Ел тарихындағы елеулі жылдардың бірі болып босағамыздан аттаған 2015 жылы бас шаһардың



жүктеу 309.96 Kb.

бет1/3
Дата11.09.2017
өлшемі309.96 Kb.
  1   2   3

Ел тарихындағы елеулі жылдардың бірі болып 

босағамыздан аттаған 2015 жылы бас шаһардың 

мəдени, рухани өмірінде өткізілетін маңызды 

шаралар мен алдағы атқарылар салмақты 

жұмыстармен ой бөлісу үшін қала əкімінің 

орынбасары Роза Боқановамен сұқбаттасқан едік.

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қаңтар


сəрсенбі

21

№5 (1105)

2015 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қызылорда қалалық газеті        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

CҰҚБАТ

Қағаны – батыр, 

ақылгөйі – 

кемеңгер елдің 

бағы жанады.

ТОНЫКӨК.

2-бетте

Салық  кодексіне  енгізілген  өзгерістер  мен 

толықтыруларға сəйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап алкоголь өнімдерін сақтауға жəне бөлшектеп 

өткізуге жаңа лицензиялық алым енгізіледі. Алым-

ды  алкоголь  өнімдерін  сақтаумен  жəне  бөлшектеп 

өткізумен  айналысатын  салық  төлеушілері  əрбір 

қызмет нысаны үшін төлейді.

Лицензиялық  алым  ставкасы: – Астана-

да,  республикалық  жəне  облыстық  маңызы  бар 

қалаларда – 100 АЕК  (айлық  есепті  көрсеткіш); – 

аудандық  маңызы  бар  қалаларда  жəне  кенттерде 

– 70 АЕК; – ауылдық  елді  мекендерде – 30 АЕК. 

Алым  жыл  сайын  əр  жылдың 20 қаңтарына  дейін 

төленеді.

Қызылордада  тұрақтандыру  қоры  мен 

халықты  арзан  өнімдермен  қамтамасыз  ету 

бағдарламаларының  серіктестері  əлеуметтік 

дүкендер  арқылы  сатылатын  азық-түліктерді 

əзірлеп  қойды,  деп  хабарлайды BNews.

kz  тілшісі.  «Бізде  мұндай  он  екі  дүкен 

бар, – дейді  облыстық  ауыл  шаруашылығы 

басқармасының  бастығы  Д.Əбуов. – Онда  тауар-

лар, ең қажетті азық-түліктер қысы-жазы үзілмейді. 

Тұрақтандыру  қорына  өндірушілердің  бағасымен 

қант,  көкөністер,  күріш,  май  сатып  алынуда, 

олар  əлеуметтік  дүкендер  арқылы  төмен  бағамен 

үлестіріледі.  Қазір  тұрақтандыру  қорында  құс  еті 

мен макарон жеткілікті».

Қала 

əкімдігі 

жанындағы 

баспасөз 

орталығында 

«Қызылордажылу-

электрорталығы»  МКК  жылу  тарату  қызметі  үшін  тұтынушылар  тарапынан  

төленбеген қарыз мəселесі бойынша БАҚ өкілдері қатысуымен  брифинг болып өтті. 

Сондықтан болар, бірлігі берекелі, тірлігі 

мерекелі,  ынтымағы  жарасқан  елді  құру  жо-

лында бауырына тығылған кəріс, өзбек, түрік 

пен орысты «бауырым, жерлесім» деп жаны-

на тартып, бір шаңырақтың, көк байрағының 

астына топтастырып, «Қазақстан халқы» ата-

нып  келе  жатырмыз.  Тəуелсіздігімізді  алған 

маңызды  сəтте  бір  атаның  балаларындай 

қуанып,  Қазақстан  жолын  салуға  бірге  білек 

сыбана кірісіп, əр жеңісті, жемісті сəттерімізде 

бірге  шүкірлік  еткен  өзге  ұлтты  бауырлары-

мыз ерте кезеңде қасиетті қазақ өлкесіне сан 

түрлі  тағдыр  жазуымен  қоныс  тепкені  аян. 

Біз бүгін де тегі басқа болғанымен теңдігі бір, 

қаны  бөлек  болғанымен  жаны  бір,  арманы 

ортақ біртұтас халыққа айналдық.

Қазақы  қаймағы  бұзылмаған,  Алаштың 

анасы атанған Қызылорда өңірінде  32 мыңға 

жуық  ұлт  өкілі  татулықта  өмір  сүріп  жат-

са,  халықтың  қауіпсіздігі  мен  бостандығын 

қорғауды  басты  мақсат  еткен  облыстық  ішкі 

істер  департаментінде 20-ға  жуық  өзге  ұлт 

өкілі абыройлы қызмет етіп жатыр. 



–  Роза  Аяғанқызы,  Жаңа  қызметке  келгеніңізге  де  көп 

бола қойған жоқ. Дегенмен, бұған дейін де қала тіршілігіндегі 

қарбалас  саланың  бірі  коммуналдық  шаруашылық 

бағытында белді қызметтер атқардыңыз. Бірнеше жыл қала 

əкімдігінде  жауапты  қызметтерде  болып,  бас  шаһардың 

əлеуметтік-экономикалық  өрлеу  көрсеткіштеріне  өзіндік 

қолтаңба  жасап,  үлес  қоса  білдіңіз.  Қазіргі  таңда 195 жыл-

дан  астам  тарихы  бар  шежірелі  Қызылорда  қаласының 

мəдени,  саяси  өмірінің  өркендеп,  білім-ғылымының  қайта 

түлеуі жолындағы жұмыстарды қолға алып, басшылық жа-

сап  келесіз.  Еліміздің  басқа  қалаларымен  салыстырғанда 

мəдени мұраның мəйегі саналып, асыл жыр-жауһарларымен 

ерекшеленетін,  топырағы  киелі,  тарихы  жүйелі,  даңқы 

асқан, бағы тасқан Сыр елінің бас шаһарының тұтас рухани  

өміріне  жаңа  серпілістер  мен  жігерлі  жобалар  əкеледі  де-

ген  сенімдеміз.  Əсем  қала  Астанаға  қарап  бой  түзеген, 

Елбасының  жаңа  Жолдауынан  қанаттанған  кең  тынысты 

қала өміріндегі жарқын жобаларыңызбен ой бөліссеңіз.  

–  Қойнауы  құт,  сүйем  жері  береке  мен  мерекеге  толы 

тұтас  еліміздің  рухани  бесігіне  баланатын,  тарих  шежіресінде 

Қазақстанның алғашқы Астанасы атауымен ұлықталған  Сыр елінің 

бас  шаһарының  қай  саласында  еңбек  етсем  де  менің  атамекен 

туған жеріме деген перзенттік парызым деп білемін. Мемлекеттік 

қызметте  жүргендіктен  өзіме  сеніммен  жүктелген  міндетті  аса 

жауапкершілікпен, асқан абыроймен атқару менің басты ұстанымым. 

Оның үстіне, өркенді елдің бағына орай Елбасының жаңа Жолдауы  

біздің  сүйікті  қаламызда  атқаруға  тиісті  əр  жұмысымызға 

шамшырақ,  жасалынар  ірі  жобаларымызға  бағдаршам  болып 

отырғаны    қуанышқа  бөлейді.  Жəне  əр  бастаған  ісімізге  серпін 

береді.  Бар  игіліктің  көзі,  бастауы  мəдениет  болғандықтан,  оның 

үстіне, «Сыр елі–жыр елі» деген жоғары құрметке лайық болайық 

деген зор міндетпен қалың жұртшылықтың көп жиналатын мəдени 

орындарын  күрделі  жөндеуден  өткізуді  қолға  алдық.  Нəтижесін 

өздеріңіз  көргендей,  өткен  жылы  шаһардың  архитектуралық 

келбетін  айшықтайтын  Сыр  елінің  тұғырлы  тұлғаларының  есімі 

берілген  А.Тоқмағамбетов,  С.Майқанова,  М.Ералиева  атындағы 

мəдени  ошақтар  күрделі  жөндеуден  өткізіліп,  ел  игілігіне  қызмет 

жасауда.  Клуб  кəсіпорындарының  материалдық-техникалық 

базасы   нығайып  келеді.  Сыр  елі  өнер  ордасы  болғандықтан, 

өнер  мен  мəдениетті  қастерлеп,  талантты  жас тарды  қолдауды 

да  жүйелі  қолға  алып  келеміз.  Мəселен,  өткен  жылы  жас  ақын, 

халықаралық,  республикалық  жыр  мүшəйраларының  жүлдегері, 

республикалық  əдеби  конкурстың  «Алтын  қалам  иегері»  Динара   

Мəліктің  шығармашылық  кеші, «Мəңгілік  ел  мұраты»  атты 

аймақтық  жас  ақындар  айтысы,  өзге  ұлт  өкілдерінің  арасында 

өткізілген  «Мақсұтым–тіл  ұстартып,  өнер  шашпақ...»  атты  Абай 

оқулары  қалалық  байқауы,  ақын  Зəуре  Өксімбаеваның  жыр  кеші, 

қала  күні  мерекесіне  арналып   «Ұлттың  рухани  арнасы–қазақтың 

Қызылордасы!»  атты  мəдени  іс-шара, «Сыр-Ана»  монументінде 

Қызылорда  қаласы  күні  мен  «Алтын  күз»  мерекесіне  арналған 

«Қызылорда–алтын  қазық  əн  орда!»  атты  облыс  аудандары  мен 

қаладағы оқу орындары арасында көрме ұйымдастырылды. Санама-

лап айта берсек, қалада өткізіліп жатқан игілікті шаралар жеткілікті. 

Өркендеу мен өрлеудің даңғыл жолын таңдаған қасиеті мен 

өсиеті мол шаһарда биылғы жылы да күнтізбе парағындағы елеулі 

тарихи  күндерге  кейінгі  ұрпаққа  мирас  боларлық  тағылымды 

шаралар  өткізуді жоспарлап отырмыз.

ТҰРҒЫНДАР ЖЫЛУҒА

ДАМУДЫҢ БАСЫ – 

ҰЛТАРАЛЫҚ БІРЛІКТЕ

ТА ЫЛЫМЫ МОЛ 

ЖЫЛДЫ  

ТАНЫМЫ ДА МОЛ



ҚОЙ ЖЫЛЫНДАҒЫ 

ҚОЙ ЖЫЛЫНДАҒЫ 

ҚОЙ 

ҚОЙ 


ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 

ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 

ҚАМҚОРЛЫҚ

ҚАМҚОРЛЫҚ



АТАКӘСІП

2-бетте

«Ақмешіт апталығына» 

жазылыңыз!

Қалалық «Ақмешіт апталығы» газетіне 

2015 жылдың бірінші жартыжылдығына 

жазылу жалғасуда. 

Басылымның алты айға жазылу бағасы: 

Жеке тұлғалар үшін - 2000 теңге, 

мекемелер үшін - 3000 теңге.

Газетке «Қазпошта АҚ», 

«Евразия Пресс» ЖШС филиалдарында 

жəне 


«Сыр медиа» ЖШС-нің өзіне келіп 

жазылуға болады.

ҚАЗАҚ 

ОТБАСЫНДАҒЫ 



ҰЛ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



2-бетте

2014  жылдың  қорытындысымен  дебиторлық 

қарыздың   жалпы көлемі 450 млн. теңгені құраған. 

Осыған орай, қалалық кəсіпкерлік, өнеркəсіп жəне 

туризм  бөлімінің  басшысы  Қожахмет  Ілиясов, 

қалалық  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық, 

жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль  жолда-

ры  бөлімінің  басшсы  Қайрат  Бекенов, «тұрғын 

үй  Қызылорда»  МКК  директоры  Серікбай 

Нұрымбетов,  «қызылордажылуэлектрорталығы» 

МКК  бас  инженері  Наурыз  Сатханов  бас  қосып, 

келелі мəселені жан-жақты талқыға салды. 

Қазіргі уақытта мекеме тарапынан 1077 іс сотқа 

өткізілген,  аталмыш  қарыздың  көлемі 52 млн. 

теңгеден  астам.  Оның  ішінде  заңды  тұлғалардың 

қарызына  байланысты 46 млн.  теңгені  құрайтын 

1046 іс болса, оның 815-не соттың тиісті шешімі 

шыққан.  Алайда  бүгінгі  күнге  тек 25 млн.  теңге 

ғана өндірілген. 

Қарыздың  басым  бөлігін  жеке  тұлғалардың 

қарызы  құрайды.  Нақтырақ  айтқанда  қарыздың 

жалпы  көлемі  бүгінде 364 млн.  теңгені  құрап 

отыр.  Алдағы  уақытта  жеке  тұрғындар  жылуға 

уақытылы  ақша  салып  отырмаса  жылуды  өшіру 

жолдары 

қарастырылмақ. 

Сондықтан 

қала 


тұрғындарына  жылудың  ақшасын  уақытылы 

төлегені  дұрыс.  Ал,  қарыз  ақшаны  мекеме  сот 

арқылы өндіріп алатын болады. 

Алдағы 


уақытта 

«Қызылордажылу-

электрорталығы»  МКК  тарапынан  қайта 

жаңғырту  жобасы  аясында  жылу  желілеріне 

күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспар-

ланып отыр. Сонымен қатар 12 ай бойы қала 

тұрғындарын  ыстық  сумен  қамтамасыз  ету 

жүзеге аспақ. 



Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

«Жаяуды  көрсе  атын  беретін,  адасқанды  көрсе  төрін  беретін, 

ашыққанды көрсе алдындағы асын беретін» аттың жалында, түйенің 

қомында жүрген қазақ халқы ежелден  адамдарды дінге, ділге, ұлтқа 

бөліп алаламай, барлығын «жақыным» деп бауырына тартқан. «Бірлік 

болмай, тірлік болмас» деген сөзді терең ұғынып, бірлік қана барлық 

қиындықтар мен ауыр кезеңдерді жеңіп шығар ұлы күш деп білген. 

ҚАРЫЗ


450 МЛН.теңге

3-бетте

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹5     21 ҚÀҢÒÀÐ, 2015 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

«Қазақстанға  тəуелсіздік  алған 1991 жылдан  бері 

шетелден 950 мыңнан  астам  этникалық  қазақ  орал-

ды»  бүгінде  денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік  даму 

министрлігінің    ақпаратына  қарағанда, 1991 жылдан 

2015  жылдың 1 қаңтарына  дейінгі  аралықта 952 мың 

882 этникалық қазақ (259 мың 159 отбасы) Қазақстанға 

оралған.  Ресми  есеп  бойынша,  отанына  оралған 

этникалық  қазақтардың 61% астамы    Өзбекстаннан, 

14%  Қытайдан, 9%-ы  Моңғолиядан, 7%-ға  жуығы 

Түркіменстаннан, 4% астамы  Ресейден, 3% көбі  өзге 

елдерден  келген.  Оралмандар  қазақстандағы  жалпы 

халықтың (17,4 миллион адам) 5,5%-ы болып отыр.

12-24  қаңтар  аралығында  Қорқыт  ата 

атындағы  ҚМУ-нің    дене  шынықтыру 

жəне 


спорт 

мамандығының 1-курс 

студенттері  қысқы  спорт  түрлері  бой-

ынша 


Ақмола 

облысының 

Шучинск 

қаласындағы «Жасыл  орман» шипажайы ба-

засында  оқу-сауықтыру  жиынын  өткізуде. 

Соңғы  үлгідегі  құрал-жабдықтармен 

қамтамасыз  етілген  орталықта  сту-

денттер  шаңғымен  жүру  дағдыларын, 

биіктен  төменге  сырғудың  қыр-сырын, 

мұз  айдынында  конькимен  сырғанау, 

хоккей  ойынының  əдіс-тəсілдерін  жан-

жақты меңгеруде. 



СҰҚБАТ

Басы 1-бетте

АТАКӘСІП

ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС

Биыл Қазақстан халқы 

Ассамблеясының құрылғанына – 

20 жыл.

Осы мерекеге орай, 

жан-жақты іс-шаралар 

ұйымдастырылуда. Соның бірі, 

Қызылорда қалалық ішкі саясат 

бөлімімен бірлесе отырып, 

Жаппасбай Нұрсейітов атындағы 

№233 орта мектепте өтті. Мерекелік 

шараға қалалық «Нұр Отан» 

партиясының сарапшысы Ардақ 

Əукенов, қалалық білім бөлімінің 

басшысы Марат Аралбаев 

жəне «Славяне» ұлттық-мəдени 

орталығының жетекшісі 

Галина Щербакова қатысты.

А.Мұсаева  басқарып  отырған  білім 

ошағында 900-ден  астам  оқушы  білім 

алуда.  Айта  кетейік,  бұл  мектептің  бір 

ерекшелігі,  мұнда 20-дан  астам  ұлт 

өкілдері бар. Аралас мектеп болғандықтан, 

ұстаздар  да,  оқушылар  да  əртүрлі  ұлт 

өкілдерінен  құрылған.  Соған  қарамастан, 

бəрі де бір-бірімен тату-тəтті күн кешуде. 

Оған дəлел, мектеп ішінен «Шаңырақ» 

атты аула клубы ашылды. Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  мерейтойы  қарсаңында 

клубтың 

тұсаукесері 

сəн-салтанатпен 

кесілді. 

Əртүрлі 

ұлттың 


мерекелік 

киімдерін  киген  мектеп  оқушылары 

атсалысқан  шара  «Бір  шаңырақ  астында» 

деп аталды.

Кең 

ауқымда 


ұйымдастырылған 

шараға  келген  қонақтар  өз  лебіздерін 

білдіріп, бір-бірін мерекемен құттықтады. 

Галина Щербакова, «Славяне» ұлттық-

мəдени  орталығының  жетекшісі: «Осы-

дан 20 жыл  бұрын  Елбасының  бастама-

сымен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

құрылған болатын. Бүгінде бұл Ассамблея 

қоғам дағы келісім мен ынтымақтастықтың 

басты  тетігі  болып  отыр.  Мен  осы 

ынтымақ  ұйымының  мүшесі  болғаныма 

мақтанамын.  Жыл  сайын  Ассамблея 

жұмысына қатысып, Елбасының халықтар 

достығына,  бірлікке,  татулыққа  аса  мəн 

беріп отырғанын байқап келеміз. Бұл Ұлт 

көшбасшысының  көрегендік  қабілетінің 

жарқын көрінісі деп білемін», – деген ойы-

мен бөлісті.

Айта кетейік, №233 орта мектеп ұжымы 

«Славяне»  ұлттық-мəдени  орталықпен 

бірнеше жылдан бері тығыз жұмыс жасап  

келеді.  Жалпы,  мұнда  ұлт  өкілдерінің 

достығына байланысты көптеген шаралар, 

басқосулар өткізіліп тұрады.

Шара  барысында  мектеп  оқушылары 

əр ұлт өкілдерінің биін билеп, əнін айтып,  

бойындағы  бар  өнерлерін  ортаға  сал-

ды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мерекелік  шара 

көпшіліктің көңілінен шықты, керемет өтті. 

Бұл  білім  ошағында  достықтың, 

ынтымақтың белгісі бары сезіледі...

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Мал  шаруашылығы–ата-бабамыздың  ежелден  айналысқан  кəсібі. 

Халқымыз  «Мал  баққанға  бітеді»  деп  бекер  айтпаған.  Оның  үстіне, 

қазіргі мемлекеттік бағдарламалар өрісті отар-отар қойға толтыруға зор 

мүмкіндік береді. 

Мезгілінде  ұсынылған  қамқорлықты  сезінген  сырбойылықтар 

төрт  түліктің  төресі  қой  санын  көбейтуге  арналған  «Алтын  асық» 

бағдарламасын жоғары деңгейде жүзеге асыруда. 

Мəселен, өткен жылы 12 шаруашылық «Аграрлық несие корпорация» 

АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 131  млн. теңге несие алып, 5627 бас 

қой, оның ішінде 327 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. 

Сонымен қатар, 5 шаруашылық өз қаржысы есебінен 96 млн. теңгеге 

4470  бас  қой  əкелді.  Осылайша,  жыл  ішінде 10 мыңнан  астам  асыл 

тұқымды қой алынды.

Жалпы өткен жылы мемлекеттік бағдарлама игілігімен асыл тұқымды 

мал  шаруашылығын  дамытуға  үлес  қосқан 310 шаруашылық 1524 млн. 

теңге субсидия алды. 

Тағы  бір  жағымды  жаңалық,  мал  шаруашылығын  ғылыми  негізде 

дамыту  мақсатында  Ы.Жахаев  атындағы  «Қазақ  күріш  ғылыми-зерттеу 

институтының» базасында мал шаруашылығы бөлімі ашылды.  

Бүгінде ет бағытындағы қой тұқымын жетілдіру мақсатында еліміздің 

алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтары Батыс Қазақстан облысы Жəңгір 

хан  атындағы  университетінің  ғалымдарымен  Жалағаш  ауданында  ет 

бағытындағы «еділбай» қойына селекциялық  асылдандыру жұмыстарын 

жүргізуде.

Сондай-ақ,  Оңтүстіктік  жқне  Батыс  Қазақстанның  ғылыми  зерт-

теу  институтының  мамандарымен  бірлесіп,  əлемдік  нарықта  жоғары 

сұранысқа ие болып отырған қаракөл қойының көк түсі мен ет бағытындағы 

«Атырау  етті  майлы  елтірі»  қойын  өсіру  жəне  ғылыми  жұмыстарды 

жүзеге  асыру  мақсатында  «Ақсеңгір», «Ақ  жол»  қожалықтарынан 1540 

бас «Атырау етті майлы елтірі» қойы əкелініп өсірілуде.  Еліміздің белгілі 

академигі Х.Үкібаевтың басшылығымен Ресейдің Астрахань облысы мен 

Жамбыл  облысынан  көк  түсті  қошқарлар  əкелініп,  Жаңақорған  ауданы 

«Ынтымақ» серіктестігімен жəне «Бақытжан» қожалығында селекциялық  

асылдандыру жұмыстары қолға алынуда.  

«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» демекші, қой жылында  

қойымыз қос-қостан қоздасын деп тілегеніміз жөн болар.

                                                                Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ.

Ұлты  басқа  болса  да,  жүрегі  «қазақ»  деп  соғатын 

олар Қазақ жерін, Қазақ халқын қорғау жолында от пен 

суға  түсіп,  кіндік  қаны  тамған  отандарының  алдында 

перзеттік парыздарын өтеп келеді. Туған елінің туының 

астында  бірігіп,  туған  жердің  тұғырын  биік  етуге  бел 

шешкен олар өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал 

орындағаны  үшін  Ішкі  істер  министрлігінің,  Ішкі  істер 

департаменті  бастығының  Алғыс  хаттары  мен  Құрмет 

грамоталарының  бірнеше  мəрте  иегерлері  атанған. 

«Тіліме  тағзым  ет,  сыйласаң  елімді,  сонда  сен  отандас 

боласың  сенімді!»  демекші,  барлығы  дерлік  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тілін  толық  меңгеріп, 

жұмыс барысында да, күнделікті тұрмыста да бір адам-

дай  қазақ  тілінде  еркін  қарым-қатынас  жасай  алады. 

Жыл  сайын  «Тілдерді  оқытудың  өңірлік  орталығы» 

ұйымдастыратын  мемлекеттік  тілді  оқыту  курсына 

қатысып,  біліктері  мен  білімдерін  жетілдіріп  келеді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев 

Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында 

«Өзін Қазақстанның азаматы санайтын кез-келген адам, 

кез-келген ұлттың өкілі барлық өркениетті елдердегідей 

мемлекеттік  тілді  меңгеруге  ұмтылуы  тиіс», - деп  өз 

үндеуін жеткізді емес пе?! Міне, тілді игеруді азаматтық 

ұстанымы, құшағын айқара ашқан Қазақстан алдындағы 

перзенттік  парызы  санайтын  біздің  қызметкерлер 

Елбасының сөзін жүзеге асыруда. 

Сонымен  қатар,  Ішкі  істер  министрінің  қолдауымен 

жыл  сайын  ұйымдастырылатын    мемлекеттік  тіл  саяса-

тын кеңінен насихаттап, тəртіп сақшыларының қоғамдағы 

оң  имиджін  қалыптастыру,  мемлекеттік  тілді  құрметтеу, 

мəртебесін  арттыру,  парасаттылық  рухын  көтеруге 

бағытталған  «Парасатты  полицей»  атты  байқауға  үнемі 

қатысуда.  Əсіресе,  Қазалы  аудандық  ішкі  істер  бөлімі 

Ювеналды  полиция  басқармасының  тергеушісі  Тен 

Айнұр,  облыстық  ішкі  істер  департаменті    Көші-қон  по-

лиция  басқармасының инспекторы Угай Борис, Қалалық 

ішкі істер басқармасының анықтаушысы Федорук Влади-

мир  сынды  қызметкерлеріміз  əр  өңірден  қатысатын  по-

лицейлермен   иық  тіресе  бас  сынасып,  Сыр  елінің,  Ішкі 

істер департаментінің намысын абыроймен қорғап келеді. 

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, барлығы дерлік бірінен-

бірі озған «Сыр елі-жыр елі» атанған қасиетті өлкенің киесі 

қонған  күміс  көмей,  жез  таңдай  əншілері,  қасиетті  өнер 

иелері.  Мемлекеттік  мерекеге  орай  ұйымдастырылатын 

іс-шараларда көптен суырылып шығып, көкейіңді кернеп, 

патриоттық сезіміңді оятар əндерін арнайтын да осылар. 

Ұлт  тағдырын  ұрпақ  шешетіні  айқын.  Бірі – 

қазақтың  қызын  алып,  мың  жылдық  күйеу  бала  атан-

са,  бірі – қазақы  отбасыға  салиқалы  келін  атанып, 

қазақы  шаңырақтың  түтінін  түтетіп  отыр. «Отбасы – 

шағын  мемлекет», -демекші,  адам  бойындағы  жақсы 

қасиеттер  отбасында  қалыптасады  емес  пе?!  Осы  орай-

да,  тұрақтылық  пен  халқымыздың  тыныштығын  күзетіп, 

елге  қорған  болып  жүрген  өзге  ұлтты  апа-ағаларымыз 

балаларына  əдет-ғұрпымызды,  қазақы  ділімізді,  рухани 

құндылықтарымызды  бойларына  сіңіре  отырып  тəрбие 

беріп  жатыр  деген  сенімдеміз.  Өйткені  ұлты  қазақ  бол-

маса да сөзі қазақ, жүрегі қазақ бауырларымыздан нағыз 

ұлтжанды,  Қазақ  елінің  болашақ  қорғаушылары  мен  ба-

тырлары өніп шығатыны айқын. 

Сөзімізді 

қорытындылай 

келе, 


Елбасымыз 

Н.Ə.Назарбаев  «Дамудың  сыры – бірлікте,  табыстың 

сыры – тірлікте» деген екен. Расында да, ата-бабамыздан 

мирас болып қалған ауызбіршілігіміз, өзара түсіністігіміз 

бен  толеранттылығымыз  қазір  де  жалғасын  тауып  келе 

жатыр.  Халықта  «Туған – ана  емес,  тəрбиелеп  өсірген – 

ана» демекші,  кез-келген ұлттың өкілі Қазақ елін «туған 

жерім» деп санайтындарына сенімдіміз. 135 ұлттың басын 

біріктірген  «Мəңгілік  еліміз»  ғұмырлы,  тəуілсіздігіміз 

тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын! 

 Г.ҚАЙЫРБЕРГЕНОВА,

 

облыстық

ІІД Мемлекеттік тіл 

жəне ақпарат бөлімінің басшысы. 

–  Өркениетке  кең  құлаш  сермеген  тарихи  кемел-

дену  кезеңінде  əрине,  болашақ  ұрпақтың  тек  сапалы 

білім арқылы дамыған 30 елдің көсегесі көгерген озық 

елінің бірі де, бірегейі болары сөзсіз. Сондықтан, Елба-

сымыз  білім  саласы  жетекші  локомотив  салаға  айна-

луы тиіс деген болатын. Ендеше, Сыр өңірінің мəдени, 

саяси  орталығындағы  маңызды  сала  қалай  дамуда? 

Соған тоқтала кетсеңіз.

–  Мемлекет  басшысы  қазіргідей  ғарыштық 

технологияның  өрістеген  заманында  жас  ұрпақ  білек 

күшіне  емес,  білім  мен  білік  күшіне  сену  керектігіне 

үнемі  назар  аударып,  əр  Жолдауында  білім  саласына 

басымдық беріп келе жатқаны болашақтың алтын  кілті 

білімде  екендігін  айғақтайды.  Сондықтан  да  бюджет 

қаржысының  көп  бөлігі,  яғни, 33 пайызы  білім  сала-

сына бөлініп отыр. Əрине, білім саласының көш баста-

уы үшін ұстаздардың білім сапасы мен қоса мəртебесін 

де  көтеру  керектігіне  облыс  əкімі  Қ.Көшербаев  ерек-

ше  мəн  беруде.  Өз  біліктілігі  мен  терең  білімін 

дəлелдеп,  ұстаздар  арасында  өткен  конкурстан 

жоғары  көрсеткішке  қол  жеткізіп,  кəсіби  шеберлігін 

көрсеткен қалалық білім беру ұйымдарынан ұсынылған 

үміткерлерден 11 мұғалімге облыс əкімі өзінің қомақты 

қаржылай сыйақысын табыстады. Мұның өзі қоғамның 

зиялы қауымы саналатын ұстазға деген жоғары құрмет 

деп  түсінуіміз  керек.  Сонымен  қатар,  республикалық 

«Үздік  педагог»  конкурсынан 1 мұғаліміміз  жүлдемен 

оралды. Үнемі облыс, қала əкімдіктері тарапынан атал-

мыш шешуші саланың өсіп-өркендеуі үшін жан-жақты 

қолдаулар жасалып отыр.  

Мектеп  оқушыларының  білім  сапасына  келсек,  ҰБТ 

қорытындысымен  орташа  көрсеткіш 75 ұпайды  құрады. 

Облыс  бойынша  ең  жоғары 122 ұпайды  қаладағы  №136 

жəне №11 орта мектеп оқушылары олжалады. Ал, білім алу 

гранты конкурсы қорытындысы бойынша 572 түлек грант 

иегері атанды. 

Биылғы  жылы  мектептердегі  білім  сапасын  артты-

ру  мақсатында  дайындық  шаралары  жасалып,  үне мі 

пысықталып  қадағаланып  келеді.  Осы  орайда  мұға лім 

мектептің жүрегі екендігін назарға алып, пəн мұғалімдерінің 

де  білімін  жетілдіру  жұмыстары  қарқын  алуда.  Ел 

Президенті айтқандай, біздің мақсатымыз, білім ошақтарын 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің дəрежесіне көтеру болмақ. 

Сол бағытта болашақта да ел дамуының шешуші саласында 

қыруар жұмыстар атқарылатын болады.  




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал