Әлдеқайда үлкен, әлдеқайда ересек екендігіне де қарамадық



жүктеу 233.72 Kb.

бет1/2
Дата10.09.2017
өлшемі233.72 Kb.
  1   2

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НҰРҒАЛИ ОРАЗ 

 

 

 



БІЗ, ОЛ, «МЕРСЕДЕС» ЖӘНЕ МАХАББАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 



          

Sauap.org 

Біз оны бір кӛргеннен-ақ ұнатып, ес-түссіз ғашық болып қалғанымызды 

сездік. 


Тіпті,  оның  жас  мӛлшері,  дене-пішімі,  бойы,  әрине,  ойы  да  ӛзімізден 

әлдеқайда  үлкен,  әлдеқайда  ересек  екендігіне  де  қарамадық.  Ӛйткені  ондай 

аппақ,  ондай  сұлу,  ондай  сымбатты  қыз  біздің  ауылда  бұрын-соңды  болған 

жоқ  еді.  Шӛл  даланың  шақшиған  күні  аяусыз  қақтап  тастаған  қара  торы, 

қызыл  сары  қыздардың  алуан-алуан  түрін  оп-оңай-ақ  табатынсыз.  Олардың 

ішінде,  әрине,  әдемісі  де,  сүйкімдісі  де,  сүйкімсізі  де  толып  жатыр.  Бірақ 

солардың бірде-біреуі ол сияқты сұлу, ол сияқты аппақ емес еді. 

Шіркін,  адам  баласының  ішкі  сезіміне,  ой-қиялы  мен  құпия  арман-

мақсаттарына ешқандай шек қойылмайтыны қандай рақат десеңізші. Ол үшін 

сені ешкім де кінәлап, келеке қылып күле алмайды. «Ой-бай, мынау ӛзі нағыз 

кеще, су ми екен ғой! Әй, есекбас-ау, ол сенің апаңмен жасты емес пе!» деп 

кӛзіңе шұқып, айыптай  да алмайды. Ӛйткені сен ӛз сырыңды жан баласына 

сездірмейсің. Жүрек түкпіріне жасырып, құпия ұстайсың. Тек қиялыңда ғана 

кездесіп,  қол  ұстасып  бірге  жүріп,  махаббат  деген  сиқырлы  әлемнің  тілмен 

айтып жеткізе алмайтын рақатына бӛленесің. 

Бірақ оның сол күйінше құр әншейін қиял, қол жетпейтін арман болып 

қала беретіні ӛкінішті-ақ. 

Дегенмен тоқал тамның тӛбесін қанша сылап бекітсеңіз де, ретін тауып 

ішке  ӛтетін  жаңбыр  тамшылары  секілді,  біздің  балаң  махаббатымыз  да 

бӛгеліп қалу дегенді білген емес. Содан да болар, оған деген ыстық сезіміміз, 

ғашық жүрегіміздің лүпілі бір сәт те бәсеңдеместен, күн сайын ӛрши түсті. 

Ал  ол  дүниедегі  ең  теңдесі  жоқ  сұлу,  ең  аппақ  қыз,  тү-у  сонау 

астанадағы  мұғалім  қыздар  даярлайтын  институттың  музыка  факультетінің 

студенті еді. 

Біз  оны  алғаш  рет  құдық  басында  мал  суғарып  жүріп  кӛрдік.  Қайсы 

құдықтың  басында деп сұрамай-ақ  қойыңыз.  Ӛйткені  Шәуліде бір-ақ  құдық 

бар. 

Түс  кезінде  күн  оттай  ысып,  шӛлейттегі  қыбырлаған  тіршілік  иесінің 



бәрін «табаға салып» тірідей үйіте бастағанда осы ауылдың мыңғырған малы 

сол  жерге  қарай  шұбырады.  Онсыз  да  борпылдап  жатқан  тақырдың  шаңын 

аспанға кӛтеріп, пысқырып,  түшкіріп, күркілдеп  жӛтеліп келіп, салқын суға 

бас  қойғысы  келеді.  Бірақ  цементтен  құйылған  ұзын  науаға  бәрінің  басы 

бірдей  сыймайтын  болғандықтан,  қып-қызыл  сойқан  басталады.  Қойы 

маңырап,  сиыры  мӛңіреп,  жылқысы  кісінеп  кеп  жанталасқанда  бұл  ауылды 

тапа-тал түсте жау шапқан екен-ау деп қаласыз. 

Әркім ӛзінің малын тезірек суғарып алғысы келеді. Кейде құдықтағы су 

тақыр-тұқыр таусылып, жартысы су іше алмай қалса, одан жаман нәрсе жоқ. 

Иесі де, малы да құтырып кете жаздайды. 

– Ой, әтәңәнәлет иттің малы! 

– Ӛңмеңдемей жоғалшы-ей, жалмауыз! 

– Тарт әрі шелегіңді қаңғырлатпай! 


Sauap.org 

–  Тартсаң тарт ӛзің! Осы шелекпен басыңа бір қояйын ба?! 

–   Немене,  сенің  малың  су  ішуі  керек  те,  менікі  топырақ  жалап  жүре 

беруі  керек  пе?  -  деген  секілді  ұрсып,  жекірген  үндерге  біздің  етіміз  әбден 

үйреніп кеткен. Ондай-ондайға қыңқ демейміз. Мұрынды бір тартып қойып, 

ӛз білген шаруамызды істей береміз. 

Тап ӛстіп қарбаласып жатқан сәтте құдық басына үлбіреген сұлу қыздың 

келе  қалғаны  біз  үшін  үлкен  жаңалық  болды.  Тұс-тұстан  ұрсып,  жекірген 

дауыстар кенет  сап  тиылып,  алақ-жұлақ  еткен  кӛздер  ғана  оған  аң-таң бола 

қарайды. Үлбіреген ақ кӛйлек киген, аққу мойын, сұңғақ бойлы қыз қолына 

қауға  шелек  ұстап  жымиып  тұр.  Аспаннан  түскен  періштедей  жанның 

алдында ә дегеннен-ақ абыройымыз айрандай тӛгіліп, ӛзіміздің малмен бірге 

мал  болып  кете  жаздағанымызға  біртүрлі  қысылып  қалдық.  Ол  қолындағы 

шелегін бұлғаңдатып тұрып: 

–  Мен Сағира шешейдің қойларын суғаруға келдім. Ӛшіреттің соңы кім 

екен? - деп сұрады. 

Біз  бір-бірімізді  жаңа  кӛргендей  болдық.  «Сен  айт,  сен  айт»  дегендей, 

жанымыздағыларға  қарап  жалтақтаймыз.  Бірақ  ешкім  де  айта  алмады. 

Ӛйткені «ӛшіреттің» соңы тұрмақ, ӛзі де жоқ еді. 

– Немене, бәрің де біріншісіңдер ме? - деді ол күміс қоңыраудай сыңғыр 

ете түсіп. 

Біз жымың-жымың ете бастадық. 

–  Иә-ә, - деді ол даусын созып. - Түсінікті болды. Демек, мен де бірінші 

болып тұрамын ғой! 

Сӛйтті де, арамыздан емін-еркін кимелеп ӛтіп келіп, құдықтың ернеуіне 

шықты. Бәріміз оған үн-түнсіз жол беріп, қарап тұрдық. 

Құдық  басында  бір  үлкен  ӛзгеріс  болғанын  мал  екеш  мал  да  сезіп, 

жіңішке цемент науадан бастарын кегжите кӛтеріп, таңдана қарап қалыпты. 

Әлгі сұлу қыз сәмбі талдай майысып бір шелек суды тартып шығарғаны 

сол екен, кенет аяғы тайып кетіп, құдықтың ішіне құлап кете жаздағаны. Екі 

қолын ербеңдетіп, қалт-құлт етті де қалды. Егер Артықбай күс-күс қолымен 

оның аппақ білегінен шап беріп ұстай алмағанда бар ғой, оңбай қалар еді. Ал 

ондай-ондай оқиғалар біздің  ауылда жиі  болып  тұратын-ды.  Биыл кӛктемде 

Артықбайдың  ӛзі  де  құлап  түсіп, оң  жақ  шекесін  ырситып  тас  тіліп  кеткен. 

Бірақ жерге лып етіп секіріп түскен сұлу қыздың ӛңінде қорқыныштың ізі де 

жоқ еді. Қайта, бір керемет қызық кӛргендей, сықылықтап күле береді. 

–  Ал енді мынау ӛліп-талып жүріп жеткен бір шелек суды не істеймін? - 

деді бір кезде күлкісін тиып, кәдімгідей абдырап.– Сағира шешейдің қойлары 

қайсысы?! Мен оларды танымаймын ғой... 

Артықбай оған қулана қарап: 

–  Осының бәрі де Сағира шешейдің қойлары, - деді ыржиып. 

–   Ужас!  -  әлгі  қыздың  кӛздері  дӛп-дӛңгелек  болды.  -  Маған  үшеу-ақ 

деген еді. 



Sauap.org 

Біз ду күлдік. Құдықтың жанына тӛгілген шалшық суға қонып отырған 

бір топ шымшық дүр-р етіп ұша жӛнелді. 

–  Шелегіңізді  маған  беріңіз,  -  деді  Артықбай  қолын  созып.  -  Сағира 

шешейдің қойларын мен-ақ суғарайын... 

Бұл  күні  біз  қора-қора  малды  тату-тәтті  суғарып  тарадық.  Күндегідей 

әркім  ӛзінің  малын  қақпайлап  әуре  болған  жоқ.  Артықбайдың  қолы  талған 

кезде басқа балалар да кезектесіп, науаны демде-ақ толтырып тұрдық. 

Малды  суғарып  бола  берген  кезде  бүгін  біздің  қатарымызға  келіп 

қосылған сұлу қыз бір шелек суды Артықбайдың үстіне тӛңкеріп құя салды 

да, сықылықтап қаша жӛнелді. Біз оған мәз болдық. Науаның тӛменгі жағына 

келіп  қонып  отырған  бір  топ  шымшық  «түу,  осыларды-ай,  қайта-қайта 

мазамызды ала берді ғой» дегендей, тағы да дүр-р етіп ұшып кетті. 

Артықбай  болса,  үсті-басынан  су  сорғалап,  сүмірейіп  қала  берді.  Бұл 

оның бағанағы қуланып, қылжақтағанына орай алған сыбағасы еді. Сұлу қыз 

ұзап бара жатты да, кенет артына бұрылып, Артықбайға қарап қолын бұлғап: 

–  Чао! -деп кетті. 

Біз сәлден соң есімізді жиып, бір-бірімізден: 

–  Бұ кім-ей ӛзі? 

–  Қайдан келген? 

–  Сағира шешейдің туысқаны ма? - деп сұрай бастадық. 

Асанәлі деген бала Сағира шешейдің кӛршісі еді. Ол бір кӛзін сәл қысып 

тұрып,  әлгі  қыздың  ауылға  қашан,  қалай  келгенін  балпылдап  айта  бастады. 

Қонақ  қыз  кеше  кешкі  автобустан  екі  үлкен  сӛмке  кӛтеріп  түсіпті.  Жол 

жиегінде  тұрып  әппақ  жүзін  күннен  кӛлегейлеп,  алақанымен  күн  салып 

тұрып Шәуліге таңғала қарапты. Содан соң, қолындағы жүгі ауыр болса да, 

бойын тіп-тік ұстап, қаздандай басып Сағира шешейдің үйіне қарай жүріпті. 

Әуелі  шешей  оны  танымай  қалған  кӛрінеді.  Есігінің  алдында  самаурынға 

отын бұтап жатып, арт жағынан келіп сәлемдескен қызға: 

–   Шырағым,  шкӛл  деректірдің  үйі  анау  жақта,  -  депті  қолын  сілтеп. 

Шамасы, мектепке келген практикант қыз екен деп қалған болуы керек. 

–   Әже,  мені  шынымен-ақ  танымай  қалдыңыз  ба?  -  дейді  әлгі  қыз 

таңырқап. - Мен Бибіажармын ғой. 

–   Е-е,  Сәтбектің  балдызысың  ба,  айналайын.  Олар  кеше  Тӛрткӛлге 

барамыз деп жүр еді. Үйлері жабық па? 

–  Әже-ау, бері қарасаңызшы! Мен Маржанкүлдің... 

–   А-а, не дейт...  - деп  Сағира  шешей қалада  тұратын  жалғыз  қызының 

аты  аталған  кезде  барып  абдырап  қалады.  Сәлден  кейін  қолындағы 

шапашоты түсіп кетіп, қонақ қызды бас салады. - Үйбай-ау, ӛзімнің Бибішім 

екен ғой келіп тұрған!.. Қара басып танымай қаппын. Күнім әшейін, сенің де 

мені іздеп келетін күнің бар екен ғой! Алжыған әжеңді тауып келеді екенсің 

ғой сен де. 

Сӛйтіп Сағира шешей біресе жылап, біресе күліп, қаладан келген немере 

қызын айналып-толғана беріпті. 


Sauap.org 

Бибіажар келген күннен бастап біздің ӛмірімізге үлкен ӛзгеріс енді. Біз 

бұрын  мал  суғаруға  кежегеміз  кейін  тартып,  біреу  арқамыздан  итеріп 

апаратындай  әрең  барушы  едік.  Енді  құдық  жаққа  қарай  алып-ұшамыз  да 

тұрамыз. 

Біздің  ауыл  ауыз  суды  қатты  қадірлеуші  еді.  Оның  әрбір  тамшысына 

шейін  үнемдеп,  беті-қол  жуғаныңа  дейін  (әсіресе  бала-шағаны)  қадағалап 

отыратын. Бір уыс су артық құйып алсаң болғаны: 

–  Әй, суды босқа рәсуа қылма! 

–  Болды енді, қайын жұртыңа бүгін барайын деп жатқан жоқсың ғой. 

–  Менің  үйімнің  қышын  құйып  келгендей,  суды  сонша  сарылдатып 

тӛккенін қарашы-ей! - деп қатаң ескертулер жасап жатады. 

Бибіажар  келгелі  бері  біз  құдық  басында  бір-бірімізге  су  шашысып, 

қуаласып  ойнайтын  болдық.  Сайдағы  жалғыз  құдықтың  суы  да  кӛбейіп 

кеткен  секілді.  Бұрынғыдай  емес,  ӛзімізді  біртүрлі  еркін  сезініп,  жарық 

дүниеге шыр етіп түскелі бері жанымызға батып, иінімізді басып келген бір 

ауыр жүктен құтылғандай жеңілдеп қалдық. 

Бибіажар  мал  суғаруға  күнде  келсе  екен  деп  тілейміз  іштей.  Мейлі,  ол 

сәмбі  талдай  майысып  құдықтан  су  тартпай-ақ  қойсын.  Сағира  шешейдің 

қойларын ӛзіміз-ақ томпаңдап жүріп суғарып береміз. Тек біздің ортамызда 

сықылықтап  күліп,  мәз-мейрам  болып  жүре  берсе  –  болғаны.  Шынында  да, 

оның мінезі бала сияқты еді. Ол біздің ауылдың барлық қызынан сұлу болса 

да,  тәкаппарлық,  паңдық дегенді  білмейтін.  Екі  беті бал-бұл  жайнап,  бізбен 

бірге асыр салып ойнап жүретін-ді. 

Бірде  тұс-тұстан  жабылып  оны  да  малмандай  етіп  суға  шомылдырдық. 

Сол кезде жұқа жаздық кӛйлектің астынан оның құлын мүшесі, кеудесіндегі 

томпиған қос анары ап-анық боп кӛрініп қалды. Ол бізден біртүрлі қысылып, 

аппақ  жүзі  дуылдап  қызарып  кетті.  Сонда  да,  ұялып  қалғанын  білдірмеуге 

тырысып, сықылықтап күле берді. Біз тұңғыш рет сұлулықты сол сәтте кӛріп, 

сол  сәттен  бастап  ұғына  бастаған  сияқтымыз.  Тарыдай  міні  жоқ  сұлу  мүсін 

біздің  басымызды  айналдырғандай  болды.  Еріксіз  кӛзімізді  тӛмен  салдық. 

Содан кейін біз оны қаншама рет қуып жетсек те, су шашпайтын болдық. 

Күндізгі аптаптың ып-ыссы демі қайтып, бірте-бірте тӛңіректі тұмшалай 

бастаған  қою  түннің  салқыны  сезіле  бастайтын  қызыл  іңір  шӛлейт  даланың 

ең  бір  тамаша,  жанға  жайлы  шағы  еді.  Табиғаттың  да,  адамның  да,  жан-

жануарлардың да тынысы кеңіп, сарайы ашылып сала беретін. Бойыңды бір 

сергек  күй  билейді.  Мұндай  сәтте  біздің  ауылдың  ұрысқақ  кемпірлеріне 

шейін кешірімшіл, жомарт әрі мейірімді бола қалады. 

–  Е-е, әне біреу қараңдағандар немене десем, ойнап жүрген балалар ма? 

–  Қоя бер, кемпір, ойнай берсін! Бала болған соң ойнайды да... 

–  И-и, тәйірі, оларға бірдеме деп жатқан кім бар?! Ойнасын. Қорадағы 

мал түгел. Кеше сұғанақ сары шыбыштың былтыр туған лағы келмей қалып 

еді.  Бүгін  бәрінен  бұрын  сол  келді,  -  деп  жатқандары  арқа-бастарын  кеңге 

салып. 


Sauap.org 

Біздің  ауылдың  бір  жаман  әдеті  ӛте  малжанды  болып  келетіні.  Екі 

сӛзінің  арасына  қорадағы  малының  күнделікті  жай-күйін  қыстырып 

отырмаса, ішкен асы батпайды. Олардың осы бір қаңсыған шӛлейтті мәңгілік 

мекен  етіп  қалуының  ӛзі  де  сол  шектен  тыс  малжандылығының  кесірінен. 

Баяғыда-а  мыңғырған  мал  айдаған  ата-бабаларымыз  бір  күні  ел  ішіне 

«кәмпеске»  деген  бәле  келді  дегенді  естіпті  де,  қысы  жылы  болады  деп, 

қыстап  шығу  үшін  ғана  келген  шӛлейттен  қоныс  аудармай,  қорқып,  бұғып 

қалыпты.  Міне,  сӛйтіп,  кеңес  үкіметінің  ұзын  құрығынан  құтылған  да, 

қаңсыған шӛлдің қақпанына мықтап тұтылған. 

Иә-ә,  содан  бері  бұл  ауыл  жасыл  жайлау,  кӛкорай  шалғынды  сағынып, 

қаншама  рет  кӛзі  жәудіреп  аңсады  екен  десеңізші...  Бірақ  енді  кеңес 

ӛкіметінің күні бітіп, ізі ӛшсе де, баяғыдай кӛктем туа кӛк мұнарға оранған 

тауға кӛшіп жүре беретін кеңшілік заман қайда... 

Шӛлейттің  қара  мақпал жұмсақ кешінде біздің ауылда  қалықтап  бір  ән 

естілді.  Гитараның  нәзік  үніне  қосылған  сиқырлы  қоңыр  дауыс  бәрімізді 

бірден елең еткізді. Ән Сағира шешейдің үйі жақтан шығып жатыр екен. 

Ашылғандай айдын кӛлде, 

Үлкен ӛмір есігі. 

Су бетінде қайық бейне

Махаббаттың бесігі. 

Бұл, әрине, Бибіажар ғой! Сӛз жоқ, соның дауысы. Одан басқа кім болуы 

мүмкін.  Біз  құлағымызды  түріп  сәл  тыңдап  тұрдық  та,  Сағира  шешейдің 

үйіне қарай зымырадық. 

Біраздан  соң  бәріміз  Бибіажардың  жанына  жиналып  та  қалдық.  Ол, 

қыста отын болсын деп, трактормен сүйреп әкеліп тастаған дӛңбектің үстінде 

отыр  екен.  Бізді  кӛрсе  де,  әнін  үзген  жоқ.  Гитараның  нәзік  үні  мен  оның 

сазды  қоңыр  дауысы  Шәулінің  қара  мақпал  кешінде,  тұп-тұнық  ауада 

дірілдеп алысқа кетіп жатты. 

Біздің  ауыл  той-томалақта,  шілдеханаларда,  әр  түрлі  отырыстарда  ғана 

ән  салушы  еді.  Онда  да  бастамасы  тәп-тәуір  басталып,  соңына  таман  тұс-

тұстан  барқырап  қосылған  бейберекет  масаң  дауыстар  басым  түсіп,  құтын 

қашырып жіберетін. 

Жай  күндері  Шәулінің  адамдары  ән  сала  қоймаушы  еді.  Кей-кейде  бір 

оңашада, кӛңіл  хошы соққанда ыңылдап айтатындары болса, жанына біреу-

міреу келе қалғанда кілт тиылып, түк кӛрмегендей, басқа жаққа қарап тесіле 

қалатын. 

Ал  тап  осылайша  ӛзімен-ӛзі  болып,  алақандай  ауылдың  қарапайым 

адамдарынан  қысылып-қымтырылмай-ақ  қара  мақпал  әдемі  кештің 

құшағында отырып ән салу ешкімнің де ойына келмеген сияқты. 

Ән әуелеген сайын біздің бала кӛңілдеріміздегі қиял құсымыз да алысқа 

самғап,  биіктеп  барады.  Біз  ӛзіміз  ӛмірі  кӛрмеген  айдын  кӛлді,  екі  ғашық 

отырған қайықты кӛз алдымызға ап-анық елестетеміз. 

Ескегіңді берші маған, 


Sauap.org 

Мен есейін, сен еспе. 

Су күлкісі сылдырлаған 

Сенің күлкің емес пе. 

Шіркін,  кӛгілдір  айдыны  күн  сәулесімен  құбылып  ойнап  жататын  айна 

кӛл  болса,  су  бетінде  білінер-білінбес  із  қалдырып  жеп-жеңіл  сырғи 

жӛнелетін қайық болса... Біздің де махаббат әнін айтып жүзе бергіміз келеді-

ақ. 

Және 


кіммен 

дейсіз 


ғой? 

Бибіажардың 

нақ 

ӛзімен. 


Енді бірде ол биыл қыстан аман қалған дӛңбектің үстінде отырып: 

Аңсаған бақытым сияқтанып, 

Ай туып келеді кияқтанып. 

Жол жаққа қараймын, 

Сен жоқсын, арайлым. 

Кешікпей келем деп ең, 

Мен тұрмын елеңдеумен, - 

деп әндетеді даусына мұң араласып. 

Ол  алыстан  ӛзін  іздеп  келетін  әлдебіреуді  күтетін  секілді.  Кімді  күтеді 

екен?  Ол  қашан  келер  екен?  Кім  де  болса  бақытты  жан-ау  ӛзі!..  Бірақ  біз 

оның  алыстан  күткен  кісісі  келмесе  екен деп  тіледік. Шӛлейт даланың  түйе 

шӛлдеп ӛлетін түкпіріне жасырынған алақандай ауылды таба алмай адасып, 

маңғұла болып қаңғып кетсе екен дедік. Оның салған әндері сыпырадай тып-

тықыр  шӛлейттің  шағырмақ  ыстық  күнін  де,  қора-қора  қоймен  бірге  ӛріп, 

қоймен  бірге  тыныстайтын  күйбің-күйбің  кӛңілсіз  тіршілігін  де  мүлде 

ұмыттырып,  есімізден  шығарып  жіберетін-ді.  Алыстағы  айдын  кӛлдерге,  ақ 

қайыңды тоғайларға қарай алып ұшып, салқын самал болып аймалап есіп, ақ 

жаңбыр болып нӛсерлеп тӛгіп ӛтер еді. 

Ол  ән  салған  кештерде  біздің  ауылдың  жұмыстан  қайтқан  жігіттері  де 

жиналып қалатын. Кӛбісі май сасыған киімдерін үйлеріне тастап, шыттай боп 

киініп  шығады.  Әсіресе  анау  механик  жігіт  Әбен  үстіне  бұрқыратып  әтір 

сеуіп, шашын жылмита тарап, Бибіажардың кӛзіне түсуге тырысып-ақ жүр. 

— Қарындас, сіз әнді ӛте жақсы саласыз, - дейді ол ән аяқтала бергенде, 

тап  бір теледидардан сӛйлеп отырған диктордай сызыла қалып. Сағынышқа 

толы сазды әуеннен соң ӛзі де қалың ойға шоматын Бибіажар бірден жауап 

қата қоймайды. 

Оның  ойланғаны  да  қызық  еді.  Қарақаттай  мӛлдіреген  қара  кӛздері 

тұнжырап,  шынында  да,  алыс  жақтан,  беймәлім  уақытта,  әйтеуір  бір  күні 

іздеп келетін әлдекімді күтетіндей мұңайып қалатын. Бірақ сол кісінің қашан

қай күні келетіні, шӛлейт адырдың қиян түкпіріндегі шошаладай ғана біздің 

ауылды қайтіп іздеп табатыны белгісіз еді... 

—  Қарындас,  байқаймын,  сіз  тек  Шәмшінің  әндерін  ғана  орындайды 

екенсіз, - дейді Әбен тағы да қарап отырмай қыстырылып. 

— Иә, -дейді Бибіажар ойланған қалпы. 

— Байқаймын, сіз Шәмші Қалдаяқовтың творчествосын қатты ұнатасыз-

ау?! — дейді Әбен ӛте-мӛте мәдениетті сӛйлеуге тырысып. 



Sauap.org 

— Мен оған ғашықпын, - дейді Бибіажар. 

— Қа-қалайша? О-ол кісі ӛліп қалды ғой. 

— Мен үшін ӛлген жоқ. 

—Байқаймын, қарындас, сіз композитордың ӛзіне емес, әндеріне ғашық 

болуыңыз керек. 

—  Жоқ.  Мен  оның  әндерін  ғана  емес,  ӛзін  де  ұнатамын.  Кеш 

туылғаныма ӛкінем. 

—  Мен  де  кеш  туылғаныма  ӛкінем,  -  деп  осы  кезде  Аманбай  деген 

есерсоқтау жігіт киіп кетеді.  - Әтәсінәлет, баяғыда туылуым керек еді! Тым 

құрыса  тойып  арақ  ішіп  қалар  ем.  Меніңше,  нағыз  рақат  ӛмір  сол  кезде 

болған. Алқаштар тойып арақ ішкен, ал композиторлар жақсы ән шығарған. 

Қысқасы, әркім ӛз шаруасымен айналысқан! 

—  Сен  қатты  қателесесің,  Аманбай,  -  деді  Әбен  оған  бүгін  әдеттегіден 

бӛлек сыпайы тіл қатып. - Арақ пен ӛнерді қатар қоюға, бүйтіп шатастыруға 

болмайды. 

—Неге болмайды? - деді Аманбай, тӛбелесуге дайындалғандай, Әбенге 

ежірейе қарап. - Біле білсең, жақсылап іше білудің ӛзі де – ӛнер! 

Әрине, Аманбаймен дауласып, Аманбайды сӛзбен жеңу қиын. Ол мүлде 

мүмкін  емес.  Оны  Әбеннің  ӛзі  де  жақсы  біледі.  Бірақ  бүгін  тілі  қышып, 

Бибіажарға  жақсы  кӛрінгісі  келіп-ақ  отыр.  Бірақ  осы  сәтте  Аманбайдың 

сӛзіне сықылықтай күліп жіберген Бибіажардың: 

—  Браво,  браво!  -  деген  кӛңілді  үні  енді  ғана  тұтанып  келе  жатқан 

даудың  шоғын  сол  жерде-ақ  таптап  ӛшіріп  тастады.  -  Мен  осындай 

оригинально  ойланатын  кісілерді  ұнатамын!  -  деді  Аманбайға  күлімсірей 

қарап. 

Қоңқақ мұрын, салпы ерін Аманбай күрек тістерін кӛрсете ыржиып, мәз 



болып  қалды.  Неге  екені,  қолындағы  жартылай  шегілген  шылымын  жерге 

тастай салып, табанымен езгілеп ӛшіре бастады. 

— Меніңше, арақ іше білу де ӛнер деп ойлаған қазақ - нағыз мәдениетсіз 

қазақ! -деді Әбен қызып кетіп. 

—  Ал,  ме-ніңше,  -  деді  Бибіажар  даусын  ойнақылана  созып,  -  әр 

адамның ӛзіне тән мәдениеті болады. Ол - әркімнің жан дүниесіндегі бүкпесіз 

шындығы.  Жалпы  адамзатқа  бірдей,  бір  ғана  түске  боялған,  белгілі  бір 

деңгейдегі мәдениет болады деп ойлау - қате! 

— Сонда қалай, осы отырғандардың бәрі де мәдениетті ме? - деді Әбен, 

ӛңшең  бір  мәдениетсіз  адамдардың  ортасына  ойда  жоқта  түсіп  қалғандай, 

бізге менсінбей қарап. 

—  Меніңше,  мәдениетті  деп  тек  шындықты  сүйетін  адамдарды  айтуға 

болады.  Жұрттың  кӛзінше  мәдениетті  болып  кӛрінуге  тырысу  да 

мәдениетсіздіктің бір түрі. 

— Байқаймын... 

Осы кезде есік алдына шыққан Сағира шешейдің: 



Sauap.org 

—  Әй,  қу  қыз,  топырлаған  жын-шайтаныңды  тарат  та,  тез  үйге  қайт,  - 

деген  ӛктем  үні  естілді.  -  О  несі-әй  түге,  түнімен  тұштаңдап  ән  сап, 

жыртыңдап отыра берейін деп пе ең? 

—  Әне,  дүниедегі  ең  мәдениетті  адам  -  менің  әжем,  -  деді  Бибіажар 

орнынан  ұшып  түрегеліп.  -  Ӛйткені  ол  ӛзінің  шын  ойын  ешқашан 

жасырмайды. Ал мен кеттім! 

Ол  үйіне  қарай  жүгіре  жӛнелді.  Біз  де  жылы  орнымызды  қимағандай 

енжар 


қозғалып, 

біртіндеп 

үйді-үйімізге 

тарай 


бастадық. 

      Әркім  іштей  бұл  ӛмірге  ӛзінің  композитор  болып  келмегеніне, 

Бибіажардың  жүрегін  әдемі  әнмен  жаулап  ала  алмағанына,  тым  құрыса 

Сағира шешей секілді оған ӛктем үн қатуға да хақысы жоқ екендігіне ӛкініп 

кетті... 

Ол біздің ауылда бір айға жуық уақыт жүрді. Бірте-бірте оның қонақ қыз 

екендігі  де  ұмытыла  бастады.  Тіпті  ӛз  ауылымыздың  адамы  сияқты  болып 

кетті. «Қаладағы бір жақсы кӛретін адамына кӛңілі қалып келгенге ұқсайды. 

Сағираның  қолында  тұра  беремін  дейтін  кӛрінеді»  десіп  жүрді  біздің 

апаларымыз. «Әй, қайдам, ондай қыз ауылға сыйыса қояр ма екен. Кетеді ғой 

бір күні...» деп артынша күмән келтіріп те қояды. 

Әйтеуір,  Бибіажардың  біздің  ауылда  ұзақ  тұрып  қалуында  бір  жұмбақ 

сыр бар екені айдан анық еді. 

Бір күні  құдық басында  мал  суғарып жүр  едік,  кенет,  қайдан  шыққаны 

белгісіз, жанымызға келіп су жаңа «Мерседес» тоқтай қалғаны. Оның ішінен 

кӛзіне  қара  кӛзілдірік  таққан,  ӛте  сәнді  киінген  бір  жігіт  түсті.  Сарғыш 

жейдесінің омырауын ашыңқырап тастап, екі қолымен бүйірін таянып, бізді 

менсінбегендей  сынай  қарап  біраз  тұрды.  Оны  кӛрген  сәтте  Бибіажар 

біртүрлі абдырап, сасқалақтап қалды. 

Әлгі жігіт керіле басып Бибіажардың жанына келді де, қолтықтап алып 

ұзай берді. Екеуі біраз жер алыстап кетіп барып сӛйлесті. Не айтқандарын біз 

естігеніміз жоқ. Әйтеуір, Бибіажар кінәлі адамдай басын тӛмен салып, кӛпке 

дейін үнсіз тұрды. Қатты толқып тұр ма әлде одан қорқып тұр ма – білмейміз, 

аяғының  ұшымен  жер  шұқып,  анда-санда  ғана  басын  изеп  қояды.  Ал  анау 

болса, ауыз жаппай әлі де сӛйлеп жатыр. 

Әрбір  қалт  еткен  қимылынан  дүние-байлықтың  буы  бұрқырап  тұрған 

бай  жігітке  біз  алғашқыда  қызыға  да,  қызғана  да  қарадық.  Артынан  мүлде 

жек кӛріп кеттік. 

Ӛйткені  ол  біраздан  соң  Бибіажарды  белінен  құшақтап,  «Мерседеске» 

қарай алып жүрді. Есігін ӛзі ашып, әуелі қызды отырғызды, одан кейін ӛзі де 

орнына жайғасты. Темекісін ернінің ұшына ғана қыстырып, әдемі оттығымен 

тұтатып  алды.  Кӛзінен кӛзілдірігін алып,  Бибіажарға  қарап  жымиып  қойды. 

Содан соң оның мойнынан құшақтап, бетінен сүйді... 

Сәлден кейін су жаңа «Мерседес» үстінен су тӛгілмес жорғадай лып етіп 

қозғалып, жүріп кетті. 


10 

Sauap.org 

Біз  олардың  соңынан  телміре  қарап,  қауға-шелектерімізді  ұстап  құдық 

басында  қала  бердік.  Біреу  әлімжеттік  қылып,  баяғыдан  бері  ешкімге 

кӛрсетпей сақтап жүрген асыл затымызды алып бара жатқандай, ішіміз удай 

ашыды. 


Кешке  біз  тағы  да  бӛрененің  үстінде  шоқиып-шоқиып  отырып 

Бибіажарды  күттік.  Бірақ  ол  бүгін  сыртқа  шықпады.  Су  жаңа  «Мерседес» 

Сағира  шешейдің  үйінің  алдында  батар  күннің  қызыл  шұғыласына 

шағылысып,  жалт-жұлт  етіп  тұрды.  Ол  Бибіажар  мен  біздің  арамызға 

қойылған  тосқауыл  сияқты,  кӛзімізге  біртүрлі  жексұрын  боп  кӛрінеді. 

Жанына барып, терезесінен ішіне үңіліп, қызықтап тұрғымыз келсе де, әдейі 

қасарысып жоламай қойдық. 

Бір  кезде  оның  иесі  сыртқа  шықты.  Бет-ауызы  сиыржалағандай  жып-

жылтыр,  былшиған  біреу.  Маңдай  шашы  жымысқылана  қарайтын  ойсыз 

кӛздерінен үріккендей тӛбесіне қарай қашып, әлден-ақ қасқа бола бастапты. 

Ыңыранып сӛйлейді, ырс-ырс етіп күле береді. Әйтеуір, бізге ұнамайды-ақ. 

—  Иә,  балалар,  сендер  неге  жинала  қалдыңдар?  -  деп  сұрады  ол 

жанымызға  таяп  келгенде.  Бір  аяғын  дӛңбекке  қойып,  екі  қолын  тӛсіне 

айқастыра ұстап, шалқайыңқырап тұрды. 

— Комсомол жиналысын ӛткізіп жатырмыз, - деді Артықбай қырсығып 

жауап беріп. 

— Тю-тю! - деді қонақ жігіт ернін шұршитіп. - Сендер әлі де комсомол 

ма едіңдер?! 

— Жай әншейін... -деді осы кезде ортамызда отырған жарамсақ Шерәлі 

шыдай алмастан. - Ән тыңдауға келдік. 

—  Ән  тыңдауға?  -  Қонақ  жігіт,  жунглидегі  жаңа  табылған  тайпаның 

адамдарын  кӛріп  тұрғандай,  кӛзін  сығырайтып  бізге  үңіле  қарады.  -  Кімнің 

әнін тыңдауға? 

—  Шәмшінің. 

—   Кімнің...  кімнің  дейсіңдер?  -  Ол  композитор  Шәмші  Қалдаяқовты 

есіне түсірмек болғандай, аз-кем ойланып қалды. 

—  Ол әндерді кім айтып жүр сендерге? 

Біз  оның  кӛзінше  Бибіажардың  атын  айтуға  қимағандай,  Сағира 

шешейдің үйі жаққа үнсіз жаутаңдап қарай бердік. 

—  А-а,  -  деді  ол  кенет  бәрін  де  түсініп  қойғандай.  Қозы  қарыны 

бүлкілдеп ырс-ырс етіп күліп алды. - Біздің Бика екен ғой сендерге ән айтып 

беріп жүрген! Во, даешь! Сӛйтіп, тегін концерт кӛруге келдік деңдер! Қызық 

екен. 

Біз үнсіз қалдық. Ол жейдесінің тӛс қалтасындағы қораптан темекі алып, 



ернінің ұшына қыстырып, әдемі оттығымен тұтатты. 

—  Босқа  уақыт  ӛткізіп  отырсыңдар,  -  деді  темекісінің  түтінін  әуелете 

үрлеп  қойып.  -  Одан  да  пайдалы  бір  іспен  айналыспайсыңдар  ма?  Не  кӛп, 

қора-қора қой кӛп бұл ауылда. Ал қой дегеніңіз - ӛз аяғымен жүретін товар. 



11 

Sauap.org 

Қысқасы,  бизнеспен  шұғылдану  керек.  Сату  керек,  сатып  алу  керек  және 

қайталап сату керек. Бизнестің ең басты заңы - сол! 

Шерәлі орнынан қозғалақтап қойып: 

—  Айтыңызшы,  кӛке,  бизнесті  қалай  бастау  керек?  -  деп  сұрады 

ынтығып. 

Қозы  қарын  бизнесмен  жігіт  оған  қарап  ақырын  ғана  басын  изеп 

мақұлдап, ырс-ырс етіп күлді. 

—  Ауылда  жоқ  товарларды  әкеліп  сату  керек,  -деді.  -  Шетелдік  арақ-

шараптарды,  шырын-сусындарды,  темекілерді  артық  бағасына  ӛткізуге 

болады. 


—  Әй,  -  деді  ауылдағы  дүкеншінің  баласы  Әжібек  қолын  сілтеп.  - 

Шетелдік арақ-шарап пен темекіні біздің Шәуліде ешкім де алмайды. 

— Үнді шайын алады! - деді Шерәлі. 

—  Оһо,  міне  нағыз  бизнесмен!  -  деді  қонақ  жігіт  оған  қарап  саусағын 

шошайтып. - Значить, үнді шайын әкелу керек. Тағы да қандай товарлар қат 

еді ауылда? 

—  Кӛк  шай...  Кемпір-шалдарға  кӛк  шай  да  керек.  Тоқсан  бесінші 

нӛмірлісі! 

—  Тақия  керек.  Шапан  да  керек.  Менің  атам  Құдабайдың  құдалығына 

киіп баратын шапан таба алмай жүр. 

—  Резіңке етік! 

— Кендір арқан! - деп тұс-тұстан жарыса шулап кеп бердік. Қонақ жігіт 

миығынан күліп, басын шайқай берді. 

—  Оның бәрі де ұсақ-түйек товарлар ғой, - деді кӛңілі толмай. 

—  Енді не сатуға болады?.. 

—  Ойланып  кӛріңдер.  Тек,  әйтеуір,  ән  тыңдаймыз  деп  босқа  уақыт 

ӛткізбеңдер!  Әнді  сата  алмайсыңдар,  оны  ешкім  де  алмайды. 

         Біз,  шынында  да,  сол  түні  кӛзіміз  бақырайып,  кӛпке  дейін  ойланып 

жаттық. Кірпігіміз айқаспай, олай-былай дӛңбекши бердік. Бибіажар туралы, 

оның салған әндері туралы, су жаңа «Мерседестің» иесі туралы және қап-қап 

ақша  туралы  ойладық.  Шым-шытырық  түс  кӛріп,  ұйқымыз  мазасыз  болды. 

Бәріміз жамырап, біреуіміз шапан, біреуіміз тақия, енді біреулеріміз резіңке 

етік  пен  кендір  арқан  сатып  жүр  екенбіз-ау  дейміз.  Бірақ  оларды  ешкім  де 

алмайды.  Бәрі  де  басын  шайқап:  «Бұлар  ұсақ-түйек  тауарлар  ғой.  Оны 

қайтеміз»  деп  күліп  кетеді.  Тек  Шерәлінің  қолындағы  үнді  шайын  ғана 

таласып-тармасып сатып алатын сияқты... 

Таң алдында сүліктей жалтыраған «Мерседес» біздің ауылдан ұзап кетіп 

бара  жатты.  Оның  ішінде  Бибіажар  бар  еді.  Қап,  әттеген-ай,  қоштасып  та 

қалмадық.  Ол  да  бізді  қимай  бара  жатқан  шығар.  Мүмкін,  онымен 

қоштаспағанымыздың ӛзі де дұрыс болды ма екен. Ӛйткені ол біздің Шәуліге 

тағы да келеді, тағы да қара мақпал кешті сырға бӛлеп, ән салып береді. 


12 

Sauap.org 

Сәлден  кейін  сыпырадай  тап-тақыр  шӛлейттегі  шошаладай  ғана  біздің 

ауылдың  «ӛз  аяғымен  жүретін  тауарлары»  тұяқтарын  сыртылдатып  ӛріске 

беттеді. 

 

*** 




  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал