Елін қорғаған баба рухына тағзым



жүктеу 33.27 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі33.27 Kb.

№24 мектебінің тарих пәні мұғалімі 

 Шариғат Ержан Жәнтекейтегі 

 

 

Елін қорғаған баба рухына тағзым 



 

 

Құрметті  оқырман!  Бүгінгі  тәуелсіз  ел  болуға  аз  да  болса  өз  үлесін 



қосқан  батыр  бабаларымыз  көп-ақ.  Кең  байтақ  қазақ  жерін  қорғап  қалуда 

бабаларымыздың  сіңірген  еңбегін  айтып  жеткізу  мүмкін  емес  шығар. 

Еліміздің 

түкпіп-түкпірінде 

елін 

жерін 


қорғаған 

аруақты 


батыр 

бабаларымызға әрбір жылда мемориалдық ескерткіштер бой көтеріп жатады. 

Сондай  бір  тарихи,  тағлымы  зор  ескерткіш  еліміздің  шығыс  өңірінде  мен 

мұндалап,  алыстан  өзіне  еріксіз  бас  игізіп,  өзін  әйгілеп  тұрғандай!  Елімізде 

осындай  тарихи  тұлғаларға  қойылған  ескерткіштер  аз  да  болса  бар.  Айтпақ 

ойым,  жазғы  демалысын  әрбір  адам  өзі  ойлағандай  өткізуге  тырысады. 

Қаржы-қаражаты  көптер  өз  елін  менсінбей  шет  елдің  мәдениетін  таңсық 

көріп, саяхат жасайды. Бірақ, мен өз басым демалысымды туған елдің әсем де 

ғажайып табиғатымен  танысып, тарихи-мәдени ескерткіштерін аралауға, сол 

арқылы  елімнің  тарихына  қанығуға,  көргенімді  жас  ұрпаққа  жеткізуге 

тырысамын.  Оған  себеп  болған  марқұм  әкем  де  шығар!  Себебі  ол  адам 

«тарихыңды біл, еліңді таны» - деген сөздерді жиі айтушы еді. 

 

Осындай  бір  сапарымда  Шығыс  Қазақстан  облысы  Жарма  ауданы 



Қалбатау  ауылы  маңында  мен  мұндалап  тұрған  бабамыз  аруақты  батыр  – 

Бердәулетұлы  Жәнібек  батырдың  мемориалдық  ескерткішінің  қасында 

болып, баба рухына тағзым ете отырып, ерекше бір сезімге орандым. Себебі, 

мен  де  осы  бабамыздың  бір  ұрпағымын.  Бұл  бабамыз  атақты  Керей  елінің 

Жәнтекей  руынан  шыққан  қазақтың  үш  жүзіне  аты  әйгілі  батыры  Абылай 

ханның  оң  қолы  болған,  Қабанбай  батыр,  Бөгенбай  батыр,  уақ  Малайсары 

батыр,  Райымбек  батырлармен  үзеңгілес  жүрген  алып  тұлғалардың  бірі, 

еліміздің  тарихында  ойып  тұрып  орын  алған  ірі  тұлғаларға  жатады.  Осы 

Керей «Ер Жәнібек» бабамызбен мен де он екінші атадан қосыламын. «Өзін-

өзі сыйласа, жат жанынан түңіледі» деген қазақ халқының жақсы сөзі бар. Өз 

руыңнан шыққан аты әйгілі қазақ батыры туралы ой қозғамау әрбір ерге сын 

болар, баба рухына қиянат деп ойлаймын. Бұл аруақты батыр бабамыз жайлы 

келесі деректерді де келтіре  кеткен жөн болар. Бабамыздың 295  жылдығына 

арналған  үлкен  жиын  2006  жылы  9-маусымда  Алматы  қаласында  ғалымдар 

үйінде  өткен  «Еліне  ұран  болған  Ер  Жәнібек»  -  атты  халықаралық  ғылыми 

конференциясында баба ерлігіне көз жүгіртті. Онда: 

1)  «Ер Жәнібектің өмірі мен батырлық іздері» - бас баяндаманы Шәди 

Шәкен,  жазушы,  журналист,  «Үн»  журналының  бас  редакторы 

жасады;  

2)  «Ер  Жәнібек  мақтанымыз»  -  Тұрсынбек  Кәкішұлы,  ф.ғ.д., 

профессор; 

3)  «Жәнібек еңбегіне ғылыми анықтама» - Ахмет Тоқтабай, т.ғ.к.; 

4)  «Фольклордағы Ер Жәнібек образы» -  Сейілбек Сәкенов, ф.ғ.к.; 


№24 мектебінің тарих пәні мұғалімі 

 Шариғат Ержан Жәнтекейтегі 

 

 

5)  «Қазақ  халқының  жоңғарларға  қарсы  ерлік  күрестері»  -  Ердәулет 



Берлібаев, т.ғ.к.; 

6)  «Монғолия  қазақ  әдебиетіндегі  Ер  Жәнібек  бейнесі»  -  Бақытбек 

Бәміш Ақын, «Көш» газетінің бас редакторы; 

7)  «Ер  Жәнібек  ескерткішінің  мән-жайымен  батыр  есімін  ұлықтауға 

арналған  талап-тілектер»  -  Тұрымтай  Мүсірбайұлы,  Ш.Қ.О  Жарма 

ауданы  тұрғыны,  Жәнібек  танушы,  т.с.с  еліне  танымал  ғалымдар 

мен  әдебиеттанушы,  өлкетанушы  адамдар  Ер  Жәнібектің  еліне, 

Отанына сіңірген еңбегі жайлы баяндамалар жасады. 

Бұл  адамдарда  тарихи  деректерге,  дәлелдерге  сүйене  отырып  Ер 

Жәнібекті  ұлықтауға  өз  үлестерін  қосты.  Қазақ  халқының  батыры,  белгілі 

қолбасшы, саясаткер Бердәулетұлы Жәнібек туралы келесі ғылыми анықтама 

жасады: 


Өмірбаяны 

 

 

Бердәулетұлы  Жәнібек  1708  жылы  қазіргі  Ш.Қ.О-ның  Ақшатау  деген 



жерінде  туған.  1792  жылы  қазіргі  Ш.Қ.О-ның  Жарма  ауданының  жері 

Қалбатауының  солтүстік  жанындағы  Жанама  деген  жерде  қайтыс  болып, 

сүйегі  Жанамаға  қойылған.  Ол  жер  Георгиевка  аудан  орталығынан  оңтүстік 

шығыс  жағында  Көкпекті  мен  Георгиевка  ауданының  аралық  шекарасында 

орналасқан.  Бердәулетұлы  Жәнібек  «  Ер  Жәнібек»,  «Ақыр  Жәнібек»  деп  те 

аталған.  Жәнібек  18  жасынан  қазақ  пен  қалмақ  арасындағы  соғысқа 

қатысқан. 1730 жылдардан қол бастаған қолбасшы атанған. Қазақ пен жоңғар 

соғысы  арасындағы  бір  ғасырға  созылған  соғыстың  соңғы  нүктесін  қоюға 

тікелей қатысқан батыр, қолбасшы, саясаткер адам болған. 1753-1755 жылдар 

аралығында болған соғысқа қатысып, жоңғарларды жоюға көшбасшы болған. 

Жоңғар  хандығы  жойылғаннан  кейін  Алтай  жотасының  батыс,  оңтүстік 

жағына  керей,  найман  тайпаларын  бұрынғы  атамекеніне  қоныстандыруды 

басқарған. 

 

Саясаткерлігі 

 

 

Шығыс  Қазақстандағы  Шар  өзенінің  солтүстік  шығыс  жағынан  бастап 



бүкіл  Қалба,  Тарбағатай,  Сауыр,  Сайхан,  Алтай  жотасының,  Ертіс,  Қара 

Ертіс,  Қыран  Ертіс,  Жоңғар  ойпаты,  Оңтүстік  Алтайға  қазақ  тайпаларын 

қайта  қоныстандыру  үшін  жүргізген  Абылай  ханның  саясатын  тікелей  іске 

асырған адам осы Бердәулетұлы Жәнібек еді. Абылай хан бұл іргелі саясатты 

Бердәулетұлы  Жәнібекке  сеніп  тапсырған  еді.  Соның  нәтижесінде  бүгінгі 

Ш.К.О-ның  шығыс,  оңтүстік  шығыс  жағындағы  алып  жерді  қазақ  халқының 

меншігінде  сақтап  қалды.  Бұл  жерлер  1757  жылдан  бастап  1792  жыл 

аралығында Бердәулетұлы Жәнібектің араласуымен керей, найман тайпалары 

қоныстанып үлгерді. Сондықтан Бердәулетұлы Жәнібектің атын халық есінде 


№24 мектебінің тарих пәні мұғалімі 

 Шариғат Ержан Жәнтекейтегі 

 

 

қалдыру  үшін  үкімет  тарапынан  іргелі  жұмыс  жасалуы  жөн  деген  анықтама 



берілді.  Оны:  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің 

түріктану  бөлімінің  меңгерушісі,  тарих  ғ.к.  –  Қаржаубай  Сартқожаұлы 

жасады.  

 

Ер  Жәнібек  жайлы  Н.Мыңжанның  «Қазақтың  қысқаша  тарихы»  -  289 



бетінде  ерліктері  баяндалған.  Қазақ-жоңғар  соғысының  тек  қана  керей  Ер 

Жәнібекке қатысты тұсын түйіндер болсақ, 1726-1757 жылдар аралығындағы 

шайқастардың  бел  ортасында  31  жыл  болған.  Алғаш  1726  жылы  Тасоба 

маңындағы  шайқастан  бастап  1757  жылғы  құба  қалмақты  Барқытбел  мен 

Зайсаннан,  Қалба  мен  Қарғыбадан,  Базар  мен  Шордан,  Боғас  пен 

Маңырақтан  қуып,  қазақ  даласынан  біржола  тазартысқан  Ер  Жәнібектің 

күллі  қазақ  даласын  жаулап  алушы  жоңғар  тұқымын  жойып  жіберген  қазақ 

батырларының  бірі  де  бірегейі,  жүзбасынан  түменбасына  дейін  көтерілген 

қолбасы  болғанына  аз  да  болса  көз  жеткізген  болар  едік.  Міне,  осындай 

деректер мен дәлелдерді тізе берсек әлі де көп дүниелерге қанық боларымыз 

сөзсіз.  Атақты  Абылай  ханның  оң  тізесінен  орын  алып,  Керей  деген  елге 

басшы  болып,  Абылай  ханның  қолынан  туы  мен  таңбасын  белгілетіп,  қазақ 

елінің  шығыс  өңірін  жаудан  қорғауда  көп  еңбек  сіңірген  аруақты  батыр 

бабамыздың  рухын  көтеру,  әрине,  келесі  ұрпақ  біздің  парызымыз  және 

міндетіміз.  Халық  батырлары  Бөгенбай,  Қабанбайлармен  бірге  дәріптелуге 

тұратын батыр.  

 

Егемен  ел  болған  соң  өлгенімізді  тірілтіп,  өшкенімізді  қайтадан 



оңалтатын кез келді. Осындайда атақты бабаларымызға ел мен жер аттарын, 

үлкен  қалаларда  көше  аттарын,  ауылдық  жерлерде  елді-мекендерге  аттарын 

беріп, қалаларда мемориалдық ескерткіштерін қойсақ, нұр үстіне нұр болып, 

бабаларымыздың  рухы  бір  көтерілген  болар  еді.  Бұл  біздің  елдігімізге  сын. 

Келесі  ұрпаққа  үлгі-өнеге,  жас  ұрпақты  отаншылдыққа  тәрбиелеудің  бір 

көрінісі,  үлкенді  сыйлауға,  үлгі  тұтуға,  мақтаныш  сезімін  оятуға  үлкен  әсер 

тигізеді деген сенімдемін.  

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал