Экономиканың зерттелетін салаларындағы ағымдағы ахуалды талдау: білім



жүктеу 5.24 Kb.

бет5/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру  
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  жылдары  балаларға  арналған  
мектепке дейінгі мекемелердің (балабақшалардың) саны едәуір қысқарды. Егер 
1991  жылы  Қазақстанда    8 881  балабақша  жұмыс  істеген  болса,  2002  жылы 
олардың саны  сегіз  есеге  қысқарды,  атап  айтқанда, 2002 жылы  1095  мектепке 
дейінгі  ұйым  есепте  тұрды    [25].  Соңғы  он  жыл  ішінде  (2002  жылдан  2012 

43 
 
жылға  дейін)  балабақшалар  желісі  кеңейіп,  6  1333  мекемеге  жетті,  алайда  бір 
жастан жеті жасқа дейінгі балалардың бесінші бөлігі ғана қамтылған  [25].  
 
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
 
5-сурет Қазақстан Республикасындағы 1990-2011ж.ж. мектепке дейінгі 
ұйымдар санының өсу қарқыны, бірлікпен 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
 
6-сурет Қазақстан Республикасындағы 1990-2011ж.ж. мектепке дейінгі 
ұйымдардағы балалардың санының өсу қарқыны 
 
Статистикалық 
агенттіктің 
деректері 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасында  2011  жылдың  соңында  489,4  мың  балаға  мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  білім  беру  бойынша  қызметтерді  ұсынып  келген  тұрақты  түрде 
жұмыс істейтін  6 133 мектепке дейінгі ұйым бар.  

44 
 
 
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігінің деректері
  
7-сурет 
 
Павлодар,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан,  Алматы  қаласы,  Қарағанды, 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  ұйымдарының   
жартысы  есептелді.  Атап  айтқанда,  алты  облыста  249 621  балабақшалардың 
тәрбиеленушілері  есептелді  (ол  балабақшаға  баратын  балалардың  жалпы 
санының 51% құрайды). Аталған облыстарда екі жүз елу мың дерлік бала 2 585 
мың  балабақшаға  барады  (ол  барлық  мектепке  дейінгі  мекемелердің  42% 
құрайды).  
 
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігінің деректері
  
8-сурет 
Статистикалық деректерді талдау мектепке дейінгі ұйымдардың көпшілігі 
(4 298  ұйым  немесе  балабақшалар  жалпы  санының  70%)  ауылдық  жерлерде 
екендігін  көрсетті;  ауылдық  балабақшаларда  тәрбиеленушілердің  саны  185,4 
мың  адамды  құрайды,  ол  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  баратын  балалардың 
жалпы санының 38% құрайды.  

45 
 
Қалалық  желерде  1 835  мектепке  дейінгі  ұйымдар  есептелген  (немесе 
балабақшалар  жалпы  санының  30%),  қалалық  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 
тәрбиеленушілердің  саны  304  мың  адамды  (немесе  мектепке  дейінгі  балалар 
ұйымына баратын балалар санының 62%) құрайды [24].  
Сонымен,  орташа  есеппен  бір  ауылдық  балабақшаға  шамамен  43  бала 
барады, ал бір қалалық балабақшаға 165 бала барады. 
 
Балалардың 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда 
қамтылуын 
талдау 
 
Қазақстанның
 
он  алты  облысының  тек  жартысында  (Қызылорда,  Солтүстік 
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан) 100 
балабақша орынына жүз немесе жүз баладан кем келеді.  
 
Қалған тоғы облыста мектепке дейінгі ұйымдарда орынның жетіспеушілігі 
байқалады.  Өңірлер  арасында    мектепке  дейінгі  ұйымдар  желілерін  кеңейтуді 
аса  қажет  ететін  Алматы  және  Астана  қалаларына  келеді,  мектеп  жасындағы 
балалар  саны  мен  балабақшадағы  орынның  санының  көп  емес  теңгерімдігі 
Атырау облысында байқалады [28].  
   
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігінің деректері
  
9-сурет 
Статистикалық  деректер  бойынша  2012  жылдың  басында  мектепке 
дейінгі  жастағы  балалардың  саны  (1-ден  7  жасқа  дейін)  2 193 409  баланы 
құрады,  ал  2011  жылдың  соңындағы  деректер  бойынша  мектепке  дейінгі 
ұйымға  489 400  бала  барған;  осылайша,  жалпы  Қазақстан  Республикасы 
бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен балаларды қамту шамамен 
22%-ды  құрайды,  яғни,  мектепке  дейінгі  ұйымға  мектепке  дейінгі  жастағы 
балалардың бестен бірі ғана барады [29]. 
ҚР  БҒМ  деректері  бойынша  жалпы  Қазақстан  бойынша  балабақша 
кезегінде  тұрған  1  жастан  6  жасқа  дейінгі  жалпы  саны  374 029  орынды 
құрайды. Кезекте тұрған балалар санының көбі үш өңірде байқалады: Алматы 
және Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 

46 
 
 
 
 
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
 
10-сурет 
Қазақстанда  соңғы  20  жылда  туылған  балалардың  санын:  1990  жылдан 
1999  жылдар  аралығында  туу  төмендеген,  ал  2000  жылдан  2010  жылдар 
аралығында  туу  өсімі  шамамен  13  мың,  ол  мектепке  дейінгі  ұйымдарға 
кезектіліктің одан әрі жылына 5 – 7 % ұлғаюын негіздейді. 
Жеті жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен 
қамтудың  аздығы  проблемасын  шешу  үшін  2010  жылы  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметінің  2010  жылғы  28  мамырдағы  №  488  қаулысымен 
Балаларды  мектепке  дейінгі  білім  берумен  және  тәрбиемен  қамтамасыз  ету 
жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі –
Бағдарлама) бекітілді.  
Осы  бағдарлама  шеңберінде  2011-2014  жылдар  аралығындағы  кезеңде 
жалпы 
210 
905 
орын
оның 
ішінде: 
2011 
ж.– 
84657;  
2012 ж.– 58441; 2013 ж. – 38447; 2014 ж. – 29360 [30]. 
Бағдарламада  көрсетілген  міндеттерді  орындау  2015  жылға  қарай 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беруді  3  жастан  6  (7)  жасқа  дейінгі 
балалардың    70%-ын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді,  атап  айтқанда,  2013 
ж. – 65%, 2014 ж. – 70%. 
Балабақшалардағы  орындар  сақталып  (489 400  орын)  (Бағдарламаға  сәйкес) 
210 905  орынға  жететін  болса,    балабақшалардағы  орындардың  жалпы  саны 
2014  жылы  700 305    өседі.  Бұл  сан  мектепке  дейінгі  жастағы  шамамен  үштен 
бірі  қамтуға  жетеді.  Осылайша,  мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісін  кеңейту 
қажеттігі сақталады.  
Алдын  аталып  өткендей,  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім      беру  тегін 
болып табылмайды, ата-аналар балалардың мемлекеттік балабақшаларда 100%  

47 
 
тамақтану  құнын  төлейді.  Мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  тетіктері 
арқылы  балабақшалар  желісін  кеңейту  халықтың  төлеу  қабілеттілігінің 
көлеміне тікелей байланысты болады.  
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  деректеріне  сәйкес 
балалы үй шаруашылығының жалпы санының  80%  1-2 баласы бар. Сондай-ақ 
статистикалық  деректерге  сәйкес  шығыстар  құрылымы  2001  жылдан  бастап 
2011  жылға  дейінгі  он  жыл  ішінде  айтарлықтай  өзгерген  жоқ:  халық 
табысының  жартысына  жуығы  азық-түлік  тауарларына,  үштен  бірі  азық-түлік 
емес тауарларға және тек қана бестен бірі ғана ақылы қызметтерге жұмсалады 
(соған білім алуға кететін шығынды да жатқызуға болады).  
Төменде  2011  жыл  үшін  Қазақстанның  өңірлік  бөлінісіндегі  ақылы 
қызметтерге  үй  шаруашылықтарының  шығыстарының  көлемі  бойынша 
деректері  келтірілген.  1-кестеде көрсетілгендей  мектепке дейінгі  білім  беретін 
ақылы мекемелерді жаппай дамыту әлеуеті шектеулі.  
1-кесте.  Ақылы  қызметтерге  өңірлер  бойынша  2011ж.  үй  шаруашылығының 
тұтыну  шығыстары  (жылына/айына  жан  басына  шаққандағы  орташа  есеппен), 
теңгемен 
 
 жылына 
 айына 
 Қазақстан Республикасы 
74 542 
6 212 
 Оңтүстік Қазақстан 
43 019 
3 585 
Жамбыл 
46 284 
3 857 
Қызылорда 
53 841 
4 487 
Атырау 
58 349 
4 862 
 Батыс Қазақстан 
59 689 
4 974 
Павлодар 
65 212 
5 434 
 Солтүстік Қазақстан 
66 061 
5 505 
 Маңғыстау 
67 298 
5 608 
Қостанай 
71 058 
5 922 
 Шығыс Қазақстан 
72 053 
6 004 
 Ақтөбе 
73 266 
6 106 
Алматы облысы 
75 495 
6 291 
Ақмола  
79 194 
6 600 
Қарағанды 
84 758 
7 063 
                 Астана қ. 
131 767 
10 981 
Алматы қ. 
147 753 
12 313 
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
 

48 
 
 
1.2.2
 
Денсаулық сақтау 
 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  жөніндегі  агенттігінің  мәліметтері 
бойынша 2011 жылдың соңында республикада жұмыс істеген ұйымдар:  
 
стационарлық  көмек  көрсететін  –  амбулаториялық-емханалық 
ұйымдар– 6718; 
 
жедел  медициналық  жәрдем  және  санитарлық  авиация  ұйымдары  – 
39; 
 
апаттар медицинасы ұйымдары – 11; 
 
қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңтайландыру ұйымдары – 
171; 
 
паллиативті көмек және бике күтімін көрсетуші ұйымдар – 8; 
 
қан қызметі саласындағы ұйымдар– 26; 
 
сот медициналық және патологоанатомиялық қызмет ұйымдары – 31; 
 
санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар – 441,  
 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  саласындағы  қызметті  іске 
асыратын денсаулық сақтау ұйымдары – 27; 
 
АИВ/ЖБИТС  алдын  алу  саласындағы  қызметті  іске  асыратын 
денсаулық сақтау ұйымдары – 23; 
 
денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтер – 8; 
 
басқа медициналық ұйымдар – 722. 
 
Халықтың  дәрігерлермен  қамтамасыз  етілуі  2011  жылы  10 000  адамның 
басына  37,6  құрады.  Жалпы  республика  бойынша  62,2  мың  дәрігер  және 
шамамен  159    мың  орташа  медициналық  қызметкерлер  медициналық  қызмет 
көрсетеді.  Мемлекеттік  мекемелердің  үлесіне  92,7%  дәрігерлер  және  89,3% 
орташа медициналық қызметкерлер жатады.  
 
Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  барлық  үй-жайларының  жалпы  ауданы 
10,1  млн.  ш.м.,  жұмыс  ауданы  -  6,6  млн.  ш.м.  құрады  (Бюлжылень  14-серия, 
«Әлеуметтік сала» «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың негізгі 
көрсеткіштері», 2011 жыл). 
Төменде  барлық  мамандықтарға  ие  дәрігерлердің,  орташа  медициналық 
қызметкерлердің, емхана ұйымдарының, ауруханадағы орындардың, сондай-ақ 
науқас балаларға арналған орындардың саны туралы ақпарат келтірілген.   
2-кесте  барлық  мамандықтарға  ие  дәрігерлердің,  орташа  медициналық 
қызметкерлердің,  емхана  ұйымдарының  және  ауруханадағы  орындардың 
жылдар бойынша саны. 
 
1991 
2005 
2006 
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
Барлық мамандық 
дәрігерлерінің саны, мың 
адам 
65,1 
55,5 
57,3 
59,4 
58,9 
60,5 
63,8 
62,2 
Орташа медициналық 
қызметкерлердің саны, мың 
адам 
198,9 
119,6 
125,2 
130 
131,7 
138,6 
143,8 
159,9 

49 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
11-сурет Барлық мамандық дәрігерлері мен орташа медициналық 
қызметкерлер санының динамикасы  
11-суретте  20  жыл  ішінде  (1991  –  2011  жылдар  аралығында) 
Қазақстандағы барлық мамандық дәрігерлері санының динамикасы төмен және 
орта есеппен 60 мың адам деңгейінде болғандығын көрсетті. 1991-2011 жылдар 
аралығындағы  барлық  мамандық  дәрігерлерінің  ең  көп  саны  1992  жылы                    
(66,4 мың адам), аталған мерзім ішіндегі барлық мамандық дәрігерлерінің ең аз 
саны 2000 жылы (49 мың адам) болған.  
Барлық  мамандық  дәрігерлерінің  санына  қарағанда  орташа  медицина 
қызметкерлерінің саны 20 жыл ішінде жоғары өзгеріске ұшыраған. Осылайша, 
1991  жылдан  2000  жылға  дейін  орташа  медицина  қызметкерлерінің  саны 
қарқынды түрде төмендеп (198,9  мың адамнан 106,6  мың адамға дейін), кейін 
біршама ұлғайған және 2011 жылы 159,9 мың адамды құрады.  
Аурахана ұйымдарының 
саны 
1805 
1063 
1086 
1055 
1041 
1020 
998 
1009 
Ауруханадағы орындардың 
саны, мың 
230,4 
117,6 
119 
119,6 
120,8 
121,2 
119,0 
117,7 
Науқас балаларға арналған 
орындар саны, мың 
46,1 
20 
20 
19,6 
20,4 
20,6 
20,5 
20,1 
Барлық мамандықтар дәрігерлерінің саны, мың адам 
Орта медициналық қызметкерлерінің саны, мың адам 

50 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
12-сурет 
12-суреттен  1991-2011  жылдар  аралығында  Қазақстандағы  аурухана 
ұйымдарының  саны  біршама  азайғандығын  көруге  болады.  Мысалы,                    
аурухана  ұйымдары  өсіп,  кейін  1999  жылға  дейін  қарқынды  түрде  азайған.   
2000  жылдан  бастап  2011  жылға  дейін  аурухана  ұйымдарының  саны  шамалы 
өзгеріске ұшырап, орта есеппен 1022 аурухана ұйымын құраған, ал 2011 жылы 
аурухана ұйымдарының саны 1009 бірлікті құраған.  
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
13-сурет 1991-2011 жылдар кезеңіндегі ауруханадағы орындар санының 
динамикасы.  
9  және  10  кестелерде,  сондай-ақ  2-кестеде  ауруханадағы  орындар  мен 
науқас  балаларға  арналған  орындар  санының  динамикасы  жалпы 
Қазақстандағы  аурухана  ұйымдары  санының  динамикасына  ұқсас  екендігі 
байқалады.  
Аурухана орындарының саны, 
мың 
Ауру балаларға арналған   орындардың саны, мың 

51 
 
Осылайша,  ауруханадағы  орындардың  саны  1991  жылдан  2000  жылға 
дейін қарқынды түрде төмендеп, кейін 2001 жылдан 2011 жылға дейін шамалы 
тұрақты ұлғайған. 2001 жылы ауруханадағы орындар саны 110,2 мың орынды, 
ал 2011 жылы 117,7 мың орынды құрады.  
Науқас балаларға арналған орындар саны 1991 жылдан 2001 жылға дейін 
46,1  мың  орыннан  18,4  мың  орынға  дейін  төмендесе,  2003  жылдан  бастап             
2011  жылға  дейін  орындар  саны  тұрақты  түрде  көбейген,  және  2011  жылы  
науқас балаларға арналған орындар саны 20,1 мың орынды құраған.   
3-кесте Облыстар бөлінісіндегі ауруханалардағы орындар саны, бірлік 
 
2003 
2004 
2005 
2006 
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
Қазақстан 
Республикасы 
114782 
116637 
117563 
119033 
119552 
120840  121246  119026 
117655 
Ақмола 
7105 
7137 
7092 
7445 
7362 
7335 
7042 
6898 
6048 
Ақтөбе 
5343 
5565 
5590 
5454 
5330 
5540 
5534 
5413 
4835 
Алматы 
8481 
8493 
8661 
8570 
8673 
7456 
7634 
8892 
9450 
Атырау 
3358 
3598 
3504 
3535 
3603 
3685 
3689 
3602 
3444 
Шығыс-Қазақстан 
11088 
11293 
11347 
12125 
12153 
13249 
12668 
12825 
11698 
Жамбыл 
6359 
6391 
6401 
6540 
6660 
6730 
6828 
6846 
6811 
Батыс-Қазақстан 
4849 
4870 
4910 
4962 
4992 
4992 
4992 
4904 
4804 
Қарағанды 
13261 
13363 
13525 
13534 
13559 
13533 
13281 
13343 
11518 
Қостанай 
6555 
6740 
6953 
7139 
7156 
7113 
7248 
6900 
6726 
Қызылорда 
5735 
5930 
6090 
6055 
6052 
5810 
5745 
5812 
5453 
Маңғыстау 
3115 
3230 
2725 
2730 
2800 
3165 
3440 
2800 
3339 
Павлодар 
6276 
6573 
6781 
6576 
6670 
6570 
6531 
6397 
6237 
Солтүстік-
Қазақстан 
5368 
5503 
5493 
5531 
5681 
5648 
5540 
5099 
5017 
Оңтүстік-
Қазақстан 
13613 
13376 
13720 
13676 
13383 
14089 
13494 
13429 
15651 
Астана қ. 
3329 
3616 
3743 
4121 
4141 
5169 
5379 
5708 
6153 
Алматы қ. 
10947 
10959 
11028 
11040 
11337 
10756 
12201 
10158 
10471 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
14-сурет 

52 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
 
15-сурет 
 
15-суретте  2011  жылы  Қазақстан  Республикасындағы  ауруханалық 
орындардың  жалпы  санының  облыстардағы  ауруханалық  орындарының  үлесі 
көрсетіледі. 
Осылайша,  ауруханалық  орындардың  ең  жоғары  үлесі  Оңтүстік-
Қазақстан облысына тән (13%), одан кейінгі жоғары үлеске Қарағанды облысы 
(10%),  Шығыс-Қазақстан  облысы  (10%),  Алматы  қаласы  (9%)  және  Алматы 
облысы (8%) ие. 
Ауруханалық  орындардың  ең  төмен  үлесіне  Атырау  (3%),  Маңғыстау 
облысы (3%), Ақтөбе облысы (4%), Солтүстік-Қазақстан облысы (4%), Батыс-
Қазақстан облысы (4%) ие.  
 
 

53 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
16-сурет 
16-суретте  Қазақстан  бойынша  және  облыстар  бөлінісінде  100 000 
адамның басына шаққандағы өмірінде алғаш рет тіркелген халық ауруларының 
саны көрсетілген. 
2010  және  2011  жылдары  халық  ауыруының  ең  жоғары  көрсеткіштері 
Алматы қаласына, Павлодар облысы мен Шығыс-Қазақстан облысына тән. 
2010  және  2011  жылдары  халық  ауыруының  ең  төмен  көрсеткіштері 
Атырау облысы мен Оңтүстік-Қазақстан облысына тән. 
Қалған облыстар шамамен бірдей көрсеткіштерге ие.  
 
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 
17-сурет 
17-суретте  ең  жоғары  көрсеткішке  тыныс  алу  органдарының  аурулары  
(41,4%), ал ең төмен көрсеткішке құлақ және оның өсінділері аурулары  (2,7%) 
ие. 
Кең  таралған  тыныс  алу  органдарының  ауруларынан  кейін  несеп-
жыныстық  жүйе  аурулары  (7,0%),  ас  қорыту  органдарының  аурулары  (6,5%), 
жарақаттану мен аулану (6,4%), тері және тері клеткаларының аурулары (5,4%) 
ең жиі кездесетін аурулар болып табылады. 
Қазақстан  халқы  сүйек-бұлшық  ет  жүйесі  мен  дәнекер  тін  аурулары, 
(2,9%),  жүктілік,  бала  туу  және  бала  туудан  кейінгі  кезеңдегі  асқыну  (3,1%), 
жұқпалы  және  паразиттік  аурулар  (3,1%),  жүйке  жүйесі  аурулары  (3,5%) 
сияқты аурулармен аз ауырады. 

54 
 
Халық  ауыруының  құрылымында  қанайналым  жүйесінің  аурулары 
(4,1%),  көз  және  оның  айналасының  аурулары  (4,6%)  және  басқа  (9,3%) 
аурулардың үлесі біршама. 
Денсаулық  сақтау  объектілерінің  қажеттілігін  және  осы  салада  МЖӘ-ні 
қолданудың  күш-қуатын  талдау  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  тетігін 
қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін төмендегі инвестициялық жобаларды 
айқындады, 
олардың 
алғашқы 
үшеуі 
қазіргі 
уақытта 
Қазақстан 
Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігімен  «пилоттық»  жобалар 
ретінде белгіленді: 
1)
 
 «Қарағанды  қаласында  «Қарағанды  Мемлекеттік  медициналық 
университеті»  РМК  жанында  300  орынды  көп  бейінді  клиникалық  аурухана 
құрылысы; 
2)
 
Алматы  қаласында  «С.Д.  Асфендияров  атындағы  Қазақ  ұлттық 
медициналық  университеті»  РМКК  жанында  300  орынды  көп  бейінді 
клиникалық аурухана құрылысы; 
3)
 
Шымкент  қаласында  тәулігіне  500  ауысымға  арналған  емхана 
құрылысы. 
4)
 
Орал қаласында 300 орынды көп бейінді қалалық аурухана
1)
 
Көкшетау қаласында 300 орынды көп бейінді аурухана; 
2)
 
Ақтөбе  қаласында  Батыс-2  шағын  ауданында  ауысымына  500 
адамды қабылдайтын қалалық емхана; 
3)
 
Ақтөбе  қаласында  Оңтүстік-Батыс  шағын  ауданында  күндізгі 
стационары бар ауысымына 40 адамды қабылдай дәрігерлік амбулатория; 
4)
 
Ақтөбе қаласында Заречный-3 кентінде дәрігерлік амбулатория; 
5)
 
Ақтөбе  қаласының  қала  маңы  аймағында  Ақжар-2  шағын 
ауданында дәрігерлік амбулатория; 
6)
 
Алматы қаласында 350 орынды көп бейінді клиникалық аурухана; 
7)
 
Шығыс  Қазақстан  облысы  Өскемен  қаласында  262  орынды 
облыстық аурухананың хирургиялық корпусы; 
8)
 
Шығыс Қазақстан облысы Зырьяновскте 50 орынды перзентхана; 
9)
 
Қостанай  облысының  Арқалық  қаласында  ауысымына  500  адам 
қабылдайтын қалалық емхана; 
10)
 
Қызылорда қаласында 300 орынды көп бейінді аурухана; 
11)
 
Ақтау қаласында 300 орынды көп бейінді аурухана; 
12)
 
Павлодар  облысының  Екібастұз  қаласында  15  орынды  диализ 
орталығы; 
13)
 
Петропавловск  қаласында  ауысымына  500  адам  қабылдайтын 
қалалық емхана; 
14)
 
 «Железнодорожный»  тұрғын  үй  массиві  ауданында  150  адам 
қабылдайтын ПМСП орталығы; 
15)
 
 «Ильинка»  тұрғын  үй  массиві  ауданында  150  адам  қабылдайтын 
ПМСП орталығы. 

55 
 
 
1.2.3
 
Коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау және су бұру) 
 
Қазақстан Республикасындағы ағымдағы уақытта   На текущий момент в 
Республике  Казахстан  насчитывается    су  жинауға  арналған  3 587  сорғы 
станциясы  бар,  оның  ішінде  I  подъемының  тәулігіне  15 958,6  мың  куб.  м. 
қуаттылығы  белгіленген  2  644  сорғы  станциясы,  II  подъемының  тәулігіне 
10 112,0  мың  куб.м.  қуаттылығы  белгіленген  426  сорғы  станциясы,  III 
подъемының  тәулігіне  1793,4  мың  куб.м.  қуаттылығы  белгіленген  517  сорғы 
станциясы бар.  
Сорғы  станцияларының  көп  саны  Шығыс  Қазақстан  (550  бірлік), 
Оңтүстік  Қазақстан  (531  бірлік),  Қарағанды  (427  бірлік),  Ақтөбе  (425  бірлік) 
және Ақмола (360 бірлік) облыстарында байқалады. 
Сумен  қамтамасыз  ету  үшін  кәсіпорындар  жер  асты  және  жер  үсті 
суларын пайдаланады. 
Республикада,  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  жаңа 
технологиялар  министрлігінің  Геология  және  жер  қойнауын  пайдалану 
комитетінің  деректері  бойынша  2009  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша 
мемлекеттік баланста тұрған жер асты суларының 1 282 кен орны барланған.  
Ауыз  судың  барланған  пайдалану  қорлары  республиканың  жиынтық 
қажеттілігінен 2 есеге асып түседі және бір адамға тәулігіне 1,12 м
3
 құрайды.  
Сонымен  бірге,  жер  асты  суларының  барланған  қорларын  игеру  аз 
қарқынмен  жүзеге  асырылуда,  соңғы  жылдары  республиканың  бірқатар 
өңірлері  толығы  дерлік  тоқтатылған.  Жер  асты  суларының  көптеген  кен 
орындары  10-15  жылдар  бойы  пайдаланылған  жоқ,  жекелеген  жағдайларда 
оларды пайдалануға енгізудің кешігуі  25 – 30 жылға дейін жетеді.  
Сондықтан, барланған қорлар халықтың қажеттілігін толық көлемде ауыз 
сумен қамтамасыз етпейді.  
Бұдан  басқа,  қазіргі  уақытта  барланған  желердің  жалпы  санынан  (1282) 
небары 402 кен орны (шығарылатын судың көлемі тәулігіне 2,0 млн. куб. метр), 
пайдаланылады, ол халықтың ауыз су тұтынуының 56 % құрайды.  
Келтірілген  фактілер  жер  асты  сулары  көздерінің  қолда  бар  әлеуетін 
толық көлемде пайдаланылмауын растайды.  
Пайдалану  ұңғымаларын  орналастыру  ішінара  есептеу  схемасына  жауап 
бере  алмайды,  қадағалау  желілері  жоқ,  ол  жер  асты  сулары  кен  орындары 
қорларының таусылуына алып келуі мүмкін.  
2010  жылы  сумен  жабдықтау  саласындағы  кәсіпорындар1  подъемының 
су  сорғы  станциялары  15  93 977,4    мың  куб.м.  су  шығарды,  оның  ішінде  жер 
асты сулары– 604 222,3 мың куб.м. 
Жер  асты  суларының  көп  санын  Алматы  қаласында  (159 006,8  мың 
куб.м.),  Шығыс  Қазақстан  (128 449,3  мың  куб.м.),  Қарағанды  (66 565,7  мың 
куб.м.),  Ақтөбе  (61 810,0  мың  куб.м.),  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында 
(60 327,8 мың куб.м.) шығарылды. 
Желіге  2  018  704,2  мың  куб.м.  су  берілді,  оның  ішінде  өздерінің 
сорғыларымен  1 587  047,5  мың  куб.м.(  немесе  республика  бойынша  жалпы 

56 
 
берілген  су  санынан  78,6%),  өздігінен  ағызу  –  311 593,0  мың  куб.м.  (немесе 
15,4%). 
Тұтынушылар  2010  жылы  993 789,5  мың  куб.  метр  су  жіберді,  оның 
ішінде:  халыққа  –  425 322,8  мың  куб.  метр  (немесе  42,8%);  кәсіпорындар  мен 
ұйымдардың коммуналдық қажеттіліктеріне – 169 960,7 мың куб. метр  (немесе 
17,1%), өндірістік қажеттіліктерге –  3336 801,2 (немесе 33,9%) (10-сурет). 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
18-сурет 
18-суретте 2010 жылға тұтынушыларға суды бөлу  . 
 
Судын  көп  бөлігі  Алматы  қаласының    –  75 363    мың  куб.м.  Қарағанды 
облысының  –  49 662,2  мың  куб.м.,  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  –  43 118,9 
мың  куб.м  халқына  жіберілді.  Ең  аз  бөлігі  Қызылорда  облысының  халқына  –  
9 283,8 мың куб.м. жіберілді. 
 
басқа тұтынушыларға 
өндірістік 
қажеттіліктерге 
кәсіпорынның коммуналдық 
қажеттіліктеріне 17% 
халыққа 

57 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері 
19-сурет 
19-суретте суды 2010 жылға өңірлер бөлінісінде халыққа жіберілуі. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал