Еліміздің бас қаласының экологиялық жағдайын бұзбас үшін Астанада өндіріс



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/5
Дата27.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5

ИӘ

– Еліміздің бас қаласының экологиялық 

жағдайын бұзбас үшін Астанада өндіріс 

ошақтарын салудың қажеті жоқ. Айта кетер 

жайт, онсыз да бүгінгі күні қаланың алдағы 

уақытта бой көтерер құрылыс жоспар ла-

рында өндіріс орындарын салу қарасты-

рылмаған. Яғни алдағы уақытта да Астана 

қаласы өндірістен ада, экологиялық жағы-

нан ауасы өте таза қалалардың бірі болып 

қала береді. 

Қазір еліміздегі ірі қалалардың бірі 

Алматы қаласы әлемдегі ең лас қалалардың 

бі 


рі атанып отырса, Қарағанды қаласы 

шах 


та өндірісінің ортасында жатыр. Сон-

дықтан, ең болмаса, бас қаламыздың эко-

ло гиясын сақтау үшін барлық қолдан келген 

әре кеттерді жасауымыз керек. 



ЖОҚ

– Астанаға қазірдің өзінде мемлекеттік 

және жергілікті бюджеттен аз ақша бөлініп 

отырған жоқ. Ал енді өндіріс ошақтарын 

салмай, қала халқын асырауды толық Аста на-

ның бюджетіне артып қояр болсақ, не болады? 

Халық саны күн санап өсіп келе жатқан қаланы 

қамтамасыз ете ала ма? Қала болған соң, 

онда өндіріс ошақтары болмауы мүмкін емес. 

Өндіріс ошақтары, біріншіден, қала халқын 

жұмыспен қамтамасыз етсе, екіншіден, қала 

бюджетіне кіріс түсіреді. Сондықтан Астана 

қаласында міндетті түрде өндіріс ошақтары 

салынуы керек. Айта кетер жайт, бүгінде 

заманға сай экологиялық жағдайдың алдын 

алудың амалдары көп. Оның үстіне Астананың 

экологиясы қанша жерден халық саны 

көбейіп, өнеркәсіп орындары салынса да, 

Алматы қаласындай болмайды. 

№111 (337) 

3 шілде

сенбі


2010 жыл

3-бетте

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, 

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, 

Сенат депутаты:

ОЙ-КӨКПАР 



Астана экологиясын бұзбас үшін оны өндірістен таза әкімшілік қала ретінде сақтау керек пе?

Жас Астанамыз күннен-күнге көркейіп, 

қанатын кеңге жайып келеді. Осы орай-

да кейбір мамандар «астанамыздың 

экологиялық климатын бұзбас үшін оны 

өндірістен таза әкімшілік қала ретін-

де сақтау керек, жас қаламызда өндіріс 

ошақтарын салудың қажеті жоқ» де-

ген пікірлер айтып жүр. Ал егер өндіріс 

ошақтары болмаса, астаналықтарды 

жұмыспен қалай қамтамасыз етуге бо-

лады? Өндіріс орындары салына қалған 

жағдайда қаланың экологиясына төнер 

қауіп бар ма? Тақырыпты мамандардың 

ой-көкпарына салып көрген едік...

147,48

184,39

4,74

21,69

1,22

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Астана мерекесі биыл ерекше мәнге ие. 

Мемлекеттігіміздің символы болып отырған 

осы қымбатты мейраммен биыл Елбасының 

70 жылдық мерейтойы сәйкес келіп отыр. 

Әдетте мерейтой тек туған күнді ғана тойлап 

өтетін дата емес, мерейтой иесі туралы 

терең ойларға жетелейтін, ойландыратын 

меже де. Осы орайда, мемлекетіміздің 

өмірінде айрықша құбылыс болып отырған, 

еліміздің қалыптасуы, дамуы мен ертеңі 

ұғымдарымен тығыз байланысты тұлға 

– Нұрсұлтан Әбішұлының феноменіне бір 

мәрте үңілсек, артық болмас еді. 

Берік ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ

Жалғасы 2-бетте

Еуразияның кіндігінде жаһандық топтасудың һәм 

ау 

қымды интеграцияның инициаторы ретінде 



бейбіт шілік пен келісім, татулық пен бірлікті те мір-

қазық еткен Астана 12 жылдық тарихында Вашинг-

тон – Брюссель – Мәскеу – Бейжің геосаяси ор та-

лық тар белдеуінде өзіндік қолтаңбасымен ай шық-

талды. Салт атты өркениетімен салтанат құрған көш-

пен ді империялық дәуіріміздің архетипі сынды Ақ-

ор да әлемдік саяси ой-пікірлерге, саяси шешімдерге 

өзін дік даусымен, жаңаша серпінмен ықпал аясын 

бар ған сайын кеңейтіп келеді. Әлемде астана бол ға-

лы өте қысқа мерзімде дәл осы Астана секілді мәшһүр 

бо лып үлгерген орталықтар жоқ та шығар. Астананың 

әлем ге беделді саяси орталыққа айналуының тарихи 

не гізі бар. Мәселен, Ресейдің Василий Барщевский 

де ген сарапшысы еңсе тіктеп келе жатқан Қа зақ стан-

ды Алтын Орданың қайта жаңғыруымен, ал Астана-

ны – Сарай қаласының қайта гүлденуімен 

байланысты рады. Ол «Мәскеу – үшінші Рим» деген 

қа ғидаға ұқсас «Астана – үшінші Сарай» деген тұ жы-

рым жасайды. Посткеңестік елдер тарихында кеңістік 

пен аймақтағы қайта құрылымдау, ел орталығын 

ауысты ру бағытында Президент Н.Назарбаевтай батыл 

қа дамға ешкім тәуекел етпепті. КСРО елдерінің ішінде 

ас тана ауыстырған да жалғыз Қазақстан. Астананың 

ауысуы – ең алдымен Тәуелсіз елімізге тарихи «Мен» 

идеясының, далалық дүниетанымның қайта оралуы 

деп ұғынған жөн. Алматы кезеңдік жағынан кеңестік, 

жағрапиялық жағынан Латын Америкасының көп 

елдерінің астаналары, Тбилиси секілді таулы аймақта 

қоныс бұйырған астана. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 

Афины, Амстердам Лима, Гавана, Сингапур сияқты 

қалалардың теңіздік-мұхиттық сипатқа ие болып, өз 

елдерінің бет-бейнесін айқындап бергенін ескерсек

кезінде Алматы тау, биіктік символикасын санаға 

сіңіргені мәлім-дүр. Алайда Қазақстан таулы ел емес 

қой, ұланғайыр даласы бар мемлекетпіз. Астана – 

елімізге, қазақы болмысымызға тән далалық символи-

ка, яғни кеңпейілдік, дархандық, ақкөңілдік сияқты 

төл қасиеттерімізге қан жүгіртуі тиіс. 



Астана – талай зерттеушілердің ықыласын 

туғызған сан қырлы феномен. Қат-қабат 

астары мол Астана феноменінің өзегі тарихы 

терең қазақ мемлекеттігінің нышаны, 

қазақтың төл болмысы, қазақ ұлтының 

жасампаздық келбеті болуы тиіс және солай 

болып та жатыр. Сол ғажап феноменнің бір 

парасы ретінде «Астана идеясы қазаққа 

не берді?» деген заңды сауалға шама-

шарқымызға жауап іздеп көрсек.

Жалғасы 6-бетте

Әл-Фараби армандаған қайырымды қала

ке тіміздің қалыптасуы мен болашақ дамуына 

ұс тын бола алатын неміз бар? 

Алыстан ештеңе іздемей-ақ, қазақ то пы-

ра 

ғынан шыққан Шығыстың ұлы ойшылы, 



адам заттың екінші ұстазы, "Әл Му'алим Әс-

Са 


ни"— Әл-Фараби бабамыздың даналық 

трак 


таттарын еске алайықшы. Аудармалары 

ар қылы Еуропаны антикалық кезең даналар-

мен қайтадан табыстырған, жаратылыстың, 

бол 


мыстың заңдылықтарын терең зерттеген 

ға лым, трактаттарының басым бөлігін қоғам 

мен жеке адам, мемлекет пен оны басқару, 

ақи қат жолы, адам баласын бақытқа жеткізетін 

жол іздеу, адам өміріндегі ізгілік мәселелеріне 

ар наған  екен. 

Осы орайда оның «Қайырымды қаланың 

тұр ғындарының көзқарастары хақында» трак-

та тының орны бөлек. Трактаттың арқауында 

ӘЛ-МӘДИНА ӘЛ-ФАДИЛА (ИГІЛІКТІ 

МЕМЛЕКЕТ)

Бүгіндері біз Қытай мемлекетіне қызыға 

қараймыз. Қытайдың мемлекеттік әлеуеті

экономикалық дамуы, әлеуметтік саладағы 

қол жеткізген табыстарын былай қойғанда, 

он 


дағы дәстүршілдік, өткенге ілтипатпен 

қарау, Конфуций ілімін бүгінгі күнге ла-

йықты қолдана білуінің өзі қандай да болса 

құрметке лайық. Қытай қоғамының «гар мо-

ния 

лық қоғамды дамытуға» бет алуының 



не 

гізінде осы дәстүршілдік ұстанымы жа-

тыр. Ал өзіміздің Егеменді, Тәуелсіз мем ле-

– адамдардың бәрі бір-біріне мейіріммен қа-

райтын, бір-біріне көмектесу арқылы адам-

заттың асыл арманы – оның Адам деген асқақ 

ар 

манына лайық идеалды қоғамға жету 



жолда ры  қарастырылған.

Онда ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде 

адам 

ның ақыл-ойының жан-жақты дамып, 



та биғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін 

еке 


ніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы 

бар 


лық проблемаларды шешуге қабілетті ең 

басты күш – ақыл-парасат деп біледі. Бо лашақ 

қоғамды адамдардың емін-еркін өмір сү ретін, 

қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құр-

меттейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. 

Бү кілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жо-

лы ғылымды, білімді игеруде деп білді.

Астанаға деген 

патриоттық 

сезімімізді 

оятуымыз қажет

Астанаға деген 

патриоттық 

сезімімізді 

оятуымыз қажет

ДАТ!

Сансызбай ЕСІЛОВ,:

6-б

етте

Астана идеясы 

қазаққа 

не берді?


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№111 (337) 



3.07.2010 жыл 

сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

2

?



А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Кез келген таңбаның мән-мағынасы болады. Менің 

білгім келетіні, Астана қаласының елтаңбасындағы 

белгілердің мағынасы қандай?

Қанат СЫРЫМБАЙ, Шымкент

Әлемдегі көптеген қалалардың бауырлас қалалары болатынын 

білеміз. Осы орайда Астанамыздың бауырлас қалалары туралы білуге 

бола ма? 

Жанар ТІЛЕКБАЕВА, Алматы 

Бауырлас қалалар дегеніміз – бұл халық-

тар арасындағы өзара түсіністікті нығайту 

үшін, мәдени ынтымақтастық үшін, қала өкі-

меті мен ұйымдарының алдында тұрған ұқ-

сас проблемаларды шешу бойынша тә жі ри-

бе алмасу үшін тікелей достастық байланыс 

орнат қан әртүрлі мемлекеттердің қалалары. 

1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қала-

лар» қауымдастығы құрылды. 2000 жылы 

бауы рлас қалалар қауымдастығы 160-тан 

астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын 

бірік тірді. Қазіргі кезде Астанамыз дүниедегі 

көп теген қалалармен достық, мәдени-гума-

ни тарлық, өзге де салалар бойынша бауыр-

лас тық қарым-қатынас орнатқан. Сонымен 

Аста на, Стамбұл, Измир, Анкара, Мәскеу, 

Қа зан, Санкт-Петербор, Бішкек, Питтсбург, 

Киев, Амман, Рига, Гданьск, Варшава, Тби-

лиси, Сеул, Ташкент, Дубай, Мантуя қала-

лары мен бауырлас қала болып саналады.

Бауырлас қалаларды білеміз бе?

Бәйтерек пен Шаңырақ бас қаланың символы

Шойын шаһардың шырағы сөнбейді

ҚОҢЫР ҚОҢЫР

АУ

Ақорда – Елбасының Астана қа ласын-



да ғы қазіргі бас рези ден циясы. Есіл өзені-

нің сол жаға 

ла 

уында, жаңа әкімшілік 



орта лық та  ор наласқан.  Қарсы  бетінде 

Пар ла мент Сенаты мен Мәжілісінің қос 

ғимараты, Үкі мет үйі және оларға жапсар-

лас министр лік тер үйі, «Бәйтерек» мону-

менті, ал шығы сын да өзеннің арғы бетінде 

Бейбітшілік жә не келісім сарайы «Қазақ 

елі» монументі, Тәуел сіздік сарайы бір 

ось тің бойында жай ғасқан. 

Ақорда ғимаратының жалпы биіктігі 

– 80 метр. Бес қабатты бұл ғимараттың 

сырт көзге көрінбейтін тағы екі жерасты 

қа баты бар. Астыңғы қабаттарда техни ка-

лық қыз мет, асхана және гараж, бірінші 

қа батында жал пы ауданы 1800 шаршы 

метр ді құрай тын, еденіне гранит төселген, 

салтанатты шаралар өткізілетін холл орна-

лас қан. Екін ші қабатында қызметтік орын-

жай лар, ал үшінші қабатта киіз үйге ұқса-

тып жасалған, мәр мәрмен және гранит 

тас пен өңделген «Шығыс» залы, сыйлық-

тар мен сенім гра моталарын тапсыру залы, 

екіжақты  кез де сулер ге  арналған  «Алтын» 

зал, камин залы және қызметтік орын жай-

лар мен мәжіліс зал 

дары, төртінші 

қабатында қызметтік орын жайлар мен 

мәжіліс залдары, саммит тер ге арналған 

Үлкен зал, кітапхана, сон дай-ақ кіші «Шы-

ғыс» залы орналасқан. Зал дар дың бар-

лығы ерекше мәнермен әр ле ніп, түрлі 

өнер  туындыларымен  айшық тал ған. 

Ақорда құрылысында әлемдік ірі өнді-

рушілердің озық инженерлік құрал-жаб-

дық тары  пайдаланылған.



Астана – қауіпсіздік кепілі

Төлтаңба негізіне жетілу, 

шексіздік пен мәңгілікті білдіретін 

шеңбер алынған. Екі символ – 

Бәйтерек пен Шаңырақты бірік-

тіру оның орталық айшықтары. 

Осы көркемдік шешім қаланың 

белгісін де, елдің символын да 

өз бойына тұтастырған қазіргі 

Қазақстан дамуының кезеңдік 

сипатын да танытып тұр. Бәйтерек 

– төрткүл дүниені құшағына 

сыйғызған алып ағаш. Шаңырақ 

– өзің өсіп-өнген отбасыңның 

әлем кеңістігімен ортақтастығын 

білдіреді. Төлтаңбаның бүкіл 

аумағы екі сақинадан тұрады. 

Сыртқы сақина ұлы даланың та-

рихы терең қатпарларда жатқан-

дығын білдіреді. Ал сыртқы 

сақинаның қызыл түсі Оттың 

аластаушылық құдіретінен 

туған. Көшпенділер көп жағ-

дай да қы зыл түсті ерлік рух пен 

айбынды жеңісті бейне лейтін 

жауынгерлік тудың түсі ретінде 

қабылдаған. Ал ішкі сақина 

Тәуел сіз  Қазақ станның  жаңар-

ған бейнесін жә не Астананың 

ас  қақтығын  танытады.  «Көгілдір 

ас пан» түсі – ұлттық идеология 

тә уелсіз дігінің  орталық  негізін 

ай қын дайтын  мемлекеттік  ту-

дың түсі. 



Луис ИНАСИУ ЛУЛА ДА СИЛВА, 

Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті:

– Астана он-ақ жыл ішінде тұрғызылды. Бұл құрылыс 

салып, әрекет етуге ниеті бар ел жетекшісі үшін алынбас 

қамал жоқ екенін айғақтайды. Ел халқына және елорда 

тұрғындарына айтарым, экономикалық дағдарыс жүрек-

терде ұялаған үміт отын сөндіре алмайды. Қазақстанның 

орасан зор мүмкіндіктері бар, оған Сіздердің жаңадан 

тұрғызған әсем астаналарыңыз дәлел!

Талас ОМАРБЕКОВ, 

тарихшы-ғалым:

Астананы жасау, орнықтыру тәуелсіз елдердің бәріне тән. Дүниежүзінің бүкіл 

елдері «мемлекетті нығайтудың негізі – астананы нығайту» деп біледі. Астанасы 

мықты болмаған ел – әлсіз ел. Өйткені астана – мемлекеттің символы, Тәуелсіздіктің 

сим волы. Сондықтан да астананы нығайту мәселесі – үлкен саясаттың құралы, яғни 

мемлекеттің абыройы, ар-ұжданы. Мұны  мен бірге, «мемлекеттің болашақтағы 

келбеті, ондағы қала лар қандай болуы тиіс, елдегі үлкен қалалар кімге қарап үлгі 

алуы керек» деген мәселеде де астана темірқазық болуы шарт. 

ОРЫНБОР (1920-1925)

Орынбордың астана болу себебі, ол қазақ 

мәдениетінің орталығы еді. А.Байтұрсынов 

бастаған ұлт зиялыларының ұйытқы 

болуымен, онда қазақ газеттері шыққан. Ол 

әрі «Алашорданың» рухани ордасы болатын. 

Бірақ тоталитарлық жүйенің Орынборды 

Ресейдің қарамағына өткізіп жіберуі әрі 

өзінің де шекарада тұруы мен орталықтан алшақ болуы бүкіл 

қазақтың Орынбор төңірегіне топтасуына мүмкіншілік бермеді. 

ҚЫЗЫЛОРДА (1925-1929)

Астананы Орынбордан Қызылордаға 

көшірген кезде «қалың қазақтың төл 

астанасын жасайық» деген мақсат көзделінді. 

Бірақ қазақы дәстүр мен мәдениетіміздің 

нағыз ордасы болған Қызылорда, өкінішке 

қарай, ол да орталықтан шалғай, табиғи 

тұрғыдан қолайсыз аймақта орналасқан 

болатын. Астана болу үшін әртүрлі табиғи 

ресурстар, саяси жағдай, географиялық 

мәселелер түгел ескерілуі шарт. Осы тұрғыдан 

алғанда, Қызылорданың болашақтағы өркендеуі мен Қазақстан 

сияқты кең-байтақ елге орталық болу мүмкіндігі шектеулі 

болып көрінгені рас. 

АЛМАТЫ (1929-1998)

Астананы Алматыға ауыстырудың зор 

маңызы болды. Алматы, шын мәнісінде, 

оңтүстік өңірдің, бүкіл Жетісудың рухани 

орталығы болатын. Қала халқының кеңестік-

тоталитарлық жүйе тұсындағы орыстандыру 

саясатына төтеп беруіне де Алматының 

үлкен әсері бар. Алматы бүкіл қазақ 

интеллигенциясын өз маңайына топтастыра 

білді, қала мәдениетінің ордасына айналды. 

Алматыны күллі қазақ жақсы көрді, астана ретінде шын 

мәнісінде мойындады. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде Қазақстан 

рухани, мәдени, саяси жағдайларда көптеген жетістіктерге 

қол жеткізсе, оның бәрінде де Алматының үлесі өте көрнекті. 

Ғылым-білімнің, мәдениет пен өнердің ірі орталығы ретінде әлі 

де екінші астана сипатын сақтап отыруы Алматы тамырының 

өте тереңде екендігін көрсетеді. 

АСТАНА (1998)

Елордамыздың Ақмолаға ауысып, Астана атауын алуы – шын 

негізінде, саясатпен байланысты шешім. Астананы орталық өңір  ге 

көшіру арқылы біз бірқатар түйінді мәселелердің шешімін таптық. 

Бас-аяғы бір ғасырдың ішінде астананы 

қайта-қайта ауыстыру – негізі, әлемдік 

тәжірибеде жоқ нәрсе. Көп елдер астананы бір-

екі рет ауыстырумен ғана шектеледі. Себебі бұл 

үлкен материалдық шығындар ды қажет етеді, ең 

бастысы, халықтың әр ал уан пікірін туғызады. 

Сондықтан бұған да 

мыған елдердің өзі де 

тәуекел ете бер мейді. Ал біздің астанамыздың 

қайта-қай та ауысу себебі – кеңестік тоталитарлық 

жү йе нің қазақ халқына жүргізген кері сая са-

тының салдары. Мысалы, Орынборды шын 

мәнінде тартып алды. А.Байтұрсынов 1919 жылы 

Ленинге жазған хатында Орын бордың жерін 

Қазақстанға қосуды, қа зақ жері ретінде сақтап 

қалуды талап ет кен болатын. Бірақ ол талап 

қанағат тан дырылған  жоқ.  Астананы Қызылордаға 

ауыстыру да – негізінде, Мәскеу тарапынан 

шешілген мәсе ле. «Қызылорда» деген атауының 

өзі де – «қызылдардың астанасы» дегенді аң ғар-

тып тұр. Яғни бұл – тоталитарлық жүйе 

нің 

Қазақстандағы кеңестендіру саяса ты ның айқын 



көрінісі. Артынша Қызыл 

ор 


даның табиғи-

климаттық қолайсыздық тары байқалды да, көп 

кешікпей астананы Алматыға ауыстыруға 

мәжбүрлік туды. Нәтижесінде, Қазақстанның 

орталық және солтүстік аудандары Ресейден 

келген пере селендер басып алған, орыстанған 

аудан дарға айналды. Бұлай болмас үшін астана 

оңтүстікте емес, халықтың этникалық тұр ғыда 

жіктелуіне жол бермейтіндей орта лық та болуы 

керек еді. Яғни бұл жерде де қа зақ халқының 

мүддесі ескерілмеді. Со 

ның салдарынан 

Қазақстанда өте қайшы лық ты ахуал қалыптасты. 

Міне, осындай процеске байланысты Тәуелсіз ел 

өзінің саясатын жаңаша белгілеуге тиіс болды. 

Сөйтіп, жаңа астана таңдау қажеттілігі туын дады. 

Сондықтан астана ауыстыруды сән немесе мықты 

қала жасап, жұртты таңғалдыру, тамсандыру деп 

қарамау керек. Бұл – терең ойластырылған, 

саясат пен, ұлттық мүддемен тығыз байланысты, 

жан-жақты шешім болып табылады. Ал ке ңестік 

замандағы астана ауыстыру шара 

ла 

рында 


көптеген маңызды мәселелер ескерілмеді. 

Өйткені Мәскеуге қазақ хал қының мүддесі қажет 

болған жоқ. Сол се беп ті де біздің астаналар жиі 

ауысты. 


Осындай үлкен этностардан тұратын күр делі 

мемлекетті басқару үшін астананың орны дұрыс 

таңдалып, ол ұлттық саясатты нығайтудың құралы 

болуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан алғанда, астананы 

Қа 

зақстанның орталық өңіріне орналастыру 



арқылы мем лекетіміздің ұлттық, рухани, мәдени 

тұр ғыда нығаюына, Қазақстандағы әртүрлі ұлт-

тар мен ұлыстардың ұйымдасуына, топ тасуына 

жол аштық. Осының бәрі Астана бола шағының 

үлкендігін көрсетеді. 

Негізі, Ақмоланың өзінің де үлкен та рихы 

бар. Және ол ұлт-азаттық қозға 

лы 


сымен 

байланысты. Бұл – патша өкіметінің отар лау 

саясатын бастан өткізген, кезінде қор ған ретінде 

бой көтерген қала. Қазақ 

тың соңғы ханы 

Кенесары оны халқымызға қайтару үшін кезінде 

көп әрекет жасаған. Бүкіл қазақ халқы тарихының 

көрінісі, үлгісі ретінде де Астана бізді әрдайым 

жаңа жеңістерге жігерлендіре береді. Сол үшін 

бүкіл қазақ елі өз астанасының төңірегіне 

топтасуы қажет... 

Әңгімені жазып алған – 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

АСТАНАСЫ АУЫСҚАН ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ

 

Мемлекет



Жылы

Ескі астанасы

Жаңа астанасы

Ресей


1712

Москва


Санкт-Петербург

Ресей


1918

Петроград

Москва

Украина


1919

Киев


Харьков

Украина


1934

Харьков


Киев

Литва


1922

Вильнюс


Каунас

Литва


1940

Каунас


Вильнюс

Өзбекстан

1930

Самарқанд



Ташкент

АҚШ


1800

Филадельфия

Вашингтон

Италия


1870

Флоренция

Рим

Осман 


империясы

1453


Эдирне

Константинополь

Түркия

1923


Константинополь 

(Стамбул)

Анкара

Польша


1596

Краков


Варшава

Әл-Фараби армандаған 

қайырымды қала

Ал біз бүгінгі құрып отырған қоғамы-

мыз ды, Тәуелсіз мемлекетімізді, еліміздің 

қол жеткізген жетістіктерін, алға қойған 

иде ал дарын бағамдап көрсек – дана баба-

мыз суреттеген идеалды қоғамның кескінін 

көре аламыз ба? Әрине, әлі де болса жас, 

қа лыптасып келе жатқан ел болсақ та біз 

дәл осы бағытқа қадам басып келе жатқа-

ны мыз анық. Өйткені еліміздің алдына 

мақ сат етіп қойған қай бағдарламасын 

алса ңыз да осы ұстанымдарға негізделгенін 

бай қаймыз. Ал осы мақсаттардың басы-

қасын да  Елбасы  жүрді.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал