Әлеуметтік пәндер кафедрасы



жүктеу 105.23 Kb.

Дата26.05.2017
өлшемі105.23 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

ААТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_______________2015г.  

 

 

Пәндік Syllabus 

Rel (факультатив) – Дінтану 

  

 

Мамандықтар:   

5В070200 – Автоматтандыру және басқару 

5В070300 – Ақпараттық құралдар  

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету 

5В071700 – Жылу энергетикасы 

5В071800 – Электр энергетикасы 

5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация  

5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 

5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету  

5В060200 – Информатика  

5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар 

5В071600 – Аспап жасау   

5В100200 – Ақпараттық қорғау жүйелері 

 

 



Курс  

3   


 

Семестр  



 



ЭЭ, ӨТҚжҚОҚ, 

АШЭҚЭ, АжБ, 

ЖЭ 

АЖ, ҒТжТ, ЕТжБҚЕ, 



АҚ, Инф, РЭжТ, 

АҚЖ 


Кредит саны  

 



ECTS кредит саны  

 



Жалпы сағат көлемі   8 

 

Дәріс  



8   

 

Мамықтану (сем)  



 

 

СОӨЖ  



    

 

СӨЖ  



 

 

Семестрлік жұмыс  



 

 

Сынақ 



 



 

 

 



Алматы 2015 

Syllabus  құрастырған:  проф.,  ф.ғ.к.  Абдуллина  З.А.,  аға  оқытушы  Жарқынбаев  Е.Е. 

жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.  

Syllabus  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  мәжілісінде  18  маусым  2015  ж.  №  12 

хаттамасында мақұлданды.  

 

 

Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т.  



 

 

Syllabus  Аэроғарыштық  және  ақпараттық  технологиялар  факультетіндегі  оқу-



әдістемелік  комиссиясының  мәжілісінде  қаралып,  бекітілген.  («25»  маусым_2015ж., 

№9_хаттама).    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1 Оқытушылар: 

Абдуллина Зарема Альфредовна – ф.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А314 каб.   

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, 

zarema@aipet.kz

 

Жарқынбаев Елзат Еркенұлы – АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.   

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

 

2  Аудиториялық  сабақтарды  өткізу  уақытымен  орны  Аэроғарыштық  және 

ақпараттық  технологиялар  факультеті  деканатының  хабарландыру  тақтасында  кесте 

бойынша көрсетілген (Д409) және ӘП кафедрасы (А314).  



 

3 Оқу пәнінің мінездемесі 

3.1  Пәннің  мақсаты  –  діннің  шығу  тарихы  мен  еркін  ойлаудың  тарихи  кезеңдері 

туралы, діндердің догматтық незідреінің тарихы, олардың қоғамның барлық саласындағы 

қызметтері мен орны туралы объективті ақпарат беру, сондай-ақ дінді зерттеуші танымал 

ғалымдарының  еңбектерімен  таныстыра  отырып,  діни  доктриналарды,  діни  бірлестіктер 

мен  олардың  өкілдерінің  қызмет  ету  ерекшеліктерін  сыни  талдау  біліктілігін 

қалыптастыру болып табылады.  

Бүгінде қоғамның даму тенденциясы ретінде діни факторлардың рөлінің әлеуметтік 

мәдени кеңістікте дамуы болып табылады. Дін адамзат тарихының бөлінбес бөлігі ретінде 

әрбір    кезеңде  көрініс  тапты.  Көне  әлеуметтік  институты  ретінде    қоғам    мен  адамның  

практикалық  және    рухани  өмірін  ретке  келтіруші  болып,  әлеуметтік  стандарттарды 

қалыптастырады.    Бүгінгі  күрделі  қоғам  әртүрлі  дәстүрді  бойына  жинақтаса  да  көне 

рухани дәстүрмен байланысын үзген емес.  

Аз  уақыттың  ішінде  болған  өзгеріс  түбегейлі  өзгерістер  әкеліп,  кеңістік  кезеңнен  

кейін    мемлекет    пен  дін  арасында    және  дін  мәдениетінде  өзгерістер  әкеліп,    діни  

құндылықтарды    қайта  қарау  арқылы  адамзаттың  қалыптастыундағы  рухани  дамуды 

қарастырады.  



3.2 Курс міндеті –  әлемнің негізгідіни дәстүрлерінің тарихы мен қазіргі жағдайын, 

олардың ілімдік, рәсімдік-құрыптық және құрылымдық ерекшеліктерін, өазара әлеуметтік 

қарым-қатынастарын  және  қоршаған  орта,  билік  құрылымдарымен  байланысын;  діннің 

даму  тарихындағы    құбылыстарды  жан-жақты  талдау;  діни  догматиканың  әр  түрлі 

аспектілерін, конфессияаралық қатынастардың өзекті мәселелерін талдау барысында білім 

алушыларға  өз  ұстанымын  қалыптатсыруға  үйрету;  студенттерде  төзімділік  пен 

конфессияаралық сұхбат мәдениетін қалыптастыру.  

3.3  Курс  сипаты  –  Дінтану  курсы  3-ші  курс  студенттерінің  күндізгі  бөлімінде 

барлық мамандықтарда оқытылады. Жалпы сағат саны – 8 семинар, оның ішінде дәріс – 8 

сағат.  

Дінтануды  оқыту  барысында  бүгінгі  Қазақстан  территориясында  көне  заманнан 

бүгінгі  күнге  дейінгі  діни  –  мәдени  даму  мен  тарихи  даму  барысындағы  әлеуметтік-

экономикалық,  этикалық,  саяси  жағдайлардың  қыр-сыры  қарастырылады.    Халықтардың 

және  мемлекеттердің  тарихи  даму  заңдылықтары  мен  кейбір  тұлғалардың  үлесі  жайлы 

айтылады.  

Пән мазмұнын мегеру деңгейіне қойылатын талаптар 

Пәнді оқу соңында студенттер:  



білу тиіс: негізгі әлемдік діндердің мәнін және жалпы сипаттарын, ғылым мен діннің 

негізгі  қағидаларының  ерекшеліктерін,  ұлттық  және  әлемдік  діндердің  діни  ілімі  мен 

культтерінің ерекшеліктерін, әлем мен адамға қатысты діни көзқарас ерекшелілігін, әлем 

діндерінің  адамгершілік  нормаларын.  Ұждан  бостандығы  мен  діни  төзімділік 

мәселелеріне  қатысты  дінтанудың  негізгі  категорияларын,  түрлі  діни  жүйелердің  негізгі 

діни  ілімін,  түрлі  діни  концепциялардың  теориялық    ережелерін,  діни  жүйенің  заманауи 

ахуалын.  Діни  саладағы  Қазақстанның    мемлекеттік  саясатының  конституциялық  –

құқықтық негізін білу; 



 

істей  алу  керек:  негізгі  замануи  конфессияларды,  діни  саладағы  әлемдік  және 

қазақстандық  заңнама,  оқу  барысында  алынған  білім,  дағдыларды  қолдана  білу,  діни 

дәстүрлер    мазмұнын  білу,  діндердің  дүниетанымдық  және  әлеуметтік-адамгершілік 

маңызын  түсіндіру;  алған  білімді  ғылыми  зерттеу,  педагогикалық  және  жалпы  мәдени 

салада қолдана білу, көпконфессиялы ортада еркін бағдарлана білу, догматикалық  және 

культтік белгілеріне орай діни конфессияларды ажырата алу.  



игеру  керек:  діни  сана  мен  діни  қатынастардың  дамуының  қазіргі  мәселесі  мен 

көкжиегін  талдай  білу,  діни  негізде  әлеуметтік  дау-дамайды  болжай  білу, 

конфессияаралық  сұхбатты  жүргізу,  төзімділік  негізінде  оқу-педагогикалық  және  тәрбие 

беру қызметін ұйымдастыруды меңгеруі.  



3.4 Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану. 

3.5 Пәннің постреквизиттері: құқық негіздері.  

 

4.Пәннің мазмұны және құрылымы 



4.1. Теориялық дайындық  

 

тақыры


п  

Тақырып (модулдер, бөлімдер) 

Дерек көзі 

1.

 



 

Дінтануға кіріспе 0,5 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4 

2.

 



 

Адамзат мәдениетіндегі діннің орны 0,5 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4 

3.

 



 

Дін: тарихи формалары мен қазіргі заман 1 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4 

4.

 



 

Буддизм: діни ілім негіздері мен культі 1 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 

5.

 



 

Христиандық: тарихы мен қазіргі кезеңі 1 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 

6.

 



 

Қазіргі әлем мен Қазақстандағы исламның орны мен мәні 1 

сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 



7.

 

 



Қасиетті жазбалар мәдени ескерткіштері ретінде 0,5 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 

8.

 

 



Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер 1 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 

9.

 

 



Қазіргі дінаралық ерекшеліктері 0,5 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 

10.

 

 



Дін, мемлекет, саясат 1 сағ.  

Конспект, 1,2,3,4,5 



Қорытындысы: 

8 сағ. 

 

Ғылыми білім жүйесіндегі дінтану 

Дінтану  пәні,  дінтанудың  философиялық  ғылымдар  жүйесіндегі  орны.  Діни  және 

ғылыми білімнің ерекшелігі. Жалпы болмысты тану жолындағы білім мен сенімнің рөлі. 

Көрінетін  және  көрінбейтін,  жердегі  және  көктегі  әлемдердің  бірлігі  ретінде  болмыстың 

екі  полярлығы.  Дүниелік  және  құдайылық,  формальді  және  диалектикалық  таным 

логикасының  бірлігі  мен  ерекшеліктері.  Олардың  сезімдік    және  рационалды  таныммен, 

интеллектуалды  және  рухани  құндылықтармен  байланысы.  Дінтану  таным  пәні  ретінде. 

Қоғамдық ойдың даму тарихындағы дін. Дін туралы түсініктердің дамуы. Дінді зерттеуге 

философия,  социология,  психология,  мәдениеттану,  тарих  және  басқа  ғылымдардың 

қосқан үлесі., дінді зерттеудегі негізгі бағыттар мен мектептер. Қазақстан ғалымдарының 

дінді зерттеуі.  Дінді зерттеудің ғылыми және ғылымнан тыс жай күйі. Ғылыми білім және 

замануи білім беру жүйесіндегі дін тарихы.  

 

Адамзат мәдениетіндегі діннің орны  

Адамның  мәдениеті  мен  рухани  қажеттіліктері.  Қажеттілік  өмірлік  бағдардың 

бастауы,  мәні,  қозғаушы  күші  және  бағдары  ретінде  жағымды  және  теріс  құндылықтар. 

Өмір эволюциясы баға мен құндылықтың өлшемі ретінде. Даму қайшылығы, прогресс пен 

регресс.  Мәдениет  және  антимәдениет,  олардың  көрінісі,  өркениеттегі  мәдениеттердің 

бірлігі. Рухани өмір мен рухани мәдениет.  Адам қажеттіліктерінің саналық алуантүрлілігі 

негізінде жатқан  қоғамдық сана формаларының жүйесі. Әлеуметтік мұрат және қоғамның 


әлеуметтік  жалған  мұраттың  айқындаудағы  ғылымның  және  саясаттың  философия  мен 

діннің рөлі.  

 

Дін: тарихи формалары мен қазіргі кезең.   

Діннің  шығуы мен пайда болуының себептері мен мәселелері: түсіндірме тәсілдері 

мен  ыңғайлары.    Дінді  жіктеу  қағидалары.  Діни  сенімнің  мазмұны    мен  жіктемесі. 

Дінніңтарихи  типтері  мен  формалары.  Батыс  пен  Шығыс  діні.  Діннің  тарихи 

формаларының  алуантүрлілігі  мен  бірлігінің  мәселесі.  Мәдениет  жүйесінде  діннің  орны. 

Діни тәжірибе мн әлеуметтік шындық.  Діни тәжірибенің әлеуметтік формалары. Дін мен 

қоғамдық прогресс. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларына діннің ықпал ету ерекшеліктері. 

Дін  қоғам  тарихындағы  әлеуметтік    мәдени  институт  ретінде.  ХХІ  ғасырдағы  дін. 

Посинтустриалды  әлемдегі  діннің  даму  үдерісі.  Қазіргі  қоғамдағы    ру-тайпалық  діндер.  

Шамандық.  Қазіргі  өркениет  жағдайында  жаңа  пұтқа  табынушылық  феномені.  Діннің 

дәстүрден  тыс  формалары,  олардың  әлеуметтік    тамырлары  мен  қызметі.  Діни  сана 

эволюциясы.  Ежелгі  және  адамзаттың  замануи    білімі  аясында  діни  және  сананың  діни 

формалары. Дін жалпылық пен даралық байланысының формасы ретінде.  

 

Буддизм: сенім негізгі және культі  

Буддизм  пайда  болуының  алғышарттары.  Буддизм  негізіндегі  дүниетаным. 

Гаутаманың  жеке  өмірі  мен  уағызы.  Буддизм  гносеологиясы.  Буддизмдегі  адамдармен 

қарым-қатынасының  ерекшелігі.  Буддизм  космогониясы    мен  космологиясы.  Әлем 

алуантүрлілігінің  концепциясы.  Буддистік  жауыздық  трактаты.  Оның  тарихнамасы  мен 

адам болмысының айқындылығы. Өмір қасірет.  Сансара мен карма туралы ілім. Нирвана 

ұғымы  мен  оған  жетудің  шарттары.  Құтылудың  сегіз  жолы.  Тақуалықтың  бес  ережесі.  

Қасиетті  кітапттар.  Буддизмдегі  негізгі  ұстаным.  Таралу  географиясы.    Қытай  мен 

Жапониядағы  Буддизм.  Буддизмнің  Тибеттегі  қызметінің  ерекшелігі;  буддизм 

иерархиясының    қалыптасуы.  Ламаизм  және  оның  ерекшелігі.  Дзэн  Буддизм.  Буддизм 

мәдениеті.    Қазақстандағы  Буддизм.  Буддизмнің  Қазақстан  аймағында  таралуының  үш 

жолы.  

 

Христиандық; тарихы мен қазіргі кезеңі 



Негізгі ұғым. Қасиетті жазбалар: Көне және жаңа өсиет.  Көне өсиеттегі монотеизмге 

қатынас.    Шіркеу  ұғымы.  Қасиетті  өсиет.  Догматтар  мен  канондар.  Сенім  догматының 

негізі.  Қасиетті  үштік  туралы  ілім.  Христология  және  сотериология.  Сенім  негізі. 

Екклесиология.  Канондық  құқықтығы  поместік  шіркеу  ұғымы.  Ғаламдық  және  поместік 

Собор.  Шіркеу  құрылымы.  Шіркеу  иерархиясының  құрылымы.  Қасиетті  және  үкіметтік 

иерархия.  Құдайға  қызмет.  Құпиялар  мен  ғұрыптар.  Храм.  Монахтық.  Монастырлар. 

Христиан әлемінің 9-10 ғасырдағы  бөлінуінің себептері. Православие шіркеуінің тарихы. 

Рим католик шіркеуінің тарих сахнасындағы ұстанымдары. Олардың канондық құрылымы 

және сенім ерекшеліктері. Реформацияның туындауы: протестантизмнің пайда болуының 

тарихи  және  әлеуметтік  қайнар  көзі.  Протестантизмнің  ерекшелігі  мен  негізгі 

сипаттамасы.  Протестантизмнің  Еуропа  мен  АҚШ  тың  рухани  мәдениетінің 

қалыптасуына  ықпалы.  Қазақстан  мен  Орта  Азияда  христиандықтың  тамырлары  мен 

таралуы. Қазақстан мен Орта Азия аймағындағы христиандық миссия.  

 

Қазіргі әлем мен Қазақстандағы исламның орны мен мәні  

Исламның пайда болуының алғышарттары. Мешіт діни орталық ретінде. Діни білім 

беру; мектеп пен медресе. Діни ілім ерекшеліктері мен бағыттары. Құран мен Сунна діни 

ілімнің  көздері  ретінде.  Ислам  негіздері  мен  шарттары.    Мұххамедтің  өмірі  мен  ілімі. 

Мұсылмандық   әдеп. Тақуалық  туралы ілім ретінде ислам құқығындағы этика. Ниет пен 

амал мұсылман этикасындағы басты ұғым ретінде. Адамгершілік ұстанымдар.  Исламдағы 

құқықтық негізігіндегі бағыттар.  Ислам құқығының  мектептері: Ханафилік, Мәлекилік, 



Шафиғилік,  Ханбалдық.    Шариғат  ислам  әлемінің  моральдық  құқықтық  негізі  ретінде.  

Шариғаттың    ұстанымдары  мен  тыйымдары.  Исламдағы  бағыттар:  Суннизм,  Шеизм, 

Суфизм.  Қазіргі  кездегі  ислам.    Ислам  ең  жас  әлемдік  дін  ретінде.    Қазіргі  исламдық 

қауым.    Исламның  таралу  территориясы.  Исламның  қазіргі  Қазақстан  территориясына  

таралуы. Қазақстандағы исламның ерекшелігі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. 

Қазіргі  әлемдегі  ислам,  оның  мәдениеттегі  орны.  Ислам  және  саясат.  Исламның 

фундаменталистік  және  модернистік  бағыттары.  Қазіргі  исламның  эволюциясын 

анықтайтын тенденциялар.  

 

Қасиетті жазбалар мәдени ескерткіштер ретінде 

Қасиетті  каоно  түсінігі.  Ежелгі  шығыс  мәдениеттеріндегі  канондалу  үрдісі  (Веда, 

Авеста,  Трипитака  және  т.б.).  қасиетті  канон  мәтіндерінің  қалыптасуының  тарихи 

шарттары.  

Иудей-христиандық  өркениеттің  алғашқы  кітабы  және  европалық  мәдениет 

метатексті.  Европалық  Інжіл  немесе  Танах,  христиандық  Інжіл  (Ескі  және  Жаңа  Өсиет),  

олардың бір-бірімен байланысы және қарым-қатынасы. Інжіл иудейлік, христиандық және 

исламдық діни дәстүр мен мәдениеттің біртұтас қайнар көзі ретінде. «Авраамдық дін және 

мәдениет»  түсінігі.    Інжілдің  рухани  концептері  және  әлемдік  өркениет  пен  мәдениетің 

даму жолдары.  

Құран  мәтіндерінің  құрылуы  және  «канондалуы».  Құран  жинақталуының  алғашқы 

тәжірибесі.  Алғашқы  жинақ  кодексі.  Османдық  баспа.  Құран  басылымына  байланысты 

идеялық-саяси  күрес.  Құран  мәтіндерінің  унификациясы:  оқылуы  мен  жазылуындағы  әр 

түрлілікті жою. Құранның рецитациясы: оқу нұсқалары.  

Құран  мәтіндері:  құрылымы,  құрамы,  мазмұнының  жалпы  сипаттамасы.  Аңыздар, 

мысалдар,  эпикалық  әңгімелер,    полематика  элементтері.  Діни,  ілім,  догматика  және 

культтық-ғұрыптық    практика  негіздері.    Құран  «арабтық  заңнама»  ретінде.  Інжілдік 

бастамаға саятын құрандық сюжеттер мен образдар. Құран Таяу  Шығыстағы діни өмірдің 

дәстүрлі  формаларының  дамуын  көрсететін  тарихи-әдеби  ескерткіші  ретінде.  Құранның 

әлеуметтік  этикасы.  Құрандағы  нақттақырыптардың  толық  ашылмауы.  Қасиетті 

кітаптарға  салыстырмалы талдау.  

 

Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен культтер  

Дәстүрлі  емес  діндердің  пайда  болуы.  Қазіргі  мистицизм  және  оның  түп  тамыры. 

Дәстүрлі  емес  діндердің  және  мистицизмнің  таралуының  себептері.  Дәстүрлі  емес  діни 

қозғалыстар  мен  культтердің  қалыптасуы  мен  дамуының  әлеуметтік-тарихи  және 

әлеуметтік-мәдени  шарттары;    осы  қозғалыстар  мен  культтердің  сипатты  белгілері; 

дәстүрлі  емес  қозғалыстар  мен  культтердің  түрлері,  классификация  мәселесі: 

неохристиандық,  ориенталистік,  синкреттік,    территориялық-аймақтық,  сатанистік  және 

демонистік  культтер  және  басқа  бағыттар;    дәстүрлі  емес  діни  қозғалыстар: 

деноминацияланбаған  христиандық    ұйымдар,  «Христос  Шіркеуі»,  «Құтқарылу 

Армиясы», «Әлемдік христиандықты біріктіру жолындағы Қасиетті Рух Ассоциациясы» - 

«Бірігу  шіркеуі»,  «Құдай    балалары»,  Саентология  шіркеуі,  «Нью  Эйдж»  (Жаңа  ғасыр 

қозғалысы),  «Кришна  Санасы  халықаралық  қоғамы»,  «Трансцентальды  медитация», 

«Тәңірлік  Нұр  миссиясы»,  «Раджниша  культі»  (Ошо),  «Ананда  Марга»,  Чайтанья 

миссиясы  «Үйлесімділік  туралы  білім  институты»,  «Соңғы  Өсиет  шіркеуі»  (Виссарион 

ізбасарлары),  «Ақ  ағайындылар  ұйымы»,  Йога  орталығы  «Кемелдену  қанаты»,  «Аум 

Синрике», 

«Шайтан  шіркеуі», 

«Мыстандар  пен  сиқырлаудың  Халықаралық 

Ассоциациясы» және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер.  

 

Қазіргі дінаралық ерекшеліктері 

Қазіргі мәдени жағдайдағы діннің жай-күйі. Қазіргі әлемнің қарама-қайшылықтары 

және  олардың  дінаралық  жағдайы  мен  сипатына  әсері.  Қазіргі  қоғамдағы  дінге  деген 


сұраныс.  Дін  дағдарысының  мәселесі.  Діни  плюрализм.  Секурализация  и  сакрализация. 

Постмодерн  жағдайы  және  метажобаның    болмауы.  Қазіргі  діндердегі  модернистік  және 

фундаменталистік  үрдістер.  Әлемдік  діндердегі  интегративті  үдерістер.  Экументистік 

қозғалыс  және  діни  бірлестіктер  әріптестігінің  басқа  формалары.  Халықаралық  діни 

ұйымдардағы  білім  беру,  олардың  бағдарламалары  және  қызметінің  сипаты.  Дәстүрлі 

діннің  альтернативалары.  Дін,  идеология,  мемлекет.  Қазіргі  қоғамның  әлеуметтік-саяси 

саласындағы діни бірлестіктердің қызметтері.  

Діни  жүйенің  идеологиялық  кешенмен  алмасу  тенденциялары.  Қазіргі  өркениеттің 

тұтыныстық  сипаты.  Қазіргі  діни  формалардың  идеялық  негізінің  сипаты.  Нақты 

догматтық айырмашылықтардың болмауы. Ұйымның авторитарлық типі.  

 

Дін, мемлекет, саясат  

Жалпы адамзаттық мәселелерге қазіргі діни конфессиялардың көзқарасы: соғыс пен 

бейбіт  өмір,  билікке,  мемлекеттілікке  деген  қатынас  жыныстардың  өзара  байланысы, 

саясатқа  қатынасы.  Діннің  таралу  аймағы.  Діннің  таралуының  статистикалық  және 

әлеуметтанулық негіздері, діндарлар саны, олардың  әлеуметтік құрамы, олардың әр түрлі 

елдердің  қоғамдық  өміріндегі  рөлі.  Дін  және  заң;  «ар  ождан  бостандығы»,  «діни 

төзімділік»,  «толеранттылық»,  «діни  бостандық»,  «зайырлы  мемлекет».  «Ар-ождан 

бостандығы»  және  «діни  төзімділік»  ұғымдарының  баламалы  еместігі.    Толеранттылық 

және  оның  деңгейлері.  Толеранттылықтың  қазіргі  кездегі  түсінігі.  Зайырлы  мемлекеттің 

негізгі  белгілері.  Шетелдік  мемлекеттердегі  және  Қазақстандағы  мемлекеттік-

конфессиялық  қатынастар:  қалыптасуы  мен  даму  тарихы.  ҚР  «Діни  қызмет  және  діни 

ұйымдар»  туралы  заңы.    Мемлекеттік-шіркеулік  қарым  қатынас  құрылымы.  Діни 

ұйымдарды,  оның  құрамын,  құрылымы  мен  иеархиясын  құрудың  заңнамалық  негіздері. 

Діни  бірлестіктердің  тарихи  даму  кезеңдері.    Діни  ұйымдар  қызметінің  құқықтары  мен 

шарттары.  Діни  бірлестік  түрлері    және  олардың  сипаттамалары.  Діни  ұйымдардың 

құрылуы  мен  мемлекеттік  тіркелуі.  Діни  ұйымды  жою  және  діни    бірлестік  қызметіне 

тыйым  салу.  Діни  бірлестіктер  қызметін  мемлекеттік  қадағалау  және  бақылау.  ҚР 

территориясындағы  діни  ұйымдардың  шетел  өкілеттіліктерінің  құқықтары  мен 

міндеттерінің  ерекшелігі.  Қазақстандағы  ар  ождан  бостандығын  жүзеге  асыру.  Дін  және 

саясат. Дін және ғылым. Қазіргі заманғы мифология.  

 

5 Курс саясаты: 

-

 



Сабаққа кешікпеу және сабақты жіберіп алмау;  

-

 



Оқытушы ұсынған сабақ қойылымдарын жіті қабағалап, оған белсенді қатынасу;  

-

 



Себеппен  жіберіп  алған  (деканаттың  рұқсаты)  мен  лабораториялық  сабақтарды 

қайта тапсыру.  

-

 

Семестрлік жұмысты қорғауды семестрдің соңғы аптасынан кешіктірмен әкеліп 



қорғау.  

-

 



Өз бетінше кітапханада және үйде дайындалу.  

6 Академиялық этиканың өлшемдері: 

-

 



Тәртіпті болу;  

-

 



Тәрбиелі болу;  

-

 



Қайырымды болу;  

-

 



Адал болу;  

-

 



Жауапкершілікті болу;  

-

 



Аудиторияда сөндірілген ұялы телефонжағдайында жұмыс жасау;  

-

 



Конфликтік  жағдайлар  оқу  топтарында  оқытушының,  әдвайзерлердің 

қатысуымен ашық талқыға салу шешілмеген жағдайда деканат қызметкерлеріне хабарлау.  

 

 

 



7 Әдебиеттер тізімі: 

Негізгі әдебиеттер: 

 

1.

 



Панкин С. Основы религиоведения: учебное пособие, - М.: Золотое Сечение, 

2011. -  536 с. 

2.

 

Языкович В. Р. Религиоведение. - М.: ТетраСистемс, 2012. - 112 с. 



3.

 

Викторов H.Ю., Религиоведение. - М,; ЮРАЙТ -ИЗДАТ, 2011. - 492с.  



4.

 

Курманалиева  А.  Д.,  Рысбеков  III.С.,  Борбасова  К.М.  Қазіргі  дәстүрден  тыс 



қозғалыстар мен культтер. -  Алматы, 2012. - 180 б. 

5.

 



Рысбекова  III.С.,  Борбасова  К.М.,  Курманалиева  А.Д.  Діндер  тарихы.  -  Алматы, 

2012. - 120 б 



Қосымша әдебиеттер 

 

1.

 



Рожковский В., Устименко Д.  Религиоведение: хрестоматия. - РнД.: Феникс, 2009. 

- 320 с. 

2.

 

Элбакян Е.С. Религиоведение: словарь. - М.: Академический Проект, 2007. – 640 



с, 

3.

 



Забияко  А.,  Красников  А.,  Элбакян  Е.,  Религиоведение:  энциклопедический 

словарь. М.: Академический Проект, 2006. - 1264 с. 

4.

 

Забияко  Д.,  Красников  А.,  Элбакян  Е.  Энциклопедия  религий.  –М.: 



Академический Проект; Гаудеамус, 2008. -1520 с. 

5.

 



Токарев С.А. Религия в истории народов мира. - М.: Издательство политической 

литературы, 1976, - 576 с. 

6.

 

Токарев Г. А. Ранние формы религии и их развитие. - М.: Либроком 2011. - 400 с. 



7.

 

Скворцов-Степанов И П. Очерк развития религиозных верований. - М. Либроком. 



2011. - 256 с. 

8.

 



Михайловский  В.  М.  Шаманство.  Сравнительно-этнографические  очерки  М., 

Либроком, 2012. - 120 с. 

9.

 

Матецкая А.В., Самыгин С. И., Эгильский Е.Э., Морозова О.М. Религиоведение. - 



РнД.: Феникс, 2009 - 416 с. 

10.


 

Банзаров Д. Черная вера, или Шаманство у монголов. - М.: Либроком, 2012. 

- 72 с. 

Интернет-көздері 

1.

 



Атеизм и религии (http:// www.ateism.ru/)  

2.

 



Государство и религия (http./www.state-religion.ru/) 

3.

 



Мир религий (http://www.religio.ru/) 

4.

 



Народы и религии мира (http.//www. cbook.ru/peoples/) 

5.

 



Научный атеизм (/http://www.atheism.ru/) 

6.

 



НГ религии (http.//religion.пg.ru/) 

7.

 



Религия в светском обществе (http://religion.sova-center. ru/) 

8.

 



Религия и СМИ (

http://www.religare.ru/

) 

9.

 



Российский  Религиоведческий  портал.  Все  о  религиоведении  и  религиях 

(http://www.religiovedenie.ru/) 

10.


 

Сайт религиоведа (http://www. upelsinka.сот/) 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал