Әлеуметтік және кадрлық саясат «Қазтеміртранс»



жүктеу 59.09 Kb.

Дата03.05.2017
өлшемі59.09 Kb.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ САЯСАТ  

 

«Қазтеміртранс»  Акционерлік  Қоғамының  (бұдан  әрі  –  Компанияның) 

әлеуметтік  және  кадрлық  саясаты  «Қазақстан  темір  жолы»  ҰК»  АҚ  кадрлық 

және әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырылады.  

Компания  қыметінің  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  адами  қорларды 

басқару  саясаты  тиімді  қызметке  бағдарланған  кәсіби  мамандарды  тарту  мен 

ұстап  қалуға,  қызметтердің  жоғарғы  сапасын  қамтамасыз  етуге,  талап  етілетін 

өндірістік  көрсеткіштерге  қол  жеткізуге  және  Компанияны  нарықтың  өзгермелі 

талаптарына сәйкес дамытуға бағытталып отыр.  

 

Қызметкерлердің сапалы құрамы 

2012  жылғы  01  қаңтар  жағдайына  «Қазтеміртранс»  АҚ-ның  тізімдегі 

қызметкерлер саны 1 714 адамды құрады.  

Қызметкерлердің сапалы құрамы төмендегідей санатта ұсынылған:  

топ – менеджмент – 18  немесе 1,1 %  

жетекшілер – 295 немесе 17,2% 

мамандар – 712 немесе 41,5% 

қызметкерлер – 26 немесе 1,5% 

жұмысшылар – 663 немесе 38,7%

Компания қызметкерлерінің орташы жасы – 37 жыл.  

Қызметкерлердің теміржол  көлігі саласындағы орташа жұмыс өтілі – 10,5 

жыл.  


Қызметкерлердің 50%-дан астамы жоғары білімге ие болса, 25,5%-ында –  

орташа мамандандырылған. Қызметкерлер білімінің дейңгейін талдау шаралары 

жұмыс  санатындағы  еңбеккерлердің  45,1%-ында  жоғары  және  орташа 

мамандандырылған білім бар екендігін көрсетіп отыр.  

Компания есебіндегі зейнеткерлер саны 89.  

 

Қызметкерлерді бағалау және іріктеу 

Компанияның 2011 жылға арналған қызметкерлер қозғалысының саралауы 

2010  жылмен  салыстырғанда  «жұмыс»  санаты  бойынша  негізгі  құрам 

арасындағы қызметкерлер тұрақсыздығының 15,6%-ға төмендегенін байқатты.  

2011 жылы Компания бөлімшелеріне 458 адам қабылданса, олардың 42%-

ы (193 адам) 30 жасқа дейінгі еңбеккерлер болып отыр.  

Өндіріс  пен  қызметкерлерді  басқару  қызметінің  тиімділігін  бағалау 

қызметкерлер  тұрақтылығына  тікелей  байланысты.  Компания  басындағы 

қызметкерлер  тұрақтылығының  көрсеткіші  78,8%-ға  теңелді.  Аталмыш 

көрсеткіш  жұмыс  өтілі  5  жылдан  жоғары  қызметкерлердің  негізгі  тобы  бар 

екендігін  сипаттайды.  Ал  бұл  топтың  айналасында  Компания  еңбеккерлерінің 

қалған құрамы шоғырланады.  

«Самұрық-Қазына»  ҰАҚ»  АҚ  тобының  Бірыңғай  қызметкерлер  қорын 

қалыптастыру  Жүйесі»  жобасын  жүзеге  асыру  аясында  Қор  мен  оның  еншілес 

ұйымдары үшін басқарма қызметкерлерін дамыту, сонымен қатар қызметкерлер 

тағайындауларының  тиімділігін  арттыру  мақсатында  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  мен 



«ҚТТ»  АҚ-нда  компаниялардың  қызметкерлер  қорын  қалыптастыру  және 

дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.   

«Қазтеміртранс»  АҚ  бағалау  кезеңдерінің  қорытындылары  бойынша 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлер қорына қатысу үшін 7 қызметкер ұсынылды. Бұл 

қызметкерлер  бұдан  әрі  «Самұрық-Қазына»  ҰАҚ»  АҚ  тобының  Бірыңғай 

қызметкерлер қорының бағдарламасына қатысатын болады.  

2012  жылғы  01  қаңтар  жағдайына  Компанияның  қызметкерлер  қоры  13 

адамды құрады.  



 

Қызметкерлерді дамыту  

Өндірісті  техникалық  тұрғыдан  сауатты  мамандармен  қамтамасыз  ету 

және  көліктік  қызмет  көрсетудің  өндірістік  процесстері  мен  басқарудың 

автоматтандырылған  жүйелері  саласында  қызметкерлерді  озат  салалық 

технологиялар бойынша дамыту мақсатында  жыл сайын шығындар бюджетінде 

қызметкерлерді дамытуға бағытталған қаражат жоспарланып отырады.  

2011  жылы  біліктілікті  арттыруға  бағытталған  шығындардың  жоспарлы 

бюджеті аясында:  

әкімшілік-басқару  құрамының  175  қызметкері  өздерінің  кәсіби 



біліктіліктерін арттырып;  

Компанияның  55  желілік  еңбеккері  үшін  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ 

филиалдары «Теміржол көлігінің еңбеккерлерін оқыту Орталықтарында» кәсіби 

оқытулар ұйымдастырылған.  

2011 жылы қызметкерлер біліктіліктерін арттыруға жұмсалған қаражаттың 

жалпы сомасы 13 313 000 теңгені құрады.  



 

Әлеуметтік қолдау 

Қызметкерлердің  қанағаттанушылықтарын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

Компания  басындағы  әлеуметтік  саясат  сұрақтары  басты  назарға  алынған. 

Қызметкерлер  қозғалысының  динамикасын  есепке  ала  отырып,  ағымдағы 

жылдың  шығындар  мониторингісінің  мәліметтері  негізінде  жыл  сайын  осы 

мақсаттарға  Компанияның  шығындары  бюджетінде  медициналық  сақтандыру, 

медициналық қызмет көрсету, вакциналау, еңбеккерлер балаларының демалысы, 

материалдық  көмек,  санаторий-курорттық  ем,  жаңажылдық  ертеңгіліктер, 

сыйлықтар  және  т.б.  қамтитын  әлеуметтік  пакетке  арналған  қаражат 

қарастырылған.  

2011 жылы аталмыш бағытта төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылды:  

-  Қазақстан  Республикасының  аумағында  орналасқан  балалардың 

сауықтыру  кешендерінде  Компания  еңбеккерлерінің  280  баласы  демалып, 

денсаулықтарын жақсартты;  

- Компания еңбеккерлерінің 1 058 баласы үшін жаңажылдық ертеңгіліктері 

ұйымдастырылып, Жаңа жыл мерекесіне арналған сыйлықтар сатып алынды;  

-  Компанияның  1300  еңбеккеріне  ерікті  медициналық  сақтандыру  арқылы 

медициналық көмек көрсетілді;  

839 еңбеккер кезекті медициналық тексерісінен өтті;  

- күзгі мезгілде 890 еңбеккер тұмауға қарсы вакциналаудан өтті;  



347 

еңбеккерге  Қазақстан  Республикасының  емдеу-сауықтыру 

орталықтарына жолдамалар тапсырылды;  


11 еңбеккерге материалдық көмек көрсетілді.  

Бірлескен  мәдениетті  қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызатын  іс-шаралар 

қатары  тұрақты  түрде  өткізіліп  тұрады.  Компания  еңбеккерлері  мен  олардың 

отбасылары  үшін  фитнес  клубтарға  бару  (25  адам)  және  спорт  жарыстары  мен 

турнирлерге  қатысу  ісі  ұйымдастырылған.  Бірлескен  іс-шаралар  Компания 

еңбеккерлері  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  балалары  үшін  де 

өткізілетінін  атап  өткен  жөн.  Бүкіләлем  балаларды  қорғау  Күні  қарсаңында 

«Железная  дорога  глазами  детей»  атты  балалар  шығармашылығының  байқауы 

ұйымдастырылды.  

Компания  жанынан  жастар  ісі  бойынша  Кеңес  өз  қызметін  жүргізеді. 

Кеңес  жұмысының  басты  мақсаты  –  «Қазтеміртранс»  АҚ  Жастар  саясатының 

басты бағыттарын үйлестіру.  

1  маусым  күні  әлемнің  көптеген  елдерінде  сияқты  Қазақстан 

Республикасында  да  жетім  және  мүгедек  бүлдіршіндерге,  сонымен  қатар 

әлеуметтік  жағынан  аз  қамтылған  отбасылар  балаларына  қол  ұшын  созуға 

бағытталған қайырымдылық акциялары өткізіледі.  

Аталмыш бағытта Компания еңбеккерлерімен ақша қаражаттары жиналып, 

бұл  қаржы  3  және  одан  көп  бала  асырайтын,  кірісі  айлық  күн  көріс  минимум 

сомасынан  аспайтын  Компания  филиалдары  еңбеккерлерінің  3  жанұясына 

тапсырылды.  

 

Мемлекеттік тіл 

Компания басында мемлекеттік тілді дамыту жолында бірқатар іс-шаралар 

жүзеге асырылады:  

1. Іс-жүргізу негізінен мемлекеттік тілде жүргізіледі.  

2.  Жыл  сайын  тәжірибесі  мол  оқытушылар  мен  үздік  деген  әдістемелер 

көмегімен мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылып отырады. Осыған 

байланысты интерактивік тақта сатып алынды.  

3. 


Компания  еңбеккерлері  үшін  мемлекеттік  тілдегі  кітапхана 

ұйымдастырылды.  

4.  Компанияның  құрылымдық  бөлімшелері  мен  филиалдары  оқыту-

әдістемелік  және  бейне-дыбыс  материалдарымен,  электрондық  және  кітап 

сөздіктерімен қамтамасыз етілген. Оқыту базасы жыл сайын жаңартылып, қазақ 

тілінің  кабинетін  ресімдеуге  арналған  оқыту-әдістемелік  материалдары  мен 

сөздіктер  сатып  алынады.  Бұнымен  қатар,  толықмәтінді  орысша-қазақша 

аударма  ісінің  клиент-серверлік  бағдарламасының  лицензиясы  сатып  алынып, 

еңбеккерлердің компьютерлеріне орнатылған.  

5.  Компанияның  ішкі  сайтында  «Мемлекеттік  тіл»  атты  бөлім  ашылған. 

Аталмыш  бөлім  мемлекеттік  тілді  дамытуға  қатысты  ақпаратты  қамтиды. 

Компанияның  әр  еңбеккері  үшін  қол  жетімді  «Алмасу»  базасында  мемлекеттік 

тілді  оқытуға  арналған  электрондық  бейне-дыбыс  материалдары  мен 

электрондық аударма бағдарламалары орналастырылған.  

6.  Мәслихат  залы  ілеспе  аудармаға  қажетті  арнайы  жабдықтармен 

жабдықталған.  

7.  Қазақстан  халықтары  тілінің  республикалық  фестивалі  аясында 

(мемлекеттік  тілді  насихаттау  мақсатында)  ашық  сабақтар  және  байқаулар 

сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.  


Биыл мемлекеттік тілді оқытуға арналған бөлек кабинет бөлінді. Кабинетті 

ресімдеу  мақсатында  Компанияның  орталық  аппараты  пен  барлық  филиалдары 

үшін  қазақ  халқының  ұлы  әрі  танымал  тұлғаларының  суреттері  сатып  алынды. 

Кабинеттің  салтанатты  ашылуы  2012  жылдың  30  тамызы  күні  Қазақстан 

Республикасының  Атазаң  Күніне  арналған  ашық  интерактивтік  сабақ  түрінде 

өтті.  Қазақ  тілінің  кабинетіне  кіре  бергенде,  көрнекті  тұлғалардың  алтын 

жалатылған  рамадағы  суреттерін,  көшпелі  халықтардың  бас  баспанасы  –  киіз 

үйді,  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  рәміздерін  және  патриоттық 

тақырыптағы плакаттарды көруге болады.  

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Компания еңбеккерлері мен мемлекеттік 

тіл  курстарының  тыңдаушылары  үшін театр  әртістерін шақырумен  мемлекеттік 

тілдегі театр қойылымын көрсету жоспарланып отыр.  

 

Құжат айналымы 

Сапалы  әрі  уақытылы  құжат  айналымын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

Компанияда  төмендегідей  міндеттерді  орындау  бойынша  ауқымды  жұмыс 

жүзеге асырылады:  

- іс-жүргізуді қазіргі заманға сай талаптар деңгейінде ұйымдастыру;  

- Компанияның электрондық құжат айналымын ұйымдастыру.  

2010 жылы Компанияның жалпы құжат айналымы 19 604 құжатты құраса, 

2011 жылы аталмыш көрсеткіш 19 986 құжатқа дейін жетті.  

Құжат  айналымының  саралауы  кіріс,  шығыс  және  ұйымдастырушылық-

өкімгерлік құжаттардың арту динамикасын көрсетіп отыр.  

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  мұрағатында  кейінгі  келістірумен 

2012 жылға арналған Компания істерінің жиынтық номенклатурасын құрастыру 

бойынша жұмыс атқарылған.  

ҚТТ  басында  Компанияның  құрылымдық  бөлімшелері  мен  филиалдарын 

тартумен  ведомстволық  мұрағатты  құру  бойынша  ұйымдастырушылық  жұмыс 

қолға алынып, бұл іс бүгінгі күні сәтті жүзеге асырылып жатыр.  

 

Жастар саясаты 

2012-2015 

жылдарға  арналған  «Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық 

компаниясы»  Акционерлік  қоғамының  жастар  саясатының  Бағдарламасы 

Компанияның  жастар  саясатының  негізге  алынатын  құжаты  болып  табылып, 

еншілес ұйымдарға да таралады.  

Аталмыш  бағдарлама  жастар  саясатын  жүзеге  асырудың  әдістері  мен 

түрлерін  жетілдіруге,  сонымен  қатар  Компанияның  жас  қызметкерлері  мен 

олардың  отбасы  мүшелері  арасында  жүзеге  асырылатын  кадрлық,  ақпараттық-

коммуникациялық,  әлеуметтік,  білім  беру  және  патриоттық  тәрбие  беру 

жұмыстары  бағытындағы  құрылымдық  бөлімшелер  қызметін  үйлестіруге 

бағытталған.  

Бағдарламаның төмендегідей негізгі міндеттері бар:  

-

 



жастарды  тарту  жүйесін  және  олардың  Компанияда  тиімді  бейімделуі 

мен орнығуын дамыту;  

-

 

жастардың  бірлескен  міндеттерге  шешім  табуға  тарту  (соның  ішінде 



инновациялық қызметке) және халықаралық жастар қызметтестігін дамыту;  

-

 

жастардың  кәсіби  және  бірлескен  құзыреттіліктері  мен  мансаптық 



жылжуларын дамытуға арналған жағдайларды жетілдіру;  

-

 



жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу;  

-  жастар  арасында  салауатты  өмір  салты  мен  спорт  құндылықтарын 

насихаттау.  

Компания  жастары  жас  еңбеккерлердің  аймақтық  және  республикалық 

Форум  жұмыстарына,  «Ардагер  жадымызда  тұрады»  атты  акцияларына, 

дөңгелек үстелдерге және спорт жарыстарына белсене қатысады.  

«ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  аясындағы  «Болашақ  жетекшілер»  бағдарламасының 

тренингтеріне  белсене  қатысқандары  үшін  вагон  паркі  Басқармасының 

вагондарды  пайдалану  бойынша  мемлекеттік  органдармен  және  теміржол 

әкімшіліктерімен  жұмыс  істеу  бөлімінің  бас  маманы  Ләйлә  Увакбаева  және 

«Қазтеміртранс»  Акционерлік  қоғамының  филиалы  –  «Ішкі  әкімшілік 

орталығының»  ақпараттық  жүйелерді  пайдалану  Басқармасының  есептеу  және 

ұйымдастыру  техникасына  қызмет  көрсету  бөлімінің  бас  маманы  Зухра 

Левицкая  дипломдармен  марапатталып,  жастардың  Республикалық  форумына 

қатысу құқығына ие болды.   

Үстіміздегі  жылы  алғашқы  рет  «Бізбен  бірге  баста!»  ұранымен 

«Қазтеміртранс»  АҚ  жастардың  бірлескен  лагері  ұйымдастырылған  болатын. 

Жас қызметкерлер әлеуетін дамыту, бірлескен қолдау механизмдерін жетілдіру, 

Компания бөлімшелерінің жас қызметкерлері арасында кәсіби қызметтестік пен 

әлеуметтік  байланыстарды  дамыту  –  аталмыш  жобаның  басты  мақсаты  болып 

табылады.  

Лагерьдің  күн  тәртібі  өте  мазмұнды  болып,  білім  беру-коррекциялық, 

корпорациялық,  бос  уақыт  және  спорттық-сауықтыру  сияқты  бірнеше 

бөлімдерден  тұрды.  Форум  жұмысына  Компания  мен  ҚТТ  филиалдарынан  20 

мен 35 жас аралығындағы 60-қа жуық ұлан мен қыз-келіншек қатысты.  

Аталмыш жобаның ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы «Бізбен бірге 

баста!»  атты  бағдарлама  идеясы  төңірегінде  жас  қызметкерлерді  біріктіру  үшін 

уәждеме  құру,  жастарда  Компания  еңбеккерлерінің  имиджі  жайлы  жағымды 

пікір қалыптастыру, жас еңбеккерлердің жігерліктерін арттыру, топтағы  жұмыс 

дағдыларын  иелену  және  дамыту  сияқты  бірқатар  маңызды  міндеттерге  шешім 

табуға мүмкіндік берді.  

2012  жылғы  17  шілдеден  №184-НП  бұйрығына  сәйкес,  даму  бойынша 

Атқарушы  директоры  Г.К.Қасенов  төрағалығымен  Компанияның  жастар  ісі 

бойынша Кеңесінің жаңартылған құрамы бекітілген болатын.  

3  шілде  күні  көлік  еңбеккерлерінің  төл  мерекесі  қарсаңында  Кеңес 

мүшелерімен  Компанияның  барлық  еңбеккерлері  үшін  салтанатты  іс-шара 

ұйымдастырылды.  Іс-шара  барысында  еңбеккерлер  балаларының  құттықтау 

ролигі  дайындалып,  залмен  блиц  сауалнама  жүргізілді.  Соңынан  Компания 

жастарының әнұраны орындалды.  

2013  жылға  арналған  жастар  ісі  бойынша  іс-шаралар  Жоспарымен  Кеңес 

жұмысын жандандыру шаралары қарастырылып отыр. Жоспар Компанияда жас 

қызметкерлердің  бейімделу  және  орнығу,  олардың  кәсіби  құзыреттіліктерін 

дамытуға  арналған  жағдайларды  жетілдіру  және  рухани-адамгершіліктерін 

тарбиелеу сияқты іс-шараларды қамтиды.  






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал