Әож 359-05 болашақ отан қОРҒаушыларды әскери тәртіпті сақтауға дайындаудың педагогикалық шарттары



жүктеу 74.83 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі74.83 Kb.

ӘОЖ  359-05 

 

 БОЛАШАҚ  ОТАН  ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ӘСКЕРИ ТӘРТІПТІ САҚТАУҒА  

ДАЙЫНДАУДЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 

 

Кангалаков М.С., Куракбаева А.Ж. 

Жетысуский государственный университет им.И.Жансугурова, г. Талдыкорган. 

kangalakov@mail.ru 

 

Болашақ    Отан    қорғаушыларды  әскери  тәртіпті  сақтауға    дайындаудың  

педагогикалық  шарттарын  қарастыруда  біз  мектепте  оқушыларды  «Алғашқы  әскери 

дайындық» пән сабақтарында қалайша оқытып тәрбиелейтіндігін зерттедік. 

К.Аманжоловтың,  А.Тасболатовтың,  Д.Майхиевтің,  Б.Аманжолованың  [1]  айтулары 

бойынша,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерін  жетілдірудің,  ұрысқа  дайындығын 

көтерудің  көптеген  факторларының  ішінде  қиын  да  көп  қырлы  құбылыс  –  әскери  тәртіпті 

нығайту бірінші орын алады -дейді. 

Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің жарғылары  жеке құрамды тәрбиелеу мен 

оқыту  негіздеріндегі  әскери  қызмет  заңдарының  жиынтығы  болып  табылады.  Онда  әскери 

қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастары анықталады. 

Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын 

қатаң  және  нақты  түрде    белгілейді,  әскердегі  белгіленген  тәртіптің,  ұйымдастырушылық, 

әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселеріне анық нұсқаулар береді. 

Жарғылар  ережелері  Қазақстан  Республикасы  азаматтары  моральдық  кодексінің 

адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты. 

Заң  тұрғысынан  алғанда,  әскери  жарғылар  –  дара  басшылық  негізінде  әскери  

қызметшілер  қарым-қатынасының  әр  түрлі    жағын,  әскери  тәртіптілік  пен  заңдылықтарды 

реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық  актілердің жиынтығы. Олар әскери өмір 

мен  оның  әрекеттерірінің  сан  түрлі  қырын  реттейді:  әскери  қызметшілерді  оқыту  мен 

тәрбиелеудің    міндеттерін,  нормалары  мен  әдістерін,  әскердің  күнделікті  өмірін 

ұйымдастыру  тәртібін;  ішкі,  гарнизондық,  қарауылдық,  патрульдік,  парк,  лагерлік  және 

басқа  да  ранайы  қызметтердің  күн  тәртібін;  әскерді  орналастыру,  материалдық-тұрмыстық 

және  медициналық  қамтамасыз  етуді;  әскери  қызметшілердің  құқығын,  міндеттері  мен 

тәртіптік  жауапкершілігін;  жауынгерлердің  қызметтегі  және  одан  тыс  уақыттағы  өзара 

қарым-қатынасы 

мен 

мінез-құлқын; 



қатан 

жарғылық 

тәртіпті, 

жоғары 


ұйымдастырушылықты,  әскери  тәртіптілік  пен  ұрысқа  дайындықты  сақтаудың  құқықтық 

жағы мен әдістерін реттейді. 

Әскери  жарғыларда  армия  дамуының  көп  қырлы  тәжірибесі  берген  барлық 

жаңалықтар жинақталады. Оларда қорғаушыларға қойылатын талаптар қысқаша, анық түрде 

мазмұндалады. Қатан жарғылық тәртіп, қызмет пен тұрмыстағы жоғары ұйымдастырушылық 

оқуда жетістіктерге қол жеткізуге, жауынгерлердің тәртіптілігіне ықпал етеді. 

Тәртіп – ол адамның қоғамдағы қалыптасқан белгілі ұстанымы.  

Тәртіпшілік  - ол әскери тәртіптің талабы, оны орындау әскери қызметшіге терең ішкі 

қажеттілік  болып  есептелінеді,  барлық  нормаларды  және  жарғы  қағидаларын  орындауда 

ұстанымды  дағды.  Бұл  әскери  қызметшінің  заң  алдында  жаупакершілікті  болуы,  өзінің  іс-

әрекеттерін  саналы  және  түсінікшілікпен  командирдің  ерлігіне    бағындыру,  өзінің  жеке 

тұлғалық қызығушылықтарын – бөлімнің, корабльдің ұрысқа дайын қызығушылығына. 

Сонымен,  осындай  шешімге  келуге  болады,  «тәртіпшілік»  ұғымы    әскери  қызметте  

әскердің ерекше сапасы ұстанымды және ережелерді сақтау.  

Тәртіптіліктің сыртқы және ішкі көрсеткіштерінің сипаттамасы: 

Тәртіптіліктің сыртқы көрсеткіштерінің сипаттамасы: 

- әскери тәртіпті қаталдықпен сақтау

- командирлермен басшылардың бұйрықтары мен жарлықтарын ұқыпты және ынталы 



орындау; 

-  соғыс  техникасына  және  қаруларға  ұқыпты  қарау,  оқу-әскери  және  қызмет 

міндеттерді шешуде оларды сауатты пайдалану; 

- үлгілі сыртқы түрі.  

Тәртіптіліктің ішкі көрсеткіштерінің сипаттамасы: 

- әскери тәртіптің қажеттілігі мен жөнділігіне сенімді болуы

- жарғылар мен өсиеттерді, әскери қызметтің талаптарын білуі; 

- әскери тәртібіне сай өзін ұстай білуі; 

- тәртіпті мінез-құлығына дағдылары мен әдеті; 

- өзін ұстай білушілігі. 

Оқушының бойында тәртіптілікті сақтауға  үйрену үшін мына мәселелерді есте сақтау 

керек: 


- материалдық сілтеме тағайындау; 

- алдын ала қажетті мәліметтерді беру

- оқушыны психологиялық тұрғыда дайындау: 

а) мұғалімге, пәнге дұрыс көзқарас

б)  пәнге  саналы  қатынасы  және  берілген  білімнің  тәжірибелік  мәні  мен 

мүмкіндіктерін игеру. 

Алғашқы  әскери  дайындық  сабағында  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштері 

туралы  оқыту  –  қиын  да  қызық  жұмыс.  Қазіргі  кезде  алғашқы  әскери  дайындық  пәнің 

оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, тек 

сапалы әскери-патриоттық сезімін қалыптастыру емес, сонымен қатар оқушыларды тәртіпті 

сақтауға  үйрету,  олардың  Қазақстан  Республикасы  егемендігінің  күзетінде  қарулы  күштер 

туралы  ойлау,  есте  сақтау,  көру  қабілеттерін  жетілдіру  және  танымдық  күшін 

қалыптастыруға  жағдай  жасау,  оқытушының  жеке  басының  интелектісін,  оқу  әрекетін, 

өтетін тақырып мазмұнын аша білу.  

Алғашқы әскери дайындық мұғалім үшін бір басты мәселе – тәртіпті сақтауға үйрету 

үшін  педагогикалық  шарттарды  жасау.    Жасалынған  педагогикалық  шарттар  арқылы 

алғашқы  әскери  дайындық  сабақтарында  оқушының  жеке  тұлғалық  күшін  арттырып, 

шығармашылық ойының дамуында, тәртіпті сақтауға үйренуде басты рөл атқарады.  

Педагогикалық  шарттарды  жасау  -  мұғалімнің  зияткерлік,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді

өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына, оқушыларды тәртіпті сақтауға 

үйретуге көмектеседі.  

«Өз  еңбегін  талдай  білген  адам  ғана  тәжірибелі  ұстаз  бола  алады»,-  деген 

В.Сухомлинскийдің  [3]  сөзін  оқытушының  талмай  ізденген  еңбегінің  нәтижесінде  ғана 

көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы 

және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, 

ал  оқушы  тыңдайды,  қабылдайды,  ойлайды,  т.б.  таным  әрекеттерін  жасайды  және  тәртіпті 

сақтауға үйренеді. 

Сонымен,  біздің  алдымызда  тағы  бір  проблема  туындап  отыр,  ол  -педагогикалық 

шарттарды анықтау. 

Зерттеу  барысында  біз  байқадық,  педагогикалық  шарттарды  қарастырған 

ғалымдардың  бар  екенін  ((М.В.  Зверева    [4],    А.  Алимбаев  [5],    С.Ш.Әлімбекова  [6],  

Г.Т.Шарипбаева  [7],    М.Е.Сыдыков  [8],    С.Т.Сиргебаева  [9],    Г.М.  Сабденалиева  [10],  Р.Б. 

Маженова [11],  Г.Е Самашова [12], М.Қ.Құрсабаев [13], Д.С. Ешмұратов[14], А.О.Исабекова 

[15] т.б.). 

Сонымен жоғары аталған педагогтар педагогикалық шарттарға оқыту және тәрбиелеу 

үрдісінде  мақсатқа  жету  үшін  тиімді  формалары  мен  әдістерді  пайдалануда  оқушыларға 

жағдай жасауды жатқызады. 

Оқушыларды  тәртіпті  сақтауға  үйрету  үшін  алдымен  әскери  жетекшінің  өзі  жоғары 

идеялық-ғылыми  және  әдістемелік  деңгейде  болуы  қажет,  алғашқы  әскери  дайындық  және 



азаматтық  қорғаныс  бойынша  оқу,  факультативтік  және  сабақтан  тыс  жұмыстарды 

жоспарлай, ұйымдастыру және өткізуді білу керек. Әскери-техникалық дайындық, азаматтық 

қорғаныс,    санитарлық  жасақшыларды  дайындау    бойынша  мұғалімдердің  жұмыстарын 

басқара алу, 

оқушылардың үлгерімдеріне және сабаққа қатысуларына есеп жүргізе алу. Оқу-

тәрбие  процесін  жетілдіру  үшін  ұсыныстар  кіргізеді,  ең  тиімді  формларды,  әдістерді, 

құралдарды еңгізеді. Оқушы-жігіттердің жеке тұлғалық сапаларын және жеке ерекшеліктерін 

зерттейді, оларды әскер қызметке даярлайды. Әскери қызметтің негізін зерттеу үйірмелерін 

басқарады,  әскери-спорттық  ойындарды  ұйымдастырып  өткізеді.  Дене  мәдениеті 

мұғалімдермен  бірлесіп  ату,  граната  лақтыру,  противогаз  кию  және  т.б.  жарыстар  өткізеді. 

Мектепте  әскери-патриоттық  тәрбие  шараларды  өткізуге  жоспар  құруға  қатысады  және 

оқушыларға  әскери-патриоттық  тәрбие  жүргізеді.  Әскери  бөліммен  алушылық 

ұйымдастырады  және  оның  көмегін    оқу  және  оқушылардың  әскери-патриоттық  тәрбиесін 

жетілдіруде  барынша  қамтамасыз  етеді.  Алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-

материалдық  базасын  ұйымдастыруда  және  жетілдіруде  қамтамасыз  етеді.  Қаруларды, 

әскери  мүліктерді  жөндеуді,  сақтауды  ұйымдастырып,  есеп  жүргізеді.  Қарулармен,  соғыс 

техникамен,  оқ-дәрілермен  сабақ  өткізгенде 

қауіпсіздікті  сақтауда  көмек  көрсетеді. 

Анықталған форма бойынша есеп жасайды. 

Сонымен қатар педагогикалық шарттарға, біздің ойымызша, «Жүз рет естігеннен, бір 

рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, алғашқы әскери дайындық сабақтарымызда 

мүмкіншілігіне  қарай  белсенді  әдістермен,    мультимедиялық  проекторды  пайдаланып 

отырсақ  оқытушының  ұтары  мол  деп  ойлаймыз.  Осы  технологияны  алғашқы  әскери 

дайындық сабақтарында пайдаланудың тиімді тұстары: 

- оқушының «Алғашқы әскери дайындық» пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; 

-  алғашқы әскери дайындық сабақтарында танымдық қабілеттілігін қалыптастырады

-   алғашқы әскери дайындық сабақтарында әскери-патриоттық тәрбие береді; 

-      алғашқы  әскери  дайындық  сабақтарында  оқушыны  шығармашылық  жұмысқа 

баулиды; 

-  алғашқы әскери дайындық сабақтарында  оқытушының уақытын үнемдейді; 

-     қосымша мәліметтер береді және оқушыларды тәртіпті сақтауға үйретеді. 

Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек: 

-    барлық баланы оқытады; 

-  «Алғашқы  әскери  дайындық»  пәні  бойынша  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруға көмектеседі; 

-    білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады; 

-        алғашқы  әскери  дайындық  сабағында  оқушының  жеке  қабілетін  айқындатады, 

іздендіреді.  

Яғни, әр алғашқы әскери дайындық сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр 

сабағымыздың 

өзінде 

оқушыларды 



тек 

әскери-патриоттық 

тәрбиеге 

деген 


қызығушылығымызбен  баурап  алатынымыз  емес  сонымен  қатар  тәртіпті  де  сақтауға 

үйретеміз сөзсіз.  

Әр  саланың  өз  жаңалық-жасампаздығы  болса,  біздің  болашақ  Отан  қорғаушыларды 

тәрбиелеуге  қажетті  жаңалықтың  бірі  –  сатылай  оқыту  технологиясын  пайдаланып 

педагогикалық  шарттарды  келтіру.  Сатылай  комплексті  талдаудың  маңызы  зор  деп 

ойлаймыз: 

-     оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады; 

-     оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі; 

   ізденуге жетелейді, қызықтырады; 

-     талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады; 

-      өзіндік пікірі қалыптасады және тәртіпті де сақтауға үйретеді. 

Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, педагогикалық шарттарға дұрыс пайдалану 

әдістер  жатады.  Ал,  бүгінгі  таңда  әдістердің  өзінің  бір  неше  түрлері  бар:  педагогикада 

белсенді емес, белсенді, интербелсенді әдістер байқалады.  



Белсенді  емес,  белсенді,  интербелсенді  әдістерді  пайдалануда  қарым-қатынастар 

атқарушы  роль  орындайды.  Қарым-қатынас  іс-әрекеттік  келісі  тұрғысынан  бұл  –  бірлескен 

іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және  ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа 

адамды  қабылдау  мен  түсінудің  ортақ  стратегиясын  өндіруді  қамтитын,  адамдар  арасында 

байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі,көп жақты процесі. 

Сонымен,  белсенді  әдістер  -  оқушының іс-әрекеті өнімді,  шығармашылық, 

ізденіс сипат таситын  окыту  әдістері;  оқушының  танымдық  іс-әрекетін  ынталандырушы 

және  қандай  да  болсынмәселенің шешу  жолдары  жөнінде  еркін пікір алмасуды  көздейтін 

диалогқа  құрылған  әдістер.  Оларга әңгіме,  диспут, тақырыптың семинар,  іс ойын,  тренинг 

жатқызуға болады.

 

Белсенді  әдістердің  өзгеше  ерекшеліктері  –  оқушыларды  ұзақ  мерзімді  оқу  үрдіске 



қатыстыру  арқылы  оқушы  өзі  белсенді  боламын  деп  ынтасы  болмаса  да,  онын  ойың 

мәжбүрлі  түрде  белсендіру,  олардың  белсенділіктері  қысқаша  емес  ұзақ  және  бір  қалыпты 

болуы керек.  

Белсенді  әдістердің  белгілері:  проблемалық,  проблеманы  шешуде  оқушының 

білімдері  жеткіліксіз  болған  сон  оларды  проблемалық  жағдайларға  келтіру.    Оқушы  өзінің 

болған білімімен, тәжірибесіне сүйеніп, мұғалімнің және басқа оқушылардың көмегімен сол 

проблеманы  шешу  жолдарын  іздестіреді.  Белсенді  әдістердің  негізгісі  –  ол  ұжымдық  іс-

әрекет  және  пікір  арқылы  проблеманы  шешу.  Оқу-танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыру 

талабына оқушылардың жеке қабілеттерімен олардың мүмкіндіктерін есепке алу қажеттілігі 

жатады. 


Белсенді  әдістерге  дәріс,  баяндама,  семинар,  дискуссиялар,  тәжірибе  мен 

ситуацияларға сүйеніп оқыту, имитациялық үлгілер, ойындар, арнайы құралдар жатады. 

Тәртіптілікті  қалыптастыру  үшін  болашақ  Отан  қорғаушы  өзін-өзі  бағалауға  үйрену 

керек. Ол басқаларға баға беріп, өзінің іс-әрекетіне де баға беруге үйренеді. 

Өзіне  баға  беруге  әдеби  шығармалар,  радио-  және  телебағдарламалар,  кино-  және 

бейнефильмдер үлкен көмек көрсете алады. 

Сананың  ен  жоғары  деңгейі  –  ол  өзін-өзі  талдау.  Бұл  жағдайда  болашақ  Отан 

қорғаушы өзінің іс-әрекетін ой арқылы бөлшектейді, өзінің әрекеттерін, тәртібін және оларға 

баға береді. 

Болашақ  Отан  қорғаушы  қарапайым  бағалармен  шектелуге  болмайды:  «мен 

жақсымын  не  болмаса  жаманмын».  Оған  толық  жауап  алуға  мүмкіндіктер  тұғызу  керек. 

Мысалы,  неге  ол  жаманшылықтар  жасайды,  неге  олай  болып  жатыр,  бұл  жағдайларды 

қалайша  түзетуге  болады.  Маңызды  түрде  өзін-өзі  талдауда  жағымсыз  жағдайлармен 

жағымды жағдайларды қарастырды. Ондай кезде ол жабылмайды және өзімен өзі болмайды, 

өзінің кемшіліктерімен күресуге тырысады. 

Өзінің  жағымсыз  жақтарын  тауып,  оларға  себептерді  іздей  бастаса,  ендеше  ол  одан 

тәжірибе алады, келесі де сонда болмауға тырысады. 

Өзімен  жұмыс  жасауда  өзін-өзі  бақылау  да  маңызды  роль  атқарады  –  өзінің  іс-

әрекеттеріне  сын  көзбен  қарау  және  өзінің  кемшіліктерін  байқау,  оларды  түзету  жолдарды 

іздестіру. 

Ұжымда  мүшелердің  бір-біріне  талаптары  жоғары  болса,  ендеше  әр  өзіне  жоғары 

талап қояды. Өзін-өзі бақылауда тәртіпті сақтауға байсалдықпен ұстамдылық маңызды. Осы 

сапалар  моральдік-ерлік  ұстанымның  негізінде  болып  жатыр.  Себебі  болашақ  Отан 

қорғаушылардың  білгендері  қажет:  әскери  бөлімде  нақты  жарғы  тәртіп,  мінетілген  әскери 

дайындық  үрдісі,  қарауыл  қызметін  қырағы  орындау.  Тәртіптілікті  тәрбиелеуге  пір  тұтқан, 

арман, өмірлік мақсат, қызғушылықтар көмек көрсетеді. Олар адамның өміріне бағыт береді, 

тік жолдан бұрылмауға көмек көрсетеді.  

Өзін-өзі  жаттықтыруға анықталы сапаларды,  мінезді, дағдыларды және іскерліктерді 

қалыптастыру  мақсатында    саналы  түрде    көп  рет  жоспарланған  іс-әрекеттер  жатады. 

Ережеге сай оның өзінің реті бар: 

- өзінің тәртіп сапасы мен дағдыларың талдауы және бағалауы; 


- іс-әрекет ұстанымды қалыптастыру

- өз ішіне жеңілген іс-әрекеттерді қарастыру; 

- оны бөлшектеп не болмаса тұтас орындау; 

- өзінің іс-әрекеттеріне бақылау жасау және бағалау, қайта орындауға өзіне тапсырма 

қою, олардың сапасын көтеру

Өзін-өзі  сендіру  өзінің  тәртібімен  іс-әрекеттеріне  дәлелдеу  жасауға  көмек  көрсетеді. 

Мұнда дәлел және дәлелге қарсылықтар қарастырылады, олар тәжірибеде тексеріледі. Өзін-

өзі сендіру жиі ішкі полемика ретінде, өзімен-өзі ішкі талас арқылы болады. Ол тағы өзін-өзі 

түсіндіру, өзіне дәлелдеу, өзіне қарсы, өзіне сын, өзін жұату, өзін жазалау ретінде болады. 

Өзін-өзі сендіру өзіні психикалық және дене жағдайына әсер ету мақсатында қысқаша 

сөз формуласы бойынша болады. Мысалы, «көп сөйлеме», «артық қимыл жасама», «жинақы 

бол»,  «әлі  күш  бар»  т.б.  Солай  нерв  жүйесі  орынға  келеді,  шаршаудан,  қиыншылықтардан 

басын тартады, тәртібінің кемшіліктері жойылады. 

Өзін-өзі  сендіру  жігерлікке,  міндетті  түсінуге,  оны  орындауға    байланысты.  Өзін-өзі 

бағындыру  өзіне  бақылау  жасау,  өзін  сендіру,  өзін  мадақтау  не  болмаса  жазалау  бойынша 

иландыралады. Әскери тәртіптің жоғарланғаны және олардың тәртіптерін байқауға болады. 

Олардың қызмет сапаларын жоғары деңгейге көтеру – ол бүгінгі күндегі қажеттілік. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Аманжолов  К.,  Тасболатов  А.,  Майхиев  Д.,  Аманжолова  Б.  Алғашқы  әскери 

дайындық. 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы. Мектеп, 2006. -367 б. 

2.

 

Сухомлинский В.А. Избранные педагогические сочинения: в 3 т. – М., 1979. – Т. 1 



– 569 с. 

3.

 



Зверева  М.В.  О  понятии  “дидактические  условия”.  //  Новые  исследования  в 

педагогических науках. -М.: Педагогика, 1987, N1.  

4.

 

Алимбаев  А.  «Педагогикалық  шарттар»  ұғымы  жөнінде.  /Научный  мир 



Казахатсана. №3 (37) 2011. С.188-191. 

5.

 



Әлімбекова  С.Ш.  Мектептің  еңбекке  дайындау  бағытында  5-9-сыныптың  оқушы-

қыздарының 

этностық 

мәдениетін 

қалыптастырудың 

педагогикалық 

шарттары: 

пед.ғыл.канд.дисс. - Түркістан. 2008. 162 б. 

6.

 

Шарипбаева  Г.Т.Студенттердің  өзін-өзі  тәрбиелеудің  педагогикалық  шарттары. 



/Ақтөбе Дүние университетінің хабаршысы. 4(20) 2011. С.69-72. 

7.

 



Сыдыков  М.Е.  Сыныптан  тыс  жұмыстарда  жеткіншектердің  адамгершілік 

құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Автореферат.-Түркістан, 2008. 

8.

 

Сиргебаева С.Т. Жоғары оқу  орындарында ақпараттық  технологияны қолданудың 



педагогикалық шарттары. Автореферат. - Алматы, 2010. 

9.

 



Сабденалиева  Г.М.  Экологиялық  тәрбие  берудің педагогикалық шарттары:  оқу 

құралы. – Алматы, 2001. - 110б.  

10.

 

Маженова  Р.Б.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  этностық-мәдени 



сәйкестілігін  қалыптастырудың  педагогикалық шарттары.  Автореферат.  Қарағанды,  2007.  - 

30 б. 


11.

 

Самашова  Г.Е.Ақпараттық  технологиялар  арқылы  студенттерді  іс  қағаздарын 



жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары. Автореферат. Қарағанды, 2007. - 28 б.  

12.


 

Құрсабаев  М.Қ.Мектептегі  оқушылар  ұйымы  арқылы  ұлттық  тәрбие 

берудің педагогикалық шарттары. Автореферат. - Қарағанды, 2008. - 24 б.  

13.


 

Ешмұратов 

Д.С. 

Бастауыш 



сынып 

оқушыларына 

ұлттық 

тәрбие 


берудің педагогикалық шарттары. Автореферат. - Қарағанды, 2009. - 30 б. 

14.


 

Исабекова 

А.О. 

Қазақ 


этнопедагогикасында қыз балаларын 

тәрбиелеудің педагогикалық шарттары. Авторефераты. Түркістан, 2007. - 26 б.  



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал