Электронды билетті сатып алу Ережесі Электронды билет



жүктеу 21.64 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі21.64 Kb.

Электронды билетті сатып алу Ережесі 

 

1.  Электронды билет 



 

Автобусқа  арналған  электронды  билет,  бұл  қарапайым  билеттің 

қағазсыз  түрі.    Сондай-ақ  автобусқа  арналған  қарапайым  билет  сияқты 

электронды  билет  жолаушы  мен  тасымалдаушы-компания  арасындағы 

автобус  тасымалдау  келісімшартын  куәландыратын  құжат  болып  табылады. 

Бірақ басты ерекшілік бар, ол пайдалану ыңғайлығында. Автобусқа арналған 

электронды  билетті  үйден  (кеңседен)  шықпай,  кезекте  тұрып,    кассаға  дейін 

баруға    уақыт  кетірмей    сатып  алуға  болады.  Электронды  билет  атаулы 

болып  табылады,  яғни  ол  сапарға  шығатын  адам  атына  ресімделеді. 

Автобусқа  отырар  кезде  билет  ресімделген  жеке  басын  куәландыратын 

құжатты  көрсетсе жеткілікті болады.  Топқа немесе отбасына билетті сатып 

алуды жеделдету мен оңайлату мақсатында Сіздің келісіміңізбен  мәліметтер 

жолаушылардың біреуінің атына ғана жазылады.  

 

2. Билетті ресімдеу 

1-қадам. 

 

Ең  алдымен  сапарға  шығатын  күнді  таңдаңыз.  Содан  кейін  бару 



пунктін  таңдаңыз,  пунктер  тізімі    ашылу  үшін  бастапқы  үш  әріпті  терсеңіз 

жеткілікті.   



2-қадам.  

 

Ұсынылған  бағыттарды  қарап  болған  соң  және  кету  уақытын 

анықтағаннан кейін «Таңдау» сілтемесін басыңыз.   

3-қадам.  

 

Орындар  кестесінен  Сіз  үшін  қолайлы  орынды  таңдаңыз.  Қызылмен 

белгіленген  орындар  бос  емес.  Ережеге  сәйкес,  көптеген  автобустарда  тақ 

орындар  терезе  алдында  болады.  Орынды  резервте  сақтау    ерекшелігі 

бойынша Сіз 4-тен аспайтын орын  таңдай алмайсыз.  Бір билеттің  тарифіне 

билетті  сатқан  үшін  50  теңге    көлемінде  комиссия    ақысы  қосылады.  

Орынды  таңдағаннан  кейін  жеке  жиектерді    толтыру  қажет:  тегі  мен  атын, 

жеке  басын  куәландыратын  құжатты.    Сондай-ақ    міндетті  емес,  бірақ  

бағытта  өзгеріс  бола  қалған  жағдайда  Қолдау  қызметі    Сізбен        байланыс 

жасау  үшін  телефон  нөмірін  жазу  қажет  болатын    жиекті  толтыруыңызды 

сұрайды. Электронды поштаңыз жазылған жиекті толтырыңыз, өйткені Сізге 

сатып  алынған  билеттер  туралы  мәліметтер  жазылған    хат    келеді.  Жария 

келісімшартымен  танысып  болған  соң,    келісімшарттың  шарттарымен 

келіссеңіз,  онда  қанат  белгісін  қойыңыз.  Келісімшарт  шарттарымен 

келіспесеңіз  сайт  арқылы  билет  сатып  алу  мүмкін  емес,  онда  билетті 

ресімдеу 

үшін 

автовокзал 



кассасына 

хабарласыңыз. 

Толтырылған 

мәліметтердің  дұрыстығын  тексеріп  шығыңыз,  одан  кейін  «Төлемге  көшу» 

батырмасын басыңыз.  


 

Ескерту:  Қазіргі  уақытта  жүк  билетін  сатып  алу  мүмкіндігі  жоқ, 

бірақ,  Сіз  оны    сапар  алдында  автовокзал  кассасынан  кезексіз  ала 

аласыз.  

4-қадам.  

 

Жүйе    Сіздің  таңдаған  орныңызға  және  оны  10  минутқа  (банк 

картасымен  төлеу  үшін  қажетті  уақытқа)  резервте  сақтағаныңызға  рұқсатты 

қайтадан  тексереді.    Егер  орын  (орынның  біреуі)  бос  болмаған  жағдайда,  

Сізге  басқа  орынды  таңдау  арқылы    әрекетті  қайтадан  бастау  қажет  болады.  

Орынды  резервте  сақтауды    сәтті    орындағаннан  кейін    жүйе  Сізді  билет 

құнын  төлеу  үшін  Processing.kz    қауіпсіз  төлем  парақшасына    қайтадан 

жібереді.  

 

Құрметті  клиенттер!  Аталған  операцияны  орындау  үшін  Сіздің 



карточкаңызда      Интернет  арқылы  төлеу  мүмкіндігі  ашық  болуы  тиіс.  Бұл 

үшін  Сізге  өзіңіздің  банкіңізге  хабарласу  керек.    Сондай-ақ  бұл  операцияны 

орындау үшін Сіздің  картаңыздың шотында  қажетті қаражат болу қажет.  

 

Процессингтің  нұсқауына    бағына  отыра,  билетті  төлеңіз.    «Төлемді 



қалай 

жасауға 


болады?» 

нұсқауымен 

http:// 

processing.kz/ru/services/for_buyers/44    сайтынан  танысуға  болады.  Сондай-ақ  

processing.kz/ru/services/for_buyers/45      сайтынан  қауіпсіз  төлем  бойынша 

нұсқауды  қараңыз.  

 

Сіз  сәтті  төлемнен  кейін  Сіздің  тапсырысыңыз  туралы  жазылған 



парақшаға  қайта  бағытталатын  боласыз.  Құттықтаймыз!  Сіз  билетті  сатып 

алдыңыз!    Енді  Сізге  жеке  басыңызды  куәландыратын  құжатыңызбен 

автобусқа отырғызу кезінде келсеңіз жеткілікті.  

 

Ескерту:    Мұқият  болыңыз,  төлем  кезінде  бұл  операцияны  аяқтау 

үшін    Сізге  10  минут  бөлінеді.  Сіздің  Интернет-ресурсыңыздың 

сенімділігі  мен  жылдамдығына    назар  аударыңыз,  банк  картасын 

ертерек дайындаңыз, берілген ережелермен  және банк картасы арқылы  

төлеу  ережесімен  мұқият  танысыңыз.    Сондай-ақ  сапар  шегетін  және 

төлейтін тұлғалар әртүрлі болуы мүмкін.  

 

support@saparzhai.kz



  хат жазып, қолдау қызметімен байланыса аласыз.  

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал