Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет8/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

#
Ме стность
Ландшафт
Главные  достоприме чате льности
1
Северный Казахстан
2
Восточный Казахстан
3
Южный Казахстан
4
Западный Казахстан
5
Центральный Казахстан
Источник: компания Horwath HTL, август 2012 г.
Степи и пустыни с 
одинокими горами
ЮНЕСКО сайтах, 
наследия Шелкового 
пути, спортивные 
сооружения в 
Алматинской области, 
космодром Байконур 
Икра белуги, 
Каспийское море
Равнина со 
степями и 
пустынями, 
несколько низких 
холмов
Музей Гулаг, Кратер 
Шунак
Пустыни, степи, 
горы и ледники в 
Алматинской 
местности
Суще ствующие  пе ре спе ктивы
Озера, леса, реки, 
низкие горы, в 
южных степях и 
лесо-степях
Горы, горные 
степи, каньены, 
горные луга
Сайт ЮНЕСКО, 
многочисленные озера 
и нетронутая природа и 
живописная природа, 
город Астана
Высокие горные 
вершины до 4.500 м, 
природа, источники 
Алтай-Саянского 
экорегиона, Алтай-Саян 
- Фонд защиты дикой 
природы, глобальные 
приоритеты и 
экосистемы 
1
2
3
4
5
 
Көзі:
 Horwath компаниясы, тамыз 2012 ж.
 
30- сурет Қазақстан: бар перспективалар 
 
Саладағы бар проблемалар: 
-
 
Қонақ  үйлерде  тұруға  бағаның  көтерілуі  ішінара  халықаралық 
брендтер  нарығында  жоғары  сапаның  шектеулі  болуына,  ішінара  туристердің 
(Астана және Алматы қаласындағы бизнесмендер) болу сипатына байланысты. 
Экспо  2017  жағдайын  есепке  алып,  Астанада  халықаралық  брендтер 
басқаратын жаңа қонақ үйлер нарығына кіру нәтижесінде жақсаруы мүмкін. 
-
 
Гидтер  қызметі  негізінен,  реттелмейді,  нәтижесінде  баға  клиенттен 
клиентке  өзгеріп  отырады.  Гидпен  Астананың  көрікті  жерлерін  автобуста 

80 
 
немесе  минивенде  қарау  қала  бойынша  жаяу  турдан  арзан  (28  мың  теңгеден 
бастап) болуы мүмкін. 
-
 
Бұдан  басқа,  гидтерді  ресми  сертификаттау  жүргізілген  жоқ,  бұл 
қызметтерді  кәсіби  негізде  көрсетпеуге  және  баға  мен  сапаның  қолайсыз  ара-
қатынасына әкеп соғады.. Тау маршруттары бойынша гидтердің әлі күнге дейін 
арнайы  білімі  (сондай-ақ  тілдің  кедергілер  мен  кәсіби  төмендігіне  қатысты) 
жоқ, бұл ретте, бір уақытта бір күнге баға 100-ден 150 еуроға жетуі мүмкін. 
-
 
Қазақстанда  халықаралық  өнімдерге  қолжетімділіктің  болмауына 
және  оның  бағасына  байланысты  халықаралық  асхана  ұсынатын  сауда 
кәсіпорындарында 
тамақтануға 
және 
суысындарға 
көтеріңкі 
баға. 
Мейрамханадағы әдеттегі тағамға қарағанда бір сыра үшін көбірек төлеуге тура 
келеді.Дамыған  туристік  нарықта  бағаның  мұндай  ара-қатынасы  қалыпты 
саналмайды. Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары халықаралыққа 
ұқсас баға ара-қатынасы деңгейінде ассортиментті қамтамасыз етуі тиіс. 
-
 
Такси  нарығы  Астанада,  Алматыда  және  негізінен  Қазақстанда 
реттелмейді. Бұл бір сол қызметке 500-ден 2500 теңгеге дейін алуы мүмкін, бұл 
таксоматорлық  компания  мен  жүргізушіге  байланысты.  Бұдан  басқа,  такси 
жүргізушілерінде тілдік кедергілермен проблема бар, олар көбінесе қаланы біле 
бермейді,  немес  білу  деңгейі  орташа  (көбінесе  жүргізушілер  қонақ  үйлердің, 
мейрамханалардың  және  туристердің  қызығушылығын  тудыратын  басқа  да 
орындардың қайда орналасқанынан бейхабар). 
-
 
Темір жол көлігі, әдетте, ел ішінде (маусымның қарбалас кезінде баға 
авиабилеттердің  деңгейіне  дейін  көтерілуі  мүмкін  Алматы  мен  Астана 
қалаларын  қоспағанда)  ел шегінде  алыс  саяхаттарға барынша  арзан  көлік  түрі 
болып  табылады,  бұл  ретте  шетел  саяхатшылары  үшін  темір  жол  көлігін 
пайдалануға  кедергі  тілдік  тосқауыл  болып  табылады.  Осы  кезде  ағылшын 
тілінде  қызмет  көрсету  поездардың  вип-вагондарында  ғана  бар.  Қазақстаннан 
тыс жол жүруге билеет жоспарлау мүмкін емес (банктік серверлерде кредиттік 
картаны  тексеру  проблемаларына  байланысты),  бұл  шетел  саяхатшыларына 
Қазақстанның  темір  жол  желісін  пайдалануды  шектейді.    Қазіргі  уақытта 
ұлттық  темір  жол  компаниясында  билеттерді  сатып  алу  және  поездардың 
кестесін қарау үшін сайттың ағылшынша нұсқасы жоқ.  
-
 
Авиациялық  отынның  бағасындағы  шешілмеген  проблемаларға, 
сондай-ақ әуе кемелері қозғалысының мемлекеттік саясаты мен стратегиясына 
байланысты  әдетте,  осындай  қашықтыққа  (мысалы,  Еуропада)  жеткізумен 
салыстырғанда,  едәуір  қымбат  болып  табылады.  Бұдан  басқа,  бәсекелестіктің 
деңгейін  арттыру  бағаны  халықаралық  деңгейге  әкеледі.  Нәтижесінде 
Қазақстан  саяхат  үшін  барынша  қолжетімді  мақсат  ретінде  қабылдана 
бастайды. 
-
 
Туристік  көрікті  жерлер  туралы  қандай  да  бір  көзден  қолжетімді 
ақпараттың  болмауы.  Қазіргі  уақытта  «Tripadvisor»  веб-бетінде  Қазақстанның 
туристік  нарығына  қатысты  ақпараттың  шектелген  көлемі  бар.  2012  жылғы 
тамыздағы  жағдай  бойынша  «Tripadvisor»  сайтына  сәйкес  Қазақстанда 
аумағында туристер үшін қызығушылық  білдіретін объектісі бар 8 өңір  ғана 
бар.  Алматыда 18 көрікті жерлер, Астанада 8, Түркістан, Жабағылы, Байқоңыр, 
Ақтау, Өскемен және Атырауда тек бір-бір көрікті жерлерден ғана. 

81 
 
Және  бұл  объектілер  қолайлы  және  тартымды  нысанда  берілмеген, 
тиісінше,  туристерге  келгенге  дейін  маңыздылығы  және  келіп  көргенге  дейін 
әрбір объекті құндылығы дұрыс әсер етпейді. 
         Қонақ  үйлердің  санатын  айқындау  жүйесі  жоқ,  мәлімделген  жүйе 
халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келмейді  (халықаралық  брендтерді 
есептемегенде). Қазіргі кезде Қазақстанда санаттарды айқындау қағидаты бар, 
бірақ, негізінен, олар қонақ үйлерге оны сақтауды міндеттемейді. Бұдан басқа, 
қонақ  үйлерге  сыныптар  беру  жүйесі  жоқ.  Яғни,  мысалы,  қонақ  үй  қандай  да 
бір шынайы дәлелдерсіз 5 жұлдыз сыныбын мәлімдеу мүмкіндігі бар. Тиісінше 
сырттан келген шетелдіктердің қонақ үйде тұру жағдайының деңгейіне қатысты 
сенімді  ақпараты  болмайды.  Бұл  келуші  шетелдіктердің  түрлі  алаяқтыққа 
баруына,  жаңылыстыруға  және  алдауға  үлкен  мүмкіндік  тудырады.  Қонақ 
үйлер  нарығын  бағалаудың  жүйелі  жүйесі  болмағанда  халықаралық 
қоғамдастықтың санасы мен сенімін жаулауға қабілетсіз болады. 
Халықаралық  біліктілік  деңгейі  бар  гидтер  саны  өте  аз.  Қазіргі  кезде 
қалалық  экскурсия,  сондай-ақ  табиғатқа/таулы  жерлерге  экскурсия  жүргізу 
үшін  гидтер  жұмыс  істейді.біздің  сұрау  жүргізуіміздің  нәтижесі  бойынша 
гидтерге  қандай  да  бір  лицензия  алу  талап  етілмейді,  нәтижесінде  аталған 
сектор  реттелусіз  қалады.  Мұны  бір  клиенттен  екіншісіне  бағаның  әр  түрлі 
болуынан,  сервистің  күмәнді  дәреежесінен  көруге  болады.    Орыс,  қазақ  және 
ағылшын тілдерінен басқа өзге тілдерді білетін гидтер өте аз. 
Қонақ  үйлерде  қызмет  көрсету  деңгейі  қонақ  үйлерге  қарай  өзгеріп 
отырады.  Кейбір  4-жұлдызды  сыныпқа  сәйкестігі  туралы  мәлімдеген  қонақ 
үйлерде  (мысалы,  Алматы  қ.  қонақ  үйі)  қонақ  үйдің  персоналы  мүлдем 
ағылшынша  сөйлемейді.  Қонақ  үй  қызметінің  тілдік  тосқауылдары  қызмет 
көрсету  сапасын  өте  төмен  деңгейге  әкелетін  фактор  болып  табылады. 
Ағылшын тілін әдетте, орташа емес, жоғары деңгейде меңгерген халықаралық 
брендке жататын қонақ үйлер ерекшеленеді. 
        Шет тілдерін білу, әсіресе  ағылшын  тілі жоғары  сыныпты  қонақ үйлердің 
өзінде өте төмен деңгейде. Қонақ үй персоналы орысшадан басқа, ағылшынша 
немесе  қандай  да  бір  өзге  тілдерде  сөйлемейді.  Туризм  саласында  білікті 
персоналдың  жалпы  жетіспеуі  туристік  қызметті  көрсету  тізбегі  аралығының 
бәрінен айқын білінеді. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  туризм  және  қонақ  үй  бизнесі  саласында 
формальдық оқыту жоқ. Жұмыс істеп тұрған білім беру мекемелерінде әлемдік 
деңгейде оқытудың жалпы қабылданған бағдарламалары жоқ, олар техникалық 
жағынан  дұрыс  жинақталмаған,  туризм  және/немесе  қонақ  үй  бизнесі 
саласында  халықаралық  тәжірибесі  немесе  түсінігі  бар  профессорлық-
оқытушылық құрамның жетіспейтіндігі байқалады. 
Жұмыс істеп жүрген персоналдарды оқыту үшін ешқандай оқу орны жоқ. 
Оқыту тек Қазақстанда бар халықаралық отельдер шеңберінде ғана жүргізіледі. 
-
 
Ашық емес және күрделі визалық режим мен рәсімдер. Қазақстандық 
визаны  алудың  ұзақ  үрдісі  белгіленді.  Бұдан  басқа,  турист  (отельдердің  мұны 
жасайтын  мүмкіндігі  жоқ)  өтуі  тиіс  полицияда  (иммиграция)  тіркеу  үрдісі 
жалпы  қабылданған  практикаға  жатпайды  және  шетелдіктердің  ығырын 
шығарады.  Визалық  режим  қатты  және  қатаң,  бұл  көбінесе  шетелдік  туристің 

82 
 
саяхаттан  бас  тартуына  мәжбүрлейді.  Елге  шығуға  виза  алу  мүмкіндігі 
(әуежайларда, шекаралармен қиылысқан кезде) жоқ. 
Қазіргі  уақытта  туристік  секторда  бірнеше  шағын  және  орташа 
компаниялар қызмет көрсетеді, бұл ретте тұрақты реттеу, заңнама, және сенімді 
жұмыс  жағдайына  келсек,  институционалдық  қолдау  көлемін  ұлғайтуға 
қажеттілік бар. 
Туризмді  басқару  және  оның  қызметін  қамтамасыз  ету  жүйесі  нақты 
заңгелік  актісіз  және  міндеттемесіз  ұйымдастырылған.  Қазіргі  кезде 
Қазақстандағы  туризм  жүйесінің  жұмысы  әлсіз.  Туризмге  жауапты  мекемелер 
мен  офистер  бар  (облыс  және  қала  деңгейінде  мемлекеттік  құрылымдар),  бұл 
ретте  туризмді  дамыту  мақсаттарын  іске  асыруды  қамтамасыз  етуге  кадрлар 
қабілетсіз. Облыс деңгейіндегі Туризм басқармасы          2-5 адамнан тұрады, 
олар  негізінде  төмен  деңгейдегілер  үшін  туризм  және  экскурсия  бойынша 
қандай да бір жоспарлар дайындауға қабілетсіз, сондай-ақ мемлекеттің жоғары 
деңгейде тұрған сатыларымен тиісті байланысты буын бола алмайды. 
Мұндай  жағдайларда  тіпті  бір  жақты  (жоғарыдан  төмен)  байланыс 
облыстық  басқармалар  қызметкерлерінің  кәсіби  деңгейінің  төмендігіне 
байланысты  табысты  бола  алмайды.  Ағымдағы  сәтте  бір  уақытта  қатар 
ұйымдар  бар,  олардың  міндеттері  мен  қызметі  қайталанады  (карталар, 
брошюралар, веб-беттер және т.б.), осыдан барып бір орында толық ақпаратты 
табу  мүмкін  емес.  Жабық  және  күшті  төрешіл  мемлекеттік  органдар  туристік 
саланы дамытуға әрең дегенде сәйкестендіруге қабілетті. Өйткені туризм оған 
қолдау  көрсететін  экономиканың  ерекше  серпінді  секторы  болып  табылады, 
органдар  барлық  жағдайларға  жылдам  және  тиімді ден  қоюға  қабілетті болуы 
тиіс. 
Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған органдар туристік сектордың келешекте 
өсуіне бара-бар ден қоюға қабілетсіз және іргелі өзгеріс әкелу үшін кез келген 
деңгейде қолдануға болатын тиісті аспаптары жоқ. 
Туризмді  қолдау  жөніндегі  жалпы  мемлекеттік  ұйымдар  туристерді 
қабылдайтын  барлық  әлем  елдерінде  қалыпты  практикаға  айналған, 
Қазақстанда  жоқ.  Кейбір  қызметтер  мен  міндеттер  өзге  де  органдар  арасында 
бөлінген,  міндет  бөлігі  ешкімге  тапсырылмаған.  Жалпы,  міндеттерді  нақты 
бөлмеген, нәтижесінде қазіргі уақытта қызмет қайталанады, осыдан барып өзге 
де маңызды бағыттар толықтай назарсыз қалды. 

83 
 
 
1.3
 
Инвестициялық  жобаларды  іске  асырған  кезде  туындайтын 
тәуекелдерді талдау 
 
Осы  бөлімде  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  коммуналдық  шаруашылық 
(сумен  жабдықтау  және  су  бөлу)  және  туризм  саласындағы  инвестициялық 
жобаларды іске асыру барысында туындайтын тәуекелдерге талдау жүргізілді. 
Барлық  нысандағы  және  түрдегі  инвестициялық  қызмет  тәуекелмен 
шарттасқан. 
Инвестициялық  тәуекел  –  бұл  инвестициялау  жағдайы  айқын  болмаған 
жағдайда күтпеген қаржылық шығын туындау ықтималдығы [22]. 
Жобалық  тәуекелдерді  талдау  оларды  жүйелендірмей  мүмкін  емес. 
Бірқатар  әдеттегі  тәуекелдерді  ескеріп  жобалық  қызмет  практикасында 
негізделетін қорытынды жіктелім мынадай үлгіде көрінеді. 
 
Инвестициялық  тәуекелдердің  пайда  болуы  саласы  бойынша  мыналарға 
бөлінеді: 
 
1.  Техникалық-технологиялық  тәуекелдер  жобаны  іске  асырған  кезде 
техникалық-технологиялық  құрауыш  қызметке  әсер  ететін  белгісіздік 
факторларына  байланысты:  жабдықтың  сенімділігі,  өндірістік  үрдістер  мен 
технологиялардың  болжамдылығы,  олардың  күрделілігі,  автоматттандыру 
деңгейі, жабдықтар мен технологияларды жаңғырту қарқыны және т.б. 
 
2.  Экономикалық  тәуекел    мемлекетте  инвестициялық  қызметті 
экономикалық  құрауға  және  жүйенің  жалпы  экономикалық  тепе-теңдігіне 
жетуді  және  әлемдік  нарықта  бәсекеге  қабілетті  өнім  шығару,  өндірістің 
нысаны  мен  саласының  тиімді  үйлесімін  таңдау  арқылы  оның  жалпы  ұлттық 
өнімінің өсу қарқынын жеделдетуді, экономиканы антициклдік реттеу және т.б. 
мемлекеттік  шараларды  жүзеге  асыруды  мақсатты  орнату  шеңберінде 
инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  кезінде  экономика  субъектісінің 
қызметіне әсер ететін белгісіздік факторларына байланысты. 
3. Саяси тәуекелдер инвестициялық қызметті жүзеге асырған кезде саяси 
құрауышқа  әсер  ететін  мынадай  белгісіздік  факторларына  байланысты:  түрлі 
деңгейдегі талдаулар; саяси жағдайдағы өзгерістер; мемлекет жүзеге асыратын 
курсқа  өзгерістер;  саяси  қысым;  инвестициялық  қызметті  әкімшілік  шектеу; 
мемлекетке  сыртқы  саяси  қысым;  сөз  бостандығы;  сепаратизм;  мемлекеттер 
арасындағы  қатынастардың  нашарлауы,  бұл  бірлескен  кәсіпорындардың 
қызметіне нашар әсер етеді және т.б.  
 
4.  Әлеуметтік  тәуекелдер  инвестициялық  қызметті  әлеуметтік  құрауға 
әсер  ететін  белгісіздік  факторларына  байланысты,  олар:  әлеуметтік  қысым; 
ереуілдер; әлеуметтік бағдарламаларды орындау. 
 
5.  Экологиялық  тәуекелдер  мемлекетте,  өңірде  қоршаған  ортаның  жай-
күйіне әсер ететін және инвестицияланатын жобалардың қызметіне әсер ететін 
мынадай  белгісіздік  факторларына  байланысты:  қоршаған  ортаны  ластау, 
радиациялық  жағдай,  экологиялық  апаттар,  экологиялық  бағдарламалар  және 
экологиялық қозғалыстар және т.б. 
 
6. Заңнамалық-құқықтық тәуекелдер инвестициялық жобаны іске асыруға 
әсер  ететін  белгісіздіктің  мынадай  факторларына  байланысты:  қолданыстағы 

84 
 
заңнаманың  өзгеруі;  қайшы  келуі,  толық  болмауы,  аяқталмауы,  заңнамалық-
құқықтық  базаның  барабар  еместігі,  заңнамалық  кепілдіктер;  кеме  өндірісі 
және  төрелік  тәуелсіздіктің  болмауы;  заңнамалық  актілерді  қабылдаған  кезде 
жекелеген  тұлғалар  тобы  мүдделерінің  құзыретсіздігі  немесе  мүдделерін 
қолдау; мемлекетте бар салық салу жүйесінің барабарлығы және т.б. [23] 
Инвестициялық  тәуекелдер  пайда  болу  нысаны  бойынша  мыналарға 
бөлінеді:  
 
1. 
Мынадай  факторлармен  байланысты  шынайы  инвестициялау 
тәуекелдері:  
 
- материалдар мен жабдықтар жеткізуде іркілістер;  
 
- инвестициялық тауарларға бағаның өсуі;  
 
-  Білікті  емес  немесе  жауапсыз  мердігерді  таңдау  және  объектіні 
пайдалануға  енгізуді  тежейтін  немесе  пайдалану  үрдісінде  табысты  азайтатын 
басқа да факторлар. 
 
2.  Қаржылық  инвестициялау  тәуекелдері,  олар  мынадай  факторларға 
байланысты:  
 
- қаржы аспаптарын ойланбай таңдау
 
- инвестициялау жағдайларының күтпеген өзгерістері және т.б. 
 
Инвестициялық  тәуекелдердің  туындау  көздері  бойынша  мыналарға 
бөлінеді:  
 
1.  Жүйелі  тәуекел,  инвестициялық  қызметтің  барлық  қатысушылары 
және инвестициялаудың барлық нысаны үшін туындайды. Экономикалық цикл 
сатысының  ауысымымен,  төлем  қабілеттілігі  сұранысының  деңгейімен,  салық 
заңнамасының өзгерістерімен  және  инвестор  инвестициялау  объектісін  таңдау 
кезінде әсер ете алмайтын басқа да факторлармен айқындалады. 
 
2.  Жүйесіз  (ерекше,  әртарапты)  тәуекел,  инвестициялаудың  нақты 
объектісі үшін немесе нақты инвестордың қызметі үшін сипатты. Ол кәсіпорын 
басшылығы 
персоналының 
құзыретіне; 
аталған 
нарық 
сегментінде 
бәсекелестікті күшейтуге; капиталдың тиімсіз құрылымына байланысты болуы 
мүмкін және т.б. 
 
Инвестициялық  қызмет  жіктелімі  түрлері  бойынша  мынадай  болатын 
бірақтар инвестициялық тәуекелдермен сипатталады:   
 
Инфляциялық 
тәуекел 
– 
инвестицияның 
шынайы 
бағасының 
құнсыздануы,  олардың  номиналды  құнының  сақталуы  немесе  өсуі  кезінде 
активтермен  (инвестиция  түрінде)  шынайы  бастапқы  құн  шығыны,  сондай-ақ  
инвестициялар  бойынша  табыстардың  өсу  қарқынынан  инфляцияның  өсу 
қарқыны  бақылусыз  озған  жағдайда  инвестицияларды  жүзеге  асырудан 
экономика  субъектісінің  күтілетін  табыстары  мен  кірстерінің  құнсыздануы 
нәтижесінде экономика субъектісі әкелетін шығын ықтималдығы [24].  
Дефляциялық  тәуекел  –  артық  ақшалай  қаражат  бөлігін  алудан 
айналымда  ақша  массасының  азаюы  нәтижесінде,  оның  ішінде  салық,  есептік 
пайыздық ставканың артуы, бюджеттік шығыстардың қысқаруы, жинақтың өсуі 
және т.б. арқылы экономика субъектісі әкелуі мүмкін ықтимал шығын. 
 
Нарықтық  тәуекел  –пайыздық  ставка,  валюта  бағамының  ауытқуы, 
инвестициялау  объектісі  болып  табылатын  акцияларды  және  облигацияларды 
белгілеу  нәтижесінде  активтер  құнының  өзгеру  ықтималдығы.  Нарықтық 

85 
 
тәуекелдің әртүрлілігі атап айтқанда, валюталық және пайыздық тәуекел болып 
табылады.  
Операциялық  инвестициялық  тәуекел  –  операциялар  жүргізу  кезіндегі 
техникалық  қателерге  байланысты  инвестициялық  шығын  ықтималдығы; 
қасақана  және  қасақана  емес  іс-әрекеттер;  авариялық  жағдайлар;  ақпараттық 
жүйелер,  аппаратура  және  компьютерлік  техника  жұмысында  іркілістер; 
қауіпсіздікті бұзу және т.б.  
Функционалдық  инвестициялық  тәуекел  –  инвестициялық  портфелмен 
қаржы  аспаптарын  қалыптастыру  және  басқару  кезінде  жіберілген  қателерге 
байланысты инвестициялық шығындардың ықтималдығы.  
 
Селективтік 
инвестициялық 
тәуекел 
– 
басқа 
нұсқалармен 
салыстырғанда, инвестициялау объектісін қате таңдау ықтималдығы. 
 
Өтімділік  тәуекелі  –  нарықтық  конъюнктура  жағдайына  байланысты 
жеткілікті қысқа уақыт кезеңінде қажетті мөлшерде инвестициялық қаражатты 
жоғалтпай  босату  мүмкін  еместігінен  туындаған  ықтимал  шығын.  Сондай-ақ 
өтімділік  тәуекелі  деп  контрагенттер  алдында  міндеттемені  орындау  үшін 
қаражат тапшылығының туындау ықтималдығы түсіндіріледі.  
Кредиттік инвестициялық тәуекелі, егер инвестициялар қарыз қаражаты 
есебінен  жүзеге  асырылса  және  активтер  құнын өзгерту  немесе  қарыз  алушы-
инвестор  жалпы  да,  кредиттік  шарт  жағдайларына  сәйкес  жекелеген 
ұстанымдар  бойынша  да  өзінің  міндеттемелерін  орындауға  қабілетсіздігі 
нәтижесінде  активтермен  бастапқы  сапаны  жоғалту  ықтималдығы  болса 
туындайды. 
Елдік тәуекел – тұрақсыз әлеуметтік және экономикалық жағдаймен елдік 
юрисдикциясында  бар  объектілерге  инвестицияларды  жүзеге  асыруға 
байланысты шығындар ықтималдығы. 
 
Жіберіп алған пайда тәуекелі – қандай да бір іс-шараны жүзеге асырмау 
нәтижесінде  жанама  (үстеме)  қаржы  шығынының  (табысты  алмау  немесе  ала 
алмау)басталу ықтималдығы, мысалы, сақтандыру [25]. 
 
Аталған жіктелім кейбір дәрежеде шартты екенін атап өткен жөн, ойткені 
инвестициялық  тәуекелдердің  жекелеген  түрлері  арасында  нақты  шекара 
жүргізу  айтарлықтай  күрделі.  Бірқатар  инвестициялық  тәуекелдер  өзара 
байланыста  (өзара  байланысты),  олардың  біріндегі  өзгеріс  басқасын  да 
өзгеріске ұшыратады, бұл инвестициялық қызметтің нәтижесіне әсер етеді. 
Инвестициялық  жобаны  дайындау  және  іске  асыру  табысы  оның 
қатыушылары арасында тәуекелдерді дұрыс бөлуге байланысты. Қатысушылар 
арасында  тәуекелдерді  бөлу  жобаның  ерекшелігіне  қарай  ажыратыладыү  Бұл 
аспекттінің көбінесе заңгерлік сипаты бар, өйткені тәуекелдер мен оларды бөлу 
жобалық  құжатта  көрініс  табады  және  кез  келген  келісімшарттың  сыни 
мәселелері болып табылады. 
МЖӘ 
қағидаттарында 
инвестициялық 
жобаларды 
іске 
асыру 
артықшылықтарының  бірі  әріптестіктің  барлық  қатысушылары  үшін 
тәуекелдерді  төмендету  болып  табылады.  Алайда  мұны  тек  қана  тәуекелдерді 
бөлудің  екі  негізгі  қағидаттарында  іске  асыру  арқылы  ғана  қол  жеткізуге 
болады. 

86 
 
Біріншіден,  әріптес  өзіне  қабылдаған  тәуекелдердің  саны  ол  жобадан 
шығарып тастай алатын пайдаға шамалас болуы тиіс. 
Екіншіден  тәуекелдер  оларды  аз  шығындармен  жаба  алатын  жаққа 
берілуі  тиіс.  Бұл  ретте  мемлекет  сондай-ақ  ықтимал  тәуекелдерге 
жауапкершіліктің  белгілі  бір  үлесін  алуы  тиіс  және  өзара  қолдау  негізінде 
жекменшік сектор үшін оларды жұмсартуға ықпал етуі тиіс. 
МЖӘ  жобаларын  іске  асыру  кезінде  көптеген  сәтсіздіктер  осы 
қағидаттарды  сақтамауға  байланысты  болған,  соның  нәтижесінде  тараптар 
ықтимал  тәуекелдерді  бөлу  туралы  уағдаластықтардың  болмауы  немесе  оны 
сақтамаған  жағдайда,  тәуекелдерге  жауаптылықты  өздерінің  әріптестеріне 
аудара  салуға  тырысады.  Сөзсіз  елеулі  қиындықтар  тәуекелдерді  есептеуде 
туындайды, әсіресе экономикалық өсімі, әдетте, болжануы қиын көрсеткіштері 
бар  өтпелі  экономикасы  бар  елдерде  болады,  бұл  болжау  рәсімдерін,  әсіресе 
көлік қызметтері саласындағы МЖӘ жобаларында. 
Жобалық  тәуекелдерді  басқарудың  тиісті  тәсілдері  мен  аспаптарын 
айқындау  мақсаттары  үшін  соңғысын  шартты  түрде  барлық  инвестициялық 
жобаларға  дәстүрлі,  сипатты  және  қатысушысы  болып  мемлекет  шығатын 
жобалар үшін туындайтын ерекшелікке бөлуге болады. 
Сонымен,  дәстүрлі  тәуекелдердің  санына  мынадай  тәуекел  топтары 
жатады: 
1.  Жобалау-құрылыс  тәуекелдері,  олар  объектіні  жобала-салу  кезеңінде 
кездеседі және технология таңдаумен, құрылыс жобаларын орындау барысына 
байланысты: 
1)
 
жобалау  сатысында  туындайтын  тәуекелдер  (мысалы,  жобалау 
құжаттамасын келісудің кідіруі, жобаның жеткіліксіз деңгейде пысықталуы); 
2)
 
технологиялық  тәуекелдер  (жеткілікті  тексеруден  өткізілмеген 
технологияларды пайдалану объектіні қолданысқа енгізуге, еңбек өнімділігінің 
төмендеуіне, пайдалану қиындықтарын қамтиды); 
3)
 
Теногендік 
және 
табиғи 
сипаттағы 
тәуекелдер 
(мысалы 
геологиялық күтпеген жағдайлар, жергілікті жағдайларды дұрыс бағаламау); 
4)
 
жеткізу  кедергілер  тәуекелі  (мысалы,  өнім  берушілер,  мердігерлер 
және т.б. функцияларын тиісті деңгейде орындамауы); 
5)
 
жобаның сметалық құнының өсу тәуекелі (мысалы, жоба бойынша 
күтпеген шығыстардың туындау салдарынан) 
6)
 
Халықтың, 
халықаралық 
және 
қоғамдық 
ұйымдардың 
наразылығына  байланысты  туындаған  тәуекелдер  (мысалы,  қоршаған  ортаға 
теріс  әсер  ету;  жобаның  техникалық  қауіпсіздігінің  жеткіліксіз  деңгейі; 
идеологиялық,  мәдени,  діни,  моральдық,  тарихи-сәулет,  ұлттық  және  өзге  де 
дәлелдер  бойынша  жобаны  қабылдамау,  еңбек  жағдайын  сақтамау,  кәсіптік 
одақ  органының  талаптарын  орындамау;  адам,  ұлттық  азшылық  немесе 
халықтың басқа да топтарының құқықтарына қысым жасау). 
2.  Қаржы  тәуекелдері,  олар  артықшылықпен  объекті  құрылысының 
кезеңінде  туындауы  мүмкін  және  қаржыландыру  жағдайлары  мен  жобаның 
қатысушылары өз қаржылық міндеттемелерін сақтау мүмкіндігіне байланысты. 
Практика  көрсетіп  отырғандай,  қаржы  тәуекелдері  МЖК  жобаларын  іске 
асырған кезде негізгі болып табылмайды: 

87 
 
1)
 
инфляциялық  тәуекел  (жобаны  іске  асыру  үшін  қажеетті  жабдықтар 
мен материалдарға баған жоспарламай көтеру); 
2)
 
кредиттік  проценттік  ставкасын  өзгерту  тәуекелі  (мысалы,  кредиттік 
шартта пайыздық ставканы өзгерту мүмкіндігі көзделген немесе құрылыс салу 
кезеңінде  жұмылдырылған  қаржыландыру  өзгермелі  ставкада  жүзеге 
асырылады) 
3)
 
валюта 
бағамының 
өзгеру 
тәуекелі 
(шетел 
валютасында 
деноминацияланған  келісімшарттар  үшін  не  жоба  үшін  импорттық  жеткізуді 
пайдаланған кезде); 
4)
 
қайта қаржыландыру тәуекелі (аяқталғанның ауысымына келген ұзақ 
мерзімді қаржыландыруға қол жеткізудің мүмкін болмауы). 
5)
 
Басқару  тәуекелдері,  объектіні  пайдалану  сатысында  туындайды, 
бұл  ретте  тәуекел  жоба  шығаратын  түсім  көлемімен  және  пайдалану 
шығындарына араласады. Аталған топтың тәуекелдері елеулі болып табылады, 
өйткені болжау дәлдігіне кепіл берілмейтін ұзақ мерзім ішінде әрекет етеді: 
6)
 
коммерциялық  тәуекел (төлеуге қабілетті сұранысты жалған бағалау, 
атап  айтқанда,  нақты  қозғалыс  қарқындылығының  есептілікке  сәйкес  келмеу 
тәуекелі); 
7)
 
оңтайлы  емес  тарифтерді  белгілеу  тәуекелі  (реттелмейтін  тариф 
құрған жағдайда); 
8)
 
пайдалану  шығындарын  арттыру  тәуекелі  (басқару  қателеріне  жол 
беру,  шығыс  баптарын  пайдалана  алмау  немесе  дұрыс  бағаламау,  шикізатқа 
немесе  ерекше  климат  жағдайларында  кейбір  сатып  алынатындарға  бағаның 
өсуі және т.б.); 
9)
 
форс-мажорлық жағдайлар (дүлей зілзала және т.б.). 
Ерекшелік тәуекелдер санатына мынадай тәуекелдер топтарын жатқызу 
қажет: 
1.  Әкімшілік-саяси  тәуекелдер,  мемлекеттік  (муниципалдық)  билік 
құрылымдарының жұмысына байланысты және жобаны іске асырудың барлық 
кезеңдерінде туындайтын тәуекелдер:  
 
1)
 
сыбайлас жемқорлық тәуекелі; 
2)
 
төрешілдік тәуекелі; 
3)
 
заңнамалық  тәуекел  (жобаны  іске  асыру  саласында  (немесе 
үрдісіәнде) нормативтік-құқықтық базаны өзгерту ықтималдығы); 
4)
 
салық жүктемесінің  ұлғаю  тәуекелі  (мысалы, салық  заңнамасының 
өзгеруі салдарынан салық міндеттемелерінің ұлғаюы); 
5)
 
елдің  (немесе  өңірдің)  әлеуметтік-экономикалық  басымдықтарын 
өзгерту тәуекелі; 
6)
 
ұлттықтың, тәркілеудің және өзге де ұқсас іс-әрекеттердің тәуекелі 
7)
 
келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу (тоқтату) тәуекелі; 
8)
 
әкімшілік реформаға байланысты әріптесті ауыстыру тәуекелі
2.  Көпшілік  әріптестік  тәуекелі,  яғни  мемлекеттік  (муниципалдық) 
құрылымдардың  бірлескен  жобаны  іске  асыруда  әріптес  ретінде  қатысуына 
байланысты тәуекелдер жобаның барлық іске асыру мерзімдерінің аралығында 

88 
 
туындайды,  бірінші  кезекте,  бұл  мемлекеттің  әріптес  ретінде  де,  реттеуші 
ретінде де шығатынына байланысты: 
1)
 
құқықтық  қамтамасыз  ету  тәуекелі  (мысалы,  жоба  бойынша  түрлі 
материалдарды ұзақ уақыт келісу үрдісі, әкімшілік рұқсаттар беру және/немесе 
құрылыс учаскелерінің қарамағына беру кезінде кідіру); 
2)
 
ведомствоаралық  үйлестірудің  болмауы  тәуекелі  (іс-әрекеттерді 
үйлестірудің  болмауы  және  мемлекеттік  ведомстволар  арасында  мүдделердің 
әртүрлілігі) 
3)
 
мемлекет  тарапынан  келісім  жағдайларын  тиісті  орындамау 
тәуекелі  (мысалы,  басымдықтарды  өзгерту  немесе  бюджетттік  шығыстарды 
қысқарту салдарынан бюджеттік қаржыландыруды қысқарту (немесе тоқтату) 
4)
 
билік  деңгейлері  арасындағы  өкілеттіктереді  ара-жігін  ажыратпау 
тәуекелі; 
5)
 
жобадан  шығу  және  жүзеге  асырылған  инвестицияларды  қайтару 
мүмкіндіктерін шектеу тәуекелі 
6)
 
артық  бақылау  тәуекелі  (мысалы,  жобаны  қаржыландыруды  және 
пайдалануды іске асыруға мемлекеттің араласуы) 
7)
 
тарифтік монополияға қарсы реттеу тәуекелі.  
Тәуекелдерді  бөлу  кезең-кезеңмен  жүзеге  асырылуы  тиіс:  алдымен 
тәуекелдер  анықталуы  тиіс  және  оның  әсері  жобаның  іске  асырылу  барысына 
бағалануы  тиіс,  содан  кейін  әріптестердің  бірлескен  күшімен  тәуекелдерді 
азайтуға тәсілдер айқындалады, содан кейін қалған тәуекелдер МЖӘ қандай да 
бір  нақты  нысанын  пайдалануды  ескеріп,  мемлекет  пен  кәсіпкерлік 
құрылымдар арасында бөлетін болады. 
Халықаралық  тәжірибе    4-кестеде  берілген  тәуекелдерді  бөлу  нұсқасын 
барынша  қолайлы  екенін  көрсетеді.  Аталған  тәуекелдерді  бөлу  мынадай 
қағидаттарға негізделген: 
1)
 
тәуекелдердің  жобада  әр  тараптың  жауапкершілігі  саласымен  ара-
қатынасы; 
2)
 
мемлекет  жүйелі  тәуекелдерге  жауап  береді,  ал  нарықтық  және 
жобалық тәуекелдер көбінесе жеке меншік бизнеске жатқызылады
3)
 
тәуекелдердің жобаға қаржы салымдарының көлемдері мен түрлеріне 
ара-қатынасы. 
 
9-кесте 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал