Әлеуметтік пәндер кафедрасы



жүктеу 292.01 Kb.

бет1/3
Дата27.01.2017
өлшемі292.01 Kb.
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

ААТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_______________2016г.  

 

 

 

 

 

Fil 2111 – ФИЛОСОФИЯ  

5В070300  –  Ақпараттық  құралдар;  5В070400  –  Есептеу  техникасы  және  бағдарламалық  

қамтамасыз  ету;  5В071700  –  Жылу  энергетикасы;  5В071800  –  Электр  энергетикасы; 

5В071900  –  Радиотехника,  электротехника  және  телекоммуникация;  5В073100  –  Өмір 

тіршілігінің  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; 5В081200 – Ауыл шаруашылығын 

энергиямен  қамтамасыз  ету;  5В060200  –  Информатика;  5В074600  –  Ғарыштық  техника 

және технологиялар; 5В071600  – Аспап жасау; 5В100200 – Ақпараттық  қорғау жүйелері 

мамандықтарына арналған syllabus 



 

 

                                                                                                            

 

 

Курс  



2   

Семестр  

3,4 

Кредит саны  



ECTS кредит саны  

Жалпы сағат көлемі   135 



Дәріс  

30   


Мамықтану (сем)  

15  


ОӨЖ  

90 


оның ішінде СОӨЖ   30    

Семестрлік жұмыс  

Емтихан  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы 2016 



Syllabus  құрастырған:  проф.,  ф.ғ.к.  Мухамеджан  Қ.Ш.,  аға  оқытушы  Жарқынбаев 

Е.Е. жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.  

Syllabus 

әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  мәжілісінде  10.06.2016ж.,_№10 

хаттамасында мақұлданды.  

 

 



Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т.  

 

 



Syllabus  Аэроғарыштық  және  ақпараттық  технологиялар  факультетіндегі  оқу-

әдістемелік  комиссиясының  мәжілісінде  қаралып,  бекітілген.  («28»__06  2016ж.,  №6 

хаттама).    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


1 Оқытушылар: 

Мұхамеджан Қуаныш Шәкіртұлы – ф.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Сәбит Мұрат – ф.ғ.д., АЭжБУ профессоры, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Шицко Виктория Леонидовна – ф.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Шаракпаева Гульнар Дмитревна – ф.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Жарқынбаев Елзат Еркенұлы – АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.   

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

 

2  Аудиторилық  сабақтардың  жүргізілу  уақыты  және  орны  сабақ  кестінде 

көрсетілген  СОӨЖ  консультация  кестесі  Аэроғарыштық  және  ақпараттық 

технологиялар факультетінің деканаты (Г.Д. 409) және ӘП кафедрасының (А-314) ақпарат 

тақталарында көрсетілген.  

 

3 Оқу пәнінің сипаттамасы  



 

3.1  Пәннің  мақсаты  –  студенттерге  тұлғаның  қалыптасу  жағдайлары,  оның 

бостандығы,  табиғаты,  азаматтардың  адамзат  алдында  тұрған  парыздарын  түсіндіру 

тұрғысында  білім  беру.  Білім  беру  барысында  студенттердің  дүниеге  көзқарастарын 

кеңейте отырып, философиялық танымға үйрету. Бүгінгі күн талабына сәйкес азаматтыққа 

негізделген  демократиялық  қоғамның  негізіндегі  философиялық  білім  берудің  жүйесін 

ұсына  отырып,  философиялық  анализ  жасауға  үйрету.  Осының  негізінде  отанын  мақтан 

тұтатын, саяси мәдениеті жоғары тұратын студенттерді тәрбиелеу болып отыр. 

3.2  Пәннің  мәселесі  –  тұлғаның  қалыптасу  жағдайлары,  оның  бостандығы, 

табиғатты, жердегі тіршілікті, мәдениетті қорғауға деген жауапкершілікті, адамның басқа 

адамдармен  және  өзіне  деген  қатынастында  парасаттылық  парызын  түсінуге  мүмкіндік 

беретін білім қалыптастыру.  

Философия  курсын  оқытудың  мәні  –  студенттерде  –  болашақ  инженердің  бойында 

дүниенің  философиялық,  ғылыми  және  діни  бейнелер  туралы  түсінік  қалыптастыру. 

Адамның  мәні,  осы  өмірдегі  орны  мен  мақсаты  туралы,  адам  білімінің  сантүрлі 

формалары, олардың қазіргі қоғамдағы қызметінің ерекшеліктері туралы, этикалық және 

эстетикалық  құндылықтар  және  олардың    шығармашылық  пен  күнделіктегі  өмірдегі 

маңызы туралы көзқарасты қалыптастыру.  

«Философия»  курсы    қазіргі    заманғы    жоғары    білімді  маманға  қажетті  негізгі  

философиялық  және  ғылыми  мәселелерді қамтиды. Ол ең  алдымен  гуманитарлық  және 

әлеуметтік – экономикалық  білімдердің  негізгі  даму  кезеңдері мен  салалары,  әлемдік  

философияның  тарихы,  ғылыми  мектептер  мен  концепциялардың пайда  болуы  және  

маңызы  жоғары  сияқты    тақырыптарға  қатысты  болады.    Әсіресе    адамның    дүниеге 

көзқарасын, өмірлік  принциптері мен  рухани   мәдениетін жүйелі түрде  қалыптастырып  

дамытуға  бағытталған  бірден – бір  пән  болып  табылады.  

3.3 Пәнді сипаттау  

1.

 



Философия  тарихын  ойдың    көпжақты  бағыты  есебіндегі  процесс  ретінде  арап,  

оның рухани парасатылық мәнін алу.  

2.

 

Студенттерге  философияның    даму  кезеңдерін  оқытуда  түп  нұсқаудағы 



материалдарға  сілтеме  жасай    оытырып,  олардың  гуманитарлық  мәдениетін  дамытуға 

жадай жасау.  

3.

 

Жұмыстардың    дәстүрлі  және  белсенді  әдістерін  студенттік  топтарда    қолдана 



отырып,  келешекте  олардың    шығармашылыққа  деген  ұмтылыстарын    жетілдіру. 

Студенттерге  тарихи  философиялық    процестің    жалпы  сипаттамасын    түсіндіріп,  

философияның  даму  этаптарының  басты парадигмаларын  бағалауға үйрету.  

Екінші  бөлімнің  міндеттерін  студенттерге    оқытуда  тоқталатын  философияның 

бөлімдері  мынандай:  онтологія,  гносеологія,  әлеуметтік  философия,    философиялық  

антропология  және  аксиология.  Сондықтан    бұл  бөлім  студенттерге  философияны  

оқытудағы  дүниетанымдық  және  теоретикалық    әдістемелік  жағының    ары    қарай  

дамуына негіз болмақ.  

«Философия» курсын аяқталғаннан соң студент  



ұғымы болуы қажет  

-

 



философияның  өзекті  мәселелері  бойынша  философиялық  сұхбат  және  пікірталас 

жүргізу тәсілдерін;  

-

 

көпшіліктің  алдында  сөйлеу  және  өзіндік  көзқарасын  жазбаша  түрде  дәлелді 



баяндау және қорғау;  

-

 



философиялық білімдерді әртүрлі жеке жағдайларда және қоғамдық құбылыстарды 

сараптауда қолдана білу. 



білу:  

-

 



философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін, және бағыттарын

-

 



философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін;  

-

 



әлемдік және қазақ философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін

-

 



философияның  іргелі  мәселелерін,  олардың  қойлу  ерекшеліктерін  және 

философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін;  

-

 

адамды,  табиғатты  және  қоғамды  зерттеуде  қолданылатын  негізгі  философиялық 



теориялар мен әдістерді;  

-

 



қазіргі заманғы отандық және әлемдік философияның өзекті мәселелерін. 

қолынан келетіні:  

-

 



арнайы  философиялық  терминоологияны  және  философияның  категориялық-

ұғымдық аппаратын қолдануды;  

-

 

философиялық  түпнұсқа  мәтіндерімен  шығармашылық  және  сыни  түрде  жұмыс 



жасауды;  

-

 



зерттеліп отырған  философиялық  сұрақтар бойынша өз ойларын  логикалық  түрде 

баяндауды;  

-

 

философиялық білімнің генезисі мен дамуының ерекшеліктерін сараптауды;  



-

 

философияның  әртүрлі  мәселелері  бойынша  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруды 



және оны дәлелді түрде жақтауды;  

-

 



қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді;  

-

 



философияның  ережелері  мен  категорияларын  әртүрлі  әлеуметтік  ағымдарды, 

фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда қолдануды.  



3.4  Пәннің  қайта  деректермелері:  жаратылыстану  және  гуманитарлық  ғылымдар 

саласынан  мәлімет  беретін  орта  білімі  болуы.  Кез-келген  тақырыпты  талқылай  білуі. 

Абстрактілі ойлау деңгейі жоғары болуы.  

3.5 Пәннің кейінгі деректемелері: Әлеуметтану, саясаттану, құқық негіздері.  

 

4.Пәннің құрылымы және мазмұны 



 

4.1 Теориялық дайындық  (30 сағ.) 

Темы  


Тақырып (модулдер, бөлімдер) 

Дерек көзі 

1.

 

*  Филоофияның пәні, мақсаты және қызметтері 4 сағ. 



Конспект, 1,4,8 

2.

 



 

Ежелгі 


 

дүние 


философиясы. 

Қазақтардың 

алдыңғы 

философиясы. 

Ежелгі 

Шығыс 


философиясы. 

Антика 


философиясы. 4 сағ. 

Конспект, 1,2,3 

3.

 

 



Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы 4 сағ.  

Конспект, 1,3,9 

4.

 

 



Қайта Өркендеу дәуірі философиясы 1 сағ. 

Конспект, 1,3,8 



5.

 

 



Жаңа Дәуір философиясы. 1 сағ. 

Конспект, 1,3,8 

6.

 

 



XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы. 2 сағ.   Конспект, 1,8,9 

7.

 



 

Классикалық неміс философиясы. 2 сағ.  

Конспект, 1,8,9 

8.

 



*  XVIII ғ. соңы – XXI ғ. басындағы философия. 1 сағ.  

Конспект, 1,5,6 

9.

 

*  Қазақ философиясы.  1 сағ.  



Конспект, 3,10,12 

10.


 

 

Болмыс – онтологияның орталық категориясы. 1 сағ.  



Конспект, 1,5,7 

11.


 

*  Даму принципі: диалектика және синергетика. 1 сағ.  

Конспект, 1,3,5 

12.


 

 

Танымның  мүмкіндіктері  мен  шекаралары.  Ғылыми  танымның 



ерекшеліктері. 3 сағ.  

Конспект, 1,2,7 

13.

 

 



Философиялық антропология. 1 сағ.  

Конспект, 1,7,8 

14.

 

 



Әлеуметтік философия. 2 сағ.  

Конспект, 1,2,4 

15.

 

 



Қазіргі  заманның  жаһандық  мәселелерін  философиялық 

пайымдау. 2 сағ.  

Конспект, 1,5,6 

Ескерту:  белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді, 

 қалғандары СӨЖ көлемінде оқиды. 

 

Тақырып №1. Филоофияның пәні, мақсаты және қызметтері.  

 Философиялық  білімнің    негізгі  сипаттары.  Философияның  ппайда  болу 

алғышарттары.  Философияның  мақсаты  мен  мәні.  Философияның    анықтамасының, 

формаларының және бағыттарының кқптұрлілігі. Көзқарас және философия. Мифология, 

дін және философиясының  арақатынасы.  

Философияның  қызметтері:  көзқарастық,  болжамдық,  сыни,  рационлдау  және 

жүйелеу. 

Философияның  негізгі  бөлімдері:  онтология,  гносеология,  философиялық 

антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, аксиология.  

Философия  мен  философтың  адам  және  қоғам  өміріндегі  рөлі.  Философиялық 

пайымдаудың типтері. Ұлттық және қазіргі заманғы философиялық ойлау ерекшеліктері.  

 

Тақырып  №2.  Ежелгі    дүние  философиясы.  Қазақтардың  алдыңғы 



философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы.  

Қазақтардың алдыңғы философиясы. Қазақтардың философиялық дүниетанымының 

қалыптасу  алғышарттары.  Қазақстан  территориясында    ежелгі  мәдениет  формаларының 

қалыптасуы  және  ауысуы.  Протоқазақтардың  алдыңғы  философиясы.  Андрондық  және 

беғазы-дәндібай 

мәдениеттерінің 

құрылымындағы 

көзқарастық 

элементтер. 

Протоқазақтардың  дәстүрлі  сенімдері.    Тәңірге,  Жер-Суға,  Ұмайға  сиыну.  Қазақтардың 

өзіндік философиялық көзқарасының  қалыптасуына кқрші өркениеттердің әсері.  

Көшпелі  өмір  салтының  негізгі    сипаттамалары:  табиғатпен  біртұтастық,  үздіксіз 

жаңару  мен  қозғалысқа  ұмтылыс,  ой  еркіндігі,  адамгершілікті  жоғары  қою.  Қазақ  

халқының философиялық ойлауының вербальдік-дискурстік сипаты.  

Қазақтардың  философиялық  дүниетанымының    негізгі  категориялары:  «дүние», 

«өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «қағанат», «кісілік», «ізгілік», «жақсылық», 

«жамандық», «бақыт».  

Ежелгі  Шығыс  философиясы.  Ежелгі  Шығыс  философиясының  әлемдік 

философиясындағы  орны.    Руханилықтың  шығыстық  дәстүрі  –  ежелгі  Шығыс 

философиясының ерекше белгісі. 

Веда мәдениетінің аясында ежелгң Үнді философиясының қалыптасуындағы діннің 

рөлі.  Ведалардағы  дүние,  адам,  қмір  туралы  алғашқы  философиялық    түсініктер.  

Самхиттер, 

брахмандар, 

Араньяктар 

– 

Ведалардың 



құрамдас 

бөліктері. 

Упанишадалардағы  философиялық  санының  элементтері.  Ежелгі  Үндінің  ортодоксалды 

және ортодоксалды емес философиялық  мектептері.  Буддизм философиясы. Адамның өз 

күшімен  адамгершілікті  тұлға  болып  қалыптаса  алу  қабілетін  жария  ету.  Адам  рухын 


сыртқы  материалдық  дүниеге  қарсы  қою.  Үнді  философиясының  әлемдік  аддамзаттық 

ойға мықты әсері.  

Қытай  философиясының  прагматикалық  сипаты.  Қытай  жазуының  ескерткіштері: 

«И  цзин»,  «Ши  цзин»,  «Шу  цзин»  -  Қытай  философиясының  бастауы.  Дүниемен, 

қоғаммен  және  өзіңмен  үйлесімділік  –  ежелгі  Қытай  философиялық  ойының  басты 

философиялық принципі.  

Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-цзы, дао, ди, инь 

и  ян,  ли,  сяо,  тянь-ся,  ци,  у-вэй  категорияларының  заттардың  иерархиялық  тәртібін 

орнатудағы рөлі.  

Конфуций  ілімі  –  этикалық-әлеуметтік  ілім  және  ерекше  мемлекеттік  саяси 

концепция.  Ақсүйектік  даналық  пен  қарапйым  халықтың  сенімдері  арасындағы 

сабақтастықты  қамтамасыз  етудегі  даосизм  философиясының  рөлі.  Мо-цзының  таным 

теориясы  және  этикалық-саяси  идеялары.  Қытай  практицизмін  қалыптастырудағы  Мо-

цзының он принципі. Легизм адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды 

қайта өзгерту туралы.  

Ғылыми  білімнің  қалыптасуы  –  ежелгі  Египетте  философиялық  ой  дамуының 

ерекшелігі.  Адамның  мәні  туралы  сұрақтың  қойылуы.  «Өлілер  кітабы».  Ежелгі  Египет 

философиясының  ежелгі  Грецияның  және  бүкіл  әлемнің  ғылымы  мен  философиясына 

әсері.  

Антикалық  философия.  Ежелгі  Греция  философиясының    генезисі.  Экономикалық 

қатынастар  еркіндігі  –  рухани  мәдениеттің  өркендеу  негізі.    Ежелгі  грек  полисінің 

өміріндегі    философияның  айқындаушы  рөлі.  Философияның  Милет  мектебі,  Фалес, 

Анаксимандр,  Анаксименің  натурфилософиялық  ілімдері  және  Европа  ғылымы  мен 

философиясының қалыптасуы.  

Элея  мектебі.  Парменид:  Ғалам  туралы  көзқарастар.  Ксенофанның  дүние  туралы 

түсініктеріндегі  пантеизм  бастаулары.  Эфестік  Гераклит  философиясының  қарама-

қайшылықтылығы.  Антикалық  философиядағы  атомизм.  Эмпедокл  «барлық  заттардың  

тамырлары»  болып табылатын төрт стихия туралы. Анаксагор:  табиғат  – мәңгі  және өте 

ұсақ    бөлшектердің  шексіз  көптігі.  Демокрит:  дүниеде  бәрі  атомдардан  және  олардың  

қозғалысына тұрады.  

Пифагордың  сандар  және  олардағы    сәйкестік  туралы  ілімі.  Бүкіләлемдік 

үйлесімділік  – Құдайдың жетілген көрінісі.  Софистер мектебі. Софистер  – даналық  пен 

асыл қасиеттерге үйретушілер. Риториканы мемлекеттік істерде жеңіске жете білу ретінде 

түсіну.  

Сократ:  адам  мәселесіне  бұрылыс.  Сократтың  рационалдық  этикасы.  Философия  – 

ақылсыну емес, асыл қасиетке ие және әділ адамды қалыптастыру құралы. Ақиқат білімге 

жетудің Сократ ұсынған әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. Сократтың логикасы.  

Платон:  идеялар  –  ақиқат  болмыс.  Платонның  мінез  мемлекет  туралы  ілімі. 

Платонның этикасы.  Ақыл-ойлы, аффектілі, құмарлық билеген жан  – асыл қасиеттердің 

және адамдардың әртүрлі типтері.  

Аристотель  философиясының  энциклопедизмі.  Оның  категориялар,  материя  және 

формалар  туралы  ілімі.  Аристотель  логиканың  танымдағы  әдістемелік  маңызы  туралы. 

Жан және ақыл-ой туралы ілім – Аристотель этикасының негізі. Аддам – саяси мақұлық.  

Грек  демократиясының  IV  ғ.  соңындағы    дағдарысы  және  ленинизм 

философиясының  қалыптасуы.  Мызғымастық  және  салмақтылық  –  стоиктердің  өмірлік  

идеялары.  Адам  және  оның  бақыт  -  Эпикурдың  философиялық    пайымдауының  негізгі 

нысандары.    Гедонизм:  рахаттану  –  өмірдің    жалғыз  мәні.    Киниктер  философиясы  – 

табиғилық    пен  жеке  еркіндікті  уағыздау.  Диогенннің  аскетизмі.  Сенеке  философияның  

адам  өміріндегі    рөлі  туралы.    Маркс  Аврелийдің  мәңгілік  туралы  пайымдаулары.  Марк 

Туллий  Цицерон  философиясының    практикалық  сипаты.  Пирронның  скептицизмі. 

Алғашқы  философ  әйел  Ипатияны  жазалау  –  адамзат  ойы  тарихындағы  ғажайып  антика 

дәуірінің аяқталуы.  



Тақырып №3. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы.  

Ортағасырлық  араб-мұсылман  философиясының  қалыптасуына  әсер  еткен 

факторлар,  оның  даму  кезеңдері.      Мұсылмандық  діни  ілімнің  қалыптасуы. 

Мутакаллимдер  мен  мутазилиттердің  Құранды  түсіндіруі.  «Таза  ағайындардың» 

неполатонизмі.  

Классикалық суфизмнің философиялық қырлары. Өмір сүріп отырғанның бәрі Құдай 

және  Құдай  бәрінде  өмір  сүреді.  Мухиддин ибн  Араби:  әмбебап  адам  концепциясы.  Әл-

Ғазалидің  құдайы  алғашқысебепті  рационалды  түсінуді  сынауы.  Суфизмнің  түркілік 

тармағы.  Қожа  Ахмет  Йасауи;  әлемдегі  және  өзіндегі  Құдайды  «басынан  кешіру»  және 

жету тәжірибесі.  

Араб-мұсылман  философиясындағы    универсализм,  энкиклопедизм,  пантеизм  және 

перипатетизм. Әл-Кинди: ақыл-ой – дүниені танып-білудің жалғыз бастауы және өлшемі. 

«Екінші  Ұстаз»  Әл-Фараби  білімінің  энциклопедизмі.  Әл-Фарабидің    онтологиясы,  

гносеологиясы, логикасы, натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің 

қайырымды қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғылымдар классификациясы. Ибн 

Рушд:  философияны  ортодоксалды  мұсылмандықтан  қорғау.  Жүсіп  Баласағұнның  адам 

мен қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұд Қашғаридің түркі  энциклопедиясы. 

Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының Европаның ғылыми ойына айқындаушы 

әсері.  

Ортағасырлық  Европада  христиандықтың  таралуы.  Рим-католик  шіркеуінің 

орталықтандырылған,  экономикалық,  идеологиялық  және  саяси  мықты  ұйымға  айналуы. 

Апологетика  –  христиандық  көзқарасты  философиялық  құралдар  арқылы  негіздеудің 

бірінші  талпынысы.  Юстин,  Татиан,  тертуллианның  ілімдері  –  христиандықты 

философияға қарсы қою. Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері.  

Патристиканың  екінші  кезеңі.  Августин  Аврелий,  дионисий  Ареопагит,  Максим 

Исповедниктің еңбектеріндегі философияның христиандық догматикасы.  

Теологияны  антикалық  философияның  элементтері  арқылы  логикалық  түрде 

негіздеу ретінде схоластиканың ерекшеліктері. Северин Боэций мен Иоанн Эриугенаның 

ілімдері.  Ансельм Кентерберийский; Құдай болмысының төрт дәлелі. Номинализм және 

реализм:  универсалийлер  туралы  пікірталастар.  Пьер  Абелярдің  бірқалыпты  реализмді 

дамытуы.  Фома  Аквинскийдің  Құдайтанымы.  Уильям  Оккам:  ақыл-ой  мен  сенімнің, 

философия  мен  діннің  бөлінуі.    Ортағасырлық  философиялық  ойдың  философия 

тарихындағы рөлі.  

 

Тақырып №4. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы . 

Қайта Өркендеу дәуірі философиясының қаолыптасуының әлеуметтік-экономикалық 

алғышарттары.  Өнер  мен  жартылыстану  ғылымдарының  гүлденуі.  Және  оның 

философиялық  ойға  әсері.    Теоцентризмнен  антропоцентризмге  өту.    Гуманизм  –  Қайта 

Өркендеу  дәуірінің  ерекше  белгісі.  Данте  Алигьери:  Франческо  Петрарка,  Колюччо 

Солютати:  адами  бастауды  асқақтау.  Лоренцо  Валла,  Марсилио  Фичино,  Леонардо  да 

Винчидің антропоцентризмі. Пико делла Мирандоло; адам – ғаламның орталығы және өз 

бақытын  жасаушы.  Мишель  Монтень:  адам  тұлғасының    тәуелсіздігін  және 

толыққандылығын қорғау.  

Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары. Никколо Макиавелли: «мақсат 

құралдарды  ақтайды».  Томас  Мордың  ерік  еркіндігі  туралыы  гуманистік    принципі. 

Томмазо Кампанелланың теократиялық мемлекеттік құрылымы.  

Реформация 

– 

адамды 


ренессанстық 

асқақтауға 

қарсылық. 

Шіркеудің 

монополиясына  Мартин  Лютердің  қарсы  шығуы.  Шіркеу  басшылығын  Эразм 

Роттердамскийдің әжуа етуі. Жан Кальвин: Құдай Сөзі арқылы құтқарылу.  

Ғылым  мен өнердегі платонизм, неоплатонизм және аристотелизм концепциялары. 

Николос Кузанский, Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей және Иоганн 



Кеплердің  ілімдерінің  ортағасырлық  схоластикадан  арылудағы  рөлі.  Дүниенің 

гелиоцентристік бейнесінің қалыптасуы.  

 

Тақырып №5. Жаңа Дәуір философиясы. 

Капиталистік  өндіріс  тәсілінің  қалыптасуы,  шіркеу  беделінің  құлдырауы  және 

ғылымның    өркендеуі.  Жаратылыстану  ізденістерін  дамытуды  көздеген  прогрессивті 

буржуазия  табының  пайда  болуы.  Таным  әдістерін  (методтарын)  іздеу:  эмпиризм  және 

рационализм,  материализм  және  идеализм.  Дүниенің  жаңа,  механикалық  бейнесі. 

Философияда «субъект-объек қатынастары» принципінің үстемдік етуі.  

Фрэнсис Бэкон  – танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін қалаушы.   «Білім  – 

күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивтік әдісі.  

Рене  Декарттың  рационализмі.  Дәлелді  білімге  қол  жеткізудегі  ойлау  ережелері. 

Сібстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және Декарттың дуализмі.  

Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт  теориясы.  

Джон  Локк:  қоғамның  табиғи  күйі  –  еркіндік  пен  теңдік.  Биліктің  үш  тармағы 

туралы Локктың ілімі – болашақ демократиялық мемлекеттің іргетасы.  

Субстанция  мәселесін  шешудегі  Бенедикт  Спинозаның  пантеизмі.  Спинозаның 

этикасы: еркіндік дегеніміз танылған қажеттілік.  

Готфрид Лейбництің монадологиясы.  

Джордж  Берклидің  субъективтік  идеализмі.  Давид  Юмнің  солипсизмі.  Ағылшын 

эмпиризмнің дағдарысы.  

 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал