Әлияның Өшпес ерлігі



жүктеу 30.58 Kb.

Дата26.01.2017
өлшемі30.58 Kb.

ӘЛИЯНЫҢ ӨШПЕС ЕРЛІГІ

Майманова Н.

Орал қ., Қазақстан

Соғыс -  адам баласы  үшін ең үрейлі,  ең қорқынышты  сөз.  Өйткені,  соғыс атаулы адамзатты 

қырып-жоюға бағышталған.  Адам адам болғалы  осылай.  Талай  рет үстемдік,  байлык үшін  адам 

қаны  суша  ақкан.  Арыға  бармай-ақ,  50  миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты 

алайық.  Кімге  қажет  болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  согысты  эділетсіздік, 

жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті.  Қарапайым  халыкка  қасірет 

туғызған,  қарғыс арқалаған соғыс  ешқашан жеңбек емес.

Үлы  Отан  соғысының  шежіресіне  Мэншүк  Мәметова  мен  Әлия  Молдағұлованың,  Мэлік 

Ғабдуллиннің,  Бауыржан  Момышұлы  мен 

Талғат  Бигельдиновтың 

жэне  көптеген 

жерлестеріміздің аттары алтын  әріптермен  жазылды.

Қаьармандар  мэңгі  жасайды,  олар  өлмейді,  дейді  халык даналығы.  Қазақ  халқының даңқты 

қызы,  Кеңес  Одағының  Батырыс  Әлия  Молдағұлова  жайында  нақ  осыны  айтуға  болады. 

Ленинградта,  Болшеохотск  даңғылындағы  сегізінші  нөмірлі  үйдің  кабырғасында  оның 

күрметіне  алтын  әріптермен  былай  деп жазылған:  «Бүл  үйде  1941-1945  жылдардағы  ¥ л ы   Отан 

соғысында  ерлікпен  қаза  тапқан  комсомол  қыз,  Кеңес  Одағының  Батыры  Әлия  Молдағүлова 

оқыды».


...Әлия  қаршадайынан  жетім  қалды.  Ленинградтағы  балалар  үйлерінің  бірінде  тәрбиеленді. 

Соғыс  кезінде  Ленинград  бомбалана  бастағанда,  Әлия  басқалармен  бірге  өртпен  күресетін 

дружинаға  кірді,  үйлердің  шатырында  кезекші  болды,  өртегіш  бомбаларды  сөндірді.  1941 

жылдың күзінде ол  комсомолға  қабылданды.

Блокада,  аштық,  Әлия  тетелестерімен  бірге  соғыс  кезенінің  тауқыметін  бастан  кешеді, 

жолдастары  қамқорлық  жасайды.  1942  жылдың  наурызында Ладога  көлі-«Өмір  жолы»-аркылы 

балалар  үйі  Ярославль  облысындағы  Рыбинскіге  эвакуацияланды.  Сонда  Әлия  жеті  жылдык 

мектепті  бітірді.  Ол  он  жеті  жасқа  толғанда  Рыбинск  авиация  техникумына  түсті,  бірақ  үш 

айдан  соң  әскери  комиссариатқа барды.  Ол  әйелдердің  Бүкілодақтық  2-ші  мергендік  мектебіне 

қабылданды.  Оку  1943  жылдың күзінде аяқталды.

1943  жылғы  аязды  қазан  күндерінің бірінде  Әлия  Ленинград  майданына  жіберілді.  Майдан 

түрмысы  басталды.  Әлия  күн  сайын  дерлік  таңсәріден  мерген  винтовкасын  алып,  колайлы 

позиция  иемденетін. Үш  айда мерген Молдағүлова 32  гитлершілдің көзін жойды.

Әлия  Молдагұлова  көптеген  үрыстарға  қатысып,  өзінің  жүрек  жүтқан  батыр  екенін 

көрсетті.  1944  жылғы  қаңтардың  орта  шені.  Кеңес  артиллериясы  Федорухино  ауылы  маңында 

дұшпанға  ок  жаудырды.  Содан  соң  оқты  жау  корғанысының түкпіріне  көшірді.  Жауып тұрған 

оқтың  астына  алдыңғы  бөлім  шабуылға  шықты.  Операция  тағдыры  шешілер  ең  бір  қауырт та 

жауапты  сәтте  жауынгерлер  тік  көтерілген  талдырмаш  қызды  көрді.  Бүл  комсомол  мүшесі 

Әлия  Молдагүлова болатын [1 ,5  б.].

Әлия  Молдағүлова  майданындағы  ерлік  істеріне,  тіпті  ол  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын 

алмай  тұрған  кездің  өзінде,  1943  жылдың  күзінде  «Правданың»  әскери  тілшісі,  белгілі  кеңес 

жазушысы  В.П.Ставский  көңіл  аударып,  ол  туралы  кітап  жазбақ  болған.  Үлкен  жазушы 

мергендер  туралы  кітабын  жазып  үлгере  алмады.  1944  жылдың  басында  Отанымыздың 

бостандығы  мен тәуелсіздігі жолындағы үрыста ерлікпен қаза болды.

Алайда,  бүл  жазушының  дәптерінде  майдандағы  қазақ  қызы  Әлия  Молдағүлова  туралы 

бірсыпыра мэліметгер жинақталған [2, 6-8  бб.].

Әлияның  өмірі  қүйрықты  жұлдыздай  қысқа  болды.  Бірақ  сол  аз  ғана  өмірінде  кейінгі 

үрпақтар  айтып  жүретіндей,  ешқашан  ұмытылмастай  ерлік  жасап  үлгірді.  Оны  бүгін  бүкіл 

халқымыз  мактан  етеді. Әлия,  туралы ойласақ,  таң алдында жарқырап туатын шолпан жүлдызы 

көзімізге  елестейді.  Оның  нүрлы  бейнесі,  ыстық  жүрегі,  ақыл-парасаты,  жан  дүниесінің 

сүлулығы  бэрімізді  тэнті  етеді.  Әлияның  майдандас  достарының  айтуымен  бізге  жеткен 

эңгімелері  арқылы  оның  кіршіксіз  жарқын  бейнесін  көз  алдына  елестете  отырып, 



уақыт 

керуенінің адам ерлігі,  адамдардың өлмес  ісі алдында дэрменсіз екенін  анық сезесің [3,  6 б.].

Актөбедегі  Өлия  мұражайында  ол  окыған  сыныптың  класс  журналы  сақтаулы  түр- 

Журналды  Актөбеге  жеткізу  үшін  мүражай  қорының  сол  кездегі  бас  сақтаушысы  болған 

Орынбасар  Бекмагамбетов  Ресейдегі  Вятск  селосындағы  мектеп  директорының  есігінін 

алдында  конуга да мэжбүр болған.



222

Қүнды  жэдігерді  80-жылдары  Ақтөбеге  әкелген  Орынбасар  Бекмағамбетов  мұражайда 

Әлияның өзінің жеке тұтынған, ұстанған  еш  нэрсесі жоқ екенін айтып отыр  [4, 3  б.].

Қаңтардың  ішіндегі  нағыз  аязды  күндердегі  ұрыстардың  кезінде  каза  болған.  Псков 

облысының  Новосокольники  ауданындағы  Казачиха  деп  аталатын  деревняның  жанындағы 

темір  жолдың  бойында  Насова  деген  үлкен  станса  болған.  Немістер  бекіп  алған  осы  стасаны 

алуда  кескілескен  кырғын ұрыс жүрген.  Осы жерде  Монакова деген  үлкен  қорған бар.  Казачиха 

деревнясы  сол  корғанның  жанында  тұр.  Сол  жерде  екі  жақтан  50  мындай  адам  қырылған  үш 

күннің  ішінде.  Әлия  алдында  екі  жерде  -   Воево,  Федоруновада  болған  ұрыс  кезінде  майдан 

даласындағы  жауынгерлерді  үрысқа  көтереді.  Үшінші  рет  14  қаңтар  күні  осы  Казачихада. 

Себебі,  үрыс  үстінде  командирі  оққа  үшады.  Оңтайлы  жерге  бекіп  алған  дұшпан  биіктен  оқ 

жаудырып,  беттетпейді.  Жауынгерлер  бас  көтермей,  жер  бауырлап  жатып  қалады.  Осы  кезде 

Әлия  «Алға!  Отан  үшін!»  деп  үрандап,  жауынгерлерді  шабуылға  шақырып,  омырауын  оққа 

төсеп,  ілгері  жүгіреді.  Сөйтіп,  Казачиха  тұсындағы  блиндажды  немістерден  босатады.Сол 

жерде  қатты  жаралы  болады.  Кеңестік  деректер  бойынша,  батыр  қыз  осы  ұрыс  үстінде  қаза 

болды  деп  жазылып  келгені  белгілі.  Осы  жерден  1965  жылы  батыр  қыздың  мүрдесі  Монаково 

биігіндегі,  елу  мың жауынгер  қаза болған  Туысқандар зиратына қайта жерленеді.

Сүлейменов  деген  эйгілі  мерген  болған.  Ол  немістің  300-ге  жуык  адамының  көзін  жойған. 

Бірақ  соған  батыр  атағы  берілген  жоқ.  Мұндай  адамдар  аз  емес.  Хиуаз  Доспанова  да  кейін 

алды.  Ал  Әлия  мен  Мэншүкке  қалай  берілді  дегенде?..  Олардың  екеуінің  ерлігін  де 

командирлері  көріп  жатқан.  Мергендерге  өздері  тапсырма  беріп,  соларды  көз  алдарында 

орындағандарына  куэ  болган.  Сөйтіп,  марапаттауға  өздері  ұсынып,  күжат  қағаздарын 

толтырып,  қол  койған  да,  берген.  Мэншүк  те  солай.  Үш  пулеметпен  бірдей,  кезек  атып, 

басынан  жаралы  болғанын  командирі  көреді.  Бұларды  жоғарыға  баяндау  кағаз  жазбай-ак, 

командирлердің  өздері  марапатқа  тікелей  ұсынған.  54-атқыштар  бригадасының  командирі 

Николай  Матвеевич  Уральский  біздің  жерлесіміздің  даңқының  шығуына  бірден-бір  зор  үлес 

қосқан  адам.  Соның  арқасында  Әлияның  ерлігі  соғыстан  кейінгі  жылдарда  да  насихатталып, 

оның  тікелей  араласуымен  мүрдесі  Туысқандар  зиратына  қайта  жерленді,  Ленинградта 

мүражай  ашылды.  Новосокольникидегі,  Мәскеудегі  мүражайлардың  ашылуына  да  бастамашы 

болды  [5,  5  б.].

Пайдаланган әдебиеттер тізімі:

1.Айталы, А.  Жалт еткен жасын 

гүмыр 

/ / Егемен Қазацстан.  - 2005.  - 20 қыркүйек.  -5   6.

2. Әлібекұлы,  С.  Қанарман цыз Әлт

  // 


Ана тілі.  - 2005. - №41.  - 6-8  б.

3.Байдербес, Ғ.  Әліія аруагын әурелемейік // Ана тілі.  - 2001. - 30 тачыз (№35).  -6   6.

4. Бәйімбетова, Л.  Әліія  -рух!. // Дала мен қша.  - 2005.  - 23 цыркүйек.  - 1



3  б.



5.Қауыс,  ¥.  Әлш-гүмьір: ерлік пен өнеге

 // 


Егемен Қазақстан.  - 2005.  - 23 қыркүгіек. -5   6.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал