Елбасы білім тереңдеткен ұя



жүктеу 88.42 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі88.42 Kb.

Елбасы білім тереңдеткен ұя 

Егемен Қазақстан 

13 Қараша 2010  

 

Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті 



сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беруде  беріктік 

танытуда 

Әлбетте,  әр  нәрсенің  өз  жөні  болады.  Себеп-салдарсыз  ештеңенің 

негізі  қаланбақ  емес.  Мұны  айтқанда  Қарағандыдағы  тұңғыш 

техникалық жоғары оқу орны – Тау-кен институтының құрылу тарихы 

ойға  оралады.  Өткен  ғасырдың  орта  тұсында  өндірісі  өрлеген  өңірде 

заман  талабына  сәйкес  білікті  инженер  кадрларының  жаңа  буынын 

даярлау  мәселесі  туындаған  еді  десек,  содан  беріде  алпыс  жыл  өтіпті. 

Бертінде  политехникалық  институт,  бүгінде  техникалық  университет 

атауымен  мәлім  бұл  оқу  ордасы  таныстыруды  аса  қажет  етпейді. 

Алдымен ол түлектері арқылы алысқа аян. 

Мұнда  Президент  Н.Ә.Назарбаев  білім  тереңдеткен.  Жоғарыда 

аталған  уақыт  аралығында  қабырғасынан  ұшып  шыққан 70 мыңнан 

астам тау-кен ісі,  құрылыс, металлургия, автокөлік саласы мамандары 

ел экономикасы іргетасын бекітушілердің алдыңғы қатарынан танылса, 

дамуды  одан  әрі  өрбітуші  ізбасарлары  да  сол  үрдіске  берік  болуды 

қалайды. 

Осы  ғылым  мен  білім  ошағы  туралы  айтылғанда,  халқымыздың 

екі аяулы тұлғасы еске түседі. Институт есігін ашқаннан бастап отыз үш 

жыл  бойы  тұрақты  ректоры  болған  Әбілқас  Сағынов  сынды  көрнекті 

ғалым  қалдырған  із  терең.  Алғашқы  ректордың  жеке  мынадай  үлкен 

азаматтығы да ұрпаққа ұмытылмас өнеге. “Алаш” партиясы мен Алаш-

орда  қозғалысы  жетекшілерінің  серкесі  Әлімхан  Ермековке  қуғын-

сүргіннен оралған соң студенттерге математика пәнінен сабақ жүргізуге 

мүмкіндік  жасайды.  Қазақ  зиялылары  қатарынан  тұңғыш  рет  мате-

матика профессоры атанған кісінің ұстаздық қызметі ғұмырының аяғы-

на дейін ұласады. Үзіліп қалған ғылыми зерттеуін жалғастырып, ықти-

малдық  теориясы,  математикалық  статистика,  теориялық  механика, 

математикалық  терминология  мәселелерін  зерделейді.  Ал  бұл  кезде  ол 

кісінің алпыстан асқан шағы болатын.  

Математиктің  қазір  университет  мұражайында  сақтаулы  “Ұлы 

математика  курсы”  оқулығы  ең  қымбат  жәдігер.  Ол 1935 жылы  қазақ 

тілінде  жарияланса,  оған  іле  “Қазақ  тілінің  математика  терминдері” 

атты  түсіндірме  сөздігі  шыққан.  Осы  кезеңде  Кеңес  өкіметі  жазалау 

органдарының  қудалауында  жүргеніне  қарамастан  өскелең  ұрпақ 

қамын,  қоғамның  да  мүддесін  ойлап,  қолынан  келген  нәрсенің  бәрін 

істеуі ғажап қасиет. Қайсар күрескерлік деп осыны айтуға болар. 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары білім саласы халықаралық ең биік талаптарға сай болуға 

тиістігін,  жоғары  оқу  орындары  әлемнің  жетекші  университеттерінің 

рейтингтеріне 

кіруге 

талпынуы 

қажеттігін, 

жастар 

бойында 

қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру керектігін Елбасының 

баса  атап  көрсетуіне  байланысты  қалыптасқан  тың  ізденістер  мұнда 

кейінгі  кезде  айрықша  серпіле  түсіп  отырғаны  байқалып  жүр.  Бұған 

дейін  де  ғалымдық  та,  ұйымдастырушылық  қырынан  да  танымал 

азамат, бүгінде аталған университет ректоры, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты,  ҰҒА  академигі  Арыстан  ҒАЗАЛИЕВПЕН  әңгіме  арқауын 

соған арнауды жөн көрдік. 

– Арыстан Мәуленұлы, осындай іргелі оқу орнында талапкерлерді 

қабылдау биыл қалай болды? 

–  Бәріміз  ұмыта  қойған  жоқпыз  ғой,  осыдан  біраз  жылдар  бұрын 

мектеп  бітірушілердің  көбі  заңгерлік,  қаржыгерлік  мамандықтарын 

меңгеруге  бет  бұрғаны  мәлім.  Әрине,  оған  ешкімді  сөгіп  қажеті  жоқ.  Жаңа 

экономикалық  қатынастарға  көшкен  уақыттағы  өткінші  құбылыстың  бірі 

болғандығын  өмір  көрсетті.  Ал  қазір  отандық  өндірістің  қарқынды  өрлеуі, 

индустрияландыру  стратегиясын  жүзеге  асыруға  байланысты  серпін  әсері 

жастардың ой-санасына, талап-мақсатына үлкен өзгерістер енгізгенін біздегі 

жағдай анық байқатады. Мәселен, осы күзде университетімізге 4349 шәкірт 

оқуға  қабылдануы  сонын  бір  айғағы  дер  едік.  Мұның 1,5 мыңға  жуығы 

мемлекеттік  грант  бойынша  білімін  тереңдетушілер.  Бұл  техникалық 

мамандықты  қалаушылар  былтырғыдан 1 мыңға  артық  толықты  деген  сөз. 

Өңір  өндірісінің  “Қазақмыс”, “Арселор  Миттал  Теміртау”  секілді  алыптары 

өз  іріктеулерімен 432 болашақ  қадрын  даярлауға  сенім  артса,  әлемнің 11 

елінен  бұрыннан  оқып  жүрген 145 студент  қатарына  қосылушылар  да  аз 

болмады. 

Шәкірттер  құрамының  жылдан-жылға  өсуі,  заман  ағымына  сәйкес 

техникалық  интеллигецияның  жаңа  буынын  дайындау  мәселесі  маңызды 

бола  түсуіне сәйкес бірінші кезекте құрылымдық  жүйе жетілдірілгенін айта 

кеткен жөн шығар. 5 департамент, өндірістің барлық саласы үшін мамандар 

даярлайтын 10 институт, 3 кәсіби  салалық  орталық, 3 ғылыми-зерттеу 

институты, 35 кафедра  және  осынша  зертхана,  технологиялық  колледж, 



техникалық  лицей, 3 шағын  кәсіпорын  бір  шаңырақ  аясында  жұмыс  істеп 

жатыр. 


–  Сізбен  пікірлесіп  жүргеніміз  бір  бұл  емес.  Бұдан  бұрынғы 

әңгімеде  университетті  халықаралық  биік  талаптарға  сай  оқу  орнына 

айналдыру  барысында  біршама  шаруа  атқарылғаны  жөнінде  айтып 

едіңіз. Сол жайтқа толығырақ тоқталуға болар еді. 

–Соңғы  жылдарда  еліміздің  күрт  дамуы  білім  беру  саласының  да 

сондайлық  деңгейде  болуын  қалайды.  Халқымыз  мұның  мәнін  “Білегіңе 

сенбе, біліміне сен” деген жалғыз ауыз сөзбен түйіндеген. Дамыған елдердің 

тәжірибесіне  сүйенсек,  білім  мен  ғылым  жүйесінің  жаңарып,  жаңғыруы 

экономикалық  дүмпудің  негізгі  қозғаушы  күші  болып  табылады. “Қазіргі 

заманғы  білім  берудің  перспективалық  міндеті – ойлай  білетін  адамдарды 

даярлау”  деп  Елбасының  атап  көрсетуі  де  жайдан-жай  емес.  Оқу  үдерісін 

үлгілі үйлестіре білуде осы ақыл-кеңес басшылыққа алынады. 

Айып  етпессіз,  оқытудың  барлық  тәсілдері  мен  үлгілерін  бастан-аяқ 

баяндаудың  қажеттігі  болмас.  Қысқа  қайырымдап,  төменгідей  тетіктерін 

айтып  өтейін.  Алдымен  атағанда,  жаңа  технология  негізінде  профессорлық-

оқытушылық  құрамның  кәсіптік  шеберлігі  мен  студенттердің  дербес 

шығармашылық  ойлау  қабілетін  жандандыру  үшін  шәкірттердің  үлгерімін 

және  білімін  бақылайтын  тестілік-рейтингтік  жүйені  қолданысқа 

енгізгенімізге  біраз  уақыт  болып  қалды.  Аталған  шара  алғашқы  сабақтан 

бастап,  дипломдық  жұмыстарды  қорғауға  дейін  үзбей  мониторинг  жүргі-

зілуді  қамтамасыз  етеді.  Бүгінде  әр  студент  сайтқа  еніп,  ағымдағы  үлгерім 

деңгейін, әр аттестация сайын алған бағаларын анықтай алады. 

Оқытудың  кредиттік  жүйесін  қолдану  да  тиімділігін  танытуда. 

Оқытушылар  сабақ  беру  әдістемесін  өзгертуге  бет  бұрды.  Дәрістер 

білімгердің  санасына  өздігінен  ізденуге,  талпынуға  қызығушылық  туғызуға 

түрткі  боларлықтай  дайындалып,  оқылады.  Тақырыпты  түсінуде,  игеруде, 

бойға  сіңіруде  ақпараттық  технология  көмегіне  сүйенуге  тартылады.  Бұл 

ретте  проекциялық  теледидарлардың  дербес  компьютерлерге  қосылуы,  ал 


олардың  дәрісханаларда  әр  студент  алдында  тұруы  оқу  материалымен  тез 

танысуға  мүмкіндік  береді.  Қалған  уақытта  материалды  игеру  үстінде  ең 

қажетті  мәселені  зерделеуге  зейін  қойдырылады.  Айта  кету  керек,  бұдан 

былай  қарай  кез  келген  студенттің  қалауына  орай  өздігінен  компьютерде 

тестіден  өтуіне  жол  ашылмақ.  Сөйтіп,  білімін  сарапқа  салып  қоймай, 

кемістіктері туралы ақпарат алып, оны түзетуге мүмкіндігі бар. 

Оқыту үдерісінде сондай-ақ, әзірге елімізде баламасы жоқ интерактивті 

режимдегі  дәрісханалар  пайда  болғанын  атап  өтпекпін.  Оқу  бағдарламасын 

инновациялық  тұрғыдан  жетілдіруде  аймақ  экономикасының  ерекшеліктері 

ескеріліп, жаңа пәндер енгізілді. Былтыр құрылған инновациялық оқыту тех-

нологиялары  микроэлектроникасының  секторы  да  осы  бағыттағы  шараның 

бірі. 


Жалпы  алғанда, 67 компьютерлік  сынып,  соңғы  үлгідегі 2800 

компьютер (әр 2,5 студентке 1 компьютер), 52 интерактивті тақта, 88 бейне 

проектор, 6400 электронды оқулық, қоры бай кітапхана студенттер игілігіне 

ұсынылған. “Сименс”, “Мицубуси”, “Фесто”  концерндерінің  оқулық 

стенділері  алынды.  Таяу  арада  олардың  электронды  кітапханаға  шығуын, 

сабақтар  мен  емтихандар  кестесін  анықтауын  жеңілдететін 7 ақпараттық 

терминал,  кітаптарды  беру  үдерісін  автоматтандыру  және  е-lіbrary  сайтын 

пайдалану  арқылы  оқулықтардың  электронды  нұсқасына  жазылуды  қамта-

масыз ету үшін R-fіd кешені орнатылады. Телекоммуникациялық технология, 

мобильді  байланыстың  шетсіз-шексіз  мүмкіндігін  пайдалану,  сандық 

жүйедегі  оқу  залдарын  ұлғайту,  аудио,  бейнетаспа  оқу  құралдарын  байыту, 

қажетті  оқулық  материалдарды  дүниежүзілік  интернет  желісімен  аса  жыл-

дамдықпен  қабылдай  алу  жаңа  ғасырлық  оқыту  формасын  қалыптастыруға 

жол  кеңейтіп  отыр.  Бұған  университетімізде  құрылған  Қазақстан  Респуб-

ликасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  атындағы  электронды 

технология  оқыту  орталығы  айқын  мысал.  Онда 5 зертхана,  соның  ішінде 

теледидарлық оқытудың бірегей зертханасы жұмыс істейді. Оқытушылардың 

жеке  шұғылданатын  залы  келушілерге  әрдайым  ашық.  Өзіңіз  көргендей, 



зертханалардың  әлемге  әйгілі  Іntel  фирмасының  төртядролы  процессорлар 

негізіндегі  компьютерлермен,  сонымен  қоса  басқа  оқу  орындарында  әзірге 

сирек  қондырғылармен  жабдықталуы  білім-ғылымға  талаптыларға  тамаша 

жағдай. 


Білім  беруді  халықаралық  стандарттар  деңгейіне  көтеруде  танымал 

бола  бастауымыздың  айғағы  ретінде  АИОР  халықаралық  тіркеу  агенттігі 

жүргізген байқау қорытындысында биылғы мамыр айында 5 мамандық, атап 

айтқанда,  автоматтандыру  және  басқару,  металлургия,  мәшине  жасау,  көлік 

техникасы  және  технологиясы,  тау-кен  ісі  бойынша  халықаралық  тіркеуден 

өтіп, Лондондағы Еуропалық инженерлік білім қоғамының “Еуропалық сапа” 

белгісі  тапсырылуын  атауға  болады.  Өз  қауқар-қабілемізді  екшелей  келіп, 

жыл  сайын “The Tіmes Hіgher Educatіon Supplement” басылымында  жария-

ланып тұратын QS World Unіversіty Rankіnds әлемдік рейтингіне енуге өтінім 

түсірдік. 



–  Айтпақшы,  сіздің  басқаруыңыздағы  оқу  орнының  былтыр 

Университеттердің  Ұлы  Хартиясына  қол  қойғаны  белгілі.  Жалпы 

әлемдік білім кеңістігіне кірігу қадамдары қалай болып жатыр? 

– Қазіргі жаһандану дәуірінің екпіні білім саласына мықтап еніп келеді. 

46 ел қосылған Болон процесіне қатысуымыз зор мәртебе. Соның арқасында 

жоғары  білімнің  Еуропалық  аймағына  ену  түпкі  мақсатымыз  үдесінен 

шығуға  сенім  нығайтты.  Енді  студенттеріміз  бен  магистранттарымыз 46 

елдің кез келген жоо-ларында білім тереңдетуі еркін. Жемісі уақыт үлесінде, 

ал  бұған  дейін  де  қалыптасқан  ынтымақтастық  арқылы  алысқа  аянсыз 

емеспіз.  Әлемнің  жетекші  елдеріндегі  жоо-мен  жасалған 87 шарт  пен 

меморандум  соның  бір  дәлелі.  Айталық,  бізде  қытай  тілін  үйренуге 

мүмкіндік  беретін  Конфуций  институтының  филиалы  ашылды,  Шанхай 

ынтымақтастық  ұйымы  бағдарламасы  аясында  энергетика  және  экология 

саласында  білім  беру  орнатылды,  Австрияның  “Фесто”  концернінің  қол-

дауымен Ресей мен Украинаның техникалық университеттерімен бірлесіп ха-


лықаралық “Синергия” жобасын іске асыру қолға алынды. Ол қашықтықтан 

техникалық білім беру технологиясын құруға арналған. 

Университет  облыста  бірінші,  республикада  үшінші  болып  институт-

ционалдық  тіркеуден  өтті.  Магистранттардың 70 пайызы  АҚШ,  Германия, 

Голландия,  тағы  басқа  жетекші  елдерде  тәжірибеден  өтеді. 130 студентіміз 

“Болашақ”  бағдарламасының  стипендианты  атанды.  ІТ-мамандар  даярлау 

үшін  оқу  орнындағы  ақпараттық  технологиялар  институты  негізінде  ЕРАМ 

Systems  орталығының  филиалы  ұйымдастырылды.  Таяу  арада  Германияның 

техникалық орталығының филиалы ашылмақ. 

– Өндіріспен байланыс жағы қалай? 

–  Инновациялық-зерттеулік  моделі  бойынша  дамуға  баса  көңіл 

бөлінуде. Оның талабына сәйкес кәсіпорындармен тығыз байланыс орнығуы 

қажет.  Францияның  ТОТАЛЬ  мұнай  өндіру  және  Италияның  САЙПЕМ 

компанияларының  ынта  танытуымен  халықаралық  дәнекерлеу  институты 

ірге  қаламақ.  Университеттің  тау-кен,  коммуналдық  және  ауыл 

шаруашылығы  жабдықтарын  шығаратын  мәшине  жасау  консорциумы 

құрамына  кіретіндігіне  орай  қазақстандық  бәсекеге  қабілетті  өндірісті 

өркендетуге  үлес  қосуды  кеңейту  жолдары  қарастырылуда.  Австрияның 

“Мәшине және металл өнімдері” индустриялық одағымен жүргізіліп жатқан 

келіссөз  соны  көздейді.  Ғалымдарымыздың  инновациялық  зерттемелері 

нәтижесінде  “Балқаштүстіметал”  ӨБ-де  байыту  үдерісі  параметрлерін  және 

кенді  өңдеуді  бақылаудың  автоматтандырылған  жүйесі  өндіріске  енгізілді. 

“Соколов-Сарыбай”  тау-кен  өндірістік  бірлестігі”  АҚ  кеніштері  мен 

үйінділерінде  еңбек  қауіпсіздігін  жақсарту  үшін  швейцариялық “Leіca” 

фирмасының ең  жаңа электронды геодезиялық аспаптарын қолдану арқылы 

ондағы жағдайға геомеханикалық мониторинг жүргізу жүйесі құрылды. 

Ғылым  мен  өндірісті  интеграциялаудағы  жаңалықтардың  үлкені 

Елбасының  тапсырмасына  сәйкес  Қазақстанда  бірінші  “Табиғи  шикізат 

ресурстарын  кешенді  игеру”  зертханасы  жұмыс  істей  бастады.  Ол 

аттестациялаудан ойдағыдай өтті. Мұнда геологиялық-геофизикалық, геоме-



ханикалық,  маркшейдерлік-геодезиялық  бірегей  жабдықтармен,  сондай-ақ 

автоматтық,  ақпараттық  құралдардың  әлемдік  соңғы  үлгілерімен 

жасақталған  нанотехнология  мен  жаңа  материалдарды  құру,  минералды 

шикізаттарды  игеру,  пайдалы  қазбаларды  байыту,  шикізатты  өңдеу  және 

қалдықтарды  іске  жарату  бойынша  инновациялық  бірегей  зерттемелер 

жүргізуге болады. 

–  Оқуға  қабылданғаннан  кейін  студенттердің  көңілін  мазалайтын 

жайт жұмысқа орналасу мәселесі. Бұл жөнінде не айтар едіңіз. 

–  Көптің  көкейіндегі  сауал  екен.  Расын  айтқанда,  олардан  бұрын  бұл 

жайт  бізді  толғандырады.  Сондықтан  болашақ  түлектеріміздің  еңбекпен 

қамтылуына қолайлы мүмкіндіктер жасау ұдайы назарда. Мамандықты жетік 

меңгерген  жас  қалай  болғанда  да  өз  орнын  табады.  Бірінші  кезекте  сол 

талапқа  сай  болып  қалыптасуына  негіз  қалауға  күш  салынады.  Екіншіден, 

алдын-ала  кәсіпорындардың  сұраныстары  сарапталып,  еңбек  рыногындағы 

жағдайды біліп отырады. Оның сыртында университет жанынан ұйымдасты-

рылған “Корпоративті университет”  инновациялық білім беру консорциумы 

көмегіне  сүйенеміз.  Өйткені, 49 өндіріс  ошағымен,  соның  ішінде  “Арселор 

Миттал  Теміртау”, “Қазақмыс”, “Соколов-Сарыбай”  тау-кен  өндірістік 

бірлестігі”, “Жәйрем тау-кен комбинаты”, “Шұбаркөлкөмір”, “Қазөнеркәсіп-

геофизика”  тәрізді  алыптармен  бірлесіп  қызмет  істейтін  аталған  құрылым 

алдымен  түлектерімізді  жұмысқа  қабылдауға  мүдделі.  Ертеңгі  кадрлардың 

теориялық  білімдерін  тәжірибе  жүзінде  толықтырып,  кәсібіне  ысылатын 

орындар  негізінен  осылар.  Мұнымен  бірге  ғылымға  бейін  танытқан  талап-

керлерге ықылас та ыстық. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылады. “Арсе-

лор  Миттал  Теміртау”  компаниясының  тапсырысына  сәйкес  университеттің 

тау-кен  институтының  профессоры,  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  екі 

мәрте лауреаты Н. А. Дрижд жетекшілігімен шахталарда жинақталған метан 

газын  өндіру  және  өндірістік  мақсатта  қолдану  инновациялық  жобасын 

жасауға қатысушылардың біразы келешегінен үміт күтілген жастар. 



Осы сауалға жауапты нақты дерекпен, яғни түлектеріміздің 95 пайызы 

жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие екенімен түйіндесем деймін. 



–  Бәсекеге  қабілетті  білікті  мамандардың  жаңа  буынын 

қалыптастыруда  мәселенің  бір  ұшы  тәрбие  жұмыстарына  тіреледі. 

Жасыратыны  жоқ,  кейбір  жоо  оның  мән-маңызын  жеткілікті 

ескермейді,  жеңіл-желпі  қарайды.  Әңгімеміздің  жалғасы  ретінде  осы 

төңіректе ой өрбітсеңіз. 

–  Біле  білсек,  жаңа  заман  жаңа  адамды  дүниеге  әкелуде.  Осы  орайда 

халқымыздың  “Дұрыс  қанаттанған  дұрыс  ұшады”  деген  даналық  сөзі  еске 

түседі. Өскелең ұрпақтың тұрпаты мен болмысы отбасы мен мектепте, одан 

соң  білім  тереңдететін  орындарда  қалыптасады.  Рухты,  отаншыл  сезімді, 

намысты жастар көп болса, ел келешегі соғұрлым кемелді екені анық. Соған 

байланысты  студенттерге  патриоттық  тәрбие  беруді,  бойларына  белсенді 

азаматтық  позицияны  сіңіруді,  өздерінің  және  Отанының  болашағы  үшін 

жауапкершілікті  сезіндіруді  ұстаздық,  азаматтық  парызым  деп  санаймын. 

Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  “Көп  ұлтты  жастарды  өздерін  Қазақстанның 

тарихымен,  алдыңғы  ұрпақтың  маңызды  өмірлік  құндылықтарымен 

теңестіруге үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бағдарлар беру керек” деп 

атап көрсетуі міндет үстейді. Орайы келгенде бұл мәселеге кеңірек тоқталып 

өткенді жөн көремін. 

Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  жөніндегі  жұмыстың 

бірізділігі  мен  жүйелілігін  үйлестіру  үшін  Елбасы  тұлғасының  өнегесінде 

патриоттық  тәрбие  тұжырымдасы  әзірленіп,  бүгінде  бұл  бағыттағы  іс-

шаралардың  бәрі  содан  өрбітіліп  жүргізілуде.  Тұңғыш  Президентіміздің 

еңбек жолы, жас мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына 

жетекшілік  рөлі,  әлемдік  деңгейдегі  ірі  қайраткерлік  орны  халыққа  адал 

қызмет  етудің,  шынайы  отаншылдықтың  үлгісі  ретінде  таныстырылып, 

ұғындырылады.  Тәуелсіз  мемлекет  құрудағы  ұлан-ғайыр  еңбегін  түсіне 

білуге  ой  салынады.  Айта  кету  керек,  тұжырымдама  былтыр  парламенттік 

тыңдауда талқыланып, жағымды қабылданды. 



Бұл  ретте  “Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру:  теория  және 

практика”  атты  тақырыпта  сенатор,  академик  Ғарифолла  Есім,  Парламент 

Мәжілісінің  депутаттары  Камал  Бұрханов  пен  Светлана  Ферхо, 

университетіміздің  доценті  Людмила  Матвеенкованың  қатысуымен 

жазылған  монография  тәрбие  жұмыстарымен  айналысатын  оқытушыларға 

құнды  көмекші  оқу  құралы  болып  жүр.  Осы  еңбектің  ерекшелігі – студент 

жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің оқу орнымызда жасалып, сыналған 

моделі  дәйектелген.  Ел  тарихы,  мәдени  мұра,  ұлы  тұлғалар  өнегесі, 

Қазақстанның жетістіктері мен әлемдік қауымдастықтағы орны, мемлекеттің 

жеке  тұлғаның  құқығын  қорғау  мен  сақтаудағы  қызметі,  азаматтық 

жауапкершілік, Отан мүддесіне, конституциялық міндеттерге адалдық соның 

негізгі  арқауы  десем,  жақында  университеттің  бастамашылығымен  өткен 

“Жастарға  патриоттық  тәрбие  беру  жағдайы  және  перспективалары”  атты 

республикалық  семинар-кеңесте  әңгіме  болып  отырған  мәселе  бойынша 

еліміздің  барлық  өңірлерінен  келген  ректорлар  мен  проректорлар  алдында 

тәжірибе бөлісіп, алда тұрған міндеттер талқыланды. 

Сонда  ой-пікірімді  ортаға  салғандай,  тәрбие  жұмыстарының  түрлері 

мен  әдістері  сан  алуан.  Өмір  жолы  өнегелі  адамдармен,  еңбек  озаттарымен, 

саясаткерлермен, 

қоғам 


қайраткерлерімен 

кездесулер 

өткізіледі. 

Пікірталастар, диспуттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Студенттер 

өздері  таңдаған  тақырыптары  бойынша  баяндамалар  мен  рефераттар 

конкурстарына қатысады. Мәселен “Ұлтаралық келісім – Президент Н.Ә.На-

зарбаевтың  стратегиялық  бағыты”, “Толеранттылық  және  өзара  құрмет 

көрсету – Қазақстан 

Республикасындағы 

ұлтаралық 

қатынастар 

принциптері” “Еліміздегі  жастар  саясаты”  тақырыптарының  брейн-ринг 

түрінде  ұйымдастырылуы  жастар  арасында  үлкен  қызығушылық  туғызды. 

Елбасының  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауы  жай  ғана  таныстырылып 

қоймай,  қоғам  үшін  маңыздылығы  түсіндіріледі.  Шақыруымызды  қабыл 

алған  Индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрі  Әсет  Исекешевтің  сол 

жөнінде таяуда оқыған дәрісі тыңдаушыларға үлкен ой салды. 


Конференциялар,  акциялар,  осы  мақсаттағы  шаралардың  бір  парасы. 

Бас  корпустың  алдындағы  алаңқайда  өткен  “Менің  Қазақстаным” 

республикалық акциясы қатысушылар есінде қалды. 

Жас буынға тәрбие беру ісіне Ақсақалдар кеңесінің белсене атсалысып 

отырғандығын  атағым  келеді.  Педагогтық  және  өмірлік  тәжірибесі  бай 

адамдар  ақыл-кеңестеріне  ықылас  ерекше.  Кеңес  мүшелерінің  шәкірттерге 

Елбасы  Жолдауын  түсіндіру  үшін  құрылған  ақпараттық-насихаттық 

тобының жұмысына Мәжіліс депутаты С.Ферхо ризалық білдіріп, құттықтау 

хат  жолдады.  Ақсақалдар  бастамашылығымен  университет  түлектері 

қауымдастығы академик Ә. Сағыновқа ескерткіш орнатуға қаржы жинады. 

Әлбетте,  жастар  арасындағы  бүкіл  іс-шаралардың  ұйытқысы 

университет  жанындағы  Жастар  ісі  жөніндегі  комитет  болып  табылады. 

“Орфей”, “Жас  буын”  студенттер  театрының  қойылымдарын  көрермендер 

жылы қабылдайды.  Спорттық-мәдени  ойын-сауықтарға арналған қос зәулім 

ғимарат  солардың  еншісіне  толық  берілген. “ҚарМТУ  студенттерінің 

альянсы”  бір  жағынан  қызғылықты  шаралардың  көркі.  Соның  бірі  “БҰҰ 

моделі” атты халықаралық студенттер конференциясы әлемдік қауымдастық 

алдындағы  өзекті  мәселелерді  студенттердің  қалай  білетіндігіне  және  оны 

қалай шешуге болатындығына арналды. 

Патриоттық  тәрбие  жұмыстарының  жастар  жүрегіне  әсері  сауалнама 

жүргізу  арқылы  зерттеліп  тұрады.  Өздерін  Отанымыздың  шынайы 

патриоттары  санайтын  студенттердің  жыл  ішінде 10 пайызға  өсуі  бұл 

мәселеге  парасаттылық  көзқарастың  жақсы  нышаны  дер  едік.  Егер 

сауалнамалар қорытындысына сүйенсек, жастардың 80 пайызының бойында 

отаншылдық рух атойлап тұрғандығы байқалады. 

Еліміздің 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында 

“Жоғары  білім  берудің  мақсаты – қоғамның,  мемлекеттің  және  жеке 

тұлғаның  сапалы  білім  алуға  деген  мүдделерін  қанағаттандыру”  деп 

көрсетілген  қағидасы  іс-қызметіміздің  басты  бағыты.  Біліктілігімен  бірге 


Отанға,  туған  жерге  патриоттық  сезіммен  еңбек  етуге  жалынды  жас 

инженерлер сапын толықтыра беру мерейлі міндетіміз. 



– Әңгімеңізге рахмет. 

Әңгімелескен  Айқын НЕСІПБАЙ. 



 

Document Outline





©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал