Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолға шыққан «Туған елге саяхат» балалар туризм пойызының жолаушылары еліміздің әр



жүктеу 1.36 Mb.

бет1/14
Дата24.01.2017
өлшемі1.36 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолға шыққан «Туған елге 

саяхат» балалар туризм пойызының жолаушылары еліміздің әр 

өңірінің тарихын таниды. 

 №44 (1332) 2 қараша

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Кәсібіңе кепіл болады

 

„

Ел егемендігінің мерейлі мерекесіне орай облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері 



бақармасының ұйымдастыруымен  автокеруен жолға шықты. Ауыл жастарының белсенділігін 

арттыруды мақсат тұтқан түрлі сала мамандары мектеп оқушылары, жас кәсіпкерлер, сондай-ақ 

жұмысшы жастармен кездесіп, біліктілігін арттырмақ. Ақ жол, сәт сапар!     

 

„



«Даму» кәсіпкерлікті 

дамыту қоры» шағын 

және орта бизнесті 7% 

субсидиямен және жартылай 

кепілдікпен қамтамасыз 

етеді. 


 

2-бет.

 

11-бет.

NEET жастардың 

саны қанша?

 

„

Әлемде 1 жарым млрд. 



жас болса, соның 400 

миллионнан астамы еш 

жерде оқымаған, тіркелмеген 

және жұмыссыз. Бұл тізімде 

Тараз жастары да бар.

 

5-бет.

 

9-бет.

Тәуелсіздік поэмалары

 

„

ҚР Тәуелсіздігінің 25 



жылдығына орай қалалық 

мәдениет үйінде Шәмші 

Қалдаяқов шығармаларына 

арналған «Тәуелсіздік 

поэмалары» атты фестиваль 

өтті. 


ЖасТар - ТәуЕлсіздік 

ТірЕгі

 

2-бет.



Жазылым бөлімі: 43-50-34

-

Редакциядан

жазыламын деушілерге

газеттің баспа құны:

Жарты жылға: - 1250 теңге

Бір жылға - 2500 теңге



Қазпошта

Ауыл тұрғындары үшін

Қала тұрғындары үшін

Тараз Пресс

Эврика Пресс

Ернұр Пресс

1 жылға

6 айға

3432

1716

1720

3440

3440,52

1720,26

3663,96

1831,98

1700

3400 

ҚАлА-ҚАРБАлАс

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №44 (1332), 2 қараша  2016 Жыл  //



 

„

Қала әкімдігі 



жанындағы «Тараз 

қаласының Құрметті 

азаматы» атағын беру 

жөніндегі комиссия 

құрамы бекітілді.

комиссия құрамы 

жаңарды

Ерман ӘБДИЕВ

Бұл  шара  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  қарсаңында  «Самұрық-

Қазына» АҚ компаниялар тобы орналасқан өңірлердегі «Менің елім» 

әлеуметтік  инвестициялар  бағдарламасы  аясында  қолға  алған  жоба 

екен. Бүгінде компанияның еліміздің әр өңірінде тоғыз компаниялар 

тобы бар. Астанадан жолға шыққан балалар туризм пойызының негізгі 

бағыты – Қызылорда облысындағы Байқоңыр және Оңтүстік Қазақстан 

облысындағы тарихи мекен Түркістан, мың жылдық тарихы бар Алма-

ты қалалары. «Туған елге саяхат» балалар туризм пойызының бастығы, 

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ы кадр департаментінің менеджері 

Ержан Мантиковтың айтуынша, әр қаланы балалар екі күннен аралайды. 

-  Балалар туризм пойызының жолаушылары - оқу жылының алғашқы 

тоқсаны  аяқталып,  демалысқа  шыққан  балалар.  Олардың  дені  – 

«Самұрық-Қазына» АҚ-ына қарасты компаниялардың ұл-қыздары. Ба-

лалар еліміздің әр түкпірінен жиналып отыр. Ал 30 шақты бала «Жұлдыз 

FM»  радиосы  ұйымдастырған  байқауда  жеңімпаз  болып  танылған 

балалар. Олар - туған ел, туған жер, Отан тақырыбында шығармалар 

жазып, үздік шыққандар. Олардың шығармалары арнайы комиссияның 

ұйғарымымен  іріктеліп,  шығарма  авторлары  осы  пойызда  ел  аралап 

келеді. Сондай-ақ жол-жөнекей балаларға еліміздің тарихы, тәуелсіздік 

жылдарындағы жеңісті, жемісті жолымыз баяндалып, оларға патриоттық 

тәрбиеде түрлі шаралар ұйымдастырылады. Уақыттарын бос өткізбей 

тіл, музыка, би, көркемсурет үйірмелері жұмыс жасайды. Және әртүрлі 

танымдық  ойындар  ұйымдастырылады.  7  қарашада  Астанада  бола-

мыз. Өзіңіз байқағандай, бұл жобаның ұраны –  «Тәуелсіз Қазақстан 

балаларының армандарын орындаймыз!». Расында, еліміздегі әр баланың 

арманы орындалуы керек, - дейді пойыз бастығы.

Арсен БАЙЗАҚ

Алтыншы  шақырылған  Тараз 

қалалық  мәслихатының  кезек-

тен  тыс  оныншы  сессиясында 

күн тәртібіне бірқатар мәселелер 

шығарылды. Халық қалаулылары 

Тараз  қалалық  мәслихатының 

2015  жылғы  23  желтоқсандағы 

№48-3  «2016-2018  жылдарға 

арналған қалалық бюджет туралы» 

шешімі мен «2016-2020 жылдарға 

арналған  Тараз  қаласын  дамыту 

бағдарламасын  бекіту  туралы» 

Тараз  қалалық  мәслихатының 

2015  жылғы  23  желтоқсандағы 

№48-6 шешіміне өзгерістер енгізу 

жайын қарады. Сессияны қалалық 

мәслихаттың  депутаты  Жанар 

Орынбаева жүргізіп, жоғарыдағы 

мәселелер бойынша қала әкімдігі 

экономика  және  бюджеттік                          

жоспарлау  бөлімінің  басшысы 

Қайсар  Сарытай  хабарлама  жа-

сады.  Сонымен  қатар  сессияда 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын 

денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму саласында түсіндіру жөніндегі 

штабтың дербес құрамы мен Тараз 

қаласы әкімдігі жанындағы «Тараз 

қаласының  Құрметті  азаматы» 

атағын  беру  жөніндегі  комиссия 

құрамы бекітілді. 



Туған ЕлгЕ саяхаТ

 

„

күні кеше Жамбыл вокзалына 20 минутқа аялдаған 



«Туған елге саяхат» балалар туризм пойызының 120 

жолаушысының арасында көне шаһардың суретін салып

үздік шығарма авторы атанған балалар да бар.

Арайлым ШАБДЕноВА

      ҚР  Тұңғыш  Президенті 

с а я б а ғ ы н д а   о б л ы с 

әкімдігінің  жастар  саясаты 

мәселелері  басқармасының 

ұйымдастыруымен  жастар 

арасында    ел  тәуелсіздігін 

насихаттау  және  түсіндіру, 

тәуелсіздік  алған  жылдардан 

бері қол жеткізген игіліктерді 

одан  әрі  ұлғайтып,  келешек 

ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы 

жағдай тудыруда туындайтын 

міндеттерді  жүзеге  асыру 

мақсатында автокеруен жолға 

шықты.  Ауыл  жастарының 

белсенділігін  жоғарылатуды 

мақсат  тұтқан  түрлі  сала 

мамандарынан  50-ге  жуық 

керуен  мүше сі  алдымен 

Мойынқұм  ауданы,  Бірлік 

ау ы л ы н а   жол ғ а   ш ы қ т ы . 

Автокеруен барысында облыс 

аудандарында  топ  мүшелері 

шара  қонақтарын  арнайы 

к ө рм е м е н   т а н ы с т ы р ы п , 

ауыл  жастарымен,  мектеп 

о қ у ш ы л а р ы м е н ,   ж а с 

кәсіпкерлермен және жұмысшы 

жастармен  кездеседі.  Ал 

а в т о к е р у е н   м ү ш е л е р і н 

аудандарға  салтанатты  түрде 

шығарып салу рәсіміне облыс 

әкімдігінің  жастар  саясаты 

мәселелері  басқармасының 

басшысы Еркебұлан Құралбаев, 

«Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы «Жас Отан» Жастар 

қанатының атқарушы хатшысы 

Уәлихан  Болатбек  қатысып, 

жастарға сәт сапар тіледі. 

–  Ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығына орай жолға шыққан 

автокеруен облыс әкімі Кәрім 

Көкірекбаевпен  бекітілген 

желілік  кестеге  сәйкес  іске 

асады.    Өзім  бастап  бара 

жатқан  керуен  барысында 

ауд а н   о р т а л ы қ т а р ы н д а 

емес,  шалғай  ауылдардың 

жастарымен кездесулер өткізіп, 

оларды  толғандырып  жүрген 

мәселелерді тыңдап, жастардың 

әлеуметтік деңгейде жетілуіне 

деген  қызығушылықтарын 

арттыруды  және    оларды 

белсенді жастардың қатарына 

қосуды  жоспарлап  отырмыз. 

С п о рт,   м ә д е н и е т,   б і л і м 

салаларынан және өңіріміздің, 

мемлекетіміздің өркендеуіне өз 

үлесін қосып жүрген белсенді 

жастар да біздің қатарда бар, – 

дейді Еркебұлан Есенғалиұлы. 

Ал  облыстық  соғыс  және 

еңбек  ардагерлері  кеңесінің 

төрағасы Еркінбек Солтыбаев 

жастарға  ақ  батасын  беріп, 

оларға  ақ  жол  тіледі.  Шара 

барысында  егемендігімізді 

асқақтататын рухты әндерден 

шашу шашылып, мың бұралған 

қыздар  би  билесе,  жас  ақын 

Айбек Қадырәлі арнау оқыды.  

Автокеруен 1-9 қараша күндері 

аралығында  он  үш  округті 

қамтуды  жоспарлап  отыр. 

Әр  ауылдық  округте  арнайы 

концерттік  бағдарламалар 

ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п ,   ау ы л 

жаст арының  мәс елелері 

тыңдалатын  автокеруенге  ақ 

жол тілейік. 

 

„

Ел егемендігінің 



мерейлі мерекесіне 

орай  облыстық 

жастар автокеруені  

жолға шықты. 

Жастар – 

тәуелсіздік 

тірегі

Балалар арманы орындалады.

   

суретті түсірген автор.

 

„

Қыс қамсыздықты кешірмейді. Оған дәлел - күннің  күрт суытуына орай 



қаладағы көп қабатты үйлердегі  жылыту құбырларынан шыққан ақаулар. 

Қыс келмей жатып қысылдық

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Т а б и ғ а т т ы ң   т о с ы н   м і н е з   т а н ы т у ы н а                                                      

байланысты аймақта жылыту маусымы жылдағыдай 

15  қазанда  емес,  одан  бір  күн  ерте  толық  іске 

қосылды. Соған қарамастан, шаһардағы көп қабатты 

пәтер  тұрғындарынан  арыз-шағымдар  көп  түсіп 

отыр. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары                   

Бекболат Орынбековтің төрағалығымен «Пәтер иелері 

кооперативтерінің жұмысын күшейту, жалпыүйлік 

өлшеу құралдарын орнату, «Тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы» аясында 

қаражат қайтарымы кондоминиум объектілерін және 

иесіз қалған электр желілерін заңдастыру туралы» 

селекторлық тәртіпте облыстық штаб отырысы өтіп, 

жоғарыда аталған мәселелерді нақтылау жолдары 

қаралды. 

Басқосуда  әуелі    облыстық  энергетика  және 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 

басшысының орынбасары Мамат Шәкіров хабарла-

ма жасады. Оның айтуынша, әлеуметтік нысандар 

мен үйлерге жылыту уақытында берілген.  Алайда 

шаһардағы  көп  қабатты  үйлер  жылу  энергиясын 

қабылдауға  дайын  болмай  шыққан.  Оған  басты                   

себеп - құбырлардың ескіруі. Мәселен, басқарма тара-

пынан жұмысшы тобы құрылып, бірқатар үйлер мен 

әлеуметтік нысандарда температуралық режимнің 

сақталуына  тексеріс  жүргізген.  Нәтижесінде,  1 

мөлтек  аудандағы  №5  үй  жылыту  маусымына 

дайын  болмай  шыққан.  Сондай-ақ  ішкі  жылу 

жүйесіне қысымдап тексеру және шаю жұмыстары 

жүргізілмегені анықталған. Салдарынан құбырлары 

бітеліп, ондағы пәтерлердегі жылу әлсіз көрінеді. 

Сондай-ақ ол иесіз үйлерді ПИК құрамына кіргізу 

жұмыстарын басты орынға қоюды баса айтты. 

  -  Пәтер  иелері  кооперативтері,  яғни  басқару 

органдарының  жұмыстарының  деңгейі  бүгінгі 

күні  көңіл  көншітерлік  жағдайда  емес.  Өйткені 

үйлердің  жылыту  маусымына  дайындығы  төмен 

екені  байқалып  отыр.  Жаз  мезгілінде  көпшілік 

үйлердің қысқа дайындалуы формальды түрде өтеді. 

Нақтырақ айтқанда, үйлерге дайындық паспорттары 

алынғанымен, үйдің жылу жүйесі тазартылмайды 

және қысымдық тексеруден өтпейді. Нәтижесінде 

жылу  элеваторға  дейін  келіп  тұрғанымен,  кейбір 

жылу құбырлары бітеліп қалғандықтан, ыстық су 

дұрыс  өтпейді.  Соның  салдарынан  тұрғындардан 

шағым көп түсіп жатыр, - дейді ол.  

Тараз қаласында қазіргі таңда 150 үй мемлекеттік 

бағдарлама арқылы жаңғыртылыпты. Дегенмен осы 

пәтерлерде тұратын кейбір тұрғындар өз қарыздарын 

өтеуге    асықпайтын  көрінеді.  Ал  биліктегілер 

бағдарлама тоқтатылып тұрса да, қарыздан қайтқан 

қаржыға жөндеу жұмыстарын жалғастыруды жоспар-

лап отыр екен. Өйткені бұл жұмыстарды атқармаса, 

ескі құбырларды ауыстыруға тұрғындардың қалтасы 

көтермейді. Үйге келіп тұрған жылудың пәтерлерге 

жетпей  тұруының  тағы  бір  себебін  Тараз  қаласы 

әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев айтып берді.

- Биыл жылыту маусымы 14 қазаннан басталды. 

Көп  пәтерлі  үйлердің  жертөлелері  дайын  емес. 

1,2,4,6,7  мөлтек  аудандардан  бізге  шағым  көптеп 

түсті. Сондай-ақ «Арай» алқабындағы №2 көп пәтерлі 

үйден де шағым келді. Барлығын біз тексеріп, қарап 

шықтық. Ондағы ақаулар жылыту құбырларындағы 

қысымнан  болған.  Мәселен,  бұрындары  жылыту 

құбырларындағы  қысым  ептеп  көтерілетін  болса, 

биыл күннің бірден суытуына байланысты қысым 

да қатты артып кеткен. Салдарынан құбырларда ауа 

қалып кетіп отыр, - деді Мақсат Кеңесханұлы.    

Жиында  сондай-ақ  жылу  мен  ыстық  суға 

дебиторлардың  қарызы  жайы  да  сөз  болды.  Көп 

пәтерлі үйлердің  жылытуға есептегіш құралдарын 

орналастыру  қажеттігі  айтылып,  төтеннен  бола-

тын  төтенше  жағдайларға  дайындық  жұмыстары 

пысықталды.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №44 (1332), 2 қараша  2016 Жыл  //

ҚАлА-ҚАРБАлАс

3

МЕМлЕкЕТТік бағдарлаМаларға 

басыМдыҚ бЕрілудЕ

 

„

Облыс орталығында өткен үш тоқсанда 145,5 млрд. теңгенің 



өнімі өндірілді. 

Инновациялық жобалар ауқымды

нұржан СЕрікхАнұЛы

Қала әкімі Нұржан Календеровтің қатысуымен 

шаһардың  әлеуметтік-экономикалық  тіршілігі 

жан-жақты қаузалған басқосуда 9 айда жеткен 

жетістіктер де айтылды. Онда қала әкімдігінің 

экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 

басшысы  Қайсар  Сарытай  хабарлама  жасады. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 

қала кәсіпорындары 145 миллиард 555,3 мил-

лион теңгенің өнімдерін өндірген. Физикалық 

индекс көлемі 100,1 пайызды құрапты. Яғни, қала 

кәсіпорындары өткен жылмен салыстырғанда 23 

млрд. 733,4 млн. теңгеге (2015 жыл – 121 821,9 

млн. теңге)  артық өнім өндірген. Халықтың жан 

басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 

399,6 мың теңге болып қалыптасты (2015 жылы – 

337,6 мың теңге).   

– Ағымдағы жылы құны 11,1 млрд. теңгені 

құрайтын 5 индустриалдық жобаны іске асыру                                                                                                   

жоспарланып отыр. Онда 95 жаңа жұмыс орны 

ашылатын  болады.  Қалада  31  003  кәсіпкерлік  

субъектілері  тіркелсе,  оның  ішінде  25  661-і 

жеке  кәсіпкер,    5369-ы  шағын  және  33-і  орта 

кәсіпорын  субъектілері.  5369  шағын  бизнес 

кәсіпорындарының  3001-і  жұмыс  істейтіндер 

немесе 56,0 пайыз, оның ішінде 1498-і белсенді 

кәсіпорындар  немесе  27,9  пайызын  құрайды. 

Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген 

өнім көлемінің үлесі 14 млрд. 15,2 млн. теңгені 

құрап,  жалпы  өнеркәсіп  кәсіпорындарымен  

өндірілген өнімнің көлемі  9,6% болды, – деді 

бөлім басшысы. 

Сондай-ақ  облыс  орталығында  «Бизнестің 

жол  картасы-2020»  бизнесті  қолдаудың  және 

дамытудың  бірыңғай  бағдарламасы  аясында 

субсидиялау тетігі бойынша 64 жоба 14 млрд. 

952 млн. теңгеге аймақтық үйлестіру кеңесімен 

мақұлданып,  екінші  деңгейлі  банктер  арқылы 

қаржыландырылыпты. Бағдарламаның грант тетігі 

бойынша инновациялық бизнес ойлап тапқан 8 

кәсіпкерге 3 млн. теңгеден қайтарымсыз қаржы 

бөлінген.

-      Жыл  басынан  бері  уәкілетті  жұмыспен 

Ерман ӘБДИЕВ

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалының  кезекті  Саяси  кеңесі 

Бюро отырысында партияның қалалық 

филиалының төрағасы, қала әкімі Нұржан 

Календеров филиалдың ағымдағы жылдың 

өткен тоғыз айында атқарған жұмысын 

баяндады.

-  Биылғы жыл - «Нұр Отан» парти-

ясы аумақтық филиалдары мен партия 

мүшелері үшін ерекше жыл. Егеменді 

еліміздің өсуі мен өркендеуінің, дамуы мен 

жаңаруының қиындығы мен қуанышын, 

жетістіктері мен жеңісті сәттерін бірге 

көріп келе жатқанымызға биыл 25 жыл 

толып отыр. «Нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының негізгі мақсаты                                                                                                                  

Е л б а с ы ,   п а р т и я   Т ө р а ғ а с ы 

Н.Ә.Назарбаевтың  салиқалы  саяса-

тына қолдау көрсету арқылы тәуелсіз 

еліміздің  өсіп-өркендеуіне  барынша 

үлес қосуға және қоғамдағы бірлік пен 

тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. 

2016 жылы партияның XVII съезінде 

қабылданған «Қазақстан-2021: Бірлік. 

Тұрақтылық. Жасампаздық» атты Сай-

лауалды  бағдарламасы  бүгінде  біздің 

барлық жұмысымыздың темірқазығына 

айналғаны - уақыт шындығы. Бұл Ұлт 

көшбасшысы ұсынған тарихи құжатты 

барша қазақстандықтар сияқты ежелгі 

Тараз  қаласының  тұрғындары  да 

үлкен ықыласпен қабылдады. Өйткені 

ел  дамуының  көкжиегін  айқындаған 

бұл  бағдарлама    барша  қоғамға  жау-

апты  міндеттер  жүктеп  отыр.  Бүгінгі 

таңда партия Тараз қалалық филиалы 

62 бастауыш партия ұйымы мен 16141 

партия мүшесі бар облысымыздағы ең 

іргелі саяси ұйымдардың бірі. Партия 

қалалық филиалы мен оның құрылымдары 

партияның  жобаларын іске асыруда үлкен 

ұйымшылдық танытып отыр. Партияның 

«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты 

балалық шақ», «Сәтті қадам», «Кедергісіз 

келешек», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-  

өркендеуші ел», «Жастар Отанға», «Ұлы 

Дала Елі» сияқты аса маңызды жобалары 

қала тұрғындарының үлкен қолдауына 

ие болып, жобалар шеңберінде көптеген 

қоғамдық-саяси және танымдық шаралар 

өткізілді. Партияның бір ғана «Кедергісіз 

келешек» жобасы аясында мүмкіндігі 

шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау 

көрсету және оларды жұмысқа орналасты-

ру мақсатында бос жұмыс орындарының 

жәрмеңкесі өткізіліп, 5 азамат тұрақты 

жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылдың 

10 қазанынан бастау алған қалалық баста-

уыш партия ұйымдарының биылғы есеп 

беру-сайлау жиналыстарына 13 мыңға 

жуық «нұротандықтар» қатысып, онда 



 

„

атқарылған жұмыстардың дені  қала әлеуетін арттыруға бағытталды.

60-тан астам ұсыныс-пікірлер айтылды. 

Есеп  беру  науқанында  12  бастауыш 

партия ұйымының төрағалары ауысты. 

Бастауыш партия ұйымдарының жина-

лыстарына «Нұр Отан» партиясы Саяси 

кеңесі мен партияның облыстық және 

қалалық филиалдары Саяси кеңестерінің 

76 мүшесі қатысып, партия ұйымдары 

алдында тұрған міндеттерге тоқталды. 

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы «Үздік 

бастауыш  партия  ұйымы»    байқауы 

өткізіліп, І кезеңнің қорытындысы бой-

ынша үздік деп танылған І санат бойынша 

«Бәйтерек» бастауыш партия ұйымы, ІІ 

санат бойынша «Арайстроймаркет-2003»  

бастауыш партия ұйымы, ІІІ санат бойын-

ша  «Мейірім» бастауыш партия ұйымы  

байқаудың ІІ кезеңіне өтті.

Қалалық  филиалдағы  қоғамдық 

қабылдау  бөлімдері  есепті  кезеңде 

тұрғындардың арыз-өтініштерін қарау, 

олардың оң шешімін табуына жіті мән 

беріп келеді. Мысалы, 2016 жылдың 

9 айында 508 арыз-шағым мен өтініш 

қаралып, оның 391-і оң шешімін (77%) 

тапса, 117 өтінішке заң талаптарына 

сәйкес түсініктемелер берілді. Жауап 

берілмегені жоқ. Партиялық бақылау 

комиссиясының мүшелерімен 7 қоғамдық 

қабылдау өткізіліп, онда 22 азаматтың 

өтініштері қаралып, 13-і оң шешімін 

тапса, 9 өтініш бойынша заң аясында 

түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, 

жыл сайынғы қалалық партиялық бақылау 

комиссиясының  ұйымдастыруымен 

«Өзіңнен  баста!»  акциясы  аясында 

мемлекеттік органдар басшыларының 

жеке  табысы  туралы  деректерді 

бұқаралық  ақпарат  құралдарында                                                                                            

жариялау  жұмысы  жүргізіліп  келеді. 

Қалалық партия филиалы жанындағы 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 

жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен 

жыл басынан бері 4 қабылдау өткізіліп, 

онда 12 азамат  жеке  өтінішпен қайырылса, 

оның 4-і оң шешімін тауып, қалғандарына 

түсініктемелер  берілді.  «Нұрлы  жол» 

бағдарламасы аясында Тараз қалалық 

мәслихатындағы партия фракциясының 

жанынан 5 бағыт бойынша комиссиялар 

құрылған. Олардың құрамына депутаттар-

фракция мүшелері, Партиялық бақылау 

комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес 

мүшелерінің өкілдері, бастауыш партия 

ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» 

Жастар қанатының белсенділері және 

қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері 

енгізілген. Комиссиялар бекітілген Ере-

жеге сәйкес, Тараз қаласы аумағында 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 

құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 

нысандарды  ай  сайын  аралап,  өзінің 

отырыстарында проблемалы мәселелерді 

зерделеп және қаражаттың игерілуіне 

бақылау жүргізуде. Өткен 2015 жылы, яғни 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын 

жүзеге асырудың алғашқы жылында Тараз 

қаласының инфрақұрылымын дамытуға 

жалпы 2 млрд. 657 млн. теңге бөлініп, 

«Арай» тұрғын алқабынан екі тұрғын үй 

салынып, қаладағы Қойбақов, Гамалей, 

Асқаров көшелері мен Абай даңғылының 

жылу  желілері  қайта  жаңғыртылды. 

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік 

бағдарламасы арқылы 17 нысанға 8 млрд. 

073,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 

«Құмшағал» алқабындағы 300 орындық 

мектеп,  «Салтанат» мөлтек ауданындағы 

балабақша,  М-5,  М-8,  ТК-225    жылу 

жүйелерінің  құрылыстары аяқталды. 

Ал қалған нысандар бойынша құрылыс 

жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Алдағы 

уақытта «Нұрлы жол» инфрақұрылымды 

дамытудың  2015-2019 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатты 

және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізуді 

партия фракциясының жанынан құрылған  

комиссиялар өз деңгейінде жалғастыратын 

болады. Жалпы, үшінші онжылдыққа қадам 

басқан Тәуелсіз Қазақстанның ең басты 

байлығы, ол - бейбіт күні, тыныш заманы, 

берекелі бірлік пен татулыққа ұласқан көп 

ұлтты халқымыздың ынтымақты өмірі, - 

деді Нұржан Сәбитұлы. 

Бұдан кейін қалалық денсаулық сақтау 

бөлімінің басшысы Серік Қасмақасов 

партиялық «Ардагерлерді ардақтайық!» 

бағдарламасы аясында қала аумағында 

жүргізілген  жұмыстарды  айтып  өтті. 

Оның  айтуынша,  есепті  мерзімде 

аймақтағы дәрігерлер 116 ҰОС ардагері, 

47 ҰОС мүгедегі, 820 интернационалист 

сарбаздарға және қызметте мерт болған 53 

жауынгердің отбасына, 461 саяси қуғын-

сүргін құрбандарының отбасыларына, 1328 

Семей полигонында ауруға шалдыққандар 

мен 266 Чернобыль апатына қатысушыға 

медициналық көмек көрсетіпті. Оның 

қатарында,  Тараз  қаласында  56  ҰОС 

ардагері  арнайы  диспансерлік  есепке 

алынып, тұрақты қадағаланып отыр екен. 

Бүгінде  облыс  орталығында  78  ҰОС 

ардагері  мен  мүгедектері  тұрады.  Ал 

олардың барлығы дерлік медициналық 

қадағалауды  қажет  етеді.  Сондай-ақ 

есепті  мерзімде  диспансерлік  есепте 

тұратын науқастардың 1995-і кешендік 

медициналық  көмек  алса,  620-сы 

стационарлық ем алған. 47-сі сауықтыру 

кешендерінде ем алыпты. 

-  Бүгінгі күні өзекті болып тұрған                   

мәселе – қарт кісілердің, яғни 60 жа-

стан  асқан  соң  тұрақты  «терапиялық 

қолдау» мәселесі. Расында, орта жастағы 

азаматтарға  қарағанда,  60-тан  асқан 

азаматтардың  медициналық  қаралу 

көрсеткіші үш есе жоғары. Бүгінгі күні 

қала  емханаларына  қайырылған  қарт 

кісілердің пайыздық мөлшері 25-40 пай-

ызды құраса, үйінде көмек алғандары 40 

пайыз. Сондықтан қазір облыстық арда-

герлер кеңесінің бастамасымен облыстық 

аурухана кешенінде ҰОС ардагерлері мен 

мүгедектеріне және оған теңестірілген 

қарияларға арналған 20 орынды бөлім 

ашу көзделуде. Ондай жағдайда жылы-

на  485  қария  кешендік  медициналық 

көмек алады екен. Оған кемінде 110 млн. 

теңге көлемінде қаржы керек, - Серік 

Қасмақасов. Сонымен қатар басқосуда 

Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық 

фракцияның мүшесі, «ҚТЖ» ЖТ» АҚ-ы 

филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің 

директоры Берік Ақшаловтың да хабарла-

масы тыңдалды. Халық қалаулысы өзіне 

жүктелген қоғамдық міндеттің, атқарған 

жұмыстарының барысын баяндады.

Бар салада серпін бар.   суретті түсірген автор.

қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 

жалпы  4909  адам  өтініш  білдірсе,  оның  3907 

азаматы уәкілетті органмен тұрақты жұмыспен 

қамтылған.  Ал  Тараз  қаласының  9  айының 

әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейде 

сақталған. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан эконо-

миканы ынталандыру мақсатында бірқатар шара-

лар жүргізілуде. Қаламыздың экономикасының 

өсуіне салынып жатқан құрылыс нысандарының 

оң ықпалын айтуға болады. Сондықтан алдағы 

уақытта бөлінген қаржылардың толық және сапалы 

игерілуін, нысандарды уақытылы іске қосылуы 

және тағы басқа да жұмыстар бойынша барлық 

мүмкіндіктерді  пайдаланып,  бірге  атсалысып 

жұмыс жасауымыз қажет, - деді Қайсар Сарытай. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қала 

әлеуетінің артуы тың нәтижелерге жетелейтіні 

анық.


ҚоғАм

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №44 (1332), 2 қараша  2016 Жыл  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал