Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет7/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Сонымен,  су  шаруашылығы  саласындағы  кәсіпорындардың  жалпы 
қызметі  жоғарғы  шығынмен,  сумен  қамтамасыз  ету  қызметі 
шаруашылығына 
шығындарды 
төмендетудегі 
экономикалық 
ынталардың    жоқтығы,  бәсекелестіктің  дамымағандығы,  ол  дегеніміз 
негізгі  қорлардың  тозуының  жоғарғы  дәрежесін  сақтауға  әкеп  соғатыны, 
кәсіпорындардың  тиімсіз  жұмыс  істеуі,  энергия,  су  мен  басқа  да 
ресурстарын көп жоғалтуы туралы сипатталатынын атап өту қажет. 

69 
 
 
1.2.4
 
Туризм (тау шаңғысы базалары, туристтік кешендер) 
 
Соңғы  кездері  Қазақстанға  туристік  бағыт  ретінде  барлық  әлемде 
қызығушылық  елеулі  өсті  және  тиісінше  жылдан  жылға  саяхатшылардың  көп 
санын 
тарту 
үшін 
жергілікті 
туристік 
операторлар 
беретін 
туристікқызметтердің спектрі ұлғаюда.  
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  туризмнің  –  танымдық,  ойын-сауық,  этникалық, 
экологиялық және басқа  да  барлық  елеулі  түрлерін  көрсетеді.  Туристтер үшін 
Қазақстанның  барлық  аумағы  бойынша  саяхаттау  маршруттардың  көптеген 
санын  ұсынады.  Оңтүстік  даланың  қасиетті  алқабында  әлемнің  ескі  қалалары 
болған.  Ғасырлар  бойы  осы  жерлерде  Қытайдан  Таяу  Шығыс  және  Еуропа 
елдеріне апаратын  ескі керуен жолдар өткен. 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 
жылдан  2011  жылдар  аралығында  қызмет  көрсетілген  келушілердің  саны  19 
033,2  мың  адамды  (2007  жылдан  2010  жыл  аралығында  –  16  598,6  мың  адам) 
құраған.  
Туристтердің  басым  бөлігі  іскер  мақсаттармен  (58,7%)  және  демалыс 
мақсатында саяхаттайды (туристердің жалпы санынан 34,3%).  
Келушілердің  саны  2010  жылмен  салыстырғанда  14,7%-ға  ұлғайды. 
Турист саласының көрсеткен қызметтерінің жалпы саны 7,4%-ға ұлғайды және 
78 483,6 млн.теңгені құраған.  
2011  жылы  барлық  бағыттар  бойынша  туристік  ағымдардың  ұлғаюы 
байқалады. Сонымен, келу туризмінің келушілер саны  20,6%-ға (2010 жылы – 
4 712,6 мың адам, 2011 жылы – 5 685,1 мың адам) ұлғайған. Келу туризмі мен 
ішкі  туризм  бойынша  өткен  жылдың  ұқсас  кезеңімен  салыстырғанда  2011 
жылғы қорытынды бойынша келушілердің саны 8,2%-ға  (2010 жылы – 7 412,3 
мың адам, 2011жылы – 8 020,4 мың адам) және 19,1%  тиісінше (2010 жылы – 
4 473,7  мың  адам,  2011  жылы  –  5 327,7  мың  адам)  (22-график)  ұлғайғаны 
байқалады. 
 
 
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 

70 
 
25-сурет Келушілердің келуі және кетуі 
 
2011  жылы  1  567  туристтік  фирмалар  мен  туристтік  қызметпен 
айналысатын 148  дара  кәсіпкерлер  630,6  мың  келушілерге  немесе  2010  жылға 
қарағанда 29,6%-ға көп қызмет көрсеткен. 
 
 
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
26- сурет Турист ұйымдары қызмет көрсететін келушілер саны, мың.адам 
 
Жұмыс істеп тұрған фирмалар мен дара кәсіпкерлердің көп саны Алматы 
қ. (843), Астана қ. (208), Қарағанды (113), Алматы (97), Шығыс Қазақстан (68) 
және Павлодар (61) облысында байқалды.  
Республикада  келушілерді  орналастырумен  айналысатын  1 417  кәсіпкер 
мен  дара  кәсіпкерлер  2 845,8  мың  адамға  қызмет  көрсеткен  және  и  63 135,9 
млн.  теңгеге  қызмет  көрсетті.  Орналастыру  орындарында  37  368  нөмір 
есептелген,  олардың  бір  реттік  сыйымдылығы  81  015  төсек  орынды  құрады. 
Орналастыру орындары қызметінің көлемі (мейрамханалар қызметтерін есепке 
алмағанда) салыстырмалы бағада 2010 жылмен салыстырғанда есептік кезеңде 
1,7%-ға ұлғайды. 
ҚР 
Статистика 
агенттігінің 
зерттеуіне 
сәйкес 
Қазақстан 
Республикасының  тұрғындары  туристік  сапарға  475 849,3  мың  теңге 
жұмсалған.  Оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  зерттеу 
жүргізу  барысында  сұралған  біздің  азаматтардың  шетелдерге  сапарына 
дайындық  кезінде  (билеттерді  брондау  және  сатып  алу,  визалар  мен  басқа 
туристік  қызметтерді  рәсімдеу)  туристік  шығыстары  61 145,5  мың  теңгені 
(12,8%)    құраған.  Резиденттер  еместердің  шығыстары  75 352,6  мың  теңгені 
құраған.  
Келушілердің негізгі мақсаты таныстар мен туыстарын хабарласу– 35,8%, 
бос  уақытын  өткізу,  рекреация  және  демалу  –  28,1%,  іскер  және  кәсіби 
мақсаттар – 22,5% болып табылады. Басқа да мақсаттармен келгендер де болды: 
емделу – 10%, дін, қажылық – 1,6% және өзгелер – 2%. 

71 
 
Зерттелген келушілердің көп бөлігі автобустарды (жалпы санынан 31,1%) 
және  темір  жол  көлігін  (30,7%)  пайдаланған.  Туристтердің  21% 
автомобилдерде, көбі өзінің автомобилдерімен саяхаттаған. 
Осылайша,  Қазақстанның  әлеуетті  туристері  Қырғызстан,  Өзбекстан 
Республикасының,  Ресей  Федерациясының,  Қытай  Халық  Республикасының. 
Германия, Түркия және басқа да елдердің азаматтары  бола алады.   
Қазақстан  Республикасының  2010-2014  жылдарға  арналған  туристік 
индустриясының  перспективалы  бағыттары  дамыту  бағдарламасына  сәйкес 
Алматы,  Ақмола  облыстарының  орталықтарында,  Қызылорда,  Ақтөбе  және 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  және  Алматы  қаласында  туристік  орталық 
құрудағы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және 
Алматы қаласында таушы шаңғы базасын құрудағы қажеттілік байқалуда. 
Агенттік арқылы іске асырылған туристік сапарлар үлесіне 2011 жылы 36 
мың  сапар  кірді,  яғни  шекарадан  өткен  шетел  азаматтарының  санынан  1%-ға 
кем.  Бұдан  басқа,  бұ  сан  2007  жылдан  40%-дан  астамға  азайған  (жоғарыда 
аталып  өткендей).  Содан  бері  бұл  сан  2010  жылы  байқалған  жекелеген  оң 
үрдістерге қарамастан қалпына келе алмады. Тағы да Қазақстанның көшбасшы 
және  бірегей  бөлігі  –  Алматы  қаласы    егінттіг  жүргізетін  халықаралық 
коммерциялық  қызметтің  елеулі  көлемін  тіркеді.  Соңғы  бес  жылда  Алматы 
қаласының үлесіне Қазақстандағы агенттіктер арқылы іске асырылған туристік 
сапарлардың жалпы санының 85% келді, 2011 жылы 95% болды.   
 
Кесте  5  соңғы  бес  жылда  Облыстар  бойынша  Қазақстанда  агенттіктер 
арқылы іске асырылған туристік сапарлар  
Облыс 
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
Ақмола  
60 

13 


Ақтөбе 
138 
256 
30 


Алматы 
200 
266 
65 
61 
100 
Атырау  
156 
255 
40 
134 
144 
Батыс Қазақстан 





Жамбыл 
217 
424 
132 
158 
247 
Қарағанды  

20 

20 
63 
Қостанай  
42 
34 
63 
64 
60 
Қызылорда  




16 
Маңғыстау 
31 
25 
1,584 
800 
22 
Оңтүстік Қазақстан 
36 
53 
10 
324 
212 
Павлодар 





Солтүстік Қазақстан  

14 



Шығыс Қазақстан 
551 
1313 
1179 
1226 
556 
 Астана қ. 
7663 
213 
378 
540 
609 
 Алматы қ. 
53017 
35062 
27743 
36310 
34065 
БАРЛЫҒЫ 
62117 
37937 
31246 
39640 
36096 
Ақпарат көзі: Қазақстан республикасы Статистика агенттігі, 2012 ж
 
Ішкі туризм үрдісі, әдетте бұрынғы көрсеткіштерді қайталаушы еді, яғни 
соңғы  бес  жылда  елдің  ішінде  туристік  компаниялар  қызмет  көрсеткен 
сапарлардың  24%-ға  –  2006  жылы  209 000-ден  2010  жылы  158 000  болды. 
Дегенмен,  елдің  ішінде  туристік  сапарлардың  саны  бұрынғыдай  шетел 

72 
 
туристерінің  сапарларынан  4  есеге  асып  түседі.  Елдің  ішіндегі  сапарлардың 
84%  демалыс  пен  сауықтыру  үшін,  елдің  ішіндегі  сапарлардың  небары  8%  – 
жұмыс қызмет бойынша жүзеге асырылады. 
Қазақстандық  даму  банкінің  жоғарыда  аталған  зерттеуінде  соңғы 
жылдары өңірлік қатынаста ішкі туризмнің ең маңызды орталықтары Ақмола, 
Шығыс  қазақстан  және  Алматы  облыстарында  көрініс  тапты,  оларда  ішкі 
туристердің  санының  55%  құраған.  Алматы  қаласы  да  ішкі  туристер  үшін 
танымал  демалыс  орны  болып  қала  береді.  Атап  айтқанда,  мұнда  2010  жылы 
30,6  мың  ішкі  туристетр  келген.  Бұдан  басқа,  Қазақстанның  Астанасы  Астана 
қаласына  да  келушілердің  саны    18 000  адамға  дейін  ұлғайған.  Оның  үлесіне 
елдегі ішкі туристердің жалпы көлемінің 12% келеді. 
 
Көзі: Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жүйелік жоспарының 
жобасы (ИЖТИ)  
27-сурет Соңғы бес жылда елден шыққан және агенттіктер қызмет 
көрсеткен туристердің саны 
 
Қазақстаннан  тыс  жерлерге  шыққан  туристерге  қатысты  2011  жылы            
8  миллион  сапар  тіркелді,  бірақ  іскерлік  сапарлардың  үлесі  шамамен  376 000 
адам ғана немесе кемінде 5%-ды құрайды. 
 
Көзі: Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жүйелік жоспарының 
жобасы (ИЖТИ)  

73 
 
28-сурет Соңғы бес жылда Қазақстанда нөмірлі қордың жүктеу 
коэффициенті 
Қазақстанда  уақытша  ақылы  тұру  объектілерінің  толу  көрсеткіштері 
халықаралық  бәсекеге  қабілетті  деңгейден  төмен  күйінде  қалып  отыр.              
2011  жылы  кереуеттердің  толу  көрсеткіші  25,8%-ды  құрады.  Маңғыстау  және 
Атырау  облыстары  жұмыс  (бензин)  және  шектеулі  ұсыныс  бойынша  саяхат 
жасау  үшін  өз  маңыздылығының  арқасында  60%-дық  толу  деңгейіне  жетіп, 
елеулі барынша жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. 
Шығыс  Қазастан,  Солтүстік  Қазақстан  және  Алматы  облыстары              
5%-дық  деңгейге  зорға  жетеді.  Астана  мен  Алматы  қалаларында  кереует  толу 
көрсеткіштері орташа шамамен 30%-дан сәл асатынын көрсетеді. 
 
6-кесте  2011  ж.  түр  бойынша  уақытша  ақылы  тұру  объектілерінің  толу 
көрсеткіші 
Уақытша тұру түрі 
Кереуеттер 
 Өткізілген 
түндер 
 Толуы  
5*қонақ үй 
4266 
770829 
49,5% 
4* қонақ үй 
7790 
989008 
34,8% 
3* қонақ үй 
6413 
998501 
42,7% 
2* қонақ үй 
1792 
226759 
34,7% 
1* қонақ үй 
1621 
129609 
21,9% 
Жіктелмейтін қонақ үйлер   29584 
2619696 
24,3% 
Уақытша тұрудың басқа да 
түрлері 
29549 
1350618 
12,5% 
ЖИЫНЫ 
81015 
7085020 
24,0% 
Көзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2012 ж.
 
Жоғарыда  көрсетілген  кестеде  2011  жылғы  3  және  5-жұлдызды  қонақ 
үйлердің 
толу 
көрсеткіштері 
қанағаттанарлық 
деңгейді 
көрсетеді.                        
4-жұлдызды  қонақ  үйлер  үшін  орташа  толу  көрсеткіші  бәсекеге  қабілетті 
деңгейден  төмен,  бұл  соңғы  үш  жылда  4-жұлдызды  сегментке  ұсыныстың 
елеулі  ұлғайғандығын  білдіреді.  Сондықтан  жаңа  объектілер  бұрынғыша  өз 
шаруашылық  қызметін  тұрақтандыру  сатысында  тұр  және  тұрақты 
көрсеткіштерге қол жеткізе алмауда. 
Сонымен  бірге,  жіктелмеген  қонақ  үйлер  және  әсіресе  24,3%  және 
тиісінше  12.5%  -  бәсекеге  қабілеттіліктен  елеулі  төмен  тұрған  басқа  да 
орналастыру объектілері үшін нөмірлік қорды жүктеудің орташа коэффициенті 
аса алаңдаушылық тудыруда. 
7-кесте  2011  ж.  жүктеу  коэффициенті  және  орналастыру  объектілерінің 
түрі  
Уақытша тұру түрі 
Бір түнге орташа өткізу бағасы 
еуромен 
5* қонақ үй 
181 
4* қонақ үй 
89 
3* қонақ үй 
54 
2* қонақ үй 
39 

74 
 
1* қонақ үй 
25 
Жіктелмеген қонақ үйлер  
25 
Уақытша  тұрудың  басқа  да 
түрлері 
10 
ОРТАША ТАРАЗЫЛАНҒАН 
52 
Көзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2012 ж. 
Орналастыру  объектілерінің  (әсіресе  5-жұлдызды  сегментте)  жеткіліксіз 
ұсынысына  байланысты  қонақ  үйлердің  бағалық  көрсеткіштері  орташа 
халықаралық  деңгейден  жоғары  және  әсіресе  көрсетілетін  қызметтің 
қабылданатын  сапасынан  жоғары  тұр.  Бұл  World  Economic  Travel 
басылымымен  шығарылған  2011  жылғы  саяхаттар  мен  туризмдер  туралы 
есепте  көрсетілгендей,  Қазақстанда  туризм  саласындағы  бағалық  бәсекеге 
қабілеттілік бөлігіндегі жалпы танылған проблеманы тудырады. 
Қазақстанға  келген  туристерге  қызмет  көрсететін  барлық  сұрау 
жүргізілген тур-операторлар сол проблеманы атап өтеді. Екінші жағынан, басқа 
да  орналастыру  объектілері  және  едәуір  төмен  санаттағы  объектілер  едәуір 
барынша  төмен  бағамен  ерекшеленеді.  Тұру  объектілерінен  тыс  айтулы 
проблемаларға  Қазақстан  белгілі  мұнай  өндіруші  және  экспортшы  болып 
табылатынына  қарамастан,  көрші  елдерде  авиабилеттерге  бағаны  көтеретін 
олардың  бағасы  болып  табылады.  Темір  жол  тасымалдары  бағаға  қатысты 
бәсекеге қабілетті болып табылады, бірақ елдің инфрақұрылымы мен көлемінің 
сапасына  байланысты  халықаралық  саяхатшылардың  бұқаралық  нарығы  үшін 
шешім бола алмайды. 
Құрылысқа  және  жабдыққа  баға  жеткілікті  бәсекеге  қабілетті  болып 
табылады.  Туризм  саласында  жұмыс  істейтін  сұрау  жүргізілген  мамандардың 
айтуы  бойынша  5-жұлдызды  қонақ  үйді  ұйымдастыру  үшін  құрылыс  пен 
жабдықтардың  құны  80 000  -  100 000  еуроны  құрайды,  бұл  орташа 
халықаралық көрсеткіштен 10-20%-ға төмен. 
Қазақстандық ұлттық банктің деректері бойынша халықаралық саяхаттар 
(резидент  емес  Қазақстан  көрсеткен  қызметтердің  көлемі)  соңғы  бес  жылда 
20%-ға 1,04 миллиард долларға дейін ұлғайды. Қазақстан көрсеткен қызметтер 
көлемінде негізгі үлес елдер бойынша халықаралық саяхаттарды экспорттаудан 
76% - ТМД елдерінен резидент еместер көрсеткен қызметке тура келеді. 
Екінші  жақтан,  резидент  еместерден  Қазақстан  алған  халықаралық 
саяхаттардың (импорт) көлемі 2006 – 2010 жж. 49%-ға 1,22 миллиард долларға 
дейін  ұлғайды.  Бұл  туризм  бөлігіндегі  Қазақстанның  төлем  теңгерімі  теріс 
болып қалады деген сөз. 
 
8-кесте Туризм индустриясына негізгі капиталға салу, миллиард теңге 
Сектор 
 2006 
 2007 
 2008 
 2009 
 2010 
Қонақ 
үйлер 
мен 
мейрамханалар 
25,5 
33,7 
30,7 
31,2 
26,3 
Демалыс, 
ойын-сауық, 
мәдениет және спорт 
39,7 
61,8 
81,5 
11,1 
23,0 

75 
 
Көлік саласындағы қызмет 
62,1 
82,0 
106,4 
69,8 
171,2 
Курорттар мен минералдық 
көздер 
0,7 
0,6 
4,4 
1,9 
12,6 
Жолдарды  аэродромдарды 
және  спорт  құрылыстарын 
салу 
9,4 
5,0 
8,0 
9,0 
13,3 
Туристік агентсттік 
0,9 
0,6 
0,2 
0,5 
0,1 
ЖИЫНЫ 
138,3 
183,7 
231,2 
123,5 
246,5 
Көзі: «Қазақстандағы туризм индустриясын шолу», Қазақстан даму банкі, 2012 ж. 
 
Көлік  соңғы  бес  жыл  ішінде  туризмге  байланысты  инвестициялардың 
орталық  бөлігі  болып  қалды.  Инвестицияның  жалпы  көлемі  шамамен                     
3  миллиард  АҚШ  долларын  құрады.    Қонақ  үйлер  мен  мейрамханаларға 
инвестициялар  жылына  шамамен  200  мил.  АҚШ  доллары  –  тұрақты  деңгейде 
қалып  отыр.    2006  жылдан  2010  жылдар  аралығы  кезеңінде  курорттарға  және 
минералдық  көздерге  инвестицияның  2 000%-ға  ұлғайғандығы  қазақстандық 
нарықта олардың барынша әйгілі туристік өнімге айналғанын көрсетеді. 
 
 
Көзі: «Қазақстанда туризм индустриясын шолу», Қазақстан даму банкі, 2012 ж.
 
29-сурет 
Қазақстанда  туризм  индустриясында  жұмыс  істейтін 
қызметкерлердің саны (мың адам) 
 
2010  жылы  Қазақстанда  туризм  индустриясында  157 000  адам  жұмыс 
істеді, бұл жалпы қамтудың 1,9%-ын құрайды. Бұл үлес тұрақты өсіп тұрса да, 
бұл  орташа  әлмдік  мәннен  елеулі  төмен  қалпында.  Ішкі  туризм  саласындағы 
еңбек  нарығы  төмен  жалақымен,  сонымен  бірге  адамдардың  тұрақтамауының 
жоғарылығымен  ерекшеленеді,  бұл  әсіресе  қонақ  үй  және  мейрамхана 
биизнесінде. Бүгінде осы сектордағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 
экономика  бойынша  орташа  көрсеткіштен  55  мың  теңге  немесе  70%-ды 
құрайды. Туризм индустриясындағы айтулы төмен жалақы қызметкерлерді аша 
алмайды,  бұл  персоналдың  қызмет  ету  сапасы  мен  мінез-құлық  нормаларына 
теріс әсер етеді. 

76 
 
Сонымен, 
Қазақстан 
Республикасы 
туристік 
индустриясының 
перспективалы  бағыттарын  дамыту  жөніндегі  2010  –  2014  жылдарға  арналған 
бағдарламасының Іс-шаралар жоспарына сәйкес мынадай іс-шаралар көзделеді: 

Ақмола  облысы  «Бурабай»  АЭА  шекараларында  туристік-ойын-сауық 
кешенін салу, инвестиция есебінен құны 450 млрд. теңге; 

Алматы  облысының  Қапшағай  су  қоймасының  жағалауында  «Жаңа 
Іле»  халықаралық  туристік  орталығын  салу,  инвестициялар  есебінен  құны  30 
млрд. теңге; 

Маңғыстау  облысында  «Кендірлі»  халықаралық  курортын  салу, 
инвестициялар есебінен құны 345 млрд. теңге; 

Шығыс  Қазақстан  облысында  Алакөл  көлінің  жағалауында  қонақ  үй 
кешенін салу  (индустрияландырудың өңірлік картасы) инвестициялар есебінен 
құны 1,5 млрд. теңге. 

Жамбыл  облысында  «Көксай»  тау  шаңғысы  базасын  дамыту,  құны  2, 
068 млрд. теңге; 

Алматы  қаласында  «Шымбұлақ»  тау  шаңғы  курортының  кешенді 
дамуы, инвестиция есебінен 30,75 млрд. теңге;   

Медеуден  Шымбұлаққа  дейін  қанат  жолын  салу  және  тау  шаңғы 
курортының сырғанақ тебу аймағын кеңейту, 110, 250 млрд. теңге;  

Шығыс Қазақстан облысында «Нұртау» тау шаңғысы демалыс базасын 
қайта жаңарту, инвестиция есебінен құны 116 млн. теңге; 

Шығыс  Қазақстан  облысында  «Алтай  Альпісі»  тау  шаңғысы  демалыс 
базасын жаңғырту, инвестициялар есебінен 281, 6 млн. теңге;  

Алматы  облысы  Текелі  қ.  ауданында  тау  шаңғы  базасын  құру, 
инвестиция есебінен құны 15 млрд теңге; 

Алматы  облысы  Қаскелең  қ.  ауданында  тау  шаңғы  базасын  құру, 
инвестициялар есебінен құны 2, 120 млрд. теңге. 
Жоғарыда  келтірілген  талдау  нәтижелері  бойынша  Қазақстандағы 
туристік  сектордың  ағымдағы  жағдайы  туралы  мынадай  қорытынды  жасауға 
болады: 
Көлемін,  бизнесін  және  елдегі  жалпы  жағдайды  ескере  отырып, 
Қазақстанда  ұсынылатын  туристік  қызметтер  шектелген  және  реттелмеген 
болып табылады. Қағидалардың және жіктелімнің рәсімдерінің анық еместігіне, 
қатаң басқару органдарының жетіспеуіне байланысты жіктелген объектілердің 
шынайы  сапасын  бағалау  қиын.  Сонымен  бірге,  қазіргі  кезде  Алматы  мен 
Астана  қалаларында  халықаралық  талаптарға  жауап  беретін  уақытша  ақылы 
тұру объектілері ең көп шоғырланғандықтан, ең маңызды туристік орталықтар 
болып табылады. 
Орналастыру объектілерінің жетіспеуі ірі қалаларда ең жоғары  3- және 4-
жұлдызды  сегменттерде  болды.    Сонымен  қатар,  Индустрия  және  жаңа 
технологиялар  министрлігінің  ақпараты  бойынша  Жүйелі  жоспар  жобасында 
айтылған  Алматы  және  Астана  қалаларындағы  4-жұлдызды  сегмент  салынған 
объектілерді  және  3-  және  4-жұлдызды  сегменттердегі  қонақ  үйлерді  басқару 
бойынша қатысып жүрген халықаралық компаниялар туралы ақпаратты  есепке 

77 
 
алып,  кейінгі  бес  жыл  ішінде  бәсекеге  қабілеттілік  бөлігінде  елеулі  өсуді 
күтуде.  
Орналастыру  объектілері  тұрақталған  жоқ  (ұсыныс  сұраныстан  асып 
түседі),  ең  аз  халықаралық  қызмет  көрсету  стандарттарына  жауап  беретін 
барлық  объектілердің  бағаны  көтеруге  әлеуеті  бар.  Алматы  және  Астана 
қалаларындағы халықаралық  бренд 5-жұлдызды қонақ үйлер нөмірлерінің толу 
көрсеткіштері кейде Еуропадағы сәйкес келетін көрсеткіштерден               2-3 
есеге  жоғары  екендігін  хабарлады.  Осының  арқасында  қонақ  үй  секторы 
толудың  төмен  деңгейінің  орнын  толтырып,  әлемдік  стандарттарға  сай  пайда 
деңгейін ала алады. 
Алматы  және  Астана  ққ.  тыс  жерлерде  ұсынылған  туристік  қызметтер 
(бизнес-сектордағы  тұрақты  сұраныс  және  шектеулі  ұсыныс  арқасында  өте 
жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізіп  отырған  Каспий  теңізіндегі  орталық 
қалалық  аудандарды  қоспағанда)  ең  бастысы,  реттеуге  жатпайтын  және  тек 
қана  ішкі  саяхатшыларға  арналған  объектілерге  байланысты.    Демалыс 
саласындағы халықаралық қонақтар үшін мүмкіндік өз клиенттері үшін туризм 
саласында  құндық  тізбектің  базалық  компоненттерін  қиындықпен  қамтамасыз 
ететін  тек  ішкі  тур-операторларға  ғана  қолжетімді.  Уақытша  ақылы  тұруға 
қатысты 
айтатын 
болсақ, 
ұсыныстың 
жетіспеуі 
қызмет 
көрсету 
компоненттерінің ең көп бөлігінде бәсекеге қабілетсіз бағаға әкеледі. 
ТМД шекараларды кесіп өтуде жанданған өңір болуына орай, еңбек және 
тарихи қатынастармен табиғи қалыптасқан отбасылық байланыс пен транзитің 
арқасында  Қазақстан  сырттан  келетін 600 000  шетелдіктерді  тіркейді  уақытша 
ақылы  тұру  объектілерінде  қонуға  қалғандар  1,  7-ден  1,9  миллионға  дейін, 
олардың  90  пайыздан  астамы  жұмыс  бабымен  келгендер.  Бұл  экономикаға 
туризм  индустриясының  салымын  көрсететін  сандармен  анық  дәлел 
келтірілген. 
Сонымен  бірге,  туризм  индустриясының  эконмикаға  салымының  осы 
санындағы  үрдістер  және  қамту,  сондай-ақ  туризмнің  түрлі  компоненттеріне 
инвестициялар елеулі алға басуларды көрсетеді.  Бұрынғыша, негізгі ресурстар, 
туризм  имиджі,  туризмді  жалпы  реттеу,  туризм  мен  саяхат  салалары 
арасындағы  ұқсастық,  сондай-ақ  адам  ресурстарына  қатысты    әлеует  сапасы 
сияқты  негізгі  проблемаларды  мемлекеттің  қатысуынсыз  және  оның 
араласуынсыз еркін нарықты өздігінен реттеу арқылы жылдам шешу неғайбыл. 
Елден  тыс  Қазақстан  азаматтарының  жол  жүру  үлесі  күн  және  жағажай 
түрінде туристік өнімдер барынша тартымды бола бастағандықтан, өсіп келеді. 
Алматы  қаласы  ең  маңызды  нарық  болып  табылады.  Оның  үлесіне  елден  тыс 
саяхаттардың  жалпы  нарықтарында  50%-ы  тура  келеді.  Түркия  елден  тыс 
саяхаттың  50%-ына  тағайындау  пункті  болды,  ал  жерорта  теңізі  курорттары 
соңғы  2  жылда  ең  жоғары  өсу  қарқынын  көрсетеді.  Егер  мұндай  мүмкіндікті 
Қазақстан  шегінде  қамтамасыз  етуге  болса,  халықаралық  қызмет  көрсету 
стандарттарымен  күн  және  жағажайы  бар  курорттар  үшін  даусыз  нарық 
әлеуетінің бар болуы сондықтан. 
Қазақстан теңізге шыға алмайтын, өзінің тарихи даму негізі етіп өзендер 
мен  көлдерге  жақын  суға  бай  жерлерді  таңдаған  ірі  ел.  Мемлекеттің  аумағы 
2 724,9 мың шаршы метрді құрайды, 16 миллионнан астам тұрғындары бар, бұл 

78 
 
ретте  аумақтың  елеулі  бөлігі  пайдаланылмайды.  Тарихи  қалыптасқан  жағдай 
Қазақстанның  шалғай  өңірлерінде  өсімдіктер  әлемі  мен  жануарлар  әлемінің 
өсуіне  ықпал  етті.  Осыған  байланысты  Қазақстанның  қорғалатын  аумақтары 
мен  жерлерінде  10  қорық  және  12  ұлттық  парктер  бар.  Бұдан  басқа, 
Қазақстанның  оңтүстігінде  ЮНЕСКО  әлемдік  мәдени  мұрасының  2  объектісі 
орналасқан, оның біреуі – солтүстікте.  
Негізінен  көрікті  жерлер  (оның  ішінде  бары  және  әлеуеттісі  де) 
табиғатпен  байланысты,  бұл  ретте  Қазақстанның  оңтүстігінде  тарихи  және 
мәдени объектілерді табуға болады, бірінші кезекте Жібек жолына байланысты. 
Жоғарыда айтылғандарды есепке алып, Жібек жолы бағдарламасының аясында 
ЮНЕСКО-ға болжалды тізбеге 10 қосымша объектіні енгізу туралы өтініш беру 
жоспары бар. 
Жалпы  көрікті жерлер,  бірінші  кезекте  ішкі нарыққа бағытталған.  Оның 
ұсынылатын  қызметтердің  сапасы  мен  әртүрлілігі  жағынан  талабы  аз  болып 
табылады.  Көбінесе  инфрақұрылым  проблема  тудырады,  ол  туристердің  сол 
немесе  өзге  объектіні  барынша  қарқынды  пайдалануына  кедергі  келтіреді. 
Объектіге қолжетімділік көп жағдайларда қиын (мысалы – Чарын каньоны). 
visitkazakhstan.kz 
веб-сайтында 
берілген 
көптеген 
объектілер 
қызығушылық  оятпайды  (мысалы  «қала  монументі»).  Туризмді  дамытудың 
өңірлік  жоспарларының  деңгейінде  алыс,  орта  шетелдерден  келген  туристер 
және  ел  ішіндегі  туристер  үшін  оларды  тартымдылық  өлшемі  бойынша 
сұрыптау мақсатында көрікті жерлерге тыңғылықты талдау жүргізу қажет. 
Қазақстан аумағының экономикалық аспектілері мен негізгі объектілеріне 
қызығушылықты жалпы шолу 30-суретінде келтірілген. 

79 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал