұғалімдеріне,  жоғарғы  оқу  орындары  мұғалімдеріне  және

деңгейлік  бағдарлама  тренерлеріне  осы  активитилерді  өз  сыныптарында

«тиімді іске асатын» жеке зерттеулеріне және ізденістеріне трамплин ретінде

қолдануға ынталандыру арқылы олардың кәсіби дамуларын қолдау.

Неліктен оқыту мен оқуда әңгімелесу маңызды болып отыр? 

Жеке  тәжірибелер  көрсетіп  отырғандай,  қазіргі  кезде  кез  келген  мұғалім  өз 

пәніне оқушыларды қызықтырып, үдеріске барлық оқушыларды тартудың тиімді 

стратегияларын  қарастыруда  қиналады.  Өйткені,  сабақтың  45  минуты  нақты  ке-

зеңдерге бөлінген, мұғалім әр кезеңді бөлінген уақытқа сай іске асыруы тиіс. Ол 

әрине сабағында оқушылардың басым бөлігін қамтып, сұрап, бағалап үлгеруге ты-

рысады.  Сондықтан  сабақ  үстінде  оқушылардың  барлығының  сөйлеуіне  немесе 

басқа құрдастарымен әңгімелесіп, ой бөлісу, пікір таластырып, өз көзқарастарын 

білдіруіне мүмкіндік берілмейді. Бала табиғатына сай, оқушылар әңгімелескенді, 

пікір таластырғанды  ұнатады. Мұғалімдер өз тәжірибесінде оқушылармен әңгіме-

лесуді қолданса да, көбіне талқылауды өзі басқарып, оқушылардың идеяларын тү-

зетіп немесе толықтырып, дұрыстап айтуды талап етеді. Мұндай әңгімелесуге бар-

лық оқушылардың қатысу мүмкіндігі шектеулі болады. Оқушылар «дұрыс айтпай 

қаламын ба» деген оймен сөйлеуден гөрі, үндемей қалуды жөн көреді.  Мерсер мен 

Ходжкинсонның (2008) зерттеулерінде көрсетілгендей, мұғалім сұхбатты бақылап, 

маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап оты-

ратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөй-

леу дағдыларын да дамытпайды. Әрине, құр сөйлесудің өзі жеткіліксіз. Оқушылар-

дың әңгімесі білім алушылық мақсатта жүргізілуі керек және ол мұғалім тарапынан 

тиісті деңгейде ынталандырылуы қажет.

Бұл тәжірибелік көмекші құралды құрастырудағы мақсатымыз-мұғалімдерге өз 

сабақтарының  әр  кезеңінде  оқушылардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасап,  әң-

гімелесуіне, сол арқылы сабаққа қызғушылығын арттырып, білім деңгейінің өсуіне 

ықпал етудің тиімді жолдарын ұсыну болды. 

Мұғалімге арналған тәжірибелік көмекші құралға енген сындарлы әңгімені ын-

таландырудың стратегиялары сабақ кезеңдерінің мақсаттарына,  оқушылардың жас 

және жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес жүйеленді.


5

Әрбір мұғалім, әрбір сынып және әрбір оқушы ерекше. Бұл оқыту үдерісін тек 

оқушы үшін емес, сіз үшін де бірегей және динамикалық тұрақты тәжірибе етеді. 

Бұл кітапша оқушыларға, оларды өнімді әңгіме жүргізуге және оқушылардың ын-

тымақтастықта ойларымен бөлісуіне оңтайлы оқу жағдайларын туғызу бойынша 

идеялар  ұсынады.  Бірақ,  осының  барлығын  «жемісті  жұмыс  істететін»  ең  басты 

ресурс ол «СІЗ!» 


Теруге 18.03.2015 берілді. Басуға 08.02.2017 қол қойылды. 

Пішімі 84x108/16. Қағаз 80 гр/м

2

. Сандық басылыс. 



Шартты б. т. 3,6. Таралымы 15 дана. Тапсырыс № 144

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 

010000, Астана қ., 31 көшесі, 37А

e-mail: info@cpm.kz






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал