Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



жүктеу 79.71 Kb.

бет1/12
Дата21.05.2017
өлшемі79.71 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ББК ________
_________
Авторлар: Айгерим Коржумбаева
Габит Бекахметов
  
Н_____ “Қазақстан-2050” Жалпыұлттық 
қозғалысы – 
Астана, 208 бет.
ISBN ____________
ББК _______
ISBN _____________    
                      
© Айгерим Коржумбаева 
Габит Бекахметов

ТЕГIН 
ТАРАТЫЛАДЫ
Бұл кітап «Қазақстан-2050» 
Жалпыұлттық қозғалысының 
зияткерлік меншігі 
болып табылады

4
«Оқушыларды оқытудың нәтижесі сыни ойлау, 
өз бетінше іздену мен ақпаратты терең талдауға 
бейімделу болуы керек»
(ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2014 жылғы 17 қаңтардағы
Қазақстан халқына Жолдауынан)
ҚЫМБАТТЫ ОҚЫРМАН!
 
Ерте ме, кеш пе, кез-келген адам өмірінің мән-маңызы
жайлы, өмірдегі алар орны жайлы ойланып, толғандырған
сұрақтарға  жауап  іздеп,  өзіндік  қолтаңбасын  қалдыруға
тырысады.  Біздің,  яғни  «Қазақстан-2050»  Жалпыұлттық
қозғалысы  мүшелерінің  басын  біріктірген  ортақ  мүдде  –
елімізді  тұғыры  мықты,  дамыған  мемлекетке  айналдыру.
Біз қай жерде де, қай істе де оң бетбұрыстарға мүмкіндігінше
қол жеткізуге ұмтыламыз. Сіздерге ұсынылып отырған бұл
кітап  -  Қозғалыс  белсенділерінің  қазақстандық  қоғамның
жалпы  өркениетін  дамытуға,  аз  да  болса,  қосқан  үлесі,
ұмтылысы болып табылады.
Бүгінгі таңда ақпараттар ағымының ауқымы орасан зор.
Оған күн сайын дамып жатқан ақпараттық технологиялар
ықпал  етуде.  Мұндай  жағдайда  сыни  тұрғыда  қарап,
маңыздысын таңдап алып, дұрыс, тиянақты тұжырымдар
жасай  білу  ХХІ  ғасыр  тұлғасына  өте  қажет  қасиеттердің
бірі.
«Критикалық  ойлау  негіздері»  -  оқырманға  осы
машықты меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл оқу құралының
ерекшелігі  қарапайым,  түсінікті  тілмен  баяндалуында

5
және  онда  күнделікті  өмірімізден  мысалдар  келтіріліп,
халықаралық озық тәжірибе де ескерілген.
Барша  Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру
жолындағы  кішігірім  еңбегіміз  Сіздің  қарым-қабілетіңізді
одан әрі жоғарылатады деген үміттеміз.
P.S. Критикалық ойлау әлеміне сапарларыңыз сәтті болсын! 
Игі ниетпен, 
«Қазақстан-2050» 
Жалпыұлттық қозғалысы

6
АВТОРЛАР ЛЕБІЗІ 
Құрметті оқырман!
Критикалық  ойлаудың  біздің  қоғамдағы  орнын  асыра
бағалау  қиын.  Күрделі  әлеуметтік  үдерістерді,  саясат  пен
экономиканы  түсіну  үшін  егжей-тегжейлі  зерттеу  мен
тәуелсіз сараптама қажет. Әр түрлі авторлардың жүздеген
мақалалары сәт сайын ғаламторда жарияланып жатыр. Күн
сайын  сан  алуан  тақырыпта  жүздеген  кітаптар  басылып
шығуда.  Солардың  ішінде  өзімізге  керегін  таба  алу  үшін
ақпаратты ой елегінен жылдам өткізіп, жан-жақты түйсіну
қажет.
Бүгінгі  қоғам  үшін  критикалық  ойлаудың  маңыз-
дылығын
жете
сезінгендіктен,
«Қазақстан-2050»
Жалпыұлттық  қозғалысы  тың  бастама  көтеріп,  елімізде
критикалық ойлау ұстанымын дамыту мен кеңейтуді қолға
алған  еді.  Қозғалыстың  жетекшісі  Жұмин  Данатқа  және
Дүйсекеева  Сабина,  Жұмабаев  Алмат,  Раимжанова  Ұлжан,
Тұяқова  Айгерім  сынды  белсенділеріне  алғыс  білдіреміз.
Өйткені  олар  алғашқы  кітабымыздың  жарыққа  шығуына
қолдау көрсетіп, бізге сенім арта білді. Ал біз өз кезегімізде,
бұл кітап соңғы еңбегіміз болмас деген ойдамыз. Сондай-
ақ, «Критикалық ойлау негіздері» саналы әрі сыни тұрғыда
ойлайтын қоғамның іргетасына айналар деген үміттеміз.
Сонымен қатар, бізді түсініп, кеңес беріп, жанымыздан
табылғаны  үшін  отбасыларымыздың  мүшелеріне,  атап
айтар болсақ, Бәтима Мауешова мен Айдана Төлегеноваға
алғысымыз  шексіз.  Лингвистикалық  және  техникалық
мәселелерге  қатысты  Хуанбай  Гүлшекер,  Жұмабеков
Ғалым,  Зиябеков  Нұрсұлтан  үлкен  көмек  көрсетті.

7
Кейбір  тұстарын  толық  түсінбей,  қателескен  сәттерде
барынша  түсіндіруге  тырысып,  шыдамдылық  танытқан
мектептегі  және  университеттегі  ұстаздарымызға,
сыныптастарымызға,  курстастарымызға  айрықша  алғыс
білдіреміз.    Ал  оқушыларымызға  деген  ризашылығымыз
ерекше.  Олардың  жанарындағы  жалын  мен  жарқын
болашаққа  деген  сенім  күш-қуаттың  сарқылмас  қайнар
көзі іспеттес.
Кітапта  көрініс  табуы  мүмкін  қандай  да  бір  қателер
үшін алдын ала кешірім сұраймыз. Егер Сіз қателер тапқан
болсаңыз, онда criticalthinking2050@gmail.com электронды
пошта  мекен-жайына  хабарласуыңызға  болады.  Кітапты
екінші басылымға дайындаған кезде Сіздің ескертулеріңізді
міндетті түрде ескеретін боламыз. Көңіл хошын жадыратар
басылым болсын!
Игі ниетпен,            
Ғабит Бекахметов
Әйгерім Қорж мбаева

8
1
Критикалық 
ойлауға 
кіріспе

9
Осы  тарауда  біз  критикалық  ойлау,  оны  қолдану,  және
критикалық  ойлайтын  кісілердің өзгешіліктері  мен  жеті
қасиеті туралы айта кетеміз.
1.1. «Критикалық ойлау» дегеніміз не?
Құрметті  оқырман,  осы  кітапты  қолға  алмас  бұрын
сіз  өз-өзіңізге  «мен  дәл  қазір,  осы,  не  істеп  жүрмін?»
деген  ойға  біраз  тоқталуыңызды  өтінеміз.  Шамамен  сіз
«оқып  отырмын»  немесе  «жай  отырмын»  деуіңіз  мүмкін.
Дей  тұрғанымен,  біз  «жаңаша  білімге  кез  болдым»  деп
ойлағаныңызды қалар едік (солай деп үміттенеміз). Ал сіз
«оқып  отырмын»  және  «жай  отырмын»  деген  сөздердің
арасында  басыңызда  осы  ойға  жетелеп  тұрған,  ешбір
өлшемге  сыймайтын  «ми  нейрондарын»  пайдаланып
жатқан  таңғажайып  бір  процесстер  жүріп  жатқанын
аңдадыңыз ба?!
Ал, дәл осы процесс қанша ғасырдан күні бүгінге дейін
философтар  мен  оқымыстыларды  сарсаңға  салып,  оның
мақсаты мен құрылымын анықтаудың соңында сабылумен
келеді.  Бастағы  мидың  ақпаратты  қорытуы  «ойлау»  деп
аталатын  процесс  екендігін  әрине  сезіп  отырсыз.  Осы
кітапты оқи отырып, жаңа ақпаратты қорыта аласыз.
Қай-қайсымыз  да  не  істеуіміз  керек,  мұны  не  үшін
жасауымыз керек деген ойға тірелеміз. Ой ойлау кез-келген
адамның  күнделікті  тіршілігі,  қызметі,  біз  Құдайдың  құтты
күні  түр-тұлғамыз  тартымды  болсын  деп  әдемі  киіну
қажеттігін ойлаймыз. Бойымыздан қуат кетпесін деп ас-ауқат
ішеміз, сабаққа дейін немесе жұмысқа дейін немесе одан кейін
не  істесек  екен  деп  ойланамыз.  Одан  кейін  тіршілігіміздің
өзегі  болып  табылатын  мәселелерді  –  қандай  мамандықты
игерсек екен, ол үшін қай жоғары оқу орнына түскеніміз жөн,

10
кіммен араласып, кімнен аулақ жүруіміз қажет, өмірлік жарды
қалай таңдасақ екен деген ойға берілеміз.
Әрине,  біз  сіздерге  қалай  ойлау,  не  ойлау  керектігін
үйретейін  деп  отырған  жоқпыз.  Бұл  кітаптың  мақсаты
–  «критикалық  ойлау»  деген  мәселеге  назар  аудартуды
ғана,  соны  танып-білуге  сізге  де  мүмкіндік  беруді  мақсат
етіп  отырмыз.  Осы  «критикалық  ойлау»  сіз  дұрыс    ойлай
білесіз  бе,  және  сіздің
туыс-туғандарыңыз,
дос-
жарандарыңыз,  жазушылар,
оқымыстылар  және  журна-
листердің
қалай
ойлап-
пішетінін
сараптауға
мүмкіндік  береді.  Сонымен
қатар,  «критикалық  ойлау»
кімге сеніп, кімдерден аяқ тартып жүруді қаперге салады.
Шамамен, «критикалық ойлау» деген сөзді естіген кезде
ең  алдымен,  әлдекім  туралы  жағымсыз  ой  келуі  мүмкін.
Өйткені,  біреуді  критикаға  салу  сынау  дегенді  білдіреді.
Сіз өзіңізге ұнамайтын нәрселерді сынға алып немесе сізді
ата-анаңыз,  мұғалімдеріңіз,  дос-жарандарыңыз  сынауы
мүмкін.  Алайда,  сіз  критикалық  ойлай  тұрып,  жағымсыз
ойларға  берілмегеніңіз  жөн.  Критикалық  ойлау  қисынды
және  дұрыс  ойлауды,  сонымен  қатар,  қисынсыз,  ақылға
қонымсыз  ойларды  немесе  әлдебір  нәрселерді    талқыға
салуды да ілестіре жүреді. Былайша айтқанда, критикалық
ойлау дегеніміз – кез-келген нақты ойға аса мән бермеуге,
салмақты,  толық  қорытылмаған  ойлар  кесе-көлденеңдеп,
дәлелсіз небір нәрсені негізге алмауға, жаңаша әдістемелер
мен  бастамаларға  ашық  болуды  меңзейді.  «Критикалық
ойлау»  деген  сөздің  өзі  гректің  kritikos  (κριτικός)  яғни
«ойлай  білетін»  деген  мағына  беретін  сөзінен  алынған.

11
Критикалық ойлау – неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде
саналы ойлай білу. Оны жадыңнан шығармай немесе оқып
ала  салу  мүмкін  емес.  Критикалық  ойлауды  үйреніп  алу
мүмкін емес; ол күнделікті тәжірибемен келетін нәрсе.
Критикалық ойлай білетін адам өзіне мына тақылеттес
сауалдар қоя білу керек:
- Мен неге сеніп, нені білдім?
- Мен қандай жаңа нәрсе үйрендім?
- Менің  ойлау  жүйем  өзгерді  ме?  Қалай,  қай  жағына
өзгерді?
- Бұдан маған қандай пайда бар?
Осы сауалдарға жауап тауып, критикалық ойлай білетін
адам өзінің ойлау жүйесін бағалай біледі.
Критикалық  ойлау  өзгелерді  жақсы  түсінуге  қатысты
тиімді  ойлай  білуге  дағдыландырады.  Ол  дағдылар
мыналар:
•  өзгелердің  түйінді  пікірлері  мен  дәлелдерін  дұрыс
түсіне білу;
•  қарсы түйінді пікірлер мен дәлелердерді бағалай білу;
•  өзіңнің  түйінді  пікірлерің  мен  дәлелдеріңді
дайындап, оны түйіндей білу.
Критикалық
ойлау
әсіресе
ғалымдар
мен
саясаткерлерге,  дәрігерлер  мен  басқа  да  саланың
өкілдеріне  аса  қажет.  Ғалымдарға  құбылыстың  мәнін
жете  түсініп,  тәжірибе  барысында  дұрыс  қорытынды
жасай  білу  үшін  керек  болады.  Ал,  саясаткерлер  саяси
шешімді  дұрыс  қабылдауы  үшін  критикалық  ойлауды
игергені  жөн.  Бизнесмендер  ахуалды  дұрыс  сараптап,
дұрыс  шешімдер  қабылдауы  үшін  критикалық  ойлай
білу  керек.  Ал,  дәрігерлер  диагнозды  дұрыс  қоюы  үшін
критикалық ойлауға сүйенгені жөн.

12
Критикалық  ойлау  ғалымдар  мен  саясаткерлерге
немесе  басқа  топтарға  артықшылық  етпейтіні  анық.
Критикалық ойлай білу – қай-қайсымыз үшін де аса бағалы,
өте қажет дүние. Рас, сіз ғалым да, саясаткер де, бизнесмен
де, дәрігер де болғыңыз келмейтін шығар, дей тұрғанмен
сіз  үшін  осы  адамдардың  айтқан  сөздері  мен  келтірген
дәлелдері  анық  па,  жоқ  па,  оң  ба,  теріс  пе  соны  сараптай
білу мақсатында қажет.
Егер  сіз  мемлекеттің  жауапты  тұлғасы  немесе
экономиканың жетекші өкілдерінің бірі болсаңыз, тек сіздің
жеке өз басыңызға ғана емес, басқа адамдардың тағдырына
қатысты  саяси  немесе  қаржылық  шешімдер  қабылдауға
жауапты  тұлғаның  бірі  болып  табыласыз.  Сондай  кезде
немесе басқа да жағдайларда сізге критикалық ойлай білу
қажеттілігі туындайды.
Критикалық ойлаудың мәні өзінің немесе басқа біреудің
ойын  бағалап,  сараптау  кезінде  іс-әрекетке  және  көз
жеткізуде озық ойды қалыптастыруда жатыр. Критикалық
ойлаудың  өзегі  қате  ойлау  түсінігі,  қорытындыны
айқындау,  нақтылық  пен  дәлелді  бағалау,  және  нәтижені
сараптай  білу  секілді  бірқатар  дағдыларда  жатыр.
Критикалық ойлаудың қорытындысы деректер мен бөтен
біреудің пікірін өзіңе сіңіріп алу емес, пікірге төрелік айта
білу және өз пікіріңді алға тарта білуде жатыр.

13
1.2. Критикалық ойлаудың артықшылығы
Оқу орындарында 
(мектепте, колледжде, университетте, т.б .)
Критикалық  ойлау  оқу
барысында  маңызды  рөл
атқарады. Оқуда табысқа жету
үшін  сіз  зерттеліп  отырған
нақты пәндердің тақырыбын
жетік  біліп  алғаныңыз  жөн.
Критикалық  ойлай  білу
дағдысы  өтіп  жатқан  сабақ
барысында қиын тақырыптарды оңайлата алмауы мүмкін,
ал, бірақ, уақыт өте келе жинақталатын тәжірибе арқылы
сіздің оқулығыңызда келтірілген дәлелдер мен дәйектерді
түсінуді  елеулі  түрде  арттырады.  Бұл  өтілген  сабақтың
тақырыбын жақсы түсінуге айтарлықтай ықпал етеді.
Сондай-ақ, критикалық  ойлау  сыныпта,  мектепте,
университетте  өтіп  тұратын  пікір-сайыс,  дебаттар  кезінде
сыныптастар  мен  курстардың  тіпті  ұстаздардың  алдында
көзқарасыңызды  қорғап,  пікіріңізді  дәлелдеу  барысында
және  олардың  пікірін  бағалауда  айтарлықтай  ықпалы
бар.  Баяндама  білім  жөніндегі  мақалалар  мен  дипломдық
жұмыстарды  жазу  кезінде  осы  критикалық  ойлау
жұмысыңызға келтіріп отырған мәліметтер негізінде сіздің
жазу  дағдыңызды  қисынды  түрде  бекітіп,    мұқият  зер
салып, түйіндеуге септігін тигізеді. Солайша, осынау дағды
жазба  жұмысын  орындауға  өз-өзіңе  критикалық  талап
қойып,  ілім-біліміңді  байытып,  зиялылықты  нығайтуға
ықпал етеді.

14
Жұмыста
Жұмыс  берушілер  өз  қызметкерлерінің  кәсіптік
біліктілігіне  назар  аударып  қана  қоймайды.  Олар
ақпаратты  өңдеп,  оны  талдап,  сараптай  білу  қабілетіне,
шығармашыл  деңгейде  ойлай  білуіне,  сөйлер  сөзін
жұптап, алынған мәліметтерді орнымен пайдаланып ойын
нақты, тұжырымды, сенімді жеткізе білу қасиетіне де ден
қояды. Былайша айтқанда, пікірі айқын, бәрін ой елегінен
өткізіп,  ықшам,  ұқыпты,  дер  кезінде  қимылдап,  берілген
істе  тиянақты  орындай  білетін  ширақ  қызметкерлерді
қабылдауға  ниетті.  Критикалық  ойлау  нақты  осы
дағдыларды адам бойына сіңіріп, оны өз қызметіңді, ісіңді,
кәсіптік біліктілігіңді күн сайын жетілдіріп отыруға жақсы
көмектеседі. Критикалық ойлауға бағынып, оны қажеті мен
игілігіне пайдалана білген, ойы, мақсаты айқын қызметкер
өз  ортасында,  сол  командада,  бастамшылдық  танытып,
берілген  тапсырма  мен  өзі  қолға  алған  ісін  тиянақты
орындап, кез-келген жұмысты тез игеріп, меңгеріп кетуге
дайын  тұрады.  Ал,    жұмыс  берушілер  негізінен  осындай
икемді,  ілкімді  критикалық  ойлауға  бейім  мамандарды
танып, бағалайды.
Критикалық  ойлау  дағдысын  дамыту  –  ұжымдарда
өткізіліп  жататын  тимбилдинг  жөніндегі  семинарлардың
бір бөлігі болуы мүмкін. Солайша, барлық қызметкерлерді
қамтитын  іс-шара  болуы  қажет.  Соның  нәтижесі  ұжымда
және  жекелеген  адамдарға  жақсы  жағдай  туғызуға  оңды
ықпал  етіп,  әр  адамның  өз  қызметі  тұрғысынан  жай,
қалыптағыдай  емес,  парасатпен,  түпкі  нәтиженің  жақсы
болуы  үшін  мен  не  істеп  отырмын,  оны  дұрыс  жасап
отырмын ба, жоқ па деген сұрақтарды қою арқылы нәтиже
мен сапаны жақсартуға тырысады.

15
Күнделікті өмірде 
Критикалық  ойлау  жұмыста  немесе  оқу  процесінде
ғана  емес  күнделікті  өмірдегі  әртүрлі  жағдайда  да  аса
бағалы  болып  келеді.    Критикалық  ойлау  дағдысының
арқасында  Сіз  оқу  процесінен  тыс  өмірде  де  кез-келген
жағдайға, мысалы біреуді тыңдау қажет болғанда, сонымен
қатар өз пікіріңізді өзгертпеуді талап ете алатын кездерде
мұқият дайындықта бола аласыз. Критикалық ойлау Сізге
өз ойыңызды (жазбаша және ауызша түрде де) әлдеқайда
анық  айтуға  және  де  айналаңыздағы  адамдарды  өз
пікіріңізбен иландыра алуыңызға көмектеседі.
Сондай-ақ,  критикалық  ойлауды  қолдану  Сізге  қате
шешім  қабылдаудан  аулақ  болуға  көмектеседі.  Біздің
әрқайсымыз өмірінде  бір  рет  болсын  сауда  жасауға,
екеуара  жеке  қатынаста,  жеке  басының  тәртібінде,  оқуға
қатысты тиімсіз шешімдер қабылдайды. Қабылдап болған
соң  ғана  шешімнің қате  немесе тиімсіз  екендігін түсінеді.
Критикалық  ойлау  Сізге  осындай  қате  шешімдердің
болмауына,  өз  шешіміңізді  тереңірек,  нақтырақ  ойлап
барып қабылдауға жәрдемдеседі.
Критикалық  ойлау  өзіндік  дамуға  жол  тарту  мен
қайтадан  нанымға,  қайтадан  көз  жеткізу  сияқты  артық
жұмыстан  алыс  болуға  септігін  тигізеді.  Өкінішке  орай,
(бірақ,  кейде  қуанышқа  орай)  көптеген  адамдар  өз
уақыттарының  көбісін  олардың  өздеріне  айтқандарды
логикалық  және  дұрыс  ойлау  туралы  талқыға  салмай  еш
сұрақсыз  қабылдай  береді  және  соған  сенеді.  Адамзат
тарихының  көптеген  бөлігінде  құлдықты,  әйел  еркекке
жол  беруді,  соғыс  қажеттілік,  т.с.с.  қалыпты  құбылыс  деп
қабылдап келді.

16
1.3. Критикалық ойлаушының жеті қасиеті
Критикалық ойлаушы
Критикалық ойламайтын адам 
1 Көзқарастар мен дәйектерді
жақсы түсінеді және бағалай
біледі (өзгелерді)
Көзқарастар мен дәйектерді
жиі түсіне алмайды және қате
бағалайды (өзгелерді)
2 Көрсетілген мәліметтер мен
дәлелдер арқылы дұрыс
ойланады және сәйкес келетін
тұжырым жасайды
Көрсетілген мәліметтер мен
дәлелдер болса да қате ойланып,
негізсіз тұжырым жасайды
3 Қарама –қарсы пікірлерді
тыңдап, өзіне қатысты
өзгелердің болжамдары мен
сындарын қарсы алады
Өзіне қатысты өзгелердің
болжамдары мен сындарын
қарсы ала алмайды
4 Өз тұжырымдарын жеке
басының қызығушылығы мен
қажет деп санаған ойымен
емес нақты дәйектермен
негіздейді
Өз тұжырымдарын көбінесе
нақты дәйектермен емес, жеке
басының қызығушылығы мен
қажет деп санаған ойымен
негіздейді
5 Өзінің дүниетанымын
қалыптастыратын
нанымдарын саналы түрде
қабылдайды. Білмейтіндерін
мойындайды және өзінің
шектелу қажеттігін ұғынады
Өзінің дүниетанымын
қалыптастыратын нанымдарын
саналы түрде қабылдамайды
6 Егерде өзінің критикалық
ойлауына қарсы болса
көпшіліктің пікірімен
келіспеуден қорықпайды
Егерде өзінің критикалық
ойлауына қарсы болса да
көпшіліктің пікірімен келісуге
дайын тұрады
7 Кең ауқымдағы сұрақтарды
қызықтайды. Қиындық пен
кедергілерге қарамастан
ақиқатты орнатуда
табандылық танытады
Кең ауқымдағы сұрақтарға деген
қызығушылық танытпайды.
Осыған орай, қиындықтар мен
кедергілер жолықса ақиқатты
тануға деген табандылық
танытпайды

17
Критикалық  ойлау  сіздің  дәлелсіз  болжамдар  мен
идеологиялардан,  жалған  нанымдардан  босауыңызға
көмектеседі. Қорыта келгенде мұндай ойлау Сізді ойлануға
және  өз-өзіңізден  «Бұл  маған  айтқан  және  мен  естіген
дүние  ме?  Бірақ,  бұл  нақты  осылай  болу  керек  пе?»  деп
сұрауға алып келеді. Қандай да бір ақпаратты оқыған, кез-
келген  жаңа  ақпаратты  естіген  бойда  Сіз  өзіңізге  «Мұны
кім  айтты?»,  «Ақпарат  көзіне  сенуге  бола  ма?»,  «Мұның
нақты  дәлелдері  бар  ма?»,  «Ғылыми  жолмен  дәлелденген
бе?», т.с.с. сұрақтар қоя бастайсыз.

18
       РЕЗЮМЕ...
•  «Критикалық  ойлау»  деген  сөздің  өзі  гректің  kritikos
(κριτικός)  яғни  «ойлай  білетін»  деген  мағына  беретін
сөзінен  алынған.  Критикалық  ойлау  –  неге  сеніп,  не
істеу керектігі жөнінде саналы ойлай білу.
•  Критикалық  ойлау    Сізге    өзгелердің  нанымы  мен
түсінігіне  тиімді  қол  жеткізуге  көмектесетін  әртүрлі
дағдылардың  дамуына  жәрдемдеседі.  Бұл  дағдыларға
мыналар жатады:
1.  Өзгелердің нанымдары мен дәйектерін түсіну;
2.  Осы нанымдар мен дәйектерге критикалық баға;
3.  Өзінің жеке нанымдары мен дәйектерін қайта қарап
негіздеп отырады.
•  Критикалық  ойлау  күнделікті  өмірде,  жұмыста,    оқу
барысында маңызды рөл атқарады.
•  Критикалық ойлай білетін адам өзіне мына тақылеттес
сауалдар қоя білу керек:
- Мен неге сеніп, нені білдім?
- Мен қандай жаңа нәрсе үйрендім?
- Менің  ойлау  жүйем  өзгерді  ме?  Қалай,  қай  жағына
өзгерді?
- Бұдан маған қандай пайда бар?
•  Критикалық  ойлаушының  жеті  қасиеті.  Критикалық
ойлаушы:
1.  Өзгелердің  көзқарастары  мен  дәйектерін  жақсы
түсінеді және бағалай біледі.
2.  Көрсетілген мәліметтер мен дәлелдер арқылы дұрыс
ойланады және сәйкес келетін тұжырым жасайды.
3.  Қарама  –  қарсы  пікірлерді  тыңдап,  өзіне  қатысты
өзгелердің болжамдары мен сындарын қарсы алады.
4.  Өз  тұжырымдарын  жеке  басының  қызығушылығы

19
мен  қажет  деп  санаған  ойымен  емес  нақты
дәйектермен негіздейді.
5.  Өзінің  дүниетанымын  қалыптастыратын  нанымда-
рын саналы түрде қабылдайды.
6.  Егер де өзінің критикалық  ойына  қарсы  болса
көпшіліктің пікірімен келіспеуден қорықпайды.
7.  Қиындық  пен  кедергілерге  қарамастан  ақиқатты
орнатуда табандылық танытады.

20
       ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Критикалық ойлауға арналған жаттығулар
Критикалық  ойлауды  пікірлерді  сараптау  мен
болжамдар, ұсыныстар кезінде қолдану қажет. Баспасөзден
ғалымдар мен саясаткерлердің пікірлерін жиі кездестіруге
болады. Мұндай пікірлермен көзді жұмып келісе салғаннан
гөрі,  критикалық  ойлай  білетін  адамдар  келтірілген
дәйектер бойынша өз бағаларын беруге тырысады.
Көбінесе  мемлекеттің  тапсырысымен  жасалынатын,
«емдеуге  қарағанда,  алдын  алу  арзанырақ»  деген  қағида
бойынша  жұмыс  жасайтын  әлеуметтік  жарнаманы  мысал
ретінде  келтіріп  өтуге  болады.  Міне,  осылай  мемлекет
қоғамға  қамқорлық  таныту  мақсатында  әлеуметтік
жарнамамен  айналыса  отырып,    қоғам  назарын  мәселеге
аударып,  қоғамда  жаңа  әлеуметтік  және  адамгершілік
құндылықтарды қалыптастырады.
Мысал 1.1
Алматы қаласындағы әлеуметтік жарнама

21
1.  Бұл  жарнаманың  мақсаты  қандай?  Жарнама  кімдерге
арналған?
2.  Сіз  мұндай  жарнаманы  қалай  қабылдар  едіңіз  және
неліктен?
3.  Сіздің  ойыңызша  неліктен  “Любимый  город  -  Алматы”
жазуы – жасыл, ал, “Водитель будь внимателен” – қызыл
түсте берілген?
4.  Көрсетілген  жарнама  бойынша  дизайнер  жүргізушіге
қалай әсер етуді көздеуі мүмкін?
5.  Өзіңіз  тұрып  жатқан  тұрғылықты  мекенде  болатын
жол  көлік  апаттары  мәселесін  шешу  үшін  мұғалімге
әлеуметтік  жарнаманың  өзіңіз  қалаған  нұсқасын
ұсыныңыз.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал