Әлімхан және ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым



жүктеу 90.37 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі90.37 Kb.

http://ortalyq.kz 

 

ӘЛІМХАН және ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ 

 

Биылғы  жылымыз  да  тарихи  оқиғаларға  толы.  Ең  таңдаулы  мерейтой  ХХ  ғасыр 

басындағы  қазақ  зиялыларының  кӛшбасшысы,  ұлы  қайраткер  Әлихан  БӚКЕЙХАНОВТЫҢ 

туғанына 150 жыл  толуы – оның ең жақын серіктестері  елімізге белгілі  тұлғалар Ақбайдың 

ЖАҚЫБЫНЫҢ 140 жылдығына, Әлімхан ЕРМЕКОВТІҢ 125 жылдығына және «Алаш» ұлт – 

азаттық  қозғалысының  100  жылдығына,  сондай-ақ,  осынау  текті  тұлғаларды  тудырған 

қасиетті топырақ – Қарағанды облысына 80 жыл толуымен сәйкес келіп отыр.  

 

Жалпы,  Ә.Ермековтің  есімі  ӛткен  ғасырдың  90-шы 



жылдарына  дейін  кӛпшілікке  белгілі  болмады,  істеген  жарқын 

істері  жабулы  мұрағат  қойнауында  қала  берді.  Оның  аты  Қазақ 

Кеңес  энциклопедиясына  кірмеді,  тарихшылар  ол  туралы 

үнсіздік  білдірді.  Тек  математиктер  ғана  Қазақстандағы 

математика  білімі  мен  ғылымы  тарихын  қарастырғанда 

Ермековтің  тегін  оқта-текте  ауызға  алып,  оның  математика 

саласындағы еңбектеріне тоқталатын. Шындығында, Ермековтің 

ғылыми-ағартушылық  қызметі  ХХ  ғасырдың  20  жылдарында 

басталып, ӛмірінің соңғы жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. 

Сол  жылдары  ол  Республикадағы  орта  және  жоғары  оқу 

орындарының  ашылуына,  жастардың  ӛнер-білім  алуларына 

ұйытқы  болды.  Математика  пәнінен  сабақ  беріп,  сол  курс 

бойынша  мәлімет  беретін  қазақ  тіліндегі  тұңғыш  ғылыми 

еңбектер  жазды.  «Мысалы:  1935  жылы,  оның  әуел  баста  екі 



кітап болып жоспарланған «Ұлы математика курсы» («Курс 

высшей математики») атты кітабының 1-бӛлімі «Қазақстан» 

баспасында  жарық  кӛрді.  Редакторы  Құдайберген  Жұбанов. 

10  мың  дана.  180  бет  және  80  сызбадан  тұрады.  1936  жылы  26  беттік  «Математика 

басылымдарындағы  ғылыми  терминдер»,  ал  1937  жылы  «Детерминанттар  теориясының 

негіздері» атты еңбектері математика тарихында ӛшпес мұра болды».  

Ӛкінішке  орай  осы  еңбектердің  бәрі  кейін  кітап  сӛрелерінен  алынып,  оның  атын  атауға 

мүлдем  тыйым  салынды.  Себебіне  келсек,  мұның  барлығына  кінәлі  оның  «Алаш»  партиясының 

беделді басшыларының бірі болуы еді. 

Әлімхан  Ермеков  1891  жылы  қазіргі  «Қызыларай»  елді  мекенінде  дүниеге  келген.  Оның,  ӛз 

қолымен жазған Алматы, Семей, Қарағанды қалаларының мұрағаттарында сақталған ӛмірбаяндық 

анықтамаларда:  «Мен  1891  жылы  Темірші  болысына  қарасты  Қызыларайда  тудым.  1899  жылы 

Қарқаралыдағы  реалдық  екі  сатылы  училищеге  оқуға  түстім,  1905  жылы  Семейдегі  ерлер 

гимназиясында оқуымды жалғастырып, оны 1912 жылы 21 жасымда алтын медальмен бітіріп, Том 

технология  институтының  тау-кен  факультетіне  конкурссыз  қабылдандым»  деп  кӛрсеткен.  Бұл 

дерек алғашқы қазақ қыздарынан шыққан дәрігер қарындасы Дәмештің (кӛрнекті партия қайраткері 

болған Темірбек Жүргеновтің зайыбы, 1990 жылдың басында қайтыс болды) жеке мұрағатында да 

сақталған.  Ә.Ермеков  23-маусым  1970  жылы  сексенге  тақап  қайтыс  болғанда  «Социалистік 

Қазақстан» газетінде жарияланған кӛңіл айтуда да осы деректер берілген [2]. 

Ә.Ермековтің  тәрбиелік  болмысы  бала  жастан  ел  арасындағы  ғасырлар  бойғы  кӛшпелі  ӛмір 

салты мен кең даланың әдет-ғұрпы ықпалында қалыптасты.  

1912  жылы  жиырма  бір  жаста  Ә.Ермеков  Семей  гимназиясын  алтын  медальмен  бітіріп 

шығады. Ол кездегі ереже бойынша гимназияны алтын медальмен бітірген жас талапкерлер Санкт-

Петербург  политехникалық  институтына  немесе  басқа  да  Ресейдің  жоғары  оқу  орындарына 

конкурссыз  қабылданатын.  Әкеден  ерте  айрылып,  тұрмыс  тапшылығын  кӛрген  оның  алыстағы 

Петербургке баруға мүмкіндігі болмады. Білімнің соңына түскен ол Том технология институтының 

тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданып, 1912 жылы студент атанады. Оның мұндай жауапты 

шешім қабылдауына Семей қаласының ӛзі дәріс алған гимназиясындағы озық-ойлы, демократиялық 


бағыт  ұстаған  қазақ-орыс  зиялылары  зор  ықпал  етті.  Олардың  бірсыпырасы  гимназияда  тек  қана 

бағдарлама  бойынша  оқылатын  пән  кӛлемінде  дәріс  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  оқулық 

шеңберінен шығып, гимназистерге сабақ арасында саясаттан, дүниежүзілік азаттық қозғалысынан, 

Ресейдегі  болып  жатқан  саяси  жағдайлардан  мәліметтер  беріп  отыратын.  Кеудесінде  сәулесі  бар 

зерделі шәкірттер, әрине, олардың бәрін саналарына сіңіріп отырды.  

Әлеуметтік  тегі  жағынан  қарағанда,  соншалықты  аса  байдың  баласы  болмаған  Ә.Ермековке 

оқу  мәселесі  қатты  қиындық  туғызған.  Сондықтан  оның  Петербургқа  бармай  Том  институтына 

түсуі де, оқуы да оңай болған жоқ. Томға дейін жетіп, институтта оқуға кӛмек бергендер қатарында 

ӛзі  бітірген  Семей  гимназиясының  оқытушылары  Әбікей  Сәтбаев,  Имам  Әлімбеков,  Ахмет 

Барлыбаев,  Сабыржан  Ғаббасов,  Григорий  Солодовников,  Николай  Белослюдовтар  бар  еді. 

Ә.Ермеков  кейін  олардың  адамгершілік  қасиеттерін,  бар  мүмкіндіктерінше  қазақ  халқының 

мүддесін қорғағанын талай жазған болатын. 



Арада  тоғыз  жыл  ӛткенде  қазақ  даласының  тағы  бір  арманшыл  жасы  Ермековтердей 

ағалардың  ақылы  арқасында  осы  институттың  табалдырығын  аттайды.  Ол,  халқымыздың 

ұлы  перзенті,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  негізін  қалаушы,  әрі  оның  тұңғыш 

президенті – Қаныш Сәтбаев.  

Ә.Ермеков  оқыған  кен  факультеті  1901  жылы  ашылған-ды.  Тұңғыш  деканы  және 

ұйымдастырушысы  ӛте  білімді  ғалым  В.Обручев  болды.  Бұл  кез  оның  Сібір  ӛлкесін  түбегейлі 

зерттеуімен,  Орта  Азияға  жасаған  ғылыми  саяхаттарымен  есімі  дүние  жүзіне  мәшhүр  болған 

жұлдызы  биік  шағы  болатын.  Алайда,  1911  жылы,  студенттер  ереуілін  қолдап,  жергілікті 

жандармерияға  ашық  наразылық  білдірген  «келеңсіз»  қылығы  үшін  В.Обручевті  реакционер  оқу 

министрі  Л.Кассо  ұстаздық  жұмыстан  біржола  аластатуға  бұйрық  береді.  Бір  жылдан  соң  оның 

орнына сол жылдары «Ғылым магистрі» атағын алған ғалым-геолог М.Усов тағайындалады. 

Ә.Ермеков  оқуға  түскен  жылы  Сібірдегі  революциялық  қозғалыстың  ӛрлеуімен  тұспа-тұс 

келді.  1912  жылдың  сәуірінде  Лена  алтын  кендерінде  болған  қанды  қырғын  Сібір  еңбекшілерінің 

азаттық жолындағы қозғалысына серпін берді. Жас студенттің оқуға түскен 1912 жылы 20 қазанда 

Том технология институтының студенттері ұйымдасқан түрде сабаққа шықпады. Бұл олардың 1905 

жылы  20  қазанда  патшалық  самодержавияға  қарсы  күресте  қаза  тапқан  жолдастарына  жасалған 

құрметі еді. Сӛйтіп, Ә.Ермековтің студенттік ӛмірі осындай оқиғалармен басталады. 

Студент  Әлімхан  ауылға  демалысқа  келген  сайын  қазақ  жастарын  оқу-білімге  үгіттеп,  ӛнер 

үйренуге  шақырды.  Осындай  демалыстардың  бірінде  ол  қазақтың  болашақ  ұлы  ақыны 

Сұлтанмахмұт Торайғыровқа да сабақ береді. Ӛзінің студенттік ӛмірі туралы ол: «…Сол жылдары 

Томскіде  орыстың  озық  ойлы  тамаша  адамдары  тұратын  еді.  Мен  солармен  таныса  бастадым. 

Орыстың  белгілі  саяхатшысы,  Шоқан  Уәлихановтың  досы  Григорий  Потанинмен,  сол  арқылы 

орыстың  атақты  жазушылары,  (1933  жылы  жарық  кӛрген  «Угрюм  река»  романының  авторы) 

Вячеслав  Шишковпен,  сыншы  Владимир  Бахметьевпен,  революционер  марксист-философ 

Дволейский,  революционер  әйел  Бауэрмен  танысып,  олардың  үйірмелеріне  қатыстым.  Бірде 

Г.Потанинді, қарындасы биолог ғалым Екатерина және суретші Клара Уткиналарды туған ауылыма 

ертіп келдім. Потанин ауылға келісімен Аяпберген деген ертекші, әңгімеші қартпен достасып алып, 

күндіз-түні соның жанынан шықпай қойды» деп баяндайды. 

Том қаласында институтта оқыған жылдары қаражатқа мұқтаж болып қиындық кӛргенде оған 

кӛзі  ашық  оқыған  жерлестері  материалдық  жағынан  кӛмек  кӛрсетіп  отырған.  Мысалы,  «Қазақ» 

газеті  1915  жылы  13  ақпанда  Семейде  Н.Құлжанованың  басшылығымен  әдеби  кеш 

ұйымдастырылды. Ұйымшылдықпен ӛткен бұл кеште 917 сом 69 тиын түсім ақша түсіп, оның 320 

сомы  Семей  облысынан  орысша  және  мұсылманша  оқитын  мұқтаж  12  қазақ  жастарына  бӛлінді: 

Студент – технолог Әлімхан Ермековке 100 сом, студент Халел Ғаббасовқа – 40 сом, Уфада оқитын 

Мағфура Найманқожа қызына – 30 сом, және басқалар тиісті ақшаларын алды деп хабарлайды. Ал 

осындай  әдеби  кештер  мен  кездесулер  ол  кездерде  жиі  ұйымдастырылып,  әртүрлі  баспасӛз 

беттерінде жарияланып тұратын. Тіпті, Г.Потаниннің естелік жазбаларында да жиі байқаймыз. 

Алыста жүріп, саяси құқығынан да, дінінен де айрылған, экономикалық жағынан одан да ауыр 

халге душар болып отырған туған елін, Әлімхан бір сәтке де ойынан шығарған емес. Оны кейін ӛзі 

де жазды. Оның осы жылдардағы іс-әрекеті, туған халқының тағдыры бейтарап қалдырмайтын, елі 

үшін күресе алатын қайраткердің келбетін кӛрсете алады. Ол бұл жолда жалғыз болған жоқ. Томда 

оқитын  түрік  текті  жастармен  Ә.Ермеков  жақын  араласа  бастайды.  Оларды  шыққан  тектері  ғана 


емес,  туған  елдерінің  болашақ  тағдыры,  тәуелсіздік  үшін  күрес  жолы  ынтымақтастырды.  Оның 

Томда жақын араласқан пікірлес досы Ғариф Неометуллов (кей деректе Нигматуллин) болды. Ол, 

оның  пәтерінде  жиі  болып,  мұсылман  студенттері  қауымдастығына  бірге  қатысты.  Бұл 

қауымдастық әртүрлі ұлт ӛкілдерін біріктіріп, азаттық жолда күрес тәжірибесін жинақтауда, саяси 

сананың  ӛсуіне  айтарлықтай  рӛл  атқарды.  Сонымен  бірге,  Әлімхан  және  басқа  да  мұсылман 

студенттері тұрмыстық, қаржылай қиындықтар кӛргенде де осы қауымдастық ӛз кӛмектерін беріп 

тұрды. 

Томда оқыған жылдары Әлімханға үлкен әсер қалдырған адамдардың бірі – Шоқанның досы 



Николай  Михайлович  Ядринцев.  Тамаша  тарихшы,  этнограф,  археолог,  публицист,  фольклорист 

Н.Ядринцев  түркі  тілдес  халықтарды  зерттеуде  үлкен  үлесін  тигізді.  Оның,  Орхон-Енисей 

ескерткіштері жайлы, сол кездегі қазақтар тұрмысынан тамаша мәліметтер беретін зерделі ғылыми 

еңбектері,  тұжырымдары  бүгіндері  ӛте  маңызды.  «Сибирские  инородцы,  их  быт  и  современное 

положение»  (1891),  «Отчет  о  поездке  в  Восточную  Сибирь  (1887)  т.б.  еңбектерінде  шығыс 

халықтарының  тұрмыс-тіршілігін,  жан-жақты  қарастырған.  Мысалы,  Н.Ядринцев  ӛзінің  «Сибирь 

как колония» еңбегінде:  «Целью образования должно быть: внушение любви к своему племени, к 

судьбе его, а не стремление оттолкнуть его от прежней семьи, вырвать его и предоставить массам ту 

же нищету, несчастье и вымирание» деп жазған еді. Бұдан аңғаратынымыз, Ядринцев шәкірттеріне 

ең алдымен, «ӛз ұлтыңды, ӛз халқыңды сүй» деп ӛз заманында тәрбие берген. Бұл жас Әлімханның 

дүниетанымына, кӛзқарасына кейін қатты ықпалын тигізді. 

Жиырмасыншы  ғасыр  басында  Г.Потанин  кадет  партиясының  позициясына  кӛшеді.  Егер 

Алаш  партиясын  ұйымдастырушы  Ә.Бӛкейханның  кадет  партиясы  орталық  комитетінің  мүшесі 

болғандығын  ескерсек,  кӛп  мәселенің  мәнісі  аңғарылады.  Бұл  туралы  Ермеков  1932  жылғы 

мәлімдемесінде:  «Мен  студенттік  жылдарымда  Ядринцевтің  еңбектері  мен  Потанин  пікірлері 

бойынша тәрбиеленген едім. Сол сияқты басқа да Сібірдің тӛңкерісшіл жазушылары артта қалған 

елдердің  тағдырына  жаны  ашып,  кӛңіл  бӛліп,  мұндай  елдер  капиталистік  құрылыс  уақытында 

болатын шаруа тұрмысындағы, салтындағы ӛзгеріске шыдамайды, кӛтере алмайды деуші  еді.  Сол 

себепті социалдық реконструкция дәуіріндегі шаруашылық ӛзгерістері үлкен қорқу мен қобалжулар 

әкелді»  деп  жазған  болатын.  Сондықтан,  Ә.Ермеков  сияқты  (жалғыз  Ә.Ермеков  қана  емес, 

А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Әуезов,  С.Торайғыров,  т.б.)  Алашорданың 

қатарында  болған  қайраткерлер  дүниетанымын  олар  ӛмір  сүрген  орта  мен  сол  кезеңнің  ӛмір 

шындығын байланыстыра қарастыру керек. 

Енді,  Ә.Ермековтің  естелігінде  айтылған  Потаниннің  Қарқаралыға  жасаған  саяхатына 

тоқталайық.  Ә.Ермековтің  белгілі  орыс  ғалымымен  таныстығы  1912  жылдың  күзінен  басталады. 

Г.Потаниннің  Том  қаласындағы  ӛмірі  1902  жылдан  қайтыс  болған  1920  жылдарды  қамтиды. 

Самодержавиені  құлатуды  ойлаған  бірнеше  саяси  топтардың  одағына  мүше  болған  оның  саяси 

кӛзқарасына  байланысты  ешқайда  шығуға  құқығы  болмады.  Қазақ  халқының  және  Шоқан 

Уәлихановтың  замандас  досы  Потанин  жасы  келіп  қалса  да,  бұл  кезде,  алдыңғы  саяхатта 

жинақталған  материалдарын  сұрыптаумен  айналысуда  еді.  «Сибирская  жизнь»  басылымының 

беттерінде оның мемуарлары жиі-жиі жарияланатын. Белгілі ғалым халықтар арасындағы достықты 

уағыздап,  бұратана  халыққа  аса  зор  ілтипатпен  жаны  аши  қарап,  оның  тұрмысын,  салт-дәстүрін, 

ұлттық  мәдениетін  сақтап  қалуға  әрқашан  мұрындық  болған.  Ә.Ермеков  алғашқы  студенттік 

айлардан-ақ,  Сібірдің  алдыңғы  қатарлы  оқыған  зиялы  қауымына  жақын  болды.  Күндіз 

институттағы сабақтарында болып, ал кешке  ол Потаниннің пәтеріне асығатын. Мұнда ғалымның 

жақын достары жиналатын. Жазушылар  В.Анукин,  В.Шишков, Г.Вяткин, жергілікті  оқу орнының 

ғалымдары, атап айтқанда әлемге аты әйгілі зоолог М.Д.Рузский, 1909-1924 жж. Том технологиялық 

институтында физика кафедрасының меңгерушісі, физик-профессор Б.Вейнберг, геологтар М.Усов 

пен  А.Лавровский,  суретші  Г.Гуркин  келетін.  Бұл  отырыстарда  әр  түрлі  тақырыпта  ойлар  мен 

пікірталастар ӛрбитін. Потаниннің меймандары алдында Ә.Ермеков екі рет хабарлама жасап, орыс 

оқығандарын  қазақтың  ұлттық  ойындарымен,  ауыз  әдебиеті  мен  жыр-қиссаларының  мазмұнымен 

таныстырады. 

1913 жылдың кӛктемінде Г.Потанин ӛз достарына аңыздар, ертегілер мен ән-күй жинау үшін 

экспедицияға  шығатынын  мәлімдейді.  Оның  кӛздеген  жері  Орталық  Қазақстан,  Қарқаралы  уезі. 

Алдын-ала  келісім  бойынша  ғалым  ӛзінің  жас  досы  Ә.Ермековтің  ауылына  бармақ  болып  шешім 

қабылдайды. 



Қарқаралы  уезінің  халық  ауыз  әдебиетіне  бай  екендігін  ғалым  бұдан  бірнеше  жыл  бұрын 

білген.  1895  жылы  ғалымның  Ш.Уәлихановтың  –  әкесі  Шыңғыстың  ауылына  барғанда  оны 

Петербург  университетінің  студенті  Дінмұхамед  Сұлтанғазин  бастап  жүрген.  Ол  Тоқырауын 

ӛзенінің  жағасына  қоныстанған  бір  ауылдың  тумасы.  Тоқырауын  Қызыларай  тауларынан  бастау 

алады.  Сұлтанғазин  ғалымның  ӛтінішімен  кӛптеген  аңыз-ертегілерді  жазып  алып,  орысшаға 

аударған.  Бұл  ертегілердің  қолжазбалары  «Живая  старина»  редакциясының  қоржынында  кӛп 

жылдар жатып қалады да, тек 1916 жылы Г. Потаниннің алғысӛзімен және редакциялауымен жарық 

кӛреді. 


Батыс  Сібір  географиялық  қоғамының  Семей  бӛлімшесінің  ескі  жазбаларында  Г.Потаниннің 

Қарқаралыға саяхатына қатысты екі құжат табылды. Соның алғашқысында: «1913 жылдың 5 сәуір 

күні  В.Зайковскийдің  тӛрағалық  етуімен,  бӛлімше  атқару  комитетінің  мәжілісі  ӛткізілді.  Мұнда 

Батыс  Сібір  бӛлімінің  іс  басқарушысының  міндетін  атқарушы  А.Сидельниковтің  осы  жылдың 

жазында  Г.Потаниннің  қырғыз  (қазақ)  фольклорын  зерттеу  үшін  Қарқаралы  уезіне  баратындығын 

хабарлаған хаты тыңдалды» дейді. Мәжілісте оған 50 сом бӛлуге және кӛмек кӛрсету үшін орысша 

білетін қазақ интеллигентін тауып беру жӛнінде қаулы қабылданды. 

Екінші  құжат,  1913  жылдың  30  мамырымен  белгіленген.  Бір  қызығы  бӛлімше  Потанинге 

кӛмек  кӛрсету  жӛнінде,  оның  қызметіне  ерекше  назар  аударып  отырған.  Мұнда  оның  сапары 

кезінде  аудармашы  ретінде  ауыл  мектебінің  мұғалімі  Рақымбай  Сапақов  деген  азаматтың 

табылғанын,  оның,  Потанинді  Қарқаралыда  күтіп  алатыны  жайлы  айтылады.  Алайда,  отбасы 

жағдайымен  Р.Сапақов  ғалыммен  бірге  жүре  алмайтындығын  айтып,  ӛзінің  орнына  Шалымбеков 

деген студентті  ұсынған. Соңында, Том студенті  Ермековтің Потанинге аудармашы болуға алдын 

ала  келіскендіктен  Шалымбековті  әуреге  салудың  қажеті  жоқтығы  ескертіледі.  Сірә,  семейліктер 

Потанин мен Ә.Ермековтің алдын ала келісіп қойғанын білмей ол үшін Қарқаралыдан аудармашы 

іздестірген. 

Потанин ӛз экспедициясының томдық құрамына апалы-сіңілі Ворониналарды қосқан. Үлкені, 

Антонина  Уткина  –  Воронина  суретші.  Жаз  бойы  қырғыз  даласының  ӛмірін  қыл  қаламмен 

бейнелеуге  ниет  еткен.  Сіңілісі,  Екатерина  Том  университетінің  студенті,  жаратылыс  тану 

ғылымымен шұғылданып жүрген, оны қызықтырған нәрсе шалғай жердің ӛсімдік дүниесін зерттеу. 

Томнан  шыққан  бұлар  мамыр  айының  соныңда  Омбыға  бет  алады.  Мұнда  бірнеше  күн 

аялдайды.  Географиялық  қоғамның  Батыс  Сібір  бӛлімшесінің  комитеті  Потаниннің  келгенін  біліп 

мәжіліс ӛткізеді. Меймандар үшін Қарқаралы уезі, Едірей болысынан шыққан С.Жуандықов деген 

бақсы  мен  семейлік  С.Жиенбаев,  С.Сағабаевтардың  ұйымдастыруымен  арнайы  шағын 

этнографиялық концерт қойылады. 

Семейге  пароход  арқылы  жеткен  саяхатшылар  Қоянды  жәрмеңкесіне  де  соғады.  Потаниннің 

жазбалары  бойынша  Ермековтің  ауылына  барар  жолда  олар  Майлыбұлақтағы  Жақып  Ақбаевтың 

үйіне  түсіп  қонақ  болған.  Петербургте  оқыған,  орыс  мәдениетімен  жақсы  таныс  Ж.Ақбаев  та 

қонақтар  құрметіне  әнші-күйшілер  қатысқан  кеш  ұйымдастырады.  Кеште  Семей  гимназиясында 

оқитын  қазақ  жастары  орыс  ақындарының  ӛлеңдерін  оқиды.  Осы  оқиға  Потаниннің  күнделігінде 

«Необычайно было слушать стихотворения Некрасова от киргизской девочки-гимназистки», – деп 

жазылған.  Әсіресе,  Потанинге  қазақтың  лирикалық  әндері  қатты  ұнаған.  Қазақтың  музыкасын  ол 

«Ӛте бай» деп есептеген. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай кӛрінеді», — деп Потанин 

талай рет айтқан. Мүмкін осы бір кездесуден кейін болу керек, Потаниннің естеліктер күнделігінің 

беттерінде  мынадай  жазбалар  пайда  болады.  «Бұл  ӛңірде  Абай  Құнанбаев  деген  зиялы  ақынның 

есімі  кеңінен  мәлім.  Ол  ӛз  ӛлеңдеріне  ән  де  шығарған  екен.  Бұларды  ауыл  әншілері  айтып, 

тыңдаушыларына  автордың  есімін  жеткізіп  отырады».  Сӛйтіп,  Балқаш  тӛңірегіндегі  бір  ауылда 

Потанин ұлы Абайдың музыкалық мұрасы туралы білімін кеңейткен. 

Ә.Ермековтің  ауылында  қонақтардың  келу  қарсаңында  екі  киіз  үй  тігілді.  Бірі  Потанинге, 

екіншісі апалы-сіңілі Ворониналарға арналды. Потаниннің киіз үйі ғалымның әрі кабинеті іспеттес, 

бұған  Ә.Ермеков  әңгімешілер  мен  жыршыларды  шақырып  отырды.  Бастапқыда  бұлар  жергілікті 

жерден  іріктелді  де  кейін  басқа  шалғай  болыстардан  алдырылды.  Г.Потаниннің  жұмыс  уақыты 

таңертеңгі сағат оннан басталатын. Бірте-бірте ғалымның киіз үйіне әншілер, ақын, композиторлар 

жиналып оның қадірлі қонақтары болады. Қу болысынан атақты Ғаббас Айтбаев ат басын тірейді. 

Керекулік атақты әнші Майра Шамсутдинова осы ауылда бірнеше күн болады. Күйші-домбырашы 

әйгілі  ғалымға  күніне  бірнеше  рет  күй  тартып  қызмет  кӛрсеткен.  Сол  заманның  білімпазы  – 



балқаштық  Хасен  Бижанов,  ертекші  Аяпберген  Балабатыров  қазақ  халқының  ауыз  әдебиетінің 

тамаша  үлгілерін  кӛрсетті.  Потаниннің  ӛтініші  бойынша  бұл  шығармаларды  қолма-қол  орысшаға 

аударып,  қағазға түсіруге кӛмектескен Ә.Ермеков болатын.  «Барлығы 27 ертегі  жазылып  алынды. 

Мұның  ішінде  кӛп  кӛңіл  бӛлгенім  Әз  Жәнібек  хан,  Жиренше  шешен,  Алдаркӛсе,  Ер  Кӛкше,  Ер 

Тӛстік  және  басқа  да  ертегілер.  Екіншіден,  менің  жинағаныма  ӛз  кӛңілім  толды.  Бұл  сапар  маған 

бұрыннан  белгілі  кейіпкерлер  жайында  жаңа  деректер  берді».  Қазақ  халқының  баға  жетпес 

фольклорлық  мұрасына,  оның  талантты  әншілері  мен  күйшілерінің  ӛнеріне  ерекше  риза  болған 

Потаниннің  күнделігіне  жанашыр  кӛңілден  шыққан  тӛмендегідей  жылы  лебіздер  түскен:  «Долг 

русской интеллигенции принять меры к защите инородцев от вымирания, сделать их способными к 

самосохранению: лучшим средством этого является образование». 

Орыс  географиялық  қоғамының  Семей  бӛлімшесінің  хабаршысының  беттерінде  ғалым 

Ә.Ермековтің есімін ерекше кӛрсетеді. Ғалым сол жазда жиналған және орысшаға аударылған «Үш 

ойшыл»,  «Дариға  ару»,  «Едіге  батыр»  сияқты  ертегілер  жӛнінде  Ә.Ермековке  сілтеме  жасауды 

сұрайды. Бұл туралы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н.С.Смирнованың 

деректерінде  де  кездеседі.  Бір  айдан  кейін  Г.Потанин  жиналған  ертегілердің  әртүрлі  нұсқасынан 

ӛзіндік  қорытынды  шығарды.  Ол  Қарқаралы  ертегілері  Балқаш,  Ертіс  ӛңірімен  міндетті  түрде 

байланыстырыла айтылатынын атап кӛрсетеді. Әрбір айтып беруші адам Кент пен Қарқаралы, Қу, 

Қызыларай,  Едірей,  Кӛшубай  тау  сілемдерінің  әсем  жерлерімен  байланыстыруды  ӛз  парызы 

санайды  екен.  Г.Потанин  екі  ай  бойы  жайлауда  жұмыс  істеді.  Тамыз  айында  ӛзімен  бірге  болған 

серіктерімен кері қайтты. 

Ә.Ермеков  1913  –  1914  жылдың  қысын  Г.Потанинмен  бірге  ӛткізді,  оған  экспедиция 

жазбаларын ӛңдеуге кӛмектесті. Мұның нәтижесі келесі 1914 жылдың 10 ақпанында Императордың 

орыс  географиялық  қоғамы  Батыс  Сібір  бӛлімшесі  мүшелерінің  жиналысында  ғалымдарға 

мәлімделді.  Г.Потанин  беделді  жиынға  қатысушыларға  аңыз-әңгімелердің  мазмұны  ғана  емес, 

халықтың  тұрмыстық  салт-дәстүрі,  оның  ән-күй  мәдениеті  жӛнінде  айтып  берді.  Қазақ  халқының 

үлкен  досы  Потанин  қазақтар  туралы  тебірене  сӛз  сӛйлеп,  кӛшпелі  халықтың  болашағы  туралы: 

«Через  пятьдесять  лет  казахи  будут  поставлять  на  столичные  подмостки  певцов  и  музыкантов,  и 

может быть, с этого начнется их национальное возрождение»,  — деген кӛрегендік сӛздер айтады. 

Осы жылдың сәуір айында «Сибирская жизнь» газетінің (Томда шығатын) үш санында «Тоқырауын 

ӛзенінің  сағасында»  деген  тақырыппен  саяхатшы  ӛз  баяндамасының  толық  нұсқасын  жариялады. 

Г.Потанин  85  жыл  (1835-1920ж.ж.)  ӛмір  сүрді.  Мұның  алпыс  жылын  қазақ  халқының  ӛмірін  бар 

қырынан  зерттеуге  арнады.  Бұл  жерде  айта  кететін  бір  жай,  осы  күнге  дейін  оның  осынау  ұшан-

теңіз еңбегін ғылыми тұрғыда зерттеп, орынды баға берілмей келе жатқандығы. 

Бұл  сапар  экспедицияға  қатысқандардың  басқалары  үшін  де  жемісті  болды.  Осы  жиналыста 

Е.А.Воронина Қызыларай тауының ӛсімдіктер дүниесінен жасаған топтамасын кӛрсетті. Ал суретші 

А.Уткина — Воронина акварельмен салынған үлкен альбомын ұсынды. Кейін қылқалам шеберінің 

осынау туындылары оны Ресей Ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнография 

институтына  алып  келді.  Институт  директорының  орынбасары,  тарих  ғалымының  кандидаты 

Л.Сабурова мына жайларды айтады: «1915 жылы А.Уткина-Воронинадан музей 300 сомға оның 102 

ою-ӛрнек  суреттерін  сатып  алды.  Суретші  бұларды  Семей  облысы,  Қарқаралы  уезінде  тұратын 

қазақтардың  тұрмыстық  заттарынан,  үй-жиhаздарынан  кӛшіріп  алған,  дәлірек  айтқанда  қарап 

отырып  қағазға  түсірген.  1915  жылы  А.Уткина-Воронина  музейге  тағы  да  он  фотосуретін  сыйға 

тартты.  Оның  №2833  тіркеме  жазбасында  бұлардың  Семей  облысы  Қарқаралы  уезінің  қазақтары 

екені атап кӛрсетілген. Фотосуретте әйелдің киіз үй жанында жұмыс істеп жатқаны, ши тоқу,  киіз 

үй тігу, кілем тоқу, қария әже бойжеткеннің бас киімін ӛрнектеп отырған әйел бейнеленген». 

Потаниннің бұл саяхаты туралы сол жылдардың баспасӛзі біршама таратып жазды. Мәселен, 

С.Ольденбург: «Докладчика встречало много киргизов, которые находили сказочников и привозили 

их  к  нему»  деп  жазады.  Ал,  бұл  туралы  Н.Смирнова:  «Среди  этих  лиц  —  многочисленная  родня 

Чокана  Валиханова:  его  братья,  его  свояк  Муса  Шорманов  и  другие,  кто  собирал  материал  для 

Чокана,  а  затем  продолжали  для  Потанина,  позже  –  семейство  Султангазиных  и  Ермековых»  деп 

кӛрсетеді. 

Ә.Ермековтің ӛз ӛмірбаянында атап кӛрсеткендей, Ресейде Ақпан революциясы басталғанда, 

ол  институттың  бесінші  курсында  оқып  жүрген.  Патшаның  тақтан  кетуін  қазақ  халқын  отарлық 


құрсаудан  босатар  қоғамдық  ӛзгеріс  деп  танып,  ӛзге  де  әріптестерімен  Семей  қаласына  оралады. 

Мақсат – «Елді ояту, саяси ӛмірге араласу».  

Тәуелсіздік  үшін  күрес  жолына  түсуін,  Ә.Ермеков  1932  жылғы  ӛзінің  ашық  хатында:  « 

…Қазақстан  –  ертедегі  тарихи  себептермен  артта  қалған  ел.  Бұл  –  менің  туып  ӛскен  жерім, 

сондықтан  оның  дамып  келе  жатқан  құрылысының  майданында  адал  қызмет  ету  менің  ендігі 

борышым, …әділдік жолмен елдің тағдыры, барлық адам баласының тағдыры шешіліп жатса, ӛзіме 

тыныштық іздеп, қиыншылықтан қашып, тайып шықсам, оны үлкен қылмыс санаймын» деп жазған 

еді. Бұл – шындық, бұл – нағыз ұлт қамын ойлаған зиялының аузынан шыққан сӛз.  

Сонымен,  Ә.  Ермековтің  ӛскен  және  білім  алған  ортасы,  қоғамдық-саяси  кӛзқарасы  мен 

қызметінің  бастапқы  кезеңі  тарихи  оқиғаларға  толы  Сібірдегі  Том  қаласында  ӛтті.  Сол  қалада  ол 

Ресейдегі  монархиялық  билікке  қарсы  жүргізілген  демократиялық  қозғалыстардың  куәсі  болды 

және бұл оқиғалар оның болашақ күрес жолында тәжірибе жинақтауға сӛзсіз үлесін тигізді. 



 

Қ. ӚСКЕМБАЕВ, 

Е.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, тарих 

ғылымдарының кандидаты 

 

Орталық Қазақстан. - 2016. - 20 қыркүйек (№ 154/155). - 8 б.  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал