Ел басына күн туған алмағайып заманда Алаш жұртының азаттығы



жүктеу 61.16 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі61.16 Kb.

Ел басына күн туған алмағайып

заманда Алаш жұртының азаттығы

жолында өлең сөздің уытымен, бой-

дағы қайрат-қуатымен халқына қыз-

мет еткен, мемлекет ісіне елеулі

ықпал жасап отырған хан кеңесшісі,

"көмекей әулие" атанған кемеңгер,

қазақ поэзиясының тарихындағы ең

соқталы тұлғалардың бірі Бұқар жы-

раудың есімін иеленген аудан 1928

жылы негізі қаланған Тельман және

1938 жылы ашылған Ульянов аудан-

дарының бірігуі нәтижесінде 1997

жылдың мамыр айында құрылды.

Осы орайда Тельман ауданы 1930

жылға дейін Қарағанды ауданы деп

аталғанын және Қазақстандағы

осындай аудан атауына ие болған 15

әкімшілік бөліністің бірі болғанын

айтып кету керек. Алғашқыда аудан

орталығы Көкөзек кентіне орналас-

қан еді, екі жылдан кейін ол Үлкен

Михайловка селосы-

на (қазіргі облыс ор-

талығының бір бөлігі)

көшіріліп, 1931 жыл-

дың наурызында

Қарағанды посел-

келік кеңесі ұйымда-

стырылуына байла-

нысты Спасск

(кейінгі Токаревка

кенті) селосына

ауыстырылды.

Байтақ даланың

апайтөсіндегі Бота-

қара жотасы мен

онымен есімдес айна

көлдің төңірегіне

Ресейдің Таврия гу-

берниясынан көшіп

келген қарашекпен-

дер қоныстанып,

отырықшы мекенге айналған жер

өзінің содан бергі ғұмырында қан-

дай атау иеленбеді дейсіз. Өткен

ғасыр басында Санниковкое,

төңкерістен соң Троцкое, ол

көсеміміз қызыл империяның қас

жауы деп танылғаннан кейін Коль-

хозное, соңғы 40 жыл бойы Ульянов

есімін иеленіп келген мекен тек

өткен жылы ғана, отырықшылық та-

рихының бір ғасырлық мерейтойы

қарсаңында өзінің байырғы атауы-

мен қайта қауышып, Ботақара кенті

деп атала бастады.

Аудан жерін қақ жарып Сарыа-

рқаның ең ірі өзені Нұра жөңкіледі.

Батысқа қарай ұмсына ұмтылған

оған қосылуға Ащысу, Шерубай-

нұра, Соқыр, Байбура, Көкпекті

тәрізді ағын сулар асығады.

Өңірдегі ұсақ шоқылы бұйраттарды

Ботақара, Шалқар, Қандыкөл, Қор-

ғанкөл, Батпақкөл, т.б. ұсақ көлдер

әдіптеп, әрлендіре түседі. Респуб-

ликамыздың шығыс бөлігін көктей

өтетін күретамыр Қара Ертістен

кенді Қарағандыға өмір нәрін

жеткізетін каналдың да біраз бөлігі

аудан өңірінде жатыр.

Әкімшілік-аумақтық бөліністің

терістік шығысы Семізбұғы, Қызыл-

тау, Далба тауларымен көмке-

рілген. Осы жоталарға жақын жер-

де ашылғанына 30 жылдан асып

бара жатқан Белағаш зоологиялық

қорығы бар. Мың жарым гектар ал-

қапқа жайылып жатқан қорықта

қайың, терек, қарағай, тал, қызыл

және қара қарақат, ұшқат, шырғай,

тобылғы бұталары мен арша өседі.

Бұл жерден елік, қоян, түлкі, бор-

сық, қасқыр, ақ тышқан, сабауқүй-

рық, суыр кездеседі. Құстардан сұр

және ақ құр, ала тоқылдақ, кептер,

сұңқар, жапалақ, бөктергі, сұр

көгершін бар. Жайылымы шұрайлы

жерлерде бөдене, тарғақ, шіл ұшы-

расады.

Далба тауының түстік өңіріндегі



Қарағайлыбұлақ деген күздік қоны-

сында киіз туырлықты қазақтың

кемеңгері, хандық мемлекет құры-

лымының көрнекті тұлғасы, халықа-

ралық дөңгейдегі қоғам қайраткері

Қаздауысты Қазыбек көз жұмған.

Қар түсе қайтыс болған ұлы биді

қыс бойы сөреде сақтап, көктемге

салым ұлы Бекболат қос түйеге тең-

деп жайған зембілге салып,



Облысымыздың отаулары:

 БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ

Аруақтар

алқалаған жер

Түркістанға, Әзірет Сұлтанның

кесенесіне апарып жерлепті дейді

шежіре шерткен сыр.

Соңғы екі-үш жылдан бері аудан

әкімияты иісі қазақ пір тұтатын

тұлғаның сөре тастарын қамқор-

лыққа алып, темір шарбақпен қор-

шап, ескерткіш тақта орнатуы

игілікті шара болғанын айтып өтуге

тиіспіз.

Осы Қарағайлы бұлақтың те-

рістігіңде, бар болғаны бір көш жер-

де әкімшілік-аумақтық бөлініске

есімі берілген ұлы жырау, Абылай

ханның оң тізесін баса отырған

кеңесшісі, ел бастаған көсемі, сөз

бастаған шешені Бұқар бабамыз-

дың рухы тыныс тапқан. Тірлігінде

үндес, сыйлас, ұрандас болған қос

Бұқаржыраулық жас өнер-

паз, әншілердің Ж.Елебеков

атындағы облыстық байқауы-

ның жүлдегері



 Лаура Досмақо-

ва.

кемеңгердің соңғы демдері біткен

жердің қатарласып, тұтасып жатқ-

анын көргенде, таң қалмасқа ша-

раң жоқ. Осыдан оншақты жыл

бұрын хан жырауының қабірі үстіне

көрнекі кесене орнатқан көргенді

ұрпақтары оның алып есімін, асыл

мұрасын насихаттау жұмыстарын

жүйелі жүргізуде. Облыс орталы-

ғындағы көрікті даңғылдардың

біріне, осы ауданға Бұқар есімінің

берілуі, жырау толғауларының жеке

жинақ болып жарыққа шығып,

ескерткіштер орнатылуы, т.б. шара-

лар осының айғағы.

Далбаның батысындағы шалғ-

ынды жазықта, Төрткөл ауылының

жанындағы Алшынбай қорығы ата-

латын шүйгінді алқапта ұлт тарихын-

да өзіндік орны бар тұлғалар — Қаз-

дауысты Қазыбектің немересі

Тіленші мен шөбересі Алшынбай

билердің мәңгілік мекендері бар.

Осынау аруақтар жебеп жатқан кез-

де әңгіме болып отырған аудан

жұрты береке-молшылыққа, жері

думан-тіршілікке молыға беретініне

шек келтіре алмаймыз.

Облыстың Қарағанды, Те-

міртау, Шахтинск, Саран тәрізді

қалалары мен кенттерін кең құшағы-

на қауыстыра жатқан Бұқар жырау

ауданы кеншілер мен ме-

таллургтердің, қала зиялылары мен

кәсіпкерлері отбасыларының ауыл

шаруашылығы өнімдеріне деген

сұранысының басым бөлігін қана-

ғаттандыратын іргелі, агрокешенді

өндірісі қарқынды дамып келе жат-

қан өңір. Тек өткен жылдың өзінде

ғана дәнді дақыл мен көкөніс өсіру

тапсырысын бір жарым есеге дерлік

асыра орындаған бұқаржыраулық-

тар қазаққа қараған төрт түлікке

қоса талпақ танауды, тіпті үй құста-

рын көбейтуді де назарда ұстап

отыр. Әр алуан үлгідегі шаруашы-

лықтар ауылда өндірілген шикізатты

ұқсату кәсіпорындарын өркендету

мәселесіне де көңіл аударуда.

Ұлы жырау есімін иеленген

ауданда халықтың әлеуметтік-руха-

ни мұқтаждарын шешу ісі де жақсы

жолға қойылған. Бұл ретте осынау

әкімшілік бөлініске қарасты елді

мекендердің облыстың ірі қалала-

рымен қоян-қолтық араласып жа-

туы, ауыл шаруашылығы тауарла-

рын өткізу орындарының таяу болуы

үлкен роль атқарады. Аудан жерінен

Қарағанды-Астана, Қарағанды-Ке-

реку, Қарағанды-Баянауыл, Қара-

ғанды-Қарқаралы автобандарымен

қатар теміржол тармақтарының өтуі

тұрғындардың қарым-қатынасына,

жүріп-тұруына септігін тигізеді.

Жас ұрпақты біліммен қарулан-

дыру мәселесін күн тәртібінен тү-

сірмей келе жатқан бұқаржыраулық

мектептер ел тарихын оқыту, ұлттың

рухани құндылықтарын болашақтың

санасына сіңіру ісіне ыждағатты-

лықпен қарайды.

Осыдан 12-13

жыл бұрын аудан

орталығындағы

тұңғыш қазақ

класына оншақ-

ты қарадомалақ-

тың басын қосу

үшін арнайы ын-

талы топ құры-

лып, ала жаздай

поселке тұрғын-

дары арасында

үгіт-насихат жұ-

мыстары жүр-

гізілген еді. Қа-

зіргі таңда тұтас

өңірде қазақ кла-

стары ғана емес,

мектептердің де

қатары көбейіп

келеді. Өткен ғасырдың

алғашқы жартысында-ақ, қамшы-

ның сабындай қысқа ғұмырында

қазақ ғылымының өсіп-өркендеуіне

сүбелі үлес қосқан Қылыш Бабаев

тәрізді еңселі ғалымның, академик-

тер Ибраһим Онаев пен Арықтай

Қайыповтың ізбасарлары сол

мектептердің партасында отырма-

сына кім кепіл.

Өлең сөзден өрнек түзіп, ұлт

мәдениетінің сақталуына әсері ти-

ген айтыс өнерінің ақтангерлері

Доскей Әлімбаев, Ілияс Манкин,

Көшен Елеуов, қарасөздің қайта-

ланбас жампозы, биыл ғасырлық

мерейтойы өтетін жазушы Ғабиден

Мұстафин туып-өскен, немістің аса

көрнекті суретшісі Генрих Фогелер

суын ішіп, ғұмырының соңғы

кезеңдерін өткізген құнарлы топы-

рақ ұлт игілігі, ұлыс мәртебесі үшін

әлі де талай жақсы мен жайсаңды

беретіні дау туғызбайды. Күні кеше

70 жылдық мерейтойын өткізген

"Орталықтың" ортан қолдай қыз-

меткерлері болған қаламдас ағала-

рымыз, осы ауданның перзенттері

Ораз Сағынаев, Шайхан Жандаев,

Матай Айнабековтердің жарқын

жүздері әлі көз алдымызда.

Бүгінгі таңда, "өнер — өмірлік

мұратым" деп, Бұқар жырау

ауданы жұртының абыройын

биіктету үшін бойындағы та-

ланты мен жігерін базарлап

жүрген өнерпаздарды көр-

генде үлкен үміт күттіретін ке-

лешек барына еріксіз илана-

сыз. Оның үстіне ауданда

мәдениет саласы қарқынды

дамып, жас таланттарды

іздестіру, олардың өнерін

өрістету жүйелі жолға қойыл-

ған.

Ерлігі мен еңбегі айта



қаларлықтай, Кеңес Одағы-

ның Батыры П.П.Корниенко,

Социалистік Еңбек Ерлері

Е.Ф.Терещенко, Н.П.Дулина,

А.А.Любименко, Халық қаһар-

маны А.Ф.Христенко тәрізді

марқасқалардың тамаша

дәстүрін жалғастырған

өрендері бар Бұқар жырау

ауданы Арқадағы алып облы-

стың сенімді таяныштарының

бірі.


Ермек БАЛТАШҰЛЫ.

Ай, заман-ай, заман-ай,

Түсті мынау түман-ай,

Істің бәрі күмән-ай!

Баспақ-тана жиылып,

Фана болған заман-ай.

Құл-құтандар жиылып,

Құда болған заман-ай.

Арғымағын жоғалтып,

Тай жүгірткен заман-ай,

Азаматың құлапты

Жұрт талық болған заман-ай

Арғымақтың жалы жоқ —

Ағар дария су кешпес



Жабылар жалыменен теңелер,

Жақсылардың малы жоқ —

Жамандар малыменен

теңелер.

Арғымақ жалсыз, ер малсыз

Алланың аманат қойған жаны

Қай күн алары болжалсыз!

Қарашы мынау ойда жатқан

орысты,

Дін мұсылман жұртынан,

Шіркін, алған екен қонысты!

Аяғыңнан шалысты,

Күндердің күнінде

Басыңызға салып жүрмесін зор

істі!

Ай, Абылай, Абылай,

Қатын алма қарадан,

Қара тумас сарадан.

Қатын алсаң қарадан,

Алды кетпес баладан,

Арты кетпес жаладан.

Қатын алма төреден,

Еркегі болар жау жанды,

Ұрғашысы ер жанды,

Төре берер ұл туса,

Аузы кетпес парадан.

Мал жинасаң, қойдан жи,

Майы кетпес шарадан,

Ит жинасаң сырттан жи,

Қойды бермес қорадан.

Аталыдан би қойсаң,

Адаспас жол мен жобадан,

Атасыздан би қойсаң,

Босанбас аузы парадан.

Ағар дария су кешпес,

Қалмақтан алсаң маһи бір

зайып,

Сүйегіңді жоғалтпас.

Отының болсын жантақтан,

Қатының болсын қалмақтан,

Қосының болсын қазақтан,

Сегіз қиыр шар тарап

Төрт құбылаңды түгел қып,

Қайғылы мүндай хабарды

Сүрамасаң нетеді,

Сүраған соң айтпасам,

Кісілігім кетеді.

Енді айтайын тыңдасаң,

Мағаи қаһар қылмасаң.

қилы


 ЗАМАН

Қарағай судан қашып,

Шөлге біткен бір дарсщ,

Шортан шөлге шыдамсыз,

Балықтағы бір ғарақ,

Ойлама шортан үшпас деп,

Күн батыста бір дүшпан,

Ақырда шығар сол түстан.

Өзі сары, кәзі көк,

Бастығының аты боп,

Күн шығысқа қарайды,

Шашьт алмай, тарайды,

Қүдайды білмес, діні жок,

Жамандықта міні жоқ,

Затсыз, тексіз жөн кәпір,

Аузы-басы жүн кәпір

Жаяулап келер жүртыңа,

Жағалы шекпен кигізіп,

Балды май жағар мүртыңа,

Жемқорларға жем беріп,

Азды көпке теңгеріп,

Ел қамын айтқан жаксыны

Сөйлетпей үрар үртына.

Бауыздамай ішер қаныңды,

Өлтірмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды,

Есепке салар барыңды.

Еліңді алар қолыңнан,

Әскер қылар үлындан.

Тексізді төрге шығарып,

Басыңа ол күн туғанда,

Теңдік тимес қүлыңнан.

Бүл айтқан сөз, Абылай,

Болмай қалмас артыңнан,

Есті, міне, қартыңнан!

Ақсаңнан биік тау болмас,

Бауырынан қашқан күзен

көрінбес

Ақсам батпай түн шықпас,

Ажал жетпей жан шықпас.

Етекті кессең жең болмас,

Ежелгі дұшпан ел болмас.

Қара қойдың терісін

Сабындап жусаң ағармас,

Қалған көңіл табылмас.

Қараша торғай қаз болмас,

Шағала келмей жаз болмас.

Шаңқан болмай боз болмас.

Іштен қыңыр туғанды

Тезге салсаң түзелмес,

Өзіңнен тумай ұл болмас,

Сатып алмай құл болмас.

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас,

Дос болғанмен хош болмас,

Екі жақсы дос болмас,

Дос болса түбі бос болмас.

Төріңде жапгып салмақтан.

АСАН СӨЗІНЩ

ШЕШУІ

Ханға жауап айтпасам,

Ханның көңілі қайтады,

Қандыра жауап сөйлесем,

Халқым не деп айтады?!

Хан Абылай, Абылай,

БҰҚАР ЖЫРАУ






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал