Ел тарихы тереңде Жас келсе іске




бет1/10
Дата09.09.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №11 (1246)           11

  наурыз  

2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

Киелі Түркістаннан бастау алған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 ізгі іс» эстафетасының 



басты  символына  айналған  тайқазан  Тараз  қаласына  жетті.  Қайырымдылық  істермен 

толыға түскен тайқазанды әулиеаталықтардан Жетісу өлкесінен келген делегация өкілдері 

қабылдап алды.                                                                      

Ел тарихы тереңде

Жас келсе іске

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 

ЖОЛЫМЕН

 

„



№54 орта мектепте ұйымдас-

тырылған «Жас маман -2015» 

атты мұғалімдер арасындағы 

байқау көпке үлгі болды



Кодекстегі өзгерістер

түсіндірілді

 

„



Жамбыл ст. ЖІІБ-де анықталып 

тіркелген қылмыстардың саны 

өткен жылғы осы мерзіммен 

салыстырғанда өскен. Себеп...     

 

„

450 студент дәріс алып 



жатқан «Тараз» колледжінде 

Қазақ хандығының 550 

жылдығына орай шара өтті.  

    


7 бет.

    


4 бет.

    


8 бет.

Жергілікті үлес - 

90 пайыз

 

„



Тараз қаласында 

тұтынушы тұрғындарды 

азық-түлікпен, 

тауарлармен тұрақты 

түрде қамтамасыз 

етуші бірнеше 

кәсіпорын бар. Енді 

қалалық ірі сауда 

орындарындағы 

жергілікті өнімдердің 

тұсында «Қазақстанда 

жасалған!» атты 

арнайы логотиптер 

орнатылды.     

    

3 бет.

    


6 бет.

    


2 бет.

Орталықтағы 

оңды істер

 

„



Оңалту орталығының 

қызметкерлері үйсіз-

жайсыз 182 азаматты 

үй кітапшасына 

тіркеп, 61 адамның 

жеке куәлігін және 39 

адамның зейнетақы 

кітапшасын қалпына 

келтіруіне көмек 

көрсетті.



ҚАлА ҚАрБАлАС

2

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №11 (1246), 11 нАурыз 2015 Жыл 



 

„

Жамбыл облыстық қазақ 



драма театрында өткен «нұр 

Отан» партиясы Жамбыл 

облыстық  ХV конференциясына 

бастауыш партия ұйымдарынан 

сайланған 323 делегат қатысып, 

облыстық филиалдың төрағасы, 

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев  

партия тарапынан атқарылған 

жұмыстарды тілге тиек етті.

Ұлт келешегі үшін 

ұтымды

Арсен БАЙЗАҚ

«Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, дүниені 

дүрбелеңге салып отырған әлемдік дағдарыстың 

көріністері бой ала бастағанына қарамастан, соңғы 

үш жылдың қорытындысы бойынша, партияның 

сайлауалды тұғырнамасында белгіленген межені 

орындауда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіліп, 

күтілген нәтиже 69 пайызға орындалды. Өздеріңізге 

белгілі, партияның «Біздің ауыл», «Бақытты отба-

сы», «Ардагерлерді ардақтайық» сияқты жобалары 

негізінен  әлеуметтік  топтарға  арналған.  Өткен 

жылы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 

облыстағы 298 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 

әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді. Әлеуметтік 

және медициналық көмектердің әлеуметтік кар-

тасы жасалды. Партия облыстық филиалы «Жас 

Отан» жастар қанатының белсенділері мен ҮЕҰ 

өкілдерінен құрылған 1360 еріктілер жасақталды. 

Ал таяуда партия жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 

70 жылдығына орай, «Жеңіске тағзым!» пойызы 

өңірдің теміржол бекеттері бойларына орналасқан 

елді мекендерде болып қайтты. Сондай-ақ, «Біздің 

ауыл» жобасы аясында 2014 жылы облыста 343 

тазалық, абаттандыру және көріктендіру шарала-

ры ұйымдастырылды. Жоба шеңберінде бірқатар 

әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті. Оның ішінде 

көшелерге жарық шамдар орнатылып, балалардың 

ойын  алаңшаларын  жаңғырту  қамтамасыз 

етілді.«Бақытты отбасы» жобасы аясында өткен 

жылы облысымызда 157 жетім балаға пәтер берілді. 

Әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар 

алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. 

Сонымен  қатар  елімізде  жастардың  «Сәтті 

қадам», «СТОП-қылмыс» және «Жастар кадрлық 

резерві»  сияқты  партиялық  жобаларына  100 

мыңнан астам жастар тартылған. Облыс бойынша 

«Сәтті қадам» жобасына 2014 жылы 120 жастар 

тартылып, 3 адам тәжірибеден өтуге жіберілсе, 1 

адам тұрақты жұмысқа орналасқан. «Нұр Отан» 

партиясы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» Жолдауындағы еліміздегі мүмкіндігі 

шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 

берген  тікелей  тапсырмасының  орындалуы                                                              

бойынша көптеген нақты істерді жүзеге асыруға 

бас болды. Оның ішінде, партияның «Кедергісіз 

келешек»  жобасы  аясында  жүргізілген  жүйелі 

жұмыстардың нәтижесінде, облыста өткен жылы 

819 мүгедек, оның ішінде 494-і тұрақты жұмыспен, 

325 мүмкіндігі шектеулі азамат уақытша жұмыспен 

қамтылды. Сондай-ақ, 200-ден астам мемлекеттік 

және түрлі меншік түріндегі нысандарға барлық 

талаптарға сай пандустар орнатылды. 

Ағымдағы жыл республикамызда «Бастауыш 

партия  ұйымының  жылы»  болып  белгіленді. 

Сондықтан да барлық ішкі партиялық, қоғамдық-

саяси және көпшілік шаралар осы жыл аясында 

өткізілетін  болады.  Үстіміздегі  жылдың  14 

ақпанында  еліміздегі  татулық  пен  берекелі 

бірліктің нығаюына ерекше үлес қосып келе жатқан  

Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесі Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  сайлауын  өткізу 

туралы бастама көтергені баршаңызға белгілі. Бұл 

бағалы бастама көпұлтты қазақстандықтардың 

қызу қолдауына ие болды. Ең бастысы – қарапайым 

халықтың ойынан шығып отыр. 

2015 жылдың 25 ақпаны күні Мемлекет басшысы 

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын 

тағайындау туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. 

Ел ертеңін ойлаған Нұрсұлтан Әбішұлы сол күні 

Қазақстан халқына арнап өзінің Үндеуін жария етті. 

Туған халқына арнаған жүрек жарды Үндеуінде Ел-

басы «Сайлау – аса маңызды конституциялық және 

патриоттық акт» деп алдағы саяси науқанның мәні 

мен мақсатын бір-ақ сөзбен ашып берді. Ағымдағы 

жылдың 26-28 ақпанында облыстағы барлық 399 

бастауыш  партия  ұйымдары  жиналыстарында 

және 2-3 наурыз күндері партия Тараз қалалық 

және аудандық филиалдары конференцияларын-

да  партия  төрағасы  Н.Назарбаевты  Қазақстан 

Республикасының Президенттігіне кандидат етіп 

ұсыну туралы мәселе көтерілді. Сондықтан аталған 

мәселеге байланысты конференция делегаттары 

өздерінің ой-пікірлерін білдіреді деген ойдамын» 

- деді Кәрім Нәсбекұлы. Конференция соңында 

съезге өңірден 80 делегат сайланды.

АРуЛАР АРДАҚтАЛғАН КүН

 

„



Тараз қаласының әкімі нұржан Календеров 8 наурыз – Халықаралық 

әйелдер мерекесіне орай тарихы тереңде жатқан көне шаһарда тұратын 

ардагер аналар мен түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген қыз-

келіншектерді салтанатты түрде қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады. 



Телғара ҮСЕНБАЙҰЛЫ

Қабылдау барысында сөз алған қала әкімі 

Нұржан Сәбитұлы: 

- Мереке қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп 

отырғаныма  қуаныштымын.  Тіршіліктің 

тұтқасы – ана. Аналар қандай құрметке болса 

да лайық. Бүгінде алдыңғы толқын, өмірден 

көргені көп, сүйгені мол аналардың өнегелі 

істерін  лайықты  жалғастырып,  өнеркәсіп 

орындарында кәсіпорындарда, шағын және 

орта бизнес, денсаулық, өнер-білім, мәдениет 

саласында жанды жұмыс жүргізіп келе жатқан 

нәзік жандылар  көптеп саналады. Әйелдердің 

қоғамымыздағы тұрақтылық пен ел бірлігінің 

сақталуына да өзіндік үлестерін қосып жүргені 

шындық,  -  деді.  Жиын  соңында  ардагер 

аналарға,  қыз-келіншектерге  гүл  шоқтары 

тапсырылып, тарту-таралғы жасалып, құрмет 

көрсетілді.  Осы  күні  тараздық  әйелдер 

қауымын көктем мерекесімен құттықтау үшін 

Алматы қаласынан арнайы әсем әндерін ала 

келген Қазақстан эстрадасының жұлдыздары 

Қайрат  Түнтеков  пен  Серік  Ибрагимов 

кешкілік орталық «Достық» алаңында талай 

жүректі жаулаған әндерін тарту етті. Бұдан өзге 

облыстық филармонияның әншілері Маралбек 

Бабақұлов, Жандос Омаров, Қайсар Көкішов, 

Әлішер Балтаев, Жанатбек Қадіров, Құрмаш 

Қуанышбаев,  Әдемі-ай  тобы  секілді  сахна 

саңлақтары мерекелік кешті жандандыра түсті. 

 

„

Киелі Түркістаннан бастау алған тайқазанның 



көшірмесін наурыз айының басында жамбылдықтар 

Алматы қаласынан қабылдап алған болатын. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 ізгі іс» 

эстафетасының басты символына айналған тайқазан 

облыстың 10 ауданын аралап, тайқазан іші қайырымды 

істермен толыға түсті. Сөйтіп, қайырымдылық шара 

облыс орталығында жалғасты.

Қайырымдылық жолымен



Ерман ӘБДИЕВ

Нақтырақ  айтқанда,  шара  басында  өңірдегі  Мойынқұм  және  Байзақ 

аудандарындағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға екі миллион теңгенің 

көмегі көрсетілсе, Шу ауданындағы 200 мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту 

орталығына  5  млн.  теңгеге  шағын  автобус  алып  берілді.  Тараз  қаласының 

іргесіндегі Жамбыл ауданындағы 52 ауған ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеге 

көмек көрсетіліп, ҰОС 40 ардагеріне 480 мың теңгеге материалдық көмек 

ұйымдастырылды. Ал, облыс орталығынан шалғай жатқан Сарысу ауданындағы аз 

қамтамасыз етілген отбасылардың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ба-

лаларына 2,4 миллион теңгеге оқу ақысы төленіп берілді. Сондай-ақ, осы аудандағы 

ҰОС ардагерлерінің үйлерін жөндеп беруге 590 мың теңге жұмсалды. Екі ардагер 

жазушының кітабын шығаруға 1 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.   

Қордай ауданында «Мен өмірді сүйемін» акциясы өтті. Мұндай игі шаралардан 

тараздық жұртшылық та шет қалмады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл 

облыстық хатшылығы жанындағы жастар белсенділері мен М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ студенттерінің «Жасыл ел» жасағының сарбаздары «Қауіпсіз қан» акциясы-

на қатысып, 27 литр қан өткізді. Сонымен қатар аймақтағы этно-мәдени бірлестік 

ұйымдары облыстың 125 тұрғынына 400 мың теңгеге қан қысымын өлшейтін 

құрал алып берді. Міне, осындай игі істердің жалғасын табуына негіз болған 

«Тайқазан» «қайырымды істерімен» Тараз қаласына жетті. «Тайқазаншыларды» 

қала жұртшылығы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында күтіп алып, жастар шеруі 

өтті. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов осылайша 

ел аумағында өтіп жатқан қайырымдылық шараларға әулиеаталық жұртшылық та 

бар ықыласымен ат салысқандығын алдыға тартты. Сондай-ақ, қала әкімі Нұржан 

Календеров Тараз қаласындағы соғыс ардагерлері, мүгедектер, көп балалы 

отбасыларға көмек көрсетілетіндігін айтты. Шындығында, бүгінгі күнге 

дейін «Қазфосфат» ЖШС 3,5 мың адамға арнап спорт кешендерін ұсынды. 

Ал, «Кардиохирургия және трансплантология орталығының» директо-

ры, «Жүрек қан тамырлары хирургтері ассоциациясының» президенті 

Сейітхан Жошыбаев өз орталығында балалар мен ҰОС ардагерлеріне 

жолдамасыз-ақ тексерулер жүргізетінін айтты. Бұдан кейін облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат Мәнжуов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл 

облысы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова, осы хатшылықтың 

жанындағы ғылыми-сараптамалық топ жетекшісінің орынбасары Парида 

Мамедова, Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, 

Неміс қоғамының жетекшісі Александр Гибнер, Қазақстан халқы Ассам-

блеясы Алматы облысы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынов БАҚ 

өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, жыл бойы өтетін шара 

барысында қамтылатын ауқымды шаралардың мазмұнын тарқатып берді. 

Осы игі шара басталғалы бері 600-ге жуық қайырымдылық шаралар өтіпті. 

Бұл дегеніңіз - 600 отбасы шаттыққа бөленді деген сөз.


ҚАлА ҚАрБАлАС

3

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №11 (1246),  11 нАурыз  2015 Жыл 



туғАН ЖЕР - тұғЫРЫң биіК

 

„



«Баласағұн»  мәдениет сарайында рашид Сүлейменовтің  «Оралу» («Дорога 

домой») фильмі Тараз қаласы тұрғындарының назарына ұсынылды.  



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Айта  кетерлігі,  осы  күні  аталмыш 

фильм бір уақытта республика аумағында 

көрсетіліп,  көзі  қырағы  көрерменнің 

жүрегіне жол тартты. Фильмде Мақсат 

есімді оқымысты жас жігіттің Отанға 

оралуы баяндалады. Ол ұзақ жылдар 

бойы Еуропада жұмыс атқарып, туған 

елге  келмеген  болатын.  Күндердің 

күнінде ауылдағы жалғыз атасы қайтыс 

болады. Атасы – Жұмаш мал дәрігері 

бола жүріп әрі өзінің жекеменшік жылқы 

фермасымен айналысқан. Атасы қайтыс 

болған соң, оның жылқы фермасы мен 

асыл тұқымды жылқыларына мұрагерлік 

іс  ашылады.  Мақсаттың  туған  жерге 

бірер күнге келу себебі  осы еді. Де-

генмен, сол бірер күн Мақсаттың бүкіл 

өмірін өзгертеді. Ауылға келе салысымен 

ойлаған ойы бірден іске аса қоймайды. 

Оның  ойы – жылқы фермасын және 

ондағы  асыл  тұқымды  жылқыларды 

сату болатын. Ферманы сатпақ болған 

шешіміне Мейрамбек, Степаныч деген 

ферманың атбегілері қарсы тұрады. Тіпті 

осы үшін Мақсат Мейрамбекпен жаға 

жыртысуға дейін барады. Атбегілердің 

ойы – ферманы қаз қалпында сақтап қалу 

әрі Байғалиға сатқызбау болатын. Себебі, 

Байғали жылқы бордақылаумен айна-

лысатын. Осылармен арпалысып жүріп 

Іңкәр атты мектеп мұғалімімен танысады 

әрі  атасының зертханасына тап болады. 

Ондағы құрал-жабдықтарға, атасының 

жасаған еңбектеріне таң қалған Мақсат 

Еуропадан  зерттеу  жұмыстарымен 

айналысып жүрген әріптесін ауылына 

шақырып  алады.  Қазақстанға  келген 

әріптесі  зертханамен  танысып  қана 

қоймай,  атасының  біраз  еңбектерін 

өзімен ала кетеді. Осы уақыт аралығында 

Мақсат мектеп мұғалімі Іңкәрмен жақын 

танысып, дос болады. Іңкәр «Диплом-

мен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 

ауылға келгенін, туған жерді көркейту 

ауылдан бастау алатынын түсіндіреді. 

Қаймағы бұзылмаған туған жердің қадір-

қасиеті  мен  сол  жердегі  адамдардың 

кең  пейіл  жүрегін  сезінген  Мақсат 

ақыр  аяғы  жылқы  фермасын  сатпай-

тын болып шешеді. Атбегі Мейрамбек 

те Мақсаттың туысы болып шығады. 

Сондай-ақ, атасының Еуропаға әкеткен 

еңбегі тыңнан түрен түріліп, жаңалық 

болып ашылады. Оның бәрін Мақсат 

әріптесімен Астана қаласында кездесу 

барысында  хабардар  болады.  Тіпті 

осы еңбекті өз атына аударып ал де-

ген ұсынысына бірден қарсы шығып, 

атасы  Жұмаштың  атына  қалдырады. 

Мұндай жаңалықты естіген жасы егде 

тартқан  белгілі  ғалым  осы  еңбегін 

сатуын өтінеді. Дегенмен Мақсат бұл 

ұсынысты да құп көрмейді. Фильм соңы 

осылай  туған  жердің  қадір-қасиетін 

танып,  білумен  қорытындыланады. 

Әрбір пенденің туған жерге, отбасына 

деген  махаббатын  айшықтайтын  бұл 

туындыны  отандық  «Қазақфильм» 

және «Көркем фильм» киностудиялары 

түсірген. Фильмде басты рөлдерді Сан-

жар Мадиев пен Аружан Жазылбекова 

сомдаған. Түсірілім жұмыстары Аста-

на  және  Алматы  қалаларында  өткен. 

Ал  негізгі  түсірілім  Алматы  облысы 

Тұрар ауылында өрбіген. Өткен жылы 

аталмыш көркем фильм Халықаралық 

«Евразия» кинофестивалінде он шақты 

рет көрсетілген болатын. Ол кинофе-

стивальден «Көрермен көзайымы» ата-

лымын иеленді. 

Еркебұлан Құралбаев, 

Жамбыл облысы әкімдігі жастар 

саясаты мәселелері басқармасының 

басшысы:

-    Бұл  көркем  фильмнің  жалпы 

жастарға  берер  тәрбиесі  көп.  Себебі, 

қазіргі таңда мемлеткеттің «Болашақ» 

бағдарламасы бойынша қаншама жастар 

шетелде білім алып, сол жақта қалып 

кетіп жатыр. Сол білім алушы жастардың 

да аталмыш туындыдан алатыны мол 

деп  айтуымызға  әбден  болады.  Тағы 

бір тұсы «Өзге елде сұлтан болғанша, 

өз еліңде ұлтан бол» деген аталы сөзді 

ұтымды  түсіндіре  білген.  Сондай-ақ, 

фильмде  өзіме  ерекше  ұнаған  жері 

педагог-мұғалімдердің  өмірін  әсем 

айшықтай  білгендігі.  Олардың  бала-

ларды ат спортына баулуы, жастайынан 

бос  уақыттарын  тиімді  пайдалануға 

үгіттейді. Негізінен кино – тәрбиенің 

өтімді  құралы  деп  санауға  болады. 

Осындай жастарымызға тәрбие беретін 

отандық тың дүниелер көп болса екен  

деп тілеймін. 



Жұлдыз Айтбаева, 

қала тұрғыны:

-  «Оралу» фильмінен алған әсерім 

жақсы. Бұл туынды туралы тек жақсы 

пікір айтуға болады. Қоғамның қазіргі 

көрінісін әдемі бере білген. Біз секілді 

жастарға айтатын ойы нық әрі өтімді. 

Жалпы осы фильмді студенттер қауымын 

көруге шақырамын. Себебі, бұл туынды 

осы  буынға  арналғандай.  Болашақта 

осындай сапалы көркем фильмдердің 

саны артып, көрермендердің назарына 

ұсыныла берсе деген тілегім бар.  

 

„

Бір ғана Тараз қаласының өзінде тұтынушы тұрғындарды 



азық-түлікпен, күнделікті қажетті тауарлармен тұрақты түрде 

қамтамасыз етуші бірнеше кәсіпорын бар. Енді отандық өнімдерді 

алыстан арбалап іздеудің де қажеті жоқ. Себебі қалалық ірі сауда 

орындарындағы өзіміздің өнімдердің тұсында «Қазақстанда 

жасалған!» атты арнайы логотиптер орнатылды.

Жергілікті үлес –  90 пайыз



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық 

жағдайы  адамзат  өміріне  қауіп  төндіруде. 

Жер  шары  тұрғындарының  саны  өскен 

сайын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз 

ету  мәселесі  ушығып  отыр.  2050  жылға 

қарай адам саны 9,5 миллиардқа жетеді де-

ген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік 

дағдарысы әлем жұртшылығын, соның ішінде 

Қазақ


станды да алаңдатып отырған негізгі 

мәселе. Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында: 

«Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету - басты мәселе. 2014 жылға қарай азық-

түлік  өнімдері  ішкі  нарығының  80%-ын 

отандық өнімдер құрауы тиіс» деген бола-

тын. Бүгінгі таңда ғаламдық мәселеге айна-

лып отырған азық-түлік қауіпсіздігінің алдын 

алудағы отандық өнімдердің орны ерекше. 

Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда 

ұстау үшін отандық өнім көлемі 80% межені 

бағындыруы тиіс. Ғалымдардың айтуынша, 

егер де азық-түліктің 25%-дан артық мөлшері 

сырттан алынатын болса, онда азық-түлік 

қауіпсіздігін бақылауда ұстау қиынға соғады. 

Отандық  өнім  өндіруде  ең  алдымен 

ішкі  нарықтың  сұранысын  негізгі  азық 

түрлері  бойынша  толығымен  қамтамасыз 

етілу қажет. Оның ішінде ет, сүт, көкөніс, 

жарма,  майлы  дақылдар,  қант  т.б.  айтуға 

болады.  Қазіргі  таңда  күнделікті  тұтыну 

азықтарындағы  отандық  өнімдер  үлесі 

ет  және  ет  өнімдері-21,6%,  сүт  және  сүт 

өнімдері-27,4%, қант-5%, сұйық май-25%, 

көкөністер мен жемістер-39%, құс еті-32% 

құрайды. Жер арқасы қызған бойда, жеміс, 

көкөніс  төңірегіндегі  түйіткілдер  төбе 

көрсетеді. 

Таразда  отандық  өнімдерді  белсенді 

түрде шығарып келе жатқан кәсіпорындар 

жоқ  емес.  Ірі  сауда  орындарында  тауар-

лары  сатылымда  тұр.  Осы  орайда  Тараз 

қаласы  әкімдігінің  қолдауымен    «Арзан» 

және  «SMALL»  сауда  орталықтарында 

«Қазақстанда жасалған!» атты акция өтті. 

Аталмыш сауда орындарында қазіргі таңда 

отандық  тауарлардың  логотип  үлгілері 

орнатылған.  Өз  кезегінде  тұтынушылар 

да  отандық  өнімдерді  айналшықтап, 

қызығушылық танытып қана қоймай, қуана-

қуана алып жатқандары да көңіл көншітті. 

-Бұл  шара  үкіметтің  кеңейтілген  оты-

рысында берілген мемлекет басшысының 

тапсырмасына  сәйкес,  жергілікті  та-

уар  өндірушілерді  қолдау  мақсатында 

ұйымдастырылды. 2015 жылдың басынан 

кәсіпорындар арасында жергілікті қамтуды 

ұлғайту  мақсатында  қалада  орналасқан 

орта  және  шағын  бизнес  субъектілері 

мен  ірі  супермаркеттер,  мейрамханалар 

мен  кафелер  арасында  меморандумдарға 

қол  қою  жұмыстары  жүргізілуде.  Бүгінгі 

күнге 15 тауарөндірушілер мен тапсырыс 

беруші арасында жалпы сомасы 798,1 млн. 

теңгені  құрайтын  меморандумдарға  қол 

қойылды, -дейді Тараз қаласы әкімдігінің 

кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің сек-

тор меңгерушісі Нұржан Баймұратов. Қала 

тұрғындарына  етене  таныс  «SMALL» 

(Скиф  трейд)  сауда  үйінің  аға  сатушы-

сы  Төленді  Мәуленов  те  аталмыш  сауда 

ошағындағы сатылатын тауарлардың 90 пай-

ызы отандық тауар екендігін және олардың 

сапасы шетелдік өнімдерге қарағанда едәуір 

жоғары  болатындығын  баса  айтып  отыр. 

Тұтынушылардың да пікірі оң. Елбасының 

бастамасымен  қолға  алынған  акцияның 

қоғам  тарапынан  жаппай  қолдау  тауып 

отырғандығы, әрине, құптарлық іс. Расында, 

бүгінгі таңда біреудің қолына қарайтындай 

жөніміз жоқ. Себебі отандық өнімнің өрісін 

кеңейту - өз қолымызда!..



зЕрДЕ

4

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №11 (1246),  11 нАурыз  2015 Жыл 



550

жжж


Ахмет  хан,  Қожа  махмуд  хан, 

махмуд  хан  —  ХVІ  ғасырдың 

30-жылдарының 2-жартысында Қазақ 

хандығының батыс бөлігін, Сырдария 

маңында билік құрған  хан. Жәнібек 

ханның немересі, бірақ оның қай 

ұлынан екені белгісіз.1535 жылы 

Ахмет хан 15 ұлымен бірге ноғай 

мырзасы  Сейдақ  бидің  қолында 

болған. Қадырғали Жалайри Ахмет 

хан туралы: “Қазақияда Ахмад хан 

деп атайды. Ол дағы біраз уақыт 

хан болды. Шидақ бекпен болған 

ұрыста шаһит болды. Орақ мырза 

шаһит  қылды”,  —  деп  жазады. 

А.П.Чулошников  Ахмет  ханды 

1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан 

болған,  ноғайлармен  болған  бір 

ұрыста  Орақ  мырзадан  жеңіліп, 

өлтірілген деген пікір айтады. Қазақ 

хандығының тағына отырған Ахмет 

ханның атын әр деректе әр түрлі 

атайды. Тарихшылар XVI ғасырдың 

отызыншы жылдарының аяқ кезіндегі 

оқиғаларға қатысатын Қожа махмұд, 

наурыз Ахмет, Ахмет Өзбек, Хожа 

махметтің  бәрін  осы  Ахмет  хан 

деп  есептейді.  Сондай-ақ,  оның 

хандық құрған кезі жөнінде де әр 

түрлі пікірлер қосарласа айтылады. 

мәселен, тарихшы А.П.Чулошников 

Ахметті  Тоғымның  орнын  басты 

десе,  «Қазақ  ССр  тарихының» 

авторы оны Бұйдаш ханның тұсында-

ақ  хан  болған  еді  дейді,  ал  енді 

кейбіреулерінің пікірі Тоғыммен қатар 

хандық құрды дегенге саяды. мұның 

қайсысы дұрыс? Оған нақты жауап 

беру  қиын.  Десек  те,  Ахмет  хан 

тағын  Бұйдаштан  кейін  иеленіп, 

Тоғымды содан кейін хан болған деп 

есептейтін тарихшылардың қарасы 

көп. Оның хан тағын иеленген кезі 

1534 жылдың аяғы мен  1535 жылдың 

басы аралығындағы жеті-сегіз айдың 

көлемі ғана. Ол бұдан кейін Қазақ 

хандығының  билігіне  екінші  рет 

келген жоқ. Сол кездің оқиғасының 

даму барысына қарағанда, шамасы 

Тоғым хан өлгеннен кейін, қайыра 

хан  тағына  отыруға  талаптанып, 

бірақ  ол  мақсатына  жете  алмай, 

сол  1538  жылы  ноғайдың  Орақ 

батырының қолынан қаза тапқанға 

ұқсайды. Ахметтің қашан, қайда, 

қалай хан болғаны жөнінде нақты 

деректер  жоқ.  Сондықтан  көне 

шығармаларда  кездесетін  ол 

жөніндегі жарнама деректер арқылы 

ой түюге тура келеді. Бұл орайда 

ноғайдың мырзасы Сейдақтың 1535 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал